Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ әдет-ғұрып құқығында шарттық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың ерекшеліктері

Еуразияның Батыс Сібір және Орталық Азия бөлігінде ХІ-ХІІ ғасырларда тайпалармен тайпалық  бірлестіктердің  интеграциялану нәтижесінде қазақ халқы қалыптасып, ХІХ-ғасырда Қазақ хандығының құрылуымен аяқталды. Сол жайлаулы кеңістікте руханилық пен әдептілік қағидалары негізінде түрік этносының   тілдік мәдениеті  қалыптасып   өз бекінісін тапты. Олардың ішінде қазақтың әдетғұрып құқығы ерекше орын алды. Ұзақ даму жолынан өткен қазақ әдет-ғұрып құқығы көптеген факторлардың әсерімен қалыптасты, олардың ішінде руханият пен әдептілік қағидалары ерекше орын алды. Қазақ қоғамының көшпелі өмір салты кең даланы игеруге септігін тигізді. Бұның өзі аса төзімділікті және қазақ қоғамының     саяси және әлеуметтік экономикалық өмірінің қалыптасуының негізі болған жоғары руханилық қағидасын талап етті. Осылардың негізінде құралған көшпенділік өмір әрбір мүшесінен әділеттілікті, қонақжайлылықты, еріктілік пен жасы үлкенді сыйлау, сондай-ақ, бейбітсүйгіштік пен бір-біріне қол ұшын беруге талпыну сияқты қасиеттерді қалыптастырды. Мұның бәрі басқа құқықтық жүйелерден ерекшелене түскен қазақ әдет-ғұрып құқығында көрініс тапты. Қазақ халқымен өмірлік тұрмыс жағдайларының әсерімен  өңделген  әдетғұрып құқығы халықтың жалпы құқықтық көзқарастарын қамтып, көптеген ғасырлар бойы оны бірауыздан сақтау арқылы жүзеге асырылды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығында дәстүрлі сипатпен қатар өмір ағымына қарай өзгеру қабілеттіліктері де көрініс табады. Бұл орайда  академик  Зиманов  былай  деп  жазады:

«Қазақ құқығының Қазақстанның кеңбайтақ даласында  болып  өткен  барлық  өзгерістер мен революцияларға қарамастан алғашқы кейпінде өмір сүргіштігі оның негізінде, оның құқықтық жүйесінде адамның ерікті, шынайы бостандығының, яғни адам мен адамзаттың ұдайыталпынысынаүндесрухани идеалдаржәне қағидалар жатқандығымен түсіндіріледі. Бұл – қазақ құқығының узурпаторлар қанжалдарынан мен олардың режимдерінен бекем болуының ең бірінші себептерінің бірі» [1, 38 бет.].

Осындай пікірлерді атай келе, қазақ қоғамы өмірінің реттеушісі болған қазақтардың әдетғұрып құқығының ғасырлар бойы өмірдің талай ағымына төзіп келуін:

  • руханият пен әдептілік қағидаларын дәріптейтін тайпалық және қауымдық өркениеттің құқықтық әдет-ғұрпын ұзақ уақыт бойы қолданылуымен;
  • адамның рухани болмысы мен әділдік және бостандыққа талпынуымен;
  • халықтың өзіне анағұрлым жақын шаруашылық-тұрмыстық көзқарасын қалыптастыруға әсер ететін көшпенді өмір сүру ерекшеліктерімен сипаттауға болады.

XIX ғасырдың ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің қара сөздерінде әділеттілік пен құнықтылыққа негізделген нормалар халықпен мұқият сақталатын дәстүр мен әдет-ғұрып түрінде қызмет етіп өмір сүреді, сондықтан да олар ғасырлар бойы тәжірибелік мәнді және қолданымды деп атап көрсетеді. Қазақ қауымының  өмірін  реттеген  әдетғұрып құқықтық нормалардың гуманистік идеяларының жариялығын Абай қазақ халқының жоғары руханияттылығынан көрді. Қазақ даласында патшалық текен феодалдықтуыстық қатынастар жағдайында да Абай түрік тілдес көшпенді өркениеттің рухани тереңдігін тиісінше бағалай білді және солардың ішінде қазақтардың әдет-ғұрып құқығын атап көрсетеді. Абай адам бостандығы толық болуы тиіс, демократиялық бостандық болмаған жерде экономикалық бостандық та болмайды деп көрсетеді [2, 160 б.].

