Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Автолөлік құралдарын айдап кетудің объектісі

Қылмыстық құқық ғылымында, қылмыстың обьектісі ретінде-қылмыстық қол сұғушылықтын кезінде зиян шеккен немесе зиян шегу қауіпі төнген, қылмыстық заңмен қоғалатын нақты қоғамдық қатынас танылады.

Өз кезегінде қоғамдық қатынас ретінде адамдардың қоғамда бірге өмір сүру үрдісі кезінде пайда болатын байланыстар танылады.

Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөліктері ретінде дəстүрлі түрде: қоғамдық қатынастардың субьектілері, субьектілердің əлеуметтік байланысы, қоғамдық қатынаста пайда болған зат қарастыры- латындығы белгілі.

Алайда қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтерге қатысты өзге де козқарастар бар. Мысалы профессор Б.С.Никофоров қылмытың жалпы обьектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың құрамында <<қоғамдық мүдде >> орын алады деп санайды. Я.М.Брайнин де осыған ұқсас пікірді қолдап <<қоғамдық қатынастарға басқа элементтер- мен бірге қоғамдық қатынастардың субьектілерінің мүделері кіреді>> – деп көрсеткен Өз кезегінде Е.А.Фролов <<мүдде-қоғамдық қатынастардың ядросы>> – деген пікірді ұстанған. Профессор Ю.И.Ляпунов <<мүдде – барлық қоғамдық қатынастардың мазмұнын бейнелейді>> – деген қорытын- дыға келеді. Белгілі отандық заңгер профессор Е.І.Қайыржанов өзінің шығармаларында <<қоғамдық қатынастар >> деген ұғымды -<<қоғамдық мүдде >> деген түсінікпен алмастыруды ұсынған.

Біз, танымал қазақстандық ғалым А.Н.Ағыбаевтың << Біздің пікірімізше мүдде деген ұғым қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі ғана. Өйткені қоғамдық қатынастар қылмыстың жалпы обьектісі ретінде өз бойына мына элементерді: қоғамдық қатынастардың субьектілерінолардың əрекеттері мен өзара қатынастарын қоғамдық қатынастар субьектілерінің заңмен қорғалатын материалдық, заттық, мүліктік, басқа да игіліктер мен мудделерінің жиынтығы болып танылады. Осыған орай қоғамдық қатынастар дегеніміз мінез – құлықтары, іс-əрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып танылады >> – деген пікіріне қосыламыз .

Қылмыстық құқық ғылым теориясында қылмыстың обьектісін жете білу үшін, оның маңызын жəне атқаратын ролін, қызыметін түгел ашу мақсатымен қылмыстың обьектісін топтастырлатындығы белгілі. Дəстүрлі түрде топтастыруды вертикальды жəне горизантальды жүйелері бойынша бөледі.

Қылмыстың обьектісін вертикальді топтастырудың ішінде пайда болып ұсынылған ең алғашқы топтаулардың бірі ол – үш сатылық топтастыру. Яғни вертикалды жүйенің үш сатылық топтастыруы бойынша қылмыстың обьектісі – жалпы , топтық жəне тікелей болып бөлінеді.

Жалпы обьект ретінде қылмыстық құқықта қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық игіліктер болып табылса, топтық обьект ретінде – өзара ұқсас, біртектес қоғамдық қатынастар қарас- тырылады. Тікелей обьект ретінде –нақты қылмыстық қол сұғушылық кезінде зиян шегетін, нақты қоғамдық  игілік танылатындығы белгілі.

Жалпы автокөлікті айдап кету қылмысының тікелей обьектісі ретінде қандай қоғамдық қатынасты тану керек деген сұраққа қатысты қылмыстық құқық ғылымында пікірлер аз болған жоқ. Бұл  көзқарастардың  даму  тарихын  шартты  түрде  екі  кезеңге  бөлуге  болады  .  Бірінші  кезең осы

 

норманың пайда болуынан басталып – Ресейдің 1994 жылы қабылданған қылмыстық заңымен аяқта- латын болса, екінші кезең 1994жылдан басталып – біздің күндерімізге жалғасуда. Автокөлік құралдарын айдап кетудің тікелей обьектісіне деген қөзқарастардың даму тарихын нақты 1994 жылы кейін бойынша бөліп қарастыруымыздың себебі – осы жылы Ресей Федерациясының қылмыстық заңы қабылданып – Кенес ал, 1991 жылдан кейін ТМД елдерінің кримииналистерінің арасында осы қылмыстың обьектісіне деген дауға осы жылы нүкте қойылып, көлік құралдарының ерекшеліктер ескермеген нүкте қойылуында.

Біздің ойымызша жалпы көлік құралдарын айдап кету қылмысының негізгі тікелей обьектісі ретінде – көлік құралдарының қатерлі қауіп көзі ретінде қауіпсіз қозғалуы мен оларды қауіпсіз пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар танылуы тиіс, яғни қарастырылып отырған қылмыс құрамы "Көлік " қылмысы ретінде танылып, "Меншікке қарсы " қылмыстардың қатарынан шығарылу тиіс. Бұл көзқарасымызды біз төмендегідей дəлелдесек болады .

