Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызметтің қалыптасу тарихы

Мемлекеттік қызмет мемлекеттің негізгі институттарының бірі болып табылады жəне өзінің табиғаты бойынша терең тарихқа ие.

«Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл- ауқатының артуы» атты Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында елбасымыз мемлекеттік қызметтің жаңа заңнамалық жəне институционалдық базасы құрылуы тиіс мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтің əртүрлі аспектілерінің құрылуы мен қызмет етуін анықтау тек мемлекеттік басқару аясындағы мамандарға ғана емес, сонымен қатар білімді адамдардың кең ауқымына да қажет болып отыр.

Шүбəсіз, Қазақстанда, кез келген өзге мемлекеттегі сияқты, əлемдік тəжірибеге негізделсе де, айрықша белгілері мен құрылымы бар мемлекеттік қызметтің өзіндік моделі əрекет етуде. Бұл бірінші кезекте еліміздің тарихи тəжірибесімен, ұлттық дəстүрлерімен, мемлекетімізде əрекет етуші құқықтық жүйемен жəне т.б. байланысты. Осыған орай мемлекеттік қызметтің ғылыми- теоретикалық түсінігі, сонымен қатар республикамызда бүгінгі таңда қалыптасқан ғылыми жəне құқықтық жүйеге сəйкес осы түсініктің мазмұны үлкен қызығушылық тудырады. Бірақ мемлекеттік қызмет түсінігін тек Қазақстандағы бар арнайы нормативтік құқықтық базаның негізінде ғана зерттеу, менің ойымша, дұрыс емес. Мəселені толығымен ұғыну үшін оның қалыптасуы мен дамуының тарихын, мемлекеттік қызметтің бар болмысын көрсету маңызды болып табылады [1, 3 б.].

Жалпы, мемлекеттік қызметті екі түрлі жолмен қарастырған жөн: ғылыми-теоретикалық жəне мемлекеттік-қызметтік құқықтық қатынастардың нормативтік құқықтық реттелуінің тəжірибесі тұрғысынан. Сəйкесінше, теория бойынша мемлекеттік қызметті қоғамдық, саяси, əлеуметтік, құқықтық жəне ұйымдастырушылық аспектілерінде қарастыруға болады.

Мемлекеттік қызмет «қоғамдық категория ретінде – мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқаратын тұлғалардың мемлекет тапсырмасымен қоғамдық пайдалы қызметті кəсіби жүзеге асыруы» болып табылады.

Саяси аспектіде ол мынаны білдіреді: «мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамда жəне мемлекетте барлық саяси күштермен жасалған мемлекеттік-саяси мақсаттар мен міндеттерге жету бойынша қызмет».

Əлеуметтік аспект – «бұл мағынада мемлекеттік қызметтің нəтижелілігінің, тəжірибенің жəне оның қызмет етуінің мəселелерінің көріну дəрежесі маңызды болып табылады».

Құқықтық мағынада мемлекеттік қызмет – мемлекеттік-қызметтік қатынастарды, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің міндеттерін, шектеулерін, ынталандыруды, жауапкершілігін, кіру тəртібі мен өткеруді, тоқтатылуын жəне өзге де құқықтық мəселелерді анықтайтын құқықтық нормалардың жүйесін білдіретін институт ретінде үлкен қызығушылық тудырады. Осыған байланысты «мемлекеттік қызмет – əртүрлі құқық салаларының нормаларынан тұратын жəне өзіне көптеген кішігірім институттарды қосатын кешенді құқықтық институт» екендігін атап өткен жөн. Ал ұйымдастырушылық аспектіде мемлекеттік қызмет мемлекеттік аппараттың қызмет етуі, оның қызметінің ұйымдастырушылық жəне іс жүргізушілік негіздері тұрғысынан  қарастырылады [2, 115-116 бб.].

Осылайша, мемлекеттік қызметті ғылыми танымның əр  түрлі  жақтарынан қарастыруға болады, яғни, мемлекеттік қызмет «кең» жəне «тар» мағыналарда қарастырылады.

