Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заң психологиясы құқық саласының бір ғылымы ретінде

Құқық саласының ажырамас бір бөлігі болып танылатын заң психологиясының пәніне қатысты туындаған сұрақтарды жекелеген  психологтар, заңгерлер және өзге ғылым саласындағы ғалымдар шешуге тырысқан. Заң психологиясының алғашқы даму кезеңдері құқық ғылымы аясында туындаған сұрақтарды шешу үшін психологияға жүгінуге қажеттіліктің туындауымен байланысты. Заң психологиясы өзге де көптеген психология салалары тәрізді ұзақ ғылыми тұжырымдамалар мен ғылыми экспериментальді зерттеуге дейінгі жолдардан өтті. Адамзат білімінің әртүрлі көзқарастарының негізінде пайда болған көптеген жаңа ғылымдар тәрізді заң психологиясы да өзінің алғашқы даму кезеңдерінде тұрақты жеке болып қалыптаспаған және ғалымдардың арнайысы болмаған. Заң психологиясының дамуына ерекше үлес қосқандардың бірі ретінде И.Т. Посошковтың (1652–1726) еңбектері ерекше маңызға ие, онда айыпталушы мен куәлардан жауап алуға қатысты, қылмыскерлерді топтастыруға қатысты психологиялық нұсқаулар берілген. Гуманизм идеясымен сот психологиясының аспектілерін қарастырған алғашқы авторлардың бірі болып М.М. Щербатов (1733–1790) танылады. Ол  өзінің  еңбектерінде тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып заңдардың әзірленін талап етті. Сонымен қатар, жазадан шартты түрде жазадан босатуды қолдаушылардың бірі болды. Қылмыскерді қайта тәрбиелеуде еңбек факторын бағалай білді, қолдады. Негізінен қылмыскерді қоғамнан оқшаулап қана қоймай, оны қайта тәрбиелеу идеясының кең тарау мәселесі психологияға осы мәселені ғылыми тұрғыда негіздеу үшін жүгінуге алып келді. Аталған мәселені шешу үшін XiX ғ. Басында Ресейде В.К. Елпатьевский, П.Д. Лодий, Л.С. Гордиенко, Хр. Штельцер және т.б. еңбек етті. Дегенмен де, сол кезде метафизикалық сипатқа ие психологияның өзі, тіпті қылмыстық құқықпен біріккеннің өзінде де жеткілікті түрде жеке тұлғаны оқып танудың әдістерін толық зерттей алмады [1].

Заң психологиясы бойынша маңызды көлемдегі жұмыстар Ресейде XiX ғ. үшінші жартысында пайда болды. Олар: И.С. Баршева «Взгляд на науку уголовного законоведения», К.Я. Яновича-Яневского «Мысли об уголовной юстиции с точки зрения психологии и физиологии», А.У. Фрезе «Очерк судебной  психологии», Л.Е. Владимирова  «Психические   особенности преступников по новейшим исследованиям» және т.б. Аталған еңбектерде психологиялық білімдерді нақты сот және тергеу органдарының қызметінде пайдаланудың таза прагматикалық тұрғыдағы идеялар көрініс тапқан. Сонымен, И.С. Баршевтің пікірінше, егер судья психологияны білмесе, онда ол әділсоттылықты атқарған процесс «тірі емес, өлген адамдарға қатысты

жүргізілген процесс» болып танылады. Неміс ғалымдары И. Гофбауэра «Психология в ее основных применениях в судебной жизни» (1808) және И. Фридриха «Систематическое руководство по судебной психологии» (1835) еңбектерінде психологияны қылмыстық тергеуде пайдалану бойынша талпыныс жасалған. Куәнің жауабын бағалау бойынша қолданылатын психологиялық сұрақтар атақты француз математик ғалымы Лапластың еңбегінен көруге болады. 1814 жылы Францияда жарық көрген «Опытах философии теории вероятностей» деген еңбегінде (орысша аудармасы Москвада 1908 ж. шықты), Лаплас куәнің берген жауаптарының мүмкіндігін шығарылатын сот үкімдерінің мүмкіндіктерімен қатар зерттеп, оған математикалық есептеу арқылы баға беруге тырысқан. Оның ойынша барген жауап мүмкіндігі нақты шынайылыққа сәйкес келеді. Мұндағы мүмкіндік элементтері мыналардан тұрады:

  • куә сипаттап айтып отырған оқиғаның мүмкіндігінен;
  • жауап алынып отырған тұлғаға қатысты гипотеза мүмкіндігінен;
  • куә жалған жауап беруде, бірақ қателесіп отыр;
  • куә қателеспейді, бірақ жалған жауап беріп отыр;
  • куә қателесіп те, жалған жауап беріп те отыр.

