Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі мен заты бойынша саралау мәселесі

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі мен заты бойынша саралау күрделі мәселелердің бірі, бір жағынан олардың жеке ерекшеліктерін ашу керек, екінші жағынан ажырата білу керек.

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың көпшілігінің диспозициясын қарастырсақ, онда «талаптардың немесе ережелердің бұзылуы» деген сөздердің қолданылуын көп байқауға болады, ол осы қылмыстардың тобын басқару тәртібіне қарсы қылмыстармен ұқсастырады. Осындай мәселелер қылмыстардың қате саралануына алып келеді. Сонымен қатар, қосымша объект ретінде экологиялық қауіпсіздікке қол  сұғатын  қылмыстардың  объектісі денсаулық болғанда оны жеке адамға қарсы қылмыстардан ажырату мақсатында объектіге қатысты қатаң талаптар қойылуы тиіс [1].

Қылмыс объектісі мәселесі қылмыстық құқықтағы ең күрделі және даулы болып табылады. Қазіргі күнге дейін ғалымдар арасында қылмыс объектісі ретінде не танылады деген сұрақ бойынша пікірталастар жүріп жатыр.

Қоғамдық қатынастарды талдай келе, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов қатынастың әлеуметтік нысаны қалыпсыз дей отырып, тұлғаның жеке қатынастарын (жеке) және қоғамдық қатынастарын (жалпы) бөледі. Жеке қатынастар жеке адам мен қоғамдық қатынастардың диалектикалық біркелкілілігі. Тұлғаның жеке қатынастарында оның жеке қызметі орын алады. Бұл қатынастарда ол өзінеөзі қарсы тұрады. Ондай қатынаста ол объекті де субъекті де өзі болады. Осындай байланыста жеке қатынастар тұлға объект және субъект бір бүтін өзі болады. Осы белгімен ол қоғамдық қатынастардан ажыратылады. Жеке қатынастар адамдармен саналы түрде құрылса, қоғамдық қатынастар көпшілік жағдайда санасыз қалыптасады. Адамдарда көптеген қажеттіліктер болады, олар оны өндіру мақсатында көптеген қарым-қатынасқа түседі. Ол тек қоғам көлемінде болады [2].

Сонымен, біздің пікірімізше, қоғамдық қатынастарды берілген теория бойынша адамдар арасында кез келген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін құрылған қатынас ретінде сипаттауға болады. Осы жағдайда адамдар арасындағы қатынастар жеке адамға қарсы қылмыстар сияқты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі ретінде бола алмайды, себебі марксистік теорияда адам мәнін ашуда «қоғамдық  қатынастардың  жинағы  ретінде»  [3], экологиялық қауіпсіздік, өмір, денсаулық қылмыс объекті емес, оларға қатысты қоғамдық қатынастар ғана бола алатын еді. Бұл жерде, адам қандай да бір құндылықтардың ұстаушысы ретінде танылып келген. Табиғатты қорғау қандай да бір құндылықты қорғау ретінде қоғамдық қатынастар көзқарасы тұрғысынан қаралған еді. Осындай жағдай табиғатты қорғау мәселесін, оның ішінде экологиялық қауіпсіздікке байланысты қоғамдық қатынастары ретінде ашу дұрыс емес бағыт болып келеді. Осыған байланысты көзқарасты заң ғылымдарының докторы, профессор А.В. Наумов та өз көзқарасын білдіреді: «қылмыс объектісі жөнінде теория қоғамдық қатынастар ретінде «ылғи да қолданыла бермейді», сондықтан әмбебап теория болып танылмайды»,

– дейді [4].

Сондықтан, осыған байланысты Қазан төңкерісінен кейінгі ресейлік қылмыстық құқық өкілі Н.С. Таганцевтің пікірі өзекті: ол қылмыс ретінде белгілі мемлекетте елеулі болып табылатын, «жазамен» қорқытқанда басқа шаралармен аз көрінетін қорғалатын нормамен өмірлік мүддеге қол сұғатын іс-әрекет деп тапқан [5]. Сонымен, кез келген қоғамдық қатынас мүдде негізінде өмір сүреді. Кез келген адам қызметін ілгерілейтін мүдде табылады. Дени Дидро мүдде деген сөзді кез келген құбылыстың, қоғам, мемлекет, адамдар үшін заттардың құндылығымен байланыстырған [6].