Біріншіде. Көлік құралдарын айдап кету үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін  норманың мəні жəне қылмыстық заңда пайда болуының негізгі себебі бұл – еліміздің дамуының ең басты стратегиялық бағыттарының бірі болған көлік құралдарының қозғалысының жəне оларды пайдалану қаупісіздігін қорғау болғандығы белгілі. Оған дəлел көлік құралдарын айдап кету үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін қылмыстық құқықтық норманың, 1959 жылғы ҚазССР-інің қылмыстық кодексінде "Көлікке қарсы қылмыстардың" тарауында орналастырылуы. Яғни заң шығарушы бұл норманың топтық обьектісі ретінде қоғамдық қауіпсіздіктің көлік құралдарының қозғалысының жəне оларды пайдаланудың қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық қатынастары қарастырылады. Бұл норманың пайда болуының басты мақсаты жоғарыда көрсеткеніміздей ең алдымен көлік құралдарының қозғалысының жəне оларды пайдаланудың қауіпсіздігін қылмыстық құқықтық шаралар арқылы қорғауға болады. Бірақ тұлғалардың жəне мемлекеттік меншіктің маңыздылығы да заңшығарушымен жоққа шығарылмай, бұл игіліктер осы қылмыстың тікелей қосымша обьектісі ретінде қарастырылады.

Қазақстанның заңшығарушыларының қоғамдық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылып , онымен жалпы мен дара нысанындағы қатынасқа түсетін көлік құралдарының қозғалысының жəне оларды пайдаланудың қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық қатынастардың неліктен, қандай себептер- мен меншік қатынастарынан төмен деңгейге қойылғандығын түсіну қиын əрине. Сол себепті біздің ойымызша қарастырылып отырған қылмыстың обьектісі ретінде, осы қылмыстың əлеуметтік мəні болып табылатын қоғамдық қатынастар танылуы керек.

Біздің пікірімізше бұлар көлік құралдарының қозғалысы жəне оларды пайдаланудың қауіпсіз- дігіне байланысты туатын қоғамдық қатынастар, яғни қоғамдық қауіпсіздіктің бір элементі ретінде қарастырғандығы қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар. Еліміздің заңшығарушысы Ресейдің заңшығарушысына еліктеп жалпы алғандағы көлік құралының, оның өзіне ғана тəн қасиеттерін ескермегендегі өкінішті-ақ.

Екіншіден. Негізгі тікелей обьект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын жəне осы басты белгісі бойынша қылмыстық кодекстін тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын обьектіні айтамыз. Басқа сөзбен айтқанда тікелей обьект дегеніміз – бұл нақты қылмыстық қол сұғушылықты кезінде міндетті түрде душар болатын қоғамдық қатынас. Яғни тікелей обьект-бұл нақты қылмыспен негативті өзгертіліп немесе қауіп төндірілген обьект. Көлік құралдарың пайдалану кезінде орын алу мүмкін зиянды салдардың болмауына кепілдік бере алатындай деңгейде ұйымдастыру жумысы қазіргі кезде шаралар арқылы мемлекет тарапынан қатаң бақланып, əкімшілік – құқықтық шаралар арқылы мемлекетпен тікелей бақлануда Оған дəлел кез келген автокөлік құралын пайдалану кезінде міндетті турде төмендегі талптар сақталуы тиіс.

1 Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы автокөлік жүргізушісі болуы үшін міндетті түрде төмендегі талаптарға сай болу керек:

  1. Автокөлікті жүргізі құқығына ие болу үшін ол 18жасқа толуы керек.
  2. Автокөлікті жүргізу құқығына ие болу үшін ол дені жəне есі дұрыс болуы тиіс, яғни нақты адамның дірігерлік сараптамалық комиссияның қорытындысы болуы тиіс
  3. Автокөлікті жүргізу құқығына ие болу үшін ол арнайы оқу – жаттығу курстарынан тəлім алып, оларды қанағатандырлық деңгейде бітіріп шығуы тиіс.
  4. Ақырында жоғарыда көрсетілген талаптардың барлығына сай автокөлікті жүргізу құқығына ие болуға үміткер мемлекеттік автоинспекцияда емтихан тапсырып, оларды қанағаттандырарлық денгейде өтіп, оның автокөлік құралын жүргізуге деген құқығы бар деген құжатқа ие болуы тиіс.

Көлік құралдарың айдап кету қылмысының диспозициясының мағынасына сəйкес , бұл қылмыстың заты болып автомобиль немес өзге көлік құралы болып табылады.

Қылмыстық құқықтық құрамның обьект секілді аса маңызды жəне де міндетті элементті,   өзіне орасан  зор  ұқыптылыты  талап  ететіні  белгілі.  Оның  себебі  қылмыстың  обьектісін,  қылмыстық –құқықтық құрамның басқа элементтері секілді бірден түйсіну қиын.

Қазастанның міндеті отандық көлік – коммуникация кешенінің бəсекелестік қабілеті жəне аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлгайтылуын қамтамасыз етуде жатыр. Көлік біздің еліміз- дің экономикасы инфрақұрылымы аса маңызды құрамдас бөлігі, оның даму денгейі мен жұмысына біртұтас мемлекеттің экономикалық стратегиясының жүзеге асырылуы тікелей байланысты .

 

Әдебиеттер

  1. Н.Назарбаев. Қазақстан 2030-Алматы 1997-67 б.
  2. Н.В. Якубенко дорожно-транспортные провонарушение <<Дорожное движение>> Тюмень 2001-10 б.
  3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мəліметі.
  4. К.А.Бакшев. Ответственность за нарушение правил дорожного движения и эксплуатаций транспортных средств по зоконодательству Республики Казахстан Алматы 1997-10б.
  5. А.Н.Ағыбаев << Қылмыстық құқық >> Алматы Жеті жарғы.
  6. Алауханов Е.О. Криминология. Учебник: Общая и Особенная части. – А., Жеті жарғы, 2008. – 664 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.