Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Ұлы күш» ұғымы және күштердің дамуы

«Саясатта мүдделер ауыспалы, үлкендік пен күш тұрақты» [1, 194 б.] деген қағиданы бетке ұстай отырып үлкен күштердің әлеуетінің (күшін) зерттелуі олардың жалпы сыртқы саясатын түсінуімізге ықпал етіп, олардың қалай әрекет ететінін талдауында маңызды болып табылады. Алайда бір алып күштің (мемлекеттің) қандай бір күшке (әлеуетке) ие екендігін айтудан бұрын «күштің» не екендігіне тоқталып өткен жөн.

 «Күш» тұжырымдамасы туралы

 Күштің анықтамасы. Өте кең қолданылатын күш (ағ. power ) ұғымы кең мағыналы, ол «физикалық, философиялық және моральдық тұрғыдан әсер ете білу немесе қарсы әсерге қарсылық көресете білу қабілеті, қуаты» және де «саяси, экономикалық, әскери т. б. тұрғыдан әсері мен дәрежесі жоғары мемлекет, мемлекеттер одағының ие болған қабілеттілік» [2] деп анықталған. Ағылшын тіліндегі power сөзі болған «күш» ұғымы, бізге күш, құдірет, қуат, билікпен бірге өкімет; держава, ірі мемлекет сияқты мағыналар береді [3]. Көбіне күш дегенде, халықаралық ойыншылардың өздері жоспарлаған мақсатына жету үшін қолданатын құралдар мен ресурстарды айтады. Мақаламызда «күш» ұғымы сипат және потенциал мағынасында қолданылады, ал бұл сипатқа ие мемлекетті «үлкен күш» деп аламыз.

Күш элементтері. Әдетте, қандай да бір мемлекеттің үлкен бір күшке ие екендігін анықтау үшін ол мемлекеттің соғыс күші (соғыса білу құдіреті) есептелетін. Ғасырлармен бірге технологияның дамуымен бірге күштің де ресурсы өзгерді. XVIIXVIII ғғ. ауылшаруашылығы дамыған Еуропада күштің негізгі ресурсы халық саны болатын. Өйткені халықтан алынған салықтың арқасында жалдамалы әскер ұсталды. Сондықтан бұл кезеңде Францияның беделі жоғары еді. Бірақ ХІХ ғасырдан бастап индустрияның дамуы суда үстемдік құрған Ұлыбританияның, кейіннен теміржолдарды көп салған Германияның мүдделеріне қызмет етуіне себеп болды. ХХ ғасырдың ортасынан бастап АҚШ пен Кеңес Одағының ең күшті мемлекетке айналуына индустрияның дамуы, өзіндік идеологияларының кең таралуы және атом бомбасына ие болуы оларға қарсы шығудың мүмкін еместігін көрсеткен факторлар болды [4, 43 б.].

Реалистік бағытта күш дегенде тек қана әскери күш аталмайды. Моргентаудың көзқарасы бойынша күштің құрылымы және қолданылу тәсілі саяси және мәдени ортаның ерекшеліктеріне қарай анықталады. Күш адамның адамды бақылауына жататын барлық алаңды қамтиды. Е. Каррдың ойынша күш элементтері бір-бірімен байланысып үш топқа: әскери күш, экономикалық күш және интеллектік (ойды басқаратын) күш болып бөлінеді [5, 108 б.].

Сондай-ақ реалистер ашық көрінетін әрі мемлекеттер арасындағы бәсекеде шешуші рөл атқаратын әскери күшке көбірек көңіл бөледі. Барлық мемлекеттің өмірінде шешуші рөл атқаратын фактор әскери күш әрі құрал, әрі мақсат болып табылады. Е. Карр, үлкен соғыстардың көбі бір мемлекеттің әскери күшін арттыру немесе басқа мемлекеттің әскери күшінің дамуына кедергі келтіру үшін жасалғанын айтады [5, 111 б.].

