Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары

Еуразиялық алқаптың оңтүстік жарты аралдарының бөліктерінен құралған, жағрапиялық жағынан өте жинақы. Үнді мұхитының аралдарымен түйісіп жатқан Оңтүстік Азия аймағы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде елеулі орынға ие. Жалпы Оңтүстік Азия аймағы – Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Бутан және Мальдива аралдарын біріктіреді.

Оңтүстік Азия мемлекеттері бірқатар ортақ мәдени-өркениеттілік құндылықтарына ие. Оңтүстік Азия елдері тағдырлас болып келеді, өйткені олардың өткен тарихы ағылшындық отарлау саясатын бастан кешірді. Бұл өз кезегінде олардың арасындағы байланыстылықты нығайта түскен болатын.

Аймақ елдерінің ішінде тек Үндістан мемлекеті ғана өзінің геостратегиялық орналасуына орай аймақтағы барлық елдермен құрлықаралық немесе теңізаралық шекараға ие екендігін білеміз. Сонымен бірге Үндістанның аймақтағы басымдылығына оның Оңтүстік Азия аумағының 73,4% алып жатқандығы, аймақ халқының 76,5% шоғырланғандығы, осы аймақта өндірілетін жалпы ұлттық өнімнің 80% жуығы тиесілі болуы куә [1]. Осы басымдылығы да Үндістан еліне бүкіл Оңтүстіказиялық аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өкілеттілік бергендей. Соның негізінде Үндістан елі аймақтағы өзінің басымдылық қалпын нығайта түсуге ұмтылуда.

Аймақтық өзекті мәселелер туындай қалса, үнді билігі сырт күштердің, әсіресе жетекші мемлекеттердің араласуына үзілдікесілді қарсылық танытумен келеді. Оның басты мәні, үнділік саясаткерлердің пікірінше, екіжақты қатынастарда туындайтын даулы мәселелерді шешу үшін оны халықаралық алаңға шығарып, сырт күштердің көмегіне сену, бейбіт саяси реттеуді, аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды тек шиеленістіре түседі. Ал Үндістан елінің көршілері сырт күштердің араласуынан ешқандай қауіп күтпейтіндіктерін білдіреді.

Жалпы аймақтағы көршілес мемлекеттердің ішкі саяси ахуалы олардың Үндістанмен қарым-қатынастарына елеулі әсер етуде. Егер Үндістанның Непал мен Бутан арасындағы қарымқатынастары әлдеқайда тұрақты болып келген болса, оның Бангладешпен қатынасын біргелкі болды деп айту қиын. Әрине, оның өзіндік себебі де жеткілікті. Бұл жерде, ең алдымен,Бангладеш еліндегі үкіметтің бірнеше рет әскери төңкерістің нәтижесінде аумалы-төкпелі болуында. Саяси ахуалдың тұрақсыздығы ішкі саяси жағдайды ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси бағдар мен бүкіл Оңтүстік Азиядағы халықаралық байланыстар жүйесін әбден ығыр етті.

Бангладеш мемлекетінің құрылуының өзі бұл аймақтағы аса маңызды оқиғалардың бірі болған еді, өйткені сол кездегі аймақ елдері арасындағы күштер арасалмағын түбегейлі өзгертті. Ең алдымен Пәкістан өз аумағының 141,2 мың шаршы км жерінен айрылды, халық саны жартысынан астамына қысқарды [2, 235-236 бб.]. Үндістан мемлекеті керісінше, өз тұғырын нығайта түсіп, жаңа одақтас таба отырып, аймақтағы қуатты да ірі елге айналды.

Баршаға белгілі сол кездегі тарихи үдеріске назар аударатын болсақ, 1947 жылы Британ Үндістанын бөлу барысында діни қағидаға сәйкес Бенгал аумағының батыс бөлігі Үндістанға өтсе, қалған шығыс бөлігі Пәкістанға қосылғанын білеміз. Бастапқы кезде шығыс бөліктің орталығы Дакка қаласы болып Шығыс Бенгалия, кейін Шығыс Пәкістан деп аталды. Тек Исламабад үкіметі тарапынан Шығыс Пәкістанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына енжар қарауы халық арасында наразылық тудырған еді. Бұл наразылық тоғыз айға созылған жантүршігерлік қырғынмен аяқталды. Шығыс шекарасындағы қырғынға бей-жай қарай алмаған Үндістан, өзінің басты қарсыласы – Исламабадты әлсірету мақсатында Шығыс Пәкістандағы жергілікті күштерге қолдау көрсеткен болатын. Үнді және бангладеш біріккен күштері 1971 жылы 16 желтоқсанда пәкстандық әскерлерді тізе бүктіре отырып тәуелсіздікке қол жеткізген еді.

