Шет елдердің қылмыстық заңнамаларындағы айыппұл

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстылықты сақтандыру жəне қылмыскерлерді түзеу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді жазаны іздеу үрдісі  үздіксіз  жүруде. Шет елдік құқықтанушылардың ғылыми зерттеуінің жəне сот тəжірибесінің негізінде 80–жылдардың ортасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның тиімділігінің төмендігі туралы қорытынды жасалған болатын. Көптеген қылмыскерлерге қатысты бас бостандығынан айыруды қолдану ойдағыдай нəтижеге алып келмейтіндігі айтылған болатын. Бас бостандығынан айыру орнында ұстау қаржылық тұрғыдан, əлеуметтік жағынан да мемлекетке қымбатқа түседі, өйткені түрмелер қылмыстық əлемнің өзіндік мектебі болып танылды, онда қылмыстық іс-əрекеттер тəсілдерін жетілдіру үрдісі жүреді [1, 45 б.]. Түрмеде ұстаудың орнына балама ретінде мынадай жазаларды, айыппұл, бас бостандығынан айырусыз мəжбүрлеу жұмыстары, шартты соттау жəне т.б. айтылды. Қазіргі уақытта айыппұл түріндегі жаза дамыған шетелдік мемлекеттердің заңнамасында жəне сот тəжірибесінде кеңінен қолданылады.

Ақшалай жазалар ағылшын қылмыстық құқығындағы неғұрлым ертедегі санкциялар болып танылады. Əр жыл сайын əр түрлі ауырлық дəрежесіндегі  қылмыстарды  жасағаны  үшін 1,5 миллионнан асатын айыппұлдар   жүктеледі.

Құқықбұзушы (қылмыстық жауаптылық жасына жеткен адам) кез келген қылмыс үшін айыппұл төлеуге сотталуы мүмкін. Егер де неғұрлым ауыр қылмыс үшін заңмен баламасыз жаза көзделінсе. айыппұл қолданылуы мүмкін, мысалы: өлім жазасы, өмір бойы немесе ұзақ уақыт түрмеге қамау.

Магистраттар сатында қылмыс үшін сотталынған адамдардың 95%, жыл сайын айыппұл төлеуге сотталады. Автожол құқықбұзушылығы үшін 98% жағдайларда айыппұл тағайындалады [2, 42 б.].

Ағылшын қылмыстық заңнамасы, Ресей заңнамасындағыдай айыппұлды негізгі де жəне қосымша да жаза шарасы ретінде тағайындау мүмкіндігін қарастырады, бірақ та ағылшын қылмыстық құқығында мұндай мазмұндағы терминология тікелей бекітілмеген.

Айыппұл соттың қарауы бойынша тағайындалады жəне бас бостандығын айырумен бірге немесе онсыз тағайындалуы мүмкін.

Соттың айыппұлдың жоғары шегін – 5 фунттен шектеусіз сомаға дейін қолдануы мүмкін, 13 жағдай белгілі болып отыр (ол егер айыппұл баламалы немесе бас бостандығын айырумен бірге жүктелсе онда 40 жуық).

Сонымен, Ресей құқығына қарағанда сотталушыларға айыппұл түрінде Корона соттарымен жүктелетін ақшалай сомаларды жалпы заң шеңберінде шектеу ағылшын қылмыстық құқығында жоқ: сот 1215 ж. «əдеттен тыс жəне қатігез» жазаларды қолданбауға шақыратын 1215 ж. «Еріктілік Хартиясын» жəне 1688 ж. «Құқық туралы Биллдің» ережелерін басшылыққа алуы тиіс.

Тек қана жекелеген статустарда көзделінген санкцияларда жол берілетін ақшалай жазаның жоғары шегі белгіленеді. Кəсіпкерлер мен жұмысшылардың арасындағы қатынастарды реттейтін заңдардың санкциясында аса ірі айыппұлдар берілген: жұмысшылар өздерінің кəсіподақтарының белсенділері арқылы бірқатар жағдайларда он мың фунт айыппұлды төлеуге сотталуы мүмкін. Мұндай жазалар бас бостандығын айырумен бірге тағайындалатын жағдайлар да аз емес [3, 109 б.].

