Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеу экспериментінің тактикалық ережелерін пайдалану мүмкіндіктері

Қазіргі таңда тергеу экспериментінің тактикалық жəне психологиялық ережелері  өңделуді жəне жетілдіруді қажет етеді. Бұл орайда ең алдымен ҚР ҚІЖК 239-бабының заңдық нысанын өзгерту қажеттілігін туғызады. Ол аталған тергеу əрекетін жүргізу нəтижелерін дəлелдеме ретінде бағалауға тікелей əсер ететін бірқатар факторлармен байланысты.

Біріншіден, тергеу жəне сот тəжірибесін талдау барысында тергеу экспериментін жүргізу кезінде жол берілмейтін бірқатар кемшіліктерді кездестіреміз. Олар: тергеу эспериментінің тактикалық ережелерін сақтамау, іс жүргізушілік тəртіпті бұзу, тергеу əрекетін жүргізу барысында орын алатын субъективті кезеңдерді  толық ескермеу.

Екіншіден, тергеу эсперименті əрекеті тергеу, анықтау жəне сот органдары қызметкерлерімен кеңінен қолданылмайды. Бұл негізінен аталған қызметкерлердің тергеу экспериментін жүргізе алмауымен, қаражат жəне уақыт үнемдеу себептерімен түсіндіріледі.

Жоғарыда аталған жəне қазіргі таңда құқық қорғау органдары қызметі тəжірибесінде орын алып отырған жағдай бізді ҚР ҚІЖК 239-бабының заңдық нысанын өзгертуге итермелейді, жəне де бұл өзгерту енгізу нəтижесі ретінде тергеу экспериментінің тактикалық ережелерін толық жəне нақты түрде іс жүргізу заңдарында орын алады деп есептейміз.

Біздің ойымызша, заңда тергеу эксперименті əрекетін жүргізудің келесі төменде көрсетілген тұстарына өзгеріс енгізу қажет.

Біріншіден, ҚР ҚІЖК 239-бабының 1-бөлігіне сəйкес, эксперимент жүргізу барысында қандай да бір  мəн-жайларды  қабылдау, қандай  да бір  əрекеттерді  жасау, қандай  да бір  оқиғаның пайда болу мүмкіндігі тексеріледі, сондай-ақ орын алған оқиғаның реті жəне іздердің пайда болу механизмі анықталады. Бұл аталған заң нормасында тергеу экспериментінің түрлері көрсетіледі.

Тергеу экспериментінің түрленуі, ең алдымен, осы тергеу əрекеті алдында  тұрған мақсаттардан туындайды [2, 38 б.].

Көптеген əдебиеттерде тергеу экспериментінің алуан түрлі түрлерін сипаттауға қарамастан, бүгінгі күні тəжірибелі іс-əрекеттердің түпкілікті тізбегі жоқ. Сондықтан ұсынылған тергеу экспериментінің қандай да бір тізбегін негізгі деп қарастыруға болмайды.

Іс жүргізушілік құқық нормаларында көрсетілген тəжірибелік əрекеттер тергеу эксперименті мақсаттарын жүзеге асыруға септігін тигізеді, бірақ олар тергеу экспериментінің мəнін нақты жəне толық түрде ашпайды. Мұндай қорытынды жасау себебіміз, тергеу жəне сот тəжірибесінде орын алатын, тергеушінің тергеу экспериментін жүргізу барысында оның пəнін дұрыс анықтамау немесе оны дұрыс көрсетпеу жағдайларына байланысты. Өкінішке орай, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер сот жəне тергеу тəжірибесінде кеңінен орын алған. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда эксперимент тағайындаушы тұлға эксперимент түрін дұрыс анықтай тұра,  оның пəнін дұрыс құрастырып көрсете алмайды. Мысалы, автокөлік жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыстағы автокөлік фарлары жарығынан жолды дұрыс көре алмау нəтижесінен жолаушыны қағып кетеді. Осы тектес жағдайларда тəжірибе қызметкерлері қарсы бағыттағы қозғалыстағы автокөлік фарлары жарығынан жолды көрмеу қалу мүмкіндігін тексеру орнына, жолаушының көріну мүмкіндігіне бағытталған тергеу экспериментін жүргізеді [3, 166 б.].

