Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық факторингті құқықтық реттеу ерекшеліктері

Халықаралық сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде тараптар көбіне қаржы мəселелеріне байланысты қиындықтарға тап болады, жəне ол тараптардың əр түрлі мемлекеттерде орналасуы мен сəйкесінше əр түрлі құқықтық жүйеге бағынуымен байланысты күрделене түседі. Қаржы мəселелерін шешу  жолында жаңа халықаралық коммерциялық мəмілелер түрлері пайда болды, жəне олар өз құқықтық қатынастар шеңберіне əдеттегі тараптардан басқа (мысалы, сатушы-сатып алушы), қаржы мəселелерін шешетін үшінші тарапты қамтиды. Мұндай көпжақты, көбіне үшжақты мəмілелерге халықаралық қаржы лизингі, халықаралық факторинг, халықаралық форфейтинг шарттары жатады. Əр түрлі мемлекеттерде берілген шарттарды ұлттық реттеудің елеулі айырмашылықтары, жəне көбіне мұндай реттеудің мүлде жоқтығы бір жағынан, ал екінші жағынан халықаралық тəжірибеде жаңа шарттық нысандарды кеңінен пайдалану – біркелкі реттеуді құру қажеттігін айқындады. Қазіргі таңда аталған шаттардың екеуі – қаржы лизингі мен факторинг – осы шарттың əрқайсысы бойынша унификацияланған материалдық-құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын екі халықаралық конвенцияның реттеу пəні болып табылады [1 407-408бб].

Д.А. Лопатина пікірі бойынша, халықаралық факторинг деп тауарларды сатып алу-сату, жұмыс орындау, қызмет көрсету бойынша халықаралық контрактілерден (яғни, тараптары – тауар беруші (факторинг компаниясының клиенті) жəне сатып алушы (борышқор) – əр түрлі мемлекеттердің резиденттері болып табылатын контрактілерден) туындайтын ақшалай талаптарды бергені үшін факторинг компаниясының клиентке көрсететін қаржылық қызметтер кешені түсініледі. Яғни, халықаралық факторинг сыртқы экономикалық қызметтегі, жəне ең алдымен сыртқы саудадағы факторингтік қызмет көрсетуді білдіреді. Халықаралық факторинг аясында көрсетілетін қаржылық қызметтерге клиенттің (тауар берушінің) ағымдағы қызметін қаржыландыру, оның несиелік тəуекелдерін сақтандыру (шетелдік контрагенттердің төлем қабілетсіздігінен қорғау), берілетін ақша сомалары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу, дебиторлық берешекті инкассалау жатады [2].

 Қазіргі кезде көптеген экспортерлар факторинг  компаниясының   қызметтерін   қолданып келеді, халықаралық факторинг операцияларының саны тоқтаусыз  өсіп  келеді. Factors Chain International (FCI) халықаралық факторингтік ассоциациясы мəліметтері бойынша, 2011 жылы халықаралық факторингтің əлемдік айналымы 274 276 млн. евроны құрады [3]. Ішкі/халықаралық факторинг қатынасында ішкі факторинг үлесі басым, ол 2011 жылы 86% құрады, ал халықаралық факторинг сəйкесінше 24% құрады [4]. Салыстырмалы түрде алсақ, 2007 жылы халықаралық факторингтің əлемдік айналымы 145 996 млн. евро құраған жəне факторингтің əлемдік нарығының шамамен 11% құраған еді [2].

Біздің елімізде халықаралық факторинг ішкі факторингке қарағанда, баяу дамып отыр, ол өз кезегінде бірқатар проблемаларға байланысты жəне ол төменде қарастырылады.

Халықаралық сауда тəжірибесінде факторингтің үш негізгі моделі қолданылады: 1) тікелей импорттық факторинг; 2) тікелей экспорттық факторинг; 3) жанама (екі факторлы)  факторинг. Тікелей факторингтің ерекшелігі – тауар беруші-экспортер алдында міндеттерін орындайтын бір ғана фактордың болуы. Факторингтік қызмет көрсетудің жанама моделінде екі фактор қатысады: тауар берушінің елінде экспорт-фактор жəне сатып алушы елінде импорт-фактор. Тікелей импорттық факторинг кезінде тауар беруші талап ету құқығын импортер елінде орналасқан факторға береді. Факторингтің осы түрі экспорт бір немесе екі елге жасалғанда ғана тиімді. Импортер елінің факторингтік компаниясы өз елі ішінде борыштық талаптарды сатып алып, əдеттегідей, несиелік тəуекелді сақтандыруды, сатылым есебін жəне оған ішкі болып келетін, талаптардың инкассалауын жүргізеді. Сонымен бірге, факторингтік компаниясы үшін шетелдік валютада шетелдік экспортерды несиелеу əлдеқайда қиын, жəне алдын ала төлем жасау туралы шарт мұндай келісімдерде өте сирек кездеседі. Тікелей импорттық факторингті, осылайша, əдетте, берген талаптары үшін жедел қаржыландыруды қажет етпейтін фирмалар қолданады. Тікелей экспорттық факторинг – тауар берушінің өз елінде орналасқан факторға дебиторлық берешегін беруімен сипатталады. Əдетте, экспортерлар тауарды бірнеше елге жеткізетін болса, тікелей экспорттық факторинг моделін қолданады, жəне басқа мемлекеттердің факторингтік компанияларымен тікелей келісімдер жасағанша, оларға өз елінің факторингтік компаниясымен бір келісім жасау қолайлы. Жалпы алғанда, факторингтік компаниялар өз мемлекетінен шет елдерге  тауар берушілердің экспортын қаржыландыруға дайын. Сонымен бірге, шетелдік клиенттердің несиеқабілеттілігін   бағалау жəне талаптарды инкассалау кезінде факторлардың бірталай қиындықтарға тап болатыны анық. Сондықтан, тікелей экспорттық факторинг экспортер (экспорт-фактор) импортерға географиялық жағынан жақын болған жағдайда  не  өздерін ұқыпты төлеушілер ретінде көрсеткен, сенімді сатып алушылармен мəмілелері кезінде қолданылады. Фактордың несиелік тəуекелдерін азайту  мақсатында  сақтандыру  компаниялары да тартылуы мүмкін. Ресейде, негізінен, тікелей экспорттық факторинг операцияларының 70 % астамы регресспен жүзеге асырылады (яғни факторлар борышқордың төлемқабілетсіздігінен қорғау функциясын орындамайды, несиелік тəуекел толығымен экспортер мойнында қалады) [2].