Магистарттар   соты   «1967  ж. дейін,1879ж «Жиынтық юрисдикция туралы» заң бойынша жалпыжиынтықпорисдикциятəртібіменқылмыс үшін 25 фунтқа дейін айыппұл жүктеуге өкілетті болды. Айыптау актісі бойынша қудаланатын қылмыстар, магистраттар сатысында қаралса, 100 фунт стерлинг жоғары сомасындағы айыппұлмен жазалады. 1967 ж. «Қылмыстық іс бойынша əділсоттылықты жүзеге асыру туралы» Заңымен көптеген қылмыстар үшін жоғары айыппұл сомасы қойға қарастырылды жəне бірден арттырылды.

Соңғы он жылдықта ағылшын соттарымен қылмыстық істі қарау тəжірибесінде ақшалай жазаларды жəне өтемақылық өкімдерді сотталушыларға қолданылатын негізгі жазалармен бірге кеңінен қарастыру тенденциясы байқалады. Ағылшын құқыққолданушы «аз зұлымдық келтіру қағидасын таңдауды басшылыққа алады, өйткені ағылшындардың жазалар жүйесін зерттеушілердің барлығы, айыппұлдар қоғамды қолсұғушылықтан шынайы қарамаса да, түрмеде ұстауға қарағанда бірқатар жетістікті жақтары бар. Ағылшын құқықбұзушыларының пікірінше, айыппұл түріндегі жаза неғұрлым əсер етудің тиімді шарасы болып танылады. Айыппұл қолдану тəжірибесін зерттеу көрсеткеніндей, қылмыскердің жасын жəне бұрынғы қылмыстық іс-əрекеттерінің санын ескере отырып сотпен жүктелетін репрессияның басқа түрлеріне қарағанда, қайталап сотты болудың неғұрлым төменгі дəрежесіндегі көрсеткішті берген.

Айыппұл түріндегі жазаны тағайындау ағылшын заңгерлерінің пікірінше, сотталушыны түземейді, бірақ ол сонымен бірге (басқа жазаларға қарағанда) құқықбұзушыны «бұзбайды» жəне жазалау шарасын таңдау барысында негізгі себеп болып танылады деді.

Соңғы жылдары ағылшын заңнамасы айыппұлдың мөлшеріне жəне оны орындау тəртібіне қатысты бірқатар өзгерістерге түсті. 1967ж (Қылмыстық істер бойынша əділсоттылықты жүзеге асыру туралы» 1967ж «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы», 1968ж «Ұрлық туралы», 1971ж «Шығын келтіру туралы», 1971ж «Есірткі заттарын тарату туралы» Заңдарына енгізілген жаңашылдықтар, магистраттар соттарымен жүктелетін айыппұлдардың сомасының жоғары шегін арттырды. Нақтырақ айтқанда, жиынтық порисдикция тəртібімен қаралатын қылмыс үшін айыппұлдың жоғары сомасын 25–тен 100 фунтқа дейін, айыптау актісімен қудаланатын қылмыстар үшін (яғни неғұрлым елеулі қылмыстар) 400 фунтқа дейін көтерді.

1982 ж қылмыстық юстиция туралы заңы жиынтық қылмыстар үшін төменгі шегі – 50 фунт стерлинг жəне жоғары шегі – 2000 фунт стерлингкке дейін қарастыра отыра айыппұлдың мөлшерін адам əрі арттырды.

Жоғары порисдикция соты жаза тағайындау барысында үкімді ұстау мерзімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс, ол жаза орындалмаған жағдайда міндетті түрде сотталушымен өтеледі. Ағылшын заңнамасы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі   айыппұлмен   ауыстырылған  жағдайда

12 айдан аспауы тиісті. Бұл жерде соттар құқықбұзушының материалдық жағдайын тексеру міндетін мойындарына алады, айыппұлды бөліп төлеу  үшін  белгілі  бір  уақыт беру мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Сотталушыларға бақылауды жүзеге асыратын арнайы тұлғалар сот болып тағайындалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда айыппұлдың кейінге қалдырмастан түрмеде ұстау түріндегі баламалы жазаны мына жағдайларда қолдануға құқылы:

  • егер де айыппұл түріндегі жазаға сотталынған адам, төлеуден бас тартса, сотталушының айыппұлды төлеу үшін қажетті қаржысы бар деген мəліметті сот білген жағдайда;
  • егер сот айыппұлды төлеуге сотталған адам жазадан құтылу мақсатында жасырынуы мүмкін деген қаупі болса;
  • егер айыппұлды төлеуге сотталған адам,бұрын түрмеде немесе басқа да бас бостандығын айыру орындарында жазасын өтеген болса;
  • егер де қылмыстардың жиынтығы бойынша сотталған адам түрмеде қамауға да сотталынса [4, 74 б.].

