Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ішкі істер органдарының қызметі барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың кейбір мəселелері

Ел Президентінің «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында заңның абсолюттік жоғарылығын бекіту мен заңға мойынұсынған азаматтарды қорғаудың қажеттігі көрсетіледі [1]. ҚР Конституциясының 1-бабына сəйкес адам жəне оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады, ал олардың қорғалуы мемлекетке жүктеледі.

Ал  мемлекеттік   басқару   органдары, соның ішінде ішкі  істер  (полиция)  органдары, мемлекеттік аппараттың үлкен  жəне күшті бөлігі болып табылатын мемлекеттік əкімшіліктің негізін құрайды. Мемлекеттік əкімшілік күнделікті басқаруда болып жатқан үлкен бюджеттік, табиғи жəне мемлекеттің басқа да ресурстарына билік етуді жүзеге асырады. Сондықтан да көп жағдайда мемлекеттік басқару тиімділігінің дəрежесіне жалпы мемлекет қызметінің тиімділігі тəуелді болады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы мемлекеттік басқарумен тығыз байланысты болып келеді.

Ішкі істер органдарының басты міндеттері қоғамдық тəртіпті қорғау жəне қоғамдық қауіпсіздікті    қамтамасыз    ету,    жеке   адамға, меншікке   қарсы   қылмыстарға   жəне    басқа да жалпы қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы, еліміздегі қылмыстың жай-күйі мен криминогендік жағдайдың деңгейі ішкі істер органдары қызметінің тиімділігіне байланысты, сондықтан ішкі істер органдарын жетілдіру процесі қылмыстық көріністер мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда олардың жылдам, əрі сəйкес əрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.

Бүгінде еліміз басынан кешіріп отырған қоғамдық қатынастарды реформалау кезеңі қалыпты тұрмыс салтының сан түрлі құбылуымен ерекшеленеді. Жүргізіліп жатқан əлеуметтік-экономикалық жəне саяси-құқықтық қайта құрулар полицияның елдегі құқықтық тəртіпті сақтаудағы орны мен рөлінің де өзгеріске түсіп отырғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдай азаматтардың жеке басының жəне қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша жаңа тұжырымдамалық көзқарастар қалыптастыруға, ішкі істер органдарының əкімшілік қызметін жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруге себепші болып отыр.

Полицияның күнделікті қызметінде құқықты жүзеге асыру мемлекеттік басқарудың барысында қоғам мүшелері мен  мемлекет  арасында құқық нормаларында көзделген əр түрлі əкімшілік құқық қатынастарын қалыптастыру арқылы іске асырылады. Демек, осы саладағы мемлекеттік басқару ісі негізінен биліктілікпен жəне міндеттілікпен сипатталатын əкімшілік қызмет арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты полицияның құқықтық қатынастарына талдау жасау ішкі істер органдарының жүзеге асыратын əкімшілік қызмет пен олардың басқару үдерістерінің мəн-мағынасының «ішіне енудің» жəне түсінудің негізгі алғышарты болып табылады. Осындай талдаудың арқасында біз бұл мəселелердің қалай реттелетінін, жүйеленетінін, тиімді де ұтымды етілетінін тəжірибелік жағынан   байқап   білеміз.   Сондай-ақ   оларды бүгінгі күннің талабы тұрғысынан – жаңа теориялық көзқарас тұрғысынан – ғылыми түрде ұғынуымыз қазіргі кезеңдегі көкейкесті мəселе болып отырғандығын айтып өтуіміз керек.

Сөз басында конституциялық механизмдегі адам құқықтарын қорғау мен оларды қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының орны мен ролін талқылағанға дейін басқару түсінігін қысқаша қарастырып өтейік.

Ғылымға басқарудың үш түрі белгілі: технологиялық, биологиялық жəне əлеуметтік басқару. Егер басқарудың  аталған  үшінші түріне тоқталатын болсақ, қоғамдағы басқару, яғни əлеуметтік басқару кең мағынанда адамды адамның басқаруы болып саналады. А.П. Алехиннің, А. Кармолицкийдің жəне Ю.М. Козловтың пікірінше əлеуметтік басқару ол кибернетика зерттейтін жалпы басқарудың түрлерінің біріне жатады [2].

