Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде тауарды кеден шекарасынан өткізу тәртібін белгілеу бойынша кейбір мәселелері

Кедендік Ынтымақтастық Кеңесін, қазіргі кезде Дүниежүзілік кеден ұйымын құрған Конвенция 1952 жылы күшіне енген болатын [1]. Кедендік Ынтымақтастық Кеңесін құру жөніндегі Конвенцияның преамбуласында кедендік үрдістер мәселелеріне аса назар аударылған, бұған қоса, Конвенцияның 3-бабы Кеңес осы мәселені әртүрлі қырларынан қарастырғаны жөн деп көрсеткен. Бұл тапсырмаларды орындау және техникалық жағынан жүзеге асыру үшін Кеңес жанында Ұйымға мүше мемлекеттерінің өкілдерімен Тұрақты техникалық комитет құрылған болатын. Құрылған уақытынан бастап аталған Комитет негізгі кедендік үрдістер шеңберінде құқықтық стандарттармен құжаттарды бірыңғайландыруын қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі халықаралық кедендік актілердің салыстырмалы құқықтық талдау жасаумен және оларды жүйелендірумен айналысады. Мысалы, импорт, экспорт, уақытша кіргізумен транзит мәселелері бойынша. Аталған мәселелер шеңберінде Комитеттің қызметі тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелу бойынша жеңілдетулерді реттейтін унификацияланған халықаралық құқықтық актілер мен бірқатар конвенциялардың қабылдануына әкелді.

Жоғарыда атап өткен Конвенциямен қатар, сол кезеңде тағы екі құжат қабылданды: 1959 жылғы кедендік тарифтегі тауарлардың жіктелуі мен номенклатурасы жөніндегі Конвенция; 1953 жылғы кедендік мақсатта тауарларға баға беру туралы Конвенция. Кенесті құра отырып, мүше мемлекеттер тек осы екі келісімнің толығымен орындалуы ғана емес, сонымен қатар ұйымдағы мемлекеттердің кедендік режимдерін бірыңғайлығымен өзара гармонизациясының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету, кедендік заңнамаға сәйкес кедендік жүйенің техникалық аспектілерін дұрыс жүзеге асыру көздеген.

Дүниежүзілік кеден ұйымы 174 мүше мемлекеттердің кедендік органдарының өкілдіктерінің қызметін келесі мәселелер бойынша реттейді:

а) тауарлардың кодировкасы мен анықтаудың бірыңғай жүйесін жүзеге асыруы (The harmonized commodity description and coding system);

б) сауда және тарифтер бойынша Бас Ассамблеяның келісімінің 7-бабына сәйкес тауарлардың бағасы жүйесінің унификациясы (valuation goods);

в) тауарлардың шығу тегін анықтаудың унификацияланған ретін дайындау (origin goods);

г) кедендік үрдістердің гармонизациясы мен унификациясы, сонымен қатар кедендік заңнаманың сақталуы мен кедендік үрдістердің орындалмауы үшін жауапкершілік мәселелерін қарастырады.

Кедендік  үрдістерді  жеңілдету   мәселелері шешімін Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше мемлекеттер тек осы екі келісімнің толығымен орындалуы ғана емес, сонымен қатар ұйымға мемлекеттердің кедендік режимдердің бірыңғайландыруы мен өзара гармонизацилаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету, кедендік заңнамаға сәйкес кедендік жүйенің техникалық қырларын дұрыс жүзеге асыру арқылы халықаралық құқықтық құралдармен орындалатынын мойындады.

Дүниежүзілік кеден ұйымымен жасалған және кедендік саладағы құқықтық жүйенің гармонизациясымен унификациясына бағытталған ең маңызды халықаралық конвенциялар келесілер:

  • 1999 ж. Хаттаманың редакциясындағы 1973 ж. 18 мамырдағы кедендік үрдістерді гармонизациялау мен жеңілдету туралы халықаралық Конвенция (Киото Конвенциясы);
  • 1961 ж. 6 желтоқсандағы тауарларды уақытша әкелу бойынша А.Т.А Карнет Конвенциясы;
  • 1990 ж. 26 маусымдағы уақытша әкелу туралы Конвенция;
  • 1971 ж. 7 маусымдағы жүк тасымалының халықаралық транзиті туралы халықаралық Конвенциясы;
  • 2005 ж. 23 маусымдағы Халықаралық сауданы жеңілдету және қауіпсіздік бойынша шектелген стандарттары атты Дүниежүзілік кеден ұйымының кеңесі резолюциясымен бекітілген акт.

