Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заң процесінің түсінігі, мазмұны және белгілері

Процесс философиялық ұғым ретінде, қандай да бір құбылыстың, қандай да бір даму барысының жағдайы, кезеңдерінің біртіндеп ауысу мағынасын береді [1]. Проф. В.Я. Кикотя, анықтамасы бойынша, процесс белгілі бір нәтижеге қол жеткізудегі дәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы, қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі» [2].

Процестердің төмендегідей түрлерін анықтауға болады: химиялық, биологиялық, әлеуметтік ж.т.б. Философияда өндірістік, шығармашылық, заң процестері ортақ түрде әлеуметтік процестер деп ерекшеленеді. Басқа да межелерді қолдана отырып, басқарылатын (ұйымдасқан) және жаппай (миграциялық, нарықтық) процестерді айқындауға болады.

1960 жж ортасына дейін фундаменталды құқықтық категория ретіндегі заң процестерінің мәні туралы ғылыми түсініктер сол кезеңдегі нақты заң процестері-азаматтық және қылмыстық іс жүргізу негізінде қалыптасты. Сондықтан да осы процестердің басты ерекшеліктері олардың юрисдикциялық сипаты: құқық туралы таластарды шешу (азаматтық іс-жүргізу) және мәжбүрлеу (қылмыстық іс жүргізу) алдыңғы орында тұрды. Азаматтық және қылмыстық іс жүргізудің мұндай түсінігі орынды, себебі қазіргі таңда ол азаматтық және құқықтық юрисдикция мақсаттары үшін арнайы құрылған орган ретіндегі соттың әлеуметтік бағытына байланысты [3].

1960 ж басында құқықтанушы-ғалымдардың процестің басқа да түрлеріне, ең алдымен әкімшілік іс- жүргізуге деген қызығушылықтары арта түсті, 1964 ж жарияланған, әкімшілік іс жүргізуге арналған, Н.Г. Салищеваның монографиялық еңбегі [4] В.Д. Сорокиннің пікірінше азаматтық және қылмыстық іс жүргізудің бейнесі ретінде болды [5]. Құқықтанудың дамуы барысында процесстің әкімшіліктен басқа да түрлерінің мәнін анықтау заң процессінің жалпы мәнін түсінуге жағдай тудырды. Академик В.П. Сальников ойынша, процесс – бұл мемлекеттік органдар жүйесінің қызметін білдіретін динамикалық түсінік [6]. Процестің негізгі ерекшелігі заң қызметін қарастыруда болып табылады. Сондықтан да, процестің нақты түрін мемлекеттің осы қызметі түрінің құқықтық көрінісі деп қарастыруға толық негіз бар.

Процестің құқықтық табиғаты оның әлеуметтік мәнінде, атап айтқанда құқықтың түрлі салаларының материалды нормаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуінде. Сондықтан да, процестің әрбір түрі, материалдық құқықтың нормаларын тәжірибеде іске асыру мақсаты бар тізбекті іс-әрекет жиынтығы болып табылады. Дегенмен, процестердің құқықтық табиғатын толық сипаттау үшін тек заң түріндегі мақсат жеткіліксіз. Іс-әрекеттің іс жүргізу тәртібі арнайы заң ережелері- құқықтың процессуалдық нормалары арқылы орнап, реттеледі.

Процесс - бұл, жүзеге асырылу барысында құқықтық қатынастардың өзіндік түрі- іс жүргізу қатынастарының пайда болуымен сипатталатын құбылыс. Осыған байланысты, азаматтық-іс жүргізу, қылмыстық-іс жүргізу және әкімшілік-іс-жүргізу (кейбір авторлар бойынша басқа да) қатынастары болып ажыратылады. Нақты ерекшеліктеріне қарамастан іс жүргізу құқықтық қатынастарының осы үш түрі де тиісті іс-жүргізу ережелерінің ықпалымен материалдық құқық нормаларының жүзеге асырылуына байланысты пайда болады [7].