Кант бойынша мүдде сананы практикалық етіп қарастыратын ұғым ретінде таниды, ол адамдар әрекеттерінің, ойларының алғышарты [7].

Гегельдің тұжырымы бойынша «тарихты жақынырақ қарағанда адамдардың іс-әрекеттері олардың қажеттіліктерінен, мүдделерінен қалыптасады» [8].

«Қандай түрде болмасын адам өмір сүруінің қасиеті – қажеттілік, мүдде азаматтық қоғам мүшелерін бір-бірімен біріктіреді», –  деп жазған К. Маркс пен Ф. Энгельс [9].

Осы теорияны жетілдіре келе, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов мүдде ретінде нақты анықталған қоғамдық қатынастарды анықтайды [2].

Сондықтан, осыған дәлелді ҚР ҚК 2-бабында табуға болады: «Осы Кодекстiң мiндеттерi: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы   мен   аумақтық   тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi» [10].

Осы анықтамадан, қылмыстардың жалпы объектісі ретінде осы мүддені ашатындығын аңғаруға болады. Әрі қарай талдай келе, объектілердің жіктелуі бойынша нақты мүдделер тобына немесе жеке мүдделерге келуге болады.

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтауда ғалымдар Т.А. Бушуев  пен  П.С.  Дагельдің  пікірі өзекті: «экологиялық қылмыстар объектісі – бұл қоршаған орта жөнінде адам қоғамының өмір сүруі мен қызметінің негізі ретінде адамдар арасындағы қалыпты қатынастарды айтады. Көрсетілген қоғамдық қатынастар «адам – қоршаған орта» жүйесінің байланысын ашады, онда табиғи ресурстарды қолдану және адамның табиғатты сақтау және көбейту бойынша мақсатқа лайықты әсер етуін қосады» [11].

Табиғатты қорғау саласындағы қылмыстық қолсұғушылық табиғи  ресурстарды үнемді пайдалану аспектісінен қаралады. Осы пікір қылмыстық құқық теориясында шешуші болып келген. Ол келесі себептер бойынша біздің пікірімізше дұрыс емес деп ойлаймыз.

Біріншіден, табиғатты үнемді пайдалану дұрыс, бірақ ол белгілі мүдделерге ғана бағынышты. Алдыға тек табиғат емес, басқа да мүдделер қойылып отырған. Ол жағдай бізде ғана емес, кез келген басқа елдерде де, әсіресе ТМД елдерінде, тек нормативтік актілер жүзінде ғана көзделеді және декларативті сипатта болады. Мысалы, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың статистикасын ашсақ, онда аз көрінген қылмыстар ішінде, латенттілік орын алатындығын көре аламыз. Мәселен, 2008 жылы 7 қылмыстық іс, 2009 жылы 3 қылмыстық іс,

2010 жылы 3 қылмыстық іс, 2011 жылы 8 қылмыстық іс, 2012 жылы 10 қылмыстық іс қозғалған. Көбінесе қылмыстық істер «заңсыз аңшылық істері» бойынша қозғалады. Мәселен, 2008 жылы 75 қылмыстық іс, 2009 жылы 11 қылмыстық іс, 2010 жылы 136 қылмыстық іс, 2011  жылы 99 қылмыстық іс, 2012 жылы 129 қылмыстық іс қозғалған екен [12].

Осы мәліметтерге сүйенсек, онда тек табиғи объектілерді алып қою жағдайлары бойынша қылмыстық істер қозғалғанын көре аламыз, ал нақты экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар бойынша істерді қозғау азын аулақ қана.