Ал ішкі істер органдары атқаратын қызмет барысында туындайтын басқару қатынастары жалпы əлеуметтік басқару түрлерінің біріне жəне құқық қорғау қызметі аясындағы басқаруға жатады. Г.А. Тумановтың көзқарасы бойынша құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы басқару «бір деңгейден басқасына ауыстыру мақсатындағы немесе оған жаңа сапалар мен қасиеттерді беретін əлеуметтік басқару жүйесіне саналы жəне еркін түрде əсер ету» [3]. Көптеген баска авторлар өз көзқарастарында құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы басқаруды «адамдардың қандай да бір əлеуметтік жүйеге (объект, процесс, құбылыс) əсер етуге талпынатын,  оның  қасиетін  кажетті  бағытқа  сəйкес өзгертуге тырысатын жəне сол ортада əрекет ететін заңнамаларға сəйкес келетін мақсатты қызмет» ретінде көрсетеді [4].

Ішкі істер органдарының құқықтық  тəртіпті қамтамасыз етудегі функционалдық əлеуетін қарастыратын болсақ, ол ең алдымен осы органдардың өкілеттілігі мен қызмет бабына, сонымен бірге олардың мақсаттарына жəне міндеттеріне байланысты болып келеді. Осыған байланысты осы жерден əрі қарай ішкі істер органдарының міндеттерін, олардың азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мəселелерін полицияның Қазақстан халқына ең жақын тұрған, əрі ең көп сарбазы бар бөлігі – Əкімшілік полициясының қызметін талдай отырып көрейік.

Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» заңының 4-2-бабына сəйкес əкімшілік полицияның негізгі міндеттері болып қоғамдық тəртіпті сақтау, коғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен əкімшілік құқық бүзушылықтарды анықтау, оның алдын  алу жəне жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен əкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған жəне қамауға алынғанадамдар, оныңішіндебелгілібіртұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тəртібін қамтамасыз ету, кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау жəне жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау жəне бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Осы міндеттерді орындау  сақшылық қызмет, учаскелік инспекторлар мен кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, лицензиялық жəне рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау жəне мал дəрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері сияқты Əкімшілік полицияның бөлімдеріне жүктелген.

Аталған полиция бөлімшелерінің қызметі барысында қалыптасатын əкімшілік құқық қатынастары олардың заңдық мазмұнына қатысты бірнеше ерекше белгілерге ие. Біріншіден, мұндай құқық қатынастары мемлекеттік басқарудың ерекше саласында пайда болады. Олардың объектісінің ерекшелігі ішкі істер органдарының құзыретіне, сондай-ақ олардың қызметінің нысандары мен əдістеріне байланысты. Əкімшілік құқық қатынастары субъектілерінің бірі болатын полиция бөлімдері бір жағынан жазалаушы органдар есебінде көрінсе, екінші жағынан əлеуметтік қызмет көрсету функциясын тікелей іске асырушы орган ретінде де көрінеді, яғни полиция қызметкерлерінің жұмысы ел тұрғындарының жағдайымен тығыз байланыста болады. Сондықтан  полиция  қызметкерлері   тұрғындар мен полиция арасында қалыптасатын құқық қатынастарының құралы ретінде қызмет атқаруы мүмкін.

Екіншіден, əкімшілік функцияларды орындауды жүзеге асыратын полиция бөлімшелері қызметінің құқықтық негіздерін талдай келе, олардың қызметінің құқықтық реттелуі аса ауқымды деген қорытындыға келеміз. Полиция өзінің əкімшілік қызметінде еліміздің Конституциясын, заңдарын, Президенттің жарлықтары мен өкімдерін, Үкіметтің қаулылары мен өкімдерін, жергілікті атқарушы жəне өкілдік органдардың нормативтік құқықтық актілерін, Ішкі істер министрлігінің жəне тағы басқа мекемелердің актілерін, полиция органдары кейбір қызметтерінің ережелері мен нұсқаулықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерін басшылыққа алады.

Əкімшілік полициясы бөлімдерінің барлығына қатысы бар тағы бір ерекшелігі олардың міндеттерінің көп болуы, яғни көпміндеттілік сияқты айрықша белгісі көрінеді.