Д.Х. Бахрах пікірінше, заң  процестерінің төмендегідей сипаты бар:

  • бұл саналы, мақсатты қызмет;
  • ол, жария билік субъектілерінің билік өкілеттілігін жүзеге асыруын білдіреді;
  • ол,белгілі бір заң нәтижелеріне жетуге, жеке-нақты істерді шешуге бағытталған [8];
  • ол құжаттандырылады: процестің аралық және соңғы нәтижелері ресми құжаттарда беріледі;
  • осы қызмет заң нормаларымен регламенттенеді [9].

Бұл әрине заң процесінің кең түсінігі, дегенмен Д.Х. Бахрах пікірінше, келісім-шарттық, іс жүргізу сияқты заң қызметінің кейбір түрлерін қамтымайды [10].

С.Н. Махина пайымдауынша, заң процесі – бұл:

  • заң негізінде қарастырылатын, заңның орындалуы үшін жүзеге асырылатын белгілі бір заң ісін қарастыру;
  • құқықтық нормалары бар операцияны орындау бойынша қызмет. Барлық билік- басқару қызметін жүзеге асыру барысында мемлекет органдары заңды басшылыққа алып қана қоймай, нақты заң істерін шешу үшін құқық нормаларының ұйғарымдарын пайдалануы қажет;
  • өкілетті мемлекет органдары және лауазымды тұлғалардың құқықтық қызметі. Басқару процесінің субъектілерінің қызметі, басқарудың құқықтық актілерін шығару, әкімшілік келісім-шарттарды жасау немесе маңызды заң әрекеттерін жасау арқылы жүзеге асырылады;
  • нәтижелері міндетті түрде тиісті іс жүргізу құжаттарында рәсімделетін қызмет. Бұл құжаттардың мазмұны және құрылымы заңнамамен бекітіледі;
  • процедуралық-іс жүргізуді регламенттеуді қажет ететін қызмет. Басқару іс-жүргізу қызметіне бір жағынан, басқару процесінің ұйымдастырушы-субъектілері қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін, екінші жағынан нәтижелеріне үміт артушы процесс қатысушыларына қолайлы жағдай жасайтын толық, жан-жақты регламент тән болу тиіс;
  • заң техникаларының әдістері мен құралдарын пайдалану қажеттілігіне тікелей байланысты қызмет [11]. И.В. Панова көзқарасы тұрғысынан, әлеуметтік прогресстің бір түрі ретіндегі заң процесі – бұл іс жүргізу түрінде жүргізілетін жария билік субъектілерінің нормативті-биліктік заңды қызметі, оның құрамына сот және басқа да процесстер кіреді. Оның пікірінше заң процесстерінің ерекшеліктері төмендегідей:

Біріншіден бұл қызмет биліктік сипатта. Мұнда мемлекеттік және муниципалды органдардың билік өкілеттілігі жүзеге асырылады.

Екіншіден, ол толық заңды іс-жүргізу нормаларымен регламенттенеді.

Үшіншіден, бұл белгілі бір заңды нәтижеге жетуге, заңды істерді шешуге бағытталған мақсатты, саналы қызмет, осыған байланысты ол, аралық және қорытынды ресми құжаттармен рәсімделеді.

Профессор В.И. Леушин заң процесстерін «жалпы және жеке сипаттағы заңды шешімдерді дайындаудан, қабылдаудан, құжаттаудан тұратын құзырлы мемлекеттік органдардың қызметін іс жүргізу нормаларымен реттейтін тәртіп» [12] деп анықтайды. Бұл анықтама Д.Х. Бахрах пікірінше, заң процестерін түсінудің түрлі әдістерін көрсетеді.

Біріншіден, бұл қызмет белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады. Тәртібі, процедуралары, іс жүргізу түрі- процестің басты түрі болғанымен, ол тек басты билік қызметін реттеудің әдісі ғана болып табылады.

Екіншіден, шешім қабылдау – іс жүргізу қызметінің құқықтық анықтамасы. Сайлау, заң шығару және басқа да процесстерде акт қабылдаумен осы процесс аяқталады немесе басқа процестің бастамасы болады. Дегенмен, бірқатар процесстерде (азаматтық, әкімшілік-юрисдикциялық ж.т.б.) қабылданған акт орындалуы тиіс.

