Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік қаржылардың ұғымын анықтаудың кейбір мәселелері

Соңғы уақытта, нарықтық қатынастардың қоғам өміріне терең тамыр жаюынан, қаржылардың мәнін анықтауда қарама-қайшы пікірлер де көптеп кездесе бастады. Кейбір ғалымдар, негізінен экономистер қаржылық құқық тек мемлекеттің қаржыларына байланысты қатынастарды ғана емес, жеке қаржыларға байланысты туындайтын қатынастарды да реттейді деп жаңсақ пікір айтуда. Ал біздің пікірімізше, қаржылық құқық тек мемлекеттің қаржыларына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Мемлекеттік бюджет қаржыларының қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атқартын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізгі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Бюджеттік құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.

Ал бюджеттік қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке  жүктелген  функцияларды орындау, қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып- алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.

Бюджеттік қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанындағы ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді. Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып, қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып, жетілдіруге пайдаланылады.

Сонымен қатар, бюджеттік қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бюджеттік қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Бюджеттік қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шарушылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық  табыстың құнын бөлу ақшалай табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен  кәсіпкерлік  қызмет деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда туындайтын көптеген қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынан және ақшалардың қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда  болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай қатынастар түрінде айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.

Енді осы бюджеттік қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз жүгіре отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті ғалымы А.И. Худяков “қаржы” термині латынның “финанс”, яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шарушылықты айтатын болған [1].

Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары, мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулері тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді. Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар” түсінігімен сәйкес келеді.

А.И. Худяковтың айтуынша, қаржы термині қандай да болмасын мағынада түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағында ақша қаражаттары деген тұжырым.

Егер арнайы мағынада қаржыларды - мемлекеттік бюджеттік қаржылар десек, яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу тәртібі белгіленетін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И. Худяков [2]. Осы қорларға жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады. Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншік ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз.

Бюджеттік қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық мағынада бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Бюджеттік қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі. Ал бюджеттік–экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субьектісі ретінде әрдайым мемлекеттік біртұтас өзі мемлекет уәкілдік берген мемлекет өклетті органы тұрады және осы қатынастар бюджеттік құқықтық нормалармен реттеледі. Сонымен қатар, бюджеттік–экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз қозғалмайды. Ал тауар – ақша қатынастары, яғни сату– сатып алу қатынастары азаматтық құқық еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне атүсті қарай алмайды. Өйткені бюджеттік қаржылар өзінің ақша қаражаттары болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын ұйымдастырады. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан бюджеттік қаржылардың атсалысатын басты бағыты мен қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.

Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып табылады. Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары  қорларын  құру,  бөлу  және  пайдалануға  байланысты  ақшалай,  яғни экономикалық қатынастардың ерекше аясын көрсетеді. Алайда бюджеттік қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.

Қандай да болмасын мемлекетте жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай- ақ қайта бөлу процестері ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру, қайта бөлу. Сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың атқарылуымен тікелей байланысты болады.

Мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей, қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары  қорларын жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы қатынастар болып табылады.

Мемлекетті реттеудің ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен реттеу болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттеу және ақша қорларын құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген тараптарға қаражаттарды бөліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.

Қаржыларды мемлекеттің және жеке мекемелердің ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет.

Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржылық қызметін тікелей жүзеге асыратын қаржылық органдар мен кредиттік, яғни мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы деген пікірге көптеген авторлар қосылуда. А.И. Худяков ұйымдастырылуы бойынша бюджет жүйесін мемлекеттің қаржылық мекемелері, яғни қаржылық ведомствалар, салық органдары, мемлекеттік банктер, мемлекеттік сақтандыру компаниялары құрайды деп түсіндіреді. Қаржылық органдар жүйесін әдетте қаржы министрлігі басқарады. Қаржы министрлігі, қаржылық басқармалар, аумақтардағы қаржылық басқару органдары, қазынашылық, қаржыларды басқаратын бірыңғай мемлекеттік басқару органдарының жүйесі болып табылады. Ұлттық банк басқаратын кредиттік мекемелер, қаржыларды жұмылдыруға ат салысатын салық органдары мен кеден мекемелері де қаржылық қызметті жүзеге асырады. Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімдерді бөлуге  байланысты экономикалық қатынастардың едәуір ауқымын қамтиды. Бюджеттік қаржылардың ақша сипатында болуы, олардың экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды экономикалық құндылық категориясына жататындығын және оларды жүзеге асыру нысаны болып табылатындығын көрсетеді. Бюджеттік қаржыларды экономикалық категория қатарына бөліп, жеке-дара шығаруымыз үшін олардың мағынасын зерттеп, зерделеп білуіміз қажет.