Мəселен, учаскелік инспекторлар қызметін алайық. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының міндеттерінің ішінде учаскелік инспекторлардың орындамайтыны жоққа тəн. Олар:

  • қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасауы мүмкiн адамдарды анықтауға жəне оларға қатысты алдын алу жұмысын жүзеге асыруға;
  • алдын алу ықпалына жататын адамдарға картотекалық есеп жүргiзуге;
  • қылмыстар мен əкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға жəне жолын кесуге, олардың жасалу себептерi мен жағдайларын айқындауға;
  • тиiстi ішкі істер органдарының бастығына жəне кезекшiге учаскедегi оперативтiк жағдайдың өзгеруi туралы баяндауға; қоғамдық тəртiп сақтауға қатысушы күштер мен құралдарды мейлiнше мақсатқа сай дұрыс орналастыру мен пайдалану туралы ұсыныстар енгiзуге;
  • заңды жəне жеке тұлғалар үшiн мiндеттi əкiмшiлiк құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жасалу жағдайлары мен себептерiн жоюға бағытталған нұсқаулар мен ұсыныстар жасауға;
  • берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеделiздестiру шараларын жүзеге асыруға, қылмыс жасап, тергеуден жəне соттан жасырынған адамдарды, сондай-ақ белгiленген тəртiппен iздестiрiлетiн басқа да адамдарды iздеуде жəрдем көрсетуге;
  • берiлген өкiлеттiктер шегiнде алдын ала тексерудi жүзеге асыруға;
  • берiлген өкiлеттiктер шегiнде əкiмшiлiк хаттамалар жасауға жəне əкiмшiлiк шаралар қолдануға;
  • азаматтарға, лауазымды тұлғаларға, меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға жəне қоғамдық бiрлестiктерге олардың құқықтар мен заңды мүдделерiн қорғауға көмек көрсетуге міндетті [5].

Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін реттейтін жаңа нормативтік актілер шыққан сайын учаскелік инспекторлардың міндеттері толықтырылып отыратынын да ескерген жөн.

Учаскелік полиция инспекторының жұмысы полиция қызметінің ішіндегі жауаптысы болып табылады. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторы əр түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелері бойынша ішкі істер органдарындағы басты тұлға [6]. Полицияның учаскелік инспекторларын қоғамдық қауіпсіздіктің тірегі деп атайды. «Инспектор ол сегіз қырлы: бір тұлғада болатын жедел іздестіруші де, тергеуші де, патрульдік полиция да жəне басып алушы да. Онсыз қылмыстық іздестіру жұмысы алға жылжымайды.        Ауылдардағы ұрлықты         учаскелік полиция қызметкерінің қатысуынсыз ашу – уақытты пайдасыз сарап ету. Бұл жерде ол – қылмыскерлер үшін қауіп» дейді В. Васильченко [7]. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, полицияның учаскелік инспекторларына бүгінгі күні үлкен көңіл бөлінуде. Осыған қарамастан учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарының жай ғана қатардағы қызметкері болып қала береді. Сондықтан оның қызметі мен мəртебесіне байланысты туындайтын бірнеше мəселелерге тоқталып өтейік.

Ел Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің негізі болып табылатын Қазақстан халқы учаскелік полиция инспекторынан жазалаушы күшті емес, керісінше көмекші мен қорғаушы адамды көргісі келеді. Əрбір əкімшілік аумақтардың түрғындары өздерінің учаскелік полиция  инспекторларын танып білуге, оларға сенім арттырып, олардың жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндіктері болу керек. Сол себепті олармен жүргізілетін  алдын алу жұмыстары тек өз əкімшілік учаскесіндегі барлық тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өтетіндігін ескеру қажет.

Біздің   ішкі  істер органдарының  жалпы қызметіне байланысты біз жүргізген əлеуметтанымдық зерттеуіміз көрсеткендей полиция қызметкерлері өздеріне деген халықтың көзқарасын онша биік бағаламайды: сұралған полиция қызметкерлерінің тек 10% ғана халық полицияға дұрыс қарайды деп санайды, ал олардың шамамен 39% бұл қатынас жағымсыз немесе жағымдыдан гөрі жағымсызға жақындау деп есептейді.

