Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуы

Тəуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мемлекеттік жүйе, президенттік институт ядросы қалыптасуда. Бүгін жиырма жылға жуық уақытта Қазақстан мемлекеті үлкен асулардан өтті, міне, бұл президенттік институтының мемлекет механизміндегі жетістіктер деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.Əрине, 1995 жылғы Конституциямызды арқау етеміз [1, 2].

Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына сəйкес оның саяси жəне құқықтық рəсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси жəне құқықтық негізін жəне мемлекет пен қоғамның өзара іс- қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажеттілік берілген мəселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару  үлгісінің саяси жəне құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы жəне демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тəжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тəуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың əдістерінің өзгеруі болды [3].

Қазақстанда   президенттік   институттың   қалыптасуы   мен   дамуы  жəне  мемлекеттік «құрылыстың» қиын процесінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси жəне конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар əлі аяғына дейін əзірлеген жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің жəне халық бірлігінің кепілі жəне рəмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы.

Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-əрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы- шетел мемлекетінің конституциясының тəжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дəстүрі актуалды болып отыр.

Мемлекет - əлеуметтік басқарудың негізгі субъектісі. Мемлекеттің басқарудың нысаны қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық, əлеуметтік, саяси дамуында, халықаралық қатынастарда елеулі, үлкен рөл атқаратыны белгілі. Сондықтан қазіргі кезде өте бір өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Президенттік институт - əр кез ауысып отыратын экономикалық, əлеуметтік, саяси, халықаралық шарттарды көрсететін конституциялық институт болып табылады. Қазіргі таңда, ол- еліміздегі ең жоғарғы институт болып табылады. Ол, сонымен қатар үкіметті, министрліктерді, ведомстваларды жəне бюрократия аппаратын қосатын атқарушы биліктің шыңы. Тарихи кезеңде жақында ғана пайда болып, əлемге кең таралды. Президентураның классикалық жəне негізгі модельдеріне негізделген көптеген түрлері бар.

Қазіргі заманда негізінен үш республикалық басқару түрі бар: президенттік республика, парламенттік республика жəне жартылай президенттік республика. Осы үш модельде зерттеліп Қазақстан практикасында қысқа мерзімде қолданылды да.

Қазақстандағы президенттік басқарудың қалыпатасуы мен дамуы барлық елдер үшін ортақ, үлгілі Конституция жасауға болмайтыны сияқты, президенттік институттың да барлығына ортақ нысан болмайды. Əрбір мемлекет басшысының іс-əрекеті оның конституциялық-құқықтық мəртебесімен ғана емес, сондай-ақ жеке басының қасиеттерімен айқындалады. Мысалы, Франциядағы президенттік Республиканың дамуында Президент Миттеранның Президент де Голлден ерекшелігі болды, француз мемлекетін басқару ісіне Жак Ширакта өзіндік үлес қосып отыр. АҚШ-тың қырық үш Президенті басқарған жылдарында президенттік басқаруда елеулі айырмашылықтар болды. Президенттік басқаруда елеулі айырмашылықтар болды. Басқарудың президенттік нысанның қалыптасуы жəне дамуында біздің елімізде Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ə. Назарбаев айрықша рөл атқаруда.[4,11б.]

Жас егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша  мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару жəне сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы жəне біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.

Президенттік билікке көшу- объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен жəне барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өтпелі, төтенше кезеңдерінде ол Конституцияның бірден-бір кепіліне жəне мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.

Дүниежүзіндегі көптеген демократиялы елдердің тарихи тəжірибесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пəрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дəлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық жəне ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мəселесі болды.

Сонымен қатар əлемдік қауымдастықтың дамуының объективті заңдылықтары, бір партиялық жүйені жою, нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасуы, билікті тармақтарға бөлу, Қазақстанда президенттік институтын орнатуды жəне нығайту талап етті.

