Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытайдың сыртқы саяси тұжырымдамасының қалыптасуы кезеңдері мен дамуы

Кіріспе: Қытай – ұзақ тарихы бар ежелгі өркениетті елдердің бірі әрі қазіргі таңдағы алып державалардың алдыңғы қатарында қарқынды дамып келе жатқан мемлекет болып табыла-  ды. Қытай Халық Республикасы қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде және экономикалық жақтан аса қуатты ел ретінде де халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды рөл атқарып отыр. Дегенімен, Қытайдың сыртқы саяси саладағы қалыптасуы бірден болған жоқ.

Қытайда тарихи сабақтастық жақсы сақталады. Оның ХХІ ғасырдағы сыртқы саясаты мен дипломатиясы өткен ғасырдағы сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынастарының тарихи дамуының көрінісі болып табылады. Сондықтан оның тарихи сабақтастық жолымен өткеніне көз жіберетін болсақ, Қытай Халық Республикасын құрушы Мао Цзэдунның сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынастарын, ұлы реформатор Дэн Сяопиннің сыртқы саясаты мен дипломатиялық стратегиясын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған және дипломатиялық қатынас орнатқан Қытай мемлекет басшысы Цзянь Цзминның сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынастарын және Ху Цзинтаоның сыртқы саясаты мен дипломатиясын тұтастай жүйесіндегі эволюциялық өзгерістерді аңғарамыз.

Негізгі бөлім: «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуы, КСРО-ның ыдырауы мен екі полюсті әлем құламас бұрын қытайлық басшылық сыртқы әлем елдерімен өзара қарым-қатынас орнатудың ерекше әрі тиімді таңдады. Оны құрудың үдерісі кезең-кезеңмен және байыпты байыпты жүргізілді. Мұндай құбылыс жалпы қытайлық реформаларға тән болатын, кейіннен ол әрдайым өзгермелі әлем жағдайында ҚХР көршілес елдерімен жасалынатын келісімдер мен шарттарда да прагматикалық және ұқыпты әдісті қолданудың алғышартына айналды.

ҚХР ертедегі сыртқы саяси тұжырымдамаларында саяси экстремизм мен қытайлық басшылардың теориялық тәжірибелерінің жетіспеушілігі   сонымен   қатар,   Азаматтық соғыс жылдарында қалыптасқан саяси күрес жүргізу әдістерін түсінудің таптаурынын көруге болады. Сол кезеңдегі ҚХР халықаралық тұжырымдамаларының қалыптасуындағы үлкен рөлді ХХ ғ. екінші жартысындағы азиатттық аймақтық қақтығыстар негізінде өзін танытқан геосаяси фактор ойнады [1].

Қазіргі заманғы қытайлық сыртқы саяси тұжырымдамалардың қалыптасу үдерісіндегі бетбұрысты кезең 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басына сай келді. Бұл кезеңде ҚХР басшылығының ең жалпы көзқарастарының дамуы үдерісінің аяқталуын байқауға болады, яғни «соғыс пен күйзеліс» тұжырымдамасынан оған түбегейлі қарама-қайшы «бейбітшілік пен даму» тұжырымдамасына ауысу. Қытай мемлекеттермен бірге даму негізінде «бейбіт өрлеу» бағытына бет бұрды. Қытайлық басшылық өз мақсатына жету үшін мемлекетке уақыт, шетелден қаржылық және ғылыми-техникалық, технологиялық қайтарымды көмек қажет екендігін түсіне білді. Ондаған жылдай бейбіт жағдайда жұмысты қамтамасыз етуге, соған қоса, Қытайдың халықаралық қақтығыстарғы араласпауына кепілдік етуге қызығушылық пайда болды.

ҚХР сырты саяси теориясының негізі болып, қытайлық басшылықтың өзара қатынастарды тек қана келісімсіз күрес пішімінде орнатуға болатын тұрақты қарсыластардан бас тарту табылды. Алдыңғы қатарға, бірінші кезекте, тұрақты бейбіт қоршаған ортаны қамтамасыз ету және әлемдікэкономикалықжәнеғылыми-техникалық байланыстар құрамындағы Қытайдың жағдайын оңтайландыру мүмкіндіктерімен тікелей байланысты даму мәселелері шықты. Қытайлық сарапшылардың айтуынша, қарқынды дамып жатқан Қытайдың шығыс аймақтарына қауіп төндіру мен жаһандық басып алу қаупінің жойылуымен, ҚХР қауіпсіздік саясаты «қатерлі әлемде қарапайым тіршілік етуден халықаралық тұрақсыздықтың алдын алу мен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ауысты» [2].

