Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ баспасөзі тарихын зерттеуші қайыржан бекхожин

Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910–1979) — қазақ баспасөзін зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы. 1965 жылы Павлодар қаласында шаруа отбасында туған. Ол журналистік қызметін 1929 жылы Павлодар округтік «Кеңес туы», «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935–1939 жылдары Семей облысы «Екпінді» газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942–1945 жылдарда Қостанай облысы «Большевиктік жол» газетінің редакторы, 1945–1947 жылдары өзі оқыған университеттің журналистика факультетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ол «Айқап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» атты монографиялық кітаптың авторы [1].

Ғалымның жастық шағы туралы оның туған інісі ақиық ақын Қалижан Бекхожин өзінің

«Жазушы» баспасынан 1986 жылы басылып шыққан «Өлең өткелдері» деп аталатын əдебиет хақындағы ойлар, толғаныстар мен естеліктерінде: «Сірə, мен алты жасымда хат таныған шығармын, мені əкем сол алты жасар кезімнен ескіше хат тануға баулыды да, жалдамалы молдасымақтарға діни оқуға берді. Ал менен үш жас үлкен (мен 1913 жылы дүниеге келіппін) Қайыржанды араб əліппесін үйреніп, хат білгеннен кейін, орыс мектебінде оқытты. Əкем Қайыржанды өзінің жанынан артық көріп:

Нұрғожа бас жігіттің болған бірі,

Тарқаған қалам алса көңіл кірі.

Құдайға қазір алса ризамын,

Артымда Қайыржаным қалса тірі,—деп өлең де арнады.

Мен жас кезімде осы бір жылы сөзді Қайыржаннан іштей қызғанатын едім. Баласына білім, өнер табуды мұрат еткен əкем Қайыржанға былай деп өсиет етеді:

Кел, балам, ғылым оқы, өнер серік,

Хақ жолға ықтиятың болсын берік,

Ізденіп, талпынып бақ көзім барда,

Мақсұдың ден сау болса тапсын ерік.

Əкенің бұл өсиетін Қайыржан ақтады, оқып, білім алғанның арқасында, кейін тарих ғылымының докторы, ҚазМУ-дың профессоры болды...» [2], — деп жазды.

Ал, ғалымның туған жеріне келетін болсақ, қазіргі көзі тірі ақсақалдар мен Қалижан ағаның қосағы Зайдахан апамыздың айтуларына қарағанда, Қайыржан да, Қалижан да Баянауыл басында туған. Қалижан үш жасқа толған жылы Нұрғожа ақын балаларына жан-жақты білім беру мақсатында Павлодар қаласына қоныс аударады. Осыған жəне əкесінің жеке басына байланысты Қалижан ақын жоғарыда аталған кітабында:

«Баянауылдағы балташының баласы Нұрғожаны сонау Троицк қаласындағы Зейнолла имамның медресесіне оқуға жіберіпті. Нұрғожаның жасынан білімге, өлеңге ынтасы болса керек, дəулетті ағайындар ескіше хатқа жүйрік Нұрғожаны жібереді.

Сол медреседен кейін діни терең білім алған Нұрғожа кейін өзінің бір өлеңінде: «Ұстаздан оқыдым мен семинарияда», —деп мақтанды. Бұл кісі діндəрлігінен гөрі ақындықты тəлім еткен еді. Нұрғожа сол сөз өнерімен бүкіл Арқаны аралап, сонау Жетісуға, маман Тұрысбек ауылына дейін барғанын жұртқа жыр ғып айтатын. Қазанда өз кітабын шығарған Мəшһүр Жүсіптей күрделі ақын болмаса да Нұрғожаның атақты Ақан серімен, сол Мəшһүр Жүсіптің өзімен, орақ тілді Исамен қақтығысуына қарағанда, кейбір топас болыстарды шенеуіне қарағанда, бұл кісіге өлең өнері дарығандығы шексіз...» [2,] —деген пікірді көлденең тартады.