Ағылшын заңнамасында бірқатар жағдайларда, төлемеушіге мəжбүрлеу жұмыстар түріндегі жазаны тағайындау мүмкіндігі қарастырылған. Айыппұлдың бір бөлігі төленсе атқарылуы тиіс сағаттардың жалпы саны пропорционалды түрде азайады. Қалған барлық жағдайларда айыппұлды жылдам төлеу үшін 9 дан 90 күнге дейін мерзімді ұсыну міндеті сотқа жүктеледі.

Айыппұлды жылдам төлеу мерзімі, оны төлеу үшін жеткілікті қаржыны өтеп алу мақсатында, жүктелетін айыппұлдың мөлшеріне байланысты сотпен анықталды.

Үкімде белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда мүлікті тізімге алу, төлемеушінің табысын қамауға алу жəне азаматтық сот өндірісі тəртібімен айыппұлды өтетіп алу туралы анықтама шығарылады.

Қылмыстық-құқықтық санкция ретінде айыппұл жеке сипатты иеленбейді, сотталушы үшінші тұлғалардың айыппұлды төлеуімен келіспейтіндігі туралы тікелей көрсеткен жағдайлардан басқа, өзге де тұлғалардың айыппұлды төлеу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

1957 ж. Харристің ішін қарауға байланысты, айып төлеуші қайтыс болғаннан кейін, айыппұлды төлеуге қатысты сот прецеденті қалыптасты. 1952 ж. түрмеге жəне айыппұлды төлеуге сотталған Харрис, түрмеде жазасын өтей жүріп бір жылдан кейін қайтыс болды.

Сот өзінің шешімінде, ақшалай жаза сотталушының өлуіне байланысты жойылмайды, жəне соттың талап етуі бойынша қаза болған адамға тиесілі мүліктен тиісінше өтетіліп алынды [3, 48 б.].

Қытайдың Қылмыстық кодексі жаза ретінде төленетін соманы қатаң анықтап белгілемейді, əр нақты жағдайда айыппұл мөлшері сотпен істің мəн–жайына байланысты анықталады. ҚХР ҚК Ерекше бөлімінің бірқатар баптары айыппұл мөлшерін есептеу тəртібіне нұсқайтын қатысты анықтама санкцияларын белгілейді. Нақтырақ айтқанда, ол мыналарды құрауы тиіс:

  • тауарларды өткізу сомасының 50-ден 200 пайызға дейін (жасанды жəне саласыз тауарларды өткізгені үшін);
  • төленбеген салықтың бірден бес еселенген сомасына дейін;
  • салынған капиталдың жалған декларацияланған сомасының 2-ден 10 пайызға дейін;
  • «жасырылған» ақшаның 5-тен 20 пайыз сомасына дейін [5, 189 б.].

Айыппұлды тағайындау мүмкіндігі Қытайды ҚК бойынша 264 жағдайларда көзделінген. Айыппұлды төлеу бір уақытта да жəне жылдам да жүргізіледі. Егер де сотталушы үкімде көзделінген мерзімде айыппұлды төлемесе, судья мəжбүрлеу тəртібімен өндіріп ала алады. Ақша қаражаты болмаған жағдайда, үкімнің атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында сот сотталушының мүлкінен өндіреді.

ҚХР ҚК 53-бабына сəйкес сотталушының материалдық жағдайының төмендігін назарға ала отыра, айыппұл мөлшерін төмендетуі əлде оны төлеуден толықтай босатуы мүмкін.

Айыппұл Швейцарияның қылмыстық заңнамасында неғұрлым реттелінген. Жазалау шарасы ретінде ол 122 қылмыстың іс-əрекеті жасағаны үшін көзделінген.

48 бапқа сəйкес айыппұлдың жоғары мөлшері 40.000 франкті құрайды. Егер адам пайдакүнемдік ниетпен қылмыс жасаса, судья айыппұлдың осы жоғары мөлшерімен байланысты емес, бұл судьялық қараудың шеңберін елеулі кеңейте түседі [5, 189 б.].

