Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мысырдағы 2010-2011 жылдардағы саяси дағдарыс: қысқаша сараптама

ХХІ ғасырдың басындағы араб елдеріндегі саяси қақтығыстар өзіне бүкіл әлемнің назарын аударды. Бүгінгі күні араб әлеміндегі қақтығыстардың шығу себептері мен салдарын, олардың шешілу жолдарын айқындау заман талабы болып табылады. Әрине, ең алдымен осы қақтығыстардың шығуына не себеп болды деген сауал әр елді, ел билігін мазаландыруға тиіс деп ойлаймыз. Өйткені қарапайым халық ешқашан билікпен шиеленісті қаламайды. Елдің әр азаматының арманы саяси тұрақты елде өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешу. Олай болса олардың бақытты ғұмыр кешуіне не кедергі болуда? Араб елдеріндегі революциялық қозғалыстың тууын, өрістеуін, ауқымын, қарқынын, барысы мен болып жатқан оқиғалардың салдарын бірқатар елдің билігі жан-жақты айқындап бағалай алмады. Соның нәтижесінде кейбір елдерде үкімет пен халық арасындағы шиеленісті жағдайдың алдын алу үшін нақтылы іс шаралар жасалмады. Сол кездегі Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста көктем кезінде белсенді сипат алған наразылық қазіргі ғылыми айналымда, саяси ортада «араб көктемі» деп аталуда. Алғашында Тунисте басталып, одан Мысырда жалғасқан саяси дағдарыстардың нәтижесіндегі толқулар араб елдерін кезекпе кезек шарпыды. Бірінде үкіметке қарсылық-наразылық, шеру түрінде өтсе, келесілерінде – үздіксіз бас көтеруге, қарулы қақтығысқа, соңында соғысқа ұласты. Араб әлемін шарпыған бас көтерулердің бәрінде ең алдымен ұлттық көш басшыларының саяси биліктен кетуін талап еткені белгілі.

Жалпы араб елдерін қамтыған бүліктің себептері де әр түрлі. Осы орайда Мысырдағы саяси ахуалды талдау нәтижесінде елдегі қақтығыстың шығуының басты себебі неде екендігін айқындауға талпынайық. Әрине, көпшілік ең алдымен оның себебі Мысырдағы ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай деп шешіп тастаған еді. Дегенмен, халықтың басым бөлігін қамтыйтын қақтығыстарға өте маңызды себептер қажет екендігі айқын.

1981 жылы билік басына Хосни Мүбарак келді. Билікке келгеннен бергі отыз  жылға  таяу уақытта өзіне шексіз билік беретін Төтенше заңдардың негізінде елді басқарып келді[1]. Іс жүзінде Мысыр президенті бүкіл үкіметке бақылау жасады. Соңғы жиырма жыл ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы әлдеқайда ілгері болды. Тек соңғы әлемдік дағдарыс мысырлықтарға да қатты тиді. Ал елбасы әбден еті үйреніп қалған билікті қолдан шығармау мақсатында кең көлемдегі құзыретпен қамтамасыз етілген орасан зор құпия полицияны, барлау мекемелерін пайдаланды. Бұл мекемелер өздерінің жауыздық әдіс-тәсілдерімен белгілі болды. Мысыр үкіметі жиналыс еркіндігін шектеу  мақсатында Төтенше жағдайлар  туралы заңдарды кеңінен қолданып отырды. Сонымен бірге елде саяси партиялар мен бейүкіметтік ұйымдардың тізімделуі мен қызметін де шектейтін көптеген заңнамалар жеткілікті еді. Халық еркіндігіне қарсы бағыталған мұндай саясат өз кезегінде ел ішіндегі саяси-әлеуметтік дүрбелеңнің белең алуына әсер еткені айқын.

Жалпы араб елдерінің  барлығына  тән соңғы жылдары айқын байқала бастаған ішкі факторға назар аударған жөн сияқты. Аталған ішкі фактор қатарында – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада азаматтық қоғамның қалыптаса бастауы. Шетелдерде білім алған жастар да елдің даму үдерісіне басқаша қарады. Ел билігіндегі харизматикалалық лидерлер билігіне мойынсұнған, дәстүрлі тәрбие негізінде қалыптасқан ұрпақтың орынына, жаңа, білімді, әлемдік ақпаратпен жете таныс, танымдық көзқарастары өзгеше авторитарлы тәртіптің барлық билікті өз қолына шоғырландыруына келісе қоймайтын  жаңа  ұрпақ  келді.  Бұл  жаңа ұрпақ  өкілдері  өздерін  биліктің  боданы ретінде емес, өз елінің азаматы ретінде көрсеткілері келді. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билігін өз қолдарына ұстап отырған «Ұлт әкелері» ақылдылығына үміт артып емес, ел ісіне араласып саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын іздеді.