Жанама (екі факторлы) факторинг бойынша тауар  беруші  елінде  орналасқан  фактор (экспорт-фактор) экспортердан алынған дебиторлық берешекті сатып алушы елінде орналасқан факторға (импорт-факторға) беруге мүмкіндік алады. Халықаралық факторингтің мұндай моделінде экспорт-фактордың атқаратын негізгі ролі – клиенттің сыртқы сауда қызметін қаржыландыру жəне оған ақпараттық қызмет көрсету болып табылады. Өз кезегінде, импорт-фактор шетелдік дебиторлардың несиеқабілеттілігін бағалауды, дебиторлық берешекті басқаруды жəне несиелік тəуекелді сақтандыруды жүзеге  асырады.  Екі  факторлы факторингтің артықшылығы – импортерға қызмет көрсететін фирма үшін борыштық талаптар ішкі болып саналады, (экспорт-фактор үшін сыртқы), жəне ол импорт-факторға сатып алушылардың төлемқабілеттілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған халықаралық факторинг моделі экономикалық жəне құқықтық жүйелерінде елеулі айырмашылықтары бар елдер арасында сауда жасаған кезде аса қолайлы болып табылады. Алайда айта кету қажет, екі факторлы факторинг біршама күрделі жəне тараптардан үлкен шығындарды қажет етеді [2].

Халықаралық  факторинг    операцияларын құқықтық  реттеудің  негізгі  қайнар  көзі  –1988 жылы   26   мамырда   Оттава   қ.    қабылданған «Халықаралық факторинг туралы» УНИДРУА Конвенциясы болып табылады [5].

Берілген халықаралық келісімді əзірлеу мен оған қол қою халықаралық факторингке қатысты қатынастарүшінқұқықтықреттеудіңнормативтік негізін қалыптастыруда алғашқы қадам болды, себебі қазіргі кезде ұлттық-құқықтық деңгейде шарттың бұл түрі заңнама жүзінде санаулы мемелекеттерде ғана реттелген. Осы Конвенцияда халықаралық факторинг операцияларын реттейтін жəне оның барлық қатысушыларының мүдделерінің тепе теңдігін қамтамасыз ететін унификацияланған материалдық-құқықтық нормалар қамтылған. [6]

Аталған Конвенция Жеке құқықты унификациялау бойынша Халықаралық Институтының мамандарымен əзірленген жəне дүниежүзілк қоғамдастыққа ұсынылған еді. Атап өтсек, бұл Конвенцияға Германия, США, Ұлыбритания, Финляндия, Бельгия, Гана, Гвинея,  Филиппин, Танзания, Марокко жəне Чехословакия мемлекеттері қол қойған. Ал 1995 жылдың 1 мамырынан бастап берілген Конвенция Франция, Италия жəне Нигерия үшін күшіне енді [7].

Сонымен бірге айта кету қажет, кейбір мемлекеттер Конвенция қатысушылары болып табылмаса да, халықаралық факторинг операцияларын жүзеге асыру кезінде оның нормаларын қолданады (мысалы, Қазақстан Республикасы).

Егер факторингтік операциялар тараптарының барлығының коммерциялық кəсіпорындары əр түрлі келісуші мемлекеттердің аумағында болса, немесе, егер шарттық қатынастар келісуші мемлекеттің құқығымен реттелетін болса, халықаралық факторинг туралы Конвенция қолданылады. Факторингтік операциялар шартының тараптары Конвенцияның қолданылуын толығымен алып тастауы мүмкін. Алайда Конвенцияның жекелеген ережелерін қолданбау немесе оларды өзгерту көзделмейді ( 2; 3 баптар).

Атап өтетін аса  маңызды  жайт,  Конвенция нормалары диспозитивті сипатқа ие, яғни тараптар өз шарттық  қатынастарына конвенция ережелерінің əрекет етуін алып тастау жөнінде келісе алады. Бірақ егер Конвенцияның қолданылуы алып тасталынса, мұндай алып тастау Конвенцияға толығымен қатысты болуы тиіс.  (3 б).

«Халықаралық факторинг туралы» Конвенция нормалары факторинг тараптары қатынастарының барлық аспектілерін қамти алмауы мүмкін. Сондықтан, 4 б.  2т.  Конвенция қызметі аясына жататын, бірақ онымен арнайы реттелмеген мəселелер осы құжаттың жалпы қағидалары негізінде шешіледі, ал олар жоқ болған жағдайда –  коллизиялық  нормалар негізінде қолданылатын заңмен реттеледі деп көзделген. Осылайша, коллизиялық нормалармен анықталатын ұлттық құқық белгілі бір жағдайларда субсидиарлы түрде қолданылады.

