Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығының мәселелері мен болашағы

Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде әрбір ортаазиялық мемлекеттің үлес салмағы оның экономикалық және демографиялық әлеуетімен, географиялық жағдайымен, әлем елдерімен қарым-қатынасымен, ең алдымен көршілес елдермен аймақтық және халықаралық ұйымдарда қандай рөл атқаратындығымен анықталады. Қазақстан мен Қырғызстан ұлттық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында: жеке қорғаныс жоспарында ұлттық Қорғаныс Күштерін құруды және нығайтуды; ұйымдық қорғаныс жоспарында ТМД шеңберінде қауіпсіздіктің ұйымдық жүйесін құруды; азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жоспарында өзара әрекеттестікті және Азия елдерімен сенімділік шараларын нығайту бағыттарына күш жұмсауда және үйлестіруде.

Қазақстан мен Қырғызстан республикалары арасында қарымқатынастарды қалыптастыруға, дамытуға және нығайтуға екі елдің географиялық тұрғыдан жақындығы, тарихи тұрғыдан терең тамырластығы, тілдің, мәдениеттің, салт-дәстүрдің ортақтығы сенімді негіз болады [1].

Сондықтан Қырғызстан мемлекетімен ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Көршілес Қырғыз елімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынастар орнату біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.

1992 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Екіжақты ынтымақтастықтың шартты-құқықтық негізін 150-ге жуық құжаттар құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ қазіргі таңда және келешек жетістіктеріміздегі күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірінші кезекте Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы Ортаазиялық Одақты нығайту, қолдау, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу актілері үстем болуы тиіс» – деп атап көрсетті [2]. Оның үстіне осы аймақта, яғни Қазақстан мен Қырғызстан арасында бірқатар елеулі мәселелер бар, атап айтсақ, ауқымды экологиялық, аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; лаңкестікке, діни экстремизмге және есірткі саудасына қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру күшейту болып отыр. Орта Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік (БЭК) құру туралы шартқа 1994 жылы 30 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстан, кейіннен Қырғызстанның қол қоюымен жүзеге асырылған болатын. Шартты дамыту барысында 1994 жылғы шілдеде Президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары құрылды. Сонымен қатар Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды.

1997 жылы 8 сәуірде Қырғыз Республикасының Президенті А. Ақаевтың Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда маңызы зор болды. Мемлекет басшылары Н.Ә. Назарбаев пен А. Ақаев екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыда рәсімдеу жөнінде пікір білдірді. Осы уағдаластықты орындау үшін тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялауға кірісті [3].

Қазақ қырғыз халықтарының саяси байланыстарының тарихын зерттеуге екі ел арасында 1997 жылы 8 сәуірде жасалған Мәңгілік достық туралы шарттың және де 2003 жылы 25 желтоқсанда жасалған Одақтастық қатынастар туралы шарттың  маңызын  тереңірек  түсінуге,  қазір-  гі кездегі мемлекеттердің геосаяси мүдделері мен мәнін түсінуге көмектеседі. Осы құжаттарда тараптар өзара қарым-қатынасты бір-бірінің тәуелсіздігін құрметтеу, тең құқықтық және бір-бірінің ісіне араласпау қағидалары негізінде дамытуға келіскен болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ортаазиялық халықтардың өзара байланыстарының, соның ішінде қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының бейбіт түрде жүргізілуінің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Онда: Орта Азия аймағының қауіпсіздік мәселесі мен осы аймақ елдерінің арасындағы қақтығыстарды алдын алу шараларын қазірдің өзінде жасауымыз қажет. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасында жасалған Мәңгілік достық туралы шарт бұл үшін игілікті негіз бола алады, сондықтан біз оны нақты іс жүзінде асыруға атсалысуға тиістіміз. Ортаазиялық интеграция үшін ортақ тарихы, мәдениеті, тілі, діні бар халық ретінде біздің мемлекеттерімізді болашақта жақындастыру үшін Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның қазақ, өзбек және қырғыз халықтарының өзара қарым-қатынастары өте мөте маңызды болмақ делінген [4].

Әрине екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастар туралы бұл келiсiмдер екi елдiң мемлекеттiк қауiпсiздiгiн  бiрлесiп қорғаудан бастап экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтыған болатын. Келiсiмнiң одақтастық қарым-қатынастар туралы деп аталу себебi, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, оның ең алдымен екi мемлекеттiң қорғаныс саласында ынтымақтасуына байланысты. Мысалы, Қазақстанға немесе Қырғыз Республикасына әскери шапқыншылық жасалған күнде оған екi елдiң әскери әлеуетiмен қатар, экономикалық және басқа да ресурстары қарсы қойылады. Қазақстанның мемлекет басшысы мұның соңы келешекте Қырғызстан мен Қазақстанның бiр одаққа бiрiгуiне ұласуы мүмкiн екенiн де жоққа шығармайды. «Егер екi елдiң де мүддесiне сай келетiн болса, халықтардың өзi ниет танытып жатса ол ғажап емес», – дедi [5].

