Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қаржылық дағдарыстың банк жүйесіне əсері

Жаңа егеменді Қазақстан өз дамуының 15 жылдық тарихында əлеуметтің экономикалық дамудың қиын кезеңін бастан өткерді. Кеңестік экономиканың қайта құрылу кезеңі мен одан кейін орын алған оның күйреуінен соң болған тəуелсіздіктің ең қиын алғашқы он жылдығында республикада қоғамдық-экономикалық формацияның ауысуы өтіп жатты. Ірі əлеуметтік жəне экономикалық реформаларды жүзеге асырып, өзінің саясаты мен əлемдік нарықтағы орнын анықтап, əлемдік қауымдастықтың көптеген елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын ретке  келтіріп, Қазақстан мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңін абыроймен бастап өткізді. Ұлттық мүдделерді қорғай отырып, республика өз экономикасын жағымсыз сыртқы факторлардың əсер ету жағдайындағы жұмысқа дайындай білді.

Елдің жаңа қалыптасқан экономика жүйесі үшін оның халық өмір сүруінің қалыпты жағдайын ұстап тұра алу қабілеті мен ұлттық-мемлекеттік мүдделерді мақсатты жүзеге асыра алуының алғашқы жəне сапалы сынағы – 1997-1998 жж. оңтүстік-шығыс Азиядағы орын алған қаржылық дағдарыс болды. Азиялық аймақтағы қаржылық нарықтардың күйреуі көптеген елдердің экономикасына жағымсыз əсер етті, елдің қаржылық жағдайын төмендетуге əкеп соққан өндіріс көлемінің төмендеуіне себепші болды. Оның жаңғырығы посткеңестік кеңістікке де жетті. Осылайша 1998 жылдың тамызында Ресейде ішкі жəне сыртқы қарыздар мен бірқатар міндеттемелер бойынша ұлттық дефолт жарияланды. Қазақстан жүзеге асырылған шаралардың арқасында бұл дағдарыстың жағымсыз əсерінен қорғана білді. Көбіне бұған мемлекеттің дағдарыс қатеріне сəйкес реакция танытып, қолда бар қаржылық мүмкіндіктерді мақсатты пайдаланып, соның ішінде Норвегияның тəжірибесі негізінде мұнай қорын құруы себепші болды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы дағдарыс əлемдік экономикадағы түрлі өзгерістерге қаржы секторының өте сезімтал екендігін жəне халықаралық жағдай кез келген елдің ішкі қалыбына ондағы қалыптасқан құрылымдарды өзгерте отырып, айтарлықтай əсер ететіндігін көрсетті. Сəйкесінше, жаһандандырудың жағымсыз салдарын  жеңу үшін алдымен экономикалық қауіпсіздіктің негізгі құраушы бөлігі болып табылатын елдің қаржылық қауіпсіздігі жүйесін қалыптастыру жəне оны күшейту қажет [1].

Əлемдік экономикалық жүйенің даму тарихы кез келген мемлекеттің сыртқы  дағдарыстарға қарсы тұра алу қабілеті көбіне оның экономикалық жəне қаржылық күш-қуатымен, қолда бар экономиканы реттеудің қаржылық жəне ақшалай-несиелік құралдарын сауатты қолдана отырып, дер кезінде қолға ала алу қабілетімен анықталатынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, Қазақстан үшін басты мақсат өндіріс пен қызмет көрсету көлемінің өсуі, сыртқы экономикалық тепе-теңдік жəне елдің оң төмен балансын қамтамасыз етудің негізінде мемлекеттің экономикалық күш-қуатын жедел көтеру болғандығын оңай түсіндіруге болады. Іске асырылған тетіктер салыстырмалы аз уақыттың ішінде Қазақстан экономикасына тұрақты даму қарқындылығын қалыптастырып, планетадағы тұрақты дамушы 10 елдің қатарына кіруге мүмкіндік берді.

