Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауылшаруашылық өндірісін сақтандыру саласындағы құқықтық қатынастардың теориялық негіздері

Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Яғни сақтандыру сипаты бар келісімдерқұлиеленушілікқоғамдадакездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке, саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі. Келісімдердің ең басты мәні – теңіз кемелері және теңіз жүктерін тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі тұлғалар арасында бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі – Талмуд кітаптары да баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе, Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге  бұйрық  берді,  бірақ  не  болса  да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын: сақтандыру – тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете алмайды.

Сақтандыру пайда бола бастаған кезінде бастапқы түрлерінің негізінде өзара міндеттемелермен қамтамасыз етілетін өзара ұжымдық көмек болды.

Экономиканың дамуымен мүліктік мүдделердің артуынан сақтандыру ұйымдарының саны өсті, олардың шаруашылықтың басқа да салаларына салымдары және айналымдағы капиталы өсті. XVIII ғасырдың 60-жылдары басында Батыста 100 түрлі мүліктік және жеке сақтандырудың түрлері болды. Сақтандыру  дамып, экономиканың қажеттіліктеріне толық жауап берді және адамның барлық қызмет саласында сақтандыру жылдам тарады. Сақтандырудың түрлері мен әдістері уақыт қажеттілігіне қарай өзгеріп отырды. Мысалы, 1706 жылы өмірді сақтандыратын бірінші қоғам құрылған болатын, ал XVII-XIX ғғ. сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлері пайда болды, оларға малдарды сақтандыру, бұзу арқылы ұрлықтан, қаржылық шығындардан, жазатайым оқиғалардан сақтандырудың басқа түрлері де жатады.

Ресей империясының құрамына кірген Қазақстан аумағында сақтандыру жеткілікті деңгейде дамыған жоқ. Жергілікті қазақ халқының өмір салты  мен  шаруашылығы  (көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы), экономиканың және өндіріс күштерінің төмен деңгейде дамуы сақтандырудың  кең  тарауына жағдай жасамады. Егер сақтандыру келісімшарттары жасалса да ол тек қана Ресеймен шекараға шектес ірі қалаларда (Орынборда, Оралда, Атырауда және т.б.) және жер шаруашылығымен айналысатын аймақтарында жасалды.

Қазақстан халқының күнделікті өміріне және экономикасына сақтандырудың нақты енуі төңкерістен кейінгі кезеңде орын алды.

Кең   мағынада  «сақтандыру»   кез-келген нәрсенің жағымсыз       салдарынан                қорғануды білдіреді. Осы мағынада сақтандыру адамның өзімен және табиғаттың, сонымен қатар барлық тірі жанның ажырамас бөлігі ретінде пайда болды. Сақтандырудың алғышарттары болмыс,          адамдардың   арасындағы    қарым-қатынастар негіздерінде қаланған. Адам өмірі мен денсаулығы, оған тиесілі мүліктің тағдыры бұлтартпас           оқиғаларға    тәуелді           болады. Соңғылардың салдарына адамның қызметімен байланыстыматериалдықобъектілерұшырайды. Осы арада сақтандырудың жаңа түрі пайда болды, «өзін-өзі сақтандыру» немесе «дербес сақтандыру» олардың мәні адам ойда болмаған жағдайлар   мен оқиғалардың өндірістегі кідірістің алдын алу үшін материалдық және ақша қаражаттары құралдардың  қорларын құратындығында.  А.И. Худяковтың пікірінше, «өзін-өзі сақтандыру деп тұлғаның өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін дербес шаралар қабылдайтындығын түсінеміз. Осы сақтандыруда тұлға өзін-өзі сақтандырушы болып табылады. Аталған сақтандыру белгілі   бір зардаптың, қандай болмасын зиянды оқиғаның нәтижесінде (келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында) жағымсыз салдарын жою үшін қажет арнайы («сақтандырушы») табиғи және ақшалай қорларды жинауды білдіреді [1].

Сонымен қатар әртүрлі «өзара сақтандырулар» пайда болды. Қандай да болмасын қасіреттен бірнеше адамдар тобының бір-біріне көмек көрсету туралы келісімдері, өзара жәрдем кассасын құру арқылы. Осылай сақтандырудың екінші түрі пайда болды, оны қазіргі уақытта «өзін сақтандыру» деп атайды.

Сақтандыру – қазіргі таңда өмірдің әртүрлі аясында жиі кездесетін, түрлі жағдайлардың жағымсыз салдарынан азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғаудың бір тәсілі. А.В. Серебровскидіңайтуыбойынша:«Тәуекелді барынша  азайту  шаруашылық  қызметтің  иесі– адамның болашаққа сенімділікпен қарауына мүмкіндік береді. Осылайша, сақтандыру моральдық мағынаға ие, яғни ол адамның белсенділігін арттырады [22, с. 434].

