Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пайдақорлық қылмыстылығының теориялық мəселелері

Тонау. ҚК-нің   178-бабының   1-бөлігінде тонау мүлікті ашық түрде өз меншігіне алу деп анықталған. Ашық түрде тонау айыптының мүлікті жəбірленушіден немесе өзге адамдардан жасырмай иеленуін білдіреді. Қылмыстың ашықтығын анықтау кезінде субъективті де, объективті де критерийлерді ескеру қажет. Мына жағдайлар тонау болып табылады: біріншіден, мүлік айыптының əрекеттерінің құқыққа қайшы екендігін білетін жоғарыда аталған адамдардың көзінше ұрланса жəне айыпты осы жағдайды біліп отырса;екіншіден,ұрлықайыптыныңəрекеттерінің құқыққа қайшы екендігін білмей отырған иеленушінің немесе өзге адамдардың көзінше жасалып отырса, бірақ айыпты мүлікті ашық түрде алып отырмын деп қателессе; үшіншіден, мүлік айыптыға қарсыласуға, оны əшкерелеуге ниеті жоқ өзге адамдардың көзінше алынып отырса, бірақ айыпты көріп отырған адамдардың мүлікті алуына кедергі  болғысы  келмей  отырғанын  білмесе   [1,

124 б.]. Тонау кінəлінің  билік  етуге  мүмкіндігі бар болған жағдайда оны иелену сəтінен бастап аяқталған болып табылады.

Ұрлық ретінде басталған əрекет кейіннен мүлік ашық түрде алынып немесе ұсталып отырса, тонауға айналып кетуі мүмкін.

ҚК-нің 178-бабының  1-бөлігінде  тонау кейде күштеусіз жасалады.  Алайда  ҚК-нің 178бабының 2-бөлігіндегі қылмыстық заң жəбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен немесе осындай күштеуді қолдану туралы қорқыту арқылы тонау жауапкершілікті қарастырған. Жəбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес  күштеу деп салдары денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе еңбекке қабілеттіліктен аз уақытқа айырылуына алып келген ұрып-соғуды, басқа күштеу түрлерін қолдануды немесе денесіне жарақат тигізуді айтады.

Қарақшылық. ҚК-нің 179-бабының 1-бөлігінде тонауға мүлікті тікелей иелену мақсатымен жəбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті күштеуді қолдану немесе осындай күштеу қаупінің төнуі  деген анықтама берілген. Осы анықтама бойынша, объективті жағынан қарақшылық мүлікті тікелей жəбірленушінің еркіне қарсы алуға бағытталған күштеудің қолданылуын немесе осындай күштеу қорқыту қаупін білдіреді. Құрылымы бойынша қарақшылықтың құрамы ықшамдалған (формалды) болып табылады. Физикалық немесе психикалық күштеу тікелей жəбірленуші тарапынан мүліктің алынуына ықтимал қарсыласуын басуға бағытталған жағдайда, күштеу қолданылған немесе күштеу мен қорқыту сəттен бастап қарақшылық құрамы аяқталған болып саналады.

Кінəлі шын мəнінде күштеуді қолданған немесе жəбірленушінің өміріне я денсаулығына қауіпті күштеуді қолдану туралы қорқытқан жағдайда қарақшылық құрамы орындалған болып табылады. Осындай күштеу қатарына мыналар  жатады:  салдары  денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуына алып келген жеңіл жарақаттан бастап ауыр жарақатқа немесе өлімге əкеп соққан болса. 179-баптың 3-тармағы бойынша күштеу немесе қорқыту иеленушіге (иесіне) қолданылған жағдайда да, олар мүліктің алынуына немесе ұсталуына қарсыласа алатын кез-келген тұлғаға қолданылған жағдайда да қарақшылық орын алған болып табылады.

Қарақшылық екі объектілі күрделі қос объектілі қылмыстар қатарына жатады. Онда бөтен меншікке ғана емес, жəбірленушінің өз басына қастандық жасалады. Шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданылады.

«Шабуыл» термині жəбірленушіге  кенеттен,ойламаған жерден физикалық қысым жасаумен байланысты. Шабуыл кенеттен болғандықтан жəбірленуші өз мүмкіндігінше тойтарыс беру қабілетін жоғалтады немесе үшінші адамның көмегіне жүгіне алмайды, себебі күш көрсету əрекеті табан асты туындайды. Қарақшылықта зорлық пен мүлікті иемдену бір уақытта жүзеге асырылады. Күш қолданусыз шабуыл жасау мүмкін емес.