Бұдан басқа, 1950 ж. 15 желтоқсанда кедендік тарифтегі тауарлардың жіктелуінің номенклатурасы туралы халықаралық Конвенциясы, 1983 ж. 14 маусымдағы тауарлардың кодировкасы мен анықтамасының  гармонизацияланған жүйесі туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған болатын. Дүниежүзілік кеден ұйымының құзіретіне кіретін мәселелерінің негізгісі – кедендік саладағы унификацияланған халықаралық құқықтық стандарттарын дайындау. Дүниежүзілік кеден ұйымының құрылуы актісінің 3-бабы – кедендік қызмет саласындағы бағдарламаларымен оларға түзетулерді дайындауды бекітеді [2]. Жалпы осы ұйым қызметі нәтижесінде 16 халықаралық кедендік конвенциялар қабылданып, бекітілді.

Тауарлардың уақытша әкелу режимін реттейтін халықаралық кедендік конвенциясының негізгі кешені осы Дүниежүзілік кеден ұйымымен дайындалды. 1961 ж. 6 желтоқсандағы тауарларды уақытша әкелу бойынша А.Т.А Карнет Конвенциясы және 1990 ж. 26 маусымдағы уақытша әкелу туралы конвенциялар бірыңғай кедендік құжаттар бойынша тауарлардың бажсыз әкелуін реттейтін кедендік үрдістердің негізгі қағидаларын бекітеді. Уақытша әкелу туралы конвенциялардағы құқықтық тетіктер қоғамды қорғау және табыс табумен байланысты мәселелерді шешуге атсалысады. Сауда фирмаларына мемлекеттердің шекараларын кесіп  өту  кезінде іс жүзінде тауар тасымалы жеңілдетіледі. Сонымен қатар, Карнет келісіміне сәйкес, тауарлар тасымалы кезіндегі коммерциялық және кедендік рәсімдердің толық құжаттамасын толтырса өте көп уақыт кетер еді. Дүниежүзілік кеден ұйымы келісуші тараптардың сауда палаталары бастамаларымен конвенцияларды талқылау және зерттеу бойынша тұрақты техникалық палатаның кеңестерін өткізеді. Оның қорытындылары және А.Т.А қызметтік жүйесімен байланысты отызға жуық қорытындылар Комитетпен бекітіліп, келісуші тараптарға міндет жүктемейді. Алайда құрамындағы түсініктемелер мүше мемлекеттермен ірі сауда державалардың кепілін білдіретін кедендік органдарға қажетті басқармашы және шешуші рөлді атқарады. Халықаралық деңгейде Дүниежүзілік кеден ұйымы Карнет бойынша тауарлардың уақытша әкелуі туралы Конвенцияның бірыңғай орындалуын бақылайды.

Дүниежүзілік кеден ұйымының стратегиалық жоспары сауданы жеңілдету, дамыту, кеңейту және қолдау болып бекітілген. Бірінші кезекте, А.Т.А конвенциясының қорытындысымен Ыстамбұл Конвенциясы және технологиялық жетістіктер, сауда және қауіпсіздік талаптарына сәкес өзгертулер мен толықтырулар қарастырылады. Екіншіден, конвенциялар бойынша әкімшілік комитеттердің отырыстарын өткізу жоспарланған. Дүниежүзілік кеден ұйымының қызметін дұрыс әрі сапалы орындау техникалық және дайындық бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы орындалуда, сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен жеке сектормен ынтымақтастықты қолдау арқылы жүзеге асрылады. Тауарлардың уақытша әкелуі үрдістерін жеңілдетуді дамытуды реттейтін Дүниежүзілік кеден ұйымының стратегиялық жоспарының тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында, 2013 ж. мамандарға арнайы «А.Т.А. Жүйесі» атты дайындық бағдарламасы жүзеге асырылды. Осы курс шегінде экспорттерлер, кедендік брокерлер, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы заңгерлер, барлық қызығушылық танытқан тұлғалар А.Т.А жүйесінің халықаралық құқықтық жүйесімен, кедендік органдар рөлімен, кепілдік желілермен танысып, Карнетті қолданудың тәжірибелік тетігін зерттей алды [1].