Аталған    Конвенцияның   1-бабына  сəйкес,«фактор операциялары бойынша контрактілерге» бір тараппен (тауар беруші) жəне екінші тараппен (фактор операциялары фирмасы, кейіннен цессионарий деп аталатын) жасалған шарт жəне оған сəйкес:

а) тауар беруші цессионарийге тауарларды сату бойынша, негізінен жеке өзіне, отбасылық не үй ішіне пайдалануға сатып алынған тауарларды қоспағанда, тауар беруші мен оның тапсырыс берушілері (дебиторлары) арасында жасалған шарттарынан туындайтын, міндеттемелік талаптарын беруі мүмкін не беруі тиіс;

б) цессионарий өзіне кем дегенде келесідей екі міндеттерді алуы тиіс:

  • заем не алдын ала төлем төлеу арқылы тауар берушіні қаржыландыру;
  • міндеттемелік талаптар бойынша есепшот жүргізу;
  • дебиторлардан ақшалай қаражат алу;
  • дебиторлардың төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау;

(с) дебиторлық берешектердің қаржы агентіне берілгендігі дебиторларға хабарлануы тиіс.

Атап өтетін мəселе, Конвенция негізінен жеке өзіне, отбасылық не үй ішіне пайдалануға сатып алынған тауарларға қатысты мəмілелер бойынша қатынастарды реттемейді.

Факторинг операциясында əдетте үш тұлға қатысады:

  • қаржы агенті (импорт/экспорт фактор, цессионарий);
  • клиент (тауар беруші, несие беруші, экспортер);
  • борышқор (сатып алушы, дебитор, импортер)

Біздің елімізде барлық факторингтік қызмет түрлерін,  халықаралық  жəне   ішкі факторинг операцияларын  «KazCommerce  Factor»  ЖШС,

«Кредитное товарищество «Национальная Факторинговая Компания» ЖШС, Казахстанская Факторинговая Группа на западе Казахстана жəне «First Factoring Company» ЖШС сияқты факторингтік компаниялары көрсетеді. Сондайақ факторинг операцияларын «БТА», «АТФБанк», «Банк ЦентрКредит»,   «Темiрбанк»,«Альянс Банк» сияқты отандық банктер де жүзеге асырады [5].

Егер Қазақстан заңнамасына оралатын болсақ, «Лицензиялау туралы» ҚР заңының 32 б. 2т. жəне «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Заңның 30б. 11т.

6) т. сəйкес, факторинг қызметімен айналысу үшін тиісті лицензияның болуы тек банктерден ғана талап етіледі. Яғни, факторинг операцияларын жүргізу үшін өзге коммерциялық ұйымдарға лицензия алу қажет емес. Ресей Федерациясында азаматтық заңнамамен факторинг шарты бойынша қаржы агенті ретінде қатысатын тұлғалар шеңбері шектелмеген, жəне осы қызмет түрімен айналысуға  лицензия  талап   етілмейді.   РФ АК Ерекше бөлімінде 825 б. айрықша норма бекітілген, оған сəйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын қаржы агенті ретінде коммерциялық ұйымдар жасай алады.

Тəжірибе жүзінде факторинг қызметін көрсететін қаржы ұйымдары (фактор-фирмалар) ірі банктермен құрылады (немесе банктердің арнаулы факторингтік бөлімшелері фактор-фирмалардың функцияларын орындайды) жəне бұл факторинг мəмілелерінің жоғары сенімділігін жəне клиентер үшін минимальді шығындарды қамтамасыз етеді. Əр түрлі мемлекеттерде кəсіпорындарға факторингтік қызмет көрсету үшін мамандандырылған филиалдардың кең таралған жүйесі ірі трансұлттық корпорациялармен құрылған. Халықаралық деңгейде əлемнің 50-ден астам мемлекетінен 190 мүшесі бар Factors Chain International (FCI) ассоциациясы жұмыс жасайды [9].

«Халықаралық факторинг туралы» Конвенция ережелеріне сəйкес (1 б.), талап ету құқығының қаржы агентіне берілгендігі борышқорға міндетті түрде хабарлануы тиіс. Хабарламаны  борышқорға  несие   берушінің өзі не оның тапсыруы бойынша қаржы агенті жібереді жəне онда қаржы агентіне берілген талап ету құқығының пəнін құрайтын барлық талаптар  көрсетілуге  тиіс.  Сонымен  қатар, хабарламада берілген талаптар да, клиент алдында міндеттемесі бар сатып алушы не өзге тұлға төлеуі міндетті қаржы агенті (фактор-фирмасы) туралы мəліметтер жеткілікті дəрежеде айқын белгіленеді. Жазбаша хабарламаға қол қойылмауы да мүмкін, бірақ онда міндетті түрде хабарламаны кім  жазды  немесе  кімнің атынан жасалғаны көрсетілуге тиіс, жəне ол табыс етілген болып есептеледі, егер жолданушымен алынған болса.

Тəжірибеде мұндай хабарлама факторфирманың төлем реквизиттері көрсетіліп, берілген шот бойынша дебиторлық берешектің толығымен жалғыз заңды төлемді алушы болып табылатын фактор-фирмаға берілгенін көрсететін шот-фактурадағы арнайы жазу арқылы жүзеге  асырылады. Одан басқа, тауар беруші əдетте өз сатып алушысына арнайы хат жібереді, онда сатып алушыны барлық дебиторлық берешектердің қаржы агентіне берілгендігі туралы хабарлайды.

Алайда, Конвенция нормаларының дебиторларды дебиторлық берешектердің берілгендігі туралы хабарлауды талап етуіне қармастан, ол дебиторлардың келісім беруіне байланысты талапты беруді жарамсыз деп танымайды. Оған қоса, факторинг шартының шарттың басқа түрлерінен (мысалы, тауар жеткізілімі немесе қызмет көрсету туралы) басымдығы туралы ереже көзделген, оған сəйкес фактордың талаптары да өзге талап түрінен басым сипатқа ие болуы тиіс.