Екіншіден, табиғи ресурстарды қалыпты пайдалану табиғат қорғау заңнамасының  бүкіл тарихи кезеңінде ведомстволық нормативтік актілердің келіспеушілігі мен төмен сапада болуына байланысты дұрыс пайдаланылмады. Мысалы, практикада экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың нормаларының аз қолданылуы олардың диспозициясы нақты болмағанмен және салалық нормаларда толық емес анықтамалардың болуымен түсіндіріледі. Бұл экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар бойынша табиғат қорғау заңнамасының нормаларын қолданудағы практикада көзделген барлық қиыншылықтар емес, ондайлар көптеп кездеседі.

Экологиялық қылмыстардың топтық объектісін анықтау мәселесін дамыта отырып, ондай объект ретінде «табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, табиғи ортаның адам мен басқа да ағзалардың өмір сүруіне сапалы қолайлы жағдайды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сақтау бойынша қылмыстық заңмен қорғалатын кешенді қоғамдық қатынастарды тану» мүмкін емес [13].

Өйткені, ол арқылы біз табиғи ортаға қолайсыз жағдайларды пайдалану бойынша қатынастарды реттемей кетуіміз мүмкін болады деген тұжырымға келу болады. Онда Арал теңізі, Семей ядролық полигоны болған аймақ адам өмір сүруіне қолайсыз деп танылып, оның экологиялық жағдайына байланысты реттелмес еді.

Экологиялық қылмыстар объектісінің мәнін ашу бойынша басқа да пікірлер көзделген. Мысалы, заң ғылымдарының докторлары, профессорлар О.Л. Дубовик, А.Э. Жалинский қылмыс объектісі ретінде «қоршаған ортаны пайдалану бойынша адам өмір сүруін қамтамасыз ететін қызметтің тікелей базисі мен өзге әлеуметтік құндылықтарды қанағаттандыратын оның жүзеге асуының құқықтық нысаны мен материалдық субстраты болатын күрделі, біркелкі, кешенді нақты қоғамдық қатынастар болып табылады» [14]. Осы пікірді талдасақ, экологиялық қылмыстар объектісі болып қоршаған ортаны пайдалану бойынша адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар табылады. Ол дегеніміз қолайлы қоршаған ортаға қатысты құқықтар бойынша қатынастар.

Қолайлы қоршаған ортаға құқық мазмұны кең болып келеді, онда азаматтардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы, ақпаратқа құқық, денсаулық пен өмірге келтірілген зиянды өтеуге және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге сотқа жүгінуге тағы сол сияқтылары жатады.

Осындай қорғауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне экологиялық қылмыстар атты тарауы енген болатын, бірақ көптеген авторлар (А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алаухановтар қазақ тілінде жарық көрген ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім) оқулықтарында) әлі күнге дейін осы қылмыстар  тобын– экологиялық қылмыстардың топтық объектісін дәстүрлі қоғамдық қатынастар арқылы ашады. Бұл үлкен кемшілік емес, кез келген теория өмір сүруге міндетті.

Заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ағыбаев «топтық объект деп қылмыстық қолсұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады» – дейді [15].

Бір топтық объектіге қол сұғуына байланысты қылмыстар Ерекше бөлімнің жеке тарауларына біріктіріледі. Қылмыстың топтық объектісінің атауы көп жағдайда Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тарауларында көрсетіледі, кейде заңшығарушы оны белгілі бір бапта атап көрсетеді.

Біз заң ғылымдарының докторы, профессор Е.І. Қайыржанов ұсынып отырған мүдде ретінде танылатын қылмыстың объектісін анықтайтын ұғымды қолдай келе, экологиялық қылмыстардың топтық объектісін мүдде арқылы ашуға болады. Ал мүдде бұл жағдайда адамның, мемлекеттің және қоғамның лайықты қолайлы қоршаған ортада өмір сүруі, ол жағдай қорғалуы тиіс. Мұндай күйде қоршаған ортаның қорғалу жай-күйі есепке алынады – бұл экологиялық қауіпсіздік.

