Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ өлкесіндегі билер сотының қалыптасуы және дамуы

Тәуелсіз және егеменді Қазақстанның ұлттық тұрғыда өзін-өзі тануының қалыптасуы қазақ халқының өткен қоғамдық-саяси және құқықтық қатынастарының ерекшелігін меңгеруді болжайды.

Қазақ мемлекеттілігі қазақ халқының қоғамдық құрылысының саяси және құқықтық көрінісі ретінде ХV ғасырдың ортасында Орта Азия кеңістігінде шамамен 1456-1470 жылдары пайда болды. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси үрдістері құрылуының объективті алғышарттары сол кезеңде Қазақстан аумағында өрбіді. Қазақ хандығы өзінің қалыптасуын орта ғасырда біріккен Ақ Орданың, Ноғай хандығы және Әбілхайыр хандығының пайда болуы одан әрі де тереңде жатыр, ол қазақ халқының этникалық тұтастануынан бұрын қалыптасқан. Қазақтың көне құқығы ежелгі түркі-қазақ тайпалық, мемлекеттік құрылымдардан  құралған, ауысып тырған көптеген көшпелі және жартылай көшпелі бірлестіктердің құқықтық дүниетанымы мен нормативтік активтері негізінде қалыптасты [1,145].

Қазақ хандығының саяси қалыптасуымен қатар, қазақ мемлекеттілігінің ұйымдасуының негізі, бастамасы болып табылады, әдет құқығының қалыптасуы қатар жүреді. Қазақ әдет құқығы жазылмаған құқық. Ол нормативтік институттарға іс жүргізушілік негізгі моральдармен мазмұндалған материалдарға сәйкестендіріліп құрылған. Осылайша, қазақ әдет құқығы қазақ халқының этно-саяси құрылысының қалыптасуы кезеңінде болған үрдістердің жалғасы болып табылады. Осылай халық жасап шығарған әдет Қазақстанның құқықтық жүйеде дамуының және келесі жүзжылдықтағы баюының басты қайнар көзі болды. Әдет және әдет құқығы нормалары: «ескі әдет», «әдет ғұрып», «ата-баба салты» терминдері арқылы белгіленеді, ал нормалардың өздері:  «жора»,  «жарғы»,  «жоба» атауларына ие болды. Бұл орайда «жора» сөзінің хандық биліктегі жоғары тәртіптердің санкциялануын немесе орнығуын, құқықтық нормалардың нысанын білдіретінін ескеру керек.

Жалпы мемлекеттік басқармадағы маңызды мәселелер бойынша шешім қазақ қоғамындағы барлық таптар сайын шақыратын құрылтайжиналыстарда қабылданды. Мұнымен қатар, халық жиналысына қатысатын азаматтар ерікті, қару ұстап жүруге қабілетті болу керек. Құрылтайда басты шешімді хан жеке-дара қабылдамайтын. Қазақ қоғамындағы демократиялық бастаулар сол кездегі көшпелі қоғам үшін маңызды, жариялылық, қарапайымдылық және билер институтының негізі болған, сот процесіндегі жарыс сөзі тән сот процесінен ерекше көрініс тапты. Шоқан Уәлиханов: «Бұлай атану үшін қырғыздардың халық алдында өздерінің құқықтық білімін, шешендік қабілетін бірнеше рет көрсетуіне тура келеді», – деп жазды. Қазақ мемлекетіндегі заң нормаларының жиынтығы құбылыс болған жоқ, ол даму жолында өзгеріп отырады. Қазақ хандығының біртұтас бірігуі тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атауымен ХVІ ғасырдың шамамен бірінші ширегінде Қасым ханның ережелер жинағы шықты. Ал қазақ хандығының өрлеу кезеңінде ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында толықтырылған заңдық норма шығармашылық – «Есім ханның ескі жолы» шықты.

ХVІІ ғасырда Қазақстанға жоңғар шапқыншылығы қаупі төніп тұрғанда, хандыққа тұтастығын сақтап қалуға мүмкіндік беретін құқықтық құрал қажет болды. Осы мақсатта қазақ хандығының ұлы біріктірушісі Тәуке хан өз қарамағындағыларға «Жеті жарғы» атауымен жаңа әдет-құқық нормаларын біріктіруді тапсырды. Барлық жұмыстар сол кездегі  кемеңгер, негізгі Қазақстанның үш аумағына өклдік еткен үш бидің – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билерінің басшылығымен жасалды. Бұл билердің тек қана әдет-құқық нормалардың білімпаздары ғана болып қоймай, барлық күштерімен қазақ хандығының бірігуіне, жоңғар күшіне қарсы аумақтық тұтастылығын сақтау үшін күрескен саяси қызметтерінің рөлі маңызды болды.

