Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтардың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен қатынасының құпиялық сипаты

Қазіргі таңда жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен азаматтардың ынтымақтастық құқығын бекітетін негізгі заңды нормалардың бірі ол «Жедел  іздестіру  қызметі туралы» Қазақстан Республикасының (әрі қарай «ЖДҚ» туралы Заң) Заңының 13-бабы, оған сәйкес жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiмшарт бойынша) тартылуы мүмкiн [1].

Азаматтардың жедел іздестіру қызметін қамтамасыз етуге қатысуы түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін: жәрдемдесу және ынтымақтасу.

Құпия жәрдемдесу жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен жеке тұлғалардың жәрдемдесу түрінің бірі болып табылады, ол келісімшарт негізінде не келісімшартсыз жасалуы мүмкін.

Азаматтардың жәрдемдесуі органдарға көмек көрсетуге бағытталған олардың жете түсінген әрекеттері ретінде анықтауға болады, оның негізінде белсенді азаматтық ұстаным, азаматтық борышты орындау ықыласы және жедел іздестіру саласында әрекет етіп жатқан заңнаманың нормаларын сақтауды қамтамасыз ету жатыр. Бұл әрекеттер жекелеген (бір мәрте) немесе тұрақты, ұжымдық не жеке, жария не жария емес сипатқа ие болуы мүмкін. Бірақ әрдайым осы әрекеттер жете түсінілуі керек және өз еркімен жасалуы керек.

Азаматтардың жәрдемдесуі мынадай түрде көрінуі мүмкін: құқыққа қайшы тәртіп факторлар туралы және қоғамға жат өмір жүргізетін тұлғалар туралы хабарлау; жедел іздестіру қызметінің органдарына жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алуда көмек көрсету; процессуалдық әрекеттерде куә, куәгер ретінде қатысу; қажетті жағдайда жедел іздестіру қызметінің қызметкерлеріне жеке байланыс құралдары мен көліктерін беру; құқық қорғауға бағытталған қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысу және т.б.

Ынтымақтастық жәрдемдесудің дамыған және ұйымдастырылған нысаны болып табылады, яғни көмектің тұрақты сипатын ұйғарады. Азаматтардың ынтымақтасуы жедел іздестіру қызметі органдарының жеке функциялары мен міндеттерін орындауға, олардың келісімімен тартылатын азаматтар жәрдемдесуінің ұйымдастырылған және заңмен реттелген нысанын білдіреді.

Қазақстан Республикасының жедел іздестіру қызметі тәжірибесінде осындай нысандарды пайдалану кең таралған. Бұл тек қана қазақстандықтарға ғана тән қасиет емес,   сонымен қатар әлемдік құқық қорғау тәжірибесінде де қолданылады,  өйткені  агентуралық аппарат институтын пайдаланбай жасалып жатқан қылмыстарды ашу кейде мүмкін болмайды.

Жедел бөлімшелермен және түрлі мемлекеттің арнайы қызметтерімен саяси және жалпы қылмыстық қылмыстармен күресуде, осы жедел мүмкіндіктерді пайдаланудың көп ғасырлы тәжірибесі – агентуралық әдістің бірінші орын алатынын көрсетеді.

Егер бұрын азаматтардың жедел бөлімшелермен құпия ынтымақтастығы жабық ведомстволық актілер негізінде жүзеге асырылса, қазіргі кезде жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың азаматтарды жәрдемдесудің осындай нысанына тарту құқығы және азаматтардың құқығы аталған «ЖІҚ туралы» Заңның 8, 11, 13, 23-баптарында бекітілген. Осылай, заң осындай ынтымақтастықтың әлеуметтік қажеттілігін және маңыздылығын таниды деп айтуға болады.

Азаматтардың құпия ынтымақтастығын пайдалану фактісінен криминалды полиция қызметінің жедел іздестіру қызметін реттейтін шет мемлекеттерінің заңнамалық актілері де құпия жасамайды.

Мысалы, АҚШ-та криминалды полиция қызметкерін оның мәлімдеушісі қалай жұмыс жасайтыны бойынша бағалайды. Әр полицейскийге, егер ол өзінің «жасырын аппаратының» жұмысқа қабілетін құрып және сақтай алса, ол әріптестері арасында ең жақсы, еліктеуге үлгі бола алатыны туралы сендіреді. Мәлімдеушімен барлық жұмыс қатаң құқықтық шекке қойылады [2].