Сол ретте Мысырда да шетелдерде білім алғандар ғана емес, ел ішіндегілер де түбегейлі өзгерістің болуын, ал белсенді бөлігі биліктің ауысуын қалады. Ел ішіндегі келеңсіздіктер  мен саяси-экономикалық дағдарысқа билікті кінәлі санады. Барлық мемлекеттердегі жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі де билікке қарсы нарзылықты күшейтті.

Өйткені биліктегі Халықтық-демократиялық партия 2003 жылдан бастап елдегі кез-келген еркін ойды басып жаншиды, әсіресе Мұсылманбауырларға қатысты өте қатаң саясат ұстайды. Әртүрлі мәліметтер бойынша соңғы кезде елде саяси тұтқындар саны он мыңға жеткен.

2004 жылы президент Хосни Мүбарактың билігіне көңілі толмағандардың саны халық арасындаартатүседі. Әсіресеелішіндепрезиденттің билікті мұрагерлікпен беруді жоспарлауда деген ақпараттар, сонымен бірге азаматтық және саяси құқықтарды тежеп келген сонау 1981 жылдан бергі төтенше жағдайлар туралы заңнамалар әлі қаралу деңгейінде қалуы елді ашындыра түсті.

Ал 2006 жылданбастапелдегібаспасөздішектеу үрдісі кең етек алады. Мысырдағы тоқырауға қатысты, үкіметтің саясатының кемшіліктеріне байланысты көптеген мақалалар мен кітаптар жазылған еді. Елден кету үрдісі де жылданжылға арта түсті. Әсіресе, 20-30 жас арасындағы білімді жастар өз мүмкіндіктерін  жүзеге асыру мақсатында Парсы шығанағы елдеріне көптеп ауа бастайды. 2007 жылғы өмір сүру деңгейлеріне қатысты зерттеулердің нәтижесі бойынша Мысыр тұрғындарының жартысына жуығы кедейшілік халге душар болады. Бұл елдегі шиеленушілікті ұлғайта түсті. 2007жылғы 7 маусымдағы жастардың толқуы полициямен қақтығысқа әкелді. Соның нәтижесінде шеруге қатысқан 15 адам қаза болды. Мыңдаған шерушілер ғимараттарды қиратып, дүкендерді тонады. Ел президенті Хосни Мүбарактың ілінген суреттерін жұлып алып, жыртты. 2008 жылдың 6 сәуірінде Мысырда алғаш рет онлайн жүйесінде кең көлемдегі азаматтардың оппозициясын ұйымдастыра алды. Өйткені Мысырда 20 млн астам интернет пайдаланушылар болса, 42 млн адам ұялы телефонға ие [2]. Бұл жалпы Африка құрылығындағы саны жағынан алдыңғы қатарды көрсетеді. Ал олардың басым бөлігі өз өмірінде Мүбарактан басқа президентті көрмеген жастар еді. Осы сәттен бастап 6 сәуір бүкіл ел көлемінде әлеуметтік және саяси топтардың басын қосқан ұлттық еркін ой күніне айналған болатын.

2010 жылы маусымда студент Khaled Saeid мысырлық полицейлердің зорлық-зомбылығының салдарынан қаза болды. Бұл бүкіл ел көлемінде қара киінген мыңдаған жастардың наразылығын тудырды. Бірнеше апта ішінде ұлттық және халықаралық БАҚ жас азаматтың билікке кедергі болғандығын жариялады. Қоғамдық қысымның нәтижесінде билік кінәлі полиция қызметкерлерін айыптаған болды.

Ал 2010 жылғы қарашадағы парламенттік сайлау елде еркін және әділ  сайлаудың  бо-  луы мүмкін еместігін көрсетті. Өйткені  сай-  лау ережелерінің бұзылуы, алдау мен зорлықзомбылықтың нәтижесінде билік партиясы толық үстемдікке ие болды. Бұл оппозицияның топтасуына түрткі болды. Al-Gabha либералды партиясы мен әл-Барадеи бірлестігі басынан бастап сайлауға қарсы тұрды, кейіннен оларға 5 желтоқсандағы екінші дауыс беруге қарсы шыққан    әл-Вафд    либералды  партиясы мен Мұсылман-бауырлар қосылды. Осының салдарынан биліктегі Ұлттық-демократиялық партиясы парламенттік сайлаудағы орынның 83 пайызына ие болды. Оппозиция мен құқыққорғау топтары сайлау нәтижелерін жоюға шақырды. Елдегі саяси ахуал тіпті шиеленісе түсті. Сонымен бірге тунисстік көтерілістермен шабыттанған мысырлықтар өмір сүру деңгейіне наразылығын білдіру мақсатында 2011 жылдың

25 қаңтарында авторитарлы билікке қарсы шықты. Бұл толқуды басу мақсатында үкіметтің қауіпсіздік органдары халықты аяусыз жазалады, соның салдарынан 135 адам қаза болып, 2000-нан астам адам жараланды [3].

