Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытының қалыптасуындағы ислам факторының рөлі

Қазіргі таңда саясат, экономика, халықаралық қатынастар мәселесіне елеулі ықпал етіп отырған ислам факторы күрделі саяси мәселелер қатарына шығып отыр. Діни ілім ретінде пайда болу кезеңінен бастап, ислам діні ғасырлар бойы саяси ойдың, саяси доктриналардың қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып келеді.

Ислам факторы дегеніміз – бұл миллиардтан астам мұсылмандарды біріктіріп отырған ислам әлемі. Әлемдік саясаттағы ислам факторы – бұл ислам дінінің, оның ішінде радикалды ислам ағымдарының халықаралық үдеріске ықпалының артуы. Сонымен қатар, өркениет аралық байланыстағы ислам мәдениетінің артуы. Халықаралық қатынастардағы ислам факторы – бұл халықаралық қатынастардағы исламдық полюсінің қалыптасу үрдісі. Дж. Эспозито пікірінше, «ислам идеологиясы, ұрандары және акторлары мұсылман елдерінің саясатында нық орын тепкен» [1, 153].

ХХІ ғасырдың басынан діни дәстүрлер түрлі саяси мақсаттарға жету жолында жиі пайдаланып келеді. Қазіргі таңдағы ислам, мұсылман елдерінің сыртқы және ішкі саясаттарын жүзеге асыру барысында және саясаттарын анықтауда сүйенетін маңызды идеологиялық факторға айналды. Мұндай үрдістер әсіресе араб мемлекеттерінің ұстанымдарынан, сыртқы және ішкі саясаттарының ерекшеліктерінен айқын көрінеді.

Қазіргі таңдағы араб елдері – бұл Солтүстік Африка және Батыс Азия территорияларын қамтыған ортақ геосаяси, мәдени және діни кеңістік. Барлық 22 араб елдері – бұл халықаралық қатынастардағы айрықша рөлі бар, ерекше сыртқы саясаттары қалыптасқан, сыртқы саяси бағыттарының қалыптасуы және сыртқы саяси шешімдердің қабылдануымен ерекшеленетін мемлекеттер болып табылады. Араб елдерінде мұсылмандық ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделген діни-саяси жүйе дамыған. Олар, әлемдік деңгейде осы тұрғыда өзіндік сыртқы саяси бағыт ұстанады.

ХХІ ғасыр бастауында, ислам және мұсылман қауымы қайта құруларды, өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Исламды ұстанып отырған елдердің демографиялық және қаржылық қарқыны, Парсы шығанағы елдерінің мұнай газ саласындағы жетекші рөлі, араб елдерінің сыртқы саяси шешімдерінің қабылдануындағы исламның рөлін жоғарғы деңгейге шығарып отыр. Бұл елдердегі мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы, олардың әкімшілік, әскери және өндірістік технологияларды қолайлы пайдалана білуі, араб елдерінің әлемнің қазіргі дамуындағы іргелі орталықтарының біріне айналдырып отыр. Барлық араб елдеріне, биліктің орталықтандырылуы, мемлекет басшысының кең өкілеттігі, патерналистік әлеуметтік саясат жүргізуге деген ұмтылыс, саяси жүйедегі армияның айрықша рөлі, діни қауымдық бірегейлік, исламның ішкі, сыртқы саяси бағыттағы күшті ықпалы тән.

Парсы Шығанағындағы араб монархияларының мұнай көзіне бай қолайлы жерге орналасуы, Египет сияқты мемлекеттің Суэц каналы арқылы теңіз сауда жолдарына бақылау жасауы, аталған мемлекеттердің халықаралық аренадағы рөлін арттыра түседі. Ал Палестина, Судан, Йемен, Ирак, Ливан сияқты мемлекеттердің территориялық-географиялық орналасу жағдайлары аймақтағы қақтығыстарға әкеліп соқтырып отыр.

Осы мәселелердің жиынтығы, араб елдерінің сыртқы саясатындағы ислам факторының рөлінің кейбір астарларын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік және әріптестік мәселелерін зерттеу барысында және осы үрдістегі араб елдерінің рөлін анықтаудың өзектілігін арттыра түседі.