«Жеті жарғы» халық өкілдерінің ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін нақты көрсетіп берді. Бір тармағында: «Бірде-бір қырғыз халық жиналысына қарусыз келмесін, онсыз ешқандай дауысқа ие болмайды және кішілер оған орын бермейді» деп айтылған. «Жеті жарғының» маңызы тек саяси, әлеуметтік саламен шектелмейді, сонымен қатар, Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайына, ішкі дамуына септігін тигізді. Заңдардың түпнұсқалығын, олардың қазақ қоғамының құрылымына сай келетінін ескеру қажет. Біріншіден, заң қазақ мемлекетінің өсіпөркендеуін қамтамасыз етті. Екіншіден, «Жеті жарғы» азаматтардың құқықтық мәртебесін белгіледі, үшіншіден, аумақтық құрылымы анықталды. Жоғары билік көшпелі түрдегі өмірге біртіндеп ішкі аумақты дәстүрлі түрде қалыптасқан мемлекеттік аумақтан шығармай белгілеп отырды.

Атақты заңгер, академик С. Зимановтың зерттеуіне көз жүргіртсек: «Ерте және кейінгі жазба деректерге қарағанда ұлттық және аймақтық әділ сот тарихына енген билер саны жүзден астам. Ол билердің ішінде заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасырының» дәстүрлерін ғасырдан-ғасырға жеткізіп, сақтаған және оны әркез уағыздап отырған билер де көп болатын. Мысалы, Майқы би, Аяз би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Жәнібек би, Тіленші би, Есет би, Әнет баба би, Сырым би, Саққұлақ би, Бала би, Тоқсаба би, Шоң би, Бала би, Досбол би, Ақтайлақ би, Мөңке би, Байдалы би, Тоқсаба би, т.б. таңғаларлығы олар ұлан-байтақ қазаққыпшақ даласының әр түкпірінде өз  руластары арасында, өз ауылдарында өмір сүргенімен, олардың атағы бүкіл Ұлы далаға әйгілі болды. Қазақ билерінің барлығы қай ғасырда, қай жерде, қай рулы елде өмір сүргендігіне қарамастан қазақ әділ сотының атасы атаған Майқы биді пір тұтқан. Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағының әртүрлі бөліктерінде орналасқан қазақтардың этникалық, тілдік-мәдени және идеялық-психологиялық бірлігін түсіндіретін құпиялардың бірі дәл осы қазақ құқығы мен әділ сотының жүйесінде деп есептеуге толық негіз бар» деп тұжырымдайды. [2, 105-106].

I   Есенберлиннің  тұжырымдауы  бойынша «...Алтын Ордада билердің ықпалы күшейе бастаған. Бұрын Өзбек ханының алғашқы хандық құрған кезінде, ауыл арасындағы дау-жанжалдан, ағайын ішіндегі талас-тартыстан туған қылмыс-күнаға, ұры-қары істеріне, тіпті кейде кісі өлтірілген ұрыс-төбелестерге үкім айту, жаза бұйыру – діни адамдардың шейх, қади, ишан, қазылардың шаруасы болатын. Бірте-бірте бұл жұмыстардың барлығы билерге көшкен. Діни басшылардың қолында тек шариғатпен байланысты күнаһарлардың ісін қарау қалған. Сонымен қатар, бұрын ұрыс-соғыс замандарында, ру басқару тек көк найзалы, бұзаубас шоқпарлы батырлардың үлесі болса, ал халық бұрынғыдай рулық қоғамда қалмай, мемлекеттік, Ордалық басшылық көше бастағаннан бері билердің қадірі өсе түскен. Бұрынғыдай ержүректік, жау шошытар қаһарлылық қана  емес,  ел  билеуде ой, тіл, саясат дегендер үстемдік алып, көп іс билердің қолына ауысқан. Сайып келгенде, Алтын Ордада соңғы жылдары ханнан, әмірлерден кейінгі елеулі күшке билер айналады» [3, 90].

Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік Дала заңының билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші – билер болды. Би, ең алдымен – сот (судья). Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды. Ол хан билігін көпшілік бұқара әкім билігі деп таныды. С. Сейфуллин жазғандай: «Мықты билер тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынан қуыршаққа алып тастап отырған». Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын келтіреді: «Шыннан өзге құдай жоқ»,«Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы». Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар бойынша адам үшін оның ар-ожданы мен намысын, адамгершілік, әділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір-қасиет деп санаған. Бұл моральдық құндылықтар әділ сот мәселесіне тікелей қатысты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» – деген нақты ережеден көрініс тапты. Қазақ даласында би болу оңайға түспеген. Оған күрделі талаптар қойылды. Тек «Құдайдың сүйген құлдары ғана» би бола алды. Би боламын  деген  адам  тек  қана  қасиеттерімен танылып қана қоймай бірқатар сатылардан тұратын сыннан сүрінбей өтуі керек болған. Далада әділеттің ақ туын желбіретер биге табиғат берген қасиеттерден басқа шешендік, сөзуарлық, ақыл парасат, қызыл тілде ешкімге дес бермеу және де «Қасым ханның қасқа жолында», «Есім ханның ескі жолында», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысында» көрініс тапқан Дала заңының негізгі қағидалары мен нормаларын жатқа білуі, өзіне дейінгі атақты билердің үлгі сөзінен нәр алу секілді негізгі талаптар қойылатын. Әрине, билік шеңбері жағынан билердің елдегі билері мен ықпалы бірдей болған жоқ: шағын ауыл, шағын ру бірлестігінен бастап жүзге, ұлысқа, тіпті бүкіл қазақ еліне жүрген билер болған. Міне, осыған сәйкес билерге қойылатын талаптардың да түр-сипаты, «қаталдығы» да өзгеріп отырған [4, 17-18].

С. Сейфуллин, сондай-ақ, қазақ биінің болмысы мен табиғатын ерекше сипаттап берген болатын. Ол: «Елдің ескіліктен екшеліп келе жатқан жол-жоба, салт-дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстарған, «билігі жүрген» ру басшылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан туған қорытынды сөздерді әдемілеп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер – би атанған», – деп жазды.

Қазақтардың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін зерттеушілер қазақтың Ұлы даласында «би» және «шешен» сөздері бір мағына береді, синонимдер  деген  пікірді  бір  ауыздан мақұлдайды.

«Шешен» деген адамды би дейтін, шешен адам биге айналатын. Арнайы әдебиеттерде «би» сөзінің түркі тілінен шыққаны туралы көзқарас орныққан және ол шығыс билеушілерінің – хандардың, сұлтандардың жанындағы маңызды лауазымды титулды білдіреді. Ол тарихтың әр түрлі кезеңдерінде әр түрлі түркі халықтарынды «бек», «бей», «би» деп әр түрлі аталып жүрді. Бірақ әрқашан бұл сөз «билік», «билеу» дегенді білдіреді. Әдетте ол кеңесші, идеолог, ақылшы, дана ретінде бағаланады, бірақ өте сирек жағдайда бек-би мемлекеттегі бірінші тұлға болған еді.

Шоқан Уәлиханов қазақ әділ сотына берген өзінің жоғары бағасын бір жағынан бидің жеке тұлғасымен және мәртебесімен байланыстырса, екінші жағынан, әділ соттың іс жүргізудегі қарапайымдылығымен, жариялылығымен және халықты   сипатымен   түсіндіреді.   Сол  кездегі билердің рөлі мен орнын жеке еңбегімен мәшһүр болған Геттенің және Шекспирдің аттарымен теңестіреді. Ш. Уәлиханов қыпшаққазақтарымен ежелгі даласындағы  заңдылық пен әділ соттың алтын ғасыры кезінде маңызды атқарған билердің беделін сипаттайтын негізгі белгі-нышандарында атап көрсеткен болатын. Оларға мыналарды: а) бидің соттық билігі оның «жеке беделіне» негізделді; ә) шешендік өнермен бірге соттық дәстүрлерді білуі қазақтарға «би» деген атақты берді; б) айыптаушыға қарсы күдіктенуден басқа нақты айғақтар болмаған жағдайда билер ант беруді қолданатын; в) билер соты жария түрде, ауызша өтетін және барлық жағдайда қорғауға жол берілді; г) билер сотының басты ерекшелігі оның әр түрлі қатып қалған рәсімдерден аулақтығында; д) қазақтарда сот көне заманнан бар және бітімгершілік қағидасына негізделеді.

ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысында өмір сүрген, еуропаша білім алған Ә. Бөкейханов өз заманындағы сот ісін жүргізуден гөрі ежелгі қазақ даласындағы сот әділдігін жоғары бағалай отырып былай деп жазды: «Бұл биді, билікті жоғалтып, қазақты орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады. Біз мұның екеуіне де қол қоймаймыз». Белгілі зерттеушілер Н. Төреқұлов пен М. Қазбеков билер соты мен әділ сот туралы қазіргі заманғы көзқарастар арасынан жақындық іздей отырып: «Осы күнгі айтып жүрген жариялылық, демократиялық, адамгершілік пен гуманистік дегеннің өзі осы емес пе?» деген ойға келеді. Аты әлемге әйгілі ғалым және академик, Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сатпаев та «ежелгі билер сотын» жоғары бағалады. Ол өзінің 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген қазақтарының дәстүрлі соттық-құқықтық    жүйесінен    хабар   береелік