«Кең» мағынадағы мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органдарды басқару қызметін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың аппаратында, заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі органдарын қоса алғанда, тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық тұлғалардың тəжірибелік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады. Мəселен, А.П. Алехин мен Ю.М. Козлов «кең» мағынадағы мемлекеттік қызметті мемлекеттік ұйымдардағы: мемлекеттік билік органдарындағы, мекемелердегі, кəсіпорындардағы, өзге ұйымдардағы қызметкерлердің өз міндеттерін жүзеге асыруы ретінде анықтайды. Ал «тар» мағынадағы мемлекеттік қызмет – қызметкерлердің өз міндеттерін тек қана мемлекеттік органдарда жүзеге асыруы болып табылады [3, 135-137 бб.].

Республикамыздағы  мемлекеттік қызметті де көптеген басқа елдердегі сияқты, «кең»  жəне «тар» мағыналарда қарастырамыз. Яғни, «кең» мағынадағы мемлекеттік қызмет – мемлекеттік органдарды басқару қызметін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың аппаратында, заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі органдарын қоса алғанда, тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын барлық тұлғалардың тəжірибелік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік қызмет болып табылмайтындар: жеке меншіктегі емес, мемлекеттік болып табылатын білім беру мекемелерінің, денсаулық сақтау мекемелерінің, ғылым, мəдениет, пошта-телеграф байланысының, полиция жəне өзге де мекемелердің жұмысшыларының қызметі. Ал «тар» мағынадағы мемлекеттік қызмет – қызметкерлердің өз міндеттерін тек қана мемлекеттік органдарда жүзеге асыруы болып табылады. Яғни, «тар» мағынада оған тек орталық жəне жергілікті    деңгейдегі    мемлекеттік    биліктің атқарушы  органдарының саяси, əкімшілік қызметшілері, сондай-ақ Парламенттің, Президент Əкімшілігінің кейбір қызметшілері ғана  кіреді [4, 6-8 бб.].

Сонымен, 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-I «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, мемлекеттік қызмет туралы заңдар Конституциядан, мемлекеттік қызмет туралы заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Осылайша, Заңмен жəне оған сəйкес қабылданған заңға тəуелді актілермен Қазақстандағы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталатын «тар» мағынадағы мемлекеттік қызметтің моделі анықталады.

Заңға сəйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi болып табылады [5].

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің заңнамалық түсінігі оны мемлекеттік органдардағы, негізінен, биліктің үш тармағы: заң шығарушы, атқарушы жəне  сот органдарындағы қызметшілердің кəсіби қызметі ретінде «тар» мағынада қарастырады.

Жалпы, мемлекеттік қызмет – мемлекетпен, сəйкесінше, оның міндеттерімен, қоғам өміріндегі рөлімен жəне орнымен тығыз байланысты күрделі мемлекеттік-құқықтық категория болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтының күрделілігі мен көпжақтылығы ғалым- құқықтанушылардың, мемлекеттік құрылымдардың тəжірибе жұмыскерлерінің көңілдерін айтарлықтай маңызды аудартады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет мəселелері барлық посткеңестік республикаларда заңнамалық реттеу тапқан. Танытылған қызығушылықтың мұндай кең ауқымы бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, егеменді мемлекеттің құрылуының алғашқы кезеңі мемлекеттік органдардың мəнін, мемлекет қызметінің нысандарының жəне мемлекеттің функцияларының сəйкестілігін анықтау болып табылады. Екіншіден, мемлекеттің негізгі міндеттері мен қызметтерін орындау үшін органдардың жүйесі ретінде мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуын нақтылау талап етіледі. Үшіншіден, мемлекеттік қызмет мемлекеттік ұйымдастырылудың шеңберінде өзіндік ұйымдастырылу-құқықтық институтты құрай отырып, сəйкесінше, нормативтік-құқықтық реттелуді талап етеді. Бұл құқықтық институтпен реттелетін қоғамдық қатынастар айтарлықтай көлемді жəне мазмұны бойынша əр алуан, себебі жалпы, сондай-ақ жеке нақты мемлекеттік-құқықтық қатынаста мемлекет қызметтері көрініс табады жəне тəжірибеде іске асырылады.

