Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік айрықша нысандағы заңды тұлға ретінде

Қоғамдағы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары болып жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жəне мемлекет танылады. Құқықтар мен міндеттердің  иесі болу білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғалар мен мемлекетке де тəн қасиет. Осы азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің ішінде заңды тұлғалардың алатын орны өте зор, олар көп жағдайда азаматтық құқықтық қатынастардың орын алуына ғана емес сонымен қатар, өркендеп дамуына, түрленуіне тікелей ықпал жасай алады. Олай дейтін себебіміз, тəуелсіздік алып, нарықтық экономикаға бет бұрғалы көптеген заңды тұлғалар шет елдік  тəжірибелерді елімізде іске асырып, жаңа азаматтық құқықтық қатынастардың туындауына септігін тигізуде.

Əңгімеге негіз болып отырған заңды тұлға ұғымына келсек, ҚР азаматтық кодексінің 33-бабына сай заңды тұлға дегеніміз – меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке   құқықтар   мен   мiндеттерге ие  болып,оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне  жауапкер  бола  алатын  ұйым  заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын жəне алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кəсiпорын,шаруашылықсерiктестiк,акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Азаматтардың бірлескен кəсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына жəне өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады. Мемлекетік кəсіпорынға: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; Оралымды басқару құқығына негізделен    кəсіпорындар    жатады;  Құқықтармен міндеттердің иесі бола білу азаматтық айналымда құқықтық дербес субьектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес. Заңды тұлғаларға да тəн. Занды тұлға азаматтық құқыктық заңмен танылған бірыңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде занды тұлғаның, оның ішінде əсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, мəні, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың анторлары заңды тұлға ииституты қандай  қоғамдық  қатынастарды   білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай жəне заңды тұлғаның, мəн-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты əртүрлі пікір білдіреді[1,13,].

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында жəне заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кəсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын жəне мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеменысанындақұрылуымүмкiн.Мемлекеттiк кəсiпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың азаматтық құқықтары болуы жəне заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қажеттi азаматтық мiндеттердi атқаруы мүмкiн. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асырушы заңды  тұлғалар  үшiн басқа қызметпен айналысу мүмкiндiгi болмауы немесе шектелуi мүмкiн. Заңды тұлға  тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады.  Заңды  тұлғаның   құқық   қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап  пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тəртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сəйкес жұмыс iстейтiн өз органдары  арқылы  ғана  азаматтық құқықтарғаие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға  органдарының  түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тəртiбi жəне олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын жəне ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi қатысушылардың  есiмдерiне  сəйкес  келмесе не  қатысушылар  бұл адамдардың  есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды  тұлғаның   атауы заңды тұлға  тiркелгеннен  кейiн  оның   фирмалық атауы болып  табылады.  Заңды  тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бiрыңғай  мемлекеттiк тiзiлiмiне   енгiзiледi.

Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға жəне келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттiк  органдар  болып табылмайтын заңды тұлғалардың фирмалық атауларында,қызметкөрсетутаңбаларында,тауар таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында  почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.  Үшiншi  тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген   мекен-жайға сəйкес  келмейтiнiне сiлтеме  жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге   енгiзiлген   мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық жəне өзге де хатхабарлар жiберуге құқылы. Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн. Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі жəне секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген  реттерде  ықтиярсыз   қайта   құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,  өз  қызметінің   негізгі   мақсаты пайда түсіру  деп  есептелетін  жəне заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктері нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің  жарғылық   капиталының   ең төменгі мөлшері, оны құру мен пайдаланудың ерекшеліктері, мүлкінің құқықтық режимі, шаруашылық қызметін шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледі немесе арнаулы заң актілерімен белгіленген тəртіппен. Сонымен қатар, толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксізболғанжағдайдақатысушыларыоның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады. Толық серіктестікке қатысушылардың өзіне тəн мынадай құқықтары мен міндеттері бар олар:

  • Заңда жəне серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген тəртіп бойынша толық серіктестікті басқаруға, соның ішінде серіктстік алған пайданы бөлуге қатысуға;
  • толық серіктестіктің қызмет туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде серіктестіктің бухгалтерлік жəне басқа да құжаттамасымен танысуға;
  • егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне қарай оның қызметінен пайда алуға;

Заңда жəне (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тəртібімен дау айтуға жəне тағыда басқа құқықтары бар.

