Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының көліктік-транзиттік инфрақұрылымның даму мәселелері

Еуразия континентінің дәл ортасында, Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия секілді нарығы шапшаң дамушы алпауыт мемлекеттер арасынан қоныс тепкен Қазақстан экономикасы негізінен мемлекеттің жоғары тасымалдау мүмкіншіліктеріне қатысты болып табылады. Ұлттық көлік жүйесінің дамуына еліміздің үлкен территориясы, халықтың орналасу тығыздығының аздығы (орта есеппен кв.м. 6 адам), шикізат және өндіріс ресурстарының көптеп шоғырлануы маңызды рөл атқаруда.

ҚР Президенті – Ұлт басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» жоспары» Жаңа саяси бағыт халыққа жолдауында Қазақстан халқы тасымалдау потенциалын дамыту керектігін атап өтті. Сонымен қатар, Ұлт басшысы 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі екі есеге жоғарылайды, ал 2050 жылға қарай бұл көлем 10 есеге өсуі ықтимал екендігін айтты.

Мемлекет арасында біз еліміздің халық аз қоныс тепкен, алыс аудандарын өмірлік және экономикалық маңызды инфрақұрылым объектілерімен қамтуға бағытталған «өнеркәсіптік орталықтар» құрауымыз қажет. Ол үшін көлік жүйесінің озық инфрақұрылымын қамтамасыз ету керек [1].

Айта кетерлік жай, аналитикалық орталықтардың бағалауы бойынша, Оңтүстік-шығыс және шығыс Азия – Еуропа бағытындағы транзиттік ағымдар 330-400 млрд. АҚШ долларына бағаланады, оның 20%-ға жуық көлемі Ресей Федерациясы және Қазақстан территориясы арқылы өтуі тиіс. Бірақ алуан түрлі себептерге байланысты Қазақстан бұл мүмкіншіліктің 10%-дан кем көлемін пайдалануда. Ішкі тасымал көлемі қазіргі таңда 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайды, ол 2015 жылы 2,6 млрд. АҚШ долларына өсуі мүмкін (45,6% индикативтік жоспарға сай экономиканың тұрақты дамуына сәйкес). Сенімді, әрі тиімді еуразиялық көлік маршруттарын құрау мәселелері сауда-экономикалық және мәдени байланыстардың кеңеюі мен халықаралық интеграциялану, глобализация үрдістерінің шапшаң дамуы аясында ерекше көкейкестілікке ие болып отыр.

Жалпы алғанда, Еуразиялық транзит идеясы көне тарихи мағынаға ие (мысалы, «Ұлы жібек жолы»), сонымен қатар Қазақстан территориясы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің дамуы біз үшін маңызды болып табылатын үш бағытта дамиды: Ре сей, Еуропа мен Балтия елдері, Қытай, Жапония және Оңтүстік-шығыс Азия елдері, Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттері, Иран және Түркия.

Көрсетілген әрбір бағытта орныққан жер, су және ауа магистральдары кешенінен құралған халықаралық көлік дәліздері бар. Халықаралық көлік дәліздері жүк тасымалын жақсарту және дамытумен қатар, жолаушыларды халықаралық бағыттарда да тасымалдауға арналған. Халықаралық көлік дәліздері дегеніміз негізінен халықаралық мағынаға ие, әртүрлі мемлекеттерді байланыстырушы, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуші түрлі көлік түрлері мен сәйкес техникалық қамтылған көлік байланысы магистральдарының тұтастығы.

Екі шапшаң дамып келе жатқан континент мемлекеттері арасында халықаралық транзит жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық экономикалық одақтың аймағы мен халықаралық көлік дәлізі жүйесі құрамына кіретін көлік байланыстарына қолайлы шарт жасауға ерекше назар аударылады. Айта кетерлік жай, бұл үрдісте Қазақстанның белсенді атсалысуы оның территориясында халықаралық тасымалға арналған заманауи нормативтік құқықтық базаның құрылуы мен қызмет етуші байланыс жүйесін дамытуға бағытталған мақсатты мемлекеттік саясатқа негізделген техникалық жабдықталған көлік кешенінің болуы.

Сонымен қатар, Еуразиялық континентте экономиканың дамуының объективтік шарттары Қазақстан арқылы өтетін транзиттің көлемінің өсуіне және Еуропа мен Азия арасындағы тауар тасымалының көлемінің артуына әкеледі. Сонымен қатар, Қазақстан территориясы арқылы мемлекеттік классификациялану құрамына кіретін еуразиялық негізгі маршрут өтеді. Транзиттік тасымал көлемі қазіргі таңда тұрақсыз және төмендеу тенденциясына ие.

Халықаралық тасымалдың халықаралық тәжірибесінің көрсетуіне сай бәсекеге қабілетті көлік маршруты техникалық және құқықтық мәселелерді шешумен ғана шектеліп қалмайды. Бұл ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы өзге де физикалық емес кедергілерді жою үшін маңызды болып табылады, оның негізгілері:

