Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетел азаматтарының Қазақстаннан бала асырап алуының құқықтық жағдайлары

 Халқымыз «Əке - асқар тау, ана - бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы - құрақ» дегендей, өмір ұрпақ жалғастығынан тұрады. Сондықтан, балалардың құқықтарын қорғау бұл - басты міндет.

Балалардың мүдделерін қамтамасыз етуді негізгі мақсаты деп алған бұл «Балаларды қорғау жəне шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы» Конвенция мен Қазақстан Республикасының заңнамалары - балаларды тумысынан белгілі құқықтарға ие, тəуелсіз тұлғалар ретінде таниды. 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңы да балалардың негізгі құқықтары - өмір сүру мен отбасыда тəрбиелену деп бекітті. Өкінішке орай, көптеген балалар əр түрлі себептермен ата-анасының қамқорынсыз қалып жатады, осындай жағдайларда олардың мүдделерін қорғау мемлекетке артылады. Дəлірек айтқанда, ол өз органдары арқылы əр баланың толық жəне қалыпты отбасыда тəрбиелену құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

Бала асырап алу ұғымының тарихына тоқталар болсақ, алғашқы «Бала асырап алу» туралы Заң Массачусетс штатымен 1851 жылы АҚШ-та қабылданды. Бұл заңнама бойынша асырап алынған бала асырап   алушының   баласы   деп танылып, ата-ананың  биологиялық   балаларына   тиісті  барлық құқықтарды иеленген. Мұндағы сот асырап алушылардың асырап алынған баланы азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайларын қадағалаумен қатар, баланың білім алу жағдайын да тексеруге міндетті болған. Осындай заңды түрде бала асырап алудың негіздері Францияда Наполеон Кодексіне XVIII ғасырдың басында енгізілсе, Ресейде Александр I кезінде бекітілді. Ресей бала асырап алуда көптеген шектеулер қойды. Мысалы, дворяндар бала асырап алуды тек император рұқсаты негізінде жүзеге асырса, дін қызметкерлері жəне өзге де лауазымды тұлғалар бала асырап алуды тек сенат рұқсаты негізінде жүзеге асырды. Бұл кезеңдегі ең тиімді, əрі ең жеңіл түрдегі бала асырап алу процесі тек шаруаларға ғана қолданылды, яғни бұл процесс тек асырап алушының асырап алған баланы шаруалардың «Отбасы құрамы» құжатына енгізумен ғана шектелінген.

Əр баланың ынтымағы жарасқан, берекелі отбасында мейірімге бөленіп бағы жануы тиіс. «Неке жəне отбасы туралы» ҚР Заңыңың 52-бабында да баланың өз ата-анасымен тəрбиеленуіне, оның мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, жан-жақты жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар екендігі бекітіледі. Міне, осындай қамқорлыққа зəру болған балаларды əлеуметтік қорғаудың ең тиімді нысаны бұл - балалардың мүдделерін максималды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жəне өздері балалы бола алмайтын жас жанұяларға бала тəрбиелеу мүмкіндігін тудыратын бала асырап алу болып табылады.

ҚР «Неке жəне отбасы туралы» Заңының 76-бап 3-бөлігіне сəйкес, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға беру тек Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына тəрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы болып табылатын баланы асырап алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүргізіледі [4].

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының тұрғыны болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірсе, алдымен өзінің тұрақты мекен-жайындағы мемлекеттің орталық органына өтініш жасайды. Сол шетел азаматы тұратын мемлекеттің орталық органы өтініш иелерін бала аcырап алуға құқылы жəне бұған сəйкес деп таныған болса, олардың жеке тұлғасы, бала асырап алуды жүзеге асыруға жарамдылығы, биографиялық мəліметтері, дəрігерлік анықтамасы жəне отбасының тарихы, əлеуметтік ортасы, бала асырап алудың себептері, шет елдік бала асырап алуға қабілеттілігі туралы ақпараттары бар баяндау, сондай-ақ, олардың қамқорлығына алынуы тиіс бала туралы мінездеме дайындайды. Осы құжаттарды мемлекеттік лицензиялар негізінде қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан əл-ауқаты, жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамамен қатар, қорғаншы жəне қамқоршы органға бала асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз тапсырады. Сонымен қатар, бала асырап алғысы келетін шетелдіктер жеке өзі бала таңдап алуға жəне баламен 2 апта бойы тікелей жақын араласуға міндетті болып табылады. Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тəртібімен жүргізеді [3]. Қазақстан Республикасы баласын асырап алу ниетін білдірген шетел азаматы асырап алғысы келетін баламен 2 апталық қарым-қатынасты өткізгенге дейін шетелдіктермен берілген арыз Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу Кодексінің 155-бабының 1-бөлігіне сəйкес қозғалыссыз қалдыруға жатады.

