Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы

Жаhандық экологиялық мәселелерді шешу үшін, қоршағанортанықорғаусаласындахалықаралық ынтымақтастықты  орнату  мақсатында халықаралық қауымдастықтардың бірігуі, қоршаған ортаны қорғау аясында халықаралық экологиялық ұйымдардың қызмет атқаруы қажет. Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз ынтымақтастық орнатуы орынды.

Әлемдік қауымдастық экологиялық проблемаларды бірлесе шешуге орасан зор күш-жігер жұмсауда, Қазақстан да бұл процеске белсене қосылды. Қазақстан Республикасының Конституциясында халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен халықаралық келісімшарттардың Қазақстан Республикасының заңдары алдында басымдыққа ие екендігі айтылған.  Қазақстан  Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі болды. Бүгінде Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтастық орнатқан [1, 291-291 бб.].

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 27-тарау 188-бабында қарастырылған. Онда Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу басымдықтарына ие екендігі көрсетілген. Атап кететін болсақ, адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау; орнықты дамуға қол жеткізу; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерін қорғау; трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау; еркін халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негізінде дамыту және қолдау басымдықтары айқындалған. Сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету, трансшекаралық және өңірлік экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын қолдану, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негізделеді. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым міндеттері жаhандық, трансшекаралық, өңірлік және екі жақты негізде шешіледі [2, 95-96 бб.].

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасына, мемлекеттердің өз табиғи ресурстарын игеруге деген егеменді құқығын құрметтеу қағидасына, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасына, басқа мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тысқары жатқан аудандардың қоршаған ортасына келтірілген залалдың алдын алу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін мемлекеттің жауапкершілігі қағидасына, қоршаған ортаны ластауға байланысты шығындар үшін ластаушының жауапкершілігі қағидасына негізделеді. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы  халықаралық  ынтымақтастығының экономикалық  негізін  халықаралық ұйымдарға төленетін міндетті және ерікті жарналар құрайды. Соның негізінде халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық іс-шараларды қаржыландыруға қатысу болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтар, шектес мемлекеттердің қоршаған ортасы мен табиғи ресурстарына келтірілген залал, халықаралық шарттардың міндеттемелерін сақтамағаны үшін халықаралық жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес қолданылады. Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретінде болады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының  халықаралық  шарттар  туралы заңнамасымен реттеледі.

ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Қаулысымен қолдаған 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан экологиялық әлсіз аумақты және шешілмеген экологиялық проблемалары бар мемлекет болып отыр.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Тұжырымдамасында аумақтық және ұлттық экологиялық проблемалардан бөлек, бірқатар жаhандық экологиялық проблемалар да көрсетілген, олардың ішінде: климаттың өзгеруі; озон қабатының бұзылуы; биологиялық әралуандылықты сақтау; шөлейттену және топырақтың тозу проблемалары белгіленген.

БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс. Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.

Осы саясаттың негiзгi бағыттары:

  • халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн практикалық iске асыру;
  • қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-күйiн бақылаудың жалпы тәсiлдерiн, әдiстерiн, өлшемдерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
  • үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы экологиялық зерттеулердi жүргiзу;
  • экологиялық қауiпсiздiк проблемасын шешуде халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
  • қоршаған ортаны қорғау мен елдiң тұрақты дамуы саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру.

Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс.

Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.

Техникалық және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет [3].

Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты халықаралық мамандандырылған ұйымдардың қызметіне Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап қатыса бастады. Атап кететін жайт, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 наурызда мүше болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 1997) сөйлеген Н. Назарбаев экологиялық проблемалардың өзіндік кадастрын құру қажеттілігі туралы мәселе қойды. Әсіресе шикізаттық мемлекеттер мұндай кадастрларға өте мұқтаж [4].

Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 2002 жылы 26.08.-04.09 аралығында Йоханисбургте (ОАР) өткен Қоршаған ортаны қорғау проблемаларына   қатысты   Бүкіләлемдік  Саммитте Н.Ә. Назарбаев Жаhандық экологиялық проблемалар тізбесін құру және ұрпақтар үшін қажетті өмірлік ресурстарды сақтау үшін мемлекеттерге қоршаған ортаға қайтқысыз залал келтіруді тоқтату міндетін қоб қажеттілігі туралы бастама ұсынды. Бұл Саммитке қатысушылардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен: жүзден астам мемлекетпен жетпіс мыңнан көп делегат қатысты [5].

Н.Ә. Назарбаевтың бұл ұсынысы 26.09.2007 жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62 сессиясында тағы қайталанды. Ол жерде сонымен қатар, Халықаралық Аралды құтқару қорына БҰҰ институты мәртебесін беру ұсынысы да айтылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында мемлекеттермен халықаралық келісімшарттарға қол қойған немесе ратификациялаған конвенциялар жоғары дейгейде деп атап кетуге болады. Мысалы, Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым туралы Конвенция, Вашингтон (11.10.1947 ж.), 18.12.1992 ж. қосылды. Қоршаған ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе өзге де дұшпандық мақсатта қолдануға тыйым салу туралы Конвенция, 1977 ж., 20.02.1995 ж. ратификацияланды. Ауаның үлкен қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы Конвенция, 1979ж., 23.10.2003 ж. ратификацияланды. Сонымен қатар, Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы Рамалық Конвенция, 2005 жылдың 13 желтоқсанында ратификацияланған болатын.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласында Ресей, АҚШ, Германия, Грузия, Түркия, Израйль, Өзбекстан, Қырғыстан, Әзірбайжан және тағы басқа көптеген мемлекеттер арасында келісімдер қабылданған. ТМД мемлекеттері 1992 жылы ақпанда экология және қоршаған ортаны қорғау саласында өзара әрекет ету туралы келісімге қол қойды.

Аталған салада халықаралық келісімдер болмаған кездері мемлекетаралық қатынастар халықаралық дәстүрлер негізінде реттелетін. Мойындалған дәстүрлердің бірі көршілес мемлекеттің қоршаған ортасына залал келтірмеу қағидасына негізделген.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Күлтелеев С.Т., Рахметов Е.Ш. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы: Жалпы және Ерекше бөлім. Оқулық. – Алматы: has, – 328 б.
  2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, – 172 б.
  3. ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Қаулысымен қолдаған 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің Тұжырымдамасы.
  4. «Новые походы к экологической уязвимости», 18 ақпан – 4 наурыз 1998. Эко. Курьер.
  5. Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзілік Йоханисбургте өткен Саммиттегі сөйлеген сөзі // Казахстанская правда 04.09.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.