Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері

Заң ғылымдарының докторы, профессор Қ.Р. Балабиев «Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографиясында Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі саяси өмірінде жаңа даму жолдарын қарастыру, жаңа үлгідегі әкімшілік  құқық  тәжірибелерін  белсенді іздестіру, болашаққа бағдар жасау сияқты маңызды үдерістер жүріп жатқаны белгілі. Мемлекеттік басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіне тән басқарудың мақсаттары мен міндеттері болатыны айқын. Қазақстанда әкімшілік құқықты дамыту және жетілдіру шаралары мемлекет басшысы  бекіткен  құқықтық  саясат  тұжырымдамасында ерекше өзекті мәселе ретінде қарастырылып отыр. Өйткені әкімшілік құқық – құқық жүйесінің негізгі саласы болып табылады. Оның қоғамда қалыптасқан қатынастарды қамтамасыз етуде және реттеудегі әлеуметтік маңызы зор. Сонымен қатар, жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа сапалы құқық қорғау жүйесін құру жөнінде міндет жүктелгені белгілі. Жалпы, құқықтану аясында әкімшілік құқық біршама жақсы зерттелгенмен, оның ерекшеліктерін, қызметін саралау осы күнге дейін толыққанды арнайы жеке зерттеу объектісіне айналмаған. Сондықтан әлі де өзінің шешімін күтіп жатқан мәселелер қатарына жатады.

Монография – қазіргі таңдағы әкімшілік және әкімшілік іс жүргізу құқығының теориялық тұрғыдағы мәселелерін зерттеуге арналған. Монографияда берілген ғылыми ұсыныстарда, талдамаларда, мемлекетіміздің әкімшілік құқықты реттеу саласының күрделі мәселелері қарастырылған. Монографияның басты мақсаты – әкімшілік құқықтың құрамдас бөліктерінің маңызды жақтарының әкімшілік процесс шеңберінде юрисдикциялық сипаттағы істердің, мемлекеттік басқару органдарының көпжақты ұйымдастырушылық қызметінің әкімшілік іс жүргізу, басқару сипатын қарастыру. Мұны теория мен тәжірибенің үндесуі ретінде алып қарауға болады. Демократиялық қоғамда мемелекеттің атқарушылық және бөлушілік қызметтері азаматтар мүддесіне сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Сондықтан да мемлекеттік биліктің, әкімшілік биліктің функциялары мен әрекеттері заң нормаларын қатаң реттеуді қажет етеді.

Осы тұрғыда Балабиев Қайрат Рахымұлының ғылыми еңбегі осы міндеттерге жауап беруге бағытталған. Өйткені автор өзінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік – іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографиясында қазіргі қоғамда орын алған мәселелерді терең зерттеп, құқық саласына қатысты өзекті ойларды қарастырған. Монография әкімшілік процесс және оның түсінігі мен ерекшеліктері, әкімшілік процесс субъектілері, әкімшілік – құқықтық режимдер, әкімшілік – құқықтық даулар: жалпы мәселелері, әкімшілік іс жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік іс жүргізу мәселелері, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу т.б. тараулардан құрылған.

Бірінші тарауда автор отандық және шетел құқықтанушыларының еңбектеріне сүйене отырып, заң процесінің түсінігіне, заң процесінің ерекшеліктеріне,  сипаттарына  тоқталып,  әкімшілік процесс пен оның принциптеріне зерттеу жүргізіп, әкімшілік процестің азаматтық және қылмыстық түрлерімен тең түрде екеніне дәлелдер келтіріп, әкімшілік процесс құрылымы мен принциптеріне талдау жасаған. Сараптама жасау барысында В.П. Сальников, С.Н. Махина, И.В. Панова, В.Д. Сорокин, В.И. Леушин, А.Е. Лунев, Г.И. Петров сияқты құқықтанушылардың процестің негізгі ерекшеліктері, сипаттары, жария билік субъектілерінің нормативті-биліктік заңды қызметі, іс жүргізу түрлері, салалық бойынша топтау туралы тұжырымдарына, әкімшілік процестің кең және тар мағынасы жөніндегі пікірлеріне баға берілген. Сонымен бірге, мұндай көзқарасты ұстанбайтын В.Я. Кикотя, Ю.М. Козлов пікірлері де қарастырылған. Әкімшілік процестің заңдылық, объективтік, жариялылық, үнемділік және тиімділік принциптері айқындалып, толық ашылған. Әкімшілік   процесс   құрылымы, оның элементтері – әкімшілік-норма шығармашылығы, әкімшілікқұқық беру, әкімшілік-юрисдикциялық процестеріне сипаттама беріліп, әкімшілік процестерді талдау, шешім қабылдау және әкімшілік қызмет кезеңдерінің іске асырылуы зерттелген.

