Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік экологиялық бақылау қағидалары және олардың жіктемесі

Кез  келген  қызмет,  мемлекет  қызметі оның арнайы өкілетті органдары, өзге де субъектілері түрінде белгілі бір идеялар мен қағидалар негізінде құрылады. Бұл қағидалар қоғамдық қатынастардың белгілі түрлерін реттеуде құрылған белгілі бір  құқықтық кеңістік шеңберіндегі субъектілердің мінезқұлық әдістері және түрлерімен анықталатын басқарушы бастама болып табылады. Заңгер ғалымдар қоғамдық өмірдегі құқықтық қағидалардың мәні мен олардың рөлінің қаншалықты маңызды екенін мойындап отыр. Мысалы,     О.И.     Цабулевскаяның     ойынша:

«Құқықтық қағида – оның мәнін анықтайтын және білдіретін құқықтың шешуші идеясы мен негізін  салушы  бастамасы  болып   табылады». «Қағида»  латын  тілінен  аударғанда  кез келген құбылыстың құқықтық негізін білдіреді» [1].

Құқықтың ұстанымдарына экологиялық қатынастың барлық қатысушылары, яғни заң шығарушы,  атқарушы,  сот   билігі  органдары, мекемелер, қоғамдық қатынастар, азаматтар бастамашылық етуі тиіс. Қағидаларды ұстану мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық сипатының, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі барлық қызметтің тиімділігінің және азаматтардың заңды қызығушылығымен экологиялық құқығын қорғаудың өлшемі болып қызмет етуі мүмкін.

Құқық қағидалары бұл – мәнін білдіретін, оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділділік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқық  қағидалары  әділдік, туралық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді, құқықтық нормалардан айырмашылығы, олардың ұзақ уақыт бойы өзгермейтіндігі.

Жалпы, экологиялық қағидалар табиғи ресурстар заңнамасының салалық жүйесіндегі қағида жүйесінің қалыптасуы үшін  қажетті база ретінде қызмет етеді. Көбінесе салалық қағидалар жалпы бастамашыларға сүйенеді. Н.Б. Мұхитдиновтің айтуынша, құқықтық қағидалар қоғамдағы объективті шындылықты көрсеткен жағдайда ғана, объективті болып табылады. Сонымен қатар Н.Б. Мұхитдинов тұжырымдама жәнеқалыптасутұрғысынанқарағандақұқықтық қағида, субъективті ұғымы деп санайды [3]. Осы мәселеге қатысты мемлекет және құқық теориясы саласындағы ірі тұлғалардың  бірі С.С. Алексеев «құқықтық нормада бекітілмеген бастамалар құқықтық қағидаларға жатпайды. Олар тек қана құқықтық сананың идеясы (бастамасы) ғылыми тұжырымы болып саналады, бірақ бұл құқықтық қағида емес»  деп  санайды [4]. Н.Б. Мухитдинов пен С.С. Алексеевтің құқық қағидасы түсінігіне қатысты пікірлерінің ұқсастығын байқауға болады. Олардың пікірінше, сала қағидалары шынайы болмысты ғылыми талдау нәтижесінде шығарылып қалыптасуы мүмкін және олардың заңнамаларда бекітілуі міндетті емес. А.Е. Еренов мынадай пікір айтады: «жалпыға бірдей болғанымен, құқықтық қағидалар, тек мемлекеттің арнайы нормативтік құқықтық актісінде бекітіліп, пайда болады. Яғни құқықтық қағида, тек жалпыға міндетті заңды күші болған жағдайда ғана, құқықтық қағида болады» [5].

Басқаавторларқағидадепбірнемесебірнеше құқықтық нормаларда қалыптасқан құқықтық реттеулердің (құқық институттарының немесе басқа құқықтық массивтердің құқықтық салалары) негізгі идеялары, негізгі ережелері, негізгі бастамаларын түсінеді.