Біздің республикамыздағы мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелу тұжырымдамасының қалыптасуының айтарлықтай қиын жəне кезеңді жолы бар.

Бірінші кезеңде республикадағы мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуының мəселелері кеңестік заңнамамен реттелді. Кеңестік кезеңнің негізгі сипатты белгісі болып мемлекеттік қызмет туралы бірыңғай кеңестік заңнаманың болмағандығы табылады. Алайда, кеңестік дəуірде мемлекеттік қызмет мəселелері құқықтық реттелмеді деу, əрине, əділетсіз болар еді. Мемлекеттік қызмет туралы бірыңғай кеңестік заң болмағанымен, КСРО-дағы мемлекеттік қызмет реттелген көптеген ведомстволық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер болды [1, 53 б.]. Бірақ бұл актілер жүйелендірілмеген жəне жекеленген сипатта болды. Сондықтан кеңес дəуірінің заң əдебиеттерінде кеңестік мемлекеттік қызметтің міндеттері мен негізгі қағидалары, лауазымның құқықтық жағдайы, мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу шаралары, олардың қызметтік теріс қылықтары үшін жауапкершілігі, мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері мен тəртібі тəрізді нақты сұрақтар өз шешімін жəне бекімін табуы тиіс мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актіні қабылдау қажеттілігі жайлы ойлар бірнеше рет айтылған болатын [6, 38 б.]. Бірақ жоғарыда аталғандай, кеңестік кезеңде мемлекеттік қызмет туралы өзіндік заңнамалық акт қабылданған жоқ, ал бұл саламен байланысты көптеген қатынастар жалпыкеңестік жəне республикалық еңбек құқығы нормаларымен жəне көптеген жалпыкеңестік жəне республикалық маңыздағы ведомстволық нормативтік заңға тəуелді актілерімен реттелді.

Екінші кезең – Қазақстанда мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерінің қалыптасуының жаңа кезеңі, ол егемендікті алумен басталды. Яғни, 1996 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы күшіне енді. Бұл Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуының негіздері анықталған, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы бекітілген алғашқы нормативтік құқықтық акт болды.

Заң күші бар Президент Жарлығы мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуде үлкен маңызға ие болды. Қазақстан Республикасының заң шығарушылық  тəжірибесінде тұңғыш рет мемлекеттік қызметтің қағидалары анықталды, оның ішінде мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы қағидасы негізгілердің бірі деп танылды. Жарлыққа сəйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға жəне мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың кəсіби қызметі болып табылады. Бұл нормативтік құқықтық актіде мемлекеттік қызметшілердің  негізгі құқықтары мен міндеттерімен қатар, мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулер шеңбері бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Яғни, заңнамаға сəйкес мемлекеттік қызметшінің депутат болуға, кəсіпкерлік қызметпен айналысуға, жеке мақсаттарына мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты пайдалануға, ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне жəне қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін əрекеттерге қатысуға, үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; лауазымдық өкілеттіктерін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.

Мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңмен салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, Жарлықтың 13бабының нормасымен салыстырғанда, жаңа заңда бұл норманың кейбір ережелері нақтырақ жəне айқын көрініс тапқанын атап өткен жөн. Мəселен, қолданыстағы заңның нормаларына сəйкес, мемлекеттік қызметке белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалар, мемлекеттік қызметке кірер алдында үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған тұлғалар қабылданбайды. Заңнамамен мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға өзге де негіздер қарастырылған.

Бірінші нормативтік актіге оралатын болсақ, мемлекеттік қызмет туралы Жарлықпен органның ұйымдастырушылық-құқықтық деңгейіне, нақты лауазымның ауқымы мен өкілеттіктерінің сипатына байланысты, Премьер-Министр лауазымынан бастап, селолық жəне ауылдық атқарушы органдардың мамандарымен аяқталатын, мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының сегіз санаты анықталғанын атап өтуіміз керек. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының сəйкес классификациясы мемлекеттік органның құрылымындағы нақты лауазымның мақсаты мен орнын анықтау үшін жасалған болатын.