Бала асырап алу бойынша баланың тұрғылықты жеріндегі кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа өтініш беріледі.

Мұндағы баланы асырап алу туралы өтініште:

  • бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, əкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;
  • асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, əкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар- жоғы туралы мəліметтер;
  • бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мəн-жайлар жəне осы мəн-жайларды растайтын дəлелдемелер;
  • бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келетін жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, əкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

Бала асырап алу туралы өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • қорғаншылық жəне қамқоршылық органының асырап алу баланың қызығушылығына сай жəне негіз бар екендігі жөнінде қорытынды;
  • баланың туу туралы куəлігі жəне акті жазбасының көшірмелері;
  • асырап алушылардың тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
  • асырап алушының денсаулығы, дене жəне ақыл-есінің дамуы туралы медициналық қорытынды;
  • баланы асырап алуға ата-аналарының келісімі; Кей жағдайларда баланың ата-аналарының келісімінсіз де бала асырап алу жүзеге асырылады. Егер:
  • сот белгісіз немесе өлген хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
  • сот əрекетке қабілетсіз деп таныса;
  • сот ата-ана құқықтарынан айырса;
  • баламен бірге тұрмайтын жəне сот дəлелсіз деп таныған себептер бойынша 6 айдан астам уақыт бойы оны тəрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.
  • 10 жастан бастап баланың асырап алуға берген жеке өзінің келісімі;
  • өтініш берушінің көзделген баланың асырап алушысы бола алатындығын дəлелдейтін айғақтар (ереже бойынша балалар мекемелерінің – балалар үйлерінің, басшыларының асырап алушының баламен жасаған 2 жұмалық қарым-қатынасы туралы қорытындысы).

Асырап алу жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, АХАЖ органдарында баланы асырап алу тіркеліп, асырап алу жөнінде куəлік беріледі [4].

Балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  • үлгі бойынша нотариус растаған өтініш;
  • неке туралы куəліктің көшірмесі (егер де бала асырап алушы некеде болса);
  • жеке куəліктің көшірмесі;
  • жұмыс орнынан алынған еңбекақысы көрсетілген анықтама (еңбекақысы, кірісі);
  • тұрып жатқан үйі құжаттарының көшірмесі;
  • тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын тексеру актісі (асырап алушылар тұрып жатқан аумақтағы мектептің қоғамдық инспекторы жасайды; актіні мектеп директоры растайды);
  • тұрғылықты жерінен қамқоршылық жəне қорғаншылық органының қорытындысы;
  • соттылығының болуы не болмауы жөніндегі мəлімет (оны тек асырап алуға тілек білдірген шетел азаматы тұратын елдің құзыретті органы растауы қажет)медициналық тексеру анықтамасы (психиатр, нарколог, дермато-венеролог, терапевт жəне басқалар. Мұндағы, баланы асырап алуға болмайтын адамның бойындағы аурулардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Олардың тізбесі: жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) жəне иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ), психикалық аурулар, маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға əуестік, туберкулез, жыныстық қатынаспен таралатын аурулар, алапес, дəнекер тіндердің ауыр сырқаттары, созылмалы ауыр буллезды дерматоздар, I, II - топтағы мүгедектік (қамқоршылық жəне қорғаншылық органының шешімі бойынша).

Балаларды асырап алуға тілек білдірген шетел тұлғалары ұсынылған құжаттардың аударылуының дұрыстығын растау үшін сот қажет деп таныған жағдайда тиісті мамандарды іске тартуға тиіс [8].

Сотқа жіберер бұрын жиналған құжаттар қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарына тапсырылады. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдарынан асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режим болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетел азаматтарына елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл визаны Астана қаласындағы Консулдық қызмет департаменті береді. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы, туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен Қазақстан Республикасына келуге рұқсат етілмейді.