Адамдар өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін өрттен, селден, опат болудан барынша сақтауға тырысады. Кәсіпкерліктің дамуы бизнес бойынша серіктердің сенімсіздігі, нарықтың өзгеруі, контрагенттердің дәрменсіздігі және т.б. жағдайлардың нәтижесінде зардаптардың пайда болу тәуекел дәрежесінің артуына әкелді. Бұл өз кезегінде сақтандырудың дамуына себебін тигізді. Уақыт өте осы қажеттіліктер азаймайды, керісінше азаматтардың мүліктік жағдайының өсуіне байланысты өзектілігі артады.

Бірте-бірте сақтандыру кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдарды бөле отырып, қоғамдық өндірісте қызмет етудің арнайы саласына айналды. Осыдан келе сақтандыру қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі пайда болды.

Сақтандыруды дамыту мемлекеттік бағдарламасында заманауи және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын құру көрсетілген. Бұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғайтын құрал болуы керек. Сонымен қатар тиімді сақтандыру жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болуға тиіс [2].

Бағдарламаға  сәйкес,   сақтандыру   саласы адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық қызметі.

Сақтандырудың дәстүрлі өтем ақылығынан басқа да қызметі көрсетілген. Қазіргі таңда сақтандыру жинақтаушы-сақтаушы қызметін жүзеге асырады.

Сақтандырудың маңыздылығын көрсететін бірнеше факторлар бар. Ол мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен мөлшеріне тәуелсіз      қоғам  мен      ұйымдардың  әртүрлі мүдделерін қорғауға қосымша мүмкіндік береді. Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді және тұрақты дамуына, халықтың әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүліктерін сақтандыруды жоғарылатуға жағдай жасау керек.

Мемлекет тағы да бұрын болған ауқымды әлеуметтік кепілдік жүйесін толыққанды қамтамасыз етуге дәрменсіз болды. Бұл ауыртпалық сақтандыруға  жүктелді.  Сонымен қатар кейбір мамандықтардың тәуекел дәрежесінің жоғарылауы байқалды, құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіптік) қылмыстылықпен бетпе-бет келді, техногенді апаттардың саны өсті. Нарықтың шарттарына сәйкес адамның өміріне және денсаулығына келтірілген зардаптың орнын толтыруына қандай да болмасын кепілдіктің болуы маңызды. Қауіптілігі жоғары қайнар көздер, соның ішінде көлік құралдары және т.б. келтірілген зардаптың орнын толтыру өзекті мәселелердің қатарына кірді.

Сақтандыру ісіндегі тәуекелді кезеңдері болып сақтандыру оқиғасының орын алуы мен осы сақтандыру жағдайы нәтижесінде зардаптың пайда болу тәуекелі табылады. Осындай тәуекелдерге сақтандыру құрылымы есептелген: сақтандыру оқиғасының болуы да, болмауы да мүмкін, сақтандыру оқиғасы болса да зардаптар болуы не болмауы мүмкін. Сақтандыру сүйенетін тәуекел санаты, зиянның және оның нақты болуы мүмкіндігі жағдайында сақтандыру жағдайының болжамаған оқиғасының орын алуын білдіреді.

Сақтандырудың терең тарихи тамыры болғанымен, осы уақытқа дейін осы ұғымның нақты ғылыми анықтамасы болған жоқ және сақтандырудың табиғаты мен шекаралары айқын болмаған. Сақтандыру күрделі, тұрақты дамитын құбылыс ретінде негізделеді.

«Сақтандыру» ұғымы көп қырлы болып келеді және әртүрлі мағынаға ие болады. Сақтандыру теориясында сақтандыру түсінігіне байланысты әртүрлі даулар туындайды: оны тәсіл, нысан, әдіс, реттеуші, шаралардың немесе құқықтық қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді [3].

Орыс тілінде «сақтандыру» сөзі әртүрлі мағыналарға  ие  болады.  Ең  кең мағынасында «сақтандыру» сөзі бір нәрсенің жағымсыз зардаптан қорғануы ретінде алынады. Салыстырмалы мағынада сақтандыру Ожеговтың орыс тілі сөздігіне сәйкес белгілі жағымсыз, қаламаған бір нәрседен қорғауды білдіреді. Арнайы мағынада сақтандыру зиян орын алғанда ақшалай төлемді төлейтін арнайы мекемеге мерзімді жарналарды енгізу жолымен мүмкін зияннан сақтануды қамтамасыз ету ретінде ұғынылады.

