Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа Энергетикалық Одақ: концепциялары, мәселелері және даму болашағы

Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде Еуропалық Одақ үшін энергетика мәселесі еркеше өзекті болып табылады. Бұл тұрғыда Еуропалық Одақтың (ЕО) ортақ энергетикалық стратегия құру алаңдаушылығының бірнеше белгілерін атап кеткен жөн. Біріншіден, энергетикалық ресурстарды импорттауда ЕО әлемде бірінші орынға ие: жылына 400 млрд еуро, энергияның 53% импорттайды [1]. Екіншіден, ХХІ ғасыр ЕО құрамының кеңейтілуімен белгіленді: 2004 ж. жаңа он мүше және 2007 ж. екі ел қосылды. Жаңа елдердің басым бөлігі кеңес блогы ыдырағанға дейін КСРО-ның басшылығымен ортақ энергетикалық қамтамасыз ету жүйесіне кіретін. Бұл мемлекеттер ЕО құрамына кіргеннен кейін онсыз да энерготасымалдаушылармен қамтамасыз ету мәселесін ушықтырып, Еуропаның жағдайын нашарлатты. Үшіншіден, мұнай және газды тасымалдауда қазіргі қалыптасқан саяси тұрақсыз жағдай өз әсерін тигізбей қоймайды. Жасыл кітапта (2006 ж.) 2000 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай 60% энергияны тұтыну өсімі күтілетіндігі жарияланған [2]. Төртіншіден, Еуропада электрэнергияның көтерме бағасы АҚШ-қа қарағанда 30%-ға жоғары. Ал газдың көтерме бағасы екі есеге қымбат. Электрэнергияның қымбаттылығы еуропалық тауарларың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, экономикалық өсуді тежейді. Бесіншіден, Еуропалық  Одақтың  6  мемлекет-мүше-  сі барлық импортталатын газ көлемі бойынша бір ғана сыртқы жеткізушіден тәуелді. Алтыншыдан, ЕО мемлекеттері арасында энергия көздерін (АЭС, жаңғыртылатын энергия көздері) өндіру жөнінде ортақ белгіленген стратегияның болмауы бірқатар қиыншылықтарды тудырады. Аталған және тағы да басқа себептер бойынша 2015 жылдың 25 қаңтарында Еурокомиссияның вице-президенті М. Шефчович және Еурокомиссияның энергетика жөніндегі мүшесі М. Каньете Брюссельде 2030 жылға дейін құрылатын Энергетикалық Одақ жобасын ұсынды. Бұл одақтың құрылуы ресейлік газдан  тәуелділікті  азайтуға  бағытталады.  М. Шефчовичтің айтуы бойынша, Энергетикалық Одақ 28 ұлттық энергетикалық нарыққа газ жеткізу қиыншылықтары кезінде туындайтын күрделіліктерді жеңуге көмектеседі. М. Шефчовичтің пікірінше, еуропалықтарды ресейлік энерготасымалдаушылар жеткізілімінен тәуелділікті азайта отырып, энергетикалық нарыққа жаңа инвесторларды тарту қажет [3].

Өз кезегінде, бұл қадам еуропалық интеграциялық үрдісінің жаңа кезеңге өтуін білдіреді. Ортақ энергетикалық саясатты жүргізу барысында бірқатар заңнамалық негіздемелерден кейін (Еуропалық Энергетикалық Хартия мен Энергетикалық Хартия Келісімі, Жасыл кітап, Үш энергопакет), бұл үдерісті жылдамдату әрі тиімді ету мақсатында Энергетикалық Одақты құру ұсынылды.

Энергия экономикалық өсуді, ғылым мен техникадағы прогресті, тұрмыстағы қолайлылықты қамтамасыз етуші таптырмас индустрия бөлігі. Сондықтан, энергетикалық қауіпсіздік қандай да болсын елдің басты толғандырушы мәселесі болып табылдаы. Ортақ нарық концепциясын ұсынушылардың пікірінше, энергетикалық прогреске кедергі жасап отырған бірнеше факторлар бар: нарықтың интеграциялануының жоқтығы, ішінара келісілмеген ұлттық саясатты жүргізу, үшінші тарап болып табылатын ЕО құрамына кірмейтін елдерге қатысты ортақ бағдардың болмауы.