Неореализмдік бағыт ұстанатын Р. Гилпиннің пікірінше «күш – мемлекеттердің әскери, экономикалық және технологиялық қабілетін» көрсетеді [6, 13 б.]. Х. Моргентау болса күштің ресурстарына мына факторлардың жататынын айтады: география, табиғи ресурстар, индустрия, әскери дайындық, халық саны, ұлттық мінез, ұлттық мораль, дипломатия және үкіметтің қабілеті. Мұндай тұжырымдама бойынша күш қолданғанда құрал ретінде бұйрық, қорқыту, адамның беделі немесе харизмасы жеке-жеке немесе бірге қолданылады [7, 56 б.]. Осылайша реалист теориясының өзегін құраған күш ұғымына қатысты әртүрлі мағыналар бар екенін көрдік. Моргентау саясатты белгілі бір күш күресі ретінде анықтағанымен күш ұғымына арнайы бөлек бір анықтама бермеген. К. Уолтз болса күшті белгілі бір мақсат емес, мемлекеттің өмір сүруіне жағдай жасайтын және оның қауіпсіздігін қамтитын құрал ретінде көреді. Критикалық жағдаяттарда мемлекеттің басты мәселесі күш емес, қауіпсіздік болып табылады [8, 36 б.]. Дәстүрлі                   (классикалық    реалистер   мен неореалистер)  реалистер  күш   концепциясына формальді түрде қарап, күш – мемлекеттің иелігіндегі физикалық факторлар деп көрсетеді, одан кейін ұлттық күш пен оның тууына әсер еткен себептерге тоқталады. Бұдан шығатын қорытынды реалистердің күш анықтамасына келгенде әртүрлі пікірде екені білінгенімен, Моргентау мен Р. Нибур сияқты классикалық реалистер күш – бір мемлекеттің әскери және экономикалық күш-қуатының қосындысы деп көрсетеді. Бірақ реалистердің күшті тек қана физикалық жалпы күш-қуат ретінде есептемейтінін жоғарыда айтып өттік, олар күш материалдық емес факторлардан да тұратынын айтып өткен. Әскери және экономикалық күштердің басқа факторлардан айырмашылығы жоқ екенін атап өткен К. Уолтз сияқты неореалистер, күштің үнемі өзгеріске ұшырап отыратын динамикалық мағынаға ие болған ұғым екендігіне де назар аударады. Сондықтан мемлекеттерді күшіне қарай бөлу оңай іс емес екені анық [9, 170 б.]. Осылайша әскери-экономикалық факторлары бар күш «қатты/қатаң» (hard) күш, үгіт немесе бірлесе жұмыс жасау арқылы тартымдылық пен сүйкімділік қолданылатын күш болса «жұмсақ» (soft) күш деп аталады.

Реалистердің көбі (әсіресе Моргентау мен Нибур логикасына негіздей отырып) бір мемлекеттің физикалық және физикалық емес күш факторларына ие болуы жеткілікті десе де, Холсти және басқа да кейбір реалистер бұл факторлар күш ретінде танылуы үшін бұлар бір мемлекеттің өз саяси мақсатын орындату үшін екінші мемлекетке әсер ету арқылы оның әрекеттеріне ықпалын тигізуі тиіс деп санайды. Өйткені тарихта да болғандай бір мемлекетті үлкен мемлекет ретінде қабылдануы, оның иелігіндегі күш-қуатының нақты шамасына және бұлардың сыртқы саясатта пайдаланылуына байланысты [9, 171 б.].

Басқаша айтқанда, бір ел тек қана күш саясатын ұстанғанда ғана күшті мемлекет (үлкен күш) деп танылады. Демек бір мемлекет күш қолдану ниетінде болып, осыған байланысты көптеген шығындарды көтеруге келіссе, өзін басқалары тарапынан кіші көруді қабылдамаса және құрмет көрсе ғана үлкен күш саналады [4, 45 б.]. Мұндай байламда, тарихта үлкен күш дәрежесіне жеткен мемлекеттерге талдау жасай отырып бұл мемлекеттердің экономикалық күші, әскери шығындары есепке алына отырып оның күшқуаты өлшенуі мүмкін. Үлкен мемлекеттер дамыған күш болу жолында ие болған күш-қуаттары бұл мемлекеттердің «ғасырын тудырды».

Бүгінгі үлкен күштердің дәрежесі екінші кестеде көрсетілген. Бірақ бұл кестеде әлемді жайлаған дағдарыстың есепке алынбағандықтан оптимист көзқарас басым екенін айтып өтуіміз керек. Халықаралық Валюта Қорының (International Monetary Fund-IMF) 2008-2013 жылдарға арналған болжамы негізінде жасалған бұл мәлімет бойынша 2008 жылы ЖІӨ бірінші орында АҚШ (14 триллион 334 миллиард доллар) 2013 жылы

бұл көрсеткішті 17 триллион 310,3 миллиардқа жеткізеді деп күтілген. 2008 жылы ЖІӨ-мі Германияның жартысын ғана құрайтын Ресей, 2013 жылы Германияға жақындауды көздеген. 2013 жылы Германияның ЖІӨ-мі 4 триллион 376,3 миллиард доллар болады десе, Ресейдің ЖІӨ бұл жылы  3  триллион  725,4  құрайды  деп күтілген [11]. (Алайда 2013-ке келгенде Ресейге байланысты бұл болжам орындалмады). 2008 жылғы Қытайдың берген мәліметіне қарағанда олардың ЖІӨ 4,4 триллион болған [12].

1-кесте – Күш құрамдарының салыстырылуы: ЖІӨ-нің (пайызбен), әскери шығындардың және күш шамасының (COW) ұлы күштер арасындағы бөлінуі: 1870-72, 1950-1985 және 1996-97 жылдары [10, 76 б.]