Бірақ та айыппұлды өз бетімен белгілеуге жол берілмейді. Төленуге тиіс соманы өз бетімен таңдауды шектеу үшін, Кодексте талап бар, судья үкімді шығару барысында оны ескеруі тиіс. Швейцария ҚК сəйкес адамның материалдық жағдайына байланысты айыппұлдың мөлшерін судья анықтайды.

Сонымен қатар айыппұлды тағайындау барысында сотталушының материалдық жағдайынан басқа, оның табысы, мүлкінің болуы, отбасылық жағдайы, отбасылық міндеттері (мысалы, алименттік міндеттемелер, қарт ата-аналарын немесе мүгедек–нəрестені асырай алу қажеттілігі), кəсібі, жасы, денсаулық жағдайы жəне т.б. мəн-жайлар ескеріледі.

Швейцария ҚК 49-бабының негізінде сотталушы бір айдан үш айға дейінгі мерзімде айыппұлды төлеуі қажет. Егер сотталушы Швейцарияда тұрақты тұрмаса, ол айыппұлды бірден төлеуге міндетті немесе оны қамтамасыз етуді ұсынады.

Сотталушының жағдайына байланысты оған айыппұлды бөліп–бөліп төлеуге немесе тегін жұмыстарды істеу арқылы өтеуге рұқсат етіледі. Егер сотталушы белгіленген мерзімде қажетті соманы өтемесе немесе оны басқа жолмен өтемесе, онда айыппұл мəжбүрлеу тəртібімен өтелінеді. Егер де аталған шара тиімсіз болса, судья айыппұлды қамаумен ауыстырады. Бұл жерде айыппұлды 30 франк бір күн қамауға алумен теңестіріледі. Қамаудың жоғары мерзімі үш айдан аспауы қажет [5, 190 б.].

Судья, егер сотталушы айыппұлды төлемеу объективті себептермен байланысты екендігін дəлелдесе, мысалы, сотталушының науқастануы айыппұлды қамаумен ауыстыруға құқылы.

Германия қылмыстық заңнамасына сəйкес айыппұл жазаның негізгі түрі болып танылады жəне тек қана бас бостандығынан айырумен ғана бəсекеге түсе алады. Айыппұлды тағайындау мүмкіндігі Германияның Қылмыстық кодексімен екі жүз елуден астам жағдайларда қарасырылған. Айыппұлдар екі түрге – ақшалай (254 жағдайда) жəне мүліктік (14 жағдайда) деп топтастырылады.

Ақшалай айып кұндізгі ставкаларда тағайындалады. Күндізгі ставкалардың төменгі мөлшері  –  5,  жоғары   мөлшері–360.  Күндізгі ставканың мөлшері адамның жеке жəне материалдық жағдайын ескере отыра анықалады. Бұл жерде күніне орташа табуы мүмкін таза кіріс, сондай–ақ басқа да өмір сүру көздері ескеріледі [5, 191 б.].

Сотталушының ақшалай айыппұлды бөліп төлей алмау мүмкіндігі жағдайында, сот төлеуді кейінге қалдыруға немесе айыппұлды бөліп төлеуге рұқсат етеді. Төленбеген ақшалай айыппұлды бас бостандығынан айырумен де қарастырылған. Бір күндізгі ставкіге бас бостандығынан айырудың бір күні сəйкес келеді. Бас бостандығын айырудың төменгі мерзімі бір күнді құрайды.

Қылмыстық пайда табу мақсатында ауыр пайдакүнемдік қылмыстарды жасағаны үшін мүліктік айыппұл тағайындалуы мүмкін. Жазаның аталған түрі тек қана сазайын тарттыру құзіреттерін ғана атқарып қоймайды. Ол қылмыстық іс-əрекет нəтижесінде алынған пайданы алуға бағытталған. Ереже бойынша келесідей қылмыстарды ақша белгілерін жəне төлем белгілерін қолдан жасау, адамдар саудасы жəне жеңгетайлықтың ауыр жағдайы, бандамен жасалынған ұрлықтың аса ауыр жағдайы, құмар ойындарды заңсыз ұйымдастыру сияқты ісəрекеттерді жасағаны үшін мүліктік айыппұл жазасына тартылады [5, 192 б.].