Бұл кемшіліктер, ең алдымен, тергеу экспериментінің негізгі түрлерінің қылмыстық іс жүргізу заңдарында нақты бекітілмеуінен туындайды. Мысалы, ҚР ҚІЖК қандай да бір мəн-жайларды қабылдау мүмкіндігі тергеу экспериментінің түрі ретінде көрсетілген. Жоғарыда атап өткендей, эксперименттің бұл түрі тəжірибеде кеңінен таралған тəжірибелік тексеру түрі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде эксперименттің бұл түрінің атауы дұрыс көрсетілмеген деп есептейміз. Белгілі бір мəн-жайды қабылдау барысында ол мəн-жайды бақылау процесі де орын алады, сондықтан да біздің ойымызша, тергеу экспериментінің бұл түрін қандай да бір мəн- жайларды қабылдау жəне бақылау мүмкіндігі деп атау қажет.

Эксперименттің болған оқиға реттілігін анықтау түрі Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жалпы болған оқиғаның жəне оның бөліктерінің реттілігін анықтау деп аталуы керек деп есептейміз.

Тергеу эксперименті күрделі тергеу əрекеттерінің бірі болғандықтан, оның дəлелдемелерді зерттеуіне, бағалауына көптеген факторлар əсер етеді, өйткені ол факторларға аталған тергеу əрекетінің  нəтижесі тəуелді.

Тергеу экспериментіне психофизиологиялық факторлардың əсер етуінің қажеттілігін ескеру сияқты жағдайлар жоғарыда айтылып кетті.

Көзделген жағдай, кейбір криминалистік əдебиеттерде де аталады, бірақ оған қарамастан  ол əлі күнге  дейін заңда  өз  көрінісін  тапқан жоқ.

Аталған процестер тергеу экспериментінің шеңберінде жиі  кездеседі.  Белгілі  бір  фактіні адам өзінің биологиялық, психологиялық, əлеуметтік жай-күйіне қатысты қабылдайды жəне қайта жаңғыртады. Сондықтан, біз тергеу экспериментінің шеңберіндегі қабылдау процесін айта тұра сезу, ойлау, есте сақтауды шетте қалдырып отырған жоқпыз, өйткені олар аталған тергеу экспериментінің барысында  біртұтас процесті құрайды.

Сот жəне тергеу тəжірибесі аталған психологиялық процестердің əр түрлі тергеу экспериментінің түрлерінде кездесетіндігін қуаттайды. Ал олардың ішінде көруге, естуге бағытталған түрлері аса маңызды рөлге ие. Бірақ, тергеу экспериментінде тəжірибелік қызметкерлер материалдық жағдайды модельдей отырып, субъективті жағдайларды ескермей шетте қалдырады. Олар, өз алдына аталған тергеу əрекетінің нəтижесінің шынайылығына əсер етеді. Тергеу экспериментінің нəтижесі фактілік деректерден тұрады. Фактілік деректер арқылы тергеу барысында нақты құбылыстар, фактілер анықталады. Аталған тергеу əрекетінің нəтижесін бағалау күрделі процесс, олардың шынайылығы объективтік жəне субъективтік факторларға байланысты болады. Тергеу экспериментінің нəтижелерін дəлелдеме ретінде бағалау процесін авторлар əр алуан қарастырады.

Мəселен, Р.С. Белкин, Н.И. Жукова, А.М. Жуков сияқты авторлар, тергеу экспериментінің нəтижелерін бағалау оның мақсатына, қайта жаңғыртылған жағдайына, жасалған тікелей тəжіребиелік əрекеттеріне байланысты болса да, оларды басқа іс бойынша дəлелдемелермен салыстыру қажет - дейді.

Сонымен қатар, материалды жағдайды тергеу экспериментінде қайта жаңғырту болған жағдайларға барынша ұқсас болуы барлығына мəлім, өйткені ол заңда өзіндік көрініс тапты.

Осыған қатысты материалды жағдайларды оқиғаның жағдайларына барынша ұқсастыру тергеу экспериментінің ең маңызды тактикалық жағдайы екендігі мəлім [4, 13 б.].