Сыртқы саяси шешімдеріне, сыртқы саяси бағыттарына исламның ықпалы бойынша араб мемлекеттерін төмендегідей түрде топтауға болады:

  1. Мұсылман әлемінің тарихи орталығы болып саналатын – Катар, Біріккен Араб әмірліктері, Кувейт, Бахрейн, Сауд Арабиясы сияқты Арабия жарты түбегінің мұнай монархиялары. Бұл монархиялардың барлығында ислам діні мемлекеттік идеологияның негізі болып жарияланған, мұсылман институттары мемлекеттік құрылымда қамтылған, саяси партиялар мен ұйымдардың жоқтығы сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үдерісінде мемлекет басшылары-монархтардың рөлін арттырады. Бұл мемлекеттер ислам фундаментализмі идеяларының қайнар көзі ретінде халықаралық аренада жетекші ислам орталығы рөлін атқаруға ұмтылып отыр.
  2. Нарықтық экономика жолымен дамып, әлемдік интеграциялық жүйеге тартылуға ұмтылып отырған – Марокко, Иордания, Египет сияқты араб мемлекеттері. Бұл елдердің сыртқы саяси бағыты негізінен, экономикалық мүдделермен ұштасқанымен, сыртқы саясатында және ішкі дамуында исламның ықпалы байқалады. Бұл  мемлекеттердің  барлығы халықаралық мұсылман ұйымдарында елеулі рөл атқарады. Марокко және Иордания сияқты мемлекеттерде ислам қағидаттары сыртқы саясаттың негізі ретінде жарияланған.
  1. Ялта-Потсдам жүйесі кезеңінде социалистік даму жолын таңдаған – Сирия, Алжир, Йемен сияқты араб мемлекеттерінің сыртқы саясаты негізінен сыртқы факторларға тығыз байланысты. Социалистік даму жолында болған кезеңінен бастап мемлекеттердің сыртқы саясатында батыс әлеміне және Израиль мемлекетіне қатысты ерекше ұстанымдар қалыптасқан.

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің ерекшелігі – жетекші полюс мемлекеттің жоқтығы. Ресей шығыстанушысы Г.Г. Косач пікірінше, араб геосаяси кеңістігі «көп қабатты және көп құрылымды, ондағы орталық жетекші буынның орны анықталмаған. Сонымен қатар бұл кеңістік шартты түрде және тұрақсыз. Онда, өзара бәсекелестегі «күш орталықтары» қалыптасқан» [2]. Жетекші орталықтар ретінде Сауд Арабия, Египет елдерінің саяси ұмтылыстары байқалып келеді. Сонымен қатар, басқа да араб елдері Катар, Кувейт, Алжир маңызды халықаралық мәселелерді шешуде алдыңғы орынға шығуға талпынып отырғанын байқаймыз.

Араб қоғамында ислам дінінің айрықша орны бар. Дін қоғам және мемлекеттің барлық салаларын реттеуге араласып, сыртқы саяси бағыттарына да елеулі ықпалы бар факторға айналып отыр. Мысалы, Арабия жарты түбегінде орналасқан араб елдерінің ішінде Сауд Арабиясының экономикасына, сыртқы саясатына, әлеуметтік дамуына ықпал етіп, оның саясатын, мұсылман орталығына айналуын қамтамасыз етіп отырған фактор. Бұл мәселеде, ислам діні тиімді идеологиялық фактор ретінде қолданылады.

Араб елдерінің сыртқы саяси бағыттары, сыртқы саяси шешім қабылдау үдерістерін қарастыру барысында, мемлекеттердің конституцияларына шолу жасау маңызды. Араб елдерінің Конституцияларында негізінен басты мәселе, саяси жүйеге және оның құрамдас  бөліктеріне, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктеріне және оның экономикадағы рөліне аударылған. Сыртқы саясат мәселелесі аталған мәселелер аясында ғана қарастырылады. Жалпы, араб елдерінің конституцияларында сыртқы саяси бағыттың тұрақтылығын және оны жүзеге асыру нысандарына байланысты мәселелер айқын көрсетілмеген. Сауд Арабиясы елінің Негізгі Заңы ретінде, елдің мемлекеттік, қоғамдық-экономикалық дамуын, мемлекеттік органдардың құрылымын, олардың  қызметінің  тәртібін  реттейтін   Құран және Шариғат заңдары алынған. 1992 жылы қабылданған «Билік жүйесінің негіздері» Заңының 1-бабында: «Сауд Арабия мәліктігі – егеменді араб мемлекеті. Оның діні – ислам, конституциясы – қасиетті Құран» деп жарияланады [3].

Сауд Арабия Сыртқы Істер Министрлігі-  нің ресми сайтының «Сауд Арабия мәліктігінің сыртқы саясаты» бөлімінде: «Ислам елдің сыртқы саяси басымдықтарындағы ең маңызды фактор болып табылады» деп ерекшелейді [4]. Осы бағыттағы елдің сыртқы саясатында, ислам елдеріндегі ұжымдық қауіпіздік идеялары, ислам мемлекеттеріне экономикалық көмек көрсету, ислам мәдени орталықтарын салу  дәріптеле-  ді. 1962 жылы Мұсылман әлемі Лигасының, ал 1969 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуындағы Сауд Арабия елінің жетекші рөлі бұл бағыттың дәлелі ретінде.

