Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтау мəселесі

Introduction (Кіріспе). Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтау өте қиын да күрделі де, көпаспектілі мəселе болып табылады.

Бұл жерде негізгі мəселе экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тектік (топтық) объектісін басқа қылмыстық-құқықтық қорғаудың  тектік  объектісінен  ажырата  білуде көрінеді. Экологиялық қылмыстар жеке оқшаулықты тек Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде алғанын ескерсек, экологиялық қылмыстар бойынша объектілер теориясы əлі күнге дейін қалыптасу үстінде, көптеген заңгерлер оны үнемдеу көзқарасынан қарастырады. Ол өз кезегінде бұл объектіні меншік сияқты объектімен жақындастыра түседі. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың    көпшілігінің    диспозициясын  қарастырсақ,  онда  «талаптардың   немесе ережелердің бұзылуы» деген сөздердің қолданылуын көп байқауға болады, ол осы қылмыстардың  тобын  басқару   тəртібіне қарсы қылмыстармен ұқсастырады. Осындай мəселелер қате қылмыстардың саралануына алып келеді. Сонымен қатар қосымша объект ретінде экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі денсаулық болғанда оны жеке адамға қарсы қылмыстардан ажырату мақсатында объектіге қатысты қатаң талаптар қойылуы тиіс.

Main body. (Негізгі бөлімі). Қылмыс объектісі  ретінде  қоғамдық   қатынастарды тану марксистік социология негізінде пайда болған еді. Қоғамдық қатынастар – қатынастар ұғымының ерекше күрделі түрі. Ал қатынастар сөзі бұл əдістемелік жағынан құбылыстардың өзара байланысы болып келеді. Осы жағдай марксизм классиктерінің қатынастар  ұғымынан «қоғамдық қатынас»  теориясының  енгізуі үлкен жетістік деп айтуға болады. Осы жағдай кейін дами келе, əлеуметтік-экономикалық формациялардың пайда болуына алып келіп, социалистік қоғамдық қатынастардың жəне капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуына əкелген. Сондықтан кеңестік заң əдебиеттерінде қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі кез келген уақытта қоғамдық қатынастар болып келеді. Социалистік қоғамдық қатынастар қылмыс объектісі ретінде көптеген шетелдік ғалымдармен де қарастырылған. Мысалы, Германияда Гератс, Польшада профессор Лернельдің жұмыстарында жарық көрген.

Қоғамдық қатынастарды талдай келе, профессор Е.И. Каиржанов қатынастың əлеуметтік нысаны  қалыпсыз  дей  отырып,тұлғаның жеке қатынастарын (жеке) жəне қоғамдық қатынастарды (жалпы) бөледі. Жеке қатынастар жеке адам мен қоғамдық қатынастардың диалектикалық  біркелкілігі. Тұлғаның   жеке қатынастарында оның жеке қызметі орын алады. Бұл қатынастарда ол өзіне-өзі қарсы тұрады. Ондай қатынаста объекті де субъекті де өзі болады. Осындай байланыста жеке қатынастар тұлға объект жəне субъект бір бүтін өзі болады. Осы белгімен ол қоғамдық қатынастардан ажыратылады. Жеке қатынастар адамдармен саналы түрде құрылса, қоғамдық қатынастар көпшілік жағдайда санасыз қалыптасады. Адамдарда көптеген қажеттіліктер болады, олар оны өндіру мақсатында көптеген қарым-қатынасқа түседі. Ол тек қоғам көлемінде болады [1].

Сонымен, біздің пікірімізше, қоғамдық қатынастарды берілген теория бойынша адамдар арасында кез келген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құрылған қатынас ретінде сипаттауға болады. Осы жағдайда адамдар арасындағы қатынастар жеке адамға қарсы қылмыстар сияқты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі ретінде бола алмайды, себебі марксистік теорияда адам мəнін ашуда «қоғамдық қатынастардың жинағы ретінде» [2], экологиялық қауіпсіздік, өмір, денсаулық қылмыс объекті емес, оларға қатысты қоғамдық қатынастар ғана бола алатын еді. Бұл жерде адам қандай да бір құндылықтардың ұстаушысы ретінде танылып келген. Табиғатты қорғау қандай да бір құндылықты қорғау ретінде қоғамдық қатынастар көзқарасынан қаралған еді. Осындай жағдай табиғатты қорғау мəселесін, оның ішінде экологиялық қауіпсіздікке байланысты қоғамдық қатынастар ретінде ашу дұрыс емес бағыт болып келеді. Осыған байланысты көзқарасты профессор А.В. Наумовта  білдіреді:«қылмыс объектісі жөнінде теория қоғамдық қатынастар ретінде «ылғи да қолданыла бермейді», сондықтан əмбебап теория болып танылмайды», – дейді [3].

