Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жер қойнауы туралы құқықтың әлеуметтік тағайындалуы

Бүгінгі күні жер қойнауы туралы құқықтың әлеуметтік тағайындалуы жөніндегі мәселе тыңғылықты зерттеуді талап етеді. «Құқықтың тағайындалуы бұл қандай да болмасын құбылыстың немесе оның жағының, тұсының мақсаты, арналуы, мазмұны, рөлі, қызметі және т.б.» [1]. Құқықтың әлеуметтік тағайындалуы – бұл құқықтың әлеуметтік бағытталған мақсаты, белгіленуі, мазмұны, рөлі, қызметі.

Мемлекеттегі қоғамдық қатынастырадың реттеушісі болғандықтан, құқықта ол бастан-ақ әлеуметтік тағайындалу орын алған. «Құқықтың тағайындалуының өзі қоғамның әлеуметтік мәжбүрлік пен қажеттілігіне орай заңды актілерде көрініс табатын қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен құралады, ол осы қажеттіліктердің жалғасы болып табылады, қалыптасады» [2].

Құқықтың тарихи өзгеруі, оның  әлеуметтік тағайындалуының да өзгеруіне  әкеледі. Ж.С. Елубаевтың пікірінше: «Егер бұрын, адамзат дамуының алдыңғы дәуірінде, құқық ең алдымен, өндіріс құралдарына ие, қоғамның белгілі тобының үстемдік құралы болған болса..., бүгінгі күні Қазақстан, қатарына кіруді мақсат етіп отырған, барлық өркениетті елдерде, ол бүкіл қоғамның еркін білдіреді және келесіге: тұлғаның мүдделерін қорғау мен сақтауға; мемлекеттегі түрлі әлеуметтік топтардың қажеттілігін келістіруге; олардың мүдделерін үйлестіруге, қоғамдағы жанжалдарды шешуде арбитр болуға бағытталған» [3].

Шынында, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  орнықтырады,  оның ең жоғарғы құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дегендей, біздің мемлекетіміз осы постулатқа сай болуы қажет және өзіне алған міндеттемелерді орындауы қажет. Құқықтық реттеу аясында – бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үстемдігін қамтамасыз ететіндей етіп қалыптасуын білдіреді. Дегенмен, бұл әлеуметтік мемлекет алдында тұрған бір ғана мақсат емес.

Адам құқықтарының жалпы декларациясының 25-бабына және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабына сәйкес әлеуметтік мемлекеттің стратегиялық мақсаты болып әр адамның өзінің және отбасы мүшелерінің денсаулығын әл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты,киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын өмір сүру деңгейіне құқылы және де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта немесе өзіне байланысты емес басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқығын қамтамасыз ету. Сондықтан өзін әлеуметтік деп орнықтыратын мемлекет алдында шешілуі құқықпен байланысты тұтас мақсаттар кешені тұрады. Әлеуметтік мемлекеттің құқығы:

  • адам құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
  • белсенді әрі мықты әлеуметтік саясатты жүргізуге;
  • азаматтардың көпшілігі үшін лайықты өмір стандарттарын қамтамасыз етуге;
  • тұрғындардың осал топтарына адрестік қолдау көрсету, кедейшілікті азайту мен жоюға;
  • азаматтардың билік пен басқарудың барлық деңгейінде шешімдерді қабылдауға және әлеуметтік сараптама жүргізуге қатысу үшін қолайлы жағдайлар жасауға кепілдік беруге;
  • реттеуші рөл мемлекетте болғанда қоғамдық татулыққа және жұмыс беруші мен жұмысшы мүдделерінің балансына қол жеткізудің негізгі механизмі ретінде әлеуметтік әріптестік жүйесін танитын әрі дамытатын құқықтар мен кепілдіктерді сақтауға;
  • кез келген шаруашылық субъектісі, кез келген меншік иесі нақты әлеуметтік жауаптылықта болатын кепілдіктерге;
  • әйел мен ер азаматтардың гендерлік теңдігіне;
  • жұмысшылардың акционерлік меншіктерінің дамуы негізінде,  сондай-ақ  түсімдерді байлардан кедейлерге салықтық қайта бөлу, еңбекке жарамсыз топтарға көмек көрсету үшін қоғамның еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа көбірек тарту арқылы қамтамасыз етілетін әлеуметтік әділеттілікке, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығына;
  • барлық азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуына, жұмысшылардың өндірісті басқаруға қатысуына, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға;
  • отбасының беріктігіне, азаматтардың, ең алдымен жастардың рухани, мәдени, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, ата-бабаларының мұрасына ұқыпты қарауға, ұрпақтар жалғастығына, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлердің ерекшеліктерінің сақталуына бағытталған құқықтар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған [4]. Қалыптасушы әлеуметтік мемлекет әлеуметтік құқықтық демократиялық мемлекетті бағалаудың жоғарыда келтірілген критерийлерінің біреуіне жауап беруі тиіс.