Үшіншіден, муниципалдық құқықтың шығуына, төменгі мемлекеттік органдардың муниципалдық болып қайта құрылуына байланысты заң процесстерін жария билік субъектілерінің (мемлекеттік және муниципалдық) билік қызметі ретінде қарастыру дұрыс болады. Оның үстіне, билікке жатпайтын субъектілер де іс жүргізу қатынастарының қатысушылары болып табылады.

Әдебиеттерде, іс жүргізу биліктік өкілеттілікті жүзеге асырудың, заңды істердің шешімін табудың мақсатты әдістерін бекітетін заңды құрылымы екендігі сипатталады. Іс жүргізу қызметі бұл – заң процестерінің белгілеріне сәйкес іс жүргізу түрінде жүзеге асырылатын қызмет: бұл биліктік өкілеттілікті жүзеге асыру бойынша қызмет, заңды істердің шешімін табу бойынша қызмет (басқару актісін қабылдау, санкция қолдану.), іс жүргізу нормалармен регламенттелетін қызмет [13].

Процесс - юрисдикциялық қызмет деген түсініктің жақтастары басқа да құқықпен реттелетін қызметтерді процедуралар деп атайды. Бұл арада, осы түсініктердің ара-қатынасы қандай деген сұрақ туындайды. С.И. Ожеговтың «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» [14] «Процедура – іс-әрекеттің ресми тәртібі, орындалуы, талқылануы» деп беріледі. Процедура – заң процесіне қарағанда кең ұғымда: ол заңды істерді жүргізу кезінде де орын алуы мүмкін, бір мәртелік болуы да мүмкін. Д.Х. Бахрах пайымдауынша, заң процесі – іс жүргізудің жетілген түрі. Мемлекеттік қызмет процедурасы жалпы ережелермен, құқықтық нормалармен реттелу кезінде жетілген түр заң процесіне айналады. Жекелеген және бірқатар іс жүргізу нормаларының болуы ресми процедураны заң процесіне айналдырмайды. Санның сапаға айналуы тек, билік қызметін кең түрде регламенттейтін жүйелі іс жүргізу нормалары пайда болған кезде ғана жүреді. Осылайша, соңғы жылдары арбитражды, сайлау, заңнама процестері пайда болды.

Мемлекеттік билік субъектілерінің шешім қабылдау және оларды атқарудың реттелген процесіне  айналуы іс жүргізу нормаларының көмегімен жүзеге асырылады. Кең түрдегі іс жүргізу заңдары-заң процесінің басты белгісі. Ол билік қызметін толық регламенттеген сайын, іс-жүргізу барлық мемлекеттік және муниципалдық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін жағдай тудырып, алға жылжиды. Берілген тұжырымның бірнеше негізі бар.

Біріншіден, тиісті ережелер тиімді (заң шығару субъектілері көзқарасы тұрғысынан) жария билік қызметін іске асырудың технологияларын, олардың қызмет ету алгоритмдерін бекітеді.

Екіншіден, іс жүргізушілік биліктің өзін-өзі шектеуін білдіреді, билік процедураларын үйлестіруге жағдай жасайды, олардың жариялығын арттырады. Іс жүргізу заңдарының дамуы – бұл құқықтық мемлекеттің негізгі принципі биліктің құқыққа бағынуын жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі.

Үшіншіден, іс жүргізу нормалары мемлекеттік емес субъектілерді мәселенің шешілу тәртібімен таныстырады, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асырудың кепілдіктерін бекітеді. Әкімшілік ықпал ету объектілері іс жүргізу құқықтық қатынастар субъектілеріне айналады.

Процесті қарастыру барысында біз процестің барлық түрлеріне қатысты ортақ ерекшеліктерді жинақтаған күрделі және көпжақты құқықтық құбылысты байқаймыз. Оларды кеңірек қарастырып көрейік.