Лаплас мұндай жолмен куәнің жауабының жалған не рас екендігін анықтау фактілердің нәтижесі болып танылатын мән-жайлардың көптігінен қиын екендігін түсінді, білді. Сонда да, ол судья процесті жүргізу барысында, істі шешу барысында математикалық нақты есептеулерге емес, тек мүмкіндікке ғана сүйену қажет деп есептейді. Дегнмен де, Лапластың бұл сызбасы куә жауабын бағалаудың ғылыми әдісін құруға талпынған жұмысы тәрізді қызығушылық тудырды.

Сот психологиясында туындайтын мәселелерді зерттеу көп уақыт бойы осы алғашқы талпыныстардан кейін қолға алынбады. XiX ғ. екінші жартысында тек табиғи ғылымдардың да ғана емес, тіпті жетекші ірі капиталистік елдерде қылмыстылықтың тез дамып өсуі сот психологиялық зерттеулердің одан әрі тез дамуына ықпал еттті [2].

XiX ғ. соңы мен XX ғ. басы психологияның, психиатрияның және т.б. құқықтық пәндердің интенсивті дамуымен байланысты. Мұнда бірінші  кезекте  қылмыстық  құқық  алда  тұрды.

Бұл ғылымдарды сол кезеңде зерттеген ғалымдар прогрессивті позицияларды иеленді. Олар: И.М. Сеченов, В.М. Бехтерев, С.С. Корсаков, В.П. Сербский, А.Ф. Кони және т.б.

Құқықтың, психиатрия мен  психологияның дамуы заң психологиясын жеке ғылыми пән ретінде негізделу қажеттілігіне алып келді. П.И. Ковалевский 1899 жылы психопатология мен құқық психологиясын ажырату жөнінде және осы ғылымдарды заң білімінің курсына енгізу туралы мәселені көтерді. Шамамен нақты осы кезеңдерде қылмыстық құқықтың антропологиялық және социологиялық мектептерінде қарама-қайшылықтар туындады. Бұл жерде антропологиялық мектептің негізін қалаушы, антропологиялық мектептің қолбасшысы, «Қылмыскер болып туады» және өзінің атавистік мінездеріне, гендеріне байланысты түзелуге келмейді деген теорияны құрған, Ч. Ломброзо болды [3].

Әлеуметтік мектепті қолдаушылар утопиялық социализм идеясын қолданды, сонымен қатар, қылмыстылықтың себептерін түсіндіруде әлеуметтік фактілерды алға тартты. Осы уақытқа дейін әлеуметтік мектептің кейбір идеялары прогрессивті элементтерді қамтыды. XX ғ. басында заң психологиясында зерттеудің экспериментальді әдістері пайда бола бастады. Осы кезеңда жарық көрген еңбектердің көбісі куәнің жауап беру психологиясына арналған. Олар И.Н. Холчеваның «Мечтательная ложь», Гр. Португалованың «О свидетельских показаниях» (1903), Е.М. Кулишердің «Психология свидетельских показаний и судебное следствие» (1904) еңбектері болды. Сонымен қатар, осы тақырыпта М.М. Хомяков «К вопросу о психологии свидетеля» (1903), А.В. Завадски и А.И. Елистратов «О влиянии вопросов без внушения на достоверность свидетельских показаний» (1904), О.Б. Гольдовским «Психология свидетельских показаний» (1904) деген баяндамалар жасады. Аталған кезеңнің тағы бір ерекшелігі, қылмыскердің жеке  тұлғасы зерттелген Л.Е. Владимировтың, Г.С. Фельдштейннің, М.Н. Гернеттің және т.б еңбектері шықты.