1991-1992 жылдары президенттік институттың қалыптасуы негізін қалаған Мемлекет егемендігі туралы декларация мен Мемлекеттік тəуелсіздік туралы ережелер 1978 жылғы қабылданған ҚазССР Конституциясына қайшы келетіндігі айқын байқалды. Егер Конституция  бойынша  мемлекеттік  биліктің  жоғарғы  органы  Жоғарғы  Кеңес  болса,    ал«Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау жəне Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ ССР-ның заңы бойынша мемлекет басшысы Президент деп жарияланды. Əрине, бұл жағдай қарама-қайшылық тудырды. Тіптен қалыптасқан жағдайда «қос биліктік жүйе» қалыптасты: Президент жəне Жоғарғы Кеңес [4,11б.].

Жаңа Конституцияны қабылдау мəселесін тез шешу қажет болды. Конституция екі жылға жуық дайындалып, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 маусымдағы «ҚР Конститу- циясының жобасы туралы» қаулысына сəйкес бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Тек содан кейін ғана Конституциялық комиссиямен толықтырылып, 1993 жылы 28 қаңтарда Жоғарғы Кеңестің тоғызыншы сессиясында қабылданды. Нəтижесінде жаңа Конституция қабылданып билік іске асты.

Алайда 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Конституция Президент өкілеттігі мен мəртебесіне қатысты қайшылықты өзгерістер енгізді. Конституция Президент пен Жоғарғы Кеңес мəртебелерін жоғарлатуға бағытталған тұжрымдарды нақтылай түсті. Бірақ Конституцияның Жоғарғы Кеңеспен қабылдануы, Жоғарғы Кеңеске өз үстемдігін сақтап қалуға толық мүмкіндік берді. Конституция бүкіл халқының атынан сөйлеу құқығы Жоғарғы Кеңес пен Президентте дей отырып, бірінші орынға Жоғарғы Кеңес қойылды [2].

Қазақстан Республикасы Президенті «мемлекет басшысы жəне оның атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы, республика заңдары жəне Конституциясы, азаматтар бостандығы мен құқықтарының кепілі» болды.

Осы Конституцияда Президент өкілеттігі біршама кеңейтілгенімен, Жоғарғы Кеңеспен қарым-қатынасы қарама-қайшылықты жағдайда сақталды. Яғни, Жоғарғы Кеңестің бұрынғы өкілеттіктерінің сақталуы саяси жүйеде қалыптасқан «қос биліктік» жағдайға негіз болды.

Мысалы, Президент пен Жоғарғы Кеңес арасындағы тайталас ережеге референдум өткізу туралы шешім қабылдау құқығын жатқызуымызға болады. Референдум өткізу туралы шешімді Президентте, Жоғарғы Кеңесте қабылдай алды.

Ал осы кездегі Қазақстанның басқару формасын таза президенттік немесе аралас, жартылай президенттік басқару деп сипаттау қиын. Себебі Конституцияда екі басқару формасының белгілері бар. 1993 жылғы Конституцяида Президентпен қатар вице-президент лауазымы болды. Вице президент Президентпен қатар сайланып, Президенттің тапсыруымен оның кейбір қызметтерін атқарды. Бұл АҚШ-та қалыптасқан таза президентттік басқарудың белгісі. Тағы айқын белгінің – ол Қазақстан Президентінің мемлекет басшысы жəне оның атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы болуы. Бірақ АҚШ-та премьер–министр лауазымы жоқ əрі АҚШ Президенті Конгресс қабылдаған заңға тыйым салып, заң шығару билігіне қарсы шыға алады.

Вице президент лауазымы артық құрылым ретінде 1995 жылға дейін өмір сүрді. Ал 1995 жылғы Конституцияда бұл лауазым сақталмады.

Ендігі мақсатамыз осы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған қазіргі Конституциямыз мемлекетіміздегі президенттік институтының қалыптасуы мен дамуын бір жолы немесе кілті болып отырған негізгі заңға тоқтала кетсек [5, 57б.].

Президенттік институтының қазіргі мемлекеттегі орны мен роліне қысқаша тоқтала ҚР-да басқарудың президенттік үлгісінің қалыптасуы жəне конституциялық статустың мағынасы мемлекеттің басшысы ретінде тоқталамыз.

Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік үлгісінің дамуы жəне қалыптасу табиғатын зерттеу контекстінде мемелекет егемендігін алғандағы мəселелерді ашу жəне əзірлеу, əрқашан мемлекеттік құрылыс сұрақтарымен өзара тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасында президент институттарының дамуы жəне қалыптасуына бағытталған, мемлекеттік саясатты теориялық жəне методологиялық талдау, мəселені анықтау, Қазақстанда президент институтының қалыптасуы мен дамуы, елде президент институтының қалыптасу процесінде туындаған мəселені шешуді көрсету жəне шығару болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері оның мемлекеттік механизм мен мемлекеттік билікті бөлісу жүйесінде алатын орны мен рөлі оның конституциялық құқықтық қатынастағы мəртебесін айқындайды. Ол біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жəне өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Аталған конституциялық норманың мазмұнына жүгінсек, бүгінігі таңда мемлекеттің даму стратегиясын, оның ұзақ мерзімді біріншілігін, эволюцияның жалпы бағдарламаларын анықтау ҚР Президентінің мойнына жүктеледі.Өзіне жүктелген қызметтерді атқару мақсатында ҚР Президентіне нақтылы өкілеттіктер берілген.Осылардың қатарында ең маңыздысы оның заң шығару, атқару жəне сот биліктері салаларындағы өкілеттіктері.Бұл ретте Президент билік тармақтарының өзара келісімді іс- əрекетін қамтамасыз ету өкілеттігіне ие [6].

Президенттік институт көптеген маңызды жəне өзара байланысты аспектілерге ие.

  • басқарудың президенттік үлгісінің дамуы жəне қалыптасудың теориялық аспектілерін зерделеу, оны ауыспалы қоғам жағдайы сияқты Қазақстан Республикасында оны ұйымдастыру жəне жүзеге асыру;
  • нормативті көздерді зерделеу: 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
  • (ІІІ   бөлім),   26.12.1995   жылғы   Қазақстан   Республикасының  Конституциясының  заңы,«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (6.05.1999 ж.), 20.07.2000 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті» жəне басқалар;
  • елдің қоғамдық-саяси жəне əлеуметі -экономикалық тұрақтылығы мен қайта ұйымдастырудың қажеттілігіне толық жауап беруші ретінде Қазақстанда басқарудың президенттік үлгісінің конституциялық нұсқасын таңдауды негіздеу.
  • мемлекет басшысының конституциялық статусын анықтау: негізгі элементтер;
  • Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудағы сұрақтар жəне оның қызметіне енуі: сайлаушы цензалар; таңдаудың қорытындыларын анықтау; Қазақстан Республикасының Президентінің анты;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігінің уақытын ұзарту сұрақтарын зерделеу, Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен босату, Қазақстан Республикасы Президентінің жауапкершілігі жəне мемлекеттік сатқын жасаған кезде қызметтен босатуды шешу, Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігінің ауысуы.
  • Қазақстан Республикасы президентінің Конституциялығының өкілеттілігін қарастыру: заңнамалық аумағында; заңнамалық процеске қатысу; заңнамаларды халықтандыру жəне жазылу; Қазақстан Республикасы Президентінің құқық шығармашылық қызметі [7].

Қазақстан Республикасы Президентімен заңнамаларды шығару, сонымен қатар Конституциялық немесе қарапайым заңдар мен нұсқаулық күші бар жарлықтар: олардың заңдық жарлықтары: олардың заңдық сипаттамалары; орындаушы билік сферасында:

  • Қазақстан Республикасы Басқармасының жəне басқа мемлекеттік басқарудың орталық органдарын ұйымдастырда, сонымен қатар олардың қызметін бақылау, ерекше статуспен мемлекеттік органдарды іске асыратын ұйымдар жəне басқалар;
  • ішкі саяси қызметті басқару: ішкі саясаттың негізгі бағытын анықтау, республиканың дипломатиялық басқарманың басшыларының тағайындалуы мен сын-пікірі, республикалық халықаралық  келісім шарттарға қол қою мен сөйлесуді жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерді Жоғарғы басты басқарушысы ретінде республиканың қауіпсіздігі мен қорғау сферасында, қарулы күштерді жоғарғы басқарушыны тағайындау, ерекше жағдайды енгізу, сонымен қатар əскери жағдай, бөлек немесе жалпы жұмылдыруды хабарландыру;
  • азаматтық, қызметтік тұлға жəне мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайының сұрақтары бойынша; республиканың мемлекеттік құрмет белгілерімен марапаттау, құрметтік жəне басқа атақ пен жақсы шендерді беру, азаматты қабылдау рақымшылық жəне басқалар.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің əкімшілігі.
  • жалпы жəне жеке заңдылықтар, сонымен қатар басқарудың президенттік үлгісін таңдаудың ерекшеліктері жəне Қазақстан Республикасы мысалында, Кеңестік мемлекеттен кейінгі президенттік институттарды белгілеу, сонымен қатар əзірлеуді кең қолдану үшін ғылыми жəне тəжірибелік ұсынымды дайындау жəне Қазақстанның жаңа мемлекеттік құрылысы бойынша саяси ойлардың жетістігі, қоғамдық ауыспалы түрде саяси құрылыстың жаңа үлгісін ендіру стратегиясы мен тактикасы [8].

Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі тəуелсіздікпен тұтас қалыптасып дамып келе жатқанына баріміз куəміз. Еліміздің тəуелсіздігін нығайту жолында күшті президенттік билік жүйесі қажет, əрине бұл мемлекеттік тұтастануға үлкен ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының Конститутциясына сəйкес Президентке үлкен өкілеттіктер берілген. Осы өкілеттіктердің арқасында заман талабына сəйкес дамудамыз. Қазақстан Республикасында Президенттің негізгі тарихи атқаратын рөлі еліміздегі саяси- тұрақтылық пен биліктің тұтастығын сақтау, Конституция Президентті осындай өкілеттіктермен толық қамтамасыз еткен.

Қазақстан Республикасындағы Президент институтының қалыптасуының негізінде, оның жоғарғы тұрақтылығының өлшемі алынды жəне  əлеуметтік-экономикалық процестерге тиімді ықпал етуі негізделді, билік тармақтары бөлінуінің əмбебаптық сипаты мойындалды [4,17б.].

Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берілген осыны жүзеге асыру Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстандағы президенттік институттың тіршілік ету барыснда мемлекет үлкен жетістіктерге қол жеткізді, ол-демократиялық саяси жүйенің көрсеткіші ретінде ұлттық егемендіктің орнауы. Еліміздегі саяси жəне экономикалық тұрақтылық пен даму. Осыған байланысты 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету, бірінші  кезекте президенттік билік институттың демокротиялық үрдіспен дамуының көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан мемлекеті алдында əлемдік мемлекеттер арасында бəсекелеске қабілетті 50 ел қатарына кіру үлкен мақсаттары тұр, сондықтан президенттік институт алдында жаңа міндеттер мен сынақтар тосуда.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы:1995 жылғы (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген). -Астана: Елорда,
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы . -Алматы,
  3. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендік туралы:Қазақстан Республикасының конституциялық Заңы// Егемен Қазақстан.-1991. - 16 желтоқсан. - Б.1-2
  4. Мадалиева А.А. Қазақстанда Президенттік билік жүйесінің қалыптасуы: Автореферат –Алматы,-2008.- 11-17 б.
  5. Нұрымбетова Г. Қазақстандағы Президенттік институт бастаулары// Қоғам жəне Дəуір. - 2010№2. – Б. 54-57.
  6. Нургалиева М.М. Роль института президенства в процессе конструирования национальной идентичности Казахстана//Известия.-2009 №5.- С.128.
  7. Сартаев С.,Назарқулова Л. Қазақстан Республикасы Конституциясы кезеңдері.- 2005 ж.-165-186 б
  8. Сартаев С.С., Күнқожаева Г.Н. Қазақстан Республикасында билікті бөлу жəне оларды жүзеге асыру принциптерінің қалыптасуы: Оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы, -64-69.-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.