Баланың толық, жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жанұя жағдайында, бақыт, мейірім, махаббат аясында тəрбиеленуі қажеттігін, баланың өзі туған елден, сəйкесінше жанұя табылмаған жағдайда шет елдік бала асырау тұрақты отбасын қамтамасыз етерлік мүмкіндік беретінін мойындай отырып, əрбір мемлекет приоритетті мақсат ретінде баланың өз отбасында тəрбиеленуін қамтамасыз ету үшін жəне баланы ұрлау, сату немесе саудалауды тоқтату үшін шаралар қолдану қажеттігін ескере отырып, осы мақсаттарға сəйкес халықаралық құжаттауда, атап айтқанда, 1989 жылы 20 қарашада жарияланған «Балаларды қорғау туралы» БҰҰ Конвенциясында, «Балаларды қорғауға жəне мүддесіне байланысты əлеуметтік жəне құқықтық принциптер туралы» БҰҰ Декларациясында, 1986 жылы 3 желтоқсанда жарияланған «Ұлттық жəне халықаралық деңгейде балаларды тəрбиелеу жəне оларды асырап алу туралы» БҰҰ Бас Ассамблеясының 41\85 ұйғарымында көрсетілген қағидаларды назарда ұстай отырып, 1993 жылы 25 шілдеде «Балаларды қорғау жəне шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы» Конвенция Гаагада қабылданып, мемлекеттер өзара келісім жасасты. Бұл Конвенцияның мақсаты:

а) шет елдік азаматтармен асырап алынған баланың мүддесін жəне негізгі  құқықтарын қамтамасыз ету;

ə) балаларды ұрлау, сату жəне саудалауды тоқтату үшін өзара Келісім жасасқан мемлекеттердің ынтамақтастық жүйесін құру;

б) Конвенцияға сəйкес Келісім жасасқан мемлекеттерде Конвенцияға сəйкес жүзеге асырылған бала асырап алудың мойындалуын қамтамасыз ету.

Шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жүзеге асырады.

Елімізде балалықтың базарын сезінбей, шын қуанып күле алмаған, ата-анасына еркелей алмаған сəбилер саны көбейіп барады. Иə, бізде жетім балалар саны көп. Қазірдің өзінде елімізде ата-ана қамқорлығынан айырылған 42.494 жетім бала бар екен. Оның ішінде 15.116 мемлекет қарамағындағы балалар үйлері мен интернаттарда тəрбиеленуде. Сондай-ақ, 25.315 бала ата-ана қамқорлығына берілсе, қалған 2063 бала отбасы үлгісіндегі ауылдарда жүр. Осы балалардың 2300-ден астамы ғана тұл жетімдер екен.

Бұл — бүгінгі күннің ащы шындығы. Əрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар. Алайда, қазақ — ежелден жетімін қаңғыртпаған, жесірін теңтіретпеген халық. Өркениет дамығаннан бері біздің елде де жетімдер үйі, қариялар үйі қаптап кетті. Əрине, бұл тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, трагедиясы.

Қазіргі кезде елімізде бала асырап алушылардың саны өсіп келеді. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелердің қызметіне жүргізген талдауы бойынша соңғы уақыттағы қазақстандық балаларды асырап алуға ниет білдіруші шетелдік азаматтардың өтініштерінің өсу үрдісі дəлелдейді. Мысалы, 2009 жылы ғана шетелдіктермен 404 бала асырап алынған. Соның ішінде, 149 - Қарағандыдан, 93 - Алматыдан, 123 - Шығыс Қазақстан облысынан,  17 - Оңтүстік Қазақстан облысынан, 12 - Қызылордадан, 10 - Жамбыл облысынан.

Осындағы, Шығыс Қазақстан облысының соттарына ғана түскен 123 арыздың 61-Қазақстан азаматтарынан, 64 арыз шетел азаматтарынан бала асырап алу туралы түскен, 62 шешім шығарылып, 2 арыз қараусыз қалдырылған. Шетел азаматтарының балаларды асырап алу туралы арыздарының барлығы облыстағы 2 сотта, яғни, Өскемен қалалық сотында – 43 арыз жəне Семей қалалық  сотында 19 арыз қаралған. Халықаралық баланы асырап алу туралы сот істеріне талдау жасайтын болсақ, бала асырап алу туралы арыздармен əр түрлі мемлекеттің азаматтары жүгінгенін көреміз.