Сот психологиясы бойынша үлкен жетістіктерге Ганс Гросстың еңбегі жетті. Оның 1898 ж. жарық көрген «Криминальная психология» атты еңбегінде сол кезеңнің психологтарымен жүргізілген жалпы патологиялық экспериментальді зерттеулердің нәтижелері қолданылды. Қылмысты зерттеу психологиясын оқып үйренуде психологиялық экспериментальді әдістерді қолдану дұрыс қадам болып саналды. Осы әдісті ойлап шығарушылардың бірі француз психологы Альфред Бинэ, ең бірінші болып экспериментальді жолды қолдана отырып кішкене баланың жауабына ықпал ету туралы сұрақты қарастырды. 1900 ж. Ол «Внушаемость», атты кітабын шығарды, онда кішкене баланың жауабына ықпал ету туралы мәселелерге арнайы тарау арналған. Еңбегінде А. Бинэ қызықты қорытындылар жасаған: 1) сұрақтарға берілетін жауаптар әрқашан да қателерімен бірге болады, 2) сот отырысының хаттамаларындағы жауаптарды дұрыс бағалау үшін, тек сұрақтарды ғана емес берген жауаптарды да толық жазу қажет.

1902 ж. куәлардың жауаптарының дұрыстылығы мен нақтылығын анықтау бойынша эксперименттерді неміс психологы Вильям Штерн жүргізді. Оның мақсаты А. Бинэ сияқты куәлардың жауабында ғылыми негіздерді іздеу емес, берілген жауаптардың нақтылығын анықтау дәрежесі болды. Өзінің сүйенген мәліметтеріне жүгіне отырып В. Штерн куәнің жауаптары нақты емес болуы мүмкін, себебі, «еске түсіруді айтпағанда, ұмыту бұл ереже» деп тұжырымдады. В. Штерн өзінің зерттеуінің қорытындысын Берлиндік психологиялық қоғамда баяндады, оның қорытындылары Еуропаның көптеген елдерінде кызығушылық тудырды. Соңында В. Штерн идеалистік сипаттағы есте сақтаудың персонализациялық концепциясын құрды. Бұл концепцияға сәйкес адамның есте сақтау қабілеті объективті шындықтың көрінісі болып табылмайды, тек жеке тұлғаның эгоистік мүддесінің, менмендігінің көрінісі ретінде шығады. В. Штерн баяндамасы Ресей юристерінің де қолдауына ие болды. В. Штернді Ресейде жақтаушылар болып келесілер танылды: Петербург университетінің профессоры О.Б. Гольдовский, Қазан университетінің профессоры А.В. Завадский және А.И. Елистратов. Олар Штерн тәжірибелеріне ұқсас өздері жеке тәжірибе жүргізе отрып, ұқсас қорытынды жасады. Бұл мәселеге қатысты О. Гольдовский былай деді: «Қателердің психологиялық негіздері әртүрлі және куәмен жеткізілген фактілі дерекетерді шынайы болған оқиғамен салыстыра қарайтын болсақ, қайғылы қорытындыны көруге болады. Куә нақты көшірмесін бермейді». А.В. Завадской мен А.И. Елистратовтың пікірлері бойынша: «В. Штерн куәлардың жауаптарының дұрыстығына қатысты бірнеше тәжірибе жасады. Осы тәжірибелер оған былай деп тұжырымдауға  құқық  берді:  қатесіз  жауап бе рілу мүмкін емес, жауаптар тек қателесіп қана беріледі».

Сот психологиясының мәселелері бойынша Германияда О. Липпман, А. Крамер, В.Ф. Лист, С. Яффа  және  т.б.   болды.   1903   ж.   бастап В. Штерн Лист және Гросспен бірлесе   отырып «Доклады по психологии показаний» деген журнал шығара бастады. Криминалистикалық психология бойынша зерттеулер көптеген елдерде жүргізілді. Францияда – Клапаредпен,  АҚШ-та – Мейерспен, сонымен қатар Микином Кеттелмен, М. Кеттел 1895 ж. студенттердің есте сақтау қабілетімен эксперимент жүргізіп, куәнің жауабының дұрыстылығы мен нақтылығы дәрежесін көрсетушіні құрастыруды ұсынды. Ресейде куәнің жауабының психологиясына қатысты мәселелер бойынша М.М. Хомяков, М.П. Бухвалова, А.Н. Берштейн, Е.М.  Кулишер  және т.б. еңбек етті. 1905 ж. «Проблемы психологии. Ложь и свидетельские показания» деген жинақ шықты. Жинақтың көптеген мақалалары куә жауабының толық және дұрыс еместігі төңірегінде болды [4].