Халықтың полицияға басқаша қарауы мүмкін емес,  өйткені сұралған  азаматтардың 61% астамы өздерінің полицияға шағымдануының қорытындысына толықтай  немесе  ішінара қанағаттанбаған. Мұны олар мынадай себептермен байланыстырады: мəселенің түпкілікті шешілмеуі (41%), мəселені шешудегі сөзбұйдалыққа салу (35%), мəселені шешуден орынсыз бас тарту (17%), сұрамшақтық, парақорлық (4%). Сондықтан бүгінгі  қазақстандық  полицияның қызметі тиімді мемлекеттік билікті қалыптастыруға өз жəрдемін жеткілікті дəрежеде тигізіп отыр деуге негіз жоқ. Себебі, біріншіден, полицияның халықтың алдындағы жағымсыз бейнесі жалпы алғанда билік органдарының ешбіріне бедел əпермейді; екіншіден, олардың жұмысының  тиімділігі   қазақстандықтардың көңіліне билік органдары өздерін өктемшіліктен, заңсыздық  пен қылмыстылықтан  қорғайды деген сенім ұялатпайды.

Бұл айтылғандардың дəлелі ретінде мынадай айғақтарды келтіруге болады. 2007 жылдың алғашқы 9 айының өзінде республиканың ішкі істер органдарында 399030 өтініш тіркелген. Өтініштердің жалпы санының:

  • 147552-сі көші-қон полициясы мəселелері бойынша;
  • 35693-і азаматтардың заңсыз əрекеттері туралы;
  • 27369-ы рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша;
  • 25594-і жол полициясы мəселелері бойынша;
  • 10014-і кадр мəселелері бойынша;
  • 1192-сі зейнетақымен қамтамасыз ету жəне қаржыландырудың басқа да мəселелері бойынша.

Алайда осы өтініштерді қарауда  жəне шешім қабылдауда жіберілетін кемшіліктердің анықтығы соншалықты – кейбір азаматтардың өздерінің кепілденген құқықтары мен бостандықтарын қорғауды іздеген шағымдарын Үкіметке, Президент əкімшілігіне, Парламентке жолдауы осы күнге дейін толастамай отыр.

Келтірілген фактілер мен  сандар  бүгінгі күні полиция органдарының негізгі мақсаты қандай, оларды ұйымдық-құрылымдық жаңарту процестері қалай жəне қай бағытта жүргізілуі керек деген өзекті сұрақтарды туындатады. Біздің ойымызша, Қазақстан полициясының қазіргі таңдағы ең негізгі міндеті болып оның халық алдында əлсіреген, тіпті кейбір мəселелер төңірегінде жоғалтылған, сенімді қайтару табылады.

Ал учаскелік полиция инспекторларының қызметіне байланысты 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Əкімшілік полиция комитетінің халық арасында жүргізген сауалнамасының нəтижелері де көніл қуантарлық емес. Сауалнаманы жүргізу барысында оған жауап берушілердің 30% полиция қызметкерлерінің талап етушілігі мен 24,6% олардың қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болуы учаскелік полиция инспекторы қызметінің тиімділігін көтерудің маңызды аспектісі деп санайтындығын, сонымен қатар 42,6 % и 25,7% олардың метериалдықтехникалық жағынан жабдықталуы əлсіз дейді. Жəне де олардың қызметінде нақтылық пен жеделдігінің жетіспеушілігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы учаскелік полиция инспекторы қызметінің басты кемшілігі деп санайды [8].

Осыдан көріп отырғанымыздай, участкелік инспекторлар қызметінің əлеуеті, халық алдындағы абыройы əлі де болса төмендеу. Кеңестік дəуірден бері «милиционерден алысырақ ұстану керек» пікір қалыптасқан. Мұндай əділетсіздеу ойды тарқату тек кана білімді, ынталы жəне белсенді қызметкерлердің қолынан келеді. Егер бұрын полиция органдарында жалпы мамандар қажет болған болса, қазір профессионал мамандар қажет. Учаскелік инспектор тұрғындармен дұрыс қарым-қатынаста бола білуі керек, сонымен қатар өзекті мəселелерді тауып, тұрғындардың сұрақтарына нақты жəне дұрыс жауап бере алу керек. Ол үшін білім деңгейі жоғары жəне қазіргі заңдарды нақты білу керек. Себебі қазіргі жас мамандар көбінесе осындай мəселелермен қақтығысуда.