И.А. Игнатьеваның ойынша, салалар мен институттарды қалыптастыру процесінде маңызды мәнге әртүрлі заңдық нормалар негізінде жатқан қағидалардың ортақтығына құқылы. Олар құқықтық материяның өзіне қатысты жүйе қалыптастырушы факторларға жатады және шоғырланған түрдегі әлеуметтік табиғатты, негізгі мақсаттары мен құқық тапсырмаларының мәнін ашады. Құқық қағидалары жеке тұлғаның және мемлекеттің жаңаша өзара  қатынастарын көрсетеді және басқару орталығы ретінде көрініп құқық жүйесінің құрылымын анықтайды. Құқықтың кез-келген нормасы, институт, сала бәрі де құқық принциптеріне сай болуы тиіс. Бұл – құқықтық нормалардың әрекеттерінің қажетті тиімділік шарттарының бірі [6].

Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты, табиғи жүйелердің, қоғамдың өмірдің маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаның антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерден қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Әлемдік тәжірибе, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттарды алдын алу негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетті. 2003 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2004-2015  жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» қабылданды. Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізудің жолдары осы тұжырымдамада көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
  • табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
  • қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылық қатысу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын дамыту;
  • халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту [7].

Көрсетілген мақсаттарға жету экологиялық заңнамалық қағидаларын зерттеуге септігін тигізеді. Экологиялық заңнаманың жаңа жүйелері мен құқықтық инстутиттарының қалыптасуы қағидаларды зерттеп, талқылау қажеттігін көрсетіп отыр.

ҚР Экологиялық кодексінің 5-бабында экологиялық заңнамалардың негізгі қағидалары көрсетілген. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы бірнеше заң және заңдық актілерден тұрады. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи  ресурстарды  пайдалану  және оларды  қорғау туралы  бірнеше   экологиялық қағидалар бар. Сондықтан да экологиялық құқық саласының нормалары әртүрлі заңдарда кездесетіндіктен, құқықтық экологиялық қағидалар да әртүрлі болып келеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық бақылаудың арнайы құқықтық қағидаларын қарастырар бұрын экологиялық заңнамаларда көрсетілген жалпы қағидаларды талдау қажет.

Экологиялық заңнамалардың жалпы қағидаларына талдау жасауды еліміздің негізгі экологиялық заңы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен бастаймыз.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде бекітілген мына қағидалар бойынша қоршаған ортаны қорғау жүзеге асырылады:

  1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
  2. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  3. Экологиялық қарым-қатынастарды экожүйелілік көзқарас негізінде реттеу.
  4. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттілігі.
  5. Қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтірудің алдын алу жөнінде ымырасыз іс-шаралардың міндетті түрде болуы.
  6. Экологиялық құқықбұзушылық үшін жауаптылықтың болмай қалмауы.
  7. Қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі.
  8. Қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы мен рұқсат алу тәртібі.
  9. Табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану.
  10. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің ықпалдастығы, үйлесімділігі мен ашықтығы.
  11. Табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластаудың алдын алуға және оны азайтуға, қалдықтарды қысқарту мен тарихи ластануды жоюға ынталандыру.
  12. Табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету.
  13. Экологиялық заңнаманың халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі.
  1. Халықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету.
  2. Жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі.
  3. Халықтың барлық табиғи ресурстарға әділ және тең қолжетімділігі принциптеріне негізделеді.

Осы аталған қағидалардың барлығы дерлік табиғи шаруашылық кешен заңнамаларында қолдануға болады. Осы аталған қағидалардан басқа, «табиғатты пайдалануды міндетті сақтандыру қағидасын» экологиялық заңнамаға, соның ішінде Каспий аймағының құқықтық жағдайын реттейтін заңнамада қолдануға болады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жж. арналған экологиялық тұжырымдамасында» табиғи шаруашылық кешендердің қызметтеріне қатысты экологиялық қағидалар бекітілген.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаларға негізделеді:

  1. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкін шектерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызметжүргізуережелерініңғылыминегізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл.
  2. Экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы.
  3. Қоршағанортаменадамныңденсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
  4. Өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
  5. Шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
  6. Халықтың экологиялық  ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
  1. Халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау.