Дамушы нарықтар ұлттық экономиканың тұрақты дамуын көрсетеді. Жағымды жағдай ішкі қаржылық нарықта қалыптасып келеді. Қазақстандық банк секторы республика тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап жалпы алғанда алға қарай қарқынды дамып келеді. Банктер экономикадағы көптеген позитивті үдерістер мен бизнес көлемінің артуына бастамашы болды. Ел ішіндегі аса дамымаған қаржы нарығы жағдайында банктер капиталдың əлемдік нарықтарына шығу жолдарын қарастыруда. Сəттіліктің кепілі ретінде экономиканың айтарлықтай жоғарылауы мен Қазақстанның əлемдік деңгейде қаржылық рейтингінің өсуі болды. Шетелдік тəжірибе мен шетелде белсенді операцияларды қолданудың арқасында банктердің активтері мен несие портфельдерінің өсуі жеделдеді. Сонымен қатар, арзан ақшалардың қолжетімді болуы шетелде оларға деген бақылаусыз сұраныс туғызды, ал бұл жағдай елдің қарыздық тəуелділігіне жағымсыз əсер етті. 2007 жылы Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 96,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 22,4 млрд-қа немесе 30,2%-ға көп. Жалпы сыртқы қарыздың жалпы сомасынан 2,1 млрд доллар немесе 2,2 % мемлекеттік жəне мемлекет кепіл берген қарыз үлесіне жəне 94,3 млрд немесе 97,8% мемлекет кепілдік бермеген қарыз үлесіне келеді (қаржы министрлігінің анықтамасы бойынша, бұл – мемлекеттің басым қатысуы бар акционерлік қоғамдар, ұлттық компаниялар, даму институттары жəне екінші деңгейлі банктердің қарыздық міндеттемелері).

Белсенді қазақстандық банктер сыртқы нарықтардан тартқан айтарлықтай қаржылық ресурстар нəтижесінде елдің жалпы сыртқы қарызының жартысын алды. 2007 жылдың соңына  қарай банктердің жалпы сыртқы қарызы шамамен алғанда 46 млрд долларды құрады. Бұл қарыздың 80%- дан астам бөлігі ұзақ мерзімді займдар мен несиелер үлесіне келеді. Нəтижесінде банктердің шамадан тыс леквиттілігі артып, ақша ұсынысы жоғарылады жəне тұтынушылық нарықтағы несие ставкаларының пайызы төмендеді. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жоғары сұраныс жағдайында қаржы нарығы түрлі құралдар мен жеңілдік шарттарын пайдалана отырып, халыққа ипотекалық несиелер ұсынды. Ипотекалық кредитті алу жеңілдігі тұрғын үй құрылысында белсенді үлестік қаржылық қатысуға бас қойған халық арасында сұраныс туғызды. Тұрғын үйге спекулятивті, сондай- ақ инвестициялық сұраныс оның өз кезегінде қолжетімді несиелер көлемін банктердің ұлғайтуына итермелеген оның күрт қымбаттауына əкеліп соқты. Осылайша, 2001-2006 жж. қазақстандық азаматтар үшін жылжымайтын мүлік құрылысы мен оны сатып алуға арналған несиелер саны 94,8 есеге артты, осы кезеңдегі тұрғын үйдің бірінші реттегі нарығындағы бағалар 5,2 есеге, ал екінші реттегі нарықтағы баға 10 есеге артты.

Жаңа мыңжылдықта жылжымайтын мүліктің əлемдік нарығында тұрғын үй бағасының қарқынды өсуі байқалды, ол 2005 жылы бəсеңдей бастады. АҚШ-тағы 2006 жылы байқала бастаған ипотекалық дағдарыстың алғашқы белгілері – сенімсіз займшылар мен қайтарылмаған тұрғын үй несиелері сомаларының ұлғаюы болды. Ақырында бұл жағдай Америка ипотекалық несиелеу секторының құлдырауының себебі болды. Өзінің тарамдану себебіне байланысты АҚШ-тың қаржы нарығының дағдарысы көптеген халықаралық қаржы нарықтарына əсер етіп, халықаралық қаржы нарығындағы дисбалансты тудырған ликвидтіліктің (кепілге қойылған мүлік бағасы төмендеп, сəйкесінше несиелер өтеусіз қалды) əлемдік дағдарысын тудырды.