Соңғы кезде полицияның барлық учаскелік инспекторлары, өздерінің жұмыс стажына қарамастан, Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық полиция қызметкерлері сияқты аттестациядан өтті. Өткізілген аттестацияның қорытындысы Ішкі істер министрлігі мен оның қызметкерлері үшін оңай болмады. Республика бойынша 3900 полиция қызметкері жұмыстан босатылса, 10700 қызметкер істеп жатқан қызметіне лайықты емес деген қорытынды шығарылды. Одан бөлек аттестация өтуден бас тартып, өз еркімен жұмыстан болағандар саны 2000 адамға жуық.

Осылардың ішінде полицияның участкелік инспекторлары да жеткілікті. Бұдан шығатын қорытынды: əлі де болса полиция қызметкерлерінің көбісінің білім деңгейі, олардың біліктілігі мен дене дайындығы өз міндеттерін жоғары деңгейде атқаруға, сол арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жеткілікті дəрежеде қорғауға жеткіліксіз болып отыр. Демек, алда осы олқылықтарды азайту жолында көп еңбек ету керек.

Құқық бұзушылықтардың алдын-алу аясында учаскелік полиция инспекторлары қызметінің нормативтік шаралары туралы айтатын болсақ, мұндағы туындайтын ең басты мəселе бүгінгі күндегі құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы. Осыған байланысты мемлекеттік органдардыңлауазымдытұлғаларынажəнеазаматтарға

«Нормативтік құқық қорғау актілері туралы» Қазақстан Республикасы занының ережелерін кең көлемде түсіндіру қажет. Себебі тəжірібеде заңдарға қарағанда заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің ережелерін қолдану үлкен басымдылыққа ие болып отыр. Бұған қоса, құқық нормаларын жүзеге асырушы тұлға (əсіресе ішкі істер органдарының субъектілері) «нормативтік құқықтық актілер сатысы», «негізгі жəне туынды нормативтік құықтық актісі», «заңнамалық актілер», «заңға тəуелді актілер» жəне басқа да түсініктерді міндетті түрде айыра білу қажет. Яғни, барлық мемлекеттік аппараттың алдын алу қызметінің тиімділігі əр лауазымды тұлғаның өз міндеттерін толық кəсіби дəрежеде орындауына тəуелді болып келеді.

Көріп отырғанымыздай, құқықтық жүйенің ары қарай дамуы ғана емес, сонымен қатар барлық денгейдегі құқықтық нормаларының жүзеге асырылу механизімін жетілдіру ерекше маңызға ие. Ал бұл біріншіден, учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу қызметіне, екіншіден, жасалып жатқан құқык бұзушылықтардың себептеріне нақты əсер етуі тиіс. Мұндай жетістікке жету үшін учаскелік полиция инспекторының құқықтық жəне əлеуметтік мəртебесі тұжырымдамалық негізде өзгеруі керек.

Біздің ойымызша, учаскелік  полиция инспекторлардың мəртебесін  көтеру,материалдық базасын бекіту, сонымен қатар қажетті техникалық қамсыздандыру профессионалдық қызметті құруға себеп болады. Сонымен бірге, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану учаскелік полиция инспекторлары қызметінің əлеуетін толық көлемде ашуға мүмкіндік береді. Ел Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Осы 2013 жылдан бастап арнайы атақтар үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін əскери атақтар бойынша төленетін жалақы деңгейіне дейін көтеруді тапсырамын» деді [9]. Демек, полиция қызметкерлерінің арнаулы атақтары үшін берілетін төлемдердің мөлшері бірнеше есе  (он  есеге  дейін)  көтерілетінін атап көрсетті. Біз полиция қызметінің дəрежедеңгейін, олардың қызметкерлерінің жұмысқа деген ынта-жігерін көтеретін мемлекет тарапынан істелініп жатқан мұндай шараларды құптаймыз. Бұл шаралар саны жағынан ең көп жəне көп функциялы мемлекеттік орган болып табылатын ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа да үлкен соққы болады деп ойлаймыз.