ХХ ғ. ортасынан қазіргі уақытқа дейін жеткен  және  Қытайдың  қазіргі  заманғы  сыртқы саяси тұжырымдамасына табиғи енгізілген тұжырымдама «бейбіт өмір сүрудің бес қағидатын» жатқызуға болады. Олар:

1. Өзара территориялық біртұтастық пен егемендікті құрметтеу.

2. Шабуыл жасамау. 

3.  Ішкі  істерге   араласпау. 

  4.   Теңдік   және   өзара   пайда.

  1. бейбіт өмір сүру [3]. Қытай басшылығы әрдайым олардың маңыздылығын атап отырады, қағидарттардың әмбебаптық сипатын көрсетіп, оларды жалпы әлемдік тәртіптің негізіне қояды. Қытайлық саясаттанушылардың сөзіне сүйенсек, 1990 жылдардың ортасында 150 астам мемлекет, сонымен қоса, Ресей, АҚШ, Жапония секілді алпауыт мемлекеттер өздерінің ҚХР қатынастарының басты нормативтік негізі ретінде осы «бес қағидатты» мойындаған [4].

Келесі бір маңызды тұжырымдама – алғаш рет 1982 жылдың қазан айында Дэн Сяопинмен жарияланған «бейбітшілік және даму» теориясы. Онда жаһандық сипатқа ие, қазіргі замандағы ең ірі стратегиялық мәселелер болып бейбітшілік және экономикалық сұрақ табылатындығы айтылған [5]. Ең басты назар халықаралық қатынастардың дамуының әскери-саяси емес, саяси-экономикалық аспектілеріне  аударылды. Ол дегеніміз, тағы да ҚХР сыртқы саяси тұжырымдамаларында халықаралық жағдайды сараптауда әскери емес аспектілерге үлкен мән берілу үрдісінің жоғарылауын дәлелдейді.

Дэн Сяопиннің эконмикалық қайта құруларынан кейін пайда болған «кешенді мемлекеттік қуат» тұжырымдамасы да ҚХР басшылығын жаңа жағдайда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери фактор рөлін бәсеңдетуге  жүктеді.  Оның  басты   мәні,   жаңа жағдайда мемлекеттің қуаты мен оның халықаралық сахнадағы әсері тек қана оның әскери мүмкіншілігінің ұлылығында емес, сонымен қатар, экономикалық және ғылымитехникалық дамуы мен салиқалы сыртқы саяси бағытында. Сонымен қоса, басымдық етеуші фактор болып елдің экономикалық әлеуеті саналады [6]. Сол кездегі Қытай дипломатиясының басты міндеті – бейбіт халықаралық ортаны қалыптастырып, модернизация құрылысы үшін қызмет ету болды.

1980 жылдардың соңында қытайлық басшылық халықаралық жағдайды сараптау барысында әлемді көпполярлылық  тұсынан  қарау көзқарасы басым бола бастады [7]. Ол әлемдегі   түрлі   мемлекеттердің  халықаралық аренада тәуелсіз саяси бағыттарын жүргізуге талпыныстарын көрсетіп, бір немесе екі ұлы державалардың шексіз басымдық етуінің аяқталуын меңзеп, халықаралық қатынастардың демократизациялануын сипаттады. Бұл тұжырымдама 1988 жылы мамыр айында алғаш рет ҚХР сыртқы істер министрі Цянь Цичэннің сөзінде Бейжіңнің әлемдегі жағдайға байланысты ресми көзқарасында көрініс тауып, сонымен қатар, қытайлық саясаттанушылар арасында кең қолданысқа енді. Көпполярлыққа деген қытайлық тәсілдің ерекшелігі қытайлық басшылықтың екіжақты қатынастардың арнайы тепе-теңдігін құрудағы «әлемдік тәртіп гармониялы және  қауіпсіз,  сондықтан  онда кім соғыспаса сол жеңеді» деген қағидатты ұстануында [8].

ХХ ғасырдың 80 – жылдары Қытайдың дипломатиялық стратегиясында түбегейлі өзгеріс болды. Соған дейін қытай гегемонизмге қарсы тұруды алға тартып келген. Ол кезде АҚШ пен КСРО-ның өздерімен қатынасының өзгерістеріне байланысты, гегемонизмге қарсы тұру – біресе АҚШ-қа бағыттаса, енді бірде КСРО-ға арналып айтылып отырған болатын. Ал 1980 – жылдан кейін ол ұранның нақтылы бағытталған нысаны болмады, кім гегемонизмге басса соған қарсы тұру дегенге өзгерді. Дэн Сяопин өзінің ҚКП Орталық Комитетінің ХІІ  съезінде  сөйлеген  сөзінде:  «Қытайдың  ісін қытайдың жағдайына негізделіп істеу керек, қытайлықтар өз күштеріне сүйеніп жұмыс істеулері қажет. Дербес өз-өзіне қожа болу, өз күшіне сүйеніп өмір сүру, мейлі өткенде, мейлі қазір, әлде болашақта болсын бәрібір біздің табан тірер тұғырымыз болып қала береді... Ешқандай шет мемлекеттер Қытай олардың вассалы болады деп ойламасын, Қытай өз мемлекетінің мүддесін зияндайтын ащы алманы асай  салады деп ойламасын. Біз бұлжымастан сыртқа есікті ашық ұстау саясатын қолдана береміз, тең дәрежеде өзара пайда жеткізу негізде белсенді түрде сыртқы алмасуларды кеңейте береміз» [9], – деп атап көрсетті.