Өндіріс пен тауар айырбастаудың тұрмыстық және шаруашылық мұқтаждықты қанағаттандыру қажеттілігімен анықталатын шынайы патриархалдық сипаты қазақтың әдетғұрып құқығының шарттық нормаларының қалыптасуына септігін тигізді. Ешбір қоғам оның экономикалық даму деңгейіне қарамастан тауар айырбастау, материалдық өнімді иемдену аясындағы қатынастарсыз және оларды реттеу әдістерінсіз өмір сүре алмайды. Қауым мүшелері арасында жасалып жатқан келісімдер оның тұрмысының әртүрлі тараптарына қатысты болып, жоғары руханият қағидасына негізделді. Билердің міндеттемені бұзуға байланысты даулар бойынша шығарған шешімдері әдет-ғұрып құқықтық нормалар негізінде жасалып, аса даналықпен, әділеттілікпен ерекшеленді.

Сонымен қатар, қалыпты қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеген әдет-ғұрып құқықтық  нормалар  ғажап  еді,  себебі   олар бір жағынан, өзінің ішкі байланысы бойынша біртекті болса, екінші жағынан, басқа нормалармен сыртқы байланыста болып, қоғамдық қатынастардың басқа да аяларында қолданылуы әбден мүмкін еді (мысалы, қылмыстық не отбасылық). Осыған орай, қазақ қоғамында шарттық қатынастарды реттеген құқықтық нормалардың ерекшеліктерін – олардың әмбебаптылығын бөліп қараған жөн болар.

Қазақ хандары әлсін-әлсін әдет-ғұрып құқығын кодификациялауға тырысып отырды. Мәселен, қоғамдық санада шынайыланған әдетғұрып құқығы нормалары қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеген құқықтық нормалардың болғандығына жарық түсірген Қасым  ханның  қасқа  жолы  және  Жеті жарғы сияқты жазбаша әдет-ғұрып құқығында өз көрінісін тапты.

  • ғасырда пайда болған Қасым ханның қасқа жолы біздің уақытқа дейін толық көлемде сақталмаған, дегенмен бұл тарихи құжаттың сақталыпқалғанүзінділеріөткенжүзжылдықтың қазақ ағартушылары мен орыс зерттеушілеріне белгілі бір көлемде оны қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бұл құжаттар ғалымдардың оның мазмұнын анықтап, қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды  реттеуге  байланысты белгілі бір мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Еркін Әбіл Қасым ханның қасқа жолы бес бөлімнен тұрды және құқықтық дәстүр салттарының қолданылу біртектілігіне қарай кодификацияланған деп көрсетеді. Олардың бірі сатып алу-сату, айырбас, қарыз, сыйлау шарттары сияқты шарттардың жекелеген түрлерін жасау мен орындауға байланысты  нормаларды шолып өтетін міндеттемелік қатынастарды реттеуге бағытталған  бөлім  болып  табылады. Бұл міндеттемелік қатынастардың ерекшелігі сол патриархалдық-шынайы қатынастар жағдайында қатынастар жекелеген әлеуметтік қоғам ішінде пайда болатындықтан, қауымаралық не олардың ішіндегі қатынастар реттеліп отырды [3, 100 б.].
  • ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы әдет-ғұрып құқығының кодификациялануының мысалы ретінде Тәуке ханмен жасалған "Жеті жарғы" деп аталған әдет-ғұрып құқықтық жинақты атап көрсетуге болады. Ол өткен жүзжылдықтардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі ресми жинақтарының бірі болып табылады.

Бұл жөнінде Н. Усеров Тәуке хан үш жүзді біріктіруге, қазақ қоғамындағы мемлекеттік бастаманы  күшейтуге   тырысты,   сондықтан да болар бұл жинақта айырбас қатынастарын реттейтін нормалар жоқ. Бұл жинақта Тәуке хан қазақ қоғамының дамуының ерте кезеңіндегі құқықтық салт-дәстүрді кодификациялап қана қоймай, көшпелі қоғамның жаңа жағдайларын да көздегендігін көрсетеді [4, 17 б.].