Қазақстанның жер қойнауы туралы құқығы да мүмкіндігінше аталған критерийлерді қамтуы қажет және осы критерийлерге қаншалықты сәйкес екендігін қарастырып көрейік.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнамасы адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау критериін ескереді.

Біріншіден, 2010 жылғы 24  маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтайды және қорғайды. Атап айтқанда, «Жер қойнауын пайдаланушы құқықтарының кепілдіктері» деп аталатын Заңның 30-бабында, жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарының қорғалуына кепілдік беріледі. Келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын заңнама өзгерістері мен толықтырулары осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды. Осы бапта белгіленген кепілдіктер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу және кедендік реттеу саласындағы заңнамасының өзгерістеріне қолданылмайды» деген норманы қамтиды. Сондай-ақ, «Пайдалы қазбаларды реквизициялау» деп аталатын Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес реквизиция жағдайында жер қойнауын пайдаланушыларға берілетін кепілдіктер қарастырылған. Бұл жерде, Қазақстан Республикасы реквизицияланған пайдалы қазбалар үшін заттай нысанда немесе шетелдік жер қойнауын пайдаланушыға, олардың құнына еркін айналымдағы валютамен, ал ұлттық жер  қойнауын  пайдаланушыға жер қойнауын пайдаланушы тиісті пайдалы қазбаларға қатысты мәмілелер жасасу кезінде реквизициялау күніне қолданатын, көліктік шығыстар мен өткізу шығындары шегерімінен қалған бағадан аспайтын бағалар бойынша ұлттық валютамен өтемақы төлеуге кепілдік беретіндігі көрсетілген.

Екіншіден, Заңмен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, соның ішінде экологиялық құқықтары қорғалады. Мысалы, «Жер қойнауын пайдалануды шектеу және тыйым салу» туралы Заңның 14-бабы ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Елді мекендердің, қала маңы аймақтарының, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында жер қойнауын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға нұқсан келтіруі мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.

Ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін нормалар «Келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу» деп аталатын 71-бапта қарастырылған, оның 3-тармағында, егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі  операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушының іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін  қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде бұрын жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы; «жер қойнауын пайдаланушының міндеттері» деп аталатын 76-бапта, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде адам өмірінің, денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарынан бүлінген жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды қалыпқа келтіруге; өз қызметінің экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға; «Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кездегі міндеттері» жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушының барлық өндірістік объектілері мен жер учаскелері халық өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қор ғауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілуге тиіс, ал жер қойнауын пайдаланушылар жұмысының зардаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.

Бұл міндеттерді «Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын  ұтымды әрі кешенді пайдалану, халықтың және персоналдың қауіпсіздігі» 11-тарау, 86-бап «Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату және өңдеу», 87-бап «Мұнай операцияларын жүргізу процесінде авариялар мен өзге де қауіпті оқиғаларды болғызбау жөніндегі іс-шаралар», 91-бап «Мұнай операцияларын жүргізу және мұнай тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптары» нормалары шешеді.

Заңның мемлекеттік органдардың құзыретін қарастыратын нормалары ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануды шектеуге немесе тыйым салуға өкілеттігін қамтиды (16-баптың  5-тармағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті», 25-бап «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті» және т.б.).