Алғаш рет заң категориялары ретіндегі процестің негізгі ерекшеліктерін В.Д. Сорокин тұжырымдаған. Оның тұжырымдамасында, процесс – айшықталған мемлекеттік –билік қызметі деп қарастырылады. Яғни, процесс – бұл мемлекеттік органдардың шешімдері, заңмен қарастырылған жеке және нормативті құқықтық актілер болып заңды түріне ие болуға көмектесетін қызмет. Бұл биліктің заң шығарушылық, атқарушы және сот тармақтарына бірдей қатысты. Процесті іске асыру ролін мемлекет және аймақтар деңгейінде мемлекеттік биліктің аталған тармақтары атқарады. Процесстердің барлық түрінің билік сипаты, заңды түрде айырмашылықтарды білдіреді, мысалы процесстердің іс жүргізу түрлерінің алуан түрлілігі, ұлттық құқықтың материалдық салаларының мұқтаждықтарын осы түрдің іс жүргізу нормаларымен заңды қамтамасыз етуінің аумағы мен сипаты ж.т.б. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы тармағының заңды түрі ретіндегі заң процесі конституциялық (мемлекеттік) құқықтың материалдық саласының шеңберінен шықпайды. Мұнда, заң шығарушы биліктің және оны жүзеге асырудың іс жүргізу түрлерінің ролі төмендетілмейді: бұл, заң шығарушы биліктің сипаты және әлеуметтік роліне байланысты.

Азаматтық және қылмыстық іс-жүргізу басқаша түрде. Олардың әрқайсысы сот төрелігінің билік сипатын өзінше айқындайды. Оны аталған процестердің түрлері ұлттық құқықтың барлық материалдық салаларындағы нормаларды жүзеге асыруға қатысуының өзі айқындап отыр. Азаматтық және қылмыстық  іс жүргізуді реттейтін нормалар, континенталды жүйенің барлық мемлекеттерінің ұлттық құқық жүйесіне кіретін жалпыға мәлім іс жүргізу салаларын білдіреді.

Әкімшілік іс жүргізу кең және тар мағынада, юрисдикциялық және басқару түрінде атқарушы биліктің іс жүргізу түрі болып табылады. Осылайша, заң процесінің барлық түрі мемлекеттік билік қызметінің қызметін білдіреді деп айтуға болады. Осы формуладан В.Д. Сорокин пікірінше, процестің барлық түрін сипаттау үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, мемлекеттік билік тармағының заңды түрі бола отырып, заң шығару, азаматтық іс-жүргізу, қылмыстық іс-жүргізу, әкімшілік іс-жүргізу мемлекеттік биліктің тиісті тармақтарының ерекшеліктерін толық түрде көрсетеді.

Екіншіден, әрбір процесстің өзіндік мемлекеттік билік тармағы бар. Сондықтан да, олардың шығу кезеңдеріне байланысты процестерді бір біріне ұқсастырып қалыптастыруға негіз жоқ.

Процестің негізгі ерекшелігі мазмұны, мақсаты және нәтижелері бойынша заңды болуында. Процестің және оның барлық түрінің жалпы құқықтық табиғаты ең алдымен оның заңды нәтижелерінен байқалады. Процесстің мәні- тиісті материалдық нормаға сәйкес және заң, қаулы, шешім, үкім, соттың ұйғарымы, атқарушы билік органының, оның лауазымды тұлғасының акті сияқты нақты заң актілері түрінде рәсімделген заңмен қарастырылған заңды нәтижеге қол жеткізу. Сондықтан да, барлық түрдегі процесстің мақсаты-ұлттық құқықтың материалдық нормаларының жүзеге асуын қамтамасыз ету, заңды нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Сонымен бірге, азаматтар, қоғам және мемлекет үшін маңыздылығына қарамастан, заңды нәтижесінің дәлелі процестің құқықтық табиғатын толық сипаттау үшін жеткіліксіз. Егер де процестің барлық түрі «мемлекет орнатқан немесе санкциялаған әлеуметтік ережелерді», яғни материалдық нормаларды іске асыру үшін бағытталса, ол тек заңды тәртіп қана бола алады, өйткені басқаша түрде материалдық құқықтық норманы іске асыру мүмкін емес.

