Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сөз бостандығы жəне ақпарат алу еркіндігі

Бүгінгі қоғам ақпараттық қоғам. Ақпараттық қарым-қатынастардың дамуы қоғам өміріне үнемі жаңаша жаңалықтар əкелуде. Бұл өз кезегінде ақпараттар ағынының аясын кеңейтеді. Ақпараттық қоғамдағы жеке тұлғалардың мүддесі ақпарат алуға деген бостандық, еркіндігінің жүзеге асуымен сабақтасады. Құқық, теңдік, еркіндік, бостандық ұғымдарының өзара үйлесімділікте əрекеттесуі демократиялық қоғамның алғышартын қалыптастырады. Аристотельдің сөзі бойынша «демократиялық құрылыстың негізгі бастамасы – бостандық. Жалпы танылған пікір бойынша тек осындай мемлекеттік құрылыс кезінде барлығы бостандыққа қол жеткізеді, өйткені кез келген демократия оған ұмтылады. Барлық азаматтар тең құқықтарға ие болуы керек деп көрсетіледі, сондықтан да демократияларда меншігі жоқтар бай адамдарға қарағанда көбірек билікке қол жеткізеді, өйткені олар көпшілікті құрайды, ал демократияда көпшіліктің шешімі жоғарғы күшке ие» [1, 18 б.]. Адам жəне азаматтардың заңмен тыйым салынбаған қызметтер үшін ақпараттарды пайдалану құқығының мəні қоғамның рухани жаңаруы, құқықтық-əлеуметтік мемлекеттің құрылуы, демократияның қанат жаюымен сипатталады. Себебі бұл қоғам дамуының талабы болып отыр. Бұл мəселе «ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі Тұжырымдамасында»мемлекеттіңəл-ауқатының қажетті шарты болып табылатындықтан ақпараттық  саладағы  негізгі  ұлттық мүдделері ретінде:

1) азаматтардың ақпаратты алу жəне таратуға конституциялық құқықтарын іске асыру;

2) ақпараттық қоғамның қалыптасуы жəне дəйекті дамуы;

3) мемлекеттің əлемдік ақпарат алмасуға тең құқылы қатысуы;

4) елдің бірыңғай ұлттық ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы, жұмыс істеуі жəне қорғалуы;

5) ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың озық дамуы;

6) мемлекеттік билік органдарын тиімді жəне   уақтылы   ақпараттық   қамтамасыз   ету;

7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді, сондай-ақ өзге де қорғалатын ақпаратты жоғалту жəне жария ету фактілеріне жол бермеу;

8) өте маңызды ақпараттық жүйелердің, ресурстар мен қолдаушы инфрақұрылымның жұмыс істеу сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бекітілген» [2].

Аталған мүдделердің ішінде біз қарастырып отырған мəселе ақпарат алу конституциялық құқығымен сабақтасады. Қоғамның ақпараттануы демократияның маңызды белгілерінің бірі деп танылады. Қазіргі кездегі ақпараттық кеңістіктің құқықтық қырларын зерттеп жүрген ғалымдар жеке тұлғалардың ақпарат алу құқығын жүзеге асыру саласындағы құқықтық мəртебесінің мəнін үш жақты негіз бойынша анықтауды ұсынады. Осы көзқарасқа қатысты заңгер ғалым А.Е. Жатқанбаева келесідей пікір білдіреді: «... существует как минимум три грани определения правового статуса личности в области реализации права на информацию, а именно: конституционно-правовая; содержательная; процессуальная» [3].

Бұл мəселеде ақпарат алу еркіндігі құқығының конституциялық  құқықтық  қырына үңілер болсақ оның негізінің Ата Заңда бекітілгендігіне  назар  аударуымыз   керек.   Ақпарат алу еркіндігі құқығының жүзеге асу кепілдігі қамтамасыз етілген. Алайда бүгінгі заңи практикада сөз бостандығы құқығының ақпарат еркіндігі құқығына қатынасы туралы ортақ ұғым қалыптасып орнықты деп қорытынды жасауға ертерек. Өйткені қазіргі отандық заң ғылымындағы ғылыми  зерттеулер  ақпарат  еркіндігін  демократиялық  қоғамды  дамытудың негізгі белгісі ретінде танылатын мемлекеттік басқарудағы жариялылық, ашықтық қағидаларымен тығыз астастық бағытында болып отырғандығымен байланысты болар деп ойлаймыз.

Адам құқықтарын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияда:«Каждый  человек  имеет   право на свободу выражения своего мнения. Это право включает свободу придерживаться своего мнения, получать и распространять информацию и идеи без вмешательства со стороны государственных органов и независимо от государственных границ» деп көрсетілген  [4]. Бұл бекітілген негіздеме өзара байланысты екі бостандықты, яғни пікір білдіру еркіндігі мен ақпарат еркіндігін нақтылай түседі.