Бүгінде Еуроодақ елдері энерготасымалдаушылар импортерлері болып табылады және бұл жағдайды, алғашқы энерготасымалдаушыларды басқа елдерден, негізінен Ресейден жеткізілімдерден тәуелделігін өзгертетін механизмдер жоқ. Себебі еуропалық елдер үшін барлық басты тәуекелдер өз тарапынан әрекет ету мүмкіндігінен тыс, яғни, барлық басымдылықтар экспортерлер мен транзиттік елдерде орналасқан. Сондықтан, осы елдер үшін энергоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси бағыты басты болып саналады. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы тасымалдаушыларды диверсификациялау болып табылады.

Энергетикалық Одақтың шектелмелі стратегиясы әртүрлі салалардағы шараларды жалпы реттелген стратегиясына біріктіреді. Энергетикалық Одақтың негізгі мақсаты – энерготасымалдаушылардың ортақ өткізу нарығын  құру, 28 елдің ұлттық газтранспорттық жүйесін интеграциялау, Еуроодақ елдерінің энергетикалық желілерін біріктіретін инфрақырылымды құру. Ортақ энергетикалық нарықты бақылауды күшейту үшін Энергетиканы басқару органдарының ынтымақтастығы жөніндегі Агенттілігінің (ACRE) құзіреттілігі күшейетін болады. Бұл Агенттіліккке нарықтық ережелерге сай келетін ішкі энергетикалық нарықтың дамуын тиімді мониторингтеу және біртекті ішкі нарықты құру нәтижесінде пайда болатын барлық трансшекаралық мәселелерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай интеграция, әрине, әрбір ЕО мүше-мемлекеті тәуелсіздігінің бір бөлігінен айырылуына алып келеді.

Энергетикалық Одақ ЕО энергетикалық саясаты саласында үш басты мақсатқа қол жеткізуді көздейді: жеткізілімдердің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімдік және бәсекеге қабілеттілік. Осы мақстаттарға қол жеткізу үшін одақ өзара толықтырушы бес бағыт бойынша жұмыс істейтін болады: энергетикалық қауіпсіздік, тілектестік пен сенімділік; ішкі энергетикалық нарық; энерготиімділік; экономиканы декарбонизациялау (Еуродақтың 2050 жылға дейін көмірқышқыл газ шығарылуын 85%-ға қысқарту бағыты); ғылыми зерттеулер, инновациялар және бәсекеге қабілеттілік [3]. Осы бес бағыт жоғары интеграциялану мен координациялауды қажет ететін салаларға сай келеді. Әр бағыт бойынша, жақын арадағы жылдар ішінде атқарылатын шаралар айқындалған.

Газ нарығында барынша ашықтықты көтеру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Энергетикалық Одақтың концепциясында үшінші елдермен газ келісімдерін мақұлдауда Еурокомиссияның құзыреттілігін кеңейту қарастырылады. ЕО мемлекеттері үшін газ жеткізуші елдермен жаңа келісімге келудің алдында, келісімшарттарды «ЕО заңдарына сәйкестігі бойынша» Еурокомиссия қарауына жіберу міндетті болады. Енді Еуродақ елдерінің барлық газ келісімдері қол қойылғанға дейін келіссөздер басталған кезде Еуропалық Комиссияның құптауынан өтуі керек. Еурокомиссия бұл келісімдерді мақұлдап қана қоймай, оған өз қарауынша өзгерістер енгізуге құқылы. Комиссияның үшінші елдермен жасалатын келісімдерге қатысуы қысым көрсетудің барлық түрлеріне, соның ішінде, саяси қысым көрсетудің алдын алуына және қазіргі әрекет етуші ЕО заңнамалары шеңберінде еуропалық мүдделердің сақталуын қадағалауға жол ашады. Мұндай шаралар Дүниежүлік Сауда Ұйымының (ДСҰ) және ЕО антимонополиялық заңнамаларының ережелеріне толықтай сәйкес келуі керек. Бұл талаптар халықаралық және коммерциялық келісімшарттардың барлығына қатысты. Осылайша, Брюссель үшінші елдермен келіссөздер жүргізуде ЕО ортақ тарап болғандығын қалайды.

Газ тасмалдаулары бойынша коммерциялық келісімдердің ашықтығын күшейту ерекше қарастырылады. Комиссия бұл мәселені шешу жөніндегі ұсынысты газ тасымалдау қауіпсіздігі бойынша заңнаманы қайта қарау шеңберінде көрсетеді. Диверсификацияға келетін болсақ, оңтүстік-еуропалық газ дәлізінің құрылысына, сұйытылған газ потенциалын дамыту бойынша стратегия ендірілуіне, орталық, шығыс Еуропаның және жерортатеңіздік бассейнінің тасымалдаушыларымен қамтамасыз етілетін газ тораптарын құрылуына үлкен көңіл бөлінеді [4].