Осылайша Бангладештің тәуелсіздік алуына Үндістан үлкен үлес қосты. Қазіргі кезеңде екі мемлекеттің ортақ шекарасы шамамен 4 мың шақырымнан астам ұзындықты құрайды. Дегенмен, Бангладештің тәуелсіздік алуына тікелей көмек бергеніне қарамастан, Үндістан Бангладешпен стратегиялық одақтастық орната алмады.

Қазіргі кезеңде екі мемлекеттің арасындағы жалпы қарым-қатынастар айтарлықтай қарамақайшылықтарымен сипатталады. Екі мемлекетті жалғап отырған төрт мың шақырымнан асатын ортақ шекараның әр ауданы тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап-ақ қайшылықтар мен даудамайларға толы деп айтсақ болады. Бұл екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери-саяси және мәдени-идеологиялық қатынастарға ең алдымен ықпал ететін факторларды топтастыратын болсақ, олар: ұлттық мүдделер, мәдени идеологиялық факторлар және экзогенді факторлар.

Яғни Үндістан мен олардың көрші елдеріндегі ішкі саяси өзгерістер, аумақтың ауқымы мен халық саны сияқты геосаяси факторлар, экономикалық факторлар, әлеуметтік құрылымдар, экономикалық даму деңгейі, экономикалық қатынастардың түрі, үнді капиталының экономикадағы орны, жалпы ұлттық өнімнің үлесі, халық табысының деңгейі, саяси жүйе, саяси мәдениет, тарихи, саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттердің ортақтастығы, көші-қон мәселесі және Үндістанның әскери  басымдылығы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарда маңызды рөлге ие.

Әрине, Үндістандағы ішкі саяси  өзгерістер  де өз кезегінде үндістандық бағдардың, саяси ұстанымның ауысуына әкелері хақ, тек көп жағдайда олар уақытша және тұғырнамалық сипатқа ие бола қоймайды. Дегенмен де, мұндай жағдай екіжақты қатынастардың аумақтық және шекаралық, діни-этникалық және көші-қондық мәселелерде, су көздерін бөлісуде, әскери басымдылық бағдарламаларына қатысты шиеленісе түсуінде көрініс табуда. Сонымен бірге екіжақты өзара қатынас жүйесіне мәдени-идеологиялық негіздегі қарама-қайшылығы да елеулі әсер етуде. Бангладеш халқы мен үнділік Батыс Бенгалия өңірінің халықтары арасындағы ұлттық-этникалық жақындылық діни әртектілікке (гетерогендікке) қарама-қайшы келеді. Алайда, ұлттық-этникалық жақындылық Бангладештің Үндістанмен мәдени байланыстарын нығайта түсу мүддесін айқындайды және ішкі саяси демократизациялау екі елді осы бағытта жақындата түсуге тиіс.

Алғашқы күннен бастап екіжақты қарым-қатынастардағы келесі өзекті де күрделі мәселелердің бірі – су мәселесі. Бангладеш Ганг өзенінің атырауында орналасқан мемлекет. Үндістан мен Бангладеш арасында ортақ 58 трансшекаралық өзендер бар. Осы себептен су көздерін пайдалану барысында екі мемлекет арасында жиі-жиі дау-дамай орын алуда. Оның үстіне Бангладеш аумағының басым бөлігі теңіз деңгейінен 12 метр төмен орналасқан [3]. Ғалымдардың пайымдауынша теңіз деңгейі бір метрге көтерілгеннің өзінде ел аумағының тең жартысы су астында қалады. Үндістан мен Бангладеш үкімет басшыларының 1972 жылы 19 наурыздағы алғашқы кездесуінің өзінде өзен жүйесін тыңғылықты зерттеу негізінде өзен суын бөлісу туралы тұрақты комиссия құру, су тасқынының алдын алуға қатысты әрекеттер туралы шешім қабылданған  болатын.  1975  жылы  18  сәуірде Ганга суын бөлісу туралы қысқа мерзімді келісім жасалынды [2, 242 б.]. Соның негізінде Фаракк су бөгетінің құрылысы жүзеге асты. Тек Фаракк суқоймасының және Ганга өзенінің мәселесі тіпті шиеленісе түсті. Бангладеш үкіметі Фаракк суқоймасынан және Ганга ағысының жоғарғы арнасынан су алу мәселесі олардың рұқсатымен ғана жүзеге асуға тиіс деген талаптар қоя бастады. БҰҰ-ға бағыттаған меморандумда Бангаладеш өкілдері Үндістанды Ганга суын тек өздері ғана пайдалануда деп айыптаған болатын. Бұл мәселе тез арада шешілмесе, аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қатер туатындығын ескертеді. Үндістан екі елге де тиімді шешім табу мақсатында бұл мәселені тікелей екіжақты келіссөздер арқылы шешуді ұсынады. Тек екіжақты келіссөздерде ешқандай ымыраға келе алмады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Бангладеш алғаш рет Үндістанға қарсы шықты. Дегенмен де, екі тараптың өкілдері су мәселесін Бас Ассамблеяның күн тәртібінен алғызып өзара келіссөздер жүргізуге келіседі.

