Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы бойынша мұрагерлік институтының өзекті мәселелері

Азаматтық құқық ғылымында мұрагерлік институты кең ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұрагерлік қазақ қоғамының қай кезеңінде болмасын өзектілігін жоймаған. Қазіргі азаматтық заңдар бойынша мұраны қабылдауда мына екі тәсіл қолданылады:

  • мұрагер мұралық мүлікті  иелену  немесе басқаруға іс жүзінде кіріскенде;
  • мұра қабылданғаны туралы мұра ашылған жердегі мемлекеттік нотариалдық кеңсеге жазбаша арыз бергенде. Заңды мұрагердің мұралық мүлікті иеленуге немесе басқаруға кірісуі мұра ашылғаннан кейін 6 айдың ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Мұрагердің мүлікті иеленуге дәлелі болып, мына төмендегілер саналады: үй басқармасының мұрагердің мұра қалдырушымен бірге тұрғандығы туралы немесе мұра қалдырушының мүлкін мұрагері алғаны туралы анықтамасы, мұрагердің мұра ашылғаннан кейін тұрғын үй бойынша салықты төлеп тұрғандығы туралы қаржы бөлімінің анықтамасы немесе салықты төлегені туралы квитанция, мұраны уақытында қабылдау фактісін анықтау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі және мұрагерлердің мұра қалдырушының мүлкін иемденуге кірісуін дәлелдейтін басқа да маңызы бар құжаттар [1].

Мысалы: 2010 жылы Түркістан қаласының мемлекеттік  нотариалдық  кеңсесіне  азаматша Қ.Асанова күйеуі қайтыс болғаннан кейін 3 жылдан кейін келіп, мұрагерлік құқық туралы куәлік беру жөнінде арыз жазды.

Жазбаша арызға қоса мұралық мүлікті қабылдағаны және басқаруға іс жүзінде кіріскені туралыкварталдықкомитеттіңанықтамасынтапсырды. Бұл анықтамада азаматша Қ.Асанованың мұра қалдырушының тірі кезінде және қайтыс болғаннан кейін де сол үйде тұрып жатқанын растады. Нотариус мұрагерге заң бойынша мұргерлік құқық туралы куәлік берді.

Мұрагерлік мүлікті иеленуге іс жүзінде кірісу ол мүлік қай жерде болмасын және қандай мұралық мүлік екеніне қарамастан мұрагер қабылдаған болып табылады.

Мысалы, азамат Т. Қалдыбаевтың тұрғылықты тұрағы асырап алушы анасының үйі болды. Анасы Б.Қалдарбекова 2008 жылдың наурыз айында қайтыс болғаннан кейін де ол осы үйде тұрып, оны күтіп-қарап, мұралық мүлікті иеленуге кірісті. Бірақ нотариалдық кеңсеге мұрагерлік құқық туралы куәлік беруді өтініп, мұра  қалдырушы  қайтыс  болғаннан   кейін 6 ай өткен соң барды. Қайтыс болған адамның мүліктері тұрғын үй мен жинақ банкісіндегі ақша жиынтығы болды. Заң бойынша мемлекеттік нотариус азамат Т. Қалдыбаевқа мұрагерлік құқық туралы куәлік берді.

Егер мұрагерлік мүліктің құрамына ақша жинағы кіретін болса, мұрагердің қолында жинақ кітапшасы болғанда, мұрагер мұралық мүлікті қабылдаған болып табылады.

Мысалы: қайтыс болған адамның жинақ кітапшасында 72000 теңге ақшасы қалды. Заң бойынша мұрагер нотариалдық кеңсеге мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң барып, мұрагерлік құқық туралы куәлік беруді өтінді. Мұралық мүлікті иемденуге іс жүзінде кіріскені жөнінде жинақ банкісінің анықтамасын көрсетті. Ол анықтамада мұрагердің қайтыс болған адамды жерлеуге 30000 теңге ақша алғандығы туралы белгі соғылған. Сондықтан да мемлекеттік нотариус мұрагерге заң бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік береді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1080-бабына сәйкес, мұраны қабылдап алған немесе ие болған мұрагер мұралық мүлік есебінен мынандай шығындарды жұмсауға құқылы:

  • мұра қалдырушы ауырған кезде оны күту, сондай-ақ оны асырау шығындарына;
  • мұра қалдырушының қарауында болған азаматтарды асырау шығындарына;
  • жалақы жөніндегі талаптар мен соған теңестірілген талаптарды қанағаттандыруға;
  • мұралық мүлікті қорғау және оны басқару шығындарына[2].