Азаматтармен құпия ынтымақтастық бірқатар заңнамалық және ведомстволық нормативті құқықтық актілерді көзделген арнайы шаралардың қолдануымен қамтамасыз етіледі.

Құпия ынтымақтастық ақысыз немесе ақылы негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда құпия шартпен ынтымақтастық бекітілген азамат Қазақстанның жедел іздестіру қызметі органдарының шығындар бюджетінің арнайы бабымен көзделген құралдар есебінен ақшалай сыйақы алады. Ынтымақтасып жатқан азаматтарға бір айлық қаражат және бір жолдың төлем мөлшері ведомстволық нормативті құқықтық актілермен анықталады.

Құпия ынтымақтастық жедел іздестіру қызметі   аясында   жүзеге   асырылуы   мүмкін, оның тиімділігі жедел қызметкердің қылмысты айқындауға, алдын алуға және ашуға қажетті ақпаратты жинауға іскерлігімен анықталады [3, С.208].

Жеке тұлғаларды  жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асыратын органдармен ынтымақтастыруды ынталандыру түрлі негізге ие болуы мүмкін: қылмыспен күресуді жүзеге асырып жатқан жедел бөлімшелерге бейілді қарым-қатынас, жедел іздестіру қызметін жүргізуші тұлғаны ұнату, материалды не басқа да қызығушылық. Көбісі негізінен жедел қызметкердің және болашақ құпия көмекшінің тұлғасына байланысты болады.

Мынадай қасиеттерге ие қызметкер табысты қатынасты орната алатынын жедел тәжірибе көрсетеді:

  • маңындағылар арасында жақсы беделге ие, жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында этикалық тәртіпке ие;
  • онымен жедел функцияларды орындауда қалыптасатын түрлі жағдайларда дұрыс хабардар етуге мүмкіндік беретін жан-жақты құқықтық дайындыққа ие;
  • қызмет ететін аумағында және объектісінде криминалды бағытталған тұлғалардың тәртібінің, субмәдениетінің ерекшеліктерін білген;
  • түрлі санаттағы адамдармен сенімді қатынас орнатуға мүмкіндік беретін тіл табысудың жоғары деңгейіне ие болған;
  • алынған ақпараттың маңыздылығын талдауға және нақты бағалауға қабілеті бар.

Осы сапалар жедел қызметкерге кейбір тұлғалар тарапынан өзіне және қылмыспен күресу ісінде жедел іздестіру қызметінің органдарымен ынтымақтастыққа жағымсыз қатынасты жеңіп шығуға, оны бейтарап, сосын оң жағдайға ауыстыруға және өзара іскерлік қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Жедел қызметкерлер тұлғаның және жедел іздестіру қызметін жүргізетін орган арасындағы өзара қатынасының шынайы сипатын жасыру үшін бірқатар шараларды қабылдайды және олармен ынтымақтасатын тұлғаларды астыртын шараларға үйретеді. Бұл мынадай шаралар болуы мүмкін: оларды қылмыстық құрамдарға енгізуді; кездесулерді және алынған жедел ақпаратты беруді ұйымдастыру үшін арнайы орындарды, жағдайларды және тәсілдерді пайдалану   тиянақты   аңыздау   шаралары,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативті актілерінде көзделген басқа шаралар.

Заң органдарға жәрдем көрсететін тұлғаларға әдейі жалған мәліметтерді ұсынуға тыйым салады. Осыған байланысты жедел бөлімше қызметкерлері құпия көмек көрсететін тұлғаларды тапсырмаларды орындау әдістеріне, сондай-ақ сол жағдайларды дұрыс құқықтық айырып тануға үйретеді. Осы мақсат үшін олар:

  • тапсырманың дұрыс түсінілгенін және оны орындау тәсілін тексереді;
  • алдына қойған міндетті шешудің тәсілдері мен әдістері туралы нұсқау береді;
  • тапсырманы орындау қарқынын, әрекет пен тәртіптің дұрыстығын бақылайды;
  • құпия көмекшілерге жедел жағдай туралы хабарлайды;
  • өзара байланыс тәртібін анықтайды;
  • хабарлайтын мәліметтердің толықтығын және растығын тексереді.