Келесі күні бүкіл ел көлемінде  ондаған  мың адам қарсылық көрсетті. Әсіресе, Суэц, Александрия және Каирде өткен қақтығыс  соңы аса кең  көлемдегі  наразылық  шарасына  ұласты.  Соның нәтижесінде  2011  жылдың 29 қаңтарында президент Мүбарак үкіметті қызметтен босатуға мәжбүр болды, бірақ көтерілісшілер Мүбарактың қызметтен кетуін талап етті. Саяси жағдайдың ушыға түсуіне байланысты 1 ақпанда халыққа жедел түрде Хосни Мүбарак 2011 жылдың күзіне белгіленген келесі президенттік сайлауға да қатыспайтындығын жариялады. Сонымен бірге мемлекет басшы-  сы президенттікке үміткерлерді ұсыну,  сайлау үрдісі мен президенттің өкілеттілігінің мерзіміне қатысты Конституцияның 76 және 77-баптарына оң түзетулер енгізу туралы да мәлімдеме жасады.

10 ақпанда Мүбарак президенттік өкілеттіліктің бір бөлігін вице-президент Омар Сүлейманға тапсырды. 18 күнге созылған жалпы халықтық көтерілістің нәтижесінде 11 ақпанда Хосни Мүбарак президенттік қызметтен кетті. Осы қақтығыс барысында 365 қарапайым азаматтар, 32 полиция қызметкері қаза болып, 5500-дей азаматтар мен 1000-дай полицей жарақаттанды [4].

Жоғары Әскери Кеңес президенттік және парламенттік сайлау өткенге дейін елдегі билікті қолға алған болатын.

Біз алғашқы мысырлық саяси дағдарыстың қалай өрбігендігін қысқаша ғана қарастырдық. Енді осыған нақтылы сараптама жасап көрейік. Яғни, ең алдымен Мысырдағы осы қақтығыстағы зорлық-зомбылық белгілерін айқындайық.

Тікелей зомбылық – билікке қарсы шыққан дүрбелеңді басу кезінде айқын байқалды.

Жұмысшылардың ереуілге шыққан кездерінде президенттің тікелей бұйрығымен әрекет еткен полиция өте қатыгездік танытты. Осы зорлық-зомбылықтың айқын мысалы ретінде полицияның студентті өлтіруін айтуға болады.

Құрылымдық зомбылық – бұл көзге айқын байқала қоймайтын мемлекет тарапынан заңнамалық жағдайлармен жасалынған зорлықзомбылығы. Яғни, Мысыр халқы өздерінің құқықтары мен еркіндіктерін толық  пайдалана алмайды, өйткені тұрғындардың қалыпты өмір  сүруін  реттейтін  және  қамтамасыз  ететін заңнамалық негіздер толыққанды жасалынбаған. Мемлекеттің қалыптастырған жағдайында соңғы кезде халықты кедейшілдік, жұмыссыздық, аштық жайлаған.

Бұл  зорлық-зомбылық   нысаны   бойынша – саяси, экономикалық санатқа жатады. Ал зорлық-зомбылық саналы түрде жасалуда ма десек – ия, саналы түрде жүзеге асырылғандығына көз жеткіздік. Бақылау деңгейі бойынша – бұл заңсыз зорлық-зомбылық.

Сонымен бірге қақтығыстардағы тараптарды айқындайтын болсақ:

1.Мемлекеттік институттар: Хосни Мүбарак басқарған Мысыр үкіметі, оған бағынышты қауіпсіздік мекемелері, құпия полиция мен барлау қызметтері.

  1. Әртүрлі саяси ұйымдардан тұратын оппоцизия: партиялар мен қозғалыстар. Олардың қатарында «Жетер» қоғамдық-саяси қозғалысы, Мохамед әл-Барадеи және оның «Өзгерістер үшін ұлттық бірлестігі», Al Wafd және Al Gabha, Мұсылман-бауырлар, Соттар клубы сияқты либералды партиялар.
  2. Наразы бұқара халық, тәуелсіз БАҚ.
  3. Үшінші тараптар: АҚШ және т.б. -деп бөлуге болады.

Осы қатысушы тараптардың әрқайсысының қажеттілігі мен көздеген мүдделерін айқындайтын болсақ:

Мемлекеттік институттар: Хосни Мүбарак басқарған Мысыр үкіметінің қажеттілігі  ретінде елді басқаруды мұрагерге тапсыру мақсатында 2011 жылы қыркүйекте өтетін президенттік сайлауға дейін билікті ұстап тұруға талпынғандығын айтуға болады. Ал мүдделері: вице президент Омар Сүлейманға өкілеттіліктің бір бөлігін бере отырып,  Хосни  Мүбарак  мемлекетті  басқару  құқын  өзіне қалдыруы президенттік сайлаудан кейін бейбіт түрде билікті беруге ниеттенуі.