Жалпы ереже бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тарауларға бөліну алғышарты болып осы топтық объект табылды. Осы жағдайға байланысты, тараудың атауы топтық объектіні білдіреді. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 11-тарауының топтық объектісі болып экология немесе экологиялық қылмыстар болуы керек. «Экология бұл көзқарастар мен антропогендік әсерлерге әсер етуді төмендету бойынша технологиялар жиыны...» [16]. Экология кең аспектілі және мағыналы, сондай-ақ биологиялық ұғым болғандықтан, топтық объект бола алмайды.

Заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилидің ҚР ҚК-не берілген түсініктемесі бойынша экологиялық қауіпсіздік экологиялық қылмыстардың топтық объектісі бола алады.

Топтық объект экологиялық қауіпсіздік болса, онда ҚР ҚК-нің 11-тарауын экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар деп атауды жөн көрдік. Сонымен, мұндай дұрыс атауда экологиялық қауіпсіздік топтық объект деп саналады. Экологиялық қылмыстардың топтық объектісін анықтап алдық, енді экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей объектісін жобалау керек. Диалектикалық материализмдегідей жалпы, ерекше және жеке сияқты объектілер жалпы, топтық және тікелей деп бөлінуіне байланысты, заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвилимен келісу керек, ол қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болады деген пікірді қолдайтын авторларды қолдамайды, оның пікірінше, тікелей объект топтық объектіге сәйкес болуға тиіс және өзінің әлеуметтік-саяси маңызы бойынша оның құрамына компонент болып кіреді. Ол нақты қоғамдық қатынас оны қорғау үшін   осы қылмыстық-құқықтық норма пайда болған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор В.Я. Тацийдің пікірінше, тікелей объект болып заңшығарушы қылмыстық заңды қабылдап қорғауға қоятын объект танылады. Яғни бұл объект үшін осы қылмыстық-құқықтық норма пайда болады [17].

Заң ғылымдарының докторы,  профессор Е.І. Қайыржанов объектілерді жіктеу кезінде тікелей объект деп мүддені сипаттайды. Ол мүддені қоғамдық қатынастың нақты көрінісі деп санайды. Бұл жерде Е.І. Қайыржанов пен И.Ш. Борчашвилидің пікірлері ұқас келеді, біреу нақты қоғамдық қатынас десе, екіншісі оны бір сөзбен «мүдде» деп атайды.

Сәйкесінше, қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар, құқықтар, заңды мүдделер және тиісті құндылықтарды тануымыз керек.

Қылмыстық құқық теориясында тікелей объект негізгі және қосымша болып бөлінеді. Тікелей объект бойынша қылмыстарды саралау мәселесі шешілсе, қосымша объект бойынша оның қауіптілігі өседі және сотпен жаза тағайындалғанда есепке алынады.

ҚР ҚК-нің 277-280, 294-баптарында көзделген қылмыстарды талдау жолымен олар   нақты қоғамдық қатынастарға немесе мүддеге, біздің жағдайда экологиялық қауіпсіздікке зиян келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін төндіреді. Сондықтан, олардың тікелей объектісі біреу боладыол экологиялық қауіпсіздік.

Сонымен, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей объектісін анықтау мәселесіне келетін болсақ, «мүдде» арқылы топтық объектіні ашатын болсақ, онда бұл қылмыстар тобын нақты (қоғамдық қатынасты немесе мүддені) қамту керек. Мұндай жағдайда экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың тікелей объектісі ретінде қоғамның экологиялық қауіпсіздігі табылады. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 277-280,294-баптарындағы әрбір қылмыс құрамындағы қылмыстың тікелей негізгі объектісі – қоғамның экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.

Қылмыс объектісі кез келген қылмыс құрамында ерекше орын алады. Қылмыс объектісін нақты анықтау қылмысты саралауға және басқа ұқсас қылмыс құрамдарынан ажыратуға көмектеседі. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды дұрыс бағалау және қол сұғу ерекшеліктерін анықтау үшін қылмыс заты қажет.