Монографияның екінші тарауы әкімшілік процесс субъектілері туралы ғалымдардың көзқарастарын саралау мен олардың түрлерін, әкімшілік процесс субъектілері ретіндегі азаматтардың құқықтық мәртебелеріне жататындар, олардың ерекшеліктері, элементтер жиынтығы анықтауға арналған. Әкімшілік процесс субъектісі болу үшін қажет әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілігі, құқықтары мен міндеттері қарастырылып, әкімшілік процесс тұрғысынан азаматтардың әлеуметтік рөлі олардың әкімшілік іс жүргізу мәртебесімен тығыз байланыстылығы айқындалған. Әкімшілік құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттік қызметкерлер сипатының белгілері беріліп, өзіне бекітілген кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асырушы, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен еңбекақы алатын азамат екендігі анықталып, ғылыми әдебиеттерде атқарушы билік органдары түсінігіне қатысты Ю.М. Козлов, В.Н. Манохин, Д.Н. Бахрах, т.б. пайымдаулары мен сипаттарына тұжырымдама жасалып, атқару органдарына тән негізгі белгілері, принциптері, мақсаттары берілген.

Әкімшілік-құқықтық режимдер түсінігі, түрлері, әскери режим, мемлекеттік құпия режимі үшінші тарауда толық қамтылған. Құқықтық режим В.Б. Рушайло, С.С. Алексеев, Н.И. Матузов, А.В. Малько және О.С. Родионов   көзқарастары тұрғысынан зерттеліп, түрлері және құқықтық сипаттамалары, топтары, объектілері, қолданылу аясы, мақсаттары, төтенше жағдай режимін енгізудің негіздері, тәртібі мен мерзімі ерекшеленген. Әскери режим мемлекетке қарсы қауіптің алдын алу немесе Қарулы Күштермен тойтаруға арналған жағдайларды жасауға бағытталған кешенді шараларды қажет ететін ерекше құқықтық режим деп сипатталған. Mемлекеттік құпия режимінің рөлі айрықшаланып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының егеменді дамуының басты шарты, ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылатыны көрсетілген. Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Автор, заңмен қорғалатын құпиялар, ақпараттарды ашық және жабық түрлерге бөлуді принциптерге негіздеп, мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтер көздерiнiң деректеме түрлерін берген. Қазақстан Республикасының лауазымды адамына немесе азаматына мемлекеттiк құпияларға рұқсат етуден бас тарту үшiн негiз болып табылатын, мемлекеттік құпияларға рұқсат етілген немесе бұрын рұқсат етілген тұлғалар, мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін, құқықтары уақытша шектелуі туралы, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты арнайы уәкілетті орган атқаратыны толыққанды баяндалған.