Ендігі əңгімеміз тікелей Қайыржан Бекхожиннің ғалымдығы төңірегінде болмақ. Жоғарыда біз Қ.Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала, «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» атты монографиялық кітаптың авторы дедік. Міне, осы еңбектерді жазу ғалымға оңайға түсті ме? Кешегі «қызыл империя» тұсында, халқымызға өткен тарихымызды, оның ішінде сол заманның «көзі, құлақ, үні» болып есептелген баспасөз тарихын өз күйінде жеткізудің сəті түсті ме, əлде өзіндік қиыншылықтары болды ма деген сауалдар туындайды.

Қ.Бекхожин 1949 жылы ең алғаш рет «Дала уəлаяты газеті» («ДУГ») тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Бірақ осы еңбекке орай «Социалистік Қазақстан» газетінің 1951 жылы 15 қарашасындағы санында Б.Қорқытов пен Ə.Досбаевтың «Қазақ баспасын зерттеудегі өрескел қателер» атты көлемді мақаласы жарияланды. Онда Б.Кенжебаевтың «Қазақ баспасөзі тарихынан» атты кітабы мен Қ.Бекхожиннің жоғарыда аталған «Дала уəлаяты» — қазақтың тұңғыш газеті» деген кандидаттық диссертациясы қатты сыналды.

Бұл кез жалпы қазақтың тарихына, оның əдебиеті мен мəдениетіне жанашырлық көрсетіп, оны зерттеуге бет бұрған азаматтардың ізіне түсіп, іздеу салған, жағымды сөз айтқысы келген ғалым- зерттеушілерге күйе жағып, үйірінен қуылған саяқ жылқыдай жұрттан шеттетіп, шекесіне нұқуға бейім тұратын уақыт болатын. Мəселен, Ж.Сəрсеков өзінің «Тарихи шындық бұрмаланбасын» атты мақаласында: «Революциядан бұрынғы қазақ баспасөзінің бəрі дерлік реакцияшыл, байшыл-ұлтшыл бағытта болды, сондықтан оны зерттеудің қажеті жоқ» деген сыңаржақ пікірді ұсынды. Өкінішке орай, арада қырық жылдан астам уақыт өтсе де өткен көлеңкесінен үркіп, əлі күнге дейін 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ басылымдары патша өкіметінің саясатын насихаттаудан аспаған немесе сол баяғы байшыл-ұлтшыл, реакцияшыл болған деген ой-пікірден асып кете алмай жүрген кісілер жоқ емес.

Сөйтіп, осындай жан-жақты қысымнан соң қос ғалым да өздерінің қазақ баспасөзін зерттеудегі «қателіктерін» мойындауға мəжбүр болып, оны «түзету» жолында, яғни партия саясатымен үндес келетін бірізділікке салу үшін, біраз еңбектенген. Соның нəтижесінде Б.Кенжебаев жоғарыда аталған кітапшасын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі Совет өкіметі орнау жылдарында» атты пышақтың қырындай 12 беттік кітапшасын оқырмандарға ұсынады.

Бірақ бұл қос ғалымның майдан алдындағы барлау, қансонар алдындағы із кесу сияқты алдынала дайындық жұмыстары болатын. Өйткені арада біраз тыныштық орнап, «жеке басқа табынушылық» пен «ұлттық сарынға қарсы күрес» науқаны саябырси бастағаннан-ақ, іштей бір ортақ шешімге келген қос ғалым ғылым майданына білек түре қайтадан араласып кетті.