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық, тең құқықты әріптестік бағытында даму үстінде. Бұған екі елдің көптеген өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығы дәлел бола алады.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Қырғызстан үшін негізгі сауда серіктесі болып табылады. Өз кезегінде, Қырғызстан Қазақстанның ТМД шеңберіндегі негізгі сауда серіктестерінің ішінде Ресей, Украина мен Өзбекстаннан кейінгі төртінші орынды алады. Экономикалық жағынан екі мемлекет арасындағы қарымқатынастарының дамуы жоғарыда аталып өткен «Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы» келісіміне Қырғызстанның қосылуынан кейін жаңа сапалы деңгейге өткен болатын.

2000 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 90 852,2 мың долларды құраса, ал 1999 жылы бұл көрсеткіш 87087,2 мың долларды құраған болатын. Қазақстаннан Қырғызстанға қара және түсті металдар, мұнай өнімдерін, көлікқұрылыс және ауылшаруашылық өнімдерінің кейбір түрлері шығарылады.

Қазақстанның Қырғызстанмен сыртқы саудасының көлемі 2014 жылдың алғашқы 8 айында   1 млрд доллардан асты, оның ішінде Қырғызстаннан экспортталатын электр энергиясы саласынының 86 пайызы, сүт өнімдерінің 90 пайызы, жеміс пен көкөністердің 56 пайызы Қазақстанға экспортталады. Ал Қырғызстан импортындағы бидайға деген қажеттіліктің 100 пайызы дерлік, ұнның 97%, минералды шикізаттың 70 пайызы, органикалық емес химиялық заттардың 53 пайызы Қазақстаннан жеткізіліп, сол арқылы қамтамасыз етіледі [6].

Қырғызстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 400-ге жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген, олар қаржылық секторда, тағам өндірісінде, саудада, автокөлік жөндеуде, тұрмыстық бұйымдарды және тұтыну заттарын өндіруде, көлік, байланыс және құрылыс салаларында жұмыс істейді. Қазақстанда қырғыз капиталының қатысуымен 250 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Негізінен кәсіпорындар тауарлардың кең сұрыптамасын көтерме сату саудасы саласында, құрылыста, автокөлік сатуда, арнайы дүкендердегі бөлшек саудасында, баспа қызметінің басқа түрлерінде, астық және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіруде, мақта-мата бұйымдарын дайындауда, сондай-ақ туризм саласында жұмыс істейді.

2006 – 2012 жылдар аралығында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жылдық тауарайналымының көлемі 362,4 млн доллардан 1, 058 млрд долларға дейін өсті. ҚР экономика министрлігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы 9 ай ішінде экспорт 277,6 млн доллар, импорт – 352,9 млн долларды құраған болатын. Бұл ретте 2012 жылмен  салыстырғанда екі ел арасындағы тауарайналымы 36,3 млн долларға өскен. 2013 жылы алты ай ішінде Қазақстаннан инвестициялар негізінен қаржы (51,5%) қызметі мен сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолданыстар заттарының (20,4%), тау-кен өнеркәсібінің (15,5%) саласына бағытталды. 2014 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанның Қырғызстан экономикасына салған инвестиция көлемі 15,8 пайызға артқан болатын [7].

Қазіргі таңда, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастарда түбегейлі қайшылықтардың жоқтығынан, бұл екі ел бір-біріне сенімді және тең стратегиялық серіктестер болып табылады. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД және басқа халықаралық құрылымдар мен бірлестіктер шеңберіндегі өзекті мәселелер бойынша олардың ұстанымдары ұқсастығымен сипатталады. Екі мемлекет басшыларының шешімімен құрылған Жоғары мемлекетаралық кеңес, Үкіметаралық кеңес, Сыртқы істер министрлігінің кеңесі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, оны тереңдете түсуге атсалысуда. Қазіргі кезде екіжақты достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде.

Әрине жоғарыда аталып өткендей екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастарда, оның ішінде тауар айналымы мен инвестиция саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілгендігін көруге болады, соған қарамастан екі ел арасында әлі де біріге отырып шешетін мәселелер де жоқ емес.

Атап айтқанда су ресурстарын, энергетика, газ, көлік, ауылшаруашылық және экологиялық мәселелерде шешуде екіжақта түсініспеушіліккен, біріккен мәмлеге келе отырып шешетін болса, екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі артары сөзсіз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы – Алматы: ҒӨ Пбк «GAUHAR», 2002.-Б. 225-250
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – қазан, 2014 // akorda.kz [11.11.2014].
  3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында– Алматы, Атамұра, 1999. – Б.296.
  4. Тұрарұлы Т. Қазақстан мен Қырғыз Республикасының басшылары одақтастық қарым-қатынастар туралы келісімге қол қойды 2003. http://www.azattyg.org/article/1150761.html [12.06.2003].
  5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – қазан, 2014 // akorda.kz [ 11.11.2014].
  6. Мұқаш Е. Қазақстанның түркі елдермен ынтымақтастығы //«Астана Ақшамы» //http://www.astana-akshamy.kz/ p=4953 [25.11.2012].
  7. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің ресми сайты//http://www.kaz-emb.kg/index. php:id=506. [18.01.2014].

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.