Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңды жауапкершілік институттың теориялық негіздері

Заң ғылымында заңды жауапкершілік институты ерекше орын алады. Жауапкершілік деген түсінік көп мағыналы. Ол саяси, моральдік жəне заңды жауапкершілік болуы мүмкін. ҚР Конституциясының 34 бабында “əркім ҚР Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын; абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті” делінген. Бұл аспектіде жауапкершілік адамдарда өз міндетіне деген дұрыс көзқарасты тəрбиелейтін фактор, құқыққа сай жүріс-тұрысты насихаттайды деуге болады.

Заңды жауапкершілікке əркім өзіндік түсінік береді. О.Ф. Иваненконың айтуынша “заңды жауапкершілік – құқық бұзушының жағымсыз салдарға төзуі, белгілі бір мемлекеттік мəжбүрлеу нысанын өз басынан өткізуі ” [1, 4 б.].

Ал Б.Т. Базылев “заңды жауапкершілік өз табиғаты бойынша қорғаушы құқықтық қатынас, ал сыртқы пішіні – жазалаушы құқықтық байланыс” дейді [2, 122 б.]. Заңды жауапкершілік – бұл да міндет, бірақ мəжбүрлеп орындалады, егер бұл міндет жүктелегн тұлға ерікті түрде орындалмаса [3, 4 б.].

Заңды жауапкершілік дегеніміз – арнаулы органдар немесе лауазымды тұлға түріндегі мемлекет пен құқық бұзушының арасындағы тиісінше айырулар мен қарсы əрекеті үшін жағымсыз салдарға төзу міндеті жүктелетін құқық нормасын бұзудан туындайтын құқықтық қатынас. Жеке сипаттағы (мысалы, бас бостандығынан айыру), мүліктік (мысалы, айыппұл) немесе ұйымдық сипаттағы (мысалы, жұмыстан шығару) шектеулер осындай зардаптар болуы мүмкін [4].

Əлеуметтік жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретіндегі заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар: а) мемлекет құқық нормаларында белгілеген; ə) мемлекеттік мəжбүрлеуге сүйенеді; б) арнаулы уəкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар іс жүргізу тəртібімен қолданады; в) құқық бұзушы үшін нақты теріс зардаптардан көрінеді жəне қосымша міндеттер жүктеумен байланысты; г) тек қана жасалған құқық бұзушылық үшін туады жəне қоғамның бетіне басумен байланысты.

Заңды жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субъектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тəртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Заңдық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа  кінəліні жазалау (жазалау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру жəне келтірген зиянды өндіріп алу, ысырапты өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада заңды мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру жəне заңдық жауапқа тартылушы субъектінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу. Құқық бұзушылықтардың түрлеріне қарай заңдық жауапкершілік былайша жіктеледі:

  • қылмыстық, тек қана қылмыс үшін жəне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық атқару заңдарына сəйкес соттың үкімі бойынша ғана қолданалатын ең қатаң түрі;
  • əкімшілік, яғни əкімшілік теріс қылық жасағаны үшін, қызмет міндеттерін орындаумен байланысы жоқ түрі;
  • азаматтық, шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын түрі;
  • тəртіптік, тəртіптік билігі бар лауазымды адамдардың тəртіптік теріс қылық үшін қолданылатын түрі.

Тəртіптік жауапкершілік ішкі еңбек тəртібінің ережелеріне сəйкес, бағыныштылық тəртібімен, кейбір салаларда қолданылатын тəртіптік жарғылар мен ережелерге сəйкес пайда болуы мүмкін;

  • материалдық, еңбек міндеттерін орындау кезінде ұйымға келтірген залал үшін болатын түрі.

Заңды жауапкершіліктің əр түрінің өзіне тəн мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары бар. Оларды мемлекеттік мəжбүрлеудің басқа шараларымен шатастырмаған жөн, ал оларға: құқық бұзушыны жауапқа тартпай-ақ, бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін қолданылатын қорғау шаралары (алименттерді мəжбүрлеп өндіріп алу жəне т.б.); құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, яғни ол жасалғанға немесе аяқталғанға дейін формальды түрде жəне демек, жаза ретінде емес, сақтық ретінде қолданылатын тыю шаралары (кетпеуі түралы тілхат, ұстау жəне т.б.); мəжбүрлеп алдын алу сипатындағы шаралар (карантин, дүлей зілзалалар немесе бұқаралық шаралар жағдайларында жүріп-тұру еркіндігін шектеу), қоғамға қауіпті əрекеттер жасағаны үшін кəмелетке толмағандарға тəрбиелік ықпал жасаудың мəжбүрлеу шаралары немесе медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары (ақыл-есі кемістерге, маскүнемдер мен нашақорларға, жезөкшелерге жəне айналасындағылар үшін ерекше қауіпті аурулар жұқтырғандарға); меншік иесінің мүлкін оның құнын тең етіп өтіп, мемлекеттік мұқтаждар үшін мəжбүрлеп иеліктен айыру ретіндегі реквизициялау жатады.

