Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы Ресей құрамындағы кезеңдегі билер сотындағы өзгерістер

«Қазақтың көне құқығы, ұлан-ғайыр «еркін» аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі өркениеттің төл туындысы, əрі мəдени жемісі, əрі мұрасы» [1].

Би, біріншіден – сот болған. Қазақ даласында билік атаққа жету оңайға түспеген. Себебі, би болатын адам жасынан бастап «Дала заңының» негізгі қағидаларын, оның негізгі құқықтық нормаларын толық меңгеріп, атақты билердің үлгілі сөзінен нəр алған жəне оны басшылыққа алған.

Қазақтың əдет-ғұрып заңдар жүйесі, мəдени жəне демократиялық дəстүрлерге негізделген. Сондықтан өзіне тəн ерекше құқықтық реттеушілік мəнін ХХ ғасырдың басына дейін сақтап келді жəне көшпелі өркениеттің шаруашылық– тұрмыстық, дүниетанымдық негіздері осы жаңа дəуірге дейін сақталғанын байқаймыз.

Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде билер сотының маңызы туралы айтқан  мына  сөзінен құқықтың іс жүзіне асырылу жолын толық түсінуге болады:

«Далалық демократияға, сондай-ақ тəуелсіз билер соты, əйелдердің ер азаматтармен тең құқықтығы, діни тақуалықтан аулақ болу, рулық тайпалық құрылым басшыларын көпшіліктің қалауы бойынша сайлап қою тəн болатын» [2]-деді.

Дəстүрлі  қазақ  қоғамында  билерге  ерекше маңыз берілді деп айтуға болады. Өйткені билердің шаруашылық, əдетті – құқық, əскери жəне идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.

Сонымен қазақ халқында билер құрметті тұлға болған. Олардың даналық сөздері – ата мұрамыз, алтын қазынамыз деп есептейміз.

Билердің өз кезінде ел басқару ісіне үлкен əсері болып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағына зор ықпалы болғанын ешуақытта ұмытуға болмайды. Бірақ  оны дүниежүзінің  қазіргі  өркениетті даму барысында қазақ елін би басқарсын, билердің басқару жүйесіне кешірейік деген пікір айту, əлбетте, көңілге қонымсыз болар еді. Өйткені билер мен оның билік ету жүйесі қазақы қалпымызға ғана үйлесетін қасиет. Яғни, халық құрметтеген билеріміздің бұрынғы қызметтерін қастерлей отырып, олардың шешендік сөз өнерін əлі де дамыта түсу қазіргі ұрпақтарына сын.

XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тəн бірегей дəстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі жəне жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын біртебірте жоя бастады.

XVIII ғасырдың аяғынан бастап билер сотымен қатар қазақ жеріне ресми ресейлік сот билігі кіргізіліп, қазақ халқы өзін-өзі басқару құқығынан айырылды.

Ресей Қазақстан аумағына азаматтық жəне əскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дəстүрлі билер соты болды. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тəртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отырды.

Ал империяның саясаты сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің əкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Билер соты да патша өкіметінің еркін, бай феодалдардың еркін қорғауға қызмет етті. Жаңа Ережелер бойынша билер соты «халық соты» деп аталды. Билер қызметке үш жыл мерзімге сайланатын болды. Болыстық сайлауда болыстармен бірге билер де сайланды. Билер де əскери губернатордың бекітілуіне жатты. Əр болыста ауылдардың санына қарай 4-8 би болды. Əр ауылда бір биден артық болмады.

Ресей империясының отарлау саясатының 1864 жылғы сот реформасын енгізуінің салдарынан билер соты өзінің демократиялыққұқықтық институт ретіндегі дəстүрлі мəнмаңызын жоғалтты. Үш сатылы билер сотын (жеке-дара сот, болыстық жəне төтенше съездер) сот төрелігінің жаңа жүйесін енгізіп, құқықтық құзіретін шектеу оның қызметін елеулі дəрежеде өзгертті. Ол қазақ даласындағы отаршылдық басқару əкімшілігінің бір тармағына айналды.

Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тəртібін енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мəселен, қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уəлиханов билер сотына жоғары баға берді.

1885 жылы Шардары билердің төтенше съезінде Төбе би болып сайланған ұлы Абай құқықтану ғылымына өлшеусіз үлес қосқаны белгілі.

ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту жəне басқа да реформалар Ресейдің құрамында дамыған шығыстағы ұлттық аймақтарға əсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры жəне көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтыды [3].

1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы əскери-сот  комиссиялары   мен   уездік   соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталынса да, əскери-уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің бір айта кететін жайы – ол ескі шариғаттық патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге əсеріне шек қойды. Əрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайлайтын еді. Шын мəнінде, əскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соттары патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. 1861 жылғы крепостниктік құқын жою жөніндегі заң сияқты 1867-1868 жылдардағы реформалар қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмағандықтан, реформа арқылы отарлық  басқару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын əскери əміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.

Батыс  Сібір  губернаторы  М.М. Сперанский«Сібір қырғыздары туралы Устав» атты құжат жасақтады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылып, бұрын рулық  принцип бойынша бөлінетін территория əкімшіліктерриториялық прициппен окруктерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Əр округте 15-20 болыстар, əр болыста 10-12 ауылдар, əр ауылда 50-70 үйлер болды [4]. Округтер  Омбы  облыстық басқармасына бағынып, округті коллегиялық орган округтік бұйрық басқарды.  Округтік приказға аға сұлтан-төраға жəне төрт заседатель (оның екеуі ресейліктерден тағайындалды, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Округті аға сұлтан басқарып,   бірақ   бұйрық   құрамындағы  ресей өкілдері билік жасады.

«Устав» бойынша қазақтардың сот ісіне, əдетғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектеліп, сот əкімшіліктен бөлінбеді.

Сонымен  билер  соты   үш   сатыдан тұрды: а) Жалғыз биден тұратын 300 сомға дейінгі азаматтық талап арыздарды қарайтын, 100 сомға дейінгі шешімдерді түпкілікті шешуге құқықты соттар; б) болыстық билер съезі бірінші сатылы сот ретінде шектеусіз мөлшердегі азаматтық істерді қарады жəне 500 сомға дейінгі дауларды түпкілікті шешуге құқықты, сондай-ақ екінші сатылы сот ретінде жалғыз билер сотының шешімдерін қарады; в) билердің төтенше съезі əртүрлі болыстардың ауылдары арасындағы дауларды қарады, екінші сатылы сот ретінде болыстық билер съезі шешімдерін қарады. Билер соты мынадай қылмыстық мəселелерді: жеке басқа қарсы қылмыстар (кісі өлімінен басқа); меншікке қарсы (тонау мен талқандаудан өзге), отбасы-некеге қарсы, ислам дініне қарсы, болыс, би, старшындарға қарсы істерді қарады. Ережелерде айыптың, тоғыздың мөлшерлері нақтыланып, малдың ақшаға шаққандағы құны да белгіленіп отырды. Мысалы, төтенше билер съезі малдың құнын былай белгіледі. 5 жылдық түйе 30 сом, екі жылдық түйе 15 сом, бес жасар жылқы 10 сом, 2 жасар тай – 5 сом, сиыр құны жылқымен бірдей, ірі қой – 2 сом, бір жасар қой(тоқты) – 1 сом. Билік үшін əр 10 сомнан 10 тиын төленді [4].

Бұрын халық соттарына жататын жиырмадан аса істер империялық соттарға берілді. Айып салатын шешімдерде билер кінəліге айып салып, соны орындаттырған. Айып түрлері аз емес. Соның біріне тоқталайық. Бірде бір ауылдың жесірін екінші ауыл жігіті алып қашыпты. Одан кейін екі ауыл жігіттері арасында шатақ шығып, арты төбелеске ұласыпты. Жесір иелері жесірін қайтарып, қарсы жақтың адамдарын сабап тастаса керек. Біреуінің басы жарылып, біреуінің қолы сынып, биге өтініпті. Би жесірді алып қашқан жаққа: «Айыбыңа ат мінгізіп, үстіне шапан жабасың. Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде, сендер жесірін алып қашпасаңдар төбелес болар ма еді» депті. Ара ағайындар əділ билік болды деп, биге ризалық білдірген екен.