Энергетикалық Одақтың құрылуынан Ресейден өз газ қажеттіліктерінің 60-90% импорттайтын Балтия, Словакия, Чехия мен Польша елдері ең көп пайда көреді деп күтілуде. Бұл елдер үшін «ортақ сатып алулар үшін ерікті бірлестік» құру мүмкіндігі қарастырылған. Болгария, Греция, Хорватия өздерінің газтранспорттық жүйелері мен олардың модернизациялануына біршама инвестициялар тартылуына сүйенеді. Венгрия үшін қарама-қайшы жағдай туындап отыр, оған себеп Энергетикалық Одақ Концепциясын талқылау кезінде, Ресей президенті Путиннің елге сапары уақытысында газ тасымалдау жөніндегі келісімге келуі болып табылады. Енді венгерлік келісімшарт автоматты түрде Энергетикалық Одақтың Концепциясына қарсы келеді, ол өз кезегінде Еуропалық комиссия органдарында үлкен шиеленісіне алып келеді.

Еурокомиссия, сондай-ақ, электр қуаты өндірісінің диверсификациясы жөнінде шараларды қарастырады. Электр қуаты негізінен ЕО аймағында әртүрлі тасымалдаушылар мен технологиялар арқылы өндіріледі. ЕО елдері арасында электрқуаттық энергожүйелерінің бірігуі электр қуатын трансшекаралық алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал ЕО мүше елдерінің энергетикалық мүмкіншіліктері бір-бірін толықтырады. Электр энергия нарығының эволюциясы негізінен жаңғыртылатын энергия көздері мағынасының нығаюы нарық интеграциясын күшейту бойынша қосымша шараларды талап етеді.

Концепция шеңберінде жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мен ЕО елдері арасында осы сала тиімділігін арттыру мақсатында бірнеше ұсыныстар қарастырылды.

Зерттеулер мен инвестицияларды координациялаудың, энергетикалық ресурстарды рационалды пайдалану және энерготасымалдаушылар нарығын біріктірудің арқасында, Энергетикалық Одақ климаттың өзгеруімен күрес жүргізуде, соңғы кездері Солтүстік Африка мен Украинадағы тұрақсыз саяси жағдайлардың қалыптасуына байланысты тасымалдаулардың орындалмау қауіптерінің алдын алуға септігін тигізер еді.

Сөз жоқ, Еуроодақтың қабілеттілігі алдымен оның құрамына кіретін мүше-мемлекеттерден тәуелді. Алайда, одақ құрамында мемлекеттердің экономикалық деңгейлерінің әртүрлілігі барлық ұсыныстар мен жобалардың  бірауыздан қабылдануына кедергі жасайды. Осындай жобаға мысал ретінде «Солтүстік теңіз елдері энергожүйесінің бастамасы» бола алады. Жобаға сәйкес, теңізде орналасқан барлық жел станциялары жаңа аймақтық энергетикалық жүйеге біріктіріледі, ол әртүрлі елдердің энергиямен қамтылуын басқаруға мүмкіншілік ашады. Бұл идея алғашқы рет, 2009 жылы Еуроодақтың тоғыз елі мен Норвегия қол қойған Өзара түсіністік меморандумында айтылған болатын. 2030 жылға қарай жел станциялары көміртексіз электр қуатының 10% қамтамасыз ете алады [4]. Алайда, жоба әрі қарай іске асуы үшін шұғыл саяси мандат қажет. Ирландияның бұрынғы Коммуникация, энергетика және табиғи ресурстар министрі Имон Райанның пікірінше, Біріккен энергетикалық жүйені Норвегия мен Ұлыбританияны, кейіннен канал арқылы Франция мен Бельгия және Нидерландты, Германия арқылы Скандинавияға қайтып келетін үлкен шеңбер ретінде қарастыруға болады. Осы жобаны іске асыру Еуропаға жаңғыртылған энергия көздерімен еркін энергия сауда аймағын құруға жол ашады. Энергетикалық жүйе өзін-өзі ақтап қоймай, жаңа жел станциялар құрылысын әрекет ететін қосылу арқылы энерготасымалдаушылар нарығына қосылуды қамтамасыз ете отырып, 30%-ға арзандатады. Жаңғыртылатын энергияның дамуы секірмелі келеді, Германияның үлкен ауқымды тұрақсыз энергиясы жаңа энергетикалық жүйені қалыптастыруға итермелейді. Германия үкіметі біріккен аймақтық нарықтың жұмыс істеу тәсілі жарияланған стратегиялық құжатты жасап шығарды. Алдыңғы жылы Ұлыбритания 15,2 млрд АҚШ долларын күн батареясы панелдері мен жел станцияларына жұмсап, экологиялық таза энергияға салынатын инвестиция көлемі бойынша Германияны қуып жетті. Парламент есебіне сәйкес, «энергетикалық супержүйені жасап шығарудың құны өте жоғары болуы мүмкін, дегенмен, бірқатар артықшылықтарға да ие бола алады, соның ішінде, жаңғыртылатын энегрия өндіру саласында жаңа ондаған мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді». Жобаға қатысушы әрбір мемлекет оның құрылысынан өз пайдасын таба алады. Нидерланды мен Бельгияға өз ресуртарын дамыту үшін экономикалық тиімді тәсіл қажет. Дания біріккен электр энергиясы нарығына қосылып, оның пайдасын көріп отыр. Интеграцияның тереңдеуін қолдап та отыр.