Ақшалай айыппұлға қарағанда мүліктік айыппұл күндізгі ставкілермен есептелінбейді, сотпен анықталған нақты ақшалай сомамен белгіленеді. Мүліктік айыппұлдың төменгі заңдарда көрсетілмеген. Жоғары шегі болса сотталушының мүліктік құнымен шектеледі.

Ақшалай айыппұл Фин қылмыстық заңнамасындағы сотталушының мүліктік құқығын қозғайтын бірден-бір белгілі жаза. Жазаның аталған бір түрі Финляндия ҚК 2 тарауы §4-6 берілген. Ақшалай айыппұлды өтетіп алу тəртібі айыппұл түріндегі жазаны тікелей атқаруға арналған өзге де заң актілерімен реттелінеді.

Басқа да шет елдердегідей Финляндияда да ақшалай айыппұл неғұрлым жиі қолданылатын жазаның түрі болып танылады. Финляндия Қылмыстық кодексіне сəйкес құқықбұзушыға жүктелетін айыппұл «күндізгі айыппұл» деп аталатынмен анықталады. Бір рет тағайындалатын «күндізгі айыппұлдардың» саны қылмыстың ауырлығына, мөлшері – сотталушының тобына байланысты. «Күндізгі айыппұл» салықтарды есептеу арқылы ай сайынғы жеке табысымен анықталады.

Қылмыстық кодекстің 2 тарауы §4 2 бөлігіне сəйкес «ақшалай айыппұлды тағайындау барысында сот өзінің қарауы бойынша жаза үшін үстемақы ретінде қай ақша сомасы қабылдануы тиіс екендігі, жазаланушы сөзі анықталғанын немесе тиісті уақыты анықтағанын жəне оның материалдық қамсыздануын, отбасын асырау міндетін, сондай–ақ оның төлем қабілеттілігіне əсер ететін басқа да жағдайлар ескерілуі қажет» [6, 51 б.].

Айыппұлдың жалпы мөлшері үстемақыны құрайтынақшасомасынтағайындалғанүстемақы сомасына көбейту арқылы анықталады.

Егер жаза жиынтық бойынша тағайындалмаса төменгі ақшалай айыппұл бір үстемақыға, жоғарысы – 300 үстемақыға тең. Ақшалай айыппұл түрінде жаза тағайындай отыра,  сот бір уақытта ақшалай айыппұл қолдай нақты жазалармен ауыстырылатындығын анықтайды, егер де сотталушы өз еркімен төлемесе, соттың үкімінде тəртіппен өтетіп алу мүмкін емес.

Финляндия қылмыстық заңнамасы ақшалай айыппұлды бас бостандығынан айырумен айырбастау    мүмкіндігін    қарастырады.   Егер де өз еркімен  немесе  мəжбүрлі тəртіппен үкімді орындата алмаса жəне айыппұл сомасы төленбесе, айыппұлдың орнына бас бостандығынан айыру тағайындалады. Бірқатар шетелдердің заңнамаларына, сондай–ақ Ресей қылмыстық құқығына қарағанда, Финляндия ҚК ақшалай айыппұл тағайындалған адамға айыппұлды төлеуде ешқандай кейінге қалдыру немесе басымдықтар берілмейді. Сол себепті тағайындалған ақшалай айыппұлдың орнына қолданылатын бас бостандығынан айыру жазаны өтеудің өте жиі кездесетін құралы болып саналады. Сонымен қатар ақшалай айыппұлды түрмеде ұстаумен ауыстыруға нақты тəртіп белгіленген (10 күн ұстау 10 үстемақыға сəйкес келеді).

Франция Қылмыстық кодексінің құрылымы күрделі. Өйткені қылмыстық-құқықтық нормалар мемлекеттік биліктің заңшығарушы органдары ғана емес, атқарушы органдар да шығара алады, кодекс екі бөліктен: заңшығарушы жəне регламентті деп бөлінеді. Регламентті бөлігі бір жағынан Парламент өкілеттіктерін атқару шеңберінде Мемлекеттік Кеңеспен қабылданған ережелер, екінші жағынан, өзінің құзіреті шеңберінде қабылданған  ережелер жəне құқықбұзушылықтың нақты түрлерінің белгілерін жəне олардың санкцияларын анықайтын ережелер [7].

Франция Қылмыстық кодексі жазаны негізгі жəне қосымша деп бөледі, сондай–ақ қылмыстық іс–əрекеттерді үш санатты санаттауға сəйкес үш түрге: қылмыстық, түзеу жəне полицейский деп бөлінеді. Айыппұл түзеу жəне полицейлік жаза болып танылады.