Қылмыс затына қатысты көптеген даулы сұрақтар мен пікірілер бар. Ғылыми әдебиеттерде қылмыс заты мен объект арақатынасы туралы бірыңғай пікір жоқ. Заң ғылымдарының докторы, профессор А.В. Наумов көрсеткендей, қылмыс заты – бұл қылмыскер белгілі бір объектіге қол сұғу арқылы тікелей әсер ететін сыртқы дүниенің материалдық заттары [18].

Осыған ұқас пікірді заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ағыбаев білдіреді: «Қылмыс заты қылмыс құрамының факультативтік белгісі. ...Қылмыс заты сыртқы дүниедегі материалдық нәрселер, қылмыскер соған әсер ету арқылы тиісті объектіге қол сұғуды жүзеге асырады, яғни қоғамдық қатынастарды бұзады» [15].

Мысалы, В.Е. Мельникова қылмыс затына келесі анықтаманы береді: «бұл сол үшін қылмыс жасалатын сыртқы дүниенің материалдық заттары» [19].

Бұл пікірлердің барлығы, қылмыс заты ретінде затталған нәрселерді атауды қолдайтын көптеген ғалым-теоретиктер пікірлері болып келеді.

Қылмыс заты туралы өзге ерекше пікірлерде де бар. Мәселен, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Коржанскийдің пікірі өзекті болып келеді. Ол қылмыс затын жіктеген болатын. Жалпы қылмыс заты – материалдық объектілер; тектік  –  адам,  өсімдіктер,  жануарлар;  топтық объектілер – адам денесі мен психикасы, өсімдіктер мен жануарларда – адаммен өсірілген жабайы жануарлар мен өсімдіктер; заттарда – мүлік, ақша, құжаттар, қарулар және басқалар [20]. Қазіргі уақытта қылмыс заты ретінде заттандырылған нәрселерді атауға қарағанда, қылмыстық құқық ғылымында қылмыс затының маңыздылығы бойынша өзге пікірлер қалыптасып келеді. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.П. Новоселов қылмыс затын материалдық және материалдық емес игіліктер деп бөледі, оларға  қылмыстық  әсер  ету зиян  келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін тудырады [21].

Сонымен бірге, ерекше сипаттағы адамды қылмыс заты ретінде тану туралы пікір де айтылған. Бұл жерде, қылмыс объектісі деп жеке мүдделер мен игіліктер көрсетілген [22]. Осы пікірде екі элемент араласып кетеді бір жағынан бұл адам субъект және қылмыс заты оның материалдық негізі.

Экологиялық қылмыстарға қатысты қылмыс заты әдебиеттерде кең және тар мағынада қаралады. Кең мағынада бұл бүтін табиғи орта. Оның жеке бөліктері экожүйені құрып өзара байланыста және әрекетте болады.

ҚР ЭК-нің 1-бабына сәйкес экологиялық жүйе (экожүйе) – бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара іс-әрекет ететін организмдердiң және олар мекендейтiн тіршіліксіз ортаның өзара байланысты жиынтығы.

Осы экожүйенің қандай да бір құраушысына зиян келсе, онда бүтіндей табиғи орта зиянын шегеді.

Тар мағынада қылмыс заты ретінде табиғи ресурстар: жер, жер қойнауы, ауа, өсімдіктер және тағы басқалар танылады. Олар кейде қоршаған табиғи орта компоненттері деп аталады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 1-бабына сәйкес табиғи ресурстар – тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi.

Алайда, керісінше табиғи ресурс табиғи функциялар атқарып, «мүлік», «тауар» атағын алмаса, онда экологиялық қатынастар аясында болады.

Мысалы, радиоктивті заттарды ешқандай қорғаусыз ашық сақтау мен оларды жасырын алып кету әртүрлі сараланады. Бірінші жағдайда, бұл ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың  бұзылуы  (  ҚР  ҚК-нің  278-бабы) екінші жағдайда, радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (ҚР ҚК-нің 248-бабы). Сондықтан, экологиялық қылмыстарда қол сұғу заты оның объектісімен байланыста қарастырылуы тиіс.