Катар мемлекетінің контитуциясында, елдің сыртқы саясатындағы ислам факторының рөлі айрықша бекітілген: «Мемлекет араб мемлекеттерімен ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады, араб ұлтының бірлігін нығайтуға күш салып, ортақ мақсатқа жету үшін барлық күшін салады. Катар сыртқы саясаты барлық елдермен, оның ішінде ислам халықтары мен мемлекеттерімен достықты нығайтуға бағытталған». Конституцияның 7-бабында«Елдіңсыртқысаясатыхалықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту қағидатына негізделеді» деп бекітілген [5].

1996 жылы 6 қарашада Оман елінің сұлтаны Кабус бин Сайдтың №101 Жарлығымен елдің Негізгі заңы бекітілді. Оман сұлтанатының Негізгі заңының 1-бабы бойынша Оман елі араб ислам тәуелсіз елі болып жарияланады [6].

Соңғы жылдардағы Оман сыртқы саясаты негізінен үш мәселе төңірегінде шоғырланған:

  1. Парсы Шығанағы аймағындағы қауіпсіздікті сақтау;
  2. Араб-Израиль қақтығысы;
  3. Қауіпсіздіктің ғаламдық қауіп-қатерлері [7, 105].

Біріккен Араб әмірліктерінің сыртқы саясатында араб халқының бірлігі, оның ішінде Палестина мәселесі ерекше орынға ие. 1973 жылы Палестина мәселесіне қатысты мұнайға эмбарго жариялау  кезінде  БАЭ  Президенті  Шейх Зади «араб мұнайы, араб халқының қанынан артық емес», деп мәлімдеген [8] Сонымен қатар, БАЭ 1979 жылы Египет Президенті Анвар Садаттың Израильге ресми сапарына байланысты Каирмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген.

Ислам әлемінің жетекші орталығына айналуға ұмтылып отырған Египет елінің конституциясында елдің қоғамдық дамуындағы исламның ерекше рөлі айрықшаланады. 1980 жылы Египет Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша конституцияның 2-бабында: «Исламмемлекеттік дін. Ислам құқығының қағидаттары заңнаманың ең басты қайнар көзі» деп берілген [9].

Барлық араб елдерінің конституцияларының кіріспесінде, елдердің сыртқы саясатында бейбітсүйгіш саясат ұстанып, бейбіт өмір сүру қағидатын ұстанатын халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылуы дәріптеледі.

Мысалы Йемен елінің конституциясында, елдің сыртқы саясаты БҰҰ Жарғысына, Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясына, Араб елдері Лигасының Жарғысына және халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларына бағытталатыны жазылған. Йемен Республикасының Конституциясының 1-бабында «Йемен араб ислам мемлекеті, біртұтас, мызғымас ел болып табылады, араб және ислам халқының бөлігі» деп жазылған [10,215].

Бірқатар араб елдерінің конституциясында елдердің тәуелсіздік жолындағы күресі, отаршылдық жүйенің күйреуі мәселесі кіріспе бөлімдерінде қарастырылып, егемендіктің ерекше орны айқындалады. Мысалы, Алжирдің конституциясының кіріспесінде: «Елдің тарихы – бұл тәуелсіздік үшін күрестің ұзақ жолы» деп берілген [10, 119].

Сыртқы саяси бағытқа қатысты мәселеде Сирия мемлекетінің конституциясының кіріспесінде: «Араб халқының сионизм және империализмге қарсы күресте бірігуі қажет» деп берілген [10, 286]. 1973 жылы қабылданған Сирия конституциясындағы сионизм және империализм ұғымы анахронизм болып саналғанымен, қазіргі таңдағы Сирия мәселесіне қатысты ұстанымдар, 1967 жылы Израиль басып алған Голан жоталары мәселесі, Сирия сыртқы саяси бағыттарында әлі күнге дейін батыс әлеміне қатысты тұжырымдарды ұстанатындығы белгілі.