С. Өзбекұлы өз еңбектерінде Тәуке хан қазақ халқының көрнекті мемлекеттік қайраткері болды деп көрсетеді. Қазақ даласына жоңғар қалмақтарының  қысым  көрсету   алдында қазақ қауымының бірігуінің тарихи мәнін ұғынған  ол  біртұтас  жинақ  жасауға    талпынды. Оның мақсаты бір ресми құжатта әдетғұрып құқықтық нормаларын біріктіру болды, әрине, басым күш қылмыстық құқық нормаларына салынды. "Жеті жарғы" жеті бөлімнен тұрды, ол жесір мен жетімнің жеке құқықтары мен туыстары және қауымның оларға қатысты мінеттемелерін реттеуге арналған міндеттемелік мүліктік қатынастарды бекітті деп көрсетеді. Бұл ескі ескерткішті зерттеген зерттеушілер оның үш бөлімнен тұратындығын атайды: біріншісі, қазақтардың ескі әдет-ғұрып құқығы (Қасым ханның қасқа жолы);  екіншісі,  Есім хан заңы және үшіншісі, Тәуке хан тұсында қабылданған заңдар. С. Өзбекұлы: "Жеті жарғының әрбір тармағы қазақтың тәжірибелік қоғамдық өмірінің көрінісі ретінде және ұлтты қорғау үшін, көшпенді өмірдегі қоғамдық қатынастарды реттеу үшін пайда болды", – деп жазады [5, 17-30 беттер].

Жеті жарғының мәні сол, Тауке хан барымта, қауымнан қудалау, қандық кек алу сияқты дәстүрді шектеу, әдет-ғұрып құқығы нормаларын реформалауға тырысты. Бұл жинақ шарттық қатынастарды  Қасым  хан  заңына   қарағанда аз қамтиды, себебі ол, негізінен, мемлекеттік билікті күшейту мақсатында құрылды. Мысалы, Қасым хан жинағында айырбас қатынастары туралы, олардың қатысушылары кім болатындығы туралы жеткілікті айтылған.

Қазақ қоғамында шарттардың болғандығы туралы анағұрлым ауқымды мәліметтер Ш.Уәлиханов, Н. Гордекова, А.И. Левшин сияқты қазақ және орыс ғалымдарының еңбектерінде көрініс табады. Олар қазақ қауымында жасалып отырған шарттар жүйесінің нақты әрі реттелген күйде,  оның  мән-мағынасы,  түрлері мен нысандары туралы, сондай-ақ бұл қатынастардың объектісі мүлік болғандықтан, бұл қатынастар тек мүліктік сипатта көрінетіндігін куәландырады. 1886 ж. Семей статистикалық комитетімен жинақталған қазақтың әдет-ғұрып құқығының материалдары  Рим және Ресей империясындағы мүлік  жылжитын және жылжымайтын болып бөлінген жоқ. Көшпенділік  өмірдің   негізгі   құндылығын мал құрады. Сондықтан да мал және басқа да мүлік деп бөлінді. Қырғызша мал – байлық, ал қалғандары жылжитын және жылжымайтын мүлік. Бұл құжаттарда қырғыздардың мүліктік қатынастары  тауып  алу,  мұраға  қалу,  сыйлау шарттары құқықтық фактілер мен мәмілелерге негізделетіндігі көрсетіледі. Осылардың ішінде анағұрлым  жиі  кездесетіндері:  1) мұраға алу жолымен, яғни ата мұрасы; 2) өз-табасы, яғни игілікке ие болу; 3) бұрышты мал, яғни азаматтық мәмілелер (сауда-саттық, құда түсу, жалдау). [6, 464 б.]. Бұдан қазақтың  әдетғұрып құқығында мүліктік құқықтықтарға ие болу негізі ретінде келісім-шарт қаралғандығы анық екендігін көреміз. Олар еркіндік қағидасы негізінде жасалып, шынайы және тиісті негізде бұлжытпай орындалатын.

Бұдан басқа шарттар қалыңмал мен құда түсуге байланысты отбасылық қатынастарда қолданылды. Жетісу облыстық баспаханасында жарық көрген қырғыздың әдет-ғұрып құқығы жинағында: «Неке – әйелді некелік бірге тұру үшін алу мақсатында жасалатын шарт», – деп тікелей айтылған [6, 393 б.]. Некенің негізгі нысаны ретінде қалыңмал төлеумен болатын неке болса, келісімшарттың негізгі шарттарының бірі қалыңмалдың, той шығындарының және төсекорын көлемі туралы болатын.