Банк жүйелерінің ипотекалық дағдарысы əлем құрлықтары мен елдерінде əртүрлі көрініс тапты. Əр елдің əлемдің қаржы нарығында орын алып отырған үдерістерге сезімталдығы елдердің халықаралық нарық капиталына кіруі, несие портфельдерінің құрылымы жəне т.б. осы сияқты себептермен байланысты. Сөйтіп, ТМД кеңiстігінде көбіне Қазақстан, Ресей жəне Украинаның банкілік жүйелері дүниежүзілiк қаржы нарықтарында тұрақсыздыққа ұшырады. Бұл, ең алдымен, шамадан тыс сырттан қарыз алудың арқасында несиелік белсендiлiгiн күшейтіп алған банктерге жатады. Ахуалды дүниежүзілiк қаржы нарықтарында пайда болған проблемалардың уақыт бойынша банктердің сыртқы мiндеттемелеріне сай маңызды төлемін жасау мерзiмімен сəйкес келуi күрделендiрдi. Ақыры бұл банк жүйесінде жиналған қатерлердің көрінуіне жəне ұлттық экономиканың сыртқы қаржылық өзгерістерге əлсіздігінің жоғарылатуына əкеп соқтырды.

Қазақстандық қаржы саласындағы тұрақсыздықтың алғашқы белгiлерi кредиттер беру шарттарының өзгеруiнде, сонымен бiрге қазақстандық банктердiң акциясындағы бағаның құлауларында айқындалды. Банктер төлемпаздығы деңгейiнiң төмендеуінің куəлiгі ретінде банкаралық несиелер бойынша мөлшерлемелердің өсуi болды, сонымен қатар екiншi деңгейдегi банктердің жедел депозиттер жасау көлемдерiнiң қысқартылуы, ақша қорының сығымдалуы болды. Əлемдiк нарықтарда сырттан қарыз алу мəселесін жүзеге асыру динамикасы қысқартылды. Республиканың банк жүйесiнің жағдайы сыртқы мiндеттемелердiң қайта қаржыландыру қаупімен жəне төлемпаздықтың нақтылы дефицитiмен қиындай түсті.

Қазақстандық банктердiң көпшiлiктерi үшiн құрылыс секторларына жəне де экономиканың басқа да проблемалық салаларына несие беру негiзгi мəселе болды. Егер 2007 жылдың  басында құрылыстың саласы өсiп-өркендеудің биiк динамикасын сақтаса, жылдың екiншi жартысында төлемпаздықпен байланысты туындаған проблемаларға орай банктердің несие беруді айтарлықтай қысқартуымен құрылыс та iс жүзiнде тоқтатылды. Нəтижесінде құрылыс саласындағы физикалық өсудің жылдық индексі жоспарланған көрсеткіштен екі есе төмендеп, 15,3% құрады.

Қазақстанның мұндай банктiк жəне құрылыс сияқты əлдеқайда дамыған шикізатсыз экономика салаларында ахуал қиындап кетті, себебі арзан сыртқы қаржыландыру мүмкіндігіне кедергілер пайда болды. Банк жəне құрылыс ұйымдарына дүниежүзілiк қаржы дағдарысының келеңсiз салдарын жоюға мемлекеттiң көмегi қажет болды. Үкiмет құрылыс секторларын, шағын жəне  орта кəсіпкерлікті бюджеттiк ақшамен демеді, бұл негативтi тенденцияларды жұмсартып, ұлттық қаржы нарықтарының қирауынан сақтады.

Нəтижесінде Республикада қаржы күштерiн қайта жіктеу жүргiзiлдi, төлемпаздық қалпына келтірілді, республиканың Ұлттық қорының қаржылары пайдаланылды, 2008 жылы республиканың бюджетiне банк жүйесiнің төлемпаздығын қолдауға жəне ел ішінде қаржылық жүйеге деген сенімді сақтауға 4 миллиард доллар салынды. Үкімет пен «Қазына» мемлекеттік холдингi Лондондық қор биржасына айналып жатқан қазақстандық серiктестiктердiң акцияларын сатып алу бойынша шараларын   қолданды; банктердiң  сыртқы  мiндеттемелерiн  өтеу   графигі   жасалады. Банктерге олардың сыртқы мiндеттемелерi бойынша ағымдағы дефолттарға жол бермеу мақсатында қысқа мерзімді төлемпаздық уəде беріледі.

Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық банк жəне ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу жəне қадағалау бойынша Агенттiк 2008 жылдың қаңтарында банктердi барынша қолдау туралы біріккен мəлімдемесін алға тартты жəне мемлекеттiк құрылымдар мен банк секторларының сыртқы факторлардың негативтi əсерiн жоюға жəне қаржы жүйесiнiң тұрақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы жəне іс-əрекеттер жоспарын анықтады.

Еуропалық Қайта құру жəне Даму Банкінің президенті Жан Лемьер 2007 жылдың соңында өткен Шетелдiк инвесторлар кеңесінің 18-шi мəжiлiсiнің қорытындылары бойынша болған пресс- конференцияда Қазақстанның əлемдік ипотекалық дағдарысқа деген реакциясы мен саясатын жəне елдің банкілік секторын күшейту бойынша қолданған шараларын қолдады. Ол Қазақстанда жақсы ойластырылған макроэкономикалық менеджменттің барын жəне елдегі барлық қорды басқарудың да жақсы деңгейде тұрғаны жайында өз пiкiрін білдірді.

Ипотекалық дағдарыстың зардаптары дүниежүзілiк қаржы нарықтары мен экономикасына негативтi ықпал көрсетуін жалғастырып отыр. Ипотекалық дағдарыстан кейінгі əлемдiк экономиканың ысырабы халықаралық валюта қорының аналитиктерінің есебі бойынша 2008 жылдың сəуірінде 1 трлн АҚШ долларын құрады. Залал масштабтары инвесторларды қатерлерді басқарудағы қажетті жүйелері жоқ елдердің экономикасына үлкен қаржы беруге қатысты мəселеде сақтануға жұмылдырды. Сыртқы борышқорлық қаржылар айтарлықтай қымбаттай түсті. Несие шарттары қаталдау бола түсті, себебі қаржылық институттардың маңызды ысыраптары болды.

Бiр уақытта қаржылық-банктiк дағдарыс Қазақстанның əлемдiк экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға қарсы тұратындай беріктігінің жеткілікті қорына ие екендігін көрсетті. ҚР-дың Ұлттық банкiнiң   мəлiметтері   бойынша   төлем   балансы   2008   жылдың   бiрiншi       жарты            жылдығында Қазақстанның халықаралық позициясының тұрақтылығын көрсетеді, оның ағымдағы есебiнiң профицитi 6,7 миллиард доллар құрады, бұл 2007 жылдағы 7 миллиард доллар көлемiндегі дефициттен кейінгі көрсеткіш. Ұлттық банктiң халықаралық резервтерi мен Ұлттық қордың активтерi жалпы 47 миллиардқа дейiн өсті. Бірде-бір банк сыртқы да, ішкі де төлемдер бойынша дефолтқа жол берген жоқ. 2008 жылдың шілде айының басына банктік сектордың жиынтық активтері 12 триллион теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Тұрғын үй құрылысын дамыту туралы жаңа Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар жиынтығы іске асырылды. Қаңтар мен маусым айлары аралығында тұрғын-үй құрылысы саласына салынған қаржы 239 миллиард теңгеге жетті, бұл 2007 жылдың бірінші жарты жылдығына қарағанда 5,1%-ға көп. Дегенмен пайдалануға пəтерлердің жалпы ауданының тек 2870 мың шаршы метрі ғана енгізілді, бұл өткен жылдың деңгейінен төменірек болды. Қаржылық-банктiк салада  қаржылық дағдарыстан кейінгі уақытта  дүниежүзілiк   қаржы дағдарысының зардаптарын бейтараптандыруға арналған шаралар iске асырылды, банк секторлары мен қадағалаушы-реттеушi жүйе өзгертілді, отандық қор нарығы кеңейтілді. ҚР-дың Ұлттық банкi банк иелері мен реттеушілердің алдына өрлеу стратегиясын қайта қарау, банктердің қаржысын жəне несиелік портфелін қалыптастырудың теңдестірілген саясатын құрау, жұмыстың нəтижелірек ұстанымдарын, жаңа бизнес-үлгiлерін жасау, iшкi нарықтың толық игерiлуі, отандық қор нарығын дамыту бойынша міндеттер қойды. Бiр уақытта банк секторының артық алуға бағытталған ақшалай- несиелік саясаты да күшейе түсті. Төлемпаздықтың дүниежүзілiк дағдарысына жауап ретінде қаржы институттары қатерлер жүйесінің асыра бағалауымен байланысты ішкі рəсімдерін жүргізуде, əлемдiк нарықтың келеңсіз көріністеріне деген алғашқы əсерлерінің механизмдері жасалуда.

Банктер өзіндік саясатын түзетті, потенциалды қарызшыларға деген қатаң талаптар қойып, банктiк, соның iшiнде ипотекалық қарыздарды қымбаттата түсті.

Дағдарыстан кейiн əлемдік жүйенің қалай өзгеретіндігін əлі айту мүмкін емес, бірақ кез-келген жағдайда республика даму потенциалын сақтайды. Аналитиктердiң пiкiрiнше, пайда  болған ғаламдық қаржылық-банктiк дағдарыс дамып келе жатқан экономикаларға хрестоматиялық сабақ болды жəне тіпті белгіленген шамада Қазақстанның банкілік жүйесіне пайдалы болды, себебі проблемалардың бетін ашты, экономиканың диверсификациялану процесiнiң үдеуiнің, ұлттық қаржы нарықтарының дамуының болашағының кеңеюінің, активтердің құрылымы мен сапасының жақсартылуының қажеттiлiгі туралы өзiндiк ескерту ретінде болды. Бiр мезгілде ол ішкі жəне ғаламдық қатерлердің басқару жүйесi мен бағалау жүйесіндегі проблемаларды көрсетті, ал олардың жойылуы елдің қаржылық саясатына дер кезінде түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

2009 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша маусым айында да отандық банк жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің нашарлауы жалғасты. Рейтингтік  агенттiктерiнiң болжамдары бойынша, жақын арада екiншi деңгейдегi банктердің жағдайларының жақсаруы бола қоймас.

Банк секторының негiзгi көрсеткiштерiнiң нашарлана түсуі, алдыңғы екi айдағыдай,  шілде айында да Тұран Əлем Банкі мен Альянс Банкісінің проблемаларына орай болды. Біріншісінің терiс капиталы шiлдеде 100 миллиардтан аса түсіп, сəйкесiнше 1021,8 миллиардты құрады, екiншiсінің теріс капиталы шамамен 40 миллиард теңгеден 530 миллиард теңгені құрады.

Осы жылдың алты айы ішіндегі банк жүйесiндегi үлкен шығындар 2190,8 миллиард теңгені құрады, жеті ай ішінде 2367,6 миллиард теңгеге жетті, ал теріс капитал 548 миллиард теңгеге дейiн өсті жəне бұл негізінде Тұран Əлем Банкі мен Альянс Банкінің жұмыстарының нəтижесімен байланысты болды. Жыл басында 67,9 миллиард теңгеге табыс түскен кезде теріс капитал 280,0 миллиард теңгені құрады. 37 банктің ішінде екінші деңгейдегі 9 банк шығындарға  түсті, соның iшiнде бiрiншi ондықтағы 5 iрi банк болды. Өте үлкен шығындар Тұран Əлем Банкінде болды – 1649,9 миллиард теңге жəне Альянс Банкі 687, 4 миллиард теңгеге шығындалды. Банк жүйесінiң көрсеткiштерiнiң қатты нашарлауының басты себептері - банктердiң несие портфелiнiң сапасының стандарттық несие үлесінің азаюына жəне үмітсіздердің көбеюіне қарай өзгере түсуі болды. Банктер портфелінің құрылымында тамыздың басына қарай стандарттық несиенің үлесі 30, 6%-ға дейін, ал күмəнділер - 44, 4%-ға дейiн төмендеп кетті, бұл ретте үмітсіз кредиттер үлесі жыл басындағы 4, 4%- ға қарсы 25%-ға дейiн өсті. Жақсы банктердiң «жаман» қарыздарының көлемi жеті айдың ішінде 4 есеге аса түсіп, 3 трлн теңгеден асты.