Мұрагердің мұраны қабылдағаны туралы екінші тәсіл-ол мұра ашылған жердегі мемлекеттік нотариалдық кеңсеге жазбаша арыз беру болып табылады. Арыз мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрғындағы нотариалдық кеңсеге жіберіледі. Онда арыз беруші адам өзінің атын, тегін, әкесінің атын және тұратын жерін толық көрсетуі керек.

Сонымен қатар арызда мұрагер мұра қалдырушының мүлкін қабылдайтынын, қайтыс болған адаммен туысқандық қарым-қатынасын, мұраның ашылған уақыты, мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрағын, мұралық мүлікті және басқа да мұрагерлер туралы көрсетеді.

Мемлекеттік нотариус түскен арызды қабылдап, мұрагерлік туралы кітапқа тіркеуге міндетті. Арызды мұрагер нотариалдық кеңсеге өзі келіп немесе почта арқылы жіберуіне болады. Егер арыз почта арқылы жіберілген болса, онда арызды қойылған қолдың дұрыстығы нотариалды куәландырылуы қажет.

Басқа мұрагерлері жоқ болған немесе олар мұраны қабылдамаған ретте ғана, мұрагерлік құқығы пайда болатын жақтар  мұраны  қабылдау туралы арызды мұраға ие болуға жол берілген-берілмегеніне   қарамай-ақ,   сол    мерзім ішінде бере алады. Яғни, мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейінгі 6 айдың ішінде мұраны қабылдау туралы өз еркін білдіре алады. Егер мұрагерлер осы уақыттың ішінде мұрагерлік мүлікті қабылдауға үлгермей, қайтыс болып кетсе, онда оның үлесі өзінің мұрагеріне өтеді.

Егер  заң  бойынша  немесе  өсиет бойынша мұраға ие болуға жол берілген болса және мұрагер мұра ашылғаннан кейін, белгіленген мерзімде оны қабылдап алуға үлгермей қайтыс болса, онда мұраның оған тиісті үлесін қабылдау құқығы оның заңды мұрагеріне ауысады.

Қайтыс болған мұрагердің бұл құқығын оның мұрагерлері жалпы негіздер бойынша мұраны қабылдауға белгіленген мерзімнің қалған бөлігінің ішінде жүзеге асырады. Егер мерзімнің қалған бөлігі 3 айдан кем болса, бұл бөлік Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің 1074-бабына сай 3 айға дейін ұзартылады. Егер мұраны қабылдауға белгіленген мерзім өтіп кетсе, онда мерзімнің өткізілу себептері сот дәлелді деп тапса, сот мерзімді ұзарта алады.

Мұрагерлік  құқық  қатынастарының  пайда болуының  негізі  мұра.  Мүраның бірденбір критериі меншік. Еліміздің Ата заңы, Конституциямыздың 26-бабының, 1-тармағында “Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады” деп мүлікке жеке меншік нысанын заңмен бекіткен. Осы аталған баптың 2-тармағында “меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі” деп көрсетілген.

Мұраға ие болу құқы туралы куәліказаматтық заңдардың нормаларына сәйкес мұраны қабылдаған мұрагерлерге беріледі. Мұра қабылдау мерзімін өткізіп алған мұрагер мұраны қабылдаған барлық өзге мұрагерлердің келісімімен мұрагерлік құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін. Бұл келісім мұраға ие болу құқы туралы куәлік берілгенге дейін жазбаша нысанда мәлімдеуге тиіс[3].