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестімен) ортақтасып жауап беретін бір немесе одан  да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің (салымшылардың) жаргылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін жəне серіктестіктің кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушалардаң тұратын шаруашылық  серіктестігі  сенім  серіктестігі деп танылады. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталытолықсеріктестерменсалымшылардың салымының құралады жəне жарғылық капиталға салым салған сəтте Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген елу есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері 50 проценттен аспауы керек. Бұл ретте сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктестіктердің салымын (салымының бір бөлігін) төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тəртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сенім серіктестігі одан барлық толық серіктестер немесе барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады.

Егер құрамында ең болмағанда бір толық серіктес пен бір салымшы қалса, сенім серіктестігі сақталады [2,31,].

Заңдытұлғалардыңарасындажауапкершілігі шектеулі серкітестіктің елімізде санының өте көп болуы оған деген қызығушылығымызды арттыра түсері сөзсіз. ҚР азаматтық кодексінің 77-бабына сай жауакершілігі шектеулі серіктестік деп бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша  жауап   бермейді  жəне  серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тəуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі шектеулі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сəуірдегі №  220  заңында  көзделуі  мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның   белгілі   бір   мерзімге   немесе   нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша əрбір қатысушының  салым  енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі   серіктестік»   деген   сөздерді  немесе

«ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын жəне оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. Шетелдіңқатысуыменқұрылатынжауапкершілігі шектеулісеріктестіктіңфирмалықатауындаоның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға жəне серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті. мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық  ұйым болып  табылады,  азаматтық  құқықтары болады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет    түрін жүзеге асыруға  қажетті,  өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесінде, заң актілерінде белгілен жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады жəне Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.[3.1,2].

Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі шектеулі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сəуірдегі № 220 заңы 6-тараудан, 69баптан тұрады. Осы заңдағы 1-тарау – Жалпы ережелер, 2-тарау – Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру, 3-тарау – Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы, 4-тарау – Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі, 5-тарау – Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару, 6-тарау – Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта ұйымдастыру жəне тарату деп аталады.

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттің бизнескеқамқорлығышеңберіндежауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді заңды түркеуден өткізу жеңілдетілді, ендігі жерде құрылтайшылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ЖШС құру жөніндегі құрылтайшылар өкілеттік берген тұлға қол қойған өтінішті, серіктестік жарғысын, заңды тұлғаны тіркеуден өткізу үшін төленетін алымның түбіртегін, кеңсені жалға алғаны немесе кеңсе ғимаратына меншік құқығын растайтын  құжаттарды  өткізсе   жеткілікті. Осы құжаттарды өткізген соң 5-8 күн ішінде жаңа заңды тұлға заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы куəлікті, СТН жəне статистикалық  картаны  алады.   Сонымен қатар, 23 желтоқсан 2009 жылы Қазақстан Республикасының Мəжілісі ЖШС жарғылық капиталының минималдық көлемін жүз айлық есептік  көрсеткіштен  жүз  теңгеге төмендеткен

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мен филиалдар жəне өкілдіктерді есепке алуды жеңілдету мəселелеріне қатысты кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң  жобасын  қабылдаған  болатын [4, 1 бет]. ЖШС тіркеуге байланысты мемлекеттің бұлайша      жеңілдіктерді беруі  еліміздегі бизнестің өркендеуіне оң ықпал еткені айқын, дегенмен, бұл мəселенің кері нəтижелері де бой көрсетті. Кейбір қылмыстық элементтер мұндай жеңілдіктерді өз бас пайдасына қолданып, қаржылық махинацияларды жүзеге асыра алды. Соның бір мысалы ретінде Ақтөбеде орын алған жайды келтіруге болады, оған сəйкес қылмыстық топтың жалған ЖШС-лар құрып солар арқылы үлкен соманы қолма қол ақшаға айналдырып отырғаны айқындалған еді [5, 1 бет].

Жалпы алғанда еліміздегі кəсіпкерлердің шаруашылық серкітестіктердің арасынан ЖШС таңдауы еліміздің азаматтарының құқықтық санасымен тікелей байланысты жайт, сондықтан, жақын болашақта ЖШС еліміздегі ең кең таралған заңды тұлға нысаны болып қала бермек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы болім) 27.12.1994 жыл.
  2. ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы болім) 27.12.1994жыл.
  3. Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серілтестіктер туралы 24.04.1998 жылғы заңы
  4. В Казахстане уставной капитал для ТОО составит 100 тенге/ vesti.kz/economy/35209/
  5. Раскрыта преступная группа в Актобе/ www.newskaz.ru/incidents/.../1197739

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.