Дэн Сяопиннің гегемонизмге қарсы тұру дегені – Мао Цзэдунның Үш әлем концепциясына ұқсамайды. Мао оны үшінші әлеммен ынтымақтасу, екінші әлемді өзіне тарту және ыдырату, бірінші әлемге қарсы халықаралық біртұтас майдан құру мақсатында ортаға қойған болатын. Ал Дэн Сяопин айтқан гегемонизмге қарсы тұрудың мазмұнындағы халықаралық таптық күрес,  халықаралық  біртұтас  майдан құру деген стратегиялық идеялар алынып тасталған. Мұның өзі Қытайдың дипломатиялық стратегиясындағы түбегейлі өзгеріс болып табылады. Сондай-ақ ол Қытай дипломатиясының прагматикалық бағытқа бет алғанын аңғартады. ХХ ғасырдың соңғы  жартысында  ҚХРдың сыртқы саясатының басты принциптері қалыптасты, ал дипломатиялық қатынастары елдің         ішкі     ахуалына, халықаралық  саяси жағдайға және мемлекет басшыларының дүниетаным көзқарастарына байланысты өзгеріп отырды. Одан Қытайдың ұтқан тұстары да, ұтылған жақтары да болды. Дегенмен, Қытай қоғамы реформа және есікті ашық ұстау дәуіріне қадам басқаннан бері, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиялық қатынастары біртіндеп даму  эволюциясы  арқылы  ХХ  ғасырды табыспен аяқтады деуге болады.

ХХІ ғасырда Қытайдың әлемдік аренадағы ықпалының арта түскені айқын байқалады. Бұлай болуының өзіндік заңдылығы бар. Өйткені жаңа ғасырға дейін Қытай жиырма жылдан аса қоғамдық реформа жүргізіп, экономикасын қарқынды даму арқылы жаңа ғасырға әлемдік ұлы держава ретінде қадам басты. Бұрынғы социалистік мемлекеттер ішінде Қытайдың жүргізген реформасы сәтті де, табысты болды. Сәтті болуының басты себебі Дэн Сяопиннің реформа теориясының дұрыстығында. Дегенмен теорияны тәжірибеде қолдану тетігінің рационалды түрде жасалуы шексіз жасампаздық күшке айналды. Қытай әлеуметтік  реформаны кезең-кезеңімен, реті-ретімен біртіндеп жүргізді, бірақ зор нәтижелерге қол жеткізіп отырды.

Жаңа ғасырдағы қытай қоғамының дамуына, 2007 жылы өткен Қытай Коммунистік партиясының XVII съезінде қабылдаған шешімдердің маңызы  ерекше.  Сол  съезде  ҚХР төрағасы, мемлекеттік және партиялық әскери кеңестің басшысы, ҚКП ОК бас хатшысы Ху Цзиньтао алдағы бесжылдық дамудың басымдылықтарын пайымдады. Онда әлеуметтік және экологиялық мәселелердің шешілуі, қоғамдық қатынастарда гармония қалыптастыру, нарықтық экономика реформасын жалғастыру, бір партиялық «халықтық демократия» аясында құқықтық жүйені нығайту, Қытайдың халықаралық ықпалын күшейту және сыртқы саясатта «гармониялық әлем» құру бағыт тары анықталды [10].

Қытай Компартиясының ХVІ кезекті ІV пленумында қабылдаған «ҚКП ОК партияның саяси басқару қабілиетін арттыру Қаулысында» горманиялды қоғам құру концепциясы ортаға қойылды. Бұл – Ху Цзинтаоның идеалды қоғам құру идеясының ресми түрде алға қойылуы. Ол сөйлеген сөзінде: «Қаулыда»: «еліміздің терең қоғамдық өзгерістеріне сәйкес, гармониалды қоғам құруды маңызды орынға қою, қоғамдық күштерді жандандыру, қоғамдық  әділеттілік пен тазалықты ілгерлету, барынша кең көлемде барлық белсенді факторлардың белсенділігін артыруда табанды болып, социалистік гармониалды қоғам құру қабілетті жоғарылату керек», – деп атап көрсетті. Қытай басшысы не үшін «гармониалды қоғам құру» концепциясын алға  тартты?  Себебі  ол  Қытай  қоғамындағы «гармониалды  емес  немесе  қайшылықты құбылыстарды терең байқады.