Қандай да бір кемшіліктер туындаса олардың себебі анықталады және оларды жою бойынша шаралар қолданады. Қажетті жағдайда құқық негіздері, құпия жәрдемдесудің нысандары мен әдістері және т.б. туралы құпия көмекшілермен арнайы сабақтар өткізілуі мүмкін.

Жалпы жедел іздестіру қызметін жүргізетін орган және жәрдемдесетін тұлға арасындағы құпия ынтымақтастық түрлі сипатқа ие.

Біріншіден, азаматтарды құпия ынтымақтастыққа тарту мақсаттары түрлі болуы мүмкін. Біреулері жедел іздестіру шараларын дайындау үшін, ал енді біреулері оларды жүзеге  асыруда тікелей қатысу үшін тартылады. Біріншілері ғылымның, техниканың, экономиканың түрлі саласында мағлұматқа ие мамандар қатарынан, сонымен қатар жедел іздестіру шараларын жүргізуге дайындық үшін керек орындарға (нысанға) кіру мүмкіндіктеріне ие тұлғалардың арасынан таңдалады.

Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, құпия ынтымақтастық қысқа мерзімді немесе ұзақ (тұрақты) болуы мүмкін. Яғни нақты  бір жолғы, міндеттің уақыты бойынша ұзақ емес көмек немесе ұзақ мерзімді жедел міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, бірқатар жедел іздестіру шараларын дайындауға немесе жүргізуге уақыты бойынша жеткілікті тұрақты жәрдемдесу.

Құпия    ынтымақтастық   нысаны   бойын ша да ажыратылады: келісім-шартпен не келісімшартсыз. Азаматтарды келісімшартпен құпия ынтымақтастығы дегеніміз – азаматтардың құпия ынтымақтастық туралы еркіндігі жазбаша келісімшарт түрінде бекітілуі. Бұл тұлғалар   жедел   бөлімшелердің   тапсырмасы бойынша барлау-іздеу қызметін белсенді атқарады. Жәрдемдесудің келісімшарт  нысаны ынтымақтасу туралы келісім-шарттың міндетті түрде жасалуын ұйғарады, онда ынтымақтасудың арнайы шарттары мен талаптары, сонымен қатар тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылады.

Жедел іздестіру шараларын дайындау және жүргізу барысында алынған мәліметтерді құпияда сақтау міндеті азаматтардың жедел іздестіру қызметін жүргізетін органдармен құпиялық қатынасының ажыратылмас шартын тағы да бір атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына [4] сәйкес барлау, қарсы барлау,  жедел  іздестіру  қызметі  мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады:

  • барлау, қарсы барлау қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, нәтижелерін, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық процесте пайдаланылмаған қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретіндегі нәтижелерін ашып көрсететін мәліметтер. Барлау, қарсы барлау, жеделіздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар аталған мәліметтерді ашып көрсететін болса;
  • нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер;
  • барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер;
  • сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;
  • жедел жұмылдыру жұмысының жайкүйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер;
  • радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер;
  • президенттік, үкіметтік  немесе  өзге де арнаулы байланыс пен ақпарат түрлерінің жүйелері, мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, кодтандыру, құпияландыру құралдары туралы мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;
  • жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер;
  • ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ олар жүргізген жедел іздестіру және жедел техникалық шараларды ашатын мәліметтер;
  • нақты адамдардың қылмыстық атқару жүйесінің, кеден және салық органдары, сондайақ ішкі істер органдары жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер;
  • Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер;
  • мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жайкүйін ашатын мәліметтер;
  • ақпараттарды рұқсат етілмей  алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп  кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер;
  • арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер.

Бұл мәліметтер жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган жетекшісінің қаулысының негізінде ғана құпиясыздандыруға жатады.

Жедел іздестіру қызметін жүргізетін органдардың  тәжірибесін   жан-жақты   талдау және жинақтау, азаматтарды құпия ынтымақтастыққа тарту мақсаттылық, мақсатқа лайықтылық және еркінділік талаптарына сай келуін көрсетеді [5, 146 б.]. Ұсынған мақсаттар өзекті, сипаты бойынша жеткілікті күрделі және ұзақ мерзімді болуы керек. Мысалы, аса қауіпті, бүркелген қылмыстар (ұрлық, тонау, қарақшылық шабуыл, экономика саласындағы қылмыстар) жасаған терең жасырылған қылмыстық топтарға жедел ендіру қажеттігі. Әр тарту өткір қажетті, мақсатты болған кезде ғана жүзеге асырылуы керек.