Кеңестік уақытта сақтандыру шаралардың жүйесі арқылы анықталды. Үлкен кеңестік энциклопедиясында сақтандыру – табиғи апаттар, жазымдар және өзге де оқиғалар нәтижесінде төленетін ақшалай төлемдер зиянды толтыратын ақшалай (сақтандыру) қорларын құруға байланысты шарарлар жүйесі [4].

Осы анықтамаға ұқсас сақтандыру саласындағы мемлекеттердің монополиясын көрсететін, бірақ сақтандыру қорын құру үшін негізгі құрал ретінде ақшаға нақты нұсқаумен, 1984 жылы Заңи энциклопедия сөздігінде: «мемлекеттік сақтандыру – табиғи апат күштерінен, жазатайым оқиғалармен немесе басқа жағдайлардың болуынан материалдық зиян, сонымен қатар басқа ақша төлемдерін төлеуін мамандандырылған мемлекеттік сақтандыру ұйымдары қаражат алатын қатысушылардың жарналарынан құрылған арнайы ақшалай (сақтандыру) қорын құруға байланысты шаралардың жиынтығы.

Сақтандыру – бұл тек табиғи апаттар мен өндірістік жарақат немесе басқа да кездейсоқ жағдайлардың орын алуы кезінде келтірілген зияндарды           өтеуге арналған  арнайы  ақша қорларын (мемлекеттік немесе жеке) құру ғана емес, (экономикалық санат ретінде), біріншіден, экономикалық қатынас, мұнда субъект ретінде сақтанушы мен сақтандырушы болады, сақтандырушы сақтандыру сыйақысы төлемі түрінде сақтандырылған тұлғаның сақтандыру қорғанысын материалданған сақтандыру төлемімен қамтамасыз етеді. Сақтандыру қатынасы жоқ болса, сақтандырудың өзі де болмайды» [5]. Қоғамдық қатынас ретінде сақтандыруды түсіну   кең   мағынадағы   ұғымнан сақтандыру ұғымын шектеуге (сақтандыру тар мағынаға) әкеледі, ал кең  мағынадағы  сақтандыруға біздің зерттеу пәні болып табылмайтын әлеуметтік сақтандыру сияқты  сақтандыру түрін жатқызамыз. Әлеуметтік сақтандыру жария және көбіне міндетті сипатта, қоғамдық мүдделерді көздеп және келісімсіз нысанда жүзеге асады.

Заңгер ғалымдар сақтандырудың анықтамасын кейде сақтандырудың экономикалық табиғатын жоққа шығарып заң категориясы ретінде қарастырады.

Ю. Фогельсон бойынша:  «Сақтандыру  – бұл сыртқы жағымсыз факторлардың әсерінен ақшалай сомасын төлеу арқылы адамдар мен ұйым мүдделерін қорғау нысаны». М.И. Брагинский сақтандыру мәнін «жауапкершіліктің бөлінуі» ұғымы арқылы нақты ашты.

Көрсетілген пікірталасты А.И. Худяков аяқтады, ол өзінің зерттеуінде мынаны атап көрсетті: «Осыған байланысты «сақтандыру құқықтық  мағынасында»  әрқашан   аз   немесе көп деңгейде экономикалық санатқа тән сақтандыру белгілеріне негізделеді. Бұл құқықтық мағынадағы сақтандырудың анықтамасы сақтандыру заңдылығы берген түсіндірмесін қолданумен көрініс алады. Ал сақтандыру заңнамасы экономикалық санаттағы сақтандыруға сай келуі тиіс. Егер де заңнама экономика талаптарына  жауап  бермесе, ерте ме кеш пе сәйкессіздік анықталып, сақтандыру қызметінің сапасына әсер етеді және заңнамаға сәйкесінше түзетулер енгізуді талап етеді.

Сонымен қатар сол уақыттан бері мемлекет қабылданған құқықтық нормалар арқылы сақтандыру қатынасын реттеуді жүргізе бастады, бұл реттеу сақтандырудың объективті сипаттамасының элементі болып, сақтандыруды жүзеге асыруда өз ізін қалдырды. Бұл сақтандыруды «экономикалық мағынада» өзі қолданатын құқықтық шындыққа тәуелді етеді.

Сондықтан сақтандыру «экономикалық мағынада» әрқашан қандай да бір деңгейде сақтандырудың «құқықтық мағынасымен» байланысты және керісінше болады.  Қазіргі  таңда  сақтандырудың  «экономикалық» және «құқықтық» мағыналарының әртүрлі түсініктерінің болуы тәжірибе немесе теория жүзінде айқандалған деуге болмайды [6].

