Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасында факторингті құқықтық реттеу жəне оның ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде ақшалай талапты беріп қаржыландыру қатынастарын құқықтық реттеуге толығымен бір тарау арналған. Сонымен бірге, ақшалай талапты беріп қаржыландыру цивилистикада факторинг деп аталатыны баршаға мəлім емес.

Факторинг – ол сауда қызметін төлемді кейінге қалдыру шартымен жүргізетін тауар берушілер мен өндірушілер үшін көрсетілетін кешенді қызмет. Ағылшынның factoring сөзі factor - комиссионер, агент, делдал деген сөзінен шыққан жəне тауар (қызметтер) берушінің дебиторлық берешегін оны өндіріп  алу  жөніндегі  міндеттер  мен  төлем  жасамау  тəуекелін  өзіне  қабылдаумен  сатып   алуды білдіреді. Факторинг операциясында əдетте үш тұлға қатысады: фактор (факторингтік компания немесе банк) – талапты сатып алушы, тауар беруші (несие беруші) жəне тауарды сатып алушы (борышқор). Факторингтік компанияның негізгі қызметі қысқа мерзімді, əдетте 180 күннен аспайтын дебиторлық берешекті сатып алу жолымен тауар берушілерді несиелеу болып табылады [1].

Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) қызметі шетел мемлекеттеріне (АҚШ, Ұлыбритания, т.б) бір ғасыр бұрын белгілі болған.

ХХ ғасырдың орта кезінен əлемдік тəжірибеде факторинг қаржылық өнім ретінде кеңінен тараған еді. Дүние жүзіндегі ең ірі, əлемнің 50-ден астам мемлекетінен 190 мүшесі бар Factors Chain International (FCI) факторингтік ассоциациясы 1968 жылы ұйымдастырылған. Одан басқа халықаралық деңгейде «Халықаралық факторинг туралы» УНИДРУА Конвенциясы (UNIDROIT Convention on International Factoring) қабылданған. Оны қабылданғаннан кейін факторинг бірқатар мемлекеттердің азаматтық құқық жүйесіне енгізіледі. 2002 жылдың 31 қаңтарында БҰҰ Бас Ассамблеясы № 56/81 халықаралық саудада дебиторлық берешекті беруді реттеу туралы резолюциясын қабылдады [2].

Ал Қазақстанда факторинг бизнеске арналған қаржы құралы ретінде енді ғана қаржылық қызмет көрсету нарығында өз еншісін иеленіп дамуда. Факторингтің азаматтық айналым қатысушысының мүліктік жəне қаржылық мүдделерін қорғау құралы ретінде аса ерекше құндылығы шетел мемлекеттерінде, мысалы, АҚШ-та жүз жылдан аса уақыт бұрын түсінілген. Соған сəйкес, Қазақстан бұл мəселеде Батыстың құқықтық тəжірибесін қолға алды деп толық сеніммен айтуға болады.

Алайда, факторинг Қазақстанда өзіндік ерекше сипатқа ие, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 729-бабының 1-тармағына сəйкес:

«Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан  туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi. Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентiне сонымен бiрге клиенттiң қаржы агентi алдындағы мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз ету мақсатында да беруi мүмкiн». Ақшалай талапты берiп қаржыландыру, жоғарыда аталған факторинг қазақстандық азаматтық құқықта жаңа міндеттеме түрі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында берілген міндеттемені қолданудың мақсатқа сай екендігі мен тиімділігі коммерциялық операциялардың рентабельділігін жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Ақшалай талаптарды сатып алатын банктер, өзге де несиелік мекемелер мен арнайы мамандандырылған ұйымдар (қаржы агенттері) берілген шарт көмегімен көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтіп, өздеріне қосымша табыстарды қамтамасыз етеді.

Ақшалай талаптарды сататын кəсіпорындар (клиенттер) жеткізілген тауарлар  (көрсетілген қызмет) үшін мерзімінен бұрын төлем алу арқылы өз қаржы айналымын жеделдетуді мақсат етеді. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру жалпы алғанда, тауар берушінің (жұмыс орындаушының) жеткізілген тауарлары (көрсеткен қызметі) үшін ақшалай талабын банкпен (өзге де несиелік не мамандандырылған ұйыммен) сатып алуы болып саналады. Қаржы беру нысанасы төлем мерзімі келген ақшалай талап та, болашақта туындайтын ақша алу құқығы да (келешектегі талап) болуы мүмкін. Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттiң қаржы агентiмен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде, ал келешектегi талапты – ол туындаған кезден кешiктiрмей бiрыңғайландыруға мүмкiндiк беретiндей болып белгiленуге тиiс.