«Ер едіге» кітапшасында билердің өз дәуірінде халықтың ана өкілдері болғандығын атап өтті. Ол өз пікірін халықтың «Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген қанатты сөзімен нақтылай отырып, «Қазақ сияқты көпшілік елде қашан да ханнан гөрі бидің қадір-қасиеті басым болады», – деп жазды [5,64]. Билер                   соты         институтына  айтарлықтай өзгерістер 1822 жылы «Сібір қырғыздарының жарғысы» арқылы енгізілді. Осы Жарғыға сәйкес қазақтар арасындағы туындайтын барлық сот істері үшін санатқа бөлінді: 1)   қылмыстық, талаптық, 3) басқарма істеріне шағымдану. Қазақтарға қылмыстық істер болып: 1) мемле кетке сатқындық жасау, 2) кісі өлімі, 3) тонау мен барымта, 4) айқындалған билікті мойындамау есептелінді. Осы істер бойынша қазақтар жалпы империялық заңдарының негізінде патша соттарында соттасу керек болды. Осылайша сот билерінің соттылығынан жалпы империялық биліктің негізгі мүдделерін көздейтін маңыздырақ іс санаттары алынып тасталынды. Барлық істер дене зақымдануын қоса алғанда, ұрып-соғу, әшкерелеу, ұрлық, парақорлық, өтірік жеткізіп бару, қасақаналық, т.б. істер 1822  жылғы Ереже бойынша «талаптық» деп есептеліп, әдет құқығы негізінде талқыланып, билер сотының соттығына жатқызылды. 1822 жылғы Жарғымен енгізілген билер сотының қарауындағы,  жалпы империялық соттардағы өзгерістер осы органдардың қылмыстық-құқықтық материалдық нормаларын қолдануындағы жазалау қызметіне айтарлықтай әсерін тигізді.

Билер сотының қызметі патша әкімшілігінің бақылауына алынды. Билер соты шешіміне шағым берудің жаңа тәртібі, оның тәжірибедегі рөлінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқты.

Атақты қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов көрсеткендей: «Қазақ халқы Ресейге түгел бағынғаннан кейін ауыл арасындағы қазақ әкімдер «аға» және «кіші» сұлтандар деп аталды. Алайда, қазақтар соңғы кезге дейін әкімшілік бұйрықтан басқа, бұрынғы ата дағдысынан, яғни әдеттік заңнан айырылған жоқ. Патша үкіметі де бұл заңды бұзбай, дау-шарды шешуді «третейский суд» деп аталатынға тапсырды. Ол сотты жүргізетіндер: сайланған болыс, би, старшын немесе – «ауыл ағалары» болды. Бұлардың бәріне қазақ халқы «билер» деген ат қойды».

Сонымен бұл мақаланы қорыта келе, ұлы даланың әдет-ғұрып жүйесі, мәдени дәстүрлері болып табылатын қазақтың ата заңдары қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әр түрлі мемлекеттер тарапынан қысым көріп, олардың идеологиясын сезінсе де өзінің таңқаларлық өміршендігін көрсетті. Әрине қазақ қоғамы осындай күштердің әсерінен елеулі түрде өзгеріске ұшырап отырған, бірақ оның құқықтық мәдениетінен тіл мәдениетін ешкім, ешбір күш тіпті өзгерте алмады. Олар бұндай қиын-қыстау жағдайларда да тек өзін-өзі сақтап қоймай, іштей күшке ие болып, нығайып отырған.

Қазақ қоғамындағы билер соты,  біріншіден, өз шешімдерін әдет-ғұрып негіздеріне сүйене отырып әділ түрде шығарған. Және заңдық күшін халық жоғары деңгейде бағалап, әрқашан орындап отырған. Екіншіден, би атағы халықпен берілген және ол талқылау үшін алдымен ол ақсақалдар мен билердің сынынан өткен. Осы сында оның шешендігі және әдет-ғұрып заңдары мен ата заңдарын жетік білетіндігі қаралған [7,87].

 

Әдебиет

 

  1. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан (с древнейших времен до 1992 года). – 2 изд-е, перераб. и доп. – Астана, 2001.
  2. Алимжан К.А. Суд биев как обычно-правовое учреждение и институт обычного права//Право и государство. – 1998. – №
  3. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.– Алматы, 1996.
  4. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер мен зерттеулер. Древний мир права казахов. 10 томдық. – 1,2 том. – Алматы,
  5. Материалы по казахскому обычному праву / под общ. ред. С.З. Зиманова. – Алматы,
  6. Материалы по казахскому обычному праву. Сб.1. – Алма-Ата,
  7. Проблемы казахского обычного права. – Алма-Ата,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.