Қазақстанның ҰЖТ-ның 2009 жылдың бiрiншi жарты жылдығында 2,3%-ға құлауы, таң қаларлықтай болса да, кейбір жағдайларда банк секторының негізгі көрсеткіштерінің ҰЖТ-мен арақатынасының нығаюына əсер етті. ҰЖТ-ға деген активтердiң қатынасы алты ай ішінде 2009 жылдың 1 қаңтарындағы 74,6% - дан, осы жылғы 1 маусымына 76,4%-ға шейін өсті. ҰЖТ-қа деген несие портфелінің қатынасы 58,0%-дан 64,3%-ға дейін өсті. ҰЖТ-ға деген клиенттер үлесінің қатынасы арнайы тағайындаудың еншілес ұйымдарының үлестерін санағанда 43,1-тен 49,1%-ға дейін өсті. Қазақстан экономикасын реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi қаржы секторы болды. Бұл орайда банк жүйесі əлдеқайда дами түсті. Жəне ол осы күнге шейін барлық қаржы жүйесiнiң негiзi болып табылады. Банк жүйесінде жүргізілген реформалар банктің тұрақтылығын күшейтуге, олардың капитализациясының өсуіне, банк қызметтіне қол жетімділікті ұлғайтуға, қатерлерді басқару жүйесін дамытуға бағытталады. Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы экономиканың басқа салаларын реформалаудан едəуiр озды. Iшкi нарықта қорларды тарту бойынша нақты шектеулерге тап болып, отандық банктер өздерін дамыту үшін жəне капиталдың сыртқы нарықтарында қаржыландыру үшін қорларды тарта бастады. Макроэкономикалық орта, Қазақстандағы несиеге деген жоғары сұраныс бұған жағдай жасады.

Сонымен бірге iшкi өндiрiстiк нарықтың тарлығы банк қызметінің дамуын шектеді. Нəтижесінде отандық банктер Қырғызстан, Тəжікстан, Ресей сияқты көрші əрі таяудағы елдердің нарығына ғана емес, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ның басқа да елдеріне (Белорусия, Украина, Грузия, Армения) жəне де Түрцияға, Қытайға, Моңғолияға шыға бастады. Басқа жағынан, банк қызметінің дамуы оларды сырттан қарыз алушылыққа тəуелді қылды. Ал несиелеудің жеке сегменттеріндегі қызметтің шоғырлануы (құрылыс, тұтынушы несие, сауда) несие қатерлерінің өсуіне себепші болды.

Сырттан қаржылануға тəуелдiлiктiң жоғары дəрежесi барлық банк жүйесі үшiн тəн емес. Көбінесе бұл еншiсiне сыртқы қарыздардың көп бөлiгi келетін iрi банктердiң қатары болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның банктiк секторы отандық қаржы жүйесiнiң сегментiмен əлемдік қаржы дағдарысына душар бола түсті, ал оның басқа сегменттері ағымдағы ахуалда басқаларға қарағанда аз қиналды.

2007 жылдың тамыз айында басталған дүниежүзілiк дағдарыс 2008 жылдың 2 жартысындағы шикiзат қорларына деген бағаның құлауымен бірлесе отырып əлемдiк экономикадағы рецессияларға келтiрдi. Бiз ірі қаржылық секторларды, сонымен бiрге бүтін бір мемлекеттерді, iрi компанияларды банкроттыққа əкеп соқтырған айтарлықтай үлкен проблемаларды бақыладық. Көп үкiметтер жəне орталық банктер көлемдерi ҰЖТ 10-20% дейiн жететiн қолдаудың бұрын болып көрмеген шараларын қабылдады.

Қазақстандық банктер қиын жағдайда қалды. Олардың сыртқы қарыздарын көбейту арқасында жүргізілген банк қызметін қаржыландыру айтарлықтай қатерлермен түйіндес болып қалды.