  1. Қазақстан арқылы өтетін трансқұрылықтық бағыттыр бойынша тасмалдау саясатын жетілдіруде халықаралық деңгейдегі келісімдердің болмауы бәсекеге қабілеттілікке айтарлықтай кедергі келтіруі.
  2. Бағыт шекарасындағы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруда келісілген бірегей тарифтік саясаттың болмауы.
  1. Тасымалдау процесін ұйымдастыру және басқару бойынша транзиттік қазіргі заманғы көліктік технологияларды енгізуді жеткіліксіз пайдалану.
  2. Тауарларды тасмалдау технологиясы жетілдірілмегендігіне байланысты шекаралық өткелдерде және шекаралық операцияларды қамтамасыз ететін айқын өзара қызметтердің болмауына әкеліп соғады.
  3. Көліктің барлық түрлерінің транзиттік жүк тасымалының мемлекеттік статистиканың болмауы (темір жол ведомстволық статистикасын қоспағанда), республиканың транзиттік потенциалын тұрақты тиімді пайдалануға, бағалауға және талдауға мүмкіндік бермейді.
  4. Қазақстанның көлік дәліздері, сондай-ақ баламалы бағыттар арқылы транзиттік тасымалдау кезінде отандық транзиттік дәліздердің басекеге қабілеттілігі арттыру үшін жұмыстар және республикалық көлік магистралы арқылы қосымша жүк тасымалын тартуды дер кезінде жүзеге асыруға қажетті мониторингтің жүргізілмеуі.
  5. Бәсекеге қабілетті басқару шешімдерін, транзит және кеден рәсiмдерiн жеңілдету саласында жедел ақпарат алмасуды дамытуға ведомствоаралық үйлестірудің болмауы кедергі болып отыр.
  6. Қазақстан Республикасының аумағынан транзитпен шетелдік тасымалдаушылардың жолында физикалық және табиғи бөгеттер туралы уақтылы ағымдағы ақпараттың болмауы, Қазақстанның транзиттік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін және шетелдік тасымалдаушылардың өз тартымдылығын азайту ғана емес, олардың уақтылы түзету үшін елеулі кедергі болып табылады.
  7. Республиканың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану, дамыту және жетілдіру жөніндегі дәйекті мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін жауапты органның болмауы [2, 77 б.].

Қазақстан Республикасының көлік жүйесін реформалау мақсатында [3] Қазақстан Республикасының Көлік стратегиясын қабылдады.

Стратегия мақсаты толық экономиканың көлік қызмет көрсетулеріне және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті көліккоммуникациялық кешенін дамыту болып табылады.

Берілген мақсатқа сүйене отырып, ұзақ мерзімді көлік жүйесіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық және геосаяси басымдықтарына байланысты мемлекеттік стратегиялық міндеттері анықталды:                                       

  • барынша көлік үрдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру арқылы отандық, транзит және экспорттық-импорттық трафиктің соңғы өнімінің құнын тасымалдау компонентінің төмендеуіне қол жеткізу, сондайақ қазіргі заманғы технологияларды қолдану мен көлік және транзиттік әлеуетін тиімді жүзеге асыруды арттыру;
  • бірыңғай экономикалық кеңістік және аймақаралық қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету деңгейінде көлікке қолжетімділігін қамтамасыз етуді нығайту;
  • инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымды кластерлік дамыту арқылы Қазақстанның көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • көлік үрдістерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік секторында апаттар санын және ауырлығын азайту;
  • халықаралық стандарттарға сай экологиялық стандарттарды белгілеу және олардың орындалуын қадағалау мақсатты мемлекеттік саясат есебінен энергия ресурстарын ұтымсыз пайдалануға экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуал жасау [3].

Қазақстанның көлік жүйесін дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың жоғарыда анықталған стратегиялық міндеттерін ескере отырып мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

  • көлік қызметтері және көлік инфрақұ­ рылымы қолжетімді болуы тиіс. Көліктік қызмет көрсету құны кедей мен мүгедектерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарының табыс деңгейіне өлшемдес болуы тиіс;
  • көлік адам өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз болуға тиiс. Көліктің жоғары технологиялық және экологиялық қауіп көзі ретінде әсері барынша төмен деңгейде сақталуы тиіс. Көлік апаттарының көлемін төмендету және көліктің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету көлік жүйесінің дамуының саяси басымдықтарының бірі болып табылуы қажет;
  • көлік тұтастай экономиканың кешен­ ді жүйесі мен жеке салалары аясында дамыту қажет. Жеке көлік секторлары көлік жүйесінің бірыңғай құрылымында дамыған болуы тиіс. Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту өндіргіш күштері мен аумақтық даму ұзақ мерзімді бағдарламаларына байланысты болуы қажет;
  • көлік инфрақұрылымын дамыту және кө­ лік қызметтері барынша өзін­өзі қамтитын бо­ луы тиіс.
  • Транзиттік трафикті қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын пайдаланушыларға, тікелей және жанама алымдар ең жоғары дәрежеде оның техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу құнын өтеуге тиіс, сондай-ақ негізгі капиталға инвестициялар үлесін қосуы қажет. Көліктік қызмет көрсету құны толық көлемде көлік қызметін пайдаланушылар есесінен қамтылуы тиіс, тек мемлекетпен кепілдірілген көліктік қызметтердің ең төменгі деңгейін есептемегенде;
  • Мемлекет қызметі көлік саясатын жасап шығару, реттеу және қаржыландыруға бағыт­ талуы тиіс. Мемлекет кәсіпорындарының ұсынатын көліктік қызметтерін ұсынуы минималді көрсеткішке ие болуы қажет.

 

 

Әдебиеттер

  1.  Поcлaние Президентa Реcпублики Кaзaxcтaн Н. Нaзaрбaевa нaроду Кaзaxcтaнa от 14 декaбря 2012 г. Cтрaтегия
  2. «Кaзaxcтaн-2050». Новый политичеcкий курc cоcтоявшегоcя гоcудaрcтвa // официaльный caйт Президентa Республики Кaзaxcтaн. – Acтaнa, Aкордa, 2012г.
  3. Ермаков В. Казахстан в современном мире. – Издание 4-е. – Алматы: ИД «Жибек Жолы», 2007. – 208 с.
  4. Указ Президента РК от 11 апреля 2006 г. № 86 «О транспортной стратегии Республики Казахстан до 2015 года» // www.customs-review.kz.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.