Кейбір ғалымдар гармониалды қоғам құрудың түйіні төрт мәселені ешу деп санайды. Олар:

  • Қоғамдық қатынастарды реттеу, әсіресе, қоғамдық таптар арасындағы қатынастарды реттеу
  • Қоғамдық қайшылықтарды шешу, әсіресе, халық ішіндегі мүдде қарама-қайшылықтарын дұрыс шешеу
  • Қиыншылығы бар бұқараның өнідіріс және тұрмысына көңіл бөлу, барлық қоғам мүшелерінің әлеуметтік дамудың нәтижесінен игіліктенуін қамтамасыз ету
  • Қоғамдық әділеттілікті ілгерлету, негізінен табыс бөлісіндегі алшақтық пен табыс бөлісіндегі әділетсіздік мәселесін шешу.

Қытай төрағасының «гармониалды әлем» идеясын әлемдік әрбір маңызды жиналыстарында дәріптеуі жайдан жай емес. Өйткені  ҚКП ХVІ съезінде «гармониалды әлем құру, бейбіт даму жолында жүру, өзара тиімділік жасау ортақ жеңіске жетуде табанды  болу-  ды» – жаңа дәуірдегі Қытайдың сыртқы  саясат стратегиясының үш тағаны деп белгілеген болатын.

Қорытынды: Қытайдың сыртқы саяси тұжырымдамаларына зерттеуді қорытындылай келе, кем дегенде қытайлық басшылық үнемі қолданатын екі мәселені  ерекшелеуге  болады. Біріншіден, ол – сырттағы барлық пайдалы Қытайдың ішкі мәселелерін шешуге тарту мен мемлекеттің ортақ әлеуетін күшейту. Екіншіден, – халықаралық қақтығыстар мен дауларда бейтарап ұстаным ұстау және ел сыртындағы соғыстар мен қақтығыстар және тағы басқалардан бас тарту, ол өз кезегінде Бейжіңге өзінің ішкі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңдегі Бейжіңнің сыртқы саяси мәселелерінің негізгі түп мақсаты басқа мемлекеттердің мүдделері мен ынтасына қарамастан Қытай қысымға көнбейтін, манипуляцияның нысанына айнала алмайтын және басқа маңызды акторлардың тарапынан оның ұлттық мүдделері ескерілетін  халықаралық  байланыстарда басты орындарда болатын жаңа жүйенің қалыптасуына қолдау көрсетуге ұмтылуы болып табылады. Сонымен қатар, Қытайдың соңғы сыртқы саяси тұжырдамаларының ортақ белгісі әлемдік қауымдастықтық барлық мүшелерінен тұрақты байланыстарды орнату мен қолдау.

Аталған факторлар мен қағидаттардың жиынтығы ҚХР гегемонизм мен күштеу саясатына қарсы тұрумен қатар, өзге мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуда тәуелсіз бағыт құруға мүмкіндік береді. Осы құрамдас бөліктер Қытай Халық Республикасының қарқынды жүріп жатқан халықаралық үрдістерге енуіне жағдай жасады деп тұжырымдауға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Плешаков К. Гео-идеологическая парадигма: (Взаимодействие геополитики и идеологии на примере отношений между СССР, США и КНР в континентальной Восточной Азии, 1949-1991 гг.) / Российский научный фонд. Московское отделение. М., 1994. -107 с.
  2. Кәрібжанов Ж., Мұқаметханұлы Н. Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы (2000-2010 жылдар). – Алматы: Қазақ университеті, 2013. -254 б.
  3. Энциклопедия нового Китая. М.: Прогресс, 1989. -155 с.
  4. Чжан Вэньвэй. Шанхайская организация сотрудничества: достижения, возможности, вызовы// Чжунго вайцзяо сюэюань. Пекин: Бэйцзин чубаньшэ, 2004. -78 с.
  5. Арин О.О. Внешнеполитической страегии Китая. 1999//http&//www.asia-taimes.ru/countries-shina/0 vneshnepolit strategii knr.htm.
  6. Остроухов О. Внешняя политика Китая в годы реформ и перспективы ее развития // Мировая экономика и международные отношения. № 3. С.5-15.
  7. Чжуан Ливэй. Международная стратегия Китая в обсуждениях АСЕАН)// Дандай ятай (Современный АТР). 2003. №С 4-11.
  8. Малевич Ю.И. Проблемы внешней политики Китайской Народной Республики. –М.,
  9. Галенович Ю. М. Наказы Цзян Цзэминя: принципы внешней и оборонной политики современного Китая. -М., 2003. – С.281-284.
  10. Соловьева Т.М. Исторический опыт международного сотрудничества Китайской Народной Республики и стран Африки во второй половине XX – начале XXI вв. Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. – М.,– 2009. – С.149.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.