Заңда болашақ ұрпақтардың да құқықтары қорғалған. 16-баптың 6-тармағында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті» болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау тәртібін айқындайды деп көрсетілген.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы жер қойнауын пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жер қойнаушылардың қатысуына кепілдіктер береді. Мысалы, 8-1-бапқа сәйкес «шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделерін ескеру» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдардың жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында жұмыссыздықты азайту мақсатында жергілікті тұрғындарды қолдауға бағытталған шараларды қарастырады.

Біріншіден, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкілетті органдардың құзыретіне жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбекақы төлеуді қамтамасыз ететін шараларға бақылау жасау кіреді. Заңның 26-бабына сәйкес,  Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

  • кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімі бойынша бекітеді;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
  • кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
  • құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына енгізу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды ұсынады;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган:
  • қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімімен бекітеді;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
  • оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;
  • құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс етеді.
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Екіншіден, жер қойнауын пайдаланушылардын міндеттеріне келесі жатады: Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнімді, олар конкурстың және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде пайдалануға; егер осы көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының резидент еместері орындайтын біртектес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, теміржол, су және басқа да көлік түрлерін пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерді міндетті түрде тартуға; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беруге; Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру ісін келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға; құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жұмыс бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат беруге; тауарларды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелікконструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды нақты қызмет бойынша жиынтық жылдық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға, міндетті.

Үшіншіден, 50-бапқа сәйкес «Конкурстық ұсыныс» соңғысы: қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер; қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер; келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қамтуы керек. Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтінімде: кадрлардағы жергілікті қамтудың мөлшері; сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер мөлшері; өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері қарастыру қажет.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында жер қойнауын пайдаланушылардың өңірді әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдайтындығын қамтамасыз ететін міндеттейтін нормалар қарастырылған.  Заңның «Конкурстық ұсыныс» деп аталатын 50-бабына сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын   дамытуға арналған шығыстар мөлшерін қарастыру керек. Осыған ұқсас норма барлау үшін жер қойнауын пайдалану үшін өтінім беру кезінде де қарастырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» қолданыстағы ҚР Заңында әлеуметтік сипаттағы бірнеше норма қамтылғандығын көре аламыз. Дегенмен мемлекеттің дамуына қарай жер қойнауы туралы қазақстандық құқықты әлеуметтік жағына тереңдете жетілдіру қажеттігі туындайды.

Қолданыстағы құқықта кез келген шаруашылық субъектісі, сондай-ақ жер қойнауының меншік иесі ретінде мемлекет нақты әлеуметтік жауаптылықта болуы керек деген, жер қойнауы туралы заңнаманың мақсаты мен міндеттері жеткілікті деңгейде әлеуметтенуі туралы норма-кепілдіктер аз қамтылған, жер қойнауын пайдаланудан түскен дивидентті елдегі барлық азаматтар арасында бөліп беру тек арман болып қалады.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында келешекте елімізде қолдану мүмкіндігін қарай отырып дамыған елдерде жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің оң тәжірибесін зерттеуді ұсынамыз. Атап айтқанда, келесі тұстарға назар аудару қажет:

  • Мұнай және газ өндіретін бірқатар елдер жер қойнауын пайдалану саласын ұлттық мүдделердің үстемдігі тұрғысынан қатаң мемлекеттік реттеу жүргізеді, рента толығымен немесе көбінесе мемлекет пайдасына алынады (өнімдерді бөлу туралы келісімдер механизмін  қоса алғанда) [5]; Мемлекеттің мұнайдан алатын жиынтық табысы 80-90% құрайды: мысалы, Индонезияда – 87-89%, Біріккен Араб Эмираттарында – 88-91%, Норвегияда – 82% және тек АҚШ-та – 47-58% [6].
  • Мұнай газ өндіру саласында, ұлттық қаржы, кадр, ғылыми-техникалық және өндірістік потенциалдың шектеулі немесе жоқ болуына қарамастан шетел капиталын шектеулі түрде пайдалану саясаты орын алады, оны экпансиялауға тіпті жол берілмейді. Таяу Шығыста мұнай газ өндірісі саласының қалыптасу процесінде, мысалы, 1970 жылдардағы мемлекеттің 25-30% қатысуы бүгінгі күні Катарда, Кувейтте және Сауд Арабвиясында 100%-дейін өсті. Шетел компанияларымен шарттық қатынастар сервистік контрактілермен ауысуы тенденциясы орын алуда.
  • Бірқатар елдерде, соның ішінде Персид бұғанасы елдерінде, өндіріліп алынған мұнай мен газ мемлекет меншігінде болады. Контракторлардың оларды сатып алуға құқығы әрдайым бола бермейді [7].