Экономикалық теория курсынан қоғамдық қатынастар құрамына кіретін ақшалай қатынастарды экономикалық қатынастар деп айтатынын білгенбіз. Ал экономикалық қатынастар өндірістік қатынастарға қосылатындықтан қоғамдық қатынастар жүйесінің басты бөлігі болып табылады. Сондықтан бюджеттік қатынастар өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде базистік қатынастарға жатады. Бюджеттік қатынастардың қалыптасуын және туындауын былайша көрсетеді: қоғамдағы ұдайы өндіріс процесі бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара тәуелді төрт сатыдан тұрады: өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну. Осы ұдайы өндірістің төрт сатысы қоғамдық өндіріс процесіне қатысушылардың арасындағы тауарлық қатынастардың баржоғы анықталады, өйткені өндірілген өнімдер бұл жерде сату-сатып алуға жататын тауарға айналады. Бұл өнімдер тұтынудан бұрын бөлу және айырбастау сатыларынан өту арқылы тек өнімді өндірушілердің ғана емес, солармен қатар қатынасқа қатысушылардың да талаптары мен мүдделерін қанағаттандыруға тиісті. Осыдан байқайтынымыз өндірілген материалдық немесе материалдық емес өнімдер, көрсетілген қоғамдық өнім ретінде заттай және ақшалай түрінде көрсетіледі. Бұл жерде өндірілген өнімдер мен басқа да қажетті заттар, қызметтер – ақшаның, яғни жалпыға бірдей балама және құндылық өлшемінің көмегімен өлшенеді. Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретіндегі қызметтері қоғамдық жиынтық өнімді бөлу кезінде анық көрінеді.

Экономика өмірінде ақша қаражаттары, әдетте, құнның баламалығы негізінде, яғни тауар және ақша түріндегі құнның қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалық принцип басқа да экономи- калық категорияларға – баға, өзіндік құн, жалақы төлеу, несие және т.б. тән болып табылады.

Бюджеттік қорды басқа ақша қаражаттарынан ерекшелендіріп тұратын өзгешелік, олар экономиканы басқарудың қандай да болмасын деңгейіндегі ақша түріндегі құнның біржақты қозғалысының негізінде құралады [3]. Сонымен, бюджеттік қаржылардың айрықша экономикалық категория ретіндегі өздеріне тән ерекшеліктері ақша түріндегі құнның міндетті түрдегі бір жақты, баламасыз қозғалысы болып табылатынын айқындадық.

Бюджеттік қаржылардың экономикалық табиғатына келсек, онда олардың тауар-ақша қатынастары (А-Т) пайдаланылуы қаржылардың көмегімен жүргізіледі. Орталықтандырылған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру жөніндегі міндетті түрдегі субъектісі, әрқашанда мемлекет болып табылатынын білдік. Мемлекеттен басқа қоғамдық өндіріске қатысатын субъектілердің ақшалай қызметтері, бюджеттік қызметке жатпайды, ал олардың ақша қаражаттары немесе ақшалай ресурстары (“А-Т”, “Т-А”) процесіне қатысатындықтан қаржы түсінігімен қамтылмайды деген тұжырымға келеміз.

Сонымен, қорыта келгенде бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақшалай кірістерін жиыстыру, бөлу және пайдалану процесінде туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Енді осы жоғарыда айтылған барлық ғылыми көзқарастарды тұжырымдасақ “бюджеттік қаржы” терминінің екі мағынасы бар екенін көреміз: 1) материалдық; 2) экономикалық категория ретінде. Материалдық мағынада “бюджеттік қаржы” деп мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз.

Мемлекеттік қаржылық ресурстары әрдайым белгілі бір ақша қорлары ретінде көрсетілгендіктен оларды жоспарлау, есепке алу және мақсатқа сәйкес жұмсау процестерін  жүзеге  асыруды қамтамасыз етеді және жеңілдетеді. Экономикалық категория ретінде “бюджеттік қаржы” деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Сонымен бюджеттік қаржылар терминінің мағынасын анықтадық. Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің бюджеттік қызметінің түпкілікті обьектісі болып есептелінеді бюджеттік қызметінің процесінде бюджеттік қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:

  • ақша қорларын жұмылдыру функциясы;
  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
  • бақылау функциясы.

Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, бюджеттік қаржылар туралы сөз қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай, мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өз мұқтаждығын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырады.

Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын шығындарда өтеуге байланысты бюджет қорларын пайдаланудан тұрады.

Үшінші функция мемлекеттің бюджет қорларын қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ қандай да болмасын шаруашылық субьектілерінің осы қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланулары кезіндегі барлық әрекеттерінің дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, нарықтық қатынастардың дамуы нәтижесінде жеке қаржылардың да маңыздылығы арта түсті, сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы жеке қаржыларды да қамтиды деген тұжырым кең етек алуда. Бұл пікірмен біз келіспейміз. Мұнда оның шектері мен әдістерін дұрыс айқындап алу керек. Мемлекеттің жеке қаржыларға құқықтық әсер етуі бұл қатынастардың мәніне қарай анықталып, өмірге белгілі бір құқықтық нысандарда енгізілуі тиіс.

 

 

Әдебиеттер

  1. Худяков А.И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы 2001. -95-бет.
  2. Худяков А.И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы 2001. -97-бет.
  3. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Серимов У.С. - “Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері”: -Алматы, 1999. - 175-бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.