Ал енді, 2005-2009 жылдар аралығындағы консулдық есепке алынған асырап алынған балалардың саны төмендегідей: 5308 - АҚШ, 600 343 - Бельгия, 173 - Германия, 167 - Канада, 152 - Испания, 140 Ирландия, 131 - Франция, 25 - Египет, 21 - Израиль, 9 - Италия, 5 - Түркия мен ФРГ, 3 - Ресей Федерациясы. Өтініштер санының өсуімен бірге некеге отырмаған, жалғызбасты шетелдік азаматтардан келіп түсетін өтініштердің де саны артты. Алынған деректер бойынша 6 баланы жалғызбасты шетелдік азаматтар асырап алған. Дегенмен, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу əлі де жүргізілуде.

Дүниежүзі бойынша балаларын халықаралық асырап алуға ұсынатын елдердің ішінде Қытай, Вьетнам, Қазақстан алғашқы орындарды алуда. Бала асырап алуға байланысты  қызметтерін қаржылық негізде ұсынатын ұйымдар агенттіктер деп аталады. Міне, осы бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің ретке келтірілмеген қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау айғақтады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректері бойынша Қазақстан аумағында бала асырап алу жөніндегі шетелдік компаниялардың 28 өкілдігі жұмыс жасайды. Алайда, Павлодар облысы прокуратурасының ақпараты бойынша, тек облыс аумағында 16 шетелдік агенттіктер жəне 12 бала асырап алушылардың делдалдары жұмыс істейді. Осылайша, Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын бала асырап алу жөніндегі халықаралық агенттіктердің саны туралы деректер жүйеленбеген.

Америкада да бала асырап алу қызметін ұсынатын компаниялар жетерлік. Солардың бірі – «For This Child» («Осы бала үшін») деп аталады. Аталған ұйымның ресми сайтында Қазақстаннан бала асырап алуға ұсынылатын бағалар белгіленген. Ұсынылған қызмет түріне баланың күллі құжаттарын реттестіру, кеңес беру, Қазақстандағы бала асырап алу ісін жəрдемдесетін арнайы ұжымның қызметі, үй жалдау, Білім жəне ғылым министрлігінің жұмысын түсіндіріп, Білім министрлігімен  жəне балалар үйінің өкілдерімен кездесу, Алматы мен аймақта бала асырап алудың барлық қадамын түсіндіру кіреді. Осы қызметтері үшін Америка компаниясы 21000 АҚШ долларын алмақ. Бұдан бөлек, есептелмеген тағы басқа да шығындар бар екен. Олардың ішіне балалар үйлеріне, ондағы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілерге сыйлық беру. Ол шамамен 500 доллар маңайында. Сонда жалпы есепте шамамен 30000 АҚШ долларына Қазақстаннан бала асырап алуға болады.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сəйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетелдіктер асырап алған бала кəмелеттік жасқа толғанға деін Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайды. Яғни, оларға кəмелеттік жасқа толғанша дейін қос азаматтықты иелену құқығы берілген. Заңның осы нормасы көптеген жағдайларда шет мемлекеттердің заңнамалық практикасымен шиеленісіп жатады. Осылайша, мысалы, АҚШ азаматы асырап алған бала жедел түрде осы елдің азаматтығын алуға міндетті. Сонымен қатар, 1 жасқа жетер- жетпестен асырап алған баланың аты-жөні өзгертіледі. Сондықтан басқа мемлекеттің баласын бақылауға алу өте күрделі.

2005 жылғы АҚШ-тың арнайы статистикасы бойынша АҚШ-тағы балалар үйінде 45.000 бала бар, сол статистика бойынша, АҚШ-та жылына 3000 бала асырап алынады жəне олардың орнына балалар үйіне 3000-4000 бала қайтадан түседі. Ендеше, 45.000 баласы бар АҚШ неліктен Қазақстан Республикасынан бала асырап алады? Біріншіден, АҚШ-қа қарағанда өзге елдерде бала асырап алу процесінің жеңілірек болуы, екіншіден, ондай адамдарға өз елдерінің заңдарымен жеңілдіктер беріледі. Мысалы, Солтүстік Ирландияда əр баланы бағып-қағу үшiн аптасына 200 АҚШ доллар көлемінде жəрдемақы төленеді. Яғни, əр бала үшін айына 800 АҚШ доллар. Онымен қоса, кəсіпкерлікпен айналысса, белгілі бір деңгейде салықты аз төлейді. Ал баланы асырап алуға қатысты арнайы сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша, қазақстандық бала асырап алушылардың басым контингентінің 95% орташа табысты азаматтар болса, қалған 5% жоғары материалдық жағдайы бар азаматтар екен.