Адамның дене құрылысына жəне физиологиялық жағдайына тіптен əсер етпейтін немесе шамалы ғана əсер ететін қалыпты қызметін бұзбайтын əсері күшті жəне есеңгірететін заттарды ағзаға енгізу, ол заттардың денсаулыққа жəне өмірге қаншалықты қауіпті екендігіне байланысты, тонау немесе қарақшылық ретінде сараланады.

Қарақшылық кезіндегі шабуылды кең мағынада түсіну керек. Ол жəбірленушінің жеке басына кез келген нысанда күш көрсетіп əсер етумен сипатталады, нəтижесінде оның өміріне немесе денсаулығына қауіп туады.

Зорлықтың жалпы мазмұны қайсыбір адамға заңға қарсы қандай да бір күш қолдануда жатыр. Жалпы қабылданған пікір бойынша күш қолдану адамныңденебітімінежəнепсихикасынажасалған зорлық деп бөлінеді. Осыған байланысты отандас ғалымымыз Е.О. Алаухановтың пікірінше: зорлық қылмыстылықтың түбірінде «зорлық» сөзі жатқанымен де қазіргі ұғымымыздағы зорлық қылмыстылығының негізін зорлық қана емес, күштеу, күш қолдану да құрайды деп пайымдаған  [2,10  б.].  Дене  бітіміне  зорлық  дегеніміз – жəбірленушінің ағзасына, сыртқы жəне ішкі органдарына, оның еркімен санаспай, механикалық құралдармен, сондай-ақ химиялық жəне электр құралдарымен де жасалған əртүрлі қоғамға қауіпті заңсыз əсер. Зорлық өмірге қауіпті ме, жоқ па анықтау үшін сот істің барлық мəнжайын ескеруге тиіс: қылмыс жасау құралын, көрсетілген зорлықтың сипатын, жəбірленушінің жанды жерінің жарақаттаған, алған жарақатына жəбіленушінің психикалық көзқарасын, сотмедициналық сараптаудың қорытындысын жəне тағы басқаларды. Бұл аталған мəн-жайларды сот зорлықшының өмірге қауіптігін анықтау кезінде де ескеруге тиіс.

1988 жылғы 1 шілдедегі Денсаулыққа зиянның ауырлығын сот-медициналық тұрғыдан бағалаудың Ережесіне сəйкес салған кезде тікелей өмірге қауіп төндіретін  дене  жарақаты да, патологиялық жағдай да өмір үшін  қауіпті деп  танылады. Оған мидың,  жүректің  жарақат алуы, ірі қантамырларының көп қан кетуі, тағы басқа жатады. Өмір үшін қауіпті деп, сонымен қатар, өмір жəне  денсаулық  үшін маңызды болып табылатын органдар мен орталықтардың бүлінуі де саналады, атап айтқанда, бас сүйекке, төске жəне қарынға, жұлынға өткен жарақаттар, жеңіл болса да ішкі органдардың бүлінуі, өмірге қауіп төнетін жағдайға əкеп соғатын жарақаттар (клиникалық естен тану, коллаж, қан жоғалту, май эмболиясы). Жарақаттың қауіптілігін бағалағанда адамның емделгеннен кейінгі жағдайы емес, жарақат алған кездегі жағдайы ескеріледі.

Қарақшылық кезінде, көп жағдайда, денсаулыққа нақты қауіптілік төнеді. Бұл мəн-жай едəуір мөлшерде зорлықтың жасалуы тəсілімен анықталады. Мүлікті қылмыскердің иеленгениеленбегендігіне қарамастан, жəбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті зорлыққа ұласқан шабуыл жасаған кезеңнен бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Ұрлықтың ауырлататын белгілері ретінде заң мыналарды таниды:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға, не қоймаға заңсыз кіруді.

Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылықтың, ерекше құнды заттарды заңсыз айналымға түсірудің ауырлататын белгілері ретінде:

  • ұйымдасқан топ жасаған болса (175 б. 3 б., 176 б. 3 б., 177 б. 3 б., 178 б.3 б., 179 б.3 б., 180 б.2б.);

2) ірі мөлшерде (175 б. 3 б., 176 б. 3 б., 177 б. 3б., 178 б.3б., 179б.3б.);

  • қызмет бабын пайдаланған əрекеттер (176б.2б.в.т., 177 б. 3 б. 2б.в.т.);
  • мемлекеттік функцияларды атқаруға уəкілетті адам, не оған теңестірілген адам жасаған, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (176 б. 3 б. г.т., 177 б. 3 б.г.т.).

Осы тарауда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен байланысты мəселелерге жасалған талдау белгілі-бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Кез-келген формадағы бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бөтен мүлікті заңсыз, өтеусіз алуды жəне оны айыптының немесе оның жақын адамдарының пайдасына айналдыруды білдіретін пайдақорлық қылмыс болып табылады [3].

