Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тергеу экспериментінің ғылыми негіздері

Қылмыстық істі тергеуде жұмыстың эксперименттік əдісін дəлелдеуімен, тергеуші əрекетінің негізгі мазмұны болып табылатын, тəжірибеден тұратын тергеу эксперименті, тергеу əрекетінде өз мазмұнын алып, маңызды рольді иеленді.

1959-1961 жылдары Қылмыстық іс жүргізу кодексін қабылдамастан бұрын заң əдебиеттерінде жəне тəжірибеде тергеу экспериментінің түсінігі мен мəніне екі көзқарас қалыптасты. Бірінші көзқарасты жақтаушылар тергеу экспериментін дербес тергеу əрекеті болып табылмайды, ол өзінде тергеулік қараудың бір түрі ретінде көрсетеді немесе қандай да бір тергеу экспериментін жүргізудегі дəлелдемелерді тексеруді тактикалық қабылдау деп есептейді. Бұл көзқарастың өкілдері: іс жүргізушілер – М.С. Строгович, М.А.Чельцов, Р.Д. Рахунов, ал криминалисттер қатарынан – Н.И. Тарасов-Радионов (өзінің бірнеше еңбектерінде), Л.И. Винберг.

Тергеу экспериментін дəлелдемелерді тексеретін құрал ретінде анықтап, М.С.Строгович былай деп жазды: «Ол өзінің заңдық табиғатына басқа емес, қараудың ерекше бір түрі ретінде оның екінші бір бөлігі сияқты көрсетіледі» [1]. М.С. Строгович сонымен бірге тергеу экспериментінің жай қараудан айырмашылығын белгілеп, ешқандай ерекшелігіне қарамастан тергеу эксперименті əрқашан қарау болып табылады, жерді немесе затты қарайды деп тұжырымдады. М.С. Строгович соңғы көптеген еңбектерінде, яғни «тергеу эксперимент – тергеудің жеке қабылдауы, қараудың ерекше түрі деп атаған кезде бұл айқындаманы өзгерткен жоқ.

Кейіннен бұл сұраққа қатысты аздаған нақты ойды М.А. Чельцов айтты. Ол тергеу экспериментімен тергеудің ерекше тактикалық қабылдауы түсіндірілетінін, жəне қандай да бір істің мəн-жайларын қайта жаңғыртуға бағытталғанын, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу эксперименті туралы көрсетілмегенін айтып, ол бəрінен да дұрысы «тергеу эксперименті қараудың хаттамасымен толтырылады» деп айта алды [2]. Бұл ұсынымнан мынадай тұжырым шығаруға болады: автордың ойына сəйкес тергеулік қараумен біртектес. М.А. Чельцов тергеу экспериментінің түсінігіне қатысты ойынан айнып, көптеген жыл өткеннен кейін, ол енді тергеу экспериментін процесс əрекеті ретінде (басқа тергеу əрекетінің түрі емес) жазды, оның анықтамасын баяғыша анықтап, аталған деректің аталған шартта пайда болу мүмкіндiгін тексеру мақсатында анықталған нақты мəн-жайды қайта жаңғырту деп айтты.

Р.Д. Рахунов тергеу экспериментіне тек сарапшының қатысуы өзекті деп ойлап, мынадай шешімге келді: «тергеу экспериментін анықталған оқиғаның жағдайын қайта жаңғыртуда қорытындыланып, өз мінездемесімен қараудың бір түрін көрсетеді».

Тергеу экспериментін тергеулік қараудың бір түрі деп А.И. Винберг санады. П.И. Тарасов- Радионов бұл сұраққа қатысты өзінің алғаш еңбегінде тергеу эксперименті «қайта жаңғырту» немесе оны қылмыс немесе оқиға немесе оның жеке элементтері немесе оқиға орын алған орын мəн-жайын қайта жаңғырту ретінде анықтап, тергеуде тактикалық қабылдау деп атады.

Тергеу экспериментінің мақсаты оның ойынша дыбысты тексеру жəне істің мəн-жайын жақсылап анықтау. «Тергеушінің көз алдындағы кітабының» алғы сөзінде тергеу экспериментін таныстырғанда, П.И.Тарасов-Радионов тергеу эксперименті – бұл тергеулік қараудың бір түрі» деп тіке  айтты. Алайда сонда ол шын мəнісінде эксперименттің түсінігі туралы айтылған ойды əшкерeлеп, эксперимент пен қараудың пайда болуының арасындағы айырмашылықты белгіледі. Автордың сондай қарама-қайшы айқындамасы айқын ашылды жəне оның соңғы бір еңбегінде ол мойындауға мəжбүр болған сəтте, тергеу экспериментін егер оны тергеулік қараудың түрі ретінде қарағанның өзінде «өзінің жаңа сапасында тергеулік жұмыстың жаңа үлгісінің даму тарихы қызмет етеді» деген ойды соңғы негіздеме үшін шығарады. Оқымыстылардың пікірін түйіндеп, тергеу экспериментінің түсінігіне қатысты бірінші көзқарасты қолдаушылар келесілерді айтты:

А. Тергеу эксперименті дербес тергеу əрекеті болып табылмайды, оны не басқа тергеу əрекетін өндіру кезінде жүзеге асыратын тактикалық қабылдау ретінде қарауға болады, не қандай  да бір тергеу əрекетінің түрі ретінде (мысалға қарау) қарауға болады.

Ə. Тергеу экспериментінің мақсаттары дəлелдемелерді тексергенде немесе істің мəн-жайын анықтағанда қорытындыланады.

Б. Эксперимент пен басқа тергеу əрекеттерінің арасында оларды жүргізу мақсаты бойынша ерекшеленеді, мазмұны бойынша тергеу экспериментінің дербес мінездемесі болмайды.

Екінші көзқарасты қолдаушылар тергеу экспериментін басқа тергеу əрекеттерінен өзінің мазмұнымен,  тапсырмасымен  жəне  жүргізу  тəсілімен  ерекшеленетін  дербес  тергеу əрекеті депсанайды. Бұл пікірді жақтаушылар М.М. Гроздинский, А.А. Пионтковский, Н.В. Терзиев, В.П. Колмаков, Г.М. Миньковский, Л.Е. Ароцкер, Н.И. Гуковская, М.М. Выдря, Ф.К. Диденко,  Р.С. Белкин жəне басқалары.

1959-1961 жылдары Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғаннан кейін, бірақ оқымыстылар, соның ішінде М.С. Строгович тергеу экспериментін қараудың бір түрі ретінде анықтады [1]. Бұл əрине біздің ойымыз, қолданыстағы іс жүргізушілік заңнама қолданғанға дейін, тергеу экспериментін өндіру регламенттелген жоқ деп түсіндіруге болады, содан соң жеткілікті таратылғаннан кейін, осы тергеу əрекетін жүргізу хаттамасымен толтырылды.

Қазіргі уақытта тергеу экспериментін басқа тергеу əрекеттерімен өзінің мазмұнымен, тапсырмасымен жəне жүргізу тəсілімен ерекшеленетін дербес, ерекше тергеу əрекеті,  осы нақты дəлел екендігіне күдік тудырмайды. Егер процессуалдық жəне криминалистикалық əдебиетте кездесетін тергеу экспериментінің анықтамасын талдаса, олардың барлығы тергеу экспериментін бəрінен бұрын қайта жаңғырту ретінде, соның ішінде жағдайды, оқиғаның мəн-жайын қайта жаңғырту, осы жəне басқа дəлелді, белгіні, құбылыстың зерттелген жағын қайта жаңғырту деген қорытындыға келуге болады. Бірақ тергеу экспериментіңің анықтамасында Р.С. Белкиннің ойының барлығы дұрыс емес, бұл оймен келіспеуге болмайды. [3]

Жоғарыда көрсеткендей сот тергеуінің затын қайта жаңғырту мүмкін емес.  Қылмыс оқиғасы орын алған жердегі қылмысты қайта іске асыруға болмайды, қылмыстың барлық əсерін, қылмыскердің жəбірленушіге шабуыл жасаған сəтін жəне тағы да басқа сол сияқты қылмыстарды қайта жаңғыртуға болмайды. Сонымен бірге біздер əрдайым жаңа, яғни басқа оқиғамен, құбылыспен, белгімен жасаймыз. Сондықтан тергеу эксперименті қандай да болмасын құбылыс немесе айғақты қайта жаңғырту үшін емес, болған, зерттелген іс- əрекетте жасалады. Жəне бұл əрекет оқиға орын алғанына қарап емес, ұқсастығына қарай шешіледі. Экспериментальды əрекет іске асыратын жағдайдың ұқсастығының табысы жəне осы əрекет жағдайымен жəне оқиғаның мəн-жайымен тергеу экспериментінің нəтижелерінің ақиқаттығын қамтамасыз етеді. Демек, нақты қайта жаңғырту туралы тергеу экспериментінде əлі айтуға болмайды, себебі өткізілетін экспериментпен құбылыс, айғақтың болу мүмкіндігін, нақтылығын қайта жаңғырту мүмкін еместігі анықталған жəне болмаған оқиғаны қайта жаңғыртуға келмейді.