Тауар берушінің талапты беруі тауар беруші мен дебитор арасында оған тыйым салу немесе шектеу туралы келісім болғанда да жарамды  болып табылады. (6-бап). Алайда, Конвенцияға қосылу  кезінде мемлекет  борышқордың  осы  мемлекет  аумағында өз кəсіпорны  (қызметін  жүзеге  асыру орны) бар   болған   жағдайларда   осы   ережелердің қолданылмауы туралы тиісті мəлімдеме жасай алады.  (18-бап).  Сонымен  қатар, Конвенцияда егер фактор операциялары туралы шартпен кейінгі цессияға тыйым салынған жағдайда, Конвенция  ережелері  кейінгі цессияларға қолданылмайды деп анық көрсетілген. (12-бап). Дебитор  жазбаша  хабарламаны ауар берушіден немесе тауар берушіден берілген өкілеттіктерге байланысты, цессионарийден   алғаннан   кейін,   цесстионарийге  төлеуге міндетті, егер:

  • берілген төлемді алуға деген басқа тұлғаның басым құқығын білмесе;
  • хабарламада берілген міндеттемелік талап жəне цессионарий жеткілікті дəрежеде айқын анықталған болса;
  • хабарлама, оны жібергенге дейін  немесе хабарлама жіберу сəтінде жасалған тауар жеткізілімі шартынан туындайтын талаптарға қатысты болса.

Осыған байланысты, атап өтсек, əлемдік тəжірибеде факторингтің екі түрі кездеседі: конвенциондық (ашық) жəне конфиденциалды (ашық емес немесе жабық). Конфиденциалды факторинг кезінде клиент контрагенттерінің ешқайсысы оның шот-фактураларды қаржы агентіне бергені туралы хабардар болмайды. Берілген жағдайда дебитор есеп айырысуды тауар берушінің өзімен жүргізеді, жəне кейіннен тауар беруші төлемді алғаннан кейін оның тиісті бөлігін факторингтік компанияға несиені өтеу үшін аударуға міндетті болады. Жəне егер тек сатып алушы төлем мерзімі келгеннен кейін төлем төлемеген жағдайда ғана, фактор оны талаптың берілгені фактісі туралы хабардар етеді. Халықаралық тəжірибеде мұндай хабарлама əдетте төлем мерзімі келгеннен бастап 60 күннен кейін жіберіледі. Осы мерзімнен бастап сатып алушы енді факторға төлем төлеуі  тиіс, ал төлемеген жағдайда жəне фактормен несие тəуекелін сақтандыруы болған жағдайда, сатып алушы тауар берушіге төлем жасауы тиіс (халықаралық тəжірибеде əдетте, сатып алушыға талапты беру фактісі туралы хабарлаған кезден бастап 90 күннен кейін) [9].

Конфиденциалды факторинг кезінде фактор тек қаржыландыруды жəне/не төлем төлемеу тəуекелінен қорғауды жүзеге асырады, ал дебиторлық берешекті əкімшілік басқару  тауар берушіге жүктеледі жəне ол бұл қызметтерді борыштардың жаңа иесі – Фактордың атынан жүзеге асыруы тиіс [9].

Конвенция борышқордың қаржы агентіне төлем төлеу міндетін тек оның ақшалай талаптың белгілі бір тұлғаға – берілген қаржы агентіне берілгені туралы жазбаша хабарланған жағдайында ғана бекіте отырып, осылайша, ашық факторингтің қолданылуын реттейді. Осының нəтижесінде борышқорға ол төлеуге тиіс талаптардың қаржы агентіне берілгені туралы қаржы агентінен дəлелдемелер алу құқығы берілген.

Қаржы агенті борышқорға тауар жеткізілімі (жұмыс орындау, қызмет көрсету жəне т.б) шартынан туындайтын ақшалай берешекті төлеу туралы талап қойған кезде, борышқор қаржы агентімен қатынастарында осы шартта көрсетілген жəне егер мұндай талапты тауар беруші қойса, ол пайдалануы мүмкін барлық қорғау құралдарын қолдануы мүмкін (9б. 1 т.). Сонымен қатар, шартты орындамау, тиісінше орындамау, шарт орындау мерзімін өткізіп алу борышқорға оның қаржы агентіне төлеген ақша сомаларын қайтаруды талап етуге құқығын бермейді, егер борышқор бұл сомаларды тауар берушіден алуға құқылы болса  (10б. 1 т.).

Бұл ережеден 2 ерекшелік бар. Дебитор цессионарийден төленген ақша сомаларын қайтаруды талап етуге құқығы бар, егер:

  • цессионарий өзінің, талапты берумен байланысты, тауар берушіге төлем жүргізу міндеттемесін орындамаған болса;
  • тауар берушінің дебитор алдында өз міндеттемелерін орындамағанын біле тұра, цессионарий мұндай төлемді тауар берушіге жүргізсе (10б. 2т.).

Əлемдік тəжірибеде факторингтің екі түрі белгілі:

тікелей факторинг, бұл кезде тауар беруші (экспортер) талап ету құқығын цессионарийге береді, ал ол дебитормен тікелей қатынастарға түседі; жəне

жанама факторинг, бұл кезде цессионарий талап ету құқығын импортер елінде орналасқан басқа факторға береді, жəне осы екінші цессионарий дебитормен қатынастарға түседі жəне алынған төлемді бірінші цессионарийге аударады [9].