Сондықтан осыған байланысты Қазан төңкерісінен кейінгі ресейлік қылмыстық құқық өкілі Н.С. Таганцевтің пікірі өзекті: ол қылмыс ретінде белгілі мемлекетте елеулі болып табылатын, «жазамен» қорқытқанда басқа шаралармен аз көрінетін қорғалатын нормамен өмірлік мүддеге қол сұғатын іс-əрекетті тапқан [4]. Сонымен, кез келген қоғамдық қатынас мүдде негізінде өмір сүреді. Кез келген адам қызметін ілгерілейтін мүдде табылады. Дени Дидро мүдде деген сөзді кез келген құбылыстың, қоғам, мемлекет, адамдар үшін заттардың құндылығымен байланыстырған [5].

Кант мүддені сананы практикалық етіп қарастыратын ұғым ретінде таниды, ол – адамдар   əрекеттерінің, ойларының алғышарты [6]. Осы теорияны жетілдіре келе, профессор Е.И. Каиржанов мүдде ретінде нақты анықталған қоғамдық қатынастарды анықтайды [1,104]. Сондықтан осыған дəлелді ҚР ҚК 2-бабында табуға болады: «Осы кодекстiң мiндеттерi: адам мен азаматтың құқықтарын,  бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық  тұтастығын,  қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру  үшiн осы кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi» [7].

Осы анықтамадан қылмыстардың жалпы объектісі ретінде осы мүддені ашатындығын аңғаруға болады. Əрі қарай талдай келе, объектілердің жіктелуі бойынша нақты мүдделер тобына немесе жеке мүдделерге келуге болады. Сондықтан қылмыс объектісі болып қылмыстық заңмен қорғалатын қылмыстық əрекет оған қол сұғатын мүддені айтуға болар еді.

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтауда Т.А. Бушуев пен П.С. Дагельдің пікірі өзекті: «экологиялық қылмыстар объектісі – бұл қоршаған орта жөнінде адам қоғамының өмір сүруі мен қызметінің негізі ретінде адамдар арасындағы қалыпты қатынастарды айтады. Көрсетілген қоғамдық қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің байланысын ашады, онда табиғи ресурстарды қолдану жəне адамның табиғатты сақтау жəне көбейту бойынша мақсатқа лайықты əсер етуін қосады» [8].

Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстық қол сұғушылық табиғи ресурстарды үнемді пайдалану аспектісінен қаралады. Ол келесі себептер бойынша біздің пікірімізше дұрыс емес деп ойлаймыз.

Біріншіден,   табиғатты   үнемді    пайдалану ол дұрыс, бірақ ол белгілі мүдделерге ғана бағынышты. Ол жағдай бізде ғана емес, кез келген басқа елдерде де, əсіресе ТМД елдерінде, тек нормативтік актілер жүзінде ғана көзделеді жəне  декларативті  сипатта   болады.  Мысалы, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың статистикасын ашсақ, онда аз көрінген қылмыстар ішінде, латенттілік орын алатындығын көре аламыз. Мəселен,  2008 жылы 7 қылмыстық іс, 2009 жылы 3 қылмыстық іс, 2010 жылы 3 қылмыстық іс, 2011 жылы 8 қылмыстық іс, 2012 жылы 10 қылмыстық іс қозғалған. Көбінесе қылмыстық істер «заңсыз аңшылық істері» бойынша қозғалады. Мəселен, 2008 жылы 75 қылмыстық іс, 2009 жылы 11 қылмыстық іс, 2010 жылы 136 қылмыстық іс, 2011 жылы 99 қылмыстық іс, 2012 жылы 129 қылмыстық іс қозғалған екен [9].

Осы мəліметтерге сүйенсек, онда тек табиғи объектілерді алып қою жағдайлары бойынша қылмыстық істер қозғалғанын көре аламыз, ал нақты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар бойынша істерді қозғау азын аулақ қана.

Екіншіден, табиғи ресурстарды қалыпты пайдалану табиғат қорғау заңнамасының бүкіл тарихи кезеңінде ведомстволық нормативтік актілердің келіспеушілігі мен төмен сапада болуына байланысты дұрыс пайдаланылмады. Мысалы, практикада экологиялық қауіпсіздікке қол  сұғатын   қылмыстардың   нормаларының аз қолданылуы олардың диспозициясы нақты болмағанмен жəне салалық нормаларда толық емес анықтамалардың болуымен түсіндіріледі.

Табиғат қорғау заңнамасын талдай келе олардың нормалары бір-біріне қарама-қайшы екенін көрсетеді, сондай-ақ олар қорғау аясына жатпайтын қоғамдық қатынастарды реттеумен айналысады.

Мəселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық жəне əкімшілік істері жөніндегі  қадағалау  сот  алқасы   даулы  жерде орналасқан қыстақты талапкер С.-ның меншігінде деп таныған Семей қалалық сотының шешіміне жəне Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысына  Е.-нің келтірген қадағалау шағымына байланысты келіп түскен азаматтық істі қарады. Е. қадағалау шағымында іс   бойынша   қабылданған   сот  қаулыларымен келіспейтініне мынадай уəждер  келтірген: аудан əкімінің шешімімен, Қазақстан Республикасы   Президентінің заңдық күші бар «Жер туралы» 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығының 13-бабы  1-тармағының талабына сəйкес, оған шаруа қожалығын ашу үшін Бөрлі қыстағының маңайынан 142 гектар жер берілген. Осы шешімінің негізінде жауапкер жер учаскесіне мемлекеттік акті алған. Ауыл əкімшілігі жиналысының хаттамасымен де оған қыстақ маңайынан 142 га жер жəне сол жердегі қыстақ берілсін деп шешілген. Осы құжаттар негізінде аталған жер мен қыстақты Е. өз атына заңдастырып, жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығынан өткізген. Сондықтан талапкер С.ның Бөрлі қыстағын өз қожалығының меншігінде санауын негізсіз деп есептейді жəне осы іске қатысты сот қаулыларын бұзуды сұрайды.

Жоғарғы  Соттың  қадағалау алқасы шағым келтірілген сот қаулылары төмендегі негіздерге байланысты бұзылуға жатады деген қорытындыға келді.

АК 117-бабына сəйкес, жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние,  жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер жəне жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орнынан шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын  мүліктер жатады. Атап айтқанда, үйге, ғимаратқа, құрылысқа меншік кұқығы, не шаруашылық жүргізу құқығы немесе оларды оралымды басқару құқығы болса, онда солар орналасқан жерге де сондай құқық пайда болады. Осы себепті бұл құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды. Мұндай жағдайлар «Жер туралы» Жарлықтың 18-бабында да бекітілген.

Е. 1997 жылдан бастап қазіргі кезге дейін берілген жер мен қыстақты орамды пайдаланып, тиісті салықтарын төлеп келген. Бұл факт ақша төлеген түбіртектермен расталады. Жер, үй, қора жауапкердің атына тиісті тəртіпте заңдастырылып, мемлекеттік тіркеуден өткен. Ал талапкер С. жер мен қыстаққа салық төлегені жөнінде бірде-бір түбіртекті сотқа ұсынбаған, қыстақты өз атына заңдастыру жайында ешқандай əрекеттер жасамаған. Жəне оған берілген жерлер аталған қыстақтың жанында орналаспаған. Атап айтқанда,  шаруа  қожалығын ашу үшін С. жер беру туралы аудан əкімінің қаулысында оған төрт қыстақ берілуге жатады деп көрсетілген. Алайда қаулыда Бөрлі  қыстағы талапкерге берілгендігі туралы мəлімет жоқ. Сондай-ақ ауылдық ұжымдық кəсіпорынның жалпы жиналысының хаттамасында да Бөрлі қыстағын С.-ның шаруа қожалығына беру туралы шешім көрсетілмеген. Сондай-ақ Бөрлі қыстағының Е.-ге берілгені туралы ауылдық əкімшіліктің  хаттамасын  бірінші   сатыдағы сот  заңсыз  деп  танымаған.  С.-ның хаттаманы заңсыз деп тану туралы талап арызының сотқа жүгіну мерзімі себепсіз өтіп кеткендіктен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сондықтан прокурордың аталған хаттаманы тоғыз жылдан кейін жарамсыз деп тану туралы наразылық келтіруі жəне əкімнің осыған байланысты аталған хаттаманың күшін жойуы орынсыз деген жауапкердің уəждері назар аударарлық жағдай. Сонымен қоса сот АІЖК 280-бабының бірінші тармағының талабына сəйкес, арыз үш ай мерзім ішінде берілмегендіктен талапкердің арызын қайтарып беруді сұраған арызданушының арызын қабылдаудан негізсіз бас тартқан.

