Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтық журналистика дегеніміз не?

Баспасөз беттерінде бір үрдіс белең алуда. «Азаматтық қоғам», «азаматтық альянс», «азаматтық мемлекет», «азаматтық аудитория» деген терминдерден көз сүрінеді. Бұған «азаматтық журналистиканы» қосыңыз. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияны тығыз байланыста ұстап, оларды өз ісіне тарту, шығармашылыққа баулу, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуына жағдай жасауда. Оның үстіне күнделікті тіршілік түйткілдерінің, нақтырақ айтқанда, əлеуметтік проблемалардың басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын одан ары қарай дамытып отыр.

Азаматтық журналистика туралы бүгінде əр түрлі анықтамалар бар. Əлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияға» сүйенсек, азаматтық журналистика ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда жəне жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматтық журналистика БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. Журналистиканың бұқара ортасына жетіп, онымен тығыз жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар азаматтардың өз проблемаларына көзқарасын анықтайтын, мəселені шешудің оңтайлы жолдарын бірігіп іздестіретін тиімді фактор [1].

Ал «Лос-Анжелес таймс» газетінің Вашингтондағы бюросының жетекшісі Жак Нельсон «азаматтық журналистика дегеніміз — қоғамдағы күрделі мəселелерді шешуге қатардағы азаматтарды қатыстыруға əрекеттену» — десе, Минессота штатындағы қоғамдық телевизияның атқарушы директоры Билл Ханлэйдің пікірінше, «белгілі мəселеге түсіністікпен қарап, оның шешімін табу жолдарын азаматтар мен журналистердің бірлесіп іздестіруі». Олай болса, азаматтық журналистиканы қоғамдық ой-пікірге əсер ететін құбылыс деп тануға болады.

«Online Journalism Review» (2003) атты мақаласында Джей Ди Лассика азаматтық журна- листиканы БАҚ-тың құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, былайша сараптайды:

  • аудиторияның қатысуы (мысалы, Интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, веб- күнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне-, аудиофайлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);
  • тəуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;
  • жаңалық жариялайтын сайттардың Интернет пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру;
  • жеке сайттар.

Ақпараттық технологиялар маманы, журналист, əрі блоггер Дэн Гиллмор бүгінгі азаматтық журналистиканың теориясын жасағандардың бірі деп айтуға болады. Ол коммерциялық емес «Азаматтық БАҚ орталығын» құрған жəне өзінің «Біз жəне медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика — бұл адамзат үшін адамдар қолымен жасалынған журналистика» [2], — деп жазады.

Нью-Йорк университетінің журналистика факультетінің оқытушысы Джэй Роузеннің айтуынша:

«Азаматтық журналистер — бұл біз бұрын аудитория деп атап келген адамдар» [3]. Міне, зерттеушілердің өзі азаматтық журналистиканы көкірегі ояу, көзі ашық, аузында дуалы сөзі бар қарапайым адамдардың саналы əрекеттерімен байланыстырады.

Азаматтық журналистиканың қазіргі заманғы формасының бірі — Интернет журналистика оның құрамдас бөлігі, əр түрлі деңгейдегі сайттар, блог, моблогтар жəне т.б. Əлемтор пайдаланушысына, кəдімгі оқырманға, сайт ашып, блог жүргізіп, моблог қызметіне сүйену еш қиындық туғызбайды, оның үстіне қазір тегін тұғырнамалық қызметтер де аз емес.

Интернет саннан сапа категориясына өткелі, кеңжолақты, шектеусіз болғаннан кейін, 2005 жылдан бастап фото-, бейне-, аудиоақпаратпен алмасатын сайттар пайда болды (мысалы, «You Tube», «Flickr», «My space» т.б.). Дəл сол кезде Əлемтордың жаңа версиясы WEB 2.0. туралы айтыла бастады. Блоггерлер өзі қызықтыратын немесе зерттейтін салада материал жариялайды. Интернеттегі жаңалықтар ТВ жəне радиодан да жеделдігімен ерекшеленіп отыр. Қазіргі таңда блог əлеміндегі біреудің видеосы немесе басқа да файлдардың авторларына сілтеме жасап, жариялай беруге болады, мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ.

2006 жылдың 13–14 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстанда азаматтық журналистиканы дамыту жəне сөз бостандығын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелде«Neweurasia» блогының негізін қалаушы, əрі редакторы Бенжамин Паарман: «Блог арқылы адамдар бірлесіп, көздеген мақсатына жетеді немесе қарама-қарсы көзқарастарды диаметрлі түрде салыстырады. Мемлекеттің тəуелсіз БАҚ-тары аз болатын жағдайда блогтар үлкен рөл атқара алады. Блогтағы ақпарат оқиға ортасынан алынады жəне қосымша ақпарат көзі болып табылады», — деп тұжырымдама жасаған [4].

Сонымен, əуелде азаматтық журналистика дегенді біз журналистер мен оқырман, тыңдарман, көрермен көмегімен пайда болған туынды немесе журналистердің оқырманмен санасып, оларды толғандыратын мəселелердің мəнісін ашу деп түсіндік. Бүгінде азаматтық журналистикаға кез келген адам дəстүрлі БАҚ-тан тəуелсіз өз үлесін қоса алады, əрі журналист үшін альтернативті ақпарат көзіне айналып, жаңа медиа механизмінің элементі, қажетті бөлшегі ретінде қызмет атқара алатынын көріп отырмыз. Бұған, біріншіден, үздіксіз ақпарат толқыны мен жаңа технологиялардың дамуы себепкер болды.

Десек те, «азаматтық журналистиканың негізі əуелде қайда қаланды?» деген сұрақ кез келген адамды ойға батыратыны шындық.

Қазақ халқының ежелгі мəдениетінде, көшпелі өмір салтында да азаматтық журналистиканың элементтері көп. Мəселен, «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сəлем береді» деген сөз бар. Мұның түпкілікті мəні сапардан оралған жан үлкен бол, кіші бол көпті көреді, көрген- білген адам жаңалықтың (ақпараттың) таратушысы ретінде мойындалған.

Алғаш жазу-сызу пайда болған кезден бұрын, тіпті адамзат баласы жаралған тұстан, оның санасының жