Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық Одақ және Қазақстан Республикасы

XX ғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өз нарығын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді ықпал ету мақсатында түрлі саладағы бірлестіктер пайда болды. Осы мақсатта Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.

Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілестік және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген. Әйтсе де, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазіргі еуразиялық интеграция идеясы – көршілес мемлекеттердің экономикалық ықпалдастығын белсенді түрде одан әрі кеңейтудің «практикалық нұсқауы» болып отыр.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі посткеңестік елдердің алғашқы интеграциялық талпынысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрудан басталды. Н. Назарбаев Орта Азия мемлекеттерінің көшбасшыларының қолдауымен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің кездесуін Алматыда өткізуді ұсынды. ТМД құру туралы Декларацияға 9 республика қол қойды. Кейінірек оған басқалары да қосылды. Бұл жағдайды геосаяси жеңіс деп қарастыруға болады. «Бірақ оны әсерлеп суреттеуге ерте еді, себебі үздіксіз қызмет ететін координациялық қызметті құру сияқты қарапайым мәселелер туралы келісудің өзі ТМД мүшелері үшін оңай емес екенін алғашқы кезден-ақ байқалды»-деп Елбасымыз атап өткен болатын [1].

Егемен мемлекеттердің тек ТМД шеңберінде ғана дамуы олардың экономикадан басқа, саясат, ғылым, мәдениет, білім беру сияқты көп салаларда бөлектеніп кететінін байқауға тура келеді. Оған себеп көп, соның ішінде интеграция түсінігіне деген нашар көзқарас, кез келген интеграциялық бастама егемендікке қауіп деп қабылданғандығы болды. Достастық мемлекеттерінің кейбірінің саяси қақтығысулары, Батыс және Шығыспен мемлекетаралық экономикалық одақтар құруға жедел ұмтылу, шетел көмегінен үміттену, біріккен потенциалдың ондаған жылдар бойы қалыптасуы секілді фактылер де ықпал еткен болытын.

Н. Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын алғаш рет 1994 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессороқытушылар құрамының жиналысында сөз еткен болатын. Еуразиялық Одақ идеясын ұсынғаннан бері ол мәселені ілгері жылжыту оңайға түскен жоқ. Көп сындар болды. Әлемдік жағдай талап етіп отырған өзгерістер тәуелсіз елдерді Еуразиялық Одаққа жетеледі. Бұл одақ болашақтың интеграциясы. XXI ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес. Н. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру туралы ұсынысының мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру болып табылады. Еуразиялық интеграция-бұл мүмкін болатын геосаяси апаттар мен әлеуметтік-саяси шұғыл өзгерістерден кепілдік.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін – жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағы қиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі» жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8 маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы  екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әрі қалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен».

Еуразиялық Одақ идеясы дегеніміз ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін, және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы болып табылады. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. ТМД-ның оңтүстік шекаралардың тұрақсыздық жағдайында Еуразиялық Одақ құрылуы одаққа мүше барлық елдердің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі бола алады. Прогресшіл күштер бірлігінің идеялық және практикалық негізі Қазақстан   Республикасы Президентінің ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын кұру туралы жобасы» болып табылады. Жоба ТМД-да болып жатқан үрдістерге сәйкес келеді және халықтардың интеграциясына бағытталады.

Жобаның басым бағыты – прагматикалық өзара тиімді экономикалық бірлесу. Бірақ, осы жағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, Еуропалық Одақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет деп санайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор, инвестициялық банк т.б.

Еуразиялық Одақ ең алдымен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамында болып бір-бірімен саяси-экономикалық және әлеуметтік жағынан жақын тұрған халықтардағы сол тарихи сабақтастығының игі жақтарын үзіп алмай қайта жалғастыру, оны одан әрі дамыту идеясы болып табылады. Сондықтан бұл идея «бұрынғы одақты» аңсау емес, Еуразиялық Одақтың басты мақсаты осы территориядағы елдердің интеграцияға деген қажеттіліктерін, интеграцияға жол ашып беріп тұрған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуропалық Одақ үлгісіндегідей өзара ынтымақтастықты арттыру.

Қазақстан Президенті Мәскеудегі сапарында Еуразиялық Одақтың маңыздылығы мен ТМД жағдайына қатысты берген сұхбатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қызметі жалғасатындығын, бірақ біз бір-бірімізден алшақтап бара жатқандығымызды айтқан болатын.

Еуразиялық Одақ жобасы бойынша, ұлттық референдум өткізу нәтижесінде немесе мемлекеттердің Еуразиялық Одаққа кіруі туралы парламенттердің шешімімен құрылуы мүмкін деген болжамдар жасалынған болатын. Н.Ә. Назарбаев сол кездегі саяси жағдайды жақсы түсінгендіктен Еуразиялық Одақ жобасының барлық мәселелері Еуразия одағының шеңберінде бәрі бірдей іске асырылады деп сендірген жоқ. Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ол былай дейді: «Менде екі түсінік болды. Біріншісі, кеңестен қалған аймақтағы елдерде интеграцияның әрі қарай дамуы мақсатындағы нақты ұсыныстарды біртұтас етіп тарату, екіншісі, ТМД институттары қызметінің ұзақ созылған үзілісін тоқтату. Меніңше, екі мақсатымды да іске асырдым, – деп ойлаймын. Еуразия Одағын құру жобасының ұсынылуы көпшілік ақпарат құралдарында үлкен толқын тудырды, Достастық елдерінің, сондай-ақ алыс шетелдердің ғылыми топтарында пікір алысулар және конференциялар көп болды» [2].

Алғашқы  пікірлерден  кейін  және   оларға талдау жасалғаннан кейін Еуразиялық Одақ құрудың жобасының соңғы варианты дайындалды. Ол достастық мемлекеттерінің басшыларына жіберілді, БҰҰ таратылды, 1994 жылы қазанда Мәскеудегі ТМД мемлекеттерінің басшыларының саммитінің күн төртібіне енгізілді. Саммиттің қаулысында былай деп жариялан-  ды: «Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Н.Ә. Назарбаев ұсынысын терең және жете зерттеп, Достастық тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Кеңесі шешімі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасы назарға алынсын, тәуелсіз мемлекеттер Достастығында интеграциялық  процесті тереңдету үшін Қазақстан республикасының ұсынысында көрсетілген негізгі идеялары пайдаланылсын» [3].

Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі – оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдында тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық процестердің қарымқатынасын орната алады» [4].

ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. 2000 жылдың 10 қазанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекет басшылары Астана қаласындағы кездесуінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру  жөнінде-  гі келісімге қол қойды. Бұл шартта Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық  кеңістік  жөніндегі келісімдерде айқындалған өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық жолындағы мақсаттар мен міндеттерге жету тұжырымдамасының негіздері қаланды. Қол жеткізген келісімдерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық құралдары, қабылданған шешімдер мен тараптар жауапкершілігін бақылау жүйесі қалыптасты.

2001-2002 жылдар Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасының дамуының жаңа кезеңі болды, онда мәдениет пен өркениеттің диалогының «ғаламдық» тақырыбы өзінің орнын алды. Қазақстан Президенті І Еуразиялық медиа-форумды аша отырып «Біз Батыс пенен Шығыстың бір-бірімен кездесуге деген қозғалысында ғана емес, сондай-ақ, осы уақытта және осы құрлықта ашықтықтың жаңа философиялық негізін және өркениеттің ынтымағында қалыптастыруда бізге байланыстының бәрін жасауымыз тиіс» екендігін айтты. Саяси жағынан 2001-2002 жылдары Қазақстан мен Ресейдің арқасында тек қана «азияттық» емес, шын мәнінде «еуразиялық» бірлестік болған ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық құрылымдардың іс-әрекеттерінің басталуының маңызды мәні болды.

2004 жылы Еуразиялық бастаманың 10 жылдығында Н.Ә. Назарбаев өз қорытындысын жасады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде екі мәрте өткен халықаралық ғылыми форумда сөз сөйледі (2 сәуірде–«Еуразиялық: идеядан практикаға» атты ғылыми конференцияда және 19 маусымда – «Еуразиялық ықпалдастық: қазіргі даму бағыттары және ғаламданудың шақыруы» атты форумда). Форумда айтқан сөзінде Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық одақ жобасының экономикалық тұрғыда тиімділігі мен ықпалдасу деңгейін арттыратындығын, сонымен бірге одақтың ұлттық егемендікке қатері болмайтынын баяндаған болатын.

Үш тәжірибелік ұйым – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ – бұл болашақ еуразиялықтың үш құраушысы. Мен бұл мекемелер болашақта бірігеді және ақыр соңында үлкен Еуразиялық идея, Еуразиялық құрлықтың бірлігі жеңіске жетеді деп ойлаймын. Бірақ бұл идеяға рухани, ғылыми негіз қажет. Және оның рухани астанасы, Еуразияның  жүрегі  Астана  қаласы  болуы мүмкін.

«Қазақстанның болашағы – Азияда да, Еуропада да, Батыста да, Шығыста да, ғаламдық Солтүстікте де, Оңтүстікте де. Мұндай бағыт орасан зор мүмкіншілік береді» деп атап өтті [5].

2008-2009 жылдары – Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық тұжырымының дамуының келесі кезеңдері болды. Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша «Еуропаға жол» бағдарламасы қабылданды. 2008 жылы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісінде өткен «Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыс диалогы» атты үлкен халықаралық ғылыми конференцияның ғылыми қауымдастықта аса зор жаңғырыққа ие болды. Өзінің ықпалдастық бастамасында Қазақстан Президенті тек қана ТМД елдеріне көңіл аудармайды. 2008 жылы маусымда, Азия аймағында бірінші рет Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясында Н.Ә. Назарбаев «Еуропалық одақ қағидасы бойынша» қалыптасатын Еуразиялық одақ идеясын тағы да дамытты. Және мұндай одақтың орталығы Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан қала Астана бола алады деп атап өткен болатын. Шындығында сөз ЕврАзЭҚ Кедендік одағының негізінде «Еуразиялық Экономикалық одақты» құру жөнінде жүрді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт қағидалы мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы. Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі. Елбасының: «Менің Еуразиялық одақ туралы идеям ұлтаралық, мемлекетаралық мәселелер мен қайшылықтарды өркениетті түрде шешуді ұсынады. Халықтар интеграциясы саяси тәуелсіздігі мен этникалық біртұтастығын сақтау арқылы қазіргі заманғы мемлекеттілігі шын мәнінде еуразиялық кеңістіктің бейбіт дамуының саналы және өркениетті формуласы» деген сөзі бар [6].

Жалпы ЕурАзЭҚ пен БЭК мақсаттары мен міндеттері өзара байланысты: ол жалпы рынок пен біртұтас экономикалық кеңістік құру. Негізінен Біртұтас экономикалық кеңістік Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үш мемлекеті Қазақстан, Ресей және Белорусьтің экономикалық ықпалдастық жөніндегі ортақ жобасы. Бұл ұйымды құру жөніндегі бастамалар 2003 жылдың 23 ақпанында қалыптаса бастаса, 19 қыркүйекте келісімге қол қойылды. Бүгінде бұл кеңістікке енуге Қырғызстан, Украина, Абхазия және Армения ниет білдіріп отыр.

Елбасы назарында Еуропалық аймақтар-  мен қатар, Азиялық стратегиялық жоспарлар да басым көрінеді. Тәуелсіздіктің 23 жыл ішінде Азия аймағындағы біршама саяси экономикалық идеялар іс жүзіне асты.

Осы жылдар арасында ұйымның халықаралық дәрежедегі орны мен рөлі жоғарылады. Үш жылдың өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесін иеленді. 2010 жылдың желтоқсанында Кеден одағының құрылуынан кейін Мәскеу қаласында өткен ұйым саммитінде Біртұтас экономикалық кеңістік базасы шеңберінде Белорусь, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық Одақ құру туралы келісімге қол жеткізілді [7].

ЕурАзЭҚ негізгі міндеттері: 1) еркін сауда тәртібі көлемін ресімдеуді аяқтау, жалпы кедендік тариф қалыптастыру және реттеу; 2) капитал қозғалысы еркіндігін қамтамасыз ету; 3) жалпы қаржылық нарық қалыптастыру; 4) ұйым шеңберінде ортақ валютаға өту принциптері мен шарттары бойынша мәмілеге келу; 5) кедендік реттеудің бірыңғайланған жүйесін құру; 6) мемлекетаралық арнаулы бағдарламалар дайындау және жүзеге асыру; 7) жалпы энергетикалық нарық қалыптастыру; қауымдастық мемлекеттері азаматтарына оның барлық территориясында білім алу мен медициналық көмекте теңдей құқық беру; 9) ұлттық заңнамаларды жақындастыру және үндестіру және т. б.

2011 жылдың 1 шілдесінен Ресей, Қазақстан және Беларусьтің ішкі шекараларынан кедендік бақылау алынып, кедендік бақылау мен тіркеудің барлық түрі кедендік белдеудің сыртына шығарылды. Осылайша, Кеден одағы әлемдік өлшемдерге сай: ортақ кедендік территория, ортақ кедендік тариф және Кеден кодексімен іске кірісіп, онда посткеңестік аумақтағы тұңғыш ұлттықтан жоғары орган – Кеден одағы комиссиясы (КТС) жұмысын бастады.

2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастайды.

БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіпорындарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға және оларды дамудың инновациялық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды [8].

Жоғарыда көрсетілген кезеңдерден өте келе 2014 жылдың мамырында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың қорытынды нұсқасына қол қойылды. Ол өз кезегінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, қарқынды жұмысын бастап кетті.

Егер Еуразия Одағы жобасынан Қазақстанның көздеп отырған мүддесі қандай деген сауал туындаса оған алдымен Қазақстан Республикасы Еуразия аймағындағы, жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді  пайдалана  білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгінде осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастады. Келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны ұлғая түседі деп айта аламыз.

Кедендік одақ құрылғалы бері, Қазақстанның серіктес елдерге жөнелткен экспорт көлемі 62,7%-ға артты, оның ішінде өңделген тауарлар үлесі жалпы экспорт көлемінің 44%-нан 54%-ға ұлғайды. Еуразиялық ықпалдастық барысы Қазақстан экономикасының екінші тынысын ашты.

«Кедендік одақ құрылғаннан бері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне құйылған инвестиция көлемі 2009 жылғы 1,8 млрд доллардан 2012 жылы 3,4 млрд долларға, шамамен екі есеге артты. Оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 34%-ға артып, 28 млрд долларды құрады. Сауда-саттыққа келетін болсақ, Қазақстанның Ресеймен Беларусь арасындағы тауар айналымы 24 млрд доллардан асты. Жалпы, 2009 жылдан бері бүгінгі күнге дейін серіктес елдермен арадағы тауар айналымы 88,3%-ға өскен. 2010 мен 2013 жылдар арасында тауар айналымы өсімінің орташа жылдық қарқыны 18,4%-ды құрады. Еуразиялық Экономикалық одақ аясында Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінiң  зейнетақы жүйелерiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында зейнетақымен қамсыздандыру тұжырымдамасы жасалады. Бiздiң азаматтарымыз еркiн түрде бiр елден екiншi елге қоныс аударған кезде зейнетақы салымдарын жоғалтпайды. Бұл мәселелердiң барлығы ең алдымен зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы тұжырымдаманы жасағаннан кейiн келiсiмшарт дайындау арқылы шешiледi. Әзiрге мұндай құжаттар жоқ, дегенмен ол туралы келiсiм жасалды. Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуы біздің азаматтарымыз, тұтынушыларымыз үшін тиімді болары сөзсіз. Біріншіден, ірі ортақ нарықтағы экономиканың өсімі есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады. Екіншіден, біздің елдеріміз арасында өнімдерді өзара жеткізу көлемі артады, яғни біз өнімдердің кең нарығына қол жеткізетін боламыз. Үшіншіден, тұтынушылар құқығын қорғау жүйесі айқындала түсіп, сапасыз, контрафактілік немесе адам өмірі үшін қауіпті өнімдермен күрес күшейеді. Осындай түрлі жайттар келісімде қарастырылған.

Одаққа енетін елдердің бірінде жұмыс істегісі келетін азаматтар мәселесінде, бүгінде еңбек мигранттарын жұмысқа тартуда ешбір квота жоқ. Егер де өзге елден жұмыс күшін тарту квоталар арқылы реттелетін болса, ықпалдасу аясында мұндай шектеулер болмайды. Еркін түрде қалаған елге барып, тіркелгеннен кейін жұмыс істей беруге болады. Бұған қоса, миграциялық саясат бойынша тіркеу үдерістеріне сәйкес, қандайда бір елге келгеннен кейін 5 күннің ішінде кез келген шетел азаматы ішкі істер органдарына барып тіркелуі тиіс. Бұл мерзім 30 күнге дейін ұзартылды. Бұл бизнесмендер үшін де, еңбек мигранттары үшін де өте қолайлы болып табылады. Тағы бір айта кететін мәселе, Ресей Федерациясындағы шетелдік жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы өз азаматтарына қарағанда айтарлықтай жоғары. Қазіргі кезде Ресей, Қазақстан мен Беларусь елдері үшін ЖТС салығы бірдей болатын келісімге қол жеткізілді. Ресейде жұмыс істейтін біздің азаматтарымыз ЖТС бойынша шектелмейтін болады және оны РФ азаматтарымен тең көлемде төлейді [9]. Сонымен қатар, Еуразиялық Экономикалық одақ аясында бiлiм беру туралы дипломдарды мойындау мәселесiнде де оң өзгерістер болады. Бүгiнгi күнi орта бiлiм, жоғары бiлiм туралы дипломдар растау рәсiмдерiн қажет етедi. Бiздiң елiмiзде жұмысқа орналасқысы келген азамат өз дипломын растауы қажет. Ол нострификация немесе басқа рәсiмдер арқылы жүргiзiледi. Бұл талапты болашақта алып тастау жөнiнде келiсiм жасалынды. Яғни, Ресей немесе Беларусь елiнде бiлiм алған азамат Қазақстанда жұмысқа орналасқан кезде дипломын растау рәсiмдерiнен өткізудi ешкiм талап етпейді. Сондай-ақ, бiздiң ҚазҰУ, ҚарМУ өзге де Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының дипломдары Ресей Федерациясында ММУ, басқа да ЖОО дипломдарымен тең дәрежеде мойындалады.

Еуразиялық Одақ идеясының пайда болуынан бастап, алғашқы қадам жасалынғанға дейін көптеген шаралар жүргізілді. Ынтымақтастықты күшейту жоспары кенеттен пайда болған жоқ. Н. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ жобасын құруына Батыс Еуропа тәжірибесі сабақ болды.

Еуразиялық Одақ жобасын дайындау үстінде Достастық елдердегі қоғамдық-саяси және әлеументтік-экономикалық даму сатыларынан асқан дәлдікпен жасалған таңдаулар, тәуелсіз жас мемлекеттердің заң шығарушы негіздерін мұқият зерттеу, сондай-ақ ТМД мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қабылдаған, бірақ заңдық күшіне енбей қалған құжаттардың заңдық сараптары пайдаланылды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған мемлекеттердің жаңа құрылымын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, олардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін жаңа сапалы интеграцияық бағытта күшейту бағдарламасы нақтылы саяси, экономикалық, тарихи және географиялық  жағдайларға  анық,  байланыстырылған еді.

Осы жерде Елбасының мына сөзіне көңіл бөлуге болады. Ол «немістер мен ағылшындарды соғыстан кейін тілдік тосқауыл ғана бөліп қойған жоқ, оларды тағы да бір-бірлерін жеккөрушілік, тіпті майдан шебінде қарама-қарсы окоптарда отырғанда қалыптасқан ашықтан ашық жауласу бөліп қойған жоқ. Алайда кешегі жаулар бір-бірімен тіл табысып ерлік жасады ғой. Ал біз ондаған жылдар бойы бір елде бірге тұрып, бір-бірімізге сый-құрметпен қарап, орыс тілі арқылы еркін араласа отырып, Германия мен Ұлыбритания азаматтарынан біздің интеграциялық мүмкіндігіміз қалайша кем болады?» [10] – деген болатын.

Елбасы Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның бел ортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік рөлді атқарады». «Біз – еуразиялық елміз, өзіміздің тарихымыз, өзіміздің болашағымыз бар. Сондықтан да, біздің моделіміз басқалардың ешқайсысына ұқсамайды. Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді» [11] деп айтқаны, қазіргі кезде Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасындағы диалогты және өзара түсiнiстiкті жаһандық деңгейде нығайтуда зор үлес қосатынын көрсетеді. Бүгінде халықаралық қоғамдастық біздің елімізді жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде таныды.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. – Алматы: «Қазақстан» 1996. – С. 112-123.
  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости. – Алматы: «Қазақстан» 1996. – С. 112-123.
  3. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. – Алматы: «Өнер», 1996. – С.
  4. Сәбден. О. XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз. – Алматы: «Қазақстан», 1997. – 166 б.
  5. Назарбаев Н.Ә. «Central Asia Monitor» газетіне берген сұхбаты 2006 жыл, 26 қазан.
  6. Сыздықов С. Еуразия идеясы мен практикасы жаңа белесте // Егемен Қазақстан, 2010, 18 мамыр.
  7. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии – будущее, которое рождается сегодня // Известия, 2011,  3 октября.
  8. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства // Литер, 2011, 26 сентября.
  9. Еуразиялық экономикалық одақ құру турал шарт http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P
  10. Толмачев Г.И. Елбасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі повесть. – Алматы: «Дәуір», 2000. – 232-245 б.
  11. Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // Известия, 2011, 26 октября.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.