Азаматтық кодексте беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың екі түріне ерекше айырмашылық жүргізілген:

  • төлем мерзімі келген ақшалай талап;
  • төлем мерзімі келешекте туындайтын ақшалай талап;

Келешектегi ақшалай талапты беру кезiнде шартта көзделген талапты берудiң нысанасы болып табылатын ақшаны борышкерден алу құқығының өзi пайда болғаннан кейiн қаржы агентiне ауысты деп есептеледi. Егер ақшалай талапты беру белгiлi бiр оқиғамен байланысты болса, ол осы оқиға басталғаннан кейiн күшiне енедi. Мұндай жағдайда ақшалай талапты берудi қосымша ресiмдеу талап етiлмейдi. Соған сəйкес, Азаматтық кодекстің берілген нормасын саралау арқылы келесідей тұжырымдарға келуге болады:

Бірінші. Талапты беру нысанасы бір емес, бірнеше талаптар болуы мүмкін.

Екінші. Талапты беру нысанасы өте нақтыланған болуы тиіс, сондықтан шартта көрсетілуі міндетті: төлем мерзімі, қаржы агентіне төленуге тиісті ақша сомасы жəне өзге де берілетін талапты сипаттайтын белгілер. Қаржы агентіне төленетін сыйақы көлемі Азаматтық кодексте белгіленбеген. Яғни, ол «бекітілген» ақша сомасы болмайтыны жəне əр түрлі жағдайларға: қарыз сомасының көлемі, клиентті  қаржыландыру  мерзімдері,  клиентке  қосымша  қызмет  көрсету  жəне  өзге  де  шарттарға тəуелді екені анық. Қаржылық агенттің сыйақысын комиссия шартындағы комиссионер сыйақысымен аналогия жүргізуге болатынын ескерген жөн. Əр түрлі мемлекеттерде бұл сыйақы 0,75 %-дан 3,5%-ға дейін ауытқиды. Бұл ставкаға сондай-ақ фактор жүзеге асыратын аванстық төлемдер бойынша несиелік пайыз да қосылады [3].

Үшінші. Қаржы агенті төлем қабілеттілігіне сезіктенген, сенімсіздік туғызған талаптардан бас тартуға құқылы.

Төртінші. «Қолданылып келген ақшалай талапты бiрыңғайландыру» ұғымы тəжірибеде клиент төлем факторға өтелуі тиіс деп міндетті түрде көрсетілген шот (фактураларды) факторға беруі міндетті дегенді білдіреді. Клиент факторға сатып алушылар туралы өзіне мəлім болған барлық ақпаратты, сондай-ақ қарыздарды қайтаруды жеңілдете алатын кез келген ақпаратты хабарлауы тиіс. Ол сондай-ақ қаржы агентіне оның талабына қарама-қарсы қойылатын кез келген мəліметтерді, сонымен бірге сатып алушымен орын алған даулар туралы мəліметтерді хабарлауы тиіс. Клиент факторға өзінің балансына, шоттары мен бухгалтериясына қол жетімділікті қамтамасыз етуі тиіс. Осының барлығы қаржы агенті мен оның клиенті арасында ынтымақтастықтың тығыз қатынастары мен өзара сенімділік орнауы қажет екенін білдіреді.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру өз негізінде несиелік сипатқа ие. Бұл мəміленің осы түрінің жай талапты беру немесе цессиядан маңызды еркешелігі болып табылады [3].

Əлемдік тəжірибеде өндіріс пен нарықтық қатынастардың даму барысында факторингтік қызмет көрсетудің жекелеген түрлері бөлініп шықты. Факторингтік мəмілелер өзге міндеттемені қаматамасыз ету де, талапты сатып алу сипатында да болуы мүмкін. Факторинг шарты бойынша ақшалай талапты беру клиенттің қаржы агенті алдындағы өз міндеттемесін орындалуын қамтамасыз ету əдісі ретінде пайдалануы мүмкін. Мұндай жағдайда шартта, қолданылып келген талап қаржы агентіне тек берілген талаппен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған жағдайда ауысады деп көрсетіледі. Ақшалай талапты өзге міндеттемені қамтамасыз ету үшін беру біржақты міндеттейтін шарт болып табылады, себебі, қарсы қаржыландыру бұл жағдайда қарастырылмайды.

Егер қаржы агентiне ақшалай талапты беру клиенттiң агент алдындағы өзiнiң мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету əдiсi ретiнде жүзеге асырылса жəне талапты берiп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентi клиентке есеп табыс етуге жəне оған талапты берiп қамтамасыз етiлген клиент мiндеттемелерi сомасынан асатын соманы беруге мiндеттi. Егер қаржы агентi борышқордан алған ақша клиенттiң қаржы агентiне талапты берумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi сомасынан аз болып шықса, клиент мiндеттемелердiң қалған бөлiктерi бойынша жауапты болады (ҚР АК 736 б. 2 т.).