Барлық экологиялық қылмыстардың затын олардың тікелей объектісімен байланыста болған дұрыс деп есептейміз. Сонымен, біздің ойымызша экологиялық қылмыстардың қылмыс затын келесідей жіктеуге болады:

  • Экологиялық орта мен оны құрайтындарға қарсы қылмыстардың заттары (ҚР ҚК-нің 281-286, 293-баптары).
  • Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың заттары (ҚР ҚК-нің 277-280, 294-баптары).
  • Өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау аясындағы қылмыстардың заттары (ҚР ҚК-нің 287-292 баптары).

Сонымен, экологиялық қылмыс заттарын жіктеп болған соң, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар заттарының ерекшеліктерін ашып көреміз.

ҚР ҚК-нің 277-бабында көзделген қылмыс құрамын талдау арқылы қылмыс затының болмайтындығын анықтауға болады. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы қылмысын жасау кезінде материалдық немесе материалдық емес игілікке тікелей әсер ете алмайды. Заң ғылымдарының докторы, профессор Э.Н. Жевлаков қылмыс заты ретінде табиғи орта мен оның жеке компоненттерін атайды. Н.А. Лопашенко шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын қоршаған ортаны қорғау талаптарын, ережелерін қылмыс заты деп санайды.

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптарды бұзу кезінде қоршаған ортаға әсер ету тікелей емес, жанама орын алады да қылмыс затында емес, экологиялық талаптарды бұзудың зардаптарында орын алатын сияқты. Осыған байланысты, заң ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Лопашенко тікелей қылмыстық заңнама табиғи ресурстарға қарағанда осы «қылмыс затын» қорғамайды деген пікір білдіреді. Шынында да, онымен белгіленген экологиялық талаптардың бұзылуы объективті әрекет түрінде орын алады.

ҚР ҚК-нің 278-бабында көзделген нормадағы диспозицияда нақты қылмыс заты көзделгені көрініп тұр. Бұл қылмыс заты болып экологиялық әлеуетті қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттар.

Химиялық зат анықтамасын «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №302 Заңынан алуға болады. Химиялық зат – табиғатта бар немесе технологиялық операциялардың нәтижесінде алынған элемент немесе түзілім. Осы Заңның 5-бабында химиялық заттарға жататын заттарды көруге болады: «Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін қасиеттері бар химиялық заттар мынадай санаттарға бөлінеді:

  • физикалық-химиялық қасиеттері бойынша: жарылғыш заттар; тез тұтанатын газдар; тез тұтанатын сұйықтар; тез тұтанатын қатты заттар; тотықтырғыш заттар және органикалық пироксидтер; уытты заттар; коррозиялаушы заттар;
  • уыттылық қасиеттері бойынша: күшті әсер ететін улы заттар; улы заттар; зиянды заттар; күйдіргіш заттар; көздің және (немесе) терінің кілегей қабықшаларының тітіркенуін туғызатын заттар; сенсибилизациялайтын әсері бар заттар;
  • адамның денсаулығына ерекше әсер етуі бойынша: канцерогендер; мутагендер; ұрпақты болу функциясына уытты әсер ететін заттар;
  • қоршаған ортаға әсер етуі бойынша: қоршаған сулы орта үшін қауіпті заттар; қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіпті заттар».

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңының 1-бабына сәйкес «радиоактивті заттар – құрамында ядросы өздiгiнен ыдырауға қабiлеттi химиялық элементтер бар материалдар».

Заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ағыбаев пікірінше, «биологиялық заттарға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында жаппай ауру тарататын әртүрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер тағы басқалар жатады», – деп көрсетеді [15].