Өзінің мазмұны және қызметінің нәтижелері бойынша заңды бола отырып, процесс, арнайы құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл реттеу, түрлі мемлекеттік органдардың процессуалдық қызметінің негізгі жақтарын қамтып, ұлттық құқық жүйесінде маңызды роль атқаратын іс жүргізу нормалары арқылы іске асады. Мұнда іс жүргізу заңдары билік қызметінің негізгі элементтерін реттей отыра, бекітеді:

  • билік қатынастарының қатысушыларының міндетті іс әрекеті және дәйектілігі;
  • қызметтің принциптері және мақсаттары;
  • іс жүргізу қатынастарының ортасы, олардың құқықтары мен міндеттері («іс жүргізу ролі»);
  • істердің, жекелеген мәселелердің, іс-әрекеттердің бір ведомствоның қарамағында болуы;
  • заң істерін (оның ішінде заң шығару) шешу барысында қабылданатын билік актілері белгіленген құжаттар түрі және өзіндік ерекшеліктері;
  • іс жүргізу әрекеттерін орындау мерзімдері;
  • дәлелдеудің түрлері және қайнар көздері;
  • іс жүргізу нормаларын сақтаудың кепілдігі, қабылданатын актілердің, оның ішінде іс жүргізу және тиісті ережелерді бұзғаны үшін қолданылатын басқа да санкциялардың заңдылығы және дәйектілігі;
  • іс жүргізу іс-әрекеттерін іске асыруға байланысты жұмсалған шығындардың орнын толтыру ережелері.

Аталған элементтер іс жүргізу түрлерінің сындарлылық бөлігі болып табылады. Олар бірлесе отырып, іс жүргізудің мазмұнын, іс жүргізу заңының өзегін құрайды. Осылайша, Д.Х. Бахрах ойынша, іс жүргізу-бұл, процесс қатысушыларына қойылатын талаптар жиынтығын бекітетін іс жүргізу нормаларының жүйесі, олар тиімді билік актілерін қабылдауға және орындауға септігін тигізеді. Іс жүргізу құқығы өз кезегінде, қылмыстарды және құқық бұзушылықты тергеу барысында, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарастыруда, шешуде және мемлекеттің билік қызметін жүзеге асыруы барысында (әкімшілік іс-жүргізудің кең мағынасында) туындайтын, қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлігі болып табылады. Мұнда іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені, оны жүзеге асыру және қорғау үшін қажетті іс жүргізу түрлерін бекітеді.

В.Д. Сорокин ұлттық құқықтың іс жүргізу нормаларын екі топқа бөлу негізді деп санайды. Бірінші топқа, тек өзіндік саланы ғана емес бірнеше материалдық саланы реттейтін іс жүргізу нормалары жатады. Нормалардың бұл тобына ұлттық құқық салаларының деңгейіне сай келетін, ішкі  ұйымдастырылуының жоғарғы дәрежесі тән. Іс жүргізу нормаларының үш тобы- азаматтық іс-жүргізу, қылмыстық іс-жүргізу, әкімшілік іс-жүргізу осы сипатқа ие, бұл, аталған топтарды ұлттық құқықтың тәуелсіз салалары ретінде қарастыруға негіз береді. Іс жүргізу нормаларының екінші тобына материалдық, мемлекеттік, қаржылық, жанұялық,  еңбек  және басқа  да бірқатар салаларға  қатысты  нормалар жатады.  Олар қажет болған  жағдайда бірінші топ нормаларымен жанаса отырып, тек өз материалдық саласының ғана қажетін  атқарады. Материалдық салада олар оның институты ретінде орын алады. Бұл мәселе олардың әлеуметтік маңызын, материалдық нормаларды жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу ролін кемітпейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заң категориясы ретіндегі процесстің әлеуметтік роліне ерекше назар аударуға негіз бар, оны жүзеге асыра отырып, ол ұлттық құқықтың материалдық және іс жүргізу нормалары арасындағы байланысты орнатады.