Ұйымның штаб пәтері – Брюссельде өткізілген курстың маңызы Халықаралық сауда палатасымен Палаталардың халықаралық федерациясымен өткізілген болатын. Осы Палатаның, Лондон қаласының Сауда палатасының өкілдері кепілдендірілген желі мен оның А.Т.А жүйесіне мүше-мемлекеттермен Дүниежүзілік кеден ұйымына мүше мемлекеттері органдарымен арақатынасы бойынша дәрістер оқылған болатын. Кадрларды дайындау мақсатында Дүниежүзілік кедендік ұйымы сауданы жеңілдету саласында қандай да болмасын формада мүше мемлекеттердің өзара арақатынасын және ынтымақтастықты нығайту мақсатында қызмет атқаруда. Киоталық конвенция Басты қосымшалар «Жалпы ережелерінің» 1, 3-тарауында «Кеден қызметі ішкі мемлекеттік және халықаралық құқықтық жүйеге сәйкес, қызметтің тиімді орындалуының әдістерін енгізу бойынша мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қатынастарын дамытуды көздейді» деген ереже қосылды [3, 185 б.].

Дүниежүзілік кеден ұйымының стандартты ережелеріне сын ретінде, өсіп келе жатқан халықаралық сауданың көлемі кеден қызметімен сыртқы органдардың өзара тығыз қатынасы мен белсенді ынтымақтастықты қажет ететінін айту керек. Кеден қызметі халықаралық сауданың ажырамас бөлігі болғандықтан, кедендік әкімшіліктер өз қызметінде жаңа заманғы тәсілдерін қолданып, сыртқы экономикалық қызметтің қарқынды өсуін талап етеді. «Жалпы ережелер» тарауының стандартты ережелінің қосылуы Дүниежүзілік кеден ұйымы халықаралық кедендік реттеудің қағидаларына ерекше қарым қатынасты қажет ететінін көрсетеді. Халықаралық сауда палатасының Бас хатшылысы М.Каттауи айтып өткендей бизнес – бұл «сауда рәсімдерінің жеңілдетуі саласындағы шынайы дамудағы жетістік болып табылады» [4, 71 б.]. сауданы жеңілдеті саласындағы кедендік органдармен кәсіби қатынастың айқын мысалы ретінде МДП кітабы мен А.Т.А халықаралық кедендік жүйесін келтірсе болады. Экономикалық сипаттағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар халықаралық кеден құқығының дамуында ерекше рөл атқарады. Экономикалық сипаттағы халықаралық үкіметтік емес  ұйымдар  халықаралық  экономикалық қатынастың негізгі операторы болып табылмайды, олар халықаралық экономикалық қатынастарда реттеуші тетіктерінің бірі болып табылады. Ішінара қатынасқандықтан, тікелей немесе жанама болмасын, үкіметаралық ұйымдармен дайындалатын халықаралық экономикалық құқық нормаларын құру кезінде қызмет етеді.

Осылайша, қазіргі таңда Дүниежүзілік кеден ұйымның мүшелері болып 160 мемлекеттен астамы танылған, сонын ішінде Қазақстан Республикасыда бар. Біздің еліміз аталмыш Конвенцияның қатысушысы болып 1992 ж. 30 маусымында танылған. Жарғылық құжаттамаларға сәйкес, Дүниежүзілік кеден ұйымы келесідей 4 басты мақсаттарды көздейді:

  • кедендік іс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • кедендік жүйелерді гармонизациялаумен унификациялаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • кедендік заңнамамен кедендік технологияларды жетілдіру;
  • кедендік құралдармен халықаралық қылмыстермен күресті күшейту.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін Дүниежүзілік кеден ұйымы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығына қатысты барлық мәселелерді, жеке мемлекеттердің ұлттық кедендік заңнамаларын зерттейді, конвенциялардың жобаларын және кедендік-тарифтік құжаттардың үлгілерін жасайды. Одан басқа, Дүниежүзілік кеден ұйым басқа халықаралық ұйымдармен серіктесіп жұмыс атқарады. Дүниежүзілік кеден ұйымның басқарушы органдарына Кеңес, Саяси комиссия, Қаржы комитеті және Хатшылық жатады. Кеңес – Дүниежүзілік кеден ұйымының қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын және басқа басқарушы органдарын құратын жоғарғы пленарлы органы болып табылады. Кеңес жұмысының негізі формасына жыл сайын өткізілетін кеден аясындағы аймақтық және жаһандық ынтымақтастықты белгілейтін сессиялар болып табылады. Соңғысы ұйымның барлық қатысушымемлекеттерінің аймақтық қағидасы бойынша бірнеше топқа бөлінуімен жүзеге асады: Еуропа, Америка, Африкамен Таяу Шығыс және Азиялық тынықмұхиттық аймақ. Әр топ бағыттаушы елді сайлайды, оның өкілі кезекті Кеңес сессиясында төраға орынбасары болып табылады. Әр аймақтың үйлестіруші елі автоматты түрде Дүниежүзілік кеден ұйымының вице-президенті мәртебесіне ие болады [6, 879 б.].

Саяси комиссиямен Қаржы комитеті ұйымның  тұрақты  қызмет  жасайтын  басқарушы органдары болып табылады, олар сәйкесінше, кедендік ынтымақтастықтың саяси және қаржылық мәселелерін шешеді. Саяси комиссияның құрамын 22 мемлекеттің өкілдері кіреді, ал Қаржы комитетітінің құрамына – 17 мемлекеттің өкілдері кіреді. Дүниежүзілік кеден ұйымының атқарушылық қызметін Хатшылық қызмет атқарады, ол Кеңеспен қабылданған шешімдердің орындалуын ұйымдастырады. Хатшылықты ұйымның Бас хатшысы басқарады, ол 5 жыл мерзімге сайланады. Хатшылықтың Штаб-пәтері Брюсселде орналасқан. Дүниежүзілік кеден ұйымының аса тиімді және нәтижелі қызмет бағытына кедендік ынтымақтастық мәселелеріне қатысты халықаралық келісімдерді дайындау мен қабылдау, сонымен қатар олардың орындалуын қадағалауды ұйымдастыру бағыттары болып табылады. Қазіргі таңда ұйымның басшылығымен 20-дан астам конвенция және бірнеше ондық ұсыныстық сипаттағы актілер қабылданған болатын. Олардың ішінде 1973 жылғы (басылымдағы 1999 жылы) Кедендік рәсімдерді жеңілдету мен үйлестіру жөніндегі Киото конвенциясын, 1983 жылғы Тауарларды кодтау мен классификациялаудың Үйлестірілген жүйесі туралы Конвенцияны, 1990 жылғы Уақытша кіргізу туралы Стамбул конвенциясы және тағы басқаларын атап кетсе болады [6, 879 б.]

Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында кедендік істердегі халықаралық ынтымақтастықтер кедендік реттеу шегінде мүше мемлекеттер арасында халықаралық құқықтық және ішкі құқықтық жүйе арқылы кеден және сауда қатынасын жеңілдетуге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Кедендік ынтымақтастықке бағытталған халықаралық үкіметаралық ұйымдар қызметіндегі мемлекеттердің араласуы экономикалық суверенитетті жүзеге асыруға ат салысады. Қорытындылай келе, кедендік ынтымақтастық саласында халықаралық ұйым мағынасы мен маңызында, сонымен қатар Дүниежүзілік кеден ұйымы мәні мен мағынасы, осы ынтымақтастықтердің институциялық мәні ретінде көрініс табады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Дүниежүзілік кеден ұйымы сайтының құжаттары /http://www.wcoomd.org/en.aspx (дата обращения: 04.2015)
  2. Конвенция о создании совета таможенного сотрудничества. [Электронный ресурс]. URL: http://www.conventions.ru/ view_base.php?id=849 (дата обращения: 04.2015)
  3. Таможенное право: учебное пособие / Б.Н. Безлепкин, О.Н. Войтенкова, Е.А. Достанко / Под.ред. В.Г. Драганова, М.М. Рассолова. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2010. – 210 с.
  4. The importance of Trade Facilitation to Business, Maria Cattaui, Secretary-General, ICC/«TRADE FACILITATION The Challenges for growth and Development»/ Economic Commission for Europe, United Nations, New York, 2011 / unctad.org/en/ docs/iteiia20053_light_en.pdf
  5. Ерджанов Т.К. Международное публичное право: учебник. – Алматы, 2006. – 892 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.