Жер қойнауының әлеуметтік тағайындалуы туралы нормаларды «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына, 1985 жылғы 22 наурыздағы «Мұнай қызметі туралы» Норвегия Заңының «Көмірсутектің тыңайған жерлеріне мемлекеттің құқығы және тиісті басқару» деп аталатын 3-бабында «Көмірсутектің тыңайған жерлері жалпы норвегиялық қоғам мүддесі үшін басқарылуы қажет. Басқару норвегиялық өндірістің дамуына ықпалдасуы, өзге қызмет түрлеріне, жергілікті саясатқа, табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға жеткілікті деңгейде назар аударылып жүзеге асуы тиіс» [8].

Жер қойнауын пайдалану қатынастарын реттеу барысында бұқаралық мүдде мен жер    қойнауын пайдаланушылар мүддесінің теңдестіруді қарастыратын «ақылды реттеу» доктринасын қолданған жөн. Бұл орайда көмірсутектің кейбір шығу жерлерін резервке қоятын АҚШ тәжірибесін назарға алу керек. Мысалы, «Аляска аумағы және іргелес шельф көмірсутектердің ұлттық резерві ретінде қарастырылады. АҚШ континентальдық шельфті тыңғылықты әрі абайлап игеруді жөн санайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы Алясканың өзге штаттардан принципалды құқықтық айырмашылығы, оның Конституциясында мұнайды Алясканың барлық азаматтарының меншігінде деп белгіленуі...

Жыл сайын штат тұрғындары жылдық адам басына шаққандағы түсімнің 8-9% алып отырады. Бүгінгі күні – Аляска – бай және кедей тұрғындардың арасында әлеуметтік теңсіздік азайып келе жатқан жалғыз штат. Ол жақта бірнеше онжылдықтар қатарынан тұрғындар саны көбейіп, өмір сүру ұзақтығы артып келеді» [8].

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Нехаева У.И. Социальное назначение права: проблемы теории и практики: дис канд. юрид. наук. – Краснодар, С.160.
  2. Зайчук О.В, Онищенко Н.М. Теория государства и права. Академический курс /http://uchebnikirus.ru/1103-7.htm
  3. Елюбаев Ж.С. Проблемы правового регулирования недропользования: отечественный опыт и зарубежная практика.– Алматы: Печатный Дом «Колесо», 2010. – С.35.
  4. Кубеев Е.К. Формирование и развитие социальной государственности в условиях проводимых конституционных реформ в Республике Казахстан //Вестник КарГУ. Серия юридическая. – 2012. – №
  5. Байкова Е. Р. Опыт изъятия и распределения ренты в зарубежных странах // Проблемы современной экономики. – 2010. – № 3; Баширов С. П. Опыт распределения природной ренты между государством и компаниями нефтяной промышленности // ЭКО. – 2006. – № 4; Баширов С. П., Коровина Н. В. Распределение природной ренты между государством и нефтяными компаниями // ЭКО. – 2006. – № 5–6.
  6. Рязанов В. Т. Рента в стратегии экономического развития России. – СПб., 2003.
  7. Павленко В.И., Селюков Ю.Г. Регулирование сферы недропользованияв приарктических странах (США, Канаде, Норвегии) // Арктика: Экология и экономика. – 2013. – № 3 (11). – С.50.
  8. Законодательство Норвегии по нефти и газу (неофициальный перевод). – М.: ЭПИцентр, 1999. – С.92.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.