Мұраға ие болу құқы туралы куәлік алу үшін, мұрагерлер қайтыс болған адамның өлген күнін, мұраның ашылған жерін мұраға ие болу негіздерін дәлелдейтін құжаттарды, сондай-ақ заң бойынша мұраға ие болу үшін-туысқандық қатынастарды білдіретін куәліктер, егер еңбекке қабілетсіз және қарауында болса, соны растайтын анықтама қағаздарды тапсыруы қажет.

Мұрагердің мұра қалдырушымен туысқандық қатынасының дәлелі мыналар болады: балалары, жұбайы жөніндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінің куәліктері, туу туралы кітаптан үзінділер, төлқұжаттағы жазулар, туыстық және басқа да жақындық фактісін анықтау жөніндегі соттың заңды күшіне енген шешімдерінің көшірмесі.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1073-бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы куәлік мұраның ашылған жерінде, мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін 6 айдан кейін беріледі. Мұрагерлік құқық туралы куәлік тек қана барлық тиісті құжаттарды өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеген мұрагерлерге, олардың қалауларына қарай, бірге немесе әрқайсысына жеке-жеке беріледі.

Қазақстан Республикасы “Нотариат туралы” Заңының бабына сәйкес, мұраға ие болу құқы туралы  куәлікті-мұрагерлердің  жазбаша арызы бойынша мұра ашылған жердегі нотариалдық кеңсе береді.

Нотариус қорғаншылықта немесе қамқорлықта жүрген, кәмелетке толмаған немесе ісәрекетке қабілетсіз мұрагердің атына мұрагерлік құқық туралы куәлік берілгені жөнінде оның мүліктік мүддесін қорғау үшін мұрагердің тұрған жеріндегі және қамқоршылық органдарына хабарлайды.

Егер заң бойынша бір немесе бірнеше мұрагердің мұраны иеленуге тарту үшін негіз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердің келісімімен мұрагерлік құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін.

Мұрагерлік мүліктің белгілі-бір бөлігіне ие болу құқығы туралы куәлікті алған мұрагерлерге алғашқы берілген куәлікте аталмаған мұралық мүліктің басқа бөліктеріне құқық туралы келесі куәлік беріледі. Яғни, басқа мұрагерлік құқық туралы қосымша куәлік беріліп және бұрынғы берілген куәлік енбеген мұрагерлер келген жағдайда, олар мұраны қабылдаған барлық мұрагерлердің жазбаша келісімімен қосымша мұрагерлік құқық туралы куәлікке енгізілуі мүмкін.

Мұраға ие болу туралы куәлік берілгендігі үшін заң бойынша белгілі-бір мөлшерде баж салығы төленеді. Баж салығының мөлшері мұралық мүліктің түратын бағасына байланысты есептеледі. Бұл салықтан мына мұралық мүліктер босатылады: жеке қауіпсіздендіру шарты бойынша қауіпсіздендіру сомасы, кредиттік ұйымдардағы ақшалар жинағы, мемлекеттік займ облигациялары, авторлық ақы сомалары.

Сонымен қатар мұрагерлік құқық туралы куәлік берілгенде мына азаматтар баж салығын төлемейді:

  • егер қайтыс болған адам Отан қорғаудан қаза тапса, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқарып жүріп қайтыс болса, мемлекеттік меншікті немесе заң тәртібін қорғау жолында қаза тапса;
  • мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін мұрагер сол үйде тұрған болса, онда тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің пайы арқылы;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері барлық нотариалдық келісімдерді куәландырып, дәлелденгенде босатылады.

Жергілікті   нотариалдық  кеңсеге мәлімдегендерден басқа мұрагерлер жоқ екендігі жөнінде мәліметтер бар болса, мұраға заң бойынша да, өсиет бойынша да ие болған күнде мұрагерлік құқық туралы куәлік заңда  белгіленген мерзімнен бұрын берілуі мүмкін. Куәлікті алу үшін мұрагердің нотариалдық кеңсеге өзінің келуі міндетті емес, мұрагердің өтініші бойынша куәлік почта арқылы жіберілуі мүмкін.