Егер ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша клиенттi қаржыландыру одан осы талапты қаржы агентiнiң сатып алуы жолымен жүзеге асырылса, соңғысы борышқордан талапты орындау үшiн алатын барлық сомаға құқықты иемденедi, ал клиент өзi алған сома қаржы агентi клиентке төлеген сомадан аз болғаны үшiн қаржы агентi алдында жауап бермейдi (ҚР АК 736 б. 2 т.).

Ақшалай талапты берiп қаржыландыру мəмілесінің тараптары арасында туындайтын өзара қатынастар сипаты бойынша ашық (конвенционды) жəне жабық (конфиденциалды) факторинг түрлерін ажыратады. Ашық факторинг кезінде борышқор өз борышына талап ету құқығының қаржы агентіне ауысқаны жөнінде хабардар етіледі жəне бұл жағдайда үш жақты шарт нысаны кездеседі. Жабық факторинг кезінде борышқор өз борышына талап ету құқығының факторингтік компанияға ауысқаны туралы хабардар етілмейді. Факторингтің жоғарыда аталған түрлері шетелдік тəжірибе үшін дəстүрлі болып келеді. Фактордың өзіне қабылдайтын тəуекелдер көлеміне қарай клиентке регресс (кері талап) қоюға құқығы бар факторинг жəне клиентке регресс қою құқығы жоқ факторингті ажыратады.

Регресс құқығы бар факторинг (ағылш. recourse factoring) – сауда операцияларын қаржыландыру əдісі, бұл кезде факторингтік компания сатып алушыдан ақша ала алмаған жағдайда, тауар берушіден оны талап етуге құқылы болады. Факторингтің бұл түрі берілген мəміледе қаржы агентінің тəуекелін біршама азайтады [4]. Регресс құқығы жоқ факторинг (ағылш. non recourse factoring) – сауда операцияларын қаржыландыру əдісі, бұл кезде факторингтік компания несие тəуекелін, яғни сатып алушымен төленбеген тауар үшін тəуекелді өзіне қабылдайды жəне факторда тауар берушіден ақша талап етуге құқығы болмайды. Былайша айтқанда, клиент бір мезгілде тауар жеткізілімі үшін қаржыландыруға, сақтандыруға (борыштың өтелмей қалу тəуекелінен қорғау), дебиторлық берешекті басқаруға қол жеткізеді. Клиентке регресс қою құқығы жоқ факторинг өндірушіні қандай да бір төлем жасамау немесе кірістерді жоғалту тəуекелдерінен толығымен шектейді [4].

Фактор жəне оның клиентінің мүдделерін максималды қанағаттандыру факторингтің алуан түрін үйлестіру арқылы қол жеткізіледі. Қаржы агентіне тəуекелді төмендету жағынан міндеттемені қамтамасыз ету де, сатып алу сипатындағы да, клиентке регресс құқығы бар факторинг мəмілелері өте тиімді. Факторинг сондай-ақ реалды (ақшалай талап шарт жасасу сəтіне сəйкес келеді) жəне консенсуалды (ақшалай талап болашақта туындайды) болып келеді [5].

Əдетте факторинг нарығының ауқымы ЖІӨ-ге қатысты өлшенеді. «ЖІӨ-ге факторинг айналымының қатынасы» көрсеткіші əлемнің əр түрлі мемлекеттерінің қаржы жүйесінде факторингтің маңыздылығын салыстырмалы бағалауға жол береді. Факторингте көшбасшылар – Италия (11,9%), Кипр (20,7), Ұлыбритания (10,5), Португалия (9,8) мемлекеттері болып табылады. Ресейде, факторингтік ассоциацияның мəліметтері бойынша, соңғы үш жылда нарық жедел қарқынмен өскен – жыл сайынғы өсу 50%-дан кем емес болған. Қазір факторингтік компаниялардың айналымы Ресейде ЖІӨ-ге қатысты пайыздық қатынасы 2% құрайды, ал сарапшылардың мəліметтері бойынша, факторингтің ресейлік нарығының көлемі 2008 жылға қарай 16,2 млрд Евроға жеткен. Ресей мен Қазақстан нарықтарын салыстыру арқылы Қазақстанда берілген саланың потенциалды айналымы 1%, немесе 150 млрд теңге құрайды деп болжауға болады. Қазақстан Республикасында факторингке компаниялардың айналымдық капиталының тапшылығын азайтуға бағытталған құрал ретінде, əсіресе банкілік несие беруді консервациясы кезінде сұраныс бар болуда. Бірақ кəсіпкерлердің берілген ақшалай міндеттеме түрін білмеуі жəне банкілік несиенің кеңінен колданылуы көп жағдайда факторингтің алдыңғы орынға шығуына кедергі жасайды [2].