Осығанбайланыстықұпияынтымақтастыққа тарту туралы шешімді қабылдау үшін жанжақты ақпараттық-аналитикалық жұмыс жүргізілуі керек:

  • ақпаратты алу, оны талдау және жедел жағдайдың күйін бағалау (қылмыстылықтың жай-күйін: оның динамикасын, құрылымын, қоғамдық қауіптілік дәрежесін, қылмысты жасап жатқан тұлғалардың құрамы, олардың қылмыстық тәжірибесі, әлеуметтік жағдайы және т.б.);
  • қылмыспен күресу саласында шешетін міндеттерді қалыптастыру;
  • барлау-іздеу қызметі   жүргізілетін қылмыстық орта туралы мәліметтерді жинау және талдау;
  • тартылатын адамның тұлғасын сипаттайтын мәліметтерді алу (әлеуметтік және психофизиологиялық сапалар, құпия көмек көрсете алатын шынайы мүмкіндіктерінің болуы – кәсібі, лауазымдық жағдайы, қылмыскерлердің тұрмыстық қалпын, олардың әдеттерін, жаргонын, қылмыстық ортадағы рөлін, сотталғандығын білу және т.б.) [6, 167-168 б.].

Бұдан басқа жедел-іздестіру қызметін жүргізуші органдарға келісімшарт негізінде жәрдемдесетіндер осы органдардың ведомстволық нормативті актілерімен анықталатын бірқатар арнайы талаптарға сай келуі керек.

Біздің көзқарасымыз бойынша, қылмыстық істерді тергеу мен соттық қарауда құпия көмекшілерді пайдаланумен байланысты сұрақтар қосымша зерттеуді қажет етеді, өйткені біздің елімізде құпия көмекшілермен алынған мәліметтер құқық қорғау ведомстволарымен көбінесе тексеріліп жатқан тұлғалардың қылмыстық қызметін дәлелдеуге бағытталған жедел іздестіру шараларын дайындау және жүргізу үшін, кейде жеке тергеу және соттық әрекеттерді дайындау және жүргізу үшін қолданылады.

Жалпы жедел іздестіру заңнамасын және құпия көмекшілерді пайдалану мүмкіндіктерін айқындайтын нормаларды қалыптастыруға бағытталған елеулі қадамдарға қарамастан, ғылымдар мен тәжірибиешілер көптеген шешілмеген және шешілмей жатқан сұрақтармен кездеседі. Әсіресе қылмыстық іс жүргізу саласында.

Қазіргі таңға дейін құпия көмекшілерден дәлелдемелік ақпаратты алудың шынайы заңнамамен бекітілген процедурасы мен тәжірибесінің жоқтығы осы мағынада елеулі мәселе болып табылады.

Маңызды және күрделі  мәселелердің  бірі ол қылмыстық  іс  жүргізуде  құпия  ақпаратқа ие тұлғаларды куәгер ретінде пайдалану. Осы сұрақ бойынша ТМД және Балтия елдерінің жедел іздестіру заңнамасын талдау барысында,    олардың    Қазақстанға    қарағанда алға басқаны көрініп тұр. Мысалы, Латвия Республикасының жедел іздестіру туралы заңының 31-бабының 3-бөліміне сәйкес «құпия көмекші құпия ынтымақтастық фактісін ашпау арқылы  қылмыстық  іс  жүргізуге  тартыла алады. Егер тергеу мақсатына жету үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті болса және ол құпия көмекшінің немесе басқа тұлғаның өмірін, денсаулығын, бостандығын немесе құпия көмекшінің әрі қарай пайдалану мүмкіндігін қауіп-қатерге әкелмесе тұлғаның құпия ынтымақтастық фактісі немесе онымен ұсынылған мәліметтер қылмыстық іс жүргізу барысында жариялануы мүмкін» [7].