АІЖК 387-бабының 3-бөлігіне сəйкес, материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығының едəуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тəртібімен қайта қарауға негіз болады.

Аталған істе  соттар  іс  бойынша маңызы бар мəн-жайларды дұрыс анықтап, бірақ материалдық құқық  нормаларын  қолдануда қате жібергендіктен, Жоғарғы сот алқасы істі жаңадан қарауға жібермей, іс бойынша жаңа шешім қабылдау қажет деген тұжырымға келді. Алқа АІЖК 398-бабы 4-бөлігінің 5) тармағын басшылыққа алып, бірінші сатыдағы сот шешімінің, облыстық сот алқасы қаулысының күштерін жойып, С.-ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыруға, Е.-нің қадағалау арызын қанағаттандыруға қаулы етті [10].

Бұл  экологиялық  қауіпсіздікке   қол сұғатын қылмыстар бойынша табиғат қорғау заңнамасының нормаларын қолданудағы практикада көзделген барлық қиыншылықтар емес, ондайлар көптеп кездеседі.

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың топтық объектісін анықтау мəселесін дамыта отырып, ондай  объект ретінде «табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, табиғи ортаның адам мен басқа да ағзалардың өмір сүруіне сапалы қолайлы жағдайды жəне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сақтау бойынша қылмыстық заңмен қорғалатын кешенді қоғамдық қатынастарды тану» мүмкін емес [11].

Өйткені ол арқылы біз табиғи ортаға қолайсыз жағдайларды пайдалану бойынша қатынастарды реттемей кетуіміз мүмкін болады деген тұжырымға келуге болады. Онда Арал теңізі, Семей ядролық полигон болған аймағы адам өмір сүруіне қолайсыз деп танылып, оның экологиялық жағдайына байланысты реттелмес еді.

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар объектісінің мəнін ашу бойынша басқа да пікірлер көзделген. Мысалы, О.Л. Дубовик, А.Э. Жалинский қылмыс объектісі  ретінде

«қоршаған ортаны пайдалану бойынша адам өмір сүруін қамтамасыз ететін қызметтің тікелей базисі мен өзге əлеуметтік құндылықтарды қанағаттандыратын оның жүзеге асуының құқықтық нысаны мен материалдық  субстраты болатын күрделі, біркелкі, кешенді нақты қоғамдық қатынастар табылады» [12]. Осы пікірді талдасақ, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар объектісі болып қоршаған ортаны пайдалану бойынша  қалыпты  адам өмір сүруін қамтамасыз ету жөнінде қоғамдық қатынастар табылады. Ол – қолайлы қоршаған ортаға қатысты құқықтар бойынша қатынастар.

Қолайлы қоршаған ортаға құқық мазмұны кең болып келеді, онда азаматтардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы, ақпаратқа құқық, денсаулық пен өмірге келтірілген зиянды өтеуге жəне бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге сотқа жүгінуге т.б. жатады.

Қолайлы қоршаған ортаға құқықты ғана бекітіп, біз экологияның аясын жəне осы мəселенің шешімін таппай оны тарлатамыз. Адам табиғат бөлігі ғана, онда басқа да элементтер бар. Осыған байланысты көптеген басқа ғалымдар табиғат құқығын кең мағынада да ұсынуда. Мысалы, осы тұрғыны қолдай отырып, В.Е. Борейко была деп жазды: «Көп жылдар бойы табиғат қана емес, көптеген адамдар категориялары өз құқықтарына ие болмаған: құлдар, негрлер, балалар мен əйелдер. Бірақ этиканың дамуына байланысты барлық адамдар тең құқықтық болып табылды. Толық əділеттілік болу үшін енді ақырғы қадам жасап табиғаттың құқықтарын танып адамдарға оны теңеу керек. Көптеген философиялық жəне діни дəлелдер бар, барлық тірі ағзалардың құқықтары тең деген.   Мысалы,барлық тірі ағзалар тең ішкі дүниесімен сипатталады, осы арқылы оның құқықтары болуын да анықтауға болар еді.

Осы тұрғыны қолдамайтындар тарапына қарсы В.Е. Борейко келесі пікірді    білдіреді:

«Кейбір қарсыластар табиғатта құқық жоқ деп адамдарға қарағанда қасқырлар, қояндар тағы басқа жануарлар өз құқықтарын түсінбейді дейді. Əйтсе де, адамдар өз құқықтарына ие болу үшін оны түсіну қажет емес. Жетілмей қалған адамдар, нəрестелер өз құқықтарын түсінбейді, бірақ оларға ие болады ғой. Сонымен қатар табиғатта мораль, этика, моральдық құқықтар сияқты ұғымдар жоқ. Түлкі қоянды аулау кезінде оның құқықтарын бұзбайды, табиғаттың құқықтары – экологиялық этиканың ұғымы, ол жануарлар арасындағы қатынастарды емес, адамдардың табиғатқа деген моральдық көзқарасын қарастырады» [13].

В.Е. Борейко табиғаттың құқықтарына келесі анықтама береді: «табиғат құқығы – бұл мораль жəне құқықпен қорғалатын табиғат қажеттіліктері, ол моралдық əріптес (субъект) ретінде қаралады» [13,22]. Бұл жерде, табиғатты (қоршаған табиғи ортаны) субъект ретінде тану дұрыс емес сияқты, себебі ол оның белгілеріне ие емес, бірақ В.Е. Борейконың пікірінде негізгі жақсы ой бар. Мəселен, ол «жабайы табиғаттың құқығы бар» деп айтқанда оның теориялық жəне практикалық маңыздылығын көрсетеді.

Біріншіден, табиғаттың құқығын тану қорықтардың объект ретінде пайда болу құқығын қорғауға мүмкіндік туғызады, себебі адам осы құқықты қамтамасыз етуге міндетті болады. Сондықтан экологиялық этика сипатынан алғанда адам жəне азамат болу – бұл адамдар құқықтарын ғана емес, сонымен қатар басқа да тірі ағзалар мен экожүйелердің құқықтарын да қорғау.

Екіншіден, егер бұрын тірі ағзалар мен экожүйелер құқықсыз болса, енді табиғатта құқық  болғандықтан, оны жай  құрту,бұзуға өлтіруге» тыйым салынады.

Үшіншіден, табиғаттың құқықтарын тану біріншіден, ерекше моральдық, кейін қорғаудың құқықтықдеңгейінтуғызады, ол соттақылмыстар бойынша табиғаттың құқықтары бұзылғанда адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді.

Шынында да, қоршаған табиғи ортаны шартты  түрде  құқықтармен  қамту  оның қорғалуын жəне қорғауын кепілдендіреді. Жабайы табиғат атынан зиян келтіргені үшін сотқа талап беру практикасы казіргі күні бар. Мəселен, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жабайы табиғат атынан олардың қорғаншылары болып табылады.

Осыған қатысты, В.Е. Борейко пікірі қызықты болып келеді,  оның  пікірінше, табиғат пен тірі ағзалардың заң алдында қорғау құқығын; жер игіліктерінің үлесіне деген өмірге қажетті құқықтарды; адам кесірінен зиянды өтеу құқығын; адам кінəсінен келтіретін тауқыметтен қорғану құқықтарын тану көзделген [13,23].

Бұл мəселені шетелде белсенді қолдайды. Мысалы, АҚШ-та жануарлар құқығы туралы курс 25 жоғары оқу орнында оқылады [13,24].