Ақыры, 1964 жылы сол кездегі Мемлекеттік баспасынан Қ.Бекхожиннің 12 баспа көлеміндегі «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» деген монографиялық кітабы жарық көріп, ақ түйенің қарны ақтарылды. Себебі бұл қазақ баспасөзінің 70 жылдық тұтас тарихына арналған тұңғыш көлемді, құнды еңбек болатын. Бірақ автор алғашқымын деп асып-таспады. Қайта ол кітабының алғы сөзінде: «Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі — жазушы, академик С.Мұқанов, ол өзінің 1932 жылғы XX ғасырдағы қазақ əдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Е.Смайыловтың 1941 жылғы «Қазақ əдебиеті» деген оқу құралында «Қазақ ССР тарихында (үш рет басылуында да) Қ.Бейсембаевтың 1961 жылғы «Қазақстанда XIX ғасырдың аяқ шенінде жəне XX ғасырдың басында болған саяси- идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болады», — деп өз еңбегінің тақыр жерден шықпағанын ескерте отырып, одан əрі «қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алекторовтың (Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах, Казань, 1900), Сидельниковтың (Библиографический указатель по казахскому устному творчеству, вып.1, 1771–1916, Алма-Ата, 1951), Сəбитовтың (Библиографический указатель материалов по истории Казахстана, Алма-Ата, 1974), «Қазақ əдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862–1997, Алматы, 1948), сондай-ақ академик Ə.Марғұлан мен профессор Е.Смайыловтың басшылығымен Ү.Сұхбанбердина («Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар», Алматы, 1961, «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар», Алматы, 1963) құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады» деген сияқты құнды материалдардың бастауы қайда жатқандығын көрсетеді де, ақыр соңында: «Қазақстанда коммунистік баспасөздің, яғни Қазақ совет баспасөзінің туып, дами бастаған дəуіріндегі қызметін жинақтап, баяндау үшін Т.Амандосовтың («Верныйдағы большевиктік тұңғыш қазақ газеті», 1959), С.Ималиевтің («Зарождение коммунистической печати в Казахстане», 1961), Б.Кенжебаев пен Т.Қожакеевтің («Қазақ совет баспасөзі тарихынан», 1962) кітапшалары жəне басқалардың еңбектері қосымша құнды материал болғанын автор арнайы атап өтеді» [4; 6], — деп өзінің басқа да ғалым-зерттеушілерге деген ыстық ықыласын білдіреді.

Еңбек «Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы», «Буржуазиялық-демократиялық революция дəуіріндегі қазақ баспасөзі (1905–1907 жылдар)», «Қазақ баспасөзі революциялық жаңа өрлеу жəне дүниежүзілік империалистік соғыс жылдарында (1910–1917 жылдар)», «Қазақ баспасөзі Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңуі жəне Совет өкіметін орнату үшін күресте (1917 жылдың наурызы — 1918 жылдың маусымы)», «Қазақ баспасөзі шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысы дəуірінде (1926–1929 жылдар)» деген басты-басты алты тарауға бөлінген. Ал тараулар болса сол кездегі тарихи кезеңдерге байланысты қазақ баспасөзінің пайда болу, қалыптасу, даму жолдарына орай іштей бірнеше тақырыпшаларға таратылып берілген.

Мəселен, «Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы» деп аталатын алғашқы тарау іштей «Қазақ публицистикасы мен баспасөзінің негізін салушылар» жəне «Қазақ тілінде шығарылған алғашқы газеттер» деген екі тақырыпта бөлініп берілген. Алғашқы тақырыпта Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаевтардың публицистикалық мұраларына терең талдау жасалынуы арқылы олардың не себепті қазақ баспасөзінің негізін салушылар қатарына жатқызылатындығы дəлелденсе, екінші тақырыпта қазақ тілінде алғаш рет шығарылған «Түркістан уəлаятының газеті» мен «Дала уəлаятының газеті» туралы тұңғыш батыл пікір айтқан, аз да болса бұл басылымдардың прогресшіл жақтарына баға беріп, оның ресми емес бөлімінде көтерілген мəселелерге көңіл аударған да, Ə.Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен халық ауыз əдебиеті хақында материал жариялап, полемика тудырғанын, М.Ж.Көпеевтің, Р.Дүйсенбаевтың жəне тағы басқалардың, ол кезде аттары ауызға алына бермейтін ғұламалар туралы дерек беріп, сөз астарына көп мəн беру арқылы бұл екі газеттің де халқымыз үшін сарқылмас бұлақ екендігін сездіріп кеткен. Соның бір куəсі соңғы жылдары Ү.Сұхбанбердинаның тікелей маңдай терімен жарыққа шығып, рухани байлығымыздың бір белгісіне айналған «Дала уəлаяты газетінің» 5 томдық толық мəтіні берілген библиографиялық көрсеткіші.