Негізінен, Конвенцияның қарастырылған барлық ережелері факторингтің бірінші түрі бойынша қатынастарды реттейді. Алайда, 11 б. Конвенция ережелері «қаржы агентінің немесе кейінгі құқық мирасқорларының ақшалай талапты барлық кейін беруіне», яғни кез келген кейінгі цессияға қолданылады деп белгілейді. Осыдан Конвенция тікелей факторингті де, жанама факторингті бірдей дəрежеде реттейді деген қорытынды шығады, тек факторинг операциялары бойынша шартпен кейінгі цессияға тыйым салынған бір жағдайды қоспағанда (12б.).

Сонымен қатар, халықаралық факторингті құқықтық реттеудің қайнар көзіне  халықаралық  ған БҰҰ-ның халықаралық саудада дебиторлық берешекті беру туралы Конвенциясын жатқызуға болады. БҰҰ-ның халықаралық саудада дебиторлық берешекті беру туралы Конвенциясы халықаралық факторингтің одан əрі дамуына аса зор ықпал жасауы мүмкін, бірақ өкінішке орай, əлі күнге дейін күшіне енген жоқ [10].

Халықаралық факторингті реттеудің құқықтық емес қайнар көздеріне халықаралық факторингтік ассоциациялармен əзірленетін өзіндік унификацияланған Ережелерді айтуға болады. Мысалы, 2002 ж. əзірленген жəне Factors Chain International (FCI) жəне  International factors Group (IFG) сияқты ірі халықаралық факторингтік ассоциациялармен үнемі редакцияланатын «Халықаралық факторингтің Жалпы ережелері» (GRIF – General Rules for International Factoring). Аталған GRIF ережелері халықаралық факторингтің екі факторлы моделі кезінде экспорт-фактор мен импорт-фактор арасындағы қатынастарды реттейді. GRIF ережелері факторингтік контрактіге, несиелік тəуекелге анықтама береді, экспорт-фактор жəне импорт-фактордың құқықтары мен міндеттерін, талап ету құқығын беруді, дебиторлық берешекті инкассалауды, ақша құралдарын аударуды, мəліметпен алмасуды, кепілдіктер беруді, дауларды шешуді, осы ережелерді бұзғаны үшін жауаптылықты толық реттейді [2].

Қазіргі кезде халықаралық факторингтік қатынастарды реттеу үшін халықаралық факторинг шартына қолданылатын құқықты анықтайтын, унификацияланған коллизиялық нормаларды қамтитын қолданыстағы халықаралық құқықтық акті жоқ. 2001 ж. БҰҰ-ның халықаралық саудада дебиторлық берешекті беру туралы Конвенциясы материалдық жəне коллизиялық  нормаларды   қамтиды   [10]. Бірақ, халықаралық факторинг қатынастарын реттеу үшін БҰҰ Конвенциясын қолдану бірқатар себептерге байланысты  іске  аспайды. Біріншіден, бұл Конвенция күшіне енген жоқ (оны 4 мемлекет –Либерия, Люксембург, Мадагаскар, жəне АҚШ ратификациялады, ал БҰҰ Конвенциясының 45-бабына сəйкес, оның күшіне енуі үшін 5 елдің ратификациясы қажет). Екіншіден, Қазақстан Республикасы оның қатысушысы  болып  табылмайды. Үшіншіден, БҰҰ Конвенциясы факторингтік мəмілелерді реттеуге арналған акті болып табылмағандықтан (жалпы алғанда,  ол  дебиторлық  берешекті беру жөнінде қатынастарды реттейді жəне онда мұндай дебиторлық берешекті беру қай шарттың негізінде іске асуы тиіс екені көрсетілмейді), факторингтік қатынастардың көптеген мəселелері реттелмей қалған (мысалы, несие берушіні қаржыландыру тəртібі, фактордың несие берушіге қосымша қызмет көрсету тəртібі жəне т.б.)

Факторинг қатынастарын унификацияланған коллизиялық-құқықтық   реттеудің    болмауына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын қарастыру қажеттілігі туындайды.

ҚР Азаматтық кодексіне сəйкес, шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық (оның ішінде халықаралық факторинг шартына  да), екі əдіспен анықталады: 1) шарт тараптарының ерік білдіруі негізінде – lex voluntatis байламы (АК 1112б.); 2) тараптардың еркі білдірілмесе, қолданылатын құқық АК 1113 жəне 1126 баптарында белгіленетін коллизиялық байламдарға сəйкес анықталады [11].

Айта кету керек, шет елдердің, оның ішінде Ресей Федерациясының заңнамасынан ерекше, ҚР АК шарт тараптарының келісімі болмаған кезде    қолдануға  тиісті  құқықты анықтауға мүмкіндік беретін негізгі байлам ретінде «шарт мейлінше тығыз байланысты елдің құқығы» байламын (proper law of the contract) бекіткен жоқ. ҚР АК 1113-бабының 1-тармағы шарттардың кейбір түрлеріне ғана – тараптардың келісімі болмаған кезде қолданылатын құқықты анықтайды жəне сол тізбектің ішінде факторинг шарты аталмаған. Сондықтан ҚР АК 1113-бабының 4-тармағында «...тараптардың    қолданылуға   тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар  орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше   тығыз  байланысты  елдiң  құқығы қолданылады» деп көрсетілген.

Салыстыру үшін Ресей  Федерациясының АК  келтірсек,  оның  1211-бабының  1-тармағы «шарт тараптарының қолдануға тиісті құқық туралы   келісімі   болмаған   кезде   ол   шартқа осы шарт мейлінше тығыз байланысты елдің құқығы қолданылады» деп көрсетеді. Ал осы баптың 2 тармағы «осы шарт мейлінше тығыз байланысты елдің құқығы деп егер  заңнан, шарт ережелерінен не мəнінен немесе істің жиынтықты мəн-жайынан өзгеше көзделмесе, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы саналады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, РФ АК 1211-бабының 3-тармағына сəйкес, «шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тарап ретінде, егер заңнан, шарт ережелерінен не мəнінен немесе істің жиынтықты мəн-жайынан өзгеше көзделмесе, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында – қаржы агенті танылады» [12]. Яғни шарт тараптарының қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа фактор (қаржы агенті) елінің құқығы қолданылады.