Заң ғылымдарының  кандидаты,  доцент В.В. Сверчков осы қылмыстың заты ретінде табиғи орта объектілерінің биологиялық құрылымы болып табылады, – дейді. Ол қалай біз көздеген қылмыс затына әсер етусіз зиян шегетіні белгісіз. Бұл зардап болады деп санаймыз.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуiрдегі №93 Заңы мен «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №302 Заңында химиялық, радиактивті қалдықтар ұғымдары бар. Бұл қылмыс заты осы қылмыс құрамында бола ма деген сұрақ туады. Осы қылмыс құрамын талдау арқылы диспозициясында бір кемшілікті байқауға болады. Осыған ұқсас РФ ҚК-нің   247-бабында

«заттар мен қалдықтар» деген сөздер бар, ал біздің заңшығарушы «қалдықтар» деген сөзді тастап кеткен. Сәйкесінше біздің қылмыстық заңнама ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық «қалдықтарды» өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы қылмысы бойынша қылмыстық жауаптылық пайда болмайды. Осы жағдай ҚР ҚК жобасында 330-бапта да осындай жағдай. Сондықтан, жоғарыдағыларды ескеріп, ҚР ҚК-нің 278, ҚР ҚК-нің жобасының 330-бабында заттар деген сөзді «заттар мен қалдықтар» деп толықтыру керек.

ҚР ҚК-нің 279-бабында да қылмыс заты анық белгіленген. «Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы» атты қылмыс құрамын талдау көрсеткендей, қылмыс заты ретінде микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттер немесе улы заттар болып табылады. Заң ғылымдарының докторы, профессор И.Ш. Борчашвили ҚР ҚК-нің 279-бабына берген түсініктемесінде оларға толық сипаттама берген: «1. Микробиологиялық агенттер ретінде микроағзаларды (микробтарды)

– ұсақ, біржасушалы ағзаларды жатқызады олар микроскопқа ғана көрінеді: бактериялар, ұсақ зеңдер, балдырлар, сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылатын тағамдық вирустар. Олармен жұмыс істеу қауіпі дәрежесі бойынша олар: патогенді еместер, шартты патогенді және патогенді болып бөлінеді. Ақырғы екеуі улы заттарға жатады. 2. Басқа биологиялық агенттер – бұл көбінесе биологиялық табиғаттың көпжасушалы ағзалары (мысалы, зерттеуде қолданылатын жануарлар тағы сол сияқты). 3. Улы заттар – бактериялық, өсімдік және жануар сипатындағы жануардың, адамның, өсімдіктің ағзасына түскенде ауру немесе өлім әкелетін заттар».

Осы жерде, қылмыс затын дұрыс анықтау ұқсас қылмыс құрамынан ажыратудың негізгі белгісі екенін білуіміз керек, себебі ҚР ҚК-нің 278 және 279 баптары ұқсас келеді. Заң ғылымдарының докторы, профессор О.Л. Дубовик пікірінше, заттар мен қалдықтар бір бапта қылмыс заты болса, екінші баптікі агенттер мен улы  заттар  туралы  айтылған.  Ақырғы бапта белсенді сипаттағы заттар туралы айтылған, – деп көрсетеді.

Екі норманы салыстыру жолымен, ҚР ҚКнің 278-бабында заттар деген сөз қолданылса, ҚР ҚК-нің 279-бабында нақтыланған «микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттар» сөзі қолданылады, яғни зат ұғымы мағынасы жағынан кеңдеу келеді де, ал агенттер мен улы заттар тар келеді. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 278-бабы жалпы норма, ал 279бабы арнаулы норма болып келеді.

ҚР ҚК-нің 280-бабында ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердiң бұзылуы кезінде материалдық және материалдық емес игілік зиян шекпейді. Осы қылмыс құрамында қылмыс заты жоқ деп санаймыз. Көптеген авторлармен осы қылмыс құрамының заты бойынша даулар көп. Заң ғылымдарының докторы, профессор Э.Н. Жевлаков қылмыс затына үй және жабайы жануарларды, өсімдіктерді: өзі өсіп шыққан және адам қолымен өсірілгендерді (ауылшаруашылық дақылдары, жабайы ормандар мен өсімдіктер тағы басқаларын) жатқызады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ағыбаев қылмыс затына  –  жабайы және үй жануарлары, құстар, балықтар, аңдар және басқа жануарлар, сондай-ақ өсімдіктер дүниесін жатқызады [15].