«Әкімшілік-құқықтық даулар: жалпы мәселелері» атты төртінші тарауда әкімшілік-құқықтық даулар түсінігі, әкімшілік-құқықтық даулардың мазмұны, әкімшілік-құқықтық даулардың түрлері және оларды жіктеу тәсілдері қарастырылған. Әкімшілік-құқықтық даулар түсінігінің теориялық мазмұнын автор И.Т. Тарасов, И.М. Зайцев, А.Б.Зеленцов, Н.В. Сухарева, А.А. Демин, Н.Ю. Хаманева, Е.Б. Лупарев және А.В. Агаповтың тұжырымдамаларына талдау жасай отырып, ашып көрсеткен. Посткеңестік кезеңдегі Қазақстандағы (КСРО тарауынан кейінгі қалыптасқан басқа мемлекеттерде де) азамат және мемлекет арасындағы қатынастардың негізінің өзгеріске ұшырауына байланысты, әкімшілік-құқықтық даулар мәселесінің өзектілігі артты, ал осы институт әкімшіліктанушы ғалымдардың зерттеу көзіне айналды. Әкімшілік-құқықтық  дауларға  арналған  зерттеулерде «әкімшілік-құқықтық дау» және «басқару дауы» терминдері арасындағы айырмашылықтар қарастырылады, өйткені олар көп жағдайларда синоним   ретінде   қолданылады.   Шындығында барлық басқару қызметін (тар мағынадағы) әкімшілік-құқықтық қызмет деп қарастыруға болмайды, ал барлық басқару (әкімшілік) дауын әкімшілік-құқықтық дауға жатқызуға болмайды. Заң шығармашылығында және құқық қолдану тәжірибесінде жалпы теориялық жетістіктерді қолдану қажеттігіне байланысты әкімшілік-құқықтық даудың қолданыстағы тұжырымдамаларына сәйкес, әкімшілік-құқықтық дау «мемлекеттік басқару саласындағы мүдделердің қайшылықтарына байланысты немесе органдардың және мемлекеттік-билік басқару уәкілеттілігі берілген лауазымды тұлғалардың ұйымдастыру қызметтерінің заңдылығы бойынша көзқарастардың қайшылығынан туындаған тараптардың тартыстарымен сипатталатын кешенді материалдық іс жүргізу әкімшілік құқықтық қатынастарының түрі» деп анықталады.

Монографияның бесінші тарауы «Әкімшілік іс жүргізу құқығы» деп аталады. Автордың әкімшілік іс жүргізу құқығының мәні туралы ізденістері М.С. Студеникина, В.П. Сальников, А.П. Коренев еңбектеріне негізделген. Мәселен, автор әкімшілік іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастыра отырып, оның жалпы және арнайы іс жүргізу нормалары негізінде белгілі бір категориядағы істерді  шешу бойынша әкімшілік қызметтің ерекше түрі екені жөнінде түйін жасайды. Әкімшілік-юрисдикциялық  процесіндегі   іс   жүргізу  түрлерін анықтап, әкімшілік іс жүргізу құқығының нормаларын қарастырады.

Мазмұны бойынша әкімшілік іс жүргізу нормалары 4 топқа бөлінетінін:

1) әкімшілік құқық шығармашылығын қамтамасыз ететін;

2) жедел-өкімшілік, құқық беру қызметін қамтамасыз ететін;

3) әкімшілік юрисдикцияны қамтамасыз ететін;

4) әкімшілік процестің ешқандай түріне жатпайтын.

Заңды күші бойынша әкімшілік іс жүргізу нормалары түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдары шығарған ережелерге бөлінеді, әрі әкімшілік өндіріс түрлері бойынша ажыратылады.

Келесі «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік іс жүргізу мәселелері» атты алтыншы тарауда Қазақстан Республикасындағы  әкімшілік соттар: теория және тәжірибе мәселелері, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процестің мазмұны, түрлері, негізгі институттары және жүзеге асырылу принциптері, Қазақстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік институтының даму мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қазақстандағы сот төрелігі жалпы юрисдикциясы тек соттармен ғана жүзеге асырылады.  «Қазақстан  Республикасының  сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануы соттар тәуелсіздігінің кепілдіктерін өмірге келтірді, судьялардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын нығайтты, мамандандырылған соттарды енгізуге мүмкіндік берді. Монографияда посткеңестік мемлекеттердің құқықтық және сот жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі – әкімшілік соттар институтын енгізудің қажеттілігі туралы мәселе қозғалған. Бұл мәселе айналасындағы Ресей құқықтанушыларымен қатар отандық Б.Ж. Абдраимов, А. Таранов сияқты құқықтанушылардың көзқарастары келтіріліп, демократиялық қоғамға әкімшілік соттардың қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Әкімшілік-юрисдикциялық процестегі іс жүргізулердің көпшілігін іс жүргізудің басқа тұрпаттамасының шеңберінде қарастыру керек. Мамандар әкімшілік процестің принциптерінің толық тізбесін құруға талпыныс жасап келгенімен, белгілі бір құрамы әлі күнге дейін анықталмаған. Осы мәселе туралы зерттеу монографияның бірінші тарауында да қозғалған.