Кейбір авторлардың көзқарасы бойынша Ресейге қосылғаннан кейінгі кезең Қазақстан сот жүйесі дамуының келесі кезеңі болып табылады, ол жұмыс істейтін екі қосарласқан сот жүйелерімен ұсынылған:

  • Ресей империясы заңдарының негізінде əрекет еткен патшалық мемлекеттік сот мекемелері, олар қазақтардың аса маңызды қылмыстық істерін жəне түрлі халықтың арасында туындайтын істерді қарайтын;
  • ұлттық соттар – билер соты, олар қазақтардың кішігірім қылмыстық жəне азаматтық істерін шариат (мұсылман құқығы) пен адат (əдеттегі құқық) нормаларының негізінде қарайтын. Осы кезеңде Сібір қырғыздарының жарғысын қабылдау самодержавиенің алғашқы ірі актісі болды, ол іс жүзінде хан билігінің күшін жойып, билікті патша əкімшілігіне берді. 1864 жылғы сот реформасы, патшаның «Сот жарғысы» бекітіліп, Қазақстанның сот жүйесін өзгертуге алып келді. Ал бітімгершілік соттары мен сот тергеушілерінің құқығындағы уездік соттар; бітімгершілік судьялар съезінің құқығында əрекет ететін жəне олардың қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын, қылмыстық жəне азаматтық соттардың Палаталары ретінде əрекет ететін облыстық басқармалар – облыстық соттар құрылған болатын; əскери-соттық жəне əскеридалалық соттар мемлекетке опасыздық туралы, мемлекеттік лауазымды тұлғаларды өлтіргені туралы, əскери жəне  басқа  қылмыстар  туралы істерді қараған. Жоғары сот органы болып Үкіметтік сенат танылды. Реформаның оң сəтісот өндірісіне буржуазиялық-демократиялық қағидаттардың: соттың əкімшіліктен тəуелсіз болуының жəне судьялар тұрақтылығының, сотта алқа билердің қатысуының жəне бітімгершілік соттардың сайланып құрылуының, сот процесінің жариялылығының,  сот  алдында тараптардың теңдігінің, айыпталушының қорғануға құқығының енгізілуі болып табылды. Қазан төңкерісінің (1917 ж.) жеңісінен кейін Ресейде патшалық сот машинасының күйреп, кеңестік сот жүйесі құрылды деуге болады.

Сонымен, билер сотына бақылау орнады. Ол соттың шешімі жоғарыға шағым болмағанда ғана күшіне енді. Билер соты: рулық, төменгі рулық жəне ауылдық сот деп аталатын буындарға бөлінді. Билер сотының 2 мыңға дейін сомды құрайтын  істің  шешімдері  округтік   приказда,

5 мыңнан жоғары істер жөніндегі шешімдер Үкіметтік Сенатта бекітілетін болды. Билерге тұтқында ұстау, Сібірге айдау, дүре соғу, рудан аластау сияқты құқықтар берілді. Ғасырлар бойы ұлттық салт-дəстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дəстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам билер сотын «ескіліктің қалдығы» есебінде танып, ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға əкеп соқты. Сегіз ғасырдан  астам  уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, ұлттық салтдəстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан  төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дəстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған 1917-1922 жылдар аралығында билер соты талай мəрте айтыс-тартысқа түсіп, «ескіліктің қалдығы»  есебінде  ұлттық,  мемлекеттік маңызын жоюға əкеп соқты.