Ал қазақстандық заңнамада факторинг шарты бойынша шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тарап мүлде  көрсетілмеген,  шарттағы қай тараптың орындауы шарттың  мазмұны үшiн шешушi маңызы бар болады– ол белгісіз. Негізінен, ҚР АК 1113-бабының 1-тармағында бірқатар міндеттемелерге тараптардың келісімi болмаған кезде шартқа қолданылатын құқық қарастырылған, бірақ сол тізімде факторинг енгізілмеген.

Берілген мəселені шешудің ең дұрыс жолы факторинг шартының мəнін қарастырған жөн. Факторинг шартының мақсатын – несиелеу, делдалдық қызмет көрсету, цессия не мүліктік құқықтарды сатып алу-сату деп анықтауға болмайды. Факторинг шартының негізгі мақсаты қаржылық қызметтер көрсету, атап айтқанда несие берушінің дебиторлық берешегін басқару бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Осыған байланысты, факторинг шартының мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды тек фактор ғана жүзеге асырады, жəне фактордың негізгі қызмет орны бар, елдің құқығы қолданылуы тиіс деп санаймыз.

Факторинг шартына қатысты коллизиялық мəселені шешу кезінде келесі жайтқа назар аудару қажет. Факторинг шартының құрылымының ажырамас бөлігі талап ету құқығын беру болып табылады.  Цессия  нəтижесінде  борышқор мен фактор арасында құқықтық байланыс орнатылады. Осылайша, екіпараллельдіқұқықтыққатынас туындайды: несие беруші мен фактор арасында жəне фактор мен борышқор арасында. Осы орайда, борышқор мен фактор мүдделерін бірдей қорғау қажеттілігі туындайды, себебі борышқор несие берушімен шарт жасаса отырып, осы шартқа lex voluntatis не коллизиялық нормалар негізінде анықталатын құқықтың қолданылуын күтеді, ал фактор шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тарап ретінде өзінің негізгі қызмет ету орны бар елдің құқығын қолданылуын күтеді.

Берілген мəселенің ең тиімді шешімі БҰҰ Конвенциясының 28-30 баптары мен Ресей Федерациясы азаматтық  кодексінің  1215-бабында табылған, олар фактор мен несие беруші арасындағы жəне фактор мен борышқор арасындағы қатынастарды реттеу үшін жеке бөлек құқықтық режим бекітеді.

Осы аталған құқықтық актілер негізінде келесідей қорытындыға келуге  болады: фактор мен несие беруші арасында  қолдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде, фактордың негізгі қызмет орны болған елдің құқығы келесідей мəселелерді шешу үшін қолдануы тиіс: факторинг шартына түсіндіру; тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; факторинг  шартының  фактормен   жəне  несие берушімен  орындалуы  туралы;  факторинг шартын фактормен не несие берушімен орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдары; факторинг шартының тоқтатылуы; факторинг шарты жарамсыздығының негiздерi мен салдарын; факторинг шартына байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды [13].

Ал, талапты  берудің  мүмкіндігі;  фактор мен борышқор арасындағы қатынастарды реттеу; берілген талап бойынша фактордың борышқорға талап қою шарттары; борышқордың міндеттемені тиісінше орындау шарттары талап ету құқығы қай шарт негізінде пайда болса, сол шартқа қолданылуға тиісті құқықпен анықталуы тиіс [13].

Өз кезегінде, ҚР АК 1115-бабы «шартқа қолданылатын құқық, оның ішінде шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды қамтиды» деп бекітеді. Факторинг шартының сипаттаушы белгісі талап ету құқығын беру болып табылады, сондықтан бір шарт негізінде талап ету құқығы пайда болып, ол факторинг шарты бойынша берілсе, факторинг шарты сол шарт құқығымен реттелуі тиіс. Бірақ, аталған норма коллизиялық мəселені шешу үшін жеткіліксіз.

Сондықтан, ҚР Азаматтық кодексін халықаралық стандарттарға жақындата отырып, халықаралық факторинг қатынастарын реттеуде БҰҰ Конвенциясы мен РФ АК-нен үлгі алып, қолданылуға тиісті құқық туралы коллизиялық нормаларды жетілдіру қажет деп санаймыз.

Халықаралық факторинг қолайлы қаржы құралы бола отырып, əлемде кеңінен таралған. Коммерциялық кəсіпорындар арасындағы қазіргі халықаралық сауда бір немесе  екі  тарап үшін де тəуекел элементін қамтиды. Егер тауар (не қызмет) беруші өз  сатып  алушысына  төлем  төлеуге  белгілі  бір  уақыт  кезеңін – коммерциялық несие беретін болса, тəуекел қаупі туындауы мүмкін. Тəуекел етудің мұндай түрі көбіне іскерлік кəсіпорынның тиімді қызмет етуіне үлкен қауіп туғызады.

Тауар берушінің несиелік тəуекелі əсіресе тауарлардың экспортқа  жеткізілімі  кезінде арта  түседі.  Бұл   шетелдік   клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалауда аса үлкен қиындықтармен,құжат-жəнетауарайналымының аса ұзақ мерзімімен, яғни коммерциялық несие берудің күрделілігімен, импортермемлекеттің саяси жəне экономикалық тұрақсыздығымен байланысты болады. Осының барлығына, шетел валютасына қатысты ұлттық валюта курсының өзгеруімен байланысты валюталық тəуекел де қосылады [14].

