Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адам құқықтарын қорғау механизмі

Адам құқығы – конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында  ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз  ету  табылады.   Құқықтық   реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді [1].

Мемлекетте   демократияның    басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан  да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық   актілер   жатады. Барлық  қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының   Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен  азамат  құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарымқатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың «Адам мен азамат құқығы Декларациясын», 1982 жылғы канадалық «Құқық пен бостандық хартиясын», 1992 жылғы «Негізгі құқықтар мен бостандықтар  Хартиясын» жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді [2].

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция адамның, жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі əлеуметтікэкономикалық жəне саяси жағдайлардың конституциялық дамуының  бұрынғы  тəжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің  қызметі мен оның халықаралыққұқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

Адам жəне азаматтың конституциялық – құқықтық мəртебесi институты төмендегiдей элементтердi қамтиды:

а) адам жəне азаматтың құқықтық мəртебесiнiң мəн-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар жəне мiндеттер;

ə) адам мен мемлекет арасындағы қарымқатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы жəне конституциялық құқықтың басқа субъектiлер арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам жəне азаматтың мəртебесiнiң конституциялық принципi[3].

Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік жəне субъективтік факторлардың бірлігіне  де  байланысты.  Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мəселені шетелдік тəжірибені  қолдана  отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тəжірибеге əсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.

Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мəселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды жəне ол адамның туған сəтінен бастап өзіне тиесілі.

Кез келген адам мен  азамат  негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары  адам  мен  азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нəсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік жəне қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нəсілдік, əлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дəуірден қазіргі заманға дейін əлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы жəне мол тəжирибесі бар.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын  əлеуметтік  норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді[4].

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру – əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты[5]. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы  үшiн  бiздiң  бiрiншi  ұсынысымыз– əр  түрлi  мəдениеттегi  қоғамдарда  танылқан «адам құқықтары» деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.

Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай  екі  ұғым  қолданылады: «адам  құқығы»  жəне   «адам   бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының  бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам бостандығы – бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-əрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген жəне кепілдік беретін адамның     мүмкіндіктері     мен    өкілеттіктері.

«Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жəне қорғауға міндеттеме қабылдайды.

Адам құқығы жəне бостандығы адамның құқықтықмəртебесінбелгілейтін,оныңжағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның жəне мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық жəне ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының жəне бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы жəне бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) жəне мемлекет қорғайтын іс-əрекеті ретінде анықталады.

Адам құқығы табиғи қасиетке ие жəне жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу жəне қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тəуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап жəне оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы əрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.

Азаматтыққұқыққоғамныңжəнемемлекеттің даму барысында жасалған жəне пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді жəне мемлекет оны жария етіп əрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.

Бұл екі құқық санаты əдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тəн, ал азаматтық құқық белгілі  мемлекеттегі  адамның  сол  мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. əрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына жəне осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар жəне бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мəртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.

Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, əрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тəртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Булгакова Д. Мемлекет жəне құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Заң əдебиеті, 2004. – 103-104 бб.
  2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. – Алматы: Жеті жарғы, 2008. – 45 б.
  3. Кенжалиев З.Ж., Ким В.А. Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының дамуы. 3 бөлім. – Алматы «Қазақ университеті», 2008.
  4. Шəкіров А. Адам құқықтары – ең басты құндылығымыз // «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті, 10 Желтоқсан 2010
  5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің 2011 жылғы қызметі туралы Есебі // Астана, 2012. – 9-11 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.