Айыппұл қылмыс үшін  де,  терісқылық үшін де негізгі де немесе жаза ретінде де тағайындалады. Франция ҚК бойынша айыппұл бас бостандығын айыруға (түрмеде ұстау) қосымша жаза ретінде жиі тағайындалады.

Франция қылмыстық құқығы бойынша айыппұлдар 330 жағдайларда қарастырылады жəне ақшалай айыппұлдар (бір рет алынатын) жəне айыппұл күн деп топтастырылады. Айыппұл мөлшері жасалынған қылмыстық қолсұғушылықтың ауырлығына байланысты анықталады жəне бірнеше миллионға жетеді.

Айыппұл-кұн түріндегі жаза сотпен белгіленген соманы қазынаға сотталушының тұрақты түрде төлеу міндетті. Айыппұл – кұның жоғары саны–360.

Айыппұл төленбеген жағдайда Франция ҚІЖК сəйкес сотталушы қамау үйінде мəжбүрлі түрде ұсталуға тартылады. Айыппұл сомасына байланысты ұстаудың ұзақтығы ес күннен екі айға дейін белгіленеді. Бірақ та берешекті өтеу үшін жеткілікті ақша сомасын төлей отырып аталған шараны атқаруды тойтарады немесе тоқтатады [5, 189 б.].

Мəжбүрлеп ұстау кəмелетке  толмағандарға,65 жастан асқандарға, сондай-ақ өзінің төлем қабілетсіздігін дəлелдеген сотталушыларға қолданылмайды. Франция ҚИК 753-бабына сəйкес мəжбүрлеп ұстауды бір уақытта еріне жəне əйеліне қолданылмауы қажет. Бір ерекшелігі аталған ереже қатысушы ерлі–зайыптыларға ғана емес, сондай–ақ əртүрлі қылмыстар жасаған жұбайларға да қолданылады [5, 198 б.].

Қылмыстық кодекс судьяға төменгі шектен төмендеу жаза тағайындау мүмкіндігін ұсынады немесе жазаның басқа неғұрлым қатал түріне өтуге мүмкіндік береді. Осы жағдайларға байланысты сот немесе басқа қылмыстық іс– əрекет үшін жауаптылықты белгілейтін əр нақты бапта, жеңілдететін мəн–жайлардың іс–əрекеті барысында, төмендегісін көрсетпестен жазаның жоғары шегі белгіленеді [4, 144 б.].

Сонымен қатар қылмыстық заңнамада үш жылдан аспайтын мерзім ішінде соттың шешімі бойынша тағайындалған айыппұлды бөліп– бөліп атқару қарастырылады.

Айыппұды бөліп төлеуді тағайындау барысында медициналық, отбасылық, кəсіби немесе əлеуметтік сипаттағы себептері ескеріледі.

АҚШ–та,  жалпы шарттар  үшін, сондайақ федеральды деңгейде де  жазалар  болып, өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жəне айыппұл танылады. Неғұрлым кең тараған жаза ретінде бас бостандығынан айыру танылады, онымен қолданылу жиілігіне байланысты айыппұл  бəсекелес  алады. Айыппұл негізгі де жəне қосымша жаза ретінде де танылады. Егер муниципиалды қаулы (ордонепс) немесе фелония (қылмыс) жасалынса негізгі жаза ретіде қолданылады. Ауыр, өлім жазасымен немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасынан жазаланатын қылмыстардан басқа, кез келген қылмыс үшін қосымша жазалар ретінде тағайындалады. Əрине, бірқатар штаттардың қылмыстық кодексі бұл ережеден өзгешелеу. Мəселен,  Огайо  штатының  ҚК  бойынша   аса ауыр адам өлтіруге кінəлі деп танылған адам өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығына сотталады, оған қосымша жаза ретінде 25 мың доллар көлемінде айыппұл қолданылуы мүмкін [2, 42 б.].

Бірқатар баптардың санкциялары өзіндік тəсілмен берілген. Мысалы, ұшу аппаратын бұзу 10000 доллар мөлшеріндегі айыппұлмен немес 20 жылға дейінгі түрмеге отырғызумен жазаланады.