Құқықтық мағынадағы сақтандырудың анықтамасы  2000  жылдың  18   желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 4-бабында көрсетілген:  «Сақтандыру  өз  алдына   жеке  немесе заңды тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін келісімде көрсетілген сақтандыру жағдайларының орын алған кездегі сақтандыру ұйымдарының өз актив шоттарынан сақтандыру төлемі арқылы қорғау бойынша қатынастар кешені болып табылады» [7].

А.И. Худяков өзінің зерттеуінде бұл анықтаманың оң және теріс жақтарын байқаған. Оның пікірінше, «берілген анықтама көптеген қателіктерге толы. Біріншіден, сақтандыру қатынастардың кешені ретінде анықталады. Екіншіден, қарастырылып отырған анықтама сақтандыруды жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауға әкеледі. Үшіншіден, осы анықтамадан шығатыны – сақтандыру жағдайы болмағанда сақтандырудың жүзеге асу мүмкіндігі. Төртіншіден, берілген анықтама Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру жағдайы орын алғанда ғана сақтандыру төлемін алу негізі көрсетілген сақтандыру келісімшарты анықтамасына қайшы келеді» .

Біз А.И. Худяковтың пікірімен тек бір жағдайдан басқа толықтай келісеміз. Сақтандырудың заңнамалық анықтамасына әділ сын деп келесіні  есептейміз:  әрине,  сақтандыру тек жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауға ғана  бағытталмаған. Біздің жағдайымызда ауыл шаруашылығы саласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, мемлекеттің мүдделері бар. Сонымен қатар жеке немесе заңды тұлғаларға жатпайтын шаруа, фермерлік шаруашылығының заңды мүдделері назардан тыс қалмауы және де анықтамада келісімшартпен белгіленген басқа да абстрактілі жағдайлар емес, тек сақтандыру жағдайлары көрсетілуі тиіс.

Анықтамада тек «сақтандыру жағдайларын» ғана көрсету керек, алайда «сақтандыру жағдайы» ұғымын анықтау қажет. Сонымен, осы анықтама мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру жағдайы орын алғанда ғана  сақтандыру төлемін алу негізі көрсетілген сақтандыру шарты анықтамасына қайшы келмейтін болады (АК,803б.1т.).

Сонымен қатар қаралып отырған анықтаманың кемшілігі ретінде тек мүліктік мүдделердің қорғалуының ғана көрсетілуі, субъектілердің мүліктік емес мүдделері де қорғалуға жатуы тиіс.  Ю.Б.  Фогельсон  Ресей  Федерациясының

«Ресей  Федерациясындағы   сақтантандыру ісін ұйымдастыру туралы» Заңында бекітілген сақтандыру анықтамасын талқылай келе: «тек мүліктік мүдде сипаттамасы туралы талаптардан басқа, ол кейбір деңгейде анохронизм болып табылады, дегенмен де сақтандырудың қазіргі көріністеріне толық жауап береді», – дейді. Мүліктік мүдде – бұл тұлғаның затқа деген мүліктік құқығына байланысты мүдде. Қазіргі заңнама жүйелері азаматтардың құқықтық объектілеріне   материалды   емес   игіліктерді де жатқызады – денсаулығы, өмірі және т.б. Сақтандыру қорғанысы осы игіліктерге байланысты мүдделерге де қолданылады».

Ауылшаруашылық өндірісі саласындағы сақтандыру өз алдына сақтандырудың бөлігін құрайды, демек, сақтандыруға тән негізгі белгілер осы сақтандыру түріне де тән. Бірақ аграрлық сақтандыруға ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ерекшеліктермен   байланысты өзіндік ерекшеліктер тән.

Сақтандыру жағдайы  –  сақтандыру шарты сақтандыру төлемін қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы табиғи әсер, техногенді сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтық және ықтималдық белгілерін иемдену керек. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт тараптарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, егер соңғысы орын алса ол жағдай кездейсоқтық болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын жағдайларға қолданылмайды. Сақтандыружағдайларыныңтүрізаңактілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттармен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады.

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Худяков А.И. Страховое право Республики Казахстан. – Алматы, 2008. – 456 с.
  2. Государственная программа развития страхования в Республике Казахстан на 2000-2002 годы // Казахстанская правда.– 2000, декабря-5.
  3. Шиминова М.Я. Государственное страхование в СССР. – М., 1997. – С. 29.
  4. Большая советская энциклопедия. – М., 1976. – Т.24. Кн.1. – 556 с.
  5. Крутик А.Б., Никитина Т.В. Организация страхового дела. – СПб.: Бизнес-пресса, 1999. –17 с.
  6. Брагинский М.И. Договор страхования. – М., 2000. – 525 c.
  7. Закон Республики Казахстан «О страховой деятельности в Республике Казахстан» – №322-323. // Егеменди Казахстан – 2000, от 22 декабря

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.