Бірақ, оған қарамастан, тергеу тəжіребиесінде əлі күнге дейін аталған тактикалық жағдайды ескермеу сияқты жағдайлар кездеседі. Оған, əсіресе метеорологиялық жағдайдың қылмыс оқиғасы болған ауа-райына сəйкес болмауы, тергеу экспериментінің зерттелетін оқиға болған жерде жасалмауына қатысты жағдайлар жатады.

Тəжірибелік əрекеттерді модельдеу дегеніміз - біртұтас сынама тəжірибелердің мазмұны, жасалған саны жəне олардың реті. Көптеген қылмыстық істер бойынша, тергеуші тергеу экспериментін бақылап отырып, олардың жасалу механизмін, оның ішінде тəжірибелік əрекеттердің санын, қатысушылардың тəжірибені жасау тəртібін хаттамада бекітпейді. Тергеу экспериментінің нəтижелерін бағалауда субъективті факторлардың ескерілмейтінін біз қарастырдық. Осындай тəжірибедегі кемшіліктерді жою үшін, аталған  жағдайларға “процесуалдық нысан” бергеніміз жөн. Яғни, қылмыстық процессуалдық заңда тергеу экспериментінің нəтижесін бағалау объективті жəне субъективті факторлардан жəне тəжірибелік əрекеттің модельденуінен туындауы қажет – деген анықтама міндетті түрде орын алу керек.

Аталған жағдайлар заңда көрініс тапса, осы жəне т.б., сот жəне тергеу экспериментіндегі кемшіліктерді жоюға болады.

Эксперимент барысында материалдық ортаны жаңғыртудың маңызы зор. Бірақ, бұл мəселелер қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілгенімен сот жəне тергеу практикасында материалдық ортаны модельдеуде əлі де болса кемшіліктер орын алады. Аталған кемшіліктер тергеу экспериментінің шынайылығына əсерін тигізеді.

Сонымен қатар, тəжірбиеде тергеу экспериментінің субъективті факторларын модельдеудің де кемшіліктері орын алып отыр. Егер айтылған ережені қылмыстық іс жүргізу заңында бекітетін болсақ, аталған кемшіліктердің алдын алу мүмкін болар еді. Сонымен, сот жəне тергеу өндірісінің тəжірибесін басшылыққа ала отырып, қылмыстық-процессуалдық заң нормаларында тергеу экспериментінің психологиялық аспектілерін модельдеу орын алу керек деп ойлаймыз.

Аталған жағдай, қылмыстық іс жүргізу заңында: “Тергеу экспериментін жүргізу барысында, тергеуші қылмыстық оқиғаның қандай да бір фактісін қабылдаған тұлғаның эмоционалдық жəне ішкі жан-күйін, яғни, психикалық жағдайын модельдеуі қажет” - деп көрсетілуі керек.

Тергеу жəне сот тəжірибесі, əрбір екінші жүргізілетін эксперименттің белгілі бір адамдардың жауаптарын тексеруге бағытталатынын дəлелдеп отыр. Сондықтан, сезікті мен айыпталушы міндетті түрде қатысуы криминалистік тұрғыдан тиімді, бірақ ол аталған адамдардың конституциялық құқықтарына қайшы келмеуі керек, яғни, олардың экспериментке қатысуы конституциямен қорғалатын құқықтарының  шеңберінде жатқандығын ескеруіміз қажет.

Сондықтан, аталған жағдайлар қылмыстық процессуалдық заңда өз көрінісін табуы қажет.

Жоғарыдағы ережелердің тергеу экспериментіне қатысатын куəлар мен жəбірленушілерге де қатысы бар.

Осыған қатысты Р.С. Белкин, жəбірленуші тергеу экспериментіне екі түрлі жағдайда: біріншіден, эксперименттің жағдайын қайта жаңғыртуға көмектеседі, екіншіден, жауаптарын тексеру мақсатында қатысуы мүмкін – дейді [5, 265 б.].

Айтылған ережемен келісу қиын, өйткені жəбірленуші мен куəнің тергеу экспериментіне қатысу жағдайы сезікті мен айыпталушының қатысу жағдайларымен бірдей, сондықтан автор көрсеткен жағдайлардың куəлар мен жəбірленушілерге де қатысы болмақ.