Құмар ойындармен байланысты  заңсыз іспен айналысу, – 20.000 доллар мөлшерінде айыппұлмен жəне (немесе) 5 жылға дейін түрмеге отырғызумен жазаланады. Штаттардың заңдарымен белгіленген іс-əрекеттің бірдей түрлері үшін белгіленген айыппұлдар бірбірінен айырмашылығы зор [8, 45 б.].

АҚШ–тың сот тəжірибесінде айыппұл түріндегі жаза жиі қолданылады, ол жыл сайын мемлекетке миллиард доллардан астам пайда əкеледі.

Айыппұлды төлемеу бас бостандығынан айыруға алып келеді. Айыппұлмен жəне түрмеде отырғызудың өзара 5 долларына теңестіріледі. Айыппұлды бас бостандығынан айырумен ауыстыруға тек қана айыппұлды төлеуден бас тартқан жағдайда ғана жол беріледі. Айыппұлды бөліп төлеу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Жапония қылмыстық заңнамасы басқа да шетелдік мемлекеттерден ерекшеленбейді. Жапония Қылмыстық кодексі бойынша негізгі жазалар болып: өлім жазасы, қылмыстық қамау, айыппұл танылады. Айыппұл өз кезегінде айыппұл жəне шағын айыппұл деп бөлінеді. Айыппұлдың Жапония Қылмыстық кодексі бойынша негізгі жазалар болып: өлім жазасы, қылмыстық қамау, айыппұл танылады. Айыппұл өз кезегінде  айыппұл  жəне  шағын  айыппұл деп бөлінеді. Айыппұлдың екі түрі де тек қана жүктелетін соманың мөлшеріне байланысты ажыратылады.

Статистика көрсеткеніндей  Жапонияның сот тəжірибесінде неғұрлым кең тараған жаза ретінде айыппұл танылады. Оған жыл сайын барлық сотталушылардың 95% тартылады. Айыппұлдардың неғұрлым көпшілік бөлігі автокөлік қылмыстарына қолданылады (40% дейін) [2, 90 б.]. Айыппұлды кəмелетке толмаған қылмыскерлерге тағайындау мүмкіндігі қарастырылады.

Нидерландыдағы  қолданыстағы  жазалар жүйесі жазалардың төрт түрін қарастырады, олардың ішінде кеңінен тараған жəне неғұрлым қатал  жазалардың  бірі  болып  табылады. 1983 ж. Қаржылық жазалар туралы Заңының кіріспесіне сəйкес, айыппұл ешқандай шектеусіз барлық қылмыстарға қолданылады  делінген. Заң тұрғысынан барлық қылмыстар үшін айыппұлдың төменгі мөлшері белгіленген. Қылмыстардың санатына байланысты (аптауы белгіленген) айыппұлдардың жоғарғы шегі өзгереді. Ең үлкен айыппұлдар алтыншы санаттағы қылмыстар үшін белгеленеді.

Нидерландыда айыппұл кəмелетке толмаған қылмыскерлерге  қолданылуы   мүмкін,   бірақ та айыппұлдың неғұрлым төмен мөлшері берілмеген. Айыппұлды төлеуден отырғызылады, оның мерзімін судья белгілейді. Басқа да елдердегідей айыппұлды түрмеге отырғызумен ауыстыру тəртібі қарастырылған, дəрменсіз борышкерді отырғызудың төменгі (1 күн) жəне (12 ай) мерзімі белгіленген.

Испания қылмыстық құқығында айыппұл түріндегіжаза (202 құрамдакөзделінген), күндізгі ставкалар жүйесі бойынша тағайындалады. ҚК–тің 50–бабына сəйкес айыппұлдың төменгі мөлшері–бес күндік жалақы, жоғары шегі – екі жылдық жалақы, жоғары шегі – екі жылдық жалақы. Айыппұл келтірілген пропорционалды мөлшерде, қылмыс объектісінің бағалануына немесе қылмыстық  іс–əрекетпен  алынған пайда арқылы белгіленеді. Нақтырақ айтқанда, есірткімен байланысты қылмыстарды жасау барысында кінəлі адам айыппұлға тартылады, оның мөлшері Испания ҚК 368–бабына сəйкес өсірілген, өндірілген немесе сатылған есірткілік заттың үш еселенген құнына теңестіріледі [5, 190 б.].