Екінші бір көңіл аударарлық мəселе, кітаптың үшінші тарауында ХХ ғасырдың басында еркін ойлы, бейресми тұрғыда шығып тұрған демократиялық, прогресшіл бағыттағы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына деген автордың өзіндік көзқарасы, ұстанған позициясы.

«Қазақ» газеті туралы ə дегеннен-ақ, «1910–1914 жылдардағы революциялық қозғалыстың жаңа өрлеуі Қазақстан жұмысшылары мен шаруаларына ғана емес, сонымен қатар қазақ арасында жалпы демократиялық, мəдени-ағартушылық қозғалыстың жандануына үлкен əсер етті. Мысалы, Орда қаласында алдыңғы қатарлы қазақ интеллигенциясы: мұғалімдері, дəрігерлері, т.б. қызметкерлер жасырын кəсіпшілік одақ ұйымдастырды. Одақтың көздеген шаруашылық, саяси мақсаты болды. Осы ұйым баспахана сатып алу үшін елден ақша жинап, жиналған қаржыға А.И.Щелкованың меншікті баспаханасын ашуға көмектеседі. «Екпінді құрылыс» газеті, 1936, 14 маусым (Орал), «Қазақ газетінің алғашқы нөмірлері осы баспаханада шығарылды. («Труды Института философии и права АН КазССР», 1962, 9-т. 265-б.). Бұл көңіл аударарлық, əлі де жете зерттелуін қажет ететін жайт» [4; 78, 79] деп бұл басылымға өзінің іш тартатындығын сездірді.

Бұл тегіннен тегін емес еді, əттең, заман басқа болды. Ғалым жинаған мол мұрасын еркін пайдалана алмады. Сондықтан бүтін дүниені жартыкеш қылып беруге тура келді. Кезінде Е.Бұйрин, Ғ.Қаралиев, Б.Қартаев, С.Меңдешев сияқты авторлары болған, жер, ел тағдыры, тарих, əдебиет, мəдениет күйі, отарлау саясаты туралы қайсыбір жайды ашық жазуға дəрмені барған басылым туралы «Қазақ» баспасөзінің тарихынан прогресшіл-демократиялық бағыттағы газет ретінде орын алады» [4; 78, 79], деуден артыққа бармады.

Қ.Бекхожиннің бұдан кейінгі зерттеулерінде объектісі «Айқап» журналы болып табылады. Ол бұл жайында: «Қазақ халқының мəдени өмірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі оқиғалардың бірі — «Айқап» журналының шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси жəне əдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Ш.Уəлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, əдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік жəне демократиялық дəстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды.

Алайда бұл журнал туралы əр түрлі пікірлер айтылып келді. Кейбіреулер «Айқап», оның редакторы М.Сералин орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуына қарсы болды, оның бетінде буржуазияшыл-ұлтшыл, панисламшыл элементтердің мақалалары жарияланып отырды, сондықтан да ол кертартпа журнал болды деп көрсетті. Бұл пікірлердің қате жəне дұрыс емес екендігін филология ғылымдарының докторы Б.Кенжебаев өзінің монографиясында дəлелдеді («Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ-жазушылары», 1958, 89–98-б.). «Айқап» жалпы алғанда демократияшыл, ағартушы бағыттағы журнал болды» [4; 86], — деп жаза келіп, «Айқаптың» бірқатар оң істерін дұрыс көрсете білген.