Ішкі істер органдарына адам жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында əр түрлі сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану билік өкілеттіктері берілген. ПО қызметкерлерінің осындай өкілеттіктері олардан осы өкілеттіктерді заң негізінде дұрыс пайдалануды талап етеді. Бұлай болмаған жағдайда бұл өкілеттіктерді пайдалану азаматтардың Қазақстан    Республикасы    Конституциясында  бекітілген  құқықтарының  орындалуына кері əсер етуі мүмкін, тіпті адамды өмір сүру құқықтарынан айыруы мүмкін. Сондықтан əкімшілік мəжбірлеу шаралары нақты құқықтық реттеу негізінде қатаң заңға сəйкес қолданылуы тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылдар жалпымемлекеттіксипатқаие.Солсебептібірінші кезекте полиция қызметкерлерінің құқықтық мəдениеті мен біліктілігін көтеру өте маңызды. Бұл өз кезегінде полиция мамандығының абыройын көтеріп, азаматтардың  алдында полиция қызметкері беделінің дұрыс қалыптасуына септігін тигізер еді.

Ішкі істер органдары үшін адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жəне қамтамасыз ету олардың тікелей міндеті мен мақсаты   болып   келеді.   Полиция   органдары күштеу органдары болғандықтан олардың қызметтік міндеттерін дұрыс қолданбауы адамның құқықтары мен бостандықтарының елеулі бұзылуына əкеліп соқтырады. Сондықтан заңдар мен заңға тəуелді нормативті актілерде полиция қызметіне байланысты қатаң талаптар мен шектеулер қойылуы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, заңнамада ішкі істер органдарының қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мəселелер егжей-тегжейлі реттелуі қажет. Ал ішкі істер органдарына қызметке қабылданатын тұлғаларға қатаң талаптар қойылуы тиіс. Осыған байланысты кейбір ғалымдар полиграфты қолдану, қызметке қабылданатын тұлғалардың психологиялық дайындығына назар аудару сияқты ұсыныстарды енгізуде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін белгілер алдында, олардың заңды міндеттерінің қаншалықты нақтылығын, анықтылығын, сипаттамасын, сондай-ақ құқықтық шектеулердің міндеттілік шегін анықтап алудыңмаңызыайрықша зор. Бұл«болыпқойған» жəне «болуы керек» деген категориялардың арасындағы қарама-қайшылықты дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы: Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Қазақстан сарбазы. – 1997. – 4 қараша.
  2. Кармолицкий А., Алехин А., Козлов Ю. Административное право РФ. – М., 1997.362 б.
  3. Туманов Г.А.   Организация  управления в сфере охраны общественного порядка. – М., 1972. – 35 б.
  4. Основы научной организации управления и труда в органах внутренних дел: Учебно-метод. пос. для слушателей-заочников вузов МВД СССР // Под ред. проф. Г.Г. Зуйкова. – М.,– 7 б.
  5. Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тəртіпті сақтаудағы жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі   рөлін   арттыру  туралы: ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы№ 1598 қаулысы // ҚР Əділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының «Заң» мəліметтер қоры.
  6. Турисбеков З.К. О проблемах профилактики преступности Республики Казахстан // Предупреждение преступности – важнейшая часть государственной политики: проблемы, решения, перспективы: Материалы Международной межведомственной научно-практической конференции. – Алматы: Академия МВД Республики Казахстан, 2004.4 б.
  7. Васильченко В. Универсальный полицейский. // Каз. правда. – 2 февраля 2004 года.
  8. Қазақстан Республикасы ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің 79 парақтағы хаты, қосымшасымен бірге № 5/2 – 47 – 1525, 12 05 2011 ж. («Учаскелік полиция инспекторларының қызметіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу» зерттеу тақырыбы бойынша 2009-2010 жж. арналған аналитикалық анықтамалар, есептер, статистикалық мəліметтер жəне өзге де материалдар).
  9. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»: Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Панорама Шымкента – 2012. – 21 желтоқсан.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.