Ресей Федерациясында факторинг өндірісі қаржылық қызмет көрсету нарығында ең жедел өсіп келе жатқан сегменттердің бірі жəне оның жаңа жас сала екеніне қарамастан 2006 жылы 4400 компания факторингті пайдаланған, олардың айналымы 11 миллиард долларды құрады [4].

Өкінішке орай, факторингтік операциялар Қазақстанда əлі кəсіпкерлермен дұрыс бағаланбай келеді жəне сондықтан олар тиісінше тарала қоймады. Тағы да атап өтейік, ақшалай міндеттемелерді сатып алу бойынша алғашқы мəмілелер АҚШ-та орын алған еді. Жəне ең қызығы борышқор борышын өтемеген жағдайда фактордың клиентке қарсы талап қоюға құқығы болған жоқ.

ҚР Азаматтық кодексі ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының ұғымын біршама кеңейтеді. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентiнiң мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi жəне берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетудi қамтуы мүмкiн (ҚР АК 729 б. 2 т.).

Факторингтің экономикалық жағын қарастырайық. Факторинг осы қызмет түрін пайдаланатын кəсіпкерлердің активтерінің ликвидтілігін, капитал айналымын жоғарылатуға жəне сол арқылы кəсіпкерлер қызметінің рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл, ең алдымен, аса ірі емес жəне орта кəсіпорындар үшін өте маңызды [3].

Факторинг шартының көмегімен тауар беруші фактордан өзі жеткізген тауар үшін төлемді бірден ала алады жəне ол оған сатып алушыдан төлем төлеуін күтпей өзінің қаржы ағымдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Осындай жолмен, факторинг кəсіпорынды шынайы қаржы құралдарымен қамтамасыз етеді, капитал айналымын жеделдетуге, өндіруші капитал үлесін жоғарылату мен кірісті ұлғайтуға көмектеседі. Айналым құралдарын қаржыландырудан басқа факторинг кезінде банк тауар берушінің тəуекелдерін біршама бөлігін жабады: валюталық, пайыздық, несиелік жəне ликвидті тəуекелдер [6]. Одан басқа сатып алушы факторинг шартын жасасу кезінде, борышты коммерциялық несиемен салыстырғанда, ұзақ мерзімнен кейін қайтару мүмкіндігін алады (жекелеген жағдайларда борыш қосымша міндеттемелермен пролонгацияланады), сондай-ақ борышты бөліп төлеуге рұқсат етіледі жəне ол тауарларды факторинг компаниялары арқылы сатып алуға ынталандырады. Коммерциялық банктер мен факторингтік компаниялар факторинг көмегімен көрсетілетін қызмет шеңберін кеңейтеді жəне кірістердің көлемін ұлғайтады.

Сонымен, факторинг шартының құндылығы айдан анық. Шарттың бұл түрі несие берушілерге, оның ішінде ірі, ұдайы борышқорлардың үлкен санымен жұмыс істейтін табиғи монополиялардың (темір жолдар, кеме иелері, көтерме сауда фирмалары жəне т.б.) мамандандырылған фирмаға  – қаржы агентіне – комиссиялық не өзге де сыйақы үшін тиісті талаптарды сату не беру арқылы борышқорлардан борышты өндіру жөнінде күрделі істен құтылуына мүмкіндік береді.

Сондықтан, факторингті құқықтық реттеу жан-жақты əрі терең анализ жасау жолымен жаңа құқықтық нормалар енгізуді, сондай-ақ факторингті форфейтинг, инвойс-дискаунтинг сияқты ақшалай талапты беріп қаржыландырудың басқа да түрлерінен анық ажыратуды, жəне факторинг қатынастарының түрлерін заңнамада ерекше қарастыруды қажет етеді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Деньги. Кредит. Банки: учебник / под ред. Г. Н. Белоглазовой — М.: Высшее образование, 2009. — С.
  2. 19-04-2010 1411 (с) kapital.kz // О. Веселова. http://finance.nur.kz/go.php?url- http:// kz
  3. http://www.kz-adviser.kz/consulting/29-nsfo/175-faktoring
  4. http://www.rusfactor.ru/invoise.html
  5. Абалкин Л. И., Аболихина Г. Л., Адибеков М. Г. Лизинговые, факторинговые, форфейтинговые операции банков —М.: ДеКА, 1995. — ISBN 5-86006-040-8.
  6. Абашкин Ф. Ю. Финансирование оборотного капитала предприятия при помощи факторинга // Вестник Нижегородского университета им. Н.И. Лобачевского. Серия: Экономика и финансы. — Нижний Новгород: Нижегородский государственный университет им. Н.И. Лобачевского, 2004. — № 2. — С. 311-316.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.