Шетелден қаржыландыру мүмкіндігін жоғалтып алған қазақстандық банктер 2008 жылы несие беруді айтарлықтай тоқтатып, несие мөлшерін жоғарылатты. Салдар ретінде банкілік несиелеуге тəуелді болған салалардың дамуы тоқтап қалды. Елде банктің берген қарыздарымен күн көріп жүрген тұтынушы сұранысы кенеттен қысқартылды. Нəтижесінде, егер 2007 жылы экономикаға берілген несиенің көлемі 54,7%-ға өссе, 2008 жылы тек 2,7%-ға, ал 2009 жылдың қаңтары мен шілдесінде 8,3%-ға жетті [2].

Жалпы алғанда Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай шиеленіссе де, басқаруға болатын еді. Осы жағдайдан шығу үшін мемлекеттік органдардың тарапынан іс-шаралардың жасалуы қажет болды. Осы мақсатта, 2007 жылдың күзінен Қазақстан экономикасының тұрақтануы  бойынша бірінші кезектік іс-əрекеттердің жоспары жүзеге асырылды. Бұл жоспардың шеңберінде  2007 жылдың күзінен 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығында үлескерлерді, ауыл шаруашылығын, шағын жəне орта кəсіпкерліктерді қолдауға Мемлекеттiк бюджеттен 4, 5 миллиардтан аса АҚШ доллары (4, 2% ҰЖТ-ға) бөлінді.

2008 жылдың соңында Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмасы бойынша 2009- 2010 жылдарға Үкiметтің, Ұлттық банктің жəне экономика мен қаржылық жүйенің тұрақтандырылуы бойынша қадағалау агенттiгінің бiрлескен əрекеттерінің жоспары жасалды. Жоспардың қаржымен қамтамасыз етілуі үшін Ұлттық қордан 10 миллиард АҚШ доллары бөлінді, бұл ҰЖТ-ның  8%-дан аса мөлшеріне сай.

Қызметтiң 5 бағыты анықталды:

  • қаржы секторының тұрақтануы;
  • тұрғын-үй секторының дамытылуы;
  • шағын жəне орта кəсiпкерлiктi қолдау;
  • агроөнеркəсiптiк кешенді дамыту;
  • инновациялық, индустриалды жəне инфрақұрылым жобаларының iске асуы. Ұлттық Банктің шаралары туралы.

Энергия қорлары мен азық-түлiкке деген əлемдiк бағалардың өсуімен болған 2007 жылдың аяғынан 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы аралығындағы инфляцияның кенеттен көтерілуінен кейін келесі периодта дезинфляция процесi байқалады. 2009 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша біржылғы инфляция 6,2%-ды құрады, ал 2008 жылдың тамыз айында ол 20,1%-ға жеткен болатын, яғни 3 есеге төмендеп кетті. Қазіргі кезде дезинфляцияға мүмкіндік  жасайтын факторлардың əсері бұларға қарама-қарсы сипаттағы факторлардың əсерінен əлдеқайда маңыздырақ болып табылады. Осыған орай Ұлттық Банктiң ақшалық-несиелік саясаты, негiзiнен, теңгенiң айырбастау курсының тұрақтылығының қамтамасыз етілуі мен елдiң қаржы секторының тұрақтылығына бағытталған.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сəйкес Ұлттық Банк экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша қадағалау агенттiктерімен бiрлесе отырып, кризистен кейінгі Қазақстанның қаржылық секторының дамуы Концепциясы жобасын дайындады. Бұл Концепцияға берілгендерімен сəйкес қаржы секторының дамуындағы негiзгi бағыттар ретінде төмендегілер анықталды:

  1. Мемлекеттік-жеке серіктестік институтын ел экономикасының негізгі қаржыландыру механизмі ретінде пайдалану.

Инфрақұрылым кешенi объектілерiнiң жасалуы Қазақстанның экономикалық дамуының негiзгi басымдылықтарының бiрi болады. Мемлекеттік-жеке серіктестіктің механизмдерін пайдалану көлiк жəне телекоммуникациялық инфрақұрылым, химиялық өнеркəсiп, металлургия, энергетика жəне тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық сияқты экономиканың стратегиялық түрде маңызды салаларын модернизациялау процесінің негізгі құрамдас бөлігі болуға тиіс. Серіктестіктің мына түрі, бір жағынан, жеке кəсіпкерлік ынтаның потенциалын дамытып, жүзеге асыруға жəне институттық инвесторлардың қаржысын тартуға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан, экономиканың əлеуметтік маңызды секторларындағы мемлекеттік міндеттерін сақтауға көмектеседі.