Көптеген ТМД елдерінде қатыгездікпен жануарларға қараудан қорғау заңдары қабылданған, ол жануарлардың құқықтарын заңдастыруға мүмкіндік туғызып отыр. Мысалы,  Украинада   2006  жылдың  13 наурызында «Жануарларға қатыгездікпен қараудан қорғау туралы» заң қабылданған. Украинаның Ұлттық ғылым академиясының президенті академик Б.Е. Патонның айтқан пікірі  көңіл  бөлерлік, ол: «Табиғат құқығы адам құқығы сияқты қолсұғылмауы керек», – деді [14].

Сонымен, табиғат құқығын белгілеу арқылы қылмыстық-құқықтық қорғауға адаммен қатар, табиғи ортада енеді.

Осындай қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне экологиялық қылмыстар атты  тарауы енген болатын, бірақ көптеген авторлар (А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алаухановтар қазақ тілінде жарық көрген ҚР Қылмыстық  құқығы  (ерекше бөлім) оқулықтарында) əлі күнге дейін осы қылмыстар тобын – экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың топтық объектісін дəстүрлі қоғамдық қатынастар  арқылы  ашады. Бұл үлкен кемшілік емес, кез келген  теория өмір сүруге міндетті. Біз профессор Е.И. Каиржанов ұсынып отырған мүдде ретінде танылатын қылмыстың объектісін анықтайтын ұғымды қолдай келе, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп  атауды жəне олардың топтық объектісін экологиялық қауіпсіздік деп атауды ұсынамыз.

Conclusions. (Қорытынды). Сөйтіп, экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға біздің жіктеу бойынша келесі қылмыстар жатады:

167-бап. Экоцид;

277-бап. Шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы;

278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi жəне биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы;

279-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы;

280-бап. Ветеринарлық ережелердi жəне өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердiң бұзылуы;

294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара қолданбау [7].

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей объектісін анықтау мəселесіне келетін болсақ, «мүдде» ретінде топтық объектіні алатын болсақ, онда бұл қылмыстар тобы – нақты экологиялық қауіпсіздіктің белгілі бағыттарын қамту керек. Мысалы, көзделген экологиялық талаптарды, ережелерді бұзу арқылы тұлғаның экологиялық қауіпсіздігі мүдде ретінде зиян шегеді. Экоцид кезінде адамзаттың экологиялық қауіпсіздігі, шаруашылық жəне өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы кезінде нақты аумақтағы адамдар тобының экологиялық қауіпсіздігі тағы сол сияқты басқа қылмыс құрамдары бойынша талдайтын болсақ.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Каиржанов Е.И. Избранные труды: (Selected works in criminal and criminology). В 2-х т. Т. – Алматы: Экономика, 2008. – 360 с.
  2. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т. – С.3-4.
  3. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 560 с. 4 Русское уголовное право. Часть общая. Т. 1 / Таганцев Н.С. – Тула: Автограф, 2001. – 800
  4. 5 Дидро Д. Избранные произведения. – М.: Худож.лит., 1951. – 411 с. 6  Кант И. Сочинения. Т.4. ч.1. – М.: Мысль, 1965. – С.306-307.
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: Жеті-жарғы, 2012. – 300 бет.
  6. Бушуев Т.А., Дагель П.С. Объект уголовно-правовой охраны природы //Советское государство и право. – №8. – С.81-82.
  7. Статистические данные о преступлениях за 2008-2012 годы //http://service.pravstat.kz.
  8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасынан үйге, ғимаратқа, құрылысқа меншік кұқығы, не шаруашылық жүргізу құқығы немесе оларды оралымды басқару құқығы болса, онда солар орналасқан жерге де сондай құқық пайда болады. Бұл құқықтар бір-бірінен ажыратылмайды (үзінді) //Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 1/2010. Б.28-29.
  9. 11Петров В.В. Экологические преступления: понятие и составы //Государство и право. – М.,   1993.– С. 96.
  10. Дубовик О.Л., Жалинский А.Э. Причины экологических преступлений. – М.: Наука,– С. 87-88.
  11. Борейко В.Е. Этика и менеджмент заповедного дела. – Киев: Киевский эколого-культурный центр, 2005. – 328 с.
  12. Панорама дня // Зеркало недели. – 2002, 5-10 октября. – № С.45-48.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.