Сөйте тұра кітап авторы бұл арада «Айқап» пен «Қазақ» газетінің арасында жер мəселесі туралы болған айтысқа дұрыс баға бере алмаған, əрі «Айқаптың» жабылуын: «Буржуазияшыл-ұлтшылдар «Қазақ» газетінің мерейін үстем ету үшін «Айқап» журналының соңынан қалмай қуалап, жамандап, ақыры оның бұқара алдындағы беделін түсірді. Біздіңше, журналды алдырушылардың азайып кетуіне

«Қазақ» газетінің кесірі тиген. Көп ұзамай «Қазақ» газеті шын сырын өзі ашты. «Қазақ тілінде шығып тұрған бір газет, бір журнал екеуінің бірі жабылып қалған соң, екіншісін күшейтуге көмек етушілер болыңқырады» («Қазақ», № 164, 9 қаңтар, 191-б.) — деп, мұртын ширатты [4; 87].

Əрине, бұл жерде біздер үшін белгілі себептерге байланысты кітап авторын кінəлауға еш хақымыз жоқ. Қайта сондай кезеңде бұл басылымдар туралы өрелі ой айтып, халықтың игілігіне айналдыруға тырысқандығы үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Кітаптың екінші бөлімі «Қазақ совет баспасөзі (1917–1930 жж.)» деп аталады. Мұндағы алғашқы көңіл аударарлық жай, «Тіршілік» газетіне байланысты материалдар. Бұл басылым туралы автор:

«1917 жылдың күзінде «Алаш» партиясы, «Алашорда» үкіметі, жер-жерде оның комитеттері құрылды. «Қазақ» газеті алашордашылардың ресми газетіне айналды. Онда «Алаш» партиясының бағдармасы насихатталды. «Алашорда» автономиясы дəріптелді, буржуазиялық құрылтай жиналысына жіберілетін делегаттардың тізімі жарияланды.

1918 жылы 18 қаңтарда Орынборды большевиктер алғанда Алашорданың, оның газеті «Қазақтың» басшылары контрреволюцияшыл атаман Дутовтың əскерімен бірге қаладан қашып шығып, Семейге қарай жөнелді. Қазақ» газеті 1918 жылғы 27(14) ақпандағы бас мақаласында Орынборда Совет өкіметінің орнағанын мақұлдаған бола отырып, Ревкомның, оны басқарған большевиктердің жүзеге асыра бастаған шараларын астарлы пікірлермен мұқата, құбыжық етіп көрсетеді. Сондықтан да большевиктер Орынборды алғанда Əліби Жангелдин «Қазақ» газетінің Советке қарсы бағытта шыққан нөмірлеріне тыйым салған болатын.

С.Сейфуллин айтқандай, бөкейліктердің «Ұран» газеті (1917 жылы қыркүйектен 1918 жылғы мамырға дейін Орда қаласында шығып тұрды) «Қазақтың» ықпалында болды. Кейде газет қазақ халқын прогресс, өнерлі елдер қатарына шақырғанымен, тұрақты бағыт ұстай алмады. Бұл кезеңде тек қана «Тіршілік» газеті дұрыс жолда болып, революцияшыл-демократияшыл бағыт ұстады. Ол буржуазиялық ұлтшылдардың баспасөз орындарының кертартпалық, контрреволюциялық əрекеттерін батыл əшкерелеп отырды» [4; 86] — дей келе, дəлел ретінде Сəкен Сейфуллиннің « бұл газеттер, «Тіршіліктен» басқасының бəрі бірбеткей болды. Бəрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бəрінің құлақ күйін «Қазақ» газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. Бəрінің орталық туы «Қазақ» газеті болды» [5],— деген деректі көлденең тартады.