Мазмұндық негізіне үңілсек сөз бостандығы құқығын адамның жеке құқықтарының, азаматтардың саяси құқықтарының бір түрі ретінде тануға болады. Конституциялық құқықтарды жіктеп топтастыру мəселесінде ғалымдар пікірі бірнеше топқа бөлінеді.  Ғалымдардың  бір тобы сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігін саяси құқықтар  топтамасына  енгізсе, екінші бір ғалымдар тобы бұл құқықтарды жеке құқықтар тобына топтастырады. Мəселен, əйгілі кеңестік ғалым Н.В. Витрук пікір бостандығын азаматтардың саяси құқықтарына топтастырады [5, 97 б.]. Ал қазақстандық заңгер ғалым Ғ.С. Дулатов:«Шынымен де, сөз бен баспасөз бостандығын Қазақстан аумағындағы кез келген шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға да пайдаланады. Сол сияқты одақтар құру немесе жиындар өткізу бостандығы да кез келген адам баласына тəн. Мысалы, біздің елімізде оқып жатқан шетелдік студенттер өздерінің жерлестер ұйымдарын құруға толық құқығы бар, сол сияқты олар бұл құқықты жүзеге асыру барысында жиналыстар өткізу құқығына да ие болады. Оларға қойылатын жалғыз талап ҚР Конституциясы мен заңнамасына қайшы келмесе болды. Демек, бұл топтағы құқықтардың саяси сипатынан гөрі азаматтық (жеке) сипаты басым деп ойлаймыз» деп тұжырымдайды [6]. Бұл  көзқарастардың  қайсысын  алып қарасақ та олардың маңыздылығы сөз бостандығы мен пікір еркіндігін жеке-жеке құқықтар ретінде мойындайтындығы. Біздің көзқарасымызбен ұштасар тұсы да осы мəні болып отыр. Біздің негізгі ұстанымымыз да осы сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігін біртұтастық жүйенің құрамында қарастыру емес, керісінше олардың əрқайсысының жеке тұрғыдағы мазмұны мен мəнінің ерекшеліктерін қарастырып, аражігін ажырату. Себебі сөз бостандығын жеке құқық емес тұтас жүйенің бөлшегі ретінде қарастыратын ғылыми көзқарастар да бар.

Кейбір  ғалымдар  сөз  бостандығын ақпарат еркіндігі құқығының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Мəселен, Н.С. Колесова сөз бостандығының үш құрылымдық элементін ажыратып көрсетеді: «1. свобода каждого человека выражать свои мысли, идеи и суждения при условии следования предписанием закона; 2. свобода печати и других средств массовой информации как свобода от цензуры и право на создание и использование органов информации, позволяющее материлизовать свободу мнений и убеждений; 3. право быть информированным, то есть иметь доступ к источникам информации» [7].

Алайда бұл құқықтар мен бостандықтардың құқықтық табиғаты ақпарат  алу еркіндігінің сөз бостандығының жүзеге асу кепілі бола алатындығын айғақтайды. Өйткені сөз бостандығы құқығы ұғымының мəні адамның өз бетінше ойлау, пікірі мен сенімін, идеяларын еркін түрде сөз арқылы жеткізе алу мүмкіндігі деп қарастырсақ бұл ақпараттық қатынастың, ақпараттық үрдістердің жүзеге асуының алғышарты болып  табылады.  Осы  тұста ақпарат алу еркіндігі құқығын мемлекеттік басқару мəселесімен ұштастықта зерттеп жүрген ғалым А.Т. Ибрагимовтың пікірімен толықтай келісеміз. Оның пікірінше, сөз бостандығы өз жүзеге асуында мемлекеттің араласпауын талап ететін болса ақпарат алу еркіндігі тікелей мемлекет пен нақты тұлғаның ынтымақтастығын қажет етеді. Себебі бұл процесте адамның ақпарат  алу  еркіндігі  құқығын  пайдалана алуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасаушы белсенді қатысушы болады  [8].  Демек, бұл құқықтардың жеке тұрғыдағы құқықтық табиғаты өзара өзгешеліктерге ие.

Сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігінің аражігін ажырату үшін сөздің негізгі қасиеті ақпаратты тасымалдаушы, жеткізуші екендігіне назар аудару қажет. Кез келген ақпарат адамның интеллектуалдық қызметінің нəтижесінде туындайды, ал бұл нəтижелер сөз арқылы тасымалданады, жеткізіледі. Міне, сондықтан да ақпарат еркіндігі сөз бостандығы құқығының жүзеге асуына кепілдік береді. Аталған ұғымдардың аражігін ажыратып, өзіндік мəнін толық ашатын түсіндірме бүгінгі таңда елімізде арнайы құқықтық тұрғыдан құжатталмаған.

Сондықтан да ғылыми айналым шеңберінде ғалымдар пікірінің де бірнеше топқа бөлінуі қалыпты жағдай деуге болады. Егер елімізде ақпараттық кеңістіктің құқықтық табиғатын, ақпарат еркіндігінің мазмұнын толық ашып бере алатындай доктрина қалыптасқан болса бұл мəселе оңтайлы шешімін табар еді  деген пікірдеміз.

 

Əдебиеттер

  1. Аристотель. Политика // Право быть равными: сб. статей, речей, мнений. – Алматы: Жеті Жарғы, 1995. – С.18-24. 2 ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі Тұжырымдамасы // www. adilet.zan.kz
  2. Жатканбаева А.Е. Конституционно-правовые основы права на свободу получения информации // Вестник КазНУ имени Аль-Фараби. – 2012. – №5. – С. 61-69.
  3. Международные акты о правах человека. Сб. документов. – М., 1998. – С.15.
  4. 5 Права личности в социалистическом обществе / Отв. ред. В.Н. Кудрявцев, М.С. Строгович.  – М.: Наука, 1981. – 272 с. 6 Дулатов Ғ.С. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары: заң ғыл... канд... диссер...– Алматы, 2010. – 170 б.
  5. Колесова Н.С. Свобода слова – неотъемлемый элемент демократического политического процесса // Права человека и политическое реформирование. М., 1997. – С. 127-133.
  6. Ибрагимов А.Т. Конституционно-правовые основы обеспечения свободы доступа к информации о деятельности органов государственного управления Республики Казахстан: дисс… на соиск… уч. степени канд… юрид… наук. –Алматы.– 2010. – 130 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.