Норвегия гидроэлектрстанциялары өндіретін энергияны сата алады, сондай-ақ, өзін резервтік көздермен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне ие. Кабельдік технологиялардың дамуы Ирландия үшін Францияға қосылуға жағдай туғызады. Осы арқылы Ұлыбритания электржелісіне қосылмаған жағдайда, еуропалық нарыққа альтернативті жолды қамтамасыз ете алады. Мұндай тәсілден тек Солтүстік Еуропа елдері табысқа жетпейді. Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Жерорта теңізі елдері үшін де алып келер пайдасы көп. Алдыңғы жылдың желтоқсан айында ұсынылған Юнкердің 315 млрд еуро Инвестициялық жобасы 87 млрд доллар көлемінде біріккен жобаларды инвестициялауды қамтиды. Оның барлығын технология, жоспарлау мен нормативті құжаттары бір бастамаға біріктірген жөн. Бұл Еуропалық инвестициялық банкінің несие түріндегі капитал тартылу құнының төмендеуіне және технологиямен жабдықтаушы еуропалық компаниялардың дамуын тездетуіне алып келеді. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаның негізі қабылданып, жұмыс жасайды. Қазіргі кезде, Еурокомиссия басқарушы қажет құрылымдарды құру үшін саяси директива ғана қажет. Энергетикалық Одақтың даму болашағы 19 наурызда өтетін Еуропа Кеңесінің жиналысында айқын болады [4]. Қарастырылатын мәселелер ішіндегі ең маңыздысы, аймақтық энергетикалық жүйелерді құру қажеттілігі болмақ. Еуропа Кеңесі келісімге келген жағдайда экономикалық өсім мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізбек. Ал егер де, келісімге келмеген жағдайда, АҚШ пен Қытайдан технологияларды сатып алудан бас тарта отырып, өз энергетикалық жүйелеріне инвестициялауға мүмкіндік туғызады.

Энергетикалық Одақтың Концепциялары Қазақстанның осы саладағы мүдделері мен стратегияларына қаншалықты сай келеді деген сауалдың туындауы заңды әрине. Энергетикалық Одақтың құрылуын зерттеген жағдайда, интеграциялық одақтың бірнеше басқа мақсаттарын көруге болады. Еуропа Монетарлық  одақ ортақ ұлтүсті валюталық одақты құруға отыз жыл, Банктік Одақ құруға алты ұзақ дағдарысты жылды жұмасаса, Энергетикалық Одақты құру қажеттілігі мен оны жүзеге асыру екі жылды қажет етті. Оған әлемде орын алып жатқан саяси өзгерістер де себеп. Украина Ресей мен Еуопаның газ жолында транзиттік ел болып табылады. Соңғы жылдары Украинаның уақытында төлемақыларын жүргізбеу, бірнеше рет Украинаға газ жеткізілімдерін орындалмау қауіп тудырды, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне қатер туғызды. Ал ресейлік «Газпром» мен Түркия 2014 жылы 30 жылға арналған ұзақ мерзімді келісімге келді, «Southstream» жобасынан(«Оңтүстік ағым» жобасы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Еуропалық Одаққа газ тасымалын диверсификациялау бойынша стратегиялық жоба) Ресей шықты, ресейлік билік бұл мәжбүрлік қадам ешқандай да саяси сипатта емес екендігін айтқанымен, Еуропалық Одақ энергетикалық қауіпсіздікке жойқын соққы деп қабылдады [5].