Біртіндеп екіжақты қарым-қатынастар өз арнасына түсе бастаған еді. Дели қаласында 1976 жылы қаңтарда екі ел сауда хаттамасына қол қояды. Дегенмен де, шешімін іздеген өзекті мәселелер қатары әлі де жеткілікті болды. Бангладешті су мәселесі толғандырған болса, Үндістанды бангладештіктер тарапынан кең етек алған заңсыз көші-қон мәселесі алаңдатты. Соған орай Үндістан үкіметі Ассам өңіріндегі шекараны жабуды ұйғарды. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы шекара мәселесін ушықтыра түсті. Жергілікті шекара қолбасшылары шиеленісті бәсеңдету мақсатында тіпті қарулы күштердің санын қысқартуға дейін барған болатын.

Шекара арқылы Үндістаннан Бангладешке ірі қара мал, азық-түлік және есірткі тасымалы контрабандалық жолмен ағыла бастады. Үндістанда жұмыс табу мақсатында мыңдаған бангладештіктер шекараны заңсыз қиып өтуге мәжбүр болды. Заңсыз шекара бұзушыларды тоқтату мақсатында үнді шекарашылары ескертіп оқ атады. Осы себептен жыл сайын үнді әскерилерінің қолынан Бангладештің жүздеген азаматтары қаза тапты. Бұл үдеріс толастамады.

2001 жылдың 16-20 сәуір аралығында Үндістан мен Бангладеш арасында шекаралық қақтығыс орын алды. Үнді қарулы күштерінің даулы ауданда қамал салуы әскери қақтығыстың басталуына тікелей түрткі болғанды. Төрт күнге созылған әскери қақтығыс барысында тараптар зымыранды, мина атқыштарын, ауыр пулеметтерді  қолданды.  Осының  салдарынан  16  үнді шекарашысы, үш бангладеш әскери адамы қаза тапты. Қақтығыс салдарынан 10 мыңнан астам Бангладеш азаматтары, 1000-нан астам үнділер өз тұрғылықты жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың барлығы босқынға айналды [4]. Дегенмен, шекаралық жанжал ауқымды мемлекетаралық соғысқа ұласа қоймады. Жанжал екі мемлекет басшыларының жоғарғы деңгейдегі кездесуі барысында ретке келтірілді. Тараптар ауқымды қарулы қақтығысқа бар ешкімнің мүддесіне жауап бермейтінін алға тартты. Екі мемлекет басшылары үшінші Үнді-Пәкістан соғысы барысында стратегиялық одақтас болғанын алға тартып, содан бері достастық байланыстарды үзген емес деп мәлімдеді. Сонда да, бұл қақтығыс Үндістан  мен  Бангладеш  арасындағы қатынастарға айтарлықтай іріткі салып, сызат түсірді.