Мұрагерлік құқық туралы куәлікте мыналар көрсетіледі: мұра қалдырушының тегі, аты, әкесінің аты, мұраның ашылған уақыты, мұрагердің тегі, аты, әкесінің аты, мұрагерлік мүлік құрамы, мұрагердің үлесі, баж салығының сомасы, регистр номері. Мұраға ие болу құқы туралы куәлікке мемлекеттік нотариус қолын қойып, нотариалдық мөрмен куәландырылады.

Жалпы мұра – қоғамның тірегі, ол қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік негізін айқындайды [4].

Мұрагерлік құқық әкеден қалған мұраны бөлуді реттестіріп, оған құқықтық (заңдық) сипат береді, оны жалғастыруға ықпал етеді.

Мұра мен мұрагерлік заңдарының қоғам дамуына ықпалы мол. Адамгершіліктен туындаған қағидалар, туысқандар арасына жік салмай, өзара тіл табыса алуға бейімдеген, арожданын, ата шаңырағын өзгелен биік қойған дүниелер,  «малым  –  жаным  садағасы, жаным – арым садағасы» деген принцип қазақ болмысынан терең орын алып, әке дүниесіне таласу өрескел қылық ретінде қаралған. «Әке дүниесі балаға дүние болмайды» деген қағида оның артында қалған мұраға таласуға болмайтынына үндейді. Осындай ұлттық психологиямызды аялай сақтап, оны ана сүтімен сәбилер діліне сіңіргеннен ұтылмаймыз, сондықтан адамдық құндылықтардың бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін ашып бергеніміз дұрыс деп есептейміз. Ол үшін мұра мен мұрагерліктің мәдени астарын, оның құрамдас бөліктерін жіктеп, олардың жеке-жеке орнын, өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын сарапқа салып түсіне білуіміз қажет.

Қазіргі заң талаптары әсерінен мұра мен мұрагерлікинституттарыөзарақандасағайындар арасында дау-дамайлар туғызып, жазылмайтын жараға, өшпенділік пен дұшпандыққа соғуы ықтимал. Сондықтан да ата-бабаларымыздың терең ойластырған мұра мен мұрагерлік жайлы  заңдарының   оңтайлы   механизмдерін мұра мен мұрагерлік заңымызға енгізу, тіпті кейбір тұстарын түгелдей сақтауды қалар едік. Қазіргі міндет мұра мен мұрагерлік мәселені шешудегі қабылданып жатқан нормативті актілерді мұрагерлік институттың реттеушілік, қорғаушылық, адамгершілік, әділдік жағына көбірек көңіл бөлген жөн. Себебі, мұрагерлік институт ол  ежелден  қалыптасқан  мәңгілік, біз оған тек ұлттық сипат берсек дейміз. Нәтижесінде, ұлттық қасиеттерімізді байытып, ұлттық санамызды арттыруға айтарлықтай үлес қосылды деп есептейміз.

Қорыта келгенде, мұрагерлік  құқық туралы заңдарға сүйене отырып, сот, нотариалдық кеңсе басқа да органдар әрбір азаматтың заңды мұрагерлік құқығын қорғап, оның өркендеуіне маңызды үлес қосады.

Қандас туыстар арасында мүдденің бір болуы,  өзара  жанашырлық,  жиған-терген  мүлікті ретімен, орнымен мұрагерлер арасында бөлінуінің ерекше маңызы болды. Оған ежелгі тайпалық қауымда өмір сүрген халықтардың өзі ерекше көңіл бөлген. Кейін ол тек әкенің өлген кезінде ғана емес көзінің тірісінде енші бөліп беру, әмеңгерлік қағиданы қатаң сақтау, мұраны бөлуде алауыздық болмауына ерекше мән берген.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары орындарына арналған акад. Курс. 1-том. – Алматы: “Жеті жарғы”, 2001 ж.
  2. Киреева Т.Т., Климикин С.И. Защита права собственности. – Алматы, 2000 г
  3. Глущенко П.П., Седов А.М. Основы нотариальной деятельности. Учебное пособие. 2-е изд. – С-Петербург, 2000. Большая советская энциклопедия. – М., 1976. Т.24, кн.1. 556 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.