Некеге тұру келісімшарттың негізінде жүзеге асырылғандығын Өскемен халық соттары мен Семей уездерінің 1896 ж. Ережесінде: «Қырғыздарда құдалар бір-бірімен киіт деп аталатын сыйлықтармен алмасуы тиіс, олардың құндылығы болашақ ерлізайыптылардың атааналарының жағдайына және қалыңмал көлеміне байланысты. Киіт алу оны алғанды қалыңмал төлеуге міндеттейді», – деп тікелей жазылған. Бұл некеге тұрған кезде міндеттемелік шарттың қолданылғандығын куаландырады [6, 208 б.].

Ал 1884 ж. қабылданған Ереже некеге тұру шарттарын анықтады. Ол «Неке шарты құдалар бірге құйрық бауыр жеген кезде жасалды деп есептеледі» дегенді білдірді [6, 78 б.]. Сонымен қатар нақ осы Ереже неке қатынастарын реттеген әдет-ғұрыптық нормаларға елеулі өзгеріс енгізді. Бұл, ең алдымен, әмеңгерлік институтының мәнін жойды. Енді бұдан былай жесір әйел күйеуінің бауыры не бір туысына шығу-шықпауды өзі шешетін болды.

Қазақстанның Ресейге қосылғанға дейін қазақ қоғамындағы шарттар қауым мүшелелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық сипатта көрінді және олардың  түрлері  де  шектеулі  болды.  Ал   Ресейге қосылғаннан кейін тауар айырбас аясы кеңейгеннен, құқықтың жаңа қайнар көздері пайда бола бастағаннан кейін шарттық қатынастарды реттеу қарқыны құқықтық шарттардың жаңа түрлері пайда болу түрінде арта түсті. Азықты алу және айырбастауға байланысты қатынастардың реттеушісі ретінде сатып алу-сату шарты қалыптасты. Егер бұрын бұл шарт түрі қазақ қауымының тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса, ендігі ретте оның негізгі мақсаты пайда табуды көздеген коммерциялық сипатқа ие болды. Шарттың пәнін мал құрады. XIX ғасырдың аяғында жасалған «қырғыздардың әдет-ғұрып құқығы жинағынан» шарттық қатынастарды реттеген салт-дәстүрлер сатып алу-сату шартын жасау нысанын ғана емес, шарттың пәні, құны, шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарт талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік те көзделгендігін көруге болады. Мәселен, «Сатушы сатып алушыға сатылып жатқан заттың өзіне белгілі кемшіліктерін айтуға тиіс немесе оны мұқият қарап алуды ұсынады, сол арқылы мәміле жасалғаннан кейін өзінен алатындығын ескерте отырып түсіндіреді. Сатушы бұл талаптарды сақтамаған жағдайда сатып алушы заттың кемшіліктерін байқаған жағдайда мәмілені бұзуды талап ете алады» делінген [6, 415 б.].

Қазақтың әдет-ғұрып құқығында қарыз, жалдау және сақтау шарттарының қолданылғандығы да анық. Бұл жөнінде С.З. Зиманов өз еңбегінде былай деп жазады: «қарыз қатынастарының дамуы салымдардың тарауымен тығыз байланысты болды. Ақшалай алымдарды төлеу немесе өзге де қажеттіліктері үшін қатардағы қазақтар байлардан сыйақысын төлеуді келісе отырып, ақша алатын. Жылдық сыйақы көлемі ссуда көлемінен  асып  түсетін.  Саудагерлер көп жағдайда мұқтаж қазақтарға қарызға нан беретін, есесіне ол сол қарызын өтеу үшін белгілі бір уақыттта оның шаруашылығында жұмыс істеуге міндеттенетін. Мұндай байланыс қарыз берушіге ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңінде жұмыс күшін пайдалану үшін тиімді болды» [7, 54 б.].

Қарыз шартының қолданылғаны жөнінде Т.М. Культелеевтерастайды. Ол:«XIXғасырдың екінші жартысында жарық көрген әдет-ғұрып құқығы  жинақтарынан  біз  Қазақстанда  тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты нормаларды байқаймыз. Шарттардың жаңа түрлерін реттейтін нормалар пайда болды. Соның ішінде осы ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ссуда шарты ерекше даму алды» [8, 301 б.].