Таяу Шығыс елдерінің бірегейлік мәселесінің тағы бір ерекшелігі, мемлекеттер өздерін араб ұлтының ажырамас бөлігі ретінде санауы және ортақ өркениеттікті, тарихи ортақтықты, тілдік және мәдени ұқсастықты дәріптеуі болып табылады. Мемлекеттер араб бірлігіне ерекше назар аударып, конституцияларында бұл мәселе бекітілген. Мысалы, Египеттің негізгі заңында:

«Египет халқы араб ұлтының бөлігі болып табылады және ол оның біртұтастығын қалайды». Сауд Арабия елінің сыртқы саясатында араб ұлтшылдығы   және   ислам   арасындағы  тығыз байланыс маңызды болып табылады және мәліктік сыртқы саясатының басты қағидаттары ретінде, араб бірлігін қолдау қажеттіліктері, араб елдеріндегі қақтығыстарды және араб бірлігіне қауіп төндіретін мәселелерді реттеуге күш салатындығы анықталады.

Араб елдерінің сыртқы саясатында ислам факторымен қатар, араб ұлтшылдығына да ерекше ден қойылған. Жалпы араб ұлтшылдығы («аль-каумийя аль-арабийя») идеялық ағым ретінде ХХ ғасырдың басында, араб ағартушылығы шеңберінде қалыптасқан. Араб ұлтшылдығының негізін салушы ойшылдар, Бутрус аль-Бустани, Рифаа Рафи ат-Тахтави, Зейдан Джирджи ж.т.б. кезеңінде «халық» («аш-шааб»), Отан («аль-ватан») және арабтық («аль-уруба») түсініктерінің негізі қаланған. Бұл ұғым Насер билігі барысында ерекше сипатқа ие болып, осы кезеңде Египет елі, араб халқының бірлігі негізінде араб әлемінің жетекші полюсі рөліне ие болғысы келген. Мұның жарқын көрінісі 1958 жылғы Египет және Сирияны біріктірген Біріккен Араб Республикасының құрылуы болып табылады. Араб социализмін негіздеуде Г.А. Насер, исламды сыртқы саясаттың негізгі құралына айналдырған. Египет және Сауд Арабия арасындағы бақталастықта ислам жетекші орынға ие болған, өйткені король Фейсал Насердің арабтық социализм идеясын айыптап, оның орнына панисламизм идеясын ұсынды. Сауд Арабиялық үлемдер социализмді айыптаған пәтуа жариялаған кезде, Г.А. Насер ықпалымен египеттік үлемдер қарсы пәтуа жариялады. Г.А. Насер араб социализмін исламға негіздеп, «ислам – социализмге бағытталған алғашқы дін. Сондықтан да Египет социализмі исламға негізделеді» деп жариялады. Жалпы, Египет үкіметі Насер кезінде ислам факторын өздерінің ішкі және сыртқы саясаттарын айқындауда кеңінен пайдаланған [11, 107].

1967 жылы араб-еврей соғысындағы жеңілістен кейін араб социализмі, панарабизм идеясының Насерлік нұсқасы өз өзектілігін жоғалтты. ХХ ғасыр қойнауында, араб бірегейлігі мәселесі панарабизм саясатының көрінісі болып табылса, қазіргі таңда панарабизм идеологиясы өзінің ықпалын жоғалта бастаған. Дегенмен, араб бірлігінің идеясы араб қоғамының басты мәселесі ретінде қалып отыр. Институционалдық құрылымда араб бірлігі – барлық араб елдері мүше болып табылатын, араб мемлекеттерінің Лигасы қызметінен көрініс табады. Араб дипломаттары барлық аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша кеңестер өткізіп, өз қызметтерін үйлестірумен айналысып отыр. Қазіргі таңда арабұлтшылдығы панисламизммен ұштасып жаңа нысанға ие бола бастады. Нәтижесінде исламдық және арабтық умма синтезі қалыптасып, саяси фразеологияға айналды.

Араб әлемінің түрлі субаймақтарының елдері үшін аймақтық бірегейлік мәселесі тән. Солтүстік Африка елдері өздерін Мағрибке (араб батысы) жатқызып, араб әлемінен басқа Африкалық кеңістік арқылы өз бірегейліктерін қарастырады. Осының нәтижесі ретінде 1989 жылы, құрамына Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко, Тунис кірген арабтық Мағриб Одағы құрылған.

Арабия жарты түбегінің елдері үшін Парсы Шығанағы елдерінің бірлігі маңызды болып табылады. Парсы Шығанағы жағалауындағы мемлекеттер географиялық, тарихи бірегейлігінің негізінде саяси және экономикалық жүйелерінде де ұқсас үрдістерді дамытып отыр. Мұның жалғасы ретінде 1981 жылы құрамына Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабия мемлекеттері кіретін Парсы Шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастық Кеңесі құрылған.