Халықаралық факторингті қолдана отырып, сауда кəсіпорындары берілген тəуекел түрін факторингтік компанияға артады немесе оны азайтады. Осылайша, халықаралық факторинг – бұл ағымдағы қаржыландыру үшін клиенттің белгілі мерзімге өз борыштарын сатуы жəне оны факторингтік компанияның сатып алуы. Бұл ерекше мəміле, онда бір тарап (қаржы агенті, фактор) екінші тарапқа (клиентке) қаржы құралдарын клиенттің (несие берушінің) үшінші тұлғаға (борышқорға) қатысты ақшалай талабын бергені үшін береді немесе беруге міндеттенеді. Міндеттеме клиенттің үшінші тұлғаға (борышқорға) тауар беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсетуінен туындайды.

Мұндай өсудің басты себебі мен халықаралық факторингтің маңызды артықшылығы – ол сатып алушымен есеп айырысу мерзімін күтпей-ақ,  тұтынушыға  жеткізген  тауары үшін төлемді фактордан бірден ала  алады. Сондайақ халықаралық факторингті пайдалана отырып, тауар беруші сатып алушыдан төлемді өндіріп алумен, экспорттық операциялар бойынша есеп жүргізумен, маркетинг жүргізумен, кəсіпорынның даму стратегиясын анықтау мен өнім өткізудің жаңа нарықтарын игерумен байланысты бірқатар үлкен шығындардан құтыла алады [14].

Əлемдік тəжірибедегі халықаралық факторингтің, жəне де оны Қазақстан Республикасында қолдану кезіндегі ерекшеліктері:

  1. Фактор тек экономикалық емес, саяси жəне геофизикалық тəуекелдерге анализ жасайды.
  2. Халықаралық факторинг операциялары халықаралық заңнамамен, халықаралық факторингтік операцияларды жүргізу ережелері мен іскерлік айналымдағы əдет-ғұрыптармен реттеледі.
  3. Берешектің бар болуын растайтын құжаттар ретінде шот-фактуралар (инвойстар), сондай-ақ тауар-көлік тіркеме қағаздары, өнімді өткізу-қабылдау актілері жəне халықаралық тəжірибеде осыған ұқсас операцияларға қойылатын талаптарға сəйкес, халықаралық факторингті өткізу үшін қажетті өзге де құжаттар болып табылады.
  4. Фактор тəуекелдерін азайту мақсатында халықаралық факорингтік операцияны жүргізу кезінде банк, əдетте факторингтік мəмілені жасаған кезде мүлік кепілі, басқа экспорттық шарттар бойынша ақшалай түсім алу құқығының кепілі, үшінші тұлғалардың кепілдігі немесе кепіл болушылығы түрінде несиені қамтамасыз етуді талап етеді.
  5. Банк-фактор нақты  жəне  потенциалды төлеушілердің саяси, экономикалық жəне мемлекеттік тəуекелдерінің салыстырмалы анализін жəне мониторингін жүргізеді.
  6. Банк-фактор төлеушінің қаржылық жағдайын, оның несиежəне төлем қабілеттілігін анализдеу үшін қол жетімді сенімді ақпаратты пайдаланады.

Одан басқа, халықаралық факторинг операцияларын жүзеге асыру кезінде, факторингтік компания экспортермен жұмыс жасай отырып, көбіне импортер елінің факторингтік компаниясымен шарт жасасады жəне оған өз жұмысының бөлігін береді, жəне өз кезегінде жұмыстың бір бөлігін осы шетелдік факторингтік компанияның тапсырмасы бойынша атқарады. Мұндай қарама-қарсы факторинг екі жақты немесе екі факторлы деп аталады.

Факторингтің осы түрінің артықшылығы – импортерларға қызмет көрсетуші факторингтік компанияның əр қайсысы үшін борыштар сыртқы емес, ішкі болып табылады, жəне ол импортердың несие қабілеттілігін анықтау, тəуекелді сақтандыру, борыш талаптарын инкассациялау жұмысын жеңілдетеді.

Халықаралық факторинг көрнекті клиентурасы, елеулі төлемді кейінге қалдырулары жəне жеткіліксіз қолма-қол ақшасы бар аса ірі фирма-экспортерлар үшін өте тиімді. Берілген кəсіпорындар факторингтік қызмет көрсетуден келесідей артықшылықтарға ие болады:

  1. төлем төлемеу қаупінен босату;
  2. борыш талаптары портфелін алдын-ала іске асыру;
  3. баланс құрылымын жеңілдету;
  4. клиенттерге қойылатын талаптарды инкассациялау мерзімінің қысқартылуы;
  5. бухгалтерлік, əкімшілік жəне басқа шығындарға үнемдеу [14].

Халықаралық факторингті қолдану кезінде, кəсіпорын алатын жоғарыда аталған барлық артықшылықтар капитал айналымын жеделдетуге, айналым шығындарын төмендетуге, экспортер-фирмалардың экспансиясын кеңейтуге жəне олардың табыстарын ұлғайтуға көмектеседі, жəне бұл мəміленің осы түрінің жоғары экономикалық тиімділігін дəлелдейді.

Халықаралық факторинг шарты тауар беруші мен борышқор арасындағы шарттың орындалу мерзімінің кез келген кезеңінде жасалуы мүмкін. Тауар беруші талап ету құқығын борышқорға тауарды жеткізгеннен (жұмыс орындаудан, қызмет көрсетуден) кейін бірден, не белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін бере алады. Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде туындайтын талаптарды тұрақты түрде беруді көздейтін «негіздемелік» факторинг шартын жасасқан жағдайда, тауар беруші факторға шартта көзделген мерзімде талап ету құқығын береді. Берілген Конвенция шегінде халықаралық факторинг шартының пəні – төлем мерзімі келген ақшалай талап та, болашақта туындайтын ақша алу құқығы да болуы мүмкін.