Үкім шығарылғаннан кейін сотталушының материалдық жағдайы нашарлап кетсе, сот Испания ҚК 51-бабын басшылыққа ала отырып ерекше жағдайларда айыппұл мөлшерін шектеуі мүмкін.

Айыппұлды басқа да жаза түрімен ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған (үкімде белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда), ереже бойынша демалыс күндері қамауға алу, егер сотталушы келтірілген шығынға  пара-пар мөлшерде айыппұлды төлемесе, ол бір жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталады. Көптеген батыс елдерінде заңды тұлғалардың қылмыстық  жауаптылығы  қарастырылатыныбелгілі. Мəселен, ағылшын заңнамасы бойынша қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұлдарды заңды тұлғаларға қолдануға жол береді, бірақ қылмыс жасағаны үшін тұлғаға тағайындалатын қылмыстық жазалар қолданыла алмайды. АҚШта штаттар деңгейінде, сондай-ақ федеральды деңгейде де заңды тұлғалар үшін жалпы негізгі жазалар болып айыппұл танылады. Мəселен, Огайо штатының ҚК §2929.31 əртүрлі санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін ұйымдарға жүктелетін айыппұл мөлшерін анықтауға арналған Италия қылмыстық заңнамасы бойынша заңды тұлғалардың өкілдері жəне басқа да адамдары қылмысты жасағаны үшін қудалана отырып, кəсіпорындарға, мекемелерге жəне басқа да ұйымдарға айыппұл түріндегі қылмыстық жаза қолданылады [9].

Сонымен, көріп отырғанымыздай айыппұл шетелдердің соттық  тəжірибесінде  жеке заңды тұлғаларға да кеңінен қолданылады. Батыс оқымыстылары  біраз  уақыттан   бері  мынадай  қорытындыға  келген,  неғұрлым   ауыр емес депиктілер үшін қысқа мерзімге бас бостандығынан айырғаннан гөрі, айыппұлды қолданған тиімді деді. Сонымен қатар шетелдік тəжірибені талдау көрсеткеніндей, айыппұлды тағайындау  барысында   мемлекет   аталған жаза түрінен белгілі бір  материалды  пайда табу арқылы өзінің мүдделерін де ескереді. Ақшалай жазаларды кеңінен қолдану мынамен түсіндіріледі, оны атқару үшін үлкен күш– жігерді жəне қосымша қаржы шығындарын талап етпейді, бұл сөзсіз мемлекеттің экономикасы үшін маңызды фактор, айыппұлдар мемлекет өзінің бюджетін едəуір толтырады.

Қазақстан заңшығарушысы зерттеліп жатқан жазаның осы түрін кеңінен қолданудағы шет мемелекеттердің тəжірибесін ескеруі қажет. Айыппұл Қазақстанның сот–тəжірибесінде кеңінен тараған жаза болуы тиіс. Бұл қылмыстық репрессияны үнемдеу есебінен жазаның мақсаттарына неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттің қаржы ресурстарын сақтап қана қоймайды, сонымен қатар толықтыра түседі.

 

Əдебиеттер

 

  1. Хельмут-Кури. А. Имеет ли наказание превентивный характер // Правоведение, 2001. –№5. – 44-48 бб.
  2. Преступление и наказание в Англии, США, Франции, ФРГ, Японии: Общая часть УП. – М.: Юридическая литература, 1991. – 202 с.
  3. Оскантный В.В. Система уголоавных наказаний в Англии. – Киев: 1977. – 219 с.
  4. Крылова, Н.Е. Уголовное право зарубежных стран: (Англии, США, Франции, Германии):– М.: Зерцало, 1998. – 294 с.
  5. Малиновский А.А. Сравнительное правоведение в сфере уголовного права. – М.: Международное отношение, 2002. – 289 с.
  6. Клюконова Т.М. Уголовное право зарубежных стран: Германии, Франции, Финляндии, Общая часть. – СПб.: 1976. – С.51.
  7. О наказании в виде штрафа. – http:www. refua.narod.ru/Kozochkin 3-1-1 htm.
  8. Цокуева И. М. Штраф как вид уголовного наказания и проблемы его применения // Материалы международной научно-практической конференции. – Краснодар: 1997. – С.45.
  9. Субъект преступление в зарубежном уголовном праве. – www.lowportol.ru.
Жыл: 2012
Қала: Алматы
Категория: Құқық