Қажет болса, тергеу экспериментіне сарапшы мен маман да қатыса алады.  Тергеу эксперименті барысында маманның қатысуы аса қызықты жəне қажетті рөлге ие. Ол экспериментке дəлелдемелерді жинау, зерттеу жəне бағалаумен қатар, ғылыми техникалық құралдарды  қолдану кезінде  аса маңызды көмек көрсетеді.

Атап айтсақ, маманның эксперимент барысында көмек көрсетуі, аталған  тергеу  əрекетінің түрі мен мазмұнына  байланысты болады.

Маманның тергеу экспериментінде жол көлік оқиғаларына қатысты істерде жиі қатысатындығын сот жəне тергеу тəжірибесі дəлелдеп отыр. Мұндай істерге байланысты, мамандар ретінде МАИ қызметкері, сараптама ұжымының қызметкерлері қатыса алады. Сондай- ақ, мамандар тергеушіге дəлелдемелерді алуға, бекітуге ғана көмектеспей, сонымен қатар, олар тергеу экспериментін жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларды сақтауға қатысты мəн-жайларға көңіл  бөлуге тиісті жəне  бұл  туралы  тергеушіге ескертулер жасағаны жөн.

Мысалға, маман жол көлік оқиғаларына байланысты тергеу экспериментіне қатысса, яғни, МАИ қызметкері ретінде, онда ол тергеу эксперименті жүргізілетін жерді қоршау, уақытша ол жерде  жолаушылар  мен  көлік  құралдарының  жүруін  тоқтатуға  қатысты  шараларды    шешеді.

Аталған шаралардың сақталынбауы тергеу экспериментін жүргізудің теріс ықпалына əкеп  соғады (мысалы, көліктің басқа объектілермен соқтығысуы).

Тергеу экспериментіне сарапшының қатысуы да маңызды рөлге ие. Көптеген уақыт бойы сарапшы мен маманның экспериментке қатысуына байланысты даулар туындаған, олар аталған тұлғалардың өкілеттілігінің бір-біріне ұқсастығының нəтижесінде пайда болды. Бірақ, қазіргі кезде, олардың құқықтары мен міндеттерінің бір бірінен ажыратылуының нəтижесінде аталған дау шешілді деп тұжырымдай аламыз.

Қорыта келгенде, тергеу экспериментінің қатысушыларына қатысты жоғарыда аталған тактикалық ережелері ҚР ҚІЖК 239-бап 4-бөлігінде төмендегідей көрініс табуы керек:

Тергеу эксперименті куəгерлердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тергеу экспериментіне өздерінің келісімімен жəне айрықша жағдайда сезікті, айыпталушы, жəбірленуші, куə қатыстырылуы мүмкін. Сол сияқты, қажет болғанда жəне олардың келісімімен маман, сарапшы, қорғаушы жəне тəжірибелік іс қимылдарды жүргізетін адамдар қатыстырылуы мүмкін. Экспериментке қатысушыларға оның мақсатымен толық түрде, ал жүргізілу тəртібімен қатысушылардың əрқайсысы тек қажетті шекте ғана таныстырылуы қажет.

Қорыта айтқанда, тергеу экспериментінің түрлері қылмыстық іс жүргізу заңында түгел талданып көрсетілуі керек, сонымен қатар сезікті, айыпталушы, жəбірленуші, куə тергеу экспериментінде айрықша түрде міндетті қатысушылары болып көрсетілуі керек. Сондай-ақ субъективті факторларды модельдеу тергеу экспериментінде процессуалдық нысанға айналуы керек.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1997 ж. 16 шілде. 01.2011 ж. өзгертулер мен толықтырулар.
  2. Қазақстан Республикасының ҚІЖК 1997 жылғы 16 шiлдедегi 2010 ж. толықтырулар мен өзгертулермен
  3. Дулов А.В. Вопросы судебной психологии. – Минск. - 164 с.
  4. Криминалистическая тактика: //учебник // под ред. А.Я. Гинзбург, Р.С. Белкин. - Алматы: Изд. Аян Əдет. -1998. - 478 с.
  5. Жəкішев Е.Г. Криминалистік тактика. - Алматы: Жеті Жарғы. -1997. - 92 б.
  6. Белкин Р.С. Криминалистика: // учебник. - М., 1987. - 339 с

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.