Əрине, бұған Кеңес өкіметі тұсында бəріміз имандай сендік. Көзіміз көрмесе де «ұлтшыл» басылымдарды іштей кінəладық. Өйткені саясат та, басқа да соған имандай сендірді. Бірдеңеге күдік келтіруге болмады. Бағымызға орай, өз халқының өткен тарихын көрем, білем деушілерге жол да, мүмкіндік те ашылды. Қ.Бекхожин сияқты ұлтжанды ағаларымыздың қолы жете алмағандарын зерттеп, айта алмай құса болып кеткендерін кейінгі ұрпаққа жеткізу біздердің еншімізге қалды.

Жанған оттай лапылдап тұрған «қызыл империяның» қиын-қыстау жылдарында бастарын өлімге тігіп, тарихтың қойнауын ақтарып, шындықтың түбіне жетуге тырысқан аға ұрпақтан біздің өнеге етер үйренер тұстарымыз көп-ақ.

Бұдан əрі автор кітабында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жəне өнеркəсіпті индустрияландыру жылдарында Қазақстанда шығып тұрған «Ауыл тілі» жəне «Жұмысшы» газеттеріне арнайы тоқталып, бұл басылымдардың сол кездегі шаруалар мен жұмысшы кадрларын дайындау жолындағы игілікті істерін дəріптейді. Мəселен, кітап авторы «Ауыл тілі» газеті туралы:

«Бұл газетке С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Б.Майлин, Жақан Сыздықов, Қалмақан Əбдіқадыров, Аманғали Сегізбаев сияқты көрнекті жазушылар мен журналистер белсене қатысты, олар халыққа түсінікті тілмен қара сөзбен де, өлеңмен де, əңгіме, очерк, сықақ-фельетон жазып, ескіні сөгіп, жаңаны дəріптеді » [4; 210–211], —деп жазса, «Жұмысшы» газеті хақында: «Жұмысшы» газеті 1930 жылға дейін шығып тұрды. Бұл уақыттың ішінде ол бұрын өнеркəсібі болмаған Қазақстанда жаңа өнеркісіп орындарының көптеп ашылуына, онда қазақ жұмысшылары санының көбеюіне байланысты олардың мəдени-білім дəрежесінің өсуіне атсалысты. Республикамызда маман жұмысшы кадрларын даярлауға қолғабыс етті. Сөйтіп, өзіне жүктелген абыройлы да зор сенімді толықтай ақтай алды» [6] деген Т.Қожакеевтың «Жұмысшы, шаруа газеттері» атты мақаласынан үзінді келтіреді. Келесі сөз Ташкентте шыққан қазақ тіліндегі газет-журналдар туралы болмақ. Автор еңбегіне 1920–1925 жылдар аралығында осында жарық көрген «Ақ жол» газеті, оған қосымша ретінде шығарылған тұңғыш журналы «Шаншарға», сондай-ақ «Шолпан», «Сана» журналдары мен «Жас қайрат» газетінің шығу тарихына тоқталып, олардың əрқайсына өз кезеңінің биігінен объективті түрде баға беруге тырысады.

Өкінішке орай, Қ.Бекхожиннің «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі» деп аталатын екінші бір монографиялық еңбегі өзі қайтыс болып кеткеннен соң, 1981 жылы «Мектеп» баспасынан 13 баспа табақ көлемінде толықтырылып, қайта басылып шықты. Бұл монографияда біздің назарымызды аударған, «Қазақстан» баспасөзі соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде (1945–1958)» деп аталатын соңғы екі тарау болды.

Алғашқы тарауда Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ баспасөзінің жеңіске қосқан өзіндік үлесі мен қазақ тіліндегі майдандық газеттер туралы егжей-тегжейлі мəліметтер береді. Мəселен, ол:

«Қазақ тілінде шығарылған майдандық газеттер қазақ баспасөзінің тарихынан елеулі орын алады. Бұл газеттерді шығару ісін Ахмет Елшібеков, Үмітбай Балқашев, Қасым Шəріпов, Əбу Сəрсенбаев, Қалмақан Əбдіқадыров, Жұбан Молдағалиев, Əнуар Ишмағанбетов, Құрманбек Сағындықов, Мұса Дінішев, Төлеутай Ақшолақов, Сағынғали Сейітов, Жекен Жұмақанов, Зейнолла Тұрарбеков, Əбдірашит Бектемісов, Мұзафар Əлімбаев, Қалижан Бекхожин сияқты жауынгер журналистер мен жазушылар, редактор, газет қызметкерлері, тілшілер болып қатысты. Міне, осылар үлкен жазушыларымызбен қатар қазақ баспасөзінің тарихында тұңғыш рет əскери очерк жанрын қалыптастырды, орнықтырды. Олар жалынды сөздерімен жауынгерлердің жүрегіне жол тапты» [7],— деп майдангер-журналистердің еңбектерін жоғары бағалады.

Ал, бұл кітаптың соңғы 11-тарауында болса соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезеңіндегі қазақ баспасөзінің өткен жолына, тындырған істеріне шолу жасалып, баға беріледі.

Дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ халқының тасқа басылып, хатқа түсіріп отырмаған ескерткіштерінің бірі Қазан төңкерісінен бұрынғы газет-журналдарда халықтың өз тұсында болған саяси, шаруашылық, мəдени тұрмыстарын кеңінен қамтитын нақтылы деректер деуге болады. Ғылыми маңыздылығы жағынан бұл нұсқаларды мұрағат қазынасымен салыстыра аламыз. Қиын-қыстау заманда қыруар қиындықпен дүниеге келген библиографиялық көрсеткіштермен қатар, қазақтың Қазан төңкерісінен бұрынғы газет-журналдардың тарихына, шығарушы редакторларына арнап азды-көпті ғылыми еңбектерде жарық көріпті, олардың ішінде Б.Кенжебаевтың, Қ.Бейсембиевтің, Ə.Жиреншиннің, Т.Кəкімовтың, З.Тұрарбековтың, Б.Əбілқасымовтың, С.Зима- новтың, Қ.Идрисовтың, З.Бейсенғалиевтың, тағы басқаларының зерттеулерін ерекше атаған жөн.

Төңкерістен бұрын жарық көрген қазақ кітаптары, газет-журналдардың басым көпшілігі құртылып, жойылып кеткендіктен жəне Қазақстандағы кітапхана кадрлары мен мұрағаттарындағы түгел сақталмағандықтан, Қ.Бекхожинге бұл жұмыс ауыр соғады. Қазақ газеттерінің көпшілігі ескі хадімше басылғаны белгілі, араб əрпінде ежіктеп оқи алатын Қ.Бекхожин үшін бұл жай қиындық туғызған жоқ.

Əрбір жаңалықтың ескіден туатынын есте ұстасақ, тарихи мəдени тұрғыдан келгенде Қазан төңкерісінен бұрынғы газет-журнал беттерінде басылған мұраларымызды қайта жаңғыртудың, жариялаудың ғылым қорын байыту үшін маңызы өте зор. Ол мұраларымыздың көпшілігі ғылым айналымына түспеген материалдар болуымен қатар, қазақ елінің бұдан жүз жыл бұрынғы саяси- əлеуметтік, тарихи-қоғамдық ахуалын, шаруашылығын, мəдени тіршілігін кеңінен қамтитын, солардың нақты деректері деуге болады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана бұл жұмысқа қайта оралып, жинақтарын, шежірелерін дайындап шығуға мүмкіндік туды.

40 жылдай қапаста жатқан «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің библиографиясын 1993 жылы Үшкілтай Сұбханбердина «Ғылым» баспасынан басып шығарды [8]. 1989–1994 жылдар арасында «Дала уəлаяты газетінің» төрт жинағы да сол «Ғылым» баспасынан басылып шықты. Көлемі 150 б.т. [9]. 1995 жылы Қазақ энциклопедиясының «Айқап» журналының жинағы жарық көрді [9].