Д.Л. Байдельдиновтің пікірінше, «Бұл құқықтық құжаттың құқықтық мәртебесі жоқ, оның тек әдістемелік сипаты ғана бар. Сондықтан бұл тұжырымдамадағы қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары құқықтық болып саналмайды». Бізде осы оймен келісе аламыз. Себебі тұжырымдамада көрсетілген қағидалар жалпылама мәнге ие.

В.В. Петров, мемлекеттік экологиялық бақылаудың қағидалары екi ұстанымға негiзделуі керек деген, барлық шаруашылық субъекттер үшiн оның нұсқаулары, талаптар және ұйғарымдардың мiндеттiлiгiн бiлдiретiн ведомстволық бағыныштылық және бiр органның шеңберiнде шаруашылық және бақылау функцияларының бөлiнуi [8, 245-246 бб.].

Ю.С. Шемшученко экологиялық бақылаудың қағидаларын ұйымдастыру және функционалдық деп бөледi. Ұйымдастыру – экологиялық бақылаудың органдарының жүйесiнің құрастырылуын анықтайды. Оған аумақтық (аймақтық), сала аралық және салалық, сонымен бiрге бақылау және шаруашылық функцияларының бөлу қағидалары жатады. Функционалдық қағидалар экологиялық бақылаудың сапалық сипаттамасын анықтайды. Мұндай қағидаларға тұрақтылық, жеделдік, әмбебап, әрекеттілік, жалпылық және жариялылық қағидалары жатады [9, С. 6-8].

М.М. Бринчук мемлекеттік экологиялық бақылаудың мынадай  қағидаларын  атап өтеді: мемлекеттiк бақылаудың өткiзуi арқылы тексерілетін жалпыға бірдей міндетті экологиялық талаптар бекітетін қоятын нормативтiк құқықтық актілердiң жариялылығы және қол жетімділігі; заңдылық, яғни бақылау тек қана нормативтiк құқықтық актілермен анықталатын құзыреттері шектерiнде уәкiлеттi органдармен ғана жүргізіледі; бақылау шараларын жүргізудің мерзімділігі мен жеделдігі, яғни бақылаудың толық және барынша тез белгiленген мерзiмде өткiзілуі; объективтілік, яғни тексерiлетiн объекттiң қызметi туралы сенiмдi толық мәлiметтерге негізделуі; шаруашылық және бақылау функцияларының бөлiнуi; заң бойынша  бақылау шараларын жүргізу тәртібін сақтамаған мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының лауазымды тұлғаларының әрекет (әрекетсіздіктеріне) шағымдануы мүмкіндігі [10, 337-338 бб.].

Жоғарыда көрсетілген теориялық тұжырымдарды, заңмен бекітілген негіздерді талдай келе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық бақылаудың мынадай қағидаларын атауға болады.

Заңдылық – бұл мемлекеттiк экологиялық бақылаудың заңның қатал орындалуының негiзде жүзеге асыру талабы.

Экологиялық бақылау органдарының әрекеттері нормативтік құқықтық актілерге сай, негізді болу керек. Олардың әрекеттері заңды деп есептеледі, егер: а) олар өз әрекеттерін құқықтық мәртебесін, ұйымдасы тәртібін, бақылау қызметінің жүзеге асыру тәртібін анықтайтын заң актілеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырса; б) экологиялық құқық нормаларын дұрыс қолданса.

  • Экологиялық бақылаудың тәуелсіздігі. Соның ішінде: а) ұйымдастырушылық тәуелсізідігі; б) өз құзыреттері шегінде қызметін атқаратын экологиялық инспекторлардың тәуелсіздігі.
  • Экологиялық бақылаудың толық,  нақты және жан-жақты жүргізілу үшін басқа мемлекеттiк органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен қатар табиғатты пайдаланушыларма да өзара тиiмдi әрекет ету.
  • Мемлекеттiк экологиялық бақылаудың (ашықтық, жариялылығы) жариялылығы – бақылау қызметi туралы ережелер және әдiстерi туралы мәлiметтiң ашықтығы, сонымен бiрге бақылаудың объектілерi – тұлғалардың құқықтар және мiндеттерi туралы ақпараттың ашықтығы.
  • Экологиялық бақылаудың ережелер және әдiстерiнiң біртұтастығы, яғни бiрiншiден,   бақылау   шараларының    өткiзілуiне бiр ережелер және әдiстерiнiң анықтауында, екiншiден, экологиялық бақылаудың барлық инспекторларының осы ережелер мен әдiстерді қолданулары.
  • Экологиялық бақылауды жүзеге асырудың жоспарлылық және үзiлiссiздiгi бақылау функциясының iске асыруының үзiлiссiздiгiнiң қамтамасыз ету мақсатында эекологиялық бақылау органдарының өз қызметiн жоспарлауда болады.
  • Мақсатты бағытталғандық, яғни экологиялық бақылау шаралары бірінші кезекте қызметтері үлкенiрек қауiп-қатерге ие болатын тұлғаларға жүргізілуі керектігін бiлдiредi.
  • Объективтілік, яғни құқық қолдану қызметі бақылаудың мақсатқа жету жолы мен құралдарын нақтылауға мүмкiндiк беретін бақылаудың объектiсі туралы сенiмдi мәлiметке негiзделуi керек.
  • Барлығының экологиялық бақылау органдары алдындағы теңдігі, яғни мемлекеттiк экологиялық бақылаудың органдары мен лауазымды тұлғалары бiреуге мүлiктiк және қызмет бабына байланысты артықшылық бермеу керек. Осы қағиданы iске асыру экологиялық бақылаудың инспекторларының тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерiмен қамтамасыз етіледі.

Демек, жоғарыдағыларды қорытындылай келе, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық бақылаудың  қағидаларын  жалпы және  арнайы,  ал  арнайы  қағидалардың өзін ішінара бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидалары және бақылаушы органдардың қызметінің қағидаларына жіктеуге  болады.

Арнайы қағидаларға: экологиялық бақылаудың тәуелсіздігі; экологиялық бақылаудың толық, нақты және жан-жақты жүргізілуі; мемлекеттiк экологиялық бақылаудың жариялылығы; экологиялық бақылаудың ережелер және әдiстерiнiң біртұтастығы; экологиялық бақылауды жүзеге асырудың жоспарлылық және үзiлiссiздiгi; мақсатты бағытталғандық; объективтілік; барлығының экологиялық бақылау органдары алдындағы теңдігі қағидалары жатады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Есжанов М.Е. Проблемы правового регулирования экологического мониторинга в Республике Казахстан: автореф. Канд. Юрид. Наук. – А., 1999. – 135 с.
  2. Сапаргалив Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы. – 1998. – 65 б.
  3. Мухитдинов Н.Б. Основы горного право. – Алматы, – 100 с.
  4. Алексеев С.С. Проблемы теории и права. – М., 1973. – 103 с.
  5. Еренов А.Е., Мухитдинов Н.Б., Ильяшенко Л.В. Правовое обеспечение рационального природопользования. – А., 1985. – 150 с.
  6. Игнатьева И.А. Принципы экологического законодательства // Государство и право. – 2003. – № 9. – С. 36-45.
  7. Қазақстан Республикасы Президенті. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасы: 2003 жыл 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы (күшін жойған) // Егемен Қазақстан. – 2003. – 4 желтоқсан.
  8. Петров В.В. Экологическое право России: учебник для вузов. – М.: Бек, 1995. – 450 с.
  9. Шемшученко Ю.С. Принципы экологического контроля и их правовая регламентация // Государственный и общественный контроль в области охраны окружающей среды (Тезисы республиканской научно-практической конференции) / Под ред. Ю.С. Шемшученко. – Киев: РДЭНТП, 1988. – С. 6-8.
  10. Бринчук М.М. Экологическое право: учебник. – М.: Юристь, 2004. – 650 c.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.