Бангладеш үкіметі үнді шекарашыларын бірнеше мәрте Бангладештің бақылауындағы аумақтарға басып кіруіне және осы аумақтарда тұратын бангладештіктерге қарсы оқ атқандарына байланысты айып таққан болатын. Үндістан тарапы болса мұндай айыптаулардың еш негізсіз екенін алға тартып, Бангладеш азаматтарының заңсыз шекараны қиып өту әрекеттерін тоқтату мақсатында шекара бойымен кедергі шептерін сала бастады. Кейінгі кездерде де шекара бұзушылық екі тараптан да байқалып қалады. Үндістан жағы лаңкестік топтардан, экстремистерден, заңсыз көші-қоннан қорғану мақсатында шекара бойындағы сым темірден бекініс құрылыстарын жалғастыруда. Бангладеш тарабы болса Батыс Трипуредегі Бамутия өңіріндегі «нөлдік шепке» жақын маңда мұндай құрылыстарды жүргізуге өз қарсылығын білдіріп, жұмысшыларға қарсы оқ жаудырған. Сонымен бірге Бангладеш Қарулы әуе күштерінің тік ұшағы осы аумақтың әуе кеңістігін бұзып, Үндістанның ішкері ауданына 2 км еніп кетіп, жарты сағаттай болып қайтқан. Мұндай сәтте екіжақты қатынастарды реттеуге екі елдің сыртқы саяси мекемелері іске қосылады. Әрине, екі елдің байланысын шекарадағы оқиғалар тек тежей түсетіні анық.

Үндістанның шекаралық әскерлерінің қолбасшылығы 2008 жылы тамызда өткізген баспасөз-мәслихаты барысында жыл басынан бері шекараны заңсыз қиып өту барысында 59 адамның өлгенін атап өтті. Оның 34 бангладештіктер, 21 үнділер, қалғандары белгісіздер деп мәлімдеді [5].

2010 жылы Бангладеш бұқаралық ақпарат құралдары үнді әскерилерін 8-15 жас аралығындағы 5 бангладеш балаларын ұрлағаны үшін айыптады. Балалар Үндістанмен шекаралас ауданда балық аулап жүрген жерінен ұрланған  деп айтылды. 2010 жылы «Хьюман Райтс Уотч» ұйымы жариялаған 81 беттен тұратын ауқымды баяндамада үнді шекарашылары тарапынан жасалынған ағаттық істер толық әшкереленді. Баяндама ауқымды ізденістер мен зерттеу жұмыстары негізінде жасалынды. Тексеріс барысында ұйым өкілдері үнділердің тарапынан жапа шеккендер, куәгерлер, бангладеш шекарашылары арасында сауалнама жүргізді. Баяндамада ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында Үндістанға өту барысында 900-ден астам бангладештіктердің үнді әскерилерінің қолынан қаза тапқаны баса аталып өтеді. «Хьюман Райтс Уотч» ұйымының мәлімдеуінше олар негізінен шекара аумағында мал бағу немесе балық аулау кезінде, кейбіреулері контрабанда барысында, екіншілері үнді шекарашыларының жөнсіз оқ атуы салдарынан жер жастанған [6].

Аса күрделі қарама-қайшылықтарға қарамастан, Нью-Дели мен Дакка өз араларындағы келіспеушіліктерді шешуге күш салуда. 2011 жылы қыркүйекте Үндістан мен Бангладеш шекаралық дауларды түбегейлі шешу мақсатында шекараны демаркациялау жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес Үндістан Тин Бингх дәлізін Бангладеш азаматтары үшін еш кедергісіз өту үшін белгісіз мерзімге пайдалануға берді. Тин Бингх дәлізі Бангладеш аумағы мен Дахаграм-Ангарпота анклавын жалғастыратын үнділік аумақ болып табылады. Бұл аумақты Бангладешке біржолата берген жағдайда, онда үнділік Мекхлингандж елді мекені анклав күйіне түседі. Сол себепті бұл мәселенің де шешімі өте күрделі. Дегенмен, келісім бойынша тараптар анклавтармен алмасты, оның негізінде 51 мың адам өз тұрғылықты жерлерінен көшірілді. Шамамен 111 үнді анклавы Бангладешке, ал Бангладеш тарапы 51 анклавты Үндістанға беруге келісті [7]. Ал екі ел арасында соңғы 30 жыл көлемін-