Құпия көмекшіден дәлелдемелік ақпаратты [8, б. 81-87] іс жүргізу үшін алуының көпжылдық шетелдік тәжірибесі оларды қорғау дәрежесін максималды сақтай отыруын ескере отырып, мынадай танымал нысандарды өңдеп шығарды, мысалы: а) тергеушіге беру және құпия көмекшінің нұсқамалық мәліметтерін белгілемеу арқылы оның жазбаша түсінігін сотта жариялау немесе б) мәлімдеушімен байланыс ұстайтын жедел қызметкерді тергеуші мен сотты қызықтыратын жағдайлар туралы жауапқа алу.

АҚШ федералды конституциялық соты 1981 жылы 26 мамырда қаулымен «сөзден куәгер» тұлғасының конституциялық екендігін растады. ГФР-де солай жасады.

Осы тұрғыда ГФР мен АҚШ-тың ақпаратшыларды пайдалану тәжірибесі қызығушылық тудырады. Олар үш санатқа бөлінеді:

  • мәлімдеуші;
  • ерікті куәгерлер;
  • айыптаушылар құрамынан ерікті куәгерлер.

Мәлімдеуші – ФБР-ға құпия көмек көрсетіп жүрген және қылмыстық іс жүргізуге қатыспайтын азамат. Мәлімдеушінің жұмысы – ФБР қызметінің негізі. Ол құқық қорғау  органдары ешқашан жария жолмен таба алмайтын фактілер мен дәлелдерді анықтауға мүмкіндік береді. Егер олар құпиялық шартына  ие болса, мәлімдеуші басқа біреулер бола алады. Шындығында, бұл адам ешқашан сотта түсінік бермейді дегенді білдіреді.

Ерікті куәгер – қылмыстық топ құрамында қылмыс жасап, ФБР-ға құпия көмек көрсетіп жүрген тұлға, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретінде бола алады және сотта түсінік бере алады, осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Айыптаушылар құрамынан ерікті куәгерлер қылмыс үшін ұсталған, «кінәсін мойындау туралы» келісім жасаған және сотта үкім шығару барысында оған жазаның минималды түрін тағайындау шарты бойынша басқа айыптастарына қарсы түсінік беруге келіскен.

Сөйтіп, ақпаратшылардың соңғы екі санатын жауапқа тартуға қатысты қандай да бір маңызды мәселелер жоқ.

Мәлімдеушілерге қатысты АҚШ заңнамасы қолайлы шешім тапты. Өйткені осындай ақпаратшының тұлғасы ресми сот ісіне қатыспайды, онда одан түскен мәліметтер, ФБР агентімен (жедел қызметкермен) анықтама немесе басқа құжат түрінде ұсынылуы мүмкін. Сотта мәлімдеушіні ғана жауапқа тарту керек емес, сондай-ақ жедел қызметкер ақпаратшының тұлғасын айта алмайды.

Қазақстанда аталған мәселені қолайлы шешудің жолдары әлбетте жүргізілуде. Бірақ, біздің пікірімізше, «ұлттық  велосипедті құруға» күш кетірмеу керек. Бұл жағдайда шетелдің алдыңғы қатарлы тәжірибесін пайдалану қажет.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңы / «Параграф» ақпараттық жүйесі: http://online.zakon.kz.
  2. Ахкубеков Л.Х. Правовое регулирование оперативно-розыскной деятельности за рубежом и использование ее результатов в уголовном процессе. – М., Российская криминологическая ассоциация, 120б.
  3. Теория оперативно-розыскной деятельности: учебник / Под ред. К.К. Горяйнова, В.С. Овчинского, Г.Н. Синилова и др. – М.: Инфра-М, 2004. – 848 б.
  4. 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-І Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы / «Параграф» ақпараттық жүйесі: http://online.zakon.kz.
  5. Маркушин А.Г. Оперативно-розыскная деятельность: учебник для вузов. – М.: Изд-во Юрайт, – 399 б.
  6. Шахматов А.В. Агентурная работа в оперативно-розыскной деятельности (теоретико-правовое исследование российского опыта). МВД России Санкт-Петербургский университет. – СПб,
  7. Закон об оперативно-розыскной деятельности Латвийской Республики.
  8. Смирнов М.П. Полиция зарубежных стран и ее оперативно-розыскная деятельность: учебное пособие. / Под ред. Е.В. Токарева. Академия МВД России. – М., 1995. – 128 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.