Ветеринарлық ережелердiң және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердiң бұзылуы кезінде қоршаған ортаға әсер ету тікелей емес, жанама орын алады да қылмыс затында емес, зардаптарында орын алатын сияқты. Әрекет көрсеткендей, белгiленген ережелердiң бұзылуы орын алады.

ҚР ҚК-нің 294-бабында көзделген экологиялық ластау зардаптарын жою  жөнiнде шара қолданбау қылмыс құрамында қылмыс заты болмайды. Бұл жағдай ғалымдар арасында пікірталастар туғызбайды. Мұнда қылмыстық жауаптылық мәселесін шешу үшін тікелей объектінің болуы жеткілікті болады.

Экологиялық қылмыстардың объектісін және қылмыс затын дұрыс анықтау арқылы экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың саралаушы белгілерінің бірін аштық. Оның теориялық және практикалық маңызы зор.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қаражанов М.Д. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін анықтау мәселесіне // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Заң сериясы. – №2 (66) 2013. – 81-87 бб.
  2. Каиржанов Е.И. Избранные труды: (selected works in criminal and criminology). В 2-х т. Т. 1 – Алматы: Экономика, 2008. – 360 с.
  3. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.3. – С.3-4.
  4. Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 560 с.
  5. Русское уголовное право. Часть общая. Т. 1 / Таганцев Н.С. – Тула: Автограф, 2001. – 800 c.
  6. Дидро Д. Избранные произведения. – М.: Худож.лит., 1951.411 с. 7 Кант И. Сочинения. Т.4. Ч.1. – М.: Мысль, 1965. – С.306-307.
  7. Гегель Г.В. Сочинения. Т.8. – М., 1935. – С.20.
  8. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.2. – С.314.
  9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі . –№167 Кодексі // «Заң» деректер базасы.
  10. Бушуев Т.А., Дагель П.С. Объект уголовно-правовой охраны природы //Советское государство и право. – №8.– С.81-82.
  11. Қазақстан Республикасында 2008-2012 жылдар аралығы бойынша экологиялық қылмыстар жөнінде мәліметтер // http://service.pravstat.kz/portal/page/portal/PoPageGroup/services/Pravstat.
  12. Петров В.В. Экологические преступления: понятие и составы. //Государство и право. – М., 1993. – С.96.
  13. Дубовик О.Л., Жалинский А.Э. Причины экологических преступлений. – М.: Наука, 1988. – 240 с.
  14. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық: Ерекше бөлім: Оқулық. Өңделген, толықтырылған 4-басылымы. 2011 жылдың 1 наурызына дейінгі өзгертулер мен толықтырулар ескерілген. – Алматы: Жеті-жарғы, 2011 – 632 б.
  15. Борисова В., Артемова Т. Экологическая криминалистика (Беседа с проф. Воронцовым А.М.) //http: //www. no/ru
  16. Таций В.Я. Объект и предмет преступления в советском уголовном праве. – Харьков: Вища шк. Изд-во при Харьк. ун-те, 1988. – 198 c.
  17. Наумов А.В. Российское уголовное право. В 3 т. Т.1. Общая часть: курс лекций.5-е изд., перераб. и доп. – М.: Волтерс Клувер, 2011. – 710 с.
  18. Уголовное право Российской Федерации. Общая часть: учебник / под ред. Б.В. Здравомыслова. – М.: «Юристъ», 1999. – 480 с.
  19. Коржанский Н.И. Предмет преступления (понятие, виды и значение для квалификации): учеб. пособие. – Волгоград, 1976. – 56 с.
  20. Уголовное право. Особенная часть: учебник для вузов / отв. ред. проф. И.Я. Козаченко, проф. З.А. Незнамова, доц. Г.П. Новоселов. – 3-е изд., изм. и доп. – М.: НОРМА-ИНФРА. – М, 2001. – 960 с.
  21. Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М.: Акад. МВД СССР, 1980. – 248 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.