Ұстанымдары: Мысырдағы дүрбелеңнің алдын алу  және  «Мұсылман-бауырлар»  саяси ұйымын, сонымен бірге шетелдіктердің мүддесін көздейтін шетелдік өкілді де билікке келтірмеу болды.

Әртүрлі саяси ұйымдардан тұратын оппоцизияның қажеттілігі: биліктен барлық «кәрі топты» қуып, ұлттық мүддені қорғау болса, мүдделері елде технократиялық үкімет құрып, Конституциялық сот басшысын мемлекеттік әкімшілік басшысынан жоғары қою еді. Ал ұстанымдары қақтығыстар толық шешілгенге дейін мүддені қорғау болды.

Наразы бұқара халық, тәуелсіз БАҚ қажеттілігі билікті биліктен кетіру. Мүдделері шерулер мен жиылыстарға қатысу, елдегі тоқырауға қатысты мақалалар жариялау, кітаптар шығару, кең көлемде азаматтарды жұмылдыру. Ұстанымдары: халық мүддесін қорғайтын, елді тоқыраудан шығаратын жаңа билікті орнату.

Үшінші тараптар: АҚШ қажеттілігі осы аймақтағы  өз  мүдделерін  жүзеге   асыратын, ең алдымен америкалық саясатты қолдайтын билікті орнату болатын. Мүдделері –  Мысырда радикалды исламистердің билікке келуін болдырмау. Ұстанымдары: Америка халықтың демократиялық тәртіпті орнату ұмтылысын қолдауға дайындығын, сонымен бірге халық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтағаны жөн деген мәлімдемелерді жариялау болды.

Араб әлеміндегі, оның ішінде  ең  алды-  мен Мысырдағы саяси дағдарыстың шығу себептерін, оның алдын-алу жолдарын жанжақты ғылыми негізде зерделеу осы мақаланың негізгі мақсаты болатын. Осыдан шығатын түйін ең алдымен әлеуметтік-саяси дамудың барлық астарын мұқият қадағалап, келеңсіз жағдайларды туғызбау жағын ойластыру қажеттілігі. Бүгінгі заман талабына сай даму қарқынына билік саясатының да сай келуі.

Көптеген сарапшылар мысырлық дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық себептеріне ең алдымен елдегі экономикалық стагнацияны, кедейшілдікті, теңсіздікті, сыбайластық пен жұмыссыздықты атап келді [5]. Дегенмен бұл себептер саяси дағдарыстың негізі болғанымен, оған  билік  тарапынан  жасалынған  қысым мен сауатты топтың енді ескіше өмір сүргісі келмеуі ұшқын болғандай.

Өмірге деген кешегі көзқарас бүгінгі жастардың көзқарасына сай келе қоймайды. Өйткені бүгінгі жастар бүкіл әлеммен тығыз байланыста, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің әлеуметтік-саяси даму деңгейін, демократиялық құндылықтарын өз елдерінде де көргісі келеді. Олай болса елді кешегі күннің түсінігімен билеу, ал  билікті  мұрагерлікпен  қалдыруға   талпыну мысырлық жастардың ашу-ызасын тудырғаны айқын. Әрине, оймызды қорытындылай келе Мысырдағы саяси жағдайға бір жақты баға беруге болмайтыны анық.

Жалпы араб елдеріндегі саяси дағдарыстың тууы – ішкі саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайдың ықпалы екені де талассыз деп келісеміз. Сонымен бірге, сыртқы күштердің ықпалы да бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. История Египта //http://ru.wikipedia.org/wiki/IstoriyEgipta (16.02.2014).
  2. ДолговБ.Между демократией и исламизмом: политическое развитие арабского мира//http://www.perspektivy.info/print. php?ID=35967 (30.03.2009).
  3. Comment by Robert Malley (Crisis Group) and Hussein Agha, “In post-Mubarak Egypt, the Rebirth of the Arab World”, Washington Post, 11 2011.// http://www.crisisgroup.org/en/publication-type.(01.03.2011).
  4. Куделев В.В. Коротко о ситуации в Египте: январь 2011 г.// http://ruskline.ru/ analitika (03.02. 2011).
  5. Коротаев А.В., Зинькина Ю. В. Египетская революция 2011 г.: структурно-демографический анализ// Полис. Экстратекст. 2011. Выпуск 1//Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.zinkina_uy.v._egipetskayrevolutzya _2011_g._strukturno_ demografhisheskii_analiz.(15.03.2011).

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.