«Дала уəлаяты газетіне» арналған бес кітапты өзі дүниеге əкелген жоқ. Газет жергілікті отаршылдық-əкімшілік органдардың ресми ұйымы бола тұрса да халықты отырықшылыққа, өнер- білімге, мəдениетке шақыруда үлкен рол атқарды. «ДУГ» дүниеге келуі қазақ халқының өміріндегі елеулі оқиға болды.

Əрине, бұл да еліміз егемендікке қолы жеткен соң ғана дүниеге келген еңбектердің бірі екені белгілі.

Алғашқы қазақ баспасөзі бетінде қазақ тілінде бұрын болмаған қоғамдық-публицистикалық, ресми іс қағаздары стильдері қалыптасты, ғылыми стильдің негізі қаланды, аударма тəжірибесінің алғашқы қадамы жасалынды, араб графикасына негізделген қазақ жазбасында бірінші рет тыныс белгілер қолданылды.

Ұлттық баспасөзіміздің қарлығаштарының бірі «Дала уалаяты газетінің» дүниеге келуі қазақ халқының өткен ғасырдағы мəдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Дала уəлаяты газетінде» басылған шығармаларында қазақ өмірінің барлық күрделі құбылыстары мен уақиғалары толық, тұтас қамтылмаса да, қазақ халқының тарихында болған ұлы өзгерістер де, халық өмірінің жеке-жеке суреттері де алғаш баспасөз бетіне түсіп, ұлт əдебиеті мен мəдениетінің негізін қалауға көмектесті.

Онда басылған шығармалардың ішінен ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақтың ауыз əдебиетінің нұсқалары, онымен көршілес бірге жасасып, əсер ықпалын тигізіп отырған шығыс əдебиетінің нұсқаларын көреміз.

Бұл шығармалар уақытында өте маңызды болуымен қатар, сол кездегі қазақ əдебиетіне жаңа ағын, жаңа түр, жанрлардың бастамасын ала келді. Мұнда қазақ өмірінің əрбір көрініс кезеңін сол заманына сай бейнелеумен қатар өмірді реалистік тұрғыдан суреттеп, ескіні сынап, жаңаға бой ұру талабы да байқалады.

Əрине, бұлар қазақ əдебиетіндегі алғашқы адым болғандықтан, кейбір аз-кем кемшілік болғанына қарамастан, кейінгі əдебиетке игі əсерін тигізді.

Қорытып айтар болсақ, Қ.Бекхожин бүкіл ғұмырын қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге жұмсаған азамат. Рас, замана ырқынан аса алмай көп тұста күмілжіңкіреп, кей сəтте тіпті өз жүрегінен шықпаған пікірді тықпалап отырғаны да сезіліп тұрады. Қайыржан Бекхожиннің жеке басын, оның адамгершілігін, кісілік келбетін өлгенше ұлты, халқы үшін адал қызмет-етуге əлгідей өкіметтің өкілінен шыға алмай лажсыз айтқан өкінішті пікірлерінің өзіне кешіріммен қарайды. Өйткені уақыт, заман солай болды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Сұхбанбердина Ү., Дəуітов С. Айқап. — Алматы, 1995. — 295-б
  2. Бекхожин Қ. Өлең өткелдері. — Алматы: Жазушы, 1986. — 8-б.
  3. Əдебиет жəне искусство. — 1954. — № 7. — 8-б.
  4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар). — Алматы, 1964.
  5. Сейфуллин С. Тар жол, тайғақ кешу. — Алматы, 1960. — 66-б.
  6. Жамбыл облыстық «Коммунизм таңы» газеті.—
  7. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. — Алматы, 1981. — 215-б.
  8. Сұхбанбердина Ү., Қирабаев С. Қазақ. Алаш. Сарыарқа: Мазмұндаған библиографиялық көрсеткіш. — Алматы,
  9. Сұхбанбердина Ү. Дала уалаятының газеті. Əдеби нұсқалар. — Алматы,
  10. Сұхбанбердина Ү., Дəуітов С. / Бас ред. Р.Н. Нұрғалиева // Айқап. — Алматы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.