Қолданыстағы заңнамада  бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу тек қана пайдакүнемдік мақсатпен жасалуы мүмкін деп шешілген. Сондықтан заң əдебиеттерінде кездесетін пайдакүнемдік мақсат бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің міндетті белгісі емес деген пайымдаулар пайдасыз болып табылады. Қылмыстық құқыққа сəйкес, пайдакүнемдік мақсат – бұл айыптының өзі немесе жақын адамдары үшін материалдық пайда табуға ұмтылуы. Сондықтан заң əдебиеттерінде кездесетін мүлік кез-келген өзге адамдардың пайдасына ұрлануы мүмкін деген пайымдаулар заңға қайшы болып келеді.

2008 жылы қабылданған заңдар бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу үшін қылмыстық жауапкершілік аясын ықшамдады. Қазақстан Республикасының 2008 ж. 17 шілдесіндегі Заңы мүлікті қайтадан ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді қылмыстар қатарынан шегеріп тастады. Ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу үшін жауапкершілік əкімшілік құқықтың əрекет ету аясына толықтай жəне бүтіндей жатқызылған. Сонымен бірге, заң шығарушылар бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің формаларын ғана емес, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұсақ болып  танылмайтын мүлікті алудың ерекше əдістерін  де белгілеп, ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің критерийлерін анық көрсеткен.

Қылмыстық  құқық  теориясы  тұрғысынан заң шығарушылардың қорқытып алушылықты бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу нысандарына жатқызу туралы шешімі дау туғызбауы мүмкін емес. Өз  мазмұны  бойынша ол көпшілік мақұлдаған бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ұғымынан өзгеше, сондықтан да оны меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға жатқызған жөн.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз мынадай тұжырымдарға тоқталдық:

  1. Заң əдебиеттерінде пайдакүнемдік міндетті түрде мүліктік пайданы мақсат тұтуы тиісті емес деген пайымдаулар кездеседі. Пайдакүнемдік мақсат жымқырып отырған тұлғаға пайда əкелуі тиіс. Мұндай пайда мүліктік те, басқа да мүддеде болуы мүмкін. Осының негізінде бөтеннің мүлкін заңсыз  айналымға  түсудің  міндетті белгілерінен «пайдакүнемдікті» алып тастау туралы ұсыныстар енгізіледі. Алайда бүгінде мұндай пайымдаулар қажетсіз болып қалды. Олар заңға сəйкес емес. ҚК-тің алтыншы тарауының 175 бабында аталған ескертпесінде бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді – бұл бөтен мүлікті пайдакүнемдік ниетпен жəне мақсатпен заңсыз қайтарымсыз алып қою немесе айналдыру деп анық айтылған.
  1. Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің – мүлікті өз қарамағына немесе өзгенің қарамағына алу немесе айналдыру – белгілері өзара тығыз байланысты жəне бір-бірін толықтырып отырады.

«Мүлікті алу» жəне «айналдыру» түсініктерінің ұғым ретінде бір-бірінен мазмұны жағынан айырмашылықтары бар. Олар айыптының қалыптасқан əлеуметтік байланысты – меншік қатынастарын бұза отырып, басқа тұлғаның мүліктік аясынан материалдық құндылықтарды заңсыз алынуы болып есептелінді.

  1. Қылмыстық құқық доктринасында бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге мүлікті өтеусіз алу, яғни оның құнын ақшамен немесе басқа жолмен тепе-тең қайтарусыз деген анықтама берілген. Алайда мағынасы күмəнсіз болғанымен де, өтеусіздік белгісі тегіс қамти алатын белгі болып табылмайтындығын баса айту керек, себебі іс жүзінде иеленушіге оның еркіне қайшы баға эквивалентін беру арқылы бөтен мүлікті иелену жағдайларын қарастырмайды. Сол себептен өтеусіздікпен қатар иеленушінің немесе мүліктің басқа да иеленушісінің субъективті құқығының бұзылу белгісін де ескеру қажет.

 

 

Əдебиеттер

  1. Зарипов З.С., Кабулов Р.К. Квалификация краж, грабежей, разбоев, совершенных путем проникновения в помещение или иное хранилище: Лекция. МВД СССР. – Ташкент, – – 110 с.
  2. Алауханов Е.О. Пайдақорлық – зорлық қылмыстарының алдын алудың криминологиялық проблемалары: Автореф.заң.ғылым. докторы. – – 48 б.
  3. Хабаров А.В. Преступления против собственности: уч. пособие. – Тюмень: Изд-во Тюм.гос. ун-та, – 115 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.