Əлемдік тəжірибеде халықаралық факторинг операцияларын алғаш рет ХХ ғасырдың 50-жылдарында Bank of America, First national bank   of   Boston,   сондай-ақ   Trust   company ofGeorgia сияқты американдық банктер қолдана бастаған. Алайда ресми түрде олар АҚШ-та тек 1963 ж. үкіметтік ұйым – ақша айналымының бақылаушысы – халықаралық факторингтік операциялар банкілік қызметтің заңды түрін білдіреді деген шешім қабылдаған кезде танылды [14].

Қазіргі таңда факторингтің əлемдік нарығында   Еуропа   көшбасшы   болып   табылады, оның үлесі 2011 ж. 63% құрады. Екінші нарық-көшбасшы Азия болып табылады (19%). Солтүстік жəне Латын Америкасы нарығы азия нарығына кішкене ғана жол береді жəне 13% құрайды. Ең кіші əлем нарықтары Австралия (3%) мен Африка (2%) нарықтары болып табылады [13].

Əлемдік тəжірибе халықаралық факторинг қызметін ірі қаржы компаниялары немесе банктер құратын мамандандырылған факторингтік фирмалар көрсететінін дəледейді.

Ішкі факторинг опрациялары факоринг қызметінің жалпы əлемдік көлемінің шамамен 93 % құрайтынына қарамастан, 2000 жылдан бастап əлемдік экономикада халықаралық факторингтің өсу тенденциясы орын алып келеді (1999ж. көрсетілетін факторинг қызметінің жалпы көлемінің 25,1%, 2000 ж. бұл көрсеткіш  34,3%құрады) [15].

Бұл үрдіс халықаралық деңгейде мəмілелерді жасау кезіндегі тəуекелдердің артуымен байланысты, ал экспортталатын өнімнің тауар берушілері оны азайтуға немесе толығымен (несиелеуден басқа тауар берушіге шетелдік серіктестер, шетелдегі бизнестің шарттары туралы ақпаратты табыс ететін, консультациялық қызметтер көрсететін, экспорттық құжаттаманы əзірлейтін жəне экспорттық мəмілелер бойынша бухгалтерік есеп жүргізумен айналысатын) факторингтік компанияға жүктеуге тырысады.

Қазақстан Республикасында ішкі факторинг операциялары басым, ал халықаралық факторинг қызметтерін аз ғана банкілер көрсетеді. Оның негізгі себептеріне – кəсіпкерлердің факторингке деген сенімсіздігі, факторинг жайында ақпараттың жеткіліксіздігі, факторингтің жоғары тəуекелді болуы жəне банктердің факторинг қызметін көрсетуде белсенділік танытпауы, мемлекет тарапынан жеткілікті реттеудің болмауы жатады [4].

Қорыта  келгенде,  халықаралық  факторинг – бұл сыртқы сауданы    қаржыландырудың тиімді, қолайлы механизмі. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметтегі факторингтік қызмет көрсету енді ғана дами бастады жəне оның келешекте кеңінен таралу перспективасы бар.

 

Əдебиеттер

 

  1. Международное частное право: Учебник / Л. П. Ануфриева, К.А. Бекяшев, Г. К. Дмитриева и др.; Отв. ред. Г. К. Дмитриева. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2004. – 688 с.
  2. Лопатина Д.А. Международный факторинг как инструмент финансирования: основы правовой регламентации // Банковское право. 2009, №1 http://www. ru/bux/32633
  3. http://www.fci.nl/about-fci/annual-review
  4. http://1factoring.kz/useful-information
  5. Оразымбетов А. Фактор риска. Факторинг мог бы получить большее развитие в Казахстане // «КУРСИВъ – бизнес новости Казахстана» 06.2011 http://www.kursiv.kz/1195211361faktor-riska.html
  6. UNIDROIT Convention on International Factoring (Ottawa, 28 May 1988) http://www. org/English/conventions/1988factoring/19 88factoring-e.htm
  7. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договоры о займе, банковском кредите и факторинге. Договоры, направленные на создание коллективных образований. Книга пятая. Том 1,
  8. http://all-books.biz/pravo-grajdanskoe/  mejdunarodnyiy-faktoring4577.html
  9. http://www.tks.ru/jur/0010000007
  10. Ануфриева Л.П. Международное частное право. Том Издательство БЕК, Москва, 2000.
  11. United Nations convention on the assignment of receivables in international trade (New York, 2001)
  12. http://base.consultant.ru/cons/cgi/online. cgi?req=doc;
  13. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 01. 07.1999 ж.
  14. №409-І (27.04.2012 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  15. http://adilet.minjust.kz/kaz/docs/K990000409_
  16. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі (үшінші бөлім) 26.11.2001ж. (02.10.2012 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  17. http://www.consultant.ru/popular/gkrf3/
  18. Газдюк Н. Коллизионный способ регулирования договора международного факторинга в Республике Беларусь // Журнал международного права и международных отношений. 2007, №4 http://www.evolutio.info/content/view/1234/232/
  19. Иваш И.И. Факторинговые операции: сущность и особенности проведения в Республике Беларусь. Методическое пособие (на правах рукописи). – Минск,
  20. Левкович А.П. Факторинг. Учебное пособие. Мн.: БГЭУ, 2005, С.56
  21. http://raexpert.ru/researches/factoring/ factoring/part1/
  22.  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.