де аумақтық дау-дамайдың нысанына айналған Бенгал шығанағындағы ұзындығы 3,5 км, ал ені 3 км жуық болатын елсіз арал, үнділер оны НьюМур-Айленд деп атап кеткен болса, Бангладеш Саут-Тальпатти-Айленд деп атаған аралы ешкімге де тимей қалды. Бұл аралдың мәселесін адамдар өзара шеше алмағандықтан ба, төрелігін табиғаттың өзі шешіп, мұхит суы басып кетті. Ия, мұхит деңгейінің көтерілуі екі ел арасындағы басқа да даулы аумақтарды бұған дейін де басып қалу  арқылы  шешімін  табиғаттың өзіне берген еді. 1996 жылы су астына Лохачара аралы кеткен болса, Гхорамараның ауқымды бөлігі де мұхит астында қалған еді. Мұндай қауіп әлі де он аралға төнуде. Олардың барлығы да Үндістан мен Бангладеш арасындағы шекаралық өңірдегі Ганг пен Брахмапутра өзендерінің сағасында орналасқан. Жағдай осы арнада өрбитін болса, екі елдің бөлісетін даулы аумағы да қалмас. Халық саны 160 млн жеткен Бангладеш елі үшін бұл үлкен қасірет. Жерінен айырылған тұрғындар босқынға айналатына сөзсіз, олай болса жан сауғалап тағы да Үндістан асуға талпынады. Бұл өз кезегінде екі елдің қарым-қатынасына жағымсыз ықпал етері ықтимал.

Дегенмен де, соңғы кездердегі Үндістан мен Бангладеш арасындағы байланыстар оңтайла-  на бастағандай. Тіпті екі мемлекет әскерилері бірігіп әскери жаттығулар өткізе бастады. 2011 жылы 9 қазанда үнді және бангладеш әскерилері Силхетте біріккен бірігіп әскери жаттығулар ұйымдастырды [8].

Екі мемлекет сауда-экономикалық қатынастарды да бір ретке келтіруге күш салуда. 2013 жылы  қазандағы  келісімге  сәйкес   Үндістан  35 жыл бойы Бангладешке күніне 500 мегават электрэнергиясын жеткізуге келісті [9]. Осындай оң өзгерістер екі мемлекет арасында сындарлы қарым-қатынастардың орнауына түрткі болды. Тіпті екі мемлекет азаматтарының бір-біріне деген көзқарастары да айтарлықтай өзгеруде.

Үнді-бангладештік қор мен Дакк университетінің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижесінде 2014 жылы 14 қарашада «Жоғары комиссарларының алғашқы үнді-бангладештік саммиті – 2014» Дакк қаласында өткен болатын [10]. Саммит Үндістан мен Бангладеш арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту шеңберінде өткізілді. Саммит барысында «Дакк декларациясы» қабылданды.

Екі елдің ендігі кезеңді ынтымақтастық аясында дамытуға бет алысы құптарлық жайт. Мемлекеттер арасындағы бір-біріне деген сенімсіздікті, күмәнділікті шетке ығыстырып, жалпы аймақ халқының ынтымақтастығын нығайту мақсатында Оңтүстік Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастық қауымдастығының қызметін жаңа арнада жандандыра түсу қажет сияқты. Аймаққа тиесілі бүкіл өзекті мәселені бүкіл ел болып қауымдастық шеңберінде шешу, әлдеқайда тиімді болары сөзсіз.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Современные международные отношения. Учебник. Под ред. А.В.Торкунова. – М., РОССПЭН, – С.375.
  2. Датт В.П. Внешняя политика Индии. – М.: Прогресс, 2012. – 440 с.
  3. Новейший справочник. Все страны мира. Под ред.А.Г.Голованева. – М.: Альта-принт, 2005. – С.41.
  4. Misconceiving Asia. New Left Review. September–October, -2009. – № 59. – P. 138-144.
  5. Лунев С. Внешняя политика Индии и воздействие на нее внутренних факторов // –М.: Вестник МГИМО, –
  6. №1. – С.8.
  7. India/Bangladesh: Indiscriminate Killings, Abuse by Border Officers. Human Rights Watch.// http://www.hrw.org/ru/ news/2010/12/06/indiabangladesh-indiscriminate-killings-abuse-border-officers. (09.12.2010).
  8. Mukhopadhyay S. India-Bangladesh sign pact on border demarcation, CNN-IBN// http:// in.com/news/indiabangladesh-sign-pact-on-border-demarcation/181937-3.html(07.09.2011).
  9. Bangladesh-India joint military exercise   Zee  News//http://en.wikipedia.  org/  wiki  /Bangladesh-India_rela-  tions (29.10. 2011).
  10. India-Bangladesh power transmission link Indian Express.// http://www.huffingtonpost.com/2014/11/01/power-blackout-bangladesh_n_6086
  11. Индийско-бангладешский саммит верховных комиссаров// http://www.facebook.cjm/PeoplesDemandBD2 (18.11.2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.