Қазақ әдет-ғұрып құқығында сол сақтау шартын  білдірген  аманат  деген   ұғым   пайда болды. Бұл жөнінде 1824 жылы Омбы уақытша комитетімен дайындалған қырғыз заңдар жинағында аманат шартының мазмұны анықталған: «Егер де бір адамға сақтауға бір нәрсе беріліп, ал ол болса оны тығып не жасырынатын болса, ол үшін сол ел ішінде сыйлы адамның бірі ант-су ішіп, ал басқа бір туысы антын қабылдайды, ал егер ант кері шақырылса кінәлі сақтауға  берілгеннің  бәрін  өтеп  беруге тиісті болады. Ал, егер де ол үшін берілген ант ақталып, артынан оның шынымен затты жасырып қалғандығы анықталса, ол ұрлыққа саналып, ол үшін қосымша 9 мал айыппұл төлейді», – деп анықталады [6, 74-75 бб.]. Міне, осы тұжырымдар мен  жинақтар нормаларынан қазақ қоғамында келісімшарттар кеңінен қолданылғандығын көреміз.

Мазмұнын өзара құқықтар мен міндеттер құраған міндеттемелік қатынастар шарттардың пайда болуының негізін құрады. Шарттардың көпшілігі ауызша нысанда жасалатын. Тек экономикалық қатынастардың дамып, халық арасында тауар айырбастаудың кеңейуімен шарттар бірте-бірте жазбаша нысанға көше бастады. Шарттарды жасап орындау рухани қағидаларға тараптардың әдептілігіне негізделіп тіптен күмән тудырмайтын. Шарттар ауызша түрде жасалатын болғандықтан, олардың жүзеге асатындығының кепілі ретінде куә қатысатын. Шарттың ауызша нысаны әдет-ғұрып құқығында береке деп аталатын [9, 280 б.].

Қазақ қоғамында шарттардың  орындалуын қамтамасыз еткен нормалар да болды. Олар шарттың талаптарын орындамағандығы үшін шараларды қамтыды.

Қазақ қоғамында шарттық қатынастарды реттеген әдет-ғұрып құқығы нормаларын талдай келе келесідей қорытындылар туындайды:

  • әдет-ғұрыптық шарттық құқық  белгілі бір қисынға, ішкі байланыс пен басқа нормалармен өзара байланысқа бағынатын нормалар жиынтығын құрады;
  • шарттық қатынастарды реттеген әдетғұрып құқығы  нормалары  өздерінің  мазмұны бойынша әртүрлі қатынастарда қолданылуы олардың әмбебаптығын көрсетеді;
  • қазақ қоғамында  қолданылған   шарттар түрлері көп болмаса да олар қазақ қауымы тұрмысын толықтай дерлік реттеп отырды;
  • қазақ қауымында  қолданылған  шарттар ауызша келісім түрде қолданылды. Бұл тараптардың бір-біріне берген сөзінің өзі заң болғандығын көрсетті, өйткені әдет-ғұрып бойынша адамның ар-намысы мен беделі жоғары құндылық ретінде қаралды. Ауызша куәліктің өзі шарттың сақталатындығына кепіл болды.

Осыдан келіп қазақ қоғамының шарттық құқығының мазмұны жағынан бір ғажайып, демократиялық екендігін көруге болады. Бұл қазақтың әдет-ғұрып құқығының құқықтық жүйесімен анықталды. Ол қазақ этносы өмірі ерекшелігін, шаруашылық жүргізу, тауар алмастыру барысын сипаттайды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Зиманов С.З. Древний мир права казахов и его истоки /Древний мир права казахов атты кітабында. – Алматы,
  2. Абай. Нақыл сөздер. – Алма-Ата, 1983. – 160 б.
  3. Әбіл Е. История Государства и права Республики Казахстан. – Астана, 2000. – 100 б.
  4. Усеров Н.У. Исследование правового памятника Жеті Жарғы: автореферат. – Алма-Ата: АН КазССР, – 24 б.
  5. Өзбек ұлы С. Хан Тауке и правовой памятник «Жеті жарғы». – Алматы, 1987. – 88 б.
  6. Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы,
  7. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIII и первой половины XIX веков. – Алма-Ата, – 296 б.
  8. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. – Алматы, 1995. – 301 б.
  9. Материалы по истории государства и права Казахстана. – Алматы, 1994. – 280 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.