1922 жылдың соңы Кеңестер еліндегі барлық республикалар үшін үлкен жаңалық əкелді. Яғни осы жылдың 31 желтоқсаны күні одақтас республикалар құрылып, Советтік Социалистік Республикалар Одағының салтанат құрған датасы тарихи құжат болып бекітілді. Осы негізбен барлық Одақтас республикалар мeмлeкeттiк мəртебелерін белгілеп, қайта құрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негізіне сай қайта жүйелеп, бекітті. Сот құрылымдары да Бүкілодақтық Атқару  комитетінде  қаралып,  бip  жүйеге түсірілді. Одан кейін губерниялық соттар тұрды. Əpбip одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, КСРО Жоғарғы Сотына мəлімет бepiп, бip орталыққа бағынған  заңдылық  негізінде сот icін жүргізуді үрдіске айналдырды. Сөйтіп, КСРО-дағы барлық сот жүйесі одақтық маңызға ие болды [5].

Дегенмен, қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық  орган болған. Құқықтық  құрылымы  жəне  сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, əлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.

Яғни, қазақ елінің  мыңдаған  жылдардан бері ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік əдет-ғұрыпқа негізделген дəстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эволюциясында тек əділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келген.

Сондықтан, Қазақ елінің билер соты барша жұрт алдында кəсіби жағынан əбден шыңдалған, тəуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. «Адал би – əділ би» деген принцип содан қалған.

Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің еңбектерінде «Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра  отырып, тараптардың арасында, рудың арасындағы бітімгершілікке жəне бірлікке қол жеткізуге тырысатын. Билер сотының осы асқақ мұраттарының талабына жауап беру үшін билер дала даналарының мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған» дейді [1].

Билер – өз заманының дəстүрлі құқықтары мен əдет-ғұрып ережелерін заңи тұрғыдан реттеп, заман ағымына қарай жаңартып отыратын білікті заңгерлер. «Заманына қарай – заңы, орманына қарай – аңы болады» деген қағида ізімен тозығы  кетіп,  озығы  жеткен  заңнама үлгілерін уақытына сай жаңғыртып, елді біртұтас білікті заң ережелерімен қамтамасыз етуді де өз мойнына алған. Мемлекеттік істерде заң саласын жетік білетін сұңғылалығымен ел мүддесіне қажет ереже-қағидаларды норма шығармашылық жəне заң талқылау қабілеттілігімен иін қандырып, құқықтық қолданысқа енгізетін білікті заң маманы бола білді.

Абай заманында күні өткен, ескірген кертартпа əдеп-ғұрып, тəртіп, тұрмыс-тіршілікке қарсы тұрып, қоғам санасынан алыстауға тырысқан. Халқымыздың басынан өткен қиын да қилы заманның куəгері, дауласушылар мен таласқандар үшін шындыққа жету құралы, билер мен сот жүйесі үшін даналық пен білім бұлағы, тығырықтан шығар жол болды.

Қорытындылай келе Қазақ елінің ежелгі заманнан бергі көшпелі жəне жартылай отырықшы тұрмыс-салты мен əлеуметтік-саяси дамуындағы ұзақ жылдарда əртүрлі қоғамға қызмет еткен мемлекет билігіндегі билердің рөлі мен билер соты жəне олардың əлеуметтік мəртебесі осындай дүниежүзілік үлкен ғылыми конференцияда жан-жақты талқыланып, аса құнды баға берілуі – билер сотының ұмытылуға айналған мəртебесін қайта жаңғыртуға мұрындық болады деп үлкен сенім артамыз.

 

Əдебиеттер

 

  1. Зиманов С.З. «Қазақ даласында əділ соттың«Алтын ғасыры» // Қазақтың Ата заңдары. 10томдық. III том. – Алматы, 2004. – 616 б.
  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев «Тарих толқынында». – Алматы,
  2. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах. – Алматы, 1985. – Т.1. – 526 с.
  3. Сатанова Л.М. Қазақстан Республикасының мемлекет жəне құқық тарихы: оқулық. – Алматы, 2010. – 224 б.
  4. Ведомости Верховного Совета СССР – АлмаАта, – № 9. – 119 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.