XiX ғ. аяғы мен XX ғ. басы криминологиялық білімнің социологиялануымен сипатталады. Бұл кезеңде қылмыстылықтың себептерін әлеуметтік құбылыс ретінде буржуаздық социологтар Ж. Кетле, Э. Дюркгейм, П. Дюпоти, М. Вебер, Л. Леви-Брюль және т.б. зерттеді. Олар қылмыстық әрекеттің табиғатын антропологиялық тұрғыда зерттеуді теріске шығаратын әлеуметтік статистика әдісін қолданып, қоғамның әлеуметтік шарттарына қатысты қылмыс жасалатынын дәлелдеді. Тарихи қысқа мерзімде Жан Кетле, Эмиль Дюргейммен жүргізілген әртүрлі аномальді көріністердің (қылмыстылық, өзін өзі өлтіру, жезөкшелік) статисткалық анализі жеке тұлғалардың бойында соғыс, экономикалық тоқырау кездерінде өсіп, өсы көріністердің тамыры әлеуметтік жағдайларға қатысты екендігі дәлелденді. Бұл «қылмыскер болып туылады» деген теорияны толығымен теріске шығарды. Осы фактілер нақ осы кезеңнің америкалық әлеуметтік  психологтар  Р. Мертон, Ж. Старленд, Д. Матс, Т. Сайкс, Э. Глюк және т.б. еңбектерінде, қылмыстылықтың әлеуметтік психологиялық теорияларында көрініс тапты. Аталған авторларлың еңбектерінде топтарда адамдардың тәртібі мен арақатынасын реттейтін әртүрлі әлеуметтік психологиялық механизмдер мен феномендер есебінен деликвентті тәртіптің табиғатын зерттеудің әртүрлі жолдары көрсетілген. Қылмыстылықтың әр түрлі буржуазды әлеуметтік психологиялық теорияларға тән сипаттама – бұл қылмыстылықтың әлеуметтік экономикалық детерминациялануын жоққа шығару мен біріңғай методологиялық әдістердің болмауы. Бүгінгі таңдағы криминологиялық білімнің еркшелігі – бұл ауытқыған тәртіптің факторлары мен себептерін оқып, білу бойынша жүйелі түрдегі талпыныста. Сонымен қатар, бір уақытта ғылымның әр саласының өкілдерінің (медиктер, заңгерлер, психологтар, экономистер және т.б.) аталған мәселені шешу бойынша жасаған әдістемелік нұсқаулары. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алу тәжірибесіне кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жерде құқық қорғаушы, первентивті, пенитенциарлық қызметті жүзеге асыратын институттарды психолого-педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңдағы биологизаторлық криминологиялық теориялар аргументтерін бүгінгі таңдағы ғылымдардың (генетика, психология, психоанализ) жетістіктеріне сүйене отрып құрайды. Сонымен, сенсациялардың бірі ретінде 70-жылдары Клайнфельтер синдромы пайда болды. Ол бойынша хромосомды бүлінулер әдеттегі ер адамдардың хромосомаларына қарағанда отыз алты есе жиі кездеседі.

Заң психологиясының дамуына  ерекше үлес қосқандардың қатарына атақты мамандар В.М. Бехтерев пен А.Ф. Кони болды. Криминальді психология, криминалистикалық рефлексология секциялары психоневрология бойынша Жалпы Ресейлік съездердеің бірінші және екінші этаптарында құрылды. Совет үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап заңгерлер мен психологтар қылмыстылықпен күрестің жаңа нысандарын іздестіре бастады. Дәлелдеуге қатысты сұрақтарды заңды жолмен реттеудің бұл гуманистік принципі, қылмысты дұрыс әрі толық шешу үшін қылмыстық сот өндірісіндегі тұлғалардың қызығушылығын түсіндірді.

Қорыта келгенде, заң психологиясының ғылым ретіндегі қалыптасып, дамуы құқықтық сана мен мәдениеттің дамуына, құқық қорғау органдарының қызметтерінің сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуына үлкен ықпалын тигізеді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Коченов М.М. Введение в судебно-психологическую экспертизу. – М.,
  2. Романов В.В. Юридическая психология: учебник. – М., 2002.
  3. Косолапова Н.В., Иванова А.И. Юридическая психология. – М., 2009.
  4. Криминология / под. ред. В.Н. Кудрявцева, В.Е. Эминова. – М., 1999.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.