Мемлекеттік қызмет туралы бірінші нормативтік құқықтық актінің сөзсіз жағымды жақтарының бірі болып оған сəйкес бұрын аз қолданылған іріктеу əдісі – мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасуға конкурсты енгізу табылды (мемлекет лауазымдарының санаттарына). Мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасуға конкурсты жаппай енгізу азаматтардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізу құқығы – конституциялық нормасын іске асыруға байланысты маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің иеленіп отырған лауазымына жəне қызметтік перспективасына сəйкестігін анықтау үшін, олардың кəсіби дайындығының деңгейін бағалау үшін алғаш рет заңшығарушылық деңгейде мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау институты енгізілді. Неғұрлым толық құқықтық реттелуге мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері, мемлекеттік қызметшілерді   əлеуметтік  қорғау  шаралары, мемлекеттік     қызметшілерді     зейнетақымен қамтамасыз  ету  мəселелері  жəне  т.б.  сияқты  мемлекеттік  қызметті  маңызы  зор    құраушылар ұшырады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Президент Жарлығының – алғашқы республикалық нормативтік құқықтық актінің жоғарыда аталған артықшылықтарымен қатар, тəжірибе оның кемшіліктерін де көрсетіп берді. Ең алдымен Жарлықтың нормалары лауазымды жəне өзге де тұлғалардың неғұрлым аз шеңберіне таралды. Басқа лауазымды тұлғалардың құқықтық мəртебесі бірнеше нормативтік актілермен реттелді, бұл белгілі бір құқықтық тепе- теңдіктің сақталмауын тудырды. Жəне егер конституциялық органдардың жеке тұлғаларына қатысты бұл неғұрлым ақталған болып көрінсе, ал басқа лауазымды тұлғаларға қатысты бірқатар белгісіздік туындатты. Осылайша, мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға байланысты қатынастарды реттеуде көрсетілген актінің құқықтық əрекет ету аясы тарыла берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы Жарлықтың кейбір нормалары, баптары мүлдем жұмыс істемеді. Мысалы, жоғары тұрған əкімнің қызметтен кетуі автоматты түрде төмен тұрған əкімдердің де қызметтен кетуін білдірді. Ал облыстық атқарушы органның басшысының жиі ауысуының қазақстандық тəжірибесі тиісті жергілікті мемлекеттік басқару барысына кері əсерін тигізбеуі мүмкін емес еді. Мəселен, мемлекеттік қызметшілердің заңнама туралы пікірлерін    білу мақсатында жүргізілген сауалнама «мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтерінде негізгі мəселелердің бірі деп өз мансаптарының анықталмағандығын, əсіресе, басшылық ауысқан кезде қызметкерлердің айтарлықтай бөлігінің жаңа тағайындалғандармен ауысатындығын санайтындығын» көрсетті.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа заңның қабылдануы да Мемлекеттік қызмет туралы Жарлықтың көптеген баптарын өзгерту үшін маңызды негіз болып табылды, себебі оның көптеген нормалары зейнетақы туралы заңға қарама-қайшы болды. Еңбек туралы жаңа заңды қабылдаумен байланысты да өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болды.

Мемлекеттік қызметшілерді кадрлық резервпен қамтамасыз ету мəселесіне келетін болсақ, ол да өз дамуын тапқан жоқ, өйткені оның қалыптасуының құқықтық негіздері соңына дейін анықталмаған болды.

Осы жəне өзге де себептер республикамызда мемлекеттік қызметті кезекті реформалаудың қажеттілігіне себепші болды.

Үшінші кезең – бар саяси жəне құқықтық шынайылыққа сəйкес келуге тиіс  мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қабылдаумен белгілі болған мемлекеттік қызмет аясындағы қатынастарды құқықтық реттеудің үдерісі болып табылады. Менің ойымша, үшінші кезеңнің басты ерекшелігі болып – мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заңның қабылдануымен бір уақытта республикамызда мемлекеттік қызметтің нəтижелілігін арттыру мақсатында Заңның сəйкес нормаларын кедергісіз іске асыруды қамтамасыз ету үшін нормативтік актілердің бірқатар кешендерінің қабылдануының бірге жүргендігі табылады.

Олар: Республика Президентінің, Үкіметтің актілері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің актілері. Бұлардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары болып мыналар табылады: 18 қыркүйек 1998 жылғы №4075 «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан əрі жүргізілетін шаралар туралы», 3  желтоқсан 1999 жылғы №280 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мəселелері», 29 желтоқсан 1999 жылғы №317 «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тəртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы», 21 қаңтар 2000 жылғы №327 «Мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы», 10 наурыз 2000 жылғы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тəртібі туралы ережені бекіту туралы», 13 сəуір 2000 жылғы №372 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мəтінін жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тəртібін бекіту туралы», 4 желтоқсан 2003 жылғы №1243 «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы», 3 мамыр 2005 жылғы №1567 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы», 31 мамыр 2005 жылғы №1583 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау жəне біліктілігін арттыруды  одан  əрі  жетілдіру  жөніндегі  шаралар  туралы»,  30  маусым 2005 жылғы №1598 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана жəне Алматы қалаларындағы тəртіптік кеңестері жəне Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары жəне т.б.

Мемлекеттік-қызметтік қатынастарды реттейтін актілердің кешеніне 3 желтоқсан 1999  жылғы №169 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін, 10 наурыз 1999 жылғы №218 «Облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының тəртіптік кеңестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын, 20 қаңтар 2000 жылғы №99 «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға берудің тəртібі туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысын, 29 тамыз 2001 жылғы №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету жəне лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Үкімет қаулысын, сонымен қатар 24 қараша 1999 жылғы №А-202 «Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығын да жатқызуға болады.

Осылайша, мемлекеттік қызмет туралы негізгі Заң қызметтік қатынастарды кешенді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік жəне өзге де актілердің айтарлықтай кең тізімімен толықтырылды [1, 53-57 бб.].

Əрине, бұл көрсетілген актілер мемлекеттік-қызметтік қатынастардың барлық жақтарын толығымен реттейді деп айтуға болмайды. Өйткені, мемлекеттік қызметті реформалау – шет елдердің  мемлекеттік  қызметінің  қалыптасуы  мен  дамуының  тəжірибесі  көрсеткендей, ұзақ мерзімге созылуы мүмкін айтарлықтай күрделі үрдіс болып табылады. Сонымен қатар, қосымша нормативтік актілерді қабылдаудың қажеттілігі туындайды, мəселен, мемлекеттік қызмет істері бойынша дауларды қараудың тəртібі, мүмкін, муниципалды қызметшілердің мəртебесін анықтау мен нақтылау бойынша жəне т.б.

Бірақ, осы жағдайларға қарамастан, бүгінгі таңда республикамыздағы мемлекеттік қызмет мəселелері айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Əрине, мемлекеттік қызметтің  қазақстандық моделі пайда болды десек асығыстық болар. Бірақ, мемлекеттік қызметтің біркелкі жаңа моделі жұмыс істей бастады деу əсірелеп айтқандық болмас еді, себебі, мемлекеттік қызмет туралы Жаңа заңның қабылдануымен отанымызда түбегейлі өзгерістер орын алды.

 

 

Әдебиеттер

  1. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана: / Коллектив авторов. –Астана: Институт законодательства Республики Казахстан, 2003. – 476 с.
  2. Старилов Ю.Н. Служебное право: учебник. – М.: Бек, 1996. – 348 с.
  3. Административное право Российской Федерации / под ред. А.П. Алехина, Ю.М. Козлова. – М., Часть 1. – 408 с.
  4. Байменов А. Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель. – Астана: Фолиант, 2000. – 351 с.
  5. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453-І Заңы (2010жылдың 29 желтоқсанында берілген өзгертулер мен толықтырулармен).
  6. Манохин В.М. Правовое регулирование советской государственной службы // Советское государство и право. – 1998. - №1. – 60 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.