  1. Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың контроциклдік принципі.

Əлемдік қаржылық бірлестігінің ағымдағы кризистен кейінгі жасалынған жəне реттеудің жүйесін жаңғырту мақсатында бұдан кейін де ерекше көңіл бөлінуді əрі осындай кризистерді болдыртпауды талап ететін негізгі қорытындысы реттелудегі проциклді азайту болып табылады. Қаржы секторының реттеуі мен қадағалауының экономикалық даму кезінде күшейіп, құлдырау кезінде жеңілдей түсетін контроциклдің енгізілуі жобаланады.

  1. Орташа мерзімді болашақтағы көкейкестi бағыт баланстардың үйлесімсіздігінің жинақталуының, нақты жəне қаржылық нарықта пайда болған «көпіршіктердің» алдын алудың, сонымен қатар жүйелік қатерлердің азаюына ұтымды механизмінің өндiрілуi жəне де жүйелiк қатерлердің минимизациялауы болып табылады. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың болашақ үлгісі макропруденциалдық реттеу ұстанымдарының жүзеге асырылуына бағытталады. Макропруденциалдық реттеудің дамуы субъектілер (институттар), объектілер (қызметтер, нарықтар) жəне жүйелік сипаты бар қатерлер аймақтары бойынша негізгі шешімдер қабылдауды болжайды.
  2. Жалпы алғанда ғаламдық қаржы дағдарысының қорытындысына қарай қаржы секторына қатысты реттеуші заң қайта қаралады. Қазақстандық қаржы жүйесi нарықтық шоғырландырудың айтарлықтай жоғары деңгейімен сипатталады. Əсiресе, бұл елдiң банктiк жəне зейнетақы секторларына қатысты. Осындай тенденциялардың баршылығы жəне ағымдағы дағдарыстың зардаптары Қазақстанның қаржы секторы үшін ұлттық теорияны растады, яғни ірі қаржы институттарының қатерлері бүкіл қаржылық жүйенің қалпына қысым көрсетеді.

Осымен байланысты дағдарыстан кейінгі мерзiмде жасалған Қазақстанның қаржы секторының дамуы Концепциясында қаржы секторында бəсекелестіктің жоғарылауына бағытталған бөлім ескертілген. Бұл, біріншіден, банктердің капиталының кішкене мөлшерінің біртіндеп үлкеюінің қажеттілігіне тікелей шарттарды қарастырады. Қаржы институттарының iрiлендiрілуі жəне консолидациялануы немесе олардың қаржы институттарының басқа түрлерiне қайта ұйымдастыруы iрi банктерге тиiстi бəсекелестiктi көрсетуге қабiлеттi орташа банктердің нарықтық еншiсiнің өсуіне мүмкiндiк туғызады. Мұнымен қатар банктер мен банк өнімдерінің дамуындағы нəтижелірек шарты олардың бəсекелестігі болып табылады. Бұл сонымен қатар халықтың банк қызметін пайдалануға қол жетімділігін кеңейту тұрғысында да маңызды [3].

Қорытындылай келгенде, кез-келген кризис – бұл тек қана проблемалар ғана емес, сонымен қатар жаңарудың, даму жолдарының, жаңа ізденістерінің мүмкіндіктері екенін айта кеткім келеді. Соңғы жарты жылдықта дағдарыстық көрсеткіштерді азайтумен қатысты қолданылған шаралардың Қазақстандағы тұрақты жəне сапалы экономикалық дамуды қалпына келтіру үшін қажетті іргетасты қалайды деп ойлаймын

 

 

Әдебиеттер

  1. Андерс ОСЛУНД «И последние станут первыми. Финансовый кризис в Восточной Европе». - М,. 2011.
  2. Влияние финансового кризиса на банковский сектор. http://i-news.kz
  3. Концепция развития финансового сектора Казахстана на посткризисный период.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.