Тиісті материалдық нормаларды жүзеге асыруға нақты қажеттілік туындағанға дейін (бұл жағдайда оның салалық қатыстығына қарамастан) материалдық және іс жүргізу нормалары құқықтық реттеу механизмдерінің элементтері болып табылады. Бұл қажеттілік заңды нәтижеге жетуге ұмтылуына байланысты тек іс жүргізу нормалары арқылы жүзеге асады. Ал заңды факт осы жағдайға қатысты материалдық және іс жүргізу нормаларын, осы арқылы құқықтық реттеу механизмін іске қосады, дегенмен бұл процесс түрлерінің шеңберінде жүреді. Сондықтан да заң процесі бұл жерде материалды және іс жүргізу нормаларын жалғастырушы, қажетті заң нәтижелерін қамтамасыз ететін процедура болып табылады. В.Д.  Сорокин процестің заң категориялары ретіндегі сипатының тағы бір аспекті процестің құқықтық реттеу әдісімен өзіндік байланысына тоқталып өтеді, оның пікірінше, бұл мәселе ғылыми әдебиетте қарастырылмаған.

«Құқықтық реттеу әдістері. Теориялық мәселелері» атты монографиясында баяндалған оның тұжырымдамасы бойынша, процесс мемлекеттік-биліктік қызмет ретінде әлеуметтік басқару жүйелеріне жататын құрылымдармен атқарылады. Бұл жүйелердің өзіндік ерекшеліктерінің бірі оның әлеуметтік ортаға, қоғамдық қатынастарға ықпалының әдістері мен құралдарын таңдауында болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік басқару жүйесі үшін осы әдістердің ішінде құқықтық реттеу әдістері басты рөль атқарады. В.Д. Сорокин процестің түрлерін құқықтың материалдық нормаларын жүзеге асыруға көмектесіп қана қоймай, құқықтық реттеу әдістері қызметтерінің өзіндік жалғастырушысы деп анықтайды. Осылайша процесс құқықтық реттеу механизмінің қажетті элементі болып табылады. Ол үш компоненттің өзара байланысынан құрылады: құқықтық реттеу пәні, құқықтық реттеу әдісі және заң процесі. Бұл механизм ұлттық құқықтың барлық жүйесі деңгейінде жүреді.

 

Әдебиеттер

  1. Административное право / Под ред. проф. В.Я. Кикотя. – М.: ЮНИТИ-ДАНА; Закон и право, 2003.- С.
  2. Сорокин В.Д. Административный процесс и административно-процессуальное право. – СПб: Изд-во СПбЮИ МВД, - Гл. 1. § 1. 3 Салищева Н.Г. Административный процесс в СССР. – М.: Юридическая литература, 1964.
  3. 4 Административное право (Общая часть) / Под общ. ред. акад. В.П. Сальникова. – СПб: Изд-во В.А. Михайлова, 2000. С. 202. 5 Административное право (Общая часть) / Под общ. ред. акад. В.П. Сальникова. – СПб: Изд-во В.А. Михайлова, 2000. С. 202. 6 Сорокин В.Д. Проблемы административного процесса. – М.: Юридическая литература, 1968. С. 70-72.
  4. 7 Бахрах Д.Н. Административное право. – М.: БЕК, 1996.- С. 153-154. 8 Бахрах Д.Н. Административное право. – М.: БЕК, 1996.- С . 154.
  5. 9 Махина С.Н. Административный процесс: проблемы теории, перспективы правового регулирования. – Воронеж, Изд-во ВГУ, 1999.- С. 424. 10 Теория государства и права: Курс лекций. – Екатеринбург, 1996.-С. 395.
  6. Старилов Ю.Н. Курс общего административного права: В 3-х тт. – М.: НОРМА: ИНФРА-М, Т. II: Государственная служба.
  7. Управленческие действия. Правовые акты управления. Административная юстиция.- С. 429-430.
  8. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: КМ, – CD-версия. Ст. «Процедура». 13 Бахрах Д.Н. Административное право России. – М.: НОРМА, 2002.- Разд. IV. Гл. 14. § 1.
  9. 14 Большая Советская Энциклопедия: В 30-ти тт. – 3-е изд. – М.: СЭ, 1969-1978. – CD-версия. - Т. 21. Ст. «Процессуальное право».

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.