Израиль елінің заңында: «Еврей тек еврейдің баласын асырап ала алады», - деп  жазылған. Израиль жеткен жетістікке қол созып, сондай қатаң талапты өзімізге қояр болсақ, бүгінде қаракөз домалақтарымыз мұхит аспаған болар еді.

Шетелдермен асырап алынуға жататын халықаралық баланың мүддесін жəне негізгі құқықтарын қамтамасыз етуді мақсат еткен «Балаларды қорғау жəне шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы» Конвенция сырқат балаларды шетелге емдеуге, əрі қарай бақытты өмір сүруді қолдайтын болса, неліктен осы сырқат балаларды шет мемлекетке асырап алуға  дейін емделуге жібермеске? Тек бала емделіп, сау болды деген медициналық қорытындыдан кейін баланы асырап алуды жүзеге асырмасқа? Сонда сырқат балалар да емделеді, «Қазақстан Республикасына өздері емдей алмайды, баланы да емдеуге жібермей отыр» деген сөз де тимейді, əрі Қырғызстандағы болған оқиғаның алдын аламыз. Сондықтан, баланы асырап алуға берсек – бала құқықтарын қорғауды жолға қояйық, асырап алуға бермесек - өз ішіміздегі тəрбиені жөнге келтірейік.

Біз мемлекеттің ең басты қазынасы - халық дейміз де, демографиялық қор болып табылатын жас сəбилерді шетелдіктерге оп-оңай таратып жатырмыз. Не бары 15 млн халқы бар Қазақстан шетелдіктерге бала беруде 1,5 млрд халқы бар Қытайдың алдына шығып отыр. Қазақстан шет елге бала беру жағынан əлемде III орын алады. Шет елге мұнай шығарудан IV орын аламыз да, бала беруде III орын аламыз.

Қазақстандық қоғамның алдында тұрған бұл өткір, əрі өзекті мəселелер шұғыл шешімді қабылдауды талап етеді.

Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар мəселелерді аталы қауым еш уақытта да аттап өткен емес.

Əлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды, ұлттық бейнемізді, балаларымызды, алдымен, біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, ісімізбен, бүкіл қимыл-əрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын, табан астында тапталатынын естен шығармайық. Тек өзінен кейінгілерді, ұрпағын ойлай білетіндер ғана ұлттарды өмір сүру жəне алға басу мүмкіндіктеріне жеткізе алады.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
  3. «Неке жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997жылғы 14 шілдедегі №155 Заңы
  4. 5.«Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы
  5. «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы
  6. «Балаларды қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы №253-IV Заңы
  7. «Соттардың бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде неке жəне отбасы туралы заңнаманы қолданудың кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №14 Қаулысы
  8. «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастырудың Ережесі» туралы 1999 жылғы 9 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің №1346 Қаулысы
  9. Бала асырап алу, соның ішінде шетел азаматтарының бала асырап алу туралы мəліметтер №1-У нысанды статистикалық есепті жəне оны құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2006 жылғы 28желтоқсандағы №79 Қаулысы.
  10. Қазақстан Республикасы Балаларын қорғау жəне баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенциядан туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21қыркүйектегі №966 Қаулысы.
  11. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі есепті бекіту туралы» 1999 жылғы 17 маусымдағы №655 жəне «Шетелдіктердің асырап алуына берген Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2003жылғы 11сəуірдегі №08-1/31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2005жылғы 30 қарашадағы №08- 1/363 Бұйрығы.
  12. «Балаларды қорғау туралы» 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-да жарияланған Конвенция
  13. «Балаларды қорғау жəне шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы » 1993 жылы 25 шілдеде қабылданған Конвенция

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.