 1-кесте – Күш құрамдарының салыстырылуы 

 Мәліметтерге қарай отырып Ресей мен Қытайдың күшінің АҚШ-қа тең емес екенін көреміз, бірақ олар «алып күш» статусын иеленуге тырысуда.  Қытай  Батыстан  келген  фирмалардың арқасында қарқынды дамып отырса, Ресей әлемде қалыптасқан пайдалы қазбалардың бағасының тиімділігін пайдаланып отыр. Халықаралық Валюта Қорының 2008 жылғы мәліметі бойынша G-20 мүшесі болып табылатын бұл мемлекеттердің халық саны, ЖІӨ және жан ба-

2-кесте –  Мемлекеттердің халық саны, ЖІӨ және жан басына шаққандағы табысы тұрғысынан көрсеткіштері [13]

Қорытылай келе, қатардағы бір мемлекеттің «алып күшке» айналуына, яғни осындай үдеріске физикалық және материалдық емес факторлардың септігін тигізетіні, сондай-ақ үлкен күштердің қалыптасуына жағдай жасайтын экономикалық және әскери әлеуеттер ықпал ететіні анық. Үлкен күштерді салыстырғанда нақты қарастылған экономикалық күші мен қатар мемлекеттердің географиясы, халқы, әскери қуаты, табиғи  байлығы  сияқ-  ты басқа да факторлардың да әсері үлкен. Бұл факторлардың бөлек (басқа бір талдауымызда) толық зерттелуі де мемлекеттердің күшін нақты анықтауға көмектеседі. Дегенмен, қатардағы бір елдің озып, «алып күш» болуына аталмыш факторлардың жай ғана қолайлы болғаны емес, бұларды тиісті дәрежеде қолдана алуы мен, керек болған жағдайда бәсекелестің тәжірибесін қолдана алу қабілетіне байланысты болмақ. Мәселен, қазіргі таңда әлем елдерінің АҚШ бастап құрған қаржы жүйесінің сәтсіздігін көріп, жағдайды өз пайдасына шешіп алуға тырысып жатқаны белгілі. Бұл елдер, бір жағынан АҚШ-та орын алған оқиғалардан сабақ алуға, екінші жақтан АҚШ қолға алған шаралардан пайдаланып қалуға мүдделі дей аламыз. Мысалы, Ресей өзінің валютасын жақын қарым-қатынас жасайтын көрші мемлекеттерге мойындатуға тырысуда. Сонымен қатар, Қытай АҚШ экономикасының күшіне сүйенген жүйенің құлдырауы ықтималдығын ескеріп  өзінің жаңа төлем жүйесін дамытуда.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Примаков Е.М. Международные отношения накануне ХХИ века: проблемы, перспективы/ Е.М. Примаков//Внешняя политика и безопасность современной России. 1991-2002. – М.: Московский государственный институт международных отношений (У) МИД России,
  2. Büyük Türkçe Sözlük, <http://tdkterim.gov.tr/bts/?kategori=veritbn&kelimesec=143068>, Accessed: 13/02/2009.
  3. The Large Kazakh-Russian-English Dictionary,< http://til.gov.kz>, Accessed:13/11/2014.
  4. Yılmaz T. Güç ve Politika. – İstanbul: Alfa Yayınları,
  5. Carr E.H. Twenty Years’ Crisis, 1919-1939. – London: Macmillan&Co.Ltd, 1949.
  6. Gilpin R. War and Change in International Politics. – New York: Cambridge University Press,
  7. Tanrısever O. Güç // Atilla Eralp (ed.), Devlet ve Ötesi: Uluslararası İlişkilerde Temel Kavramlar. – İstanbul: İletişim Yayınları, 2006. p. 53-73.
  8. Waltz K. N. Realist Thought and Neorealist Theory, Journal of International Affairs, 1990, Vol. 44. – P. 21-37.
  9. Arı T. Uluslararası İlişkiler Teorileri, Çatışma, Hegemonya, İşbirliği. – İstanbul : Alfa Yayınları, 2 Baskı,
  10. Wohlforth W. Tek Kutuplu Bir Dünyanın İstikrarlılığı //Avrasya Dosyası, №:4, Kış 2004. – p. 38-77.
  11. Türkiye, 5 yıl sonra da 17nci büyük ekonomi olacak //Milliyet Gazetesi. – 11 Karasha
  12. В 2008 году ВВП Китая составил 30 трлн юаней с приростом на 9 процентов – Госстат КНР // Синьхуа – 22 января 2009, <http://www.russian.xinhuanet.com/russian/2009-01/22/contenthtm>, Accessed: 22/01/2009.
  13. G-20 mali krize çözüm arıyor // Hürriyet Gazetesi. – 15 karasha

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.