Сот тәжірибесінің қорытылуы құқық қолдану және құқық шығармашылығы қызметінде атқаратын маңызы зор. Оларға талдау жасалынбай, соттардың қызметі, заңның қызметі, заң ғылымының дамуы мүмкін емес. Сот тәжірибесінің қорытылуын әкімшілік процестің кең мағынасындағы әкімшілік іс жүргізу нормаларының қайнар көздері ретінде қарастыруға болады. Осы тарауда әкімшілік деликтілік процедураларындағы сот юрисдикциясының болуы, материалдық әкімшілік деликтілік заңнаманың эклектикалығы, әкімшілік жауапкершілік субъектілерінің жеткіліксіздігі, кінәсіздік презумпциясының бұзылуы, әкімшілік  жазаланатын іс-әрекеттерді анықтау кезіндегі заңдылық принциптерінің бұзылуы, әкімшілік-деликтілік іс жүргізудегі формализм және төрешілдік, әкімшілік қамауға алынған тұлғаларды ұстау орнын анықтаудың ішкі істер органдарына ведомстволық бағыныстылығы, т.б. өзекті мәселелер кең зерттелген.

Жетінші «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлері» тарауында ҚР әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысты әкімшілік юрисдикцияның түсінігі мен мазмұны, ҚР әкімшілік юрисдикция принциптері, әкімшілік юрисдикциялық іс жүргізу түрлері зерттелген. Құқық қолдануға ұйымдасқан тұрақтылық қасиеті тән болғандықтан, ал құқықты қолдану актілерінің негізінде уәкілетті органдардың ұйымдастырушылық және реттеуші қызметі іске асырылатындықтан, құқық қолдану қызметінің жіктемесін құқық жүктейтін және әкімшілік-юрисдикциялық деп  қарастыру дұрыс. Әкімшілік-юрисдикциялық қызмет арнайы уәкілетті органдардың бекітілген тәртіппен әкімшілік деликтер мен құқық бұзушылықтарды қарастыру және шешім шығару қызметімен сипатталатын құқық қолдануының бір түрі. Қарастырылған барлық пікірлер азаматтық істерді қарастыру және шешудің сотқа және іске қатысушы тұлғалар үшін міндетті, заңмен бекітілген тәртіп  екенін  көрсетеді.  Іс  жүргізу ұғымының заң санатының бірыңғай түсінігі қалыптаспағанын байқауға болады. Бұл өз ретінде оның ғылыми санат ретінде қолданылуын қиындатады. Әкімшілік іс жүргізу түрлерін зерттеуде автор Ресей ғалымдары В.Д. Сорокин, Н.А. Чечина, В.С. Основин, А.Т. Боннер, С.В. Курылев, В.М. Горшенев, Ю.М. Козлов еңбектеріне талдау жасап, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикция принциптері: заңдылық принципі, объективті (материалдық) ақиқат принципі, жарыстастық принципі, тараптардың теңдігі принциптері, мемлекеттік тілде іс жүргізу принциптерінің рөлін қарастырған. Әкімшілік-юрисдикциялық іс жүргізу түрлерін Н.Г. Салищева, А.Ю. Якимов, Д.Н. Бахрах, А.П. Алехин, И.В. Панованың ғылыми тұжырымдамаларына сүйене отырып, анықтаған. Монографияның соңғы тарауында сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу, тәртіптік жауапкершілік бойынша іс жүргізу мәселелері кең қарастырылған.

Монография Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Шымкент мемлекеттік педагогикалық институты, М. Сапарбаев атындағы ОҚПИ жоғары оқу орындарының оқу процесіне қолданылуға ұсынылды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану» факультетінің «Халықаралық құқық», «Ұлттық қауіпсіздік мәселелері» пәндері бойынша лекция және практика сабақтарына енгізілді.

Балабиев Қайрат Рахымұлының ғылыми еңбегі қазіргі заман талаптарына сәйкес. Оның 2012 жылы жарық көрген «Қазақстан Республикасының әкімшілік – іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографиясының өскелең ұрпаққа мемелекетіміздің дамуы мен күшеюіне өз үлестерін қосуға, білім мен ғылымға деген ынталарын арттыруға қосар үлесі мол.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.