Тергеу экспериментін ұсынған анықтамаларының көпшілігінде елеулі кемшілігі – бұл тергеу актінің əсерлі, экспериментальды сипатында нұсқаудың жоқтығы болып табылады. Осылай заң терминдерінің сөздігі тергеу экспериментін «бұл тінтілген қылмыстың іске асырылуының мəн-жайын немесе іс үшін маңызды мəнге ие айғақтарды тергеушімен қайта жаңғыртатын тергеу əрекеті» деп анықтайды.[3] Бұндай жағдайда «қайта жаңғырту» ұғымына тергеу экспериментінің мазмұнын сидыру мүмкін емес. Тергеу экспермиентінің ұғымының көлемін тек оқиғаның мəн-жайын қайта жаңғырту деп есептесек, қате. Тергеу экспериментінің анықтамасын құрастырғанда бұдан шығатын ең бастысы – тəжірибе жүргізу, сынақтар жəне айғақтарды дəлелдеудегі экспериментальды əрекет.

Шарттар, жағдай, шынайы оқиғаның жағдайымен ұқсас болуы экспериментті деп есептейді. Сол мезетте əрдайым тергеу экспериментін дұрыс өткізудің тактикалық шарттарының болуы қажет. Бірақ эксперимент оқиғаның жағдайын қалпына келтірумен ғана шектеліп қоймай, шарттарды, экспериментальды, тəжірибеден өткен шынайы оқиғаға ұқсас шарттарды қалпына келтіру. Кейбір авторлар, мысалға Р.С. Белкин өз мазмұны бойынша тек оқиғаның жағдайын қалпына келтіру тергеу экспериментінің бір түрі деп ойлады. Дегенмен олай емес.

Оқиғаның өз жағдайы, я соған ұқсас оқиға болған жердегі жағдайдың болуын қайта жаңғырту дербес, өзіндік тергеу əрекетін көрсетпейді, тергеу экспериментінің бір түрі де емес, əр түрлі тергеу əрекеттерін қайта жаңғыртуда қолданылатын тактикалық тергеуді қабылдау. Тергеуде жағдайды қайта жаңғырту өзімен өзі ештеңе бермейді. Біздер жағдайды не оны келесідей қарау үшін, не тергеу эксперименттерінің шарттарын құруды өткізу үшін, не тану үшін, не тағы да сол сияқты объектілер үшін қалпына келтіреміз. Қалпына келтіру бұнымен бастапқы кезең немесе шарт ретінде сол немесе басқа тергеу əрекетін қайта жаңғыртуды тактикалық қабылдау деп есептеледі. Сондықтан да кез- келген тергеу əрекетін қайта жаңғыртуда жағдайды қалпына келтіру міндетті емес. Егер бұл эксперименттің нəтижесінің ақиқаттығы үшін маңызы болмаса, эксперимент бірқатар жағдайда, шынайы оқиғаға ұқсас емес жағдайда да жүргізіле алады.

Тергеу экспериментінің анықтамасын ұсынған əдебиеттегі тағы бір елеулі кемшілігі, іс бойынша жиналған айғақтарды тексеру – бұл тергеу əрекетінің мақсатының шектеуі болып табылады. Тергеу эксперименті бар дəлелдерді тексеру үшін ғана емес, тексеру жəне тергеу болжамдардың бағасы жəне жаңа дəлел алу үшін табыспен қолданылады.

Өте дұрыс жəне дəл біздің көзқарасымыз – бұл Р.С. Белкиннің анықтамасы болып табылады:

«Тергеу эксперименті – бұл тергеуші анықтаған іс үшін маңызы бар мəліметті тексеру мен   нақтылау шартындағы, сонымен бірге барынша ұқсас оқиғаның шартымен тексерілетін айғақ, құбылыс бар болған кезде, тəжірибелі əрекет өткізу жолдарын жасау шартында, жаңа дəлелдер алу мақсатында жүргізілетін дербес тергеу əрекеті» [3].

Қолданыстағы заңда тергеу экспериментіне дербес тергеу əрекеті сияқты көзқарас қалыптасқан. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 239-бабында [4] тергеу эксперименті туралы былай айтылған: «Тергеу эксперименті іс үшін маңызы бар мəліметтерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір əрекеттерін, жай-жапсарын, мəн-жайларын қайта жаңғырту жəне тəжірибе жүргізу арқылы тексеру жəне нақтылау мақсатында жүргізіледі».

 

 

Әдебиеттер

  1. Сторгович М.С. Уголовный процесс. – М, 1946. 245-246 б.б.
  2. Чельцов М.А. Уголовный процесс. – М., 1948. 271 б.
  3. Белкин Р.С. Сущность экспериментального метода исследования в советском уголовном процессе и криминалистике. – М.,1961. – 45 б.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі - Астана,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.