Араб елдерінің барлығында дерлік сыртқы саяси шешімдерді қабылдаудағы мемлекет басшысының рөлі айрықша. Ол халықаралық шарттар және келісімдерге қол қояды, халықаралық ұйымдардағы өкілдіктерді бекітеді. Араб елдеріндегі министрлер кабинеті арқылы сыртқы істер министрліктерінің қызметі реттеледі.

Араб елдерінің дипломатиялық қызметі ХХ ғасырдың басында Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде күйрегенінен кейін ғана қалыптаса бастаған. Барлық араб елдерінің ішінде, сыртқы саяси ведомствалар байырғыдан қалыптасқан Египет мемлекеті ғана. Египет Сыртқы істер министрлігі Хедив Мухаммед-Али (1805-1849) билігі кезеңінде құрылған. Бұл министрлік Египет мемлекетінің сыртқы экономикалық қызметімен айналысқан. 1878 жылы елдің сыртқы саяси мекемесін еуропалық кабинет басқарған. 1922 жылы Египеттің Сыртқы істер министрлігі қызметі қалпына келтіріліп, мемлекет басқа да елдермен дипломатиялық байланыстарын орната бастады.

Жекелеген араб елдерінің сыртқы саясатында ұлттық бірегейлік мәселесі де ерекше рөл атқарады. Мысалы, Египет елінде өздерін өркениеттердің ірі ошағы ретінде Египет елімен байланыстырып, Таяу Шығыстағы елдің тарихы мен рөлінің ерекшелігі дәріптеледі. 2002 жылы Иордания Королі Абдалла ІІ билік басына келгеннен кейін, «Ең алдымен Иордания» ұранын көтерген иордандық тұжырым алдыңғы қатарға шыққан. Оның негізгі міндеттері – иордандық бірегейлікті бекімдеу. Бұл мәселе елдегі  халықтың санының көп мөлшерін палестиналықтардың құрауына байланысты көтеріліп отыр, яғни жергілікті шығыс иордандықтар мен палестиналықтар арасындағы алшақтықты нақтылау болып табылады.

Араб елдерінің сыртқы саяси үдерістеріне ықпал етуші маңызды факторлардың бірі ретінде, дәстүрлі араб қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымдарының элементтері: билік басындағы әулеттер, тайпалар, рулар ықпалын да қарастыруға болады.

Негізінен сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үрдісінде араб мемлекеттеріне шура қағидаты (кеңес) тән. Араб елдерінің мемлекеттік басқару нысанының барлық түрлерінде, сыртқы саяси шешімдерді мемлекет басшысы қабылдайды. Мемлекет басшысы, тайпа басшылары, әскери қолбасшылар, діни басшыларымен кеңесе отырып, қандай да бір халықаралық мәселеге байланысты елдің сыртқы саяси ұстанымдарын айқындайды және осы ұстаным тұрғысынан шешім қабылдайды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Esposito J.L. Islam and Politics. Third edition. – Syracuse: Syracuse UniversityPress, 1984. – 335
  2. Косач Г. Г. Арабский мир: идентичность и структура геополитического региона. Институт изучения Ближнего Востока. URL:: www.iimes.ru. (Дата обращения: 11.2014).
  3. Saudi Arabia: Basic Law of Royal Order No. (A/91) 1992. URL: https://www.sagia.gov.sa/ (Дата обращения 03.12.2014)
  4. The foreign policy of the Kingdom of Saudi Arabia // Ministry of Foreign Affairs of Saudi Arabia. URL: Mofa.sa (Дата обращения 03.12.2014)
  5. Permanent Constitution of the State of Qatar. URL: http://english.mofa.gov.qa/details.cfm?id=80
  6. The White The Basic Law of the Sultanate of Oman. Royal Decree No. 101/96 issued on 6 Nov 1996 by Qaboos Bin Said, Sultan of Oman. URL:: www.uni-wuerzburg.de/law (Дата обращения 05.12.2014)
  7. Jeffrey Lefebvre. Oman’s Foreign Policy in the Twenty-First Century// Middle East Policy.2010. – №.1. – Р. 99-114.
  8. Peter Hellyer. The Evolution of UAE Foreign Policy// URL: http://www.uaeinteract.com/uaeint_misc/pdf/perspectives/0 (Дата обращения 12.2014)
  9. Ад Дустур ли Джумхурият Мыср аль-Арабийя Визарат аль-и Лян. URL: -www.sis.gov. eg. (Дата обращения 03.12.2014)
  10. Сапронова М.А. Государственный строй и конституции арабских республик. – М.: Муравей, – 327 с.
  11. Евкочев Т. Исламский фактор в политической системе современного Египта.-Т.: Ташкентский исламский университет, 230 с

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.