Дайындалған концепцияның ерекшелігіне тоқтала кетейік, экспортының 80% Еуроодаққа тиесілі «Газпром» көк отынның негізгі жеткізушілері арасында аталмайды. Жалпы алғанда Еуродақтың газ импорты  300  млрд  куб  метрді құрайды, оның 125 млрд Газпромның үлесіне тиесілі, бұдан былай да газ жеткізушісі бола алады, бірақ негізгі серіктестік ретінде Газпром ойыннан шықты. Сондай-ақ, концепция бойынша Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмейтін елдермен – Әзірбайжан мен Түрікменстанмен стратегиялық қатынастарды орнату қарастырылады. Мұнда Набукко жобасына кіретін Қазақстан мен Өзбекстан елі жоқ. Ал Қазақстан мұнай және газ конденсаты бойынша ЕО елдері импортының 3 % (ОПЕК елдері – 37%, Норвегия – 15%, Ресей – 34%, басқа елдер – 11 %) құрайды. Осылайша, Еуроодақтың энергетикалық саясатына Алжир сияқты жаңа елдер қосылуда. 2020 жылға қарай Транс Адриаттық газ құбыры арқылы Еуродаққа 20 млрд куб метр әзірбайжандық және түркмендік газ тасымалданады деген болжам бар. Мұндай жағдайдың қалыптасуы Қытай, Ресей мен ЕО арасында түркмендік көк отын үшін күреске алып келеді [6].

Энергетикалық Одақтың жаңа концепциясы ресейлік газбен «еуропалық әурешілдіктің» аяқталуына алып келеді, батыс эксперттерінің айтуы бойынша ресейлік газ тәуекелдігі төмендеп келе жатыр. Бұл қазақстандық газ кіретін Газпромның бүкіл жеткізілім жүйесін қатерге тігіп отыр. 2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕО елдеріне мұнай және газ конденсаты өнімдерін  3 448 465,2 млн тонна экспорттап, 1 833 353,7 млн АҚШ доллар пайда тапты. Шикізат экспортталатын ЕО елдеріне – Австрия, Ұлыбритания (Виргин аралдарын қосқанда), Германия, Греция, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Франция, Финляндия жатады [7]. Осылайша, Энергетикалық Одақ дайындаған жоба тек Ресей үшін ғана емес, әлемдегі ең ірі энергетикалық ресурстарды экспорттаушы барлық Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қауіп төндіреді. Қазақстан үшін жеткізілімдерді Қытайдың пайдасына қарай қайта қарау дұрыс шешім бола қоймайды. Сондықтан, бұл тек қана жоба болғанымен, қазіргі кезде көпвекторлы саясатымызды толығымен қайта қарастыру қажеттілгі туындайды. Қазақстан интеграциялық үдерістің субъектісі ретінде де,  энергетикалық  саясатта  нақты  айқын мүдделері анықталған егеменді ел ретінде де болашақ стратегиялық жолдарын қазірден белгілегені жөн. Ал Энергетикалық Одақтың жемістілігі мен біздің елдің қаншалықты оған икемделгенін уақыт көрсетеді.

 

 

 Әдебиеттер

 

  1. Халықаралық Энергетикалық Агенттік (International Energy Agency) // http://www.iea.org/, http://www.iea.org/russian/html [2.03.2015.].
  2. Green A European Strategy for Sustainable, Competitive and Secure Energy. // Brussels, 2006, march -8. COM Final105.
  3. ЕО-Украина Саммиті, Брюссель // http://eeas.europa.eu/top_stories/2013/250213_eu-ukraine_en.htm [27.02.2015]
  4. Conceptions of  EU  Energy  Union  //  http://ec.europa.eu/energy/en/news/eu-leaders-confirm-commitment-energy-union[2.03.2015].
  5. EU, US promote alternative projects, following South Stream failure // http://www.euractiv.com/sections/energy/eu-uspromote-alternative-projects-following-south-stream-failure-310569 [5.03.2015].
  6. Данные об объемах экспорта отдельных видов товаров по основным странам – торговым партнерам за январь 2010г. Министерства Финансов Республики Казахстан // http://www.rfcaratings.kz/reports/oilandgas_report.pdf [5.03.2015]. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.