Заңды жауапкершілік мемлекеттік мəжбүрлеумен байланысты. Бірақ заңды жауапкершілікті тек мемлекеттік жауапкершілікпен теңестіруге болмайды. Заңды жауапкершілік  құқықтық қатынас ретінде оның бір тарапты құқық бұзушы белгілі бір айыруларға, жазаларға төзуге міндетті. Жауапкершілік – мəжбүрлеудің өзі емес, ол құқықтық нормалардың санкцияларына сəйкес төзу міндеті болып табылады. Яғни, құқық бұзушыға мемлекеттік мəжбүрлеу шарасын қолдану заңды жауапкершілікті жүзеге асыру [5].

Қазақстанда заңды жауапкершіліктің кез келген түрі заңдылық (жауаптылық тек заң негізінде, заңда көзделген əрекет үшін жəне заң шегінде ғана болуы мүмкін); əділеттік (теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға жол берілмеушілік; жауаптылықты анықтайтын немесе оны күшейтетін заңның кері күші болмауға тиіс; зиян өтелуге тиіс; істелген əрекеттік ауырлық жазасы мен кінə дəрежесінің мөлшерлестігі; бір құқық бұзушылық үшін бір ғана жаза қолданылуы мүмкін); ізгілік (адамның қадір-қасиетін кемітетін жазалау шараларын, азаптауды белгілеу мен қолдануға тыйым салу); негізділік (істің мəн-жайын жан-жақты зерттеу жəне адам жасаған нақты құқық бұзушылық фактісін объективті ақиқат ретінде анықтау); орындылық (таңдап алынатын ықпал ету шараларының заңды жауапкершілік мақсаттарына сəйкестігі, оны дараландыру жəне саралау, кінəні ауырлататын мəн-жайларды да, жұмсартатын мəн-жайларды да есепке алу) жəне заңды жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы (оның сөзсіз болатындығы, құқық бұзушылықты сапалы түрде жəне толық ашу, мемлекеттің кінəлілерге міндетті түрде көңіл аударуы, қылмыскерлікке қарсы күрес тиімділігінің шарты) принциптеріне негізделерді.

Кешірім жасау немесе рақымшылық ету актілері жауаптылықтан босатпайды, бірақ жазаны ауыстыруы немесе жоюы мүмкін.

Заңдылық – қолданалып жүрген құқық нормаларына оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік огандар мен лауазымды адамдардың, азаматтардың, барлық жеке жəне заңды тұлғалардың) қатаң жəне бұлжытпай сақтауы. Жұмыс істеуі тұрғысынан алғанда заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру əдісі ретінде, қоғамдық-саяси өмірдің  режимі ретінде, түрлі құқықтық қатынастарға қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі  ретінде қарастырылуы мүмкін.

Заңдылық ұғымын неғұрлым кең көлемді болып табылатын жəне заңдық негізділікті (мысалы, билік институты, лауазымды адамның іс-əрекеттері, басқару шешімдерінің заңдылығы, заңдардың конституциялығы жəне т.б.) ғана емес, сонымен қатар нақ солардың əлеуметтік танылғандығы ретіндегі, билік пен беделді, талап пен органдарына сену ретіндегі мазмұнды жағын да қамтитын «заңды» («легитимность») деген ұғымға балауға болмайды.

Заңдылық ұғымына мынадай элементтер (олар принциптер деп те аталады) кіреді: мемлекеттің бүкіл аумағында нормативтік актілерді бірдей түсініп, бірыңғай қолдану ретіндегі заңдылықтың бірлігі; Конституция мен заңдардың оларға өзге де барлық нормативтік жəне жеке құқықтық актілердің бағыныштылығы мен кімнің болса да Конституцияға жəне заңдарға қайшы келетін актілерді қабылдауына немесе шығаруына болмайтындығы ретіндегі үстемдігі; адам жəне азамат құқықтары мен бостандықтарының оларды жүзеге асырудың нақтылығы ретіндегі кепілділігі; заңдылық пен орындылықты қарама-қарсы қоюға болмайтындығы – Конституция, қолданылып жүрген заң дегеніміздің өзі де ең жоғары орындылық. Пайданы, тиімділікті, қажеттілікті сылтауратып олардан орағытып өту – барып тұрған орынсыздық; конституциялық норма ретіндегі кінəсіздік презумпциясы: «адамның кінəлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі» (Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1)тармақшасы); заңдылық пен мəдениеттіліктің өзара байланысы: құқық нормаларының талаптарын сақтау – жеке адам мен қоғамның мəдениет деңгейінің көрсеткіші; жеке адам мен қоғамның мəдениеті заңдылықтың жай-күйін, құқық тəртібінің адамгершілік табиғатын анықтайды.

Заңдылық үшін қолданылып жүрген құқық нормаларын дəл жəне бұлжытпай сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кедергісіз жүзеге асыруды жəне барша жұрттың өздерінің заңдық міндеттерін орындауын қамтамасыз ететін жағдайлар мен амалдар кешені өте маңызды. Бұл жағдайлар мен амалдар – заңдылықтың кепілдіктері.

Заңдылықтың кепілдіктері əдебиетте: жалпы жəне арнаулы болып негізгі екі түрге бөлінеді.

Заңдылықтың жалпы кепілдіктері қоғамның экономикалық жағынан дамығандығының дəрежесі, экономикалық бостандық жəне ондағы əл-ауқат деңгейі (əлеуметтік-экономикалық кепілдіктер), мемлекеттік құрылыстың конституциялық негіздерінің мызғымастығы жəне саяси режим демократизмінің деңгейі (қоғамдық-саяси кепілдіктер); сөз жəне  баспасөз бостандығын қоса алғанда, идеологиялық плюрализм зайырлы мемлекет шеңберіндегі діни бостандық (идеологиялық кепілдіктер).

Заңдылықтың арнаулы кепілдіктеріне (немесе оның жай күйі неге тікелей байланысты болса, соған) мыналарды жатқызу керек: біріншіден, қолданылып жүрген нормалардағы қоғамдық даму сарындары мен қажеттерінің дəлме-дəл жəне мерзімінде бейнеленуі; екіншіден, заң шығарушылықтың конституциялылығы мен заңдылығы, мемлекеттік басқарудың заңға бағыныштылығы, нормативтік құқықтық актілерді жүйеге түсіріп, код беру, олардың айқындығы, дəлдігі мен қол жеткізілуі; үшіншіден, барша жұрттың заң мен сот алдындағы теңдігі; төртіншіден, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ жəне бірыңғай сот əділдігінің конституциялық принциптері; тек қана сот жүзеге асырады; судья тəуелсіз жəне тек Конституция мен заңға ғана бағынады; кінəсіздік презумпциясы; əрбір адамның сотта құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқығы; ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталған адамның тиісінше ұсталған, қамауға алынған немесе айып тағылған кезден бастап қорғану құқығы;  қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға тыйым салу; бесіншіден, елдің бүкіл аумағында заңдардың, мемлекет басшысы жарлықтарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəл жəне бірыңғай қолданылуына орталықтандырылған Прокурорлық қадағалау, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру; алтыншыдан, заңдылық пен əділеттікті қалпына келтіруге бағытталған заңды жауапкершілік шараларының нақтылығы мен тиімділігі; жетіншіден, барлық салалардағы заң қызметін жетілдіру, халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мəдениетін қалыптастыру жəне, ақырында, сегізіншіден, Қазақстан Республикасы Президентінің халық пен мемлекеттік өкіметтің, Конституция бұлжымастығының, адам мен азамат құқықтарының жəне бостандықтарының кепілі ретіндегі қызметі. Заңдылықты нақты жүзеге асыру нəтижесінде қоғамдық қатынастарды іс жүзінде тəртіпке келтірудің жай-күйі дегеніміз құқық тəртібі. Қалыптасып жəне өзгеріп жататын құқық тəртібі – мемлекет жариялайтын заңдылықтың нақты қамтамасыз етілуінің, оның кепілдіктері пəрменділігінің маңызды көрсеткіші. Əртүрлі маңызды құқықтар мен міндеттердің субъектілері ретінде адамдардың заңды еріктілік қызметі, мінез-құлқы құқық тəтібінің мазмұнын айқындайды, құқық тəртібін жасайды.

Ең алдымен құқық тəртібін қорғауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты сақтаудың елдегі заңдылықтың жай-күйінің айнасы деп саналатыны кездейсоқ емес, өйткені заңдармен реттелген нақты қоғамдық тəртіптің ұйтқысы ретінде құқық тəртібін тек  заңды құралдар ғана қамтамасыз ете алады, ал заңдардың орындалуы құқық тəртібін нығайтуға жеткізуге тиіс. Құқық тəртібі демократияны дамыту мен нығайтуға жəрдемдеседі. Құқық тəртібі болмайынша демократия берекесіздік пен бетімен кетушілікке айналады. Құқық бұзушы үшін заңды жауапкершілік оған деген құқықтық нормада көрініс тапқан жауапкершілік шаралары көрсетілген санкцияларды қолдану [6, 334 б.].

 

 

Әдебиеттер

  1. Иваненко О.Ф. Некоторые проблемы теории юридической ответственности. – Волгоград, 1979. Выпуск 9. - С.4.
  2. Базылев Б.Т. Юридическая ответственность как охранительное правоотношение.//Советское государство и право
  3. №8. - С.122.
  4. Братусь С.Н. Юридическая ответственность и законность -М., 1979. -С.4.
  5. Ибраева А.С., Культелеева Т.Т. Вопросы изучения государства и права //Вестник КазГУ. -1998. -№ 9. С.
  6. Теория государства и права. под ред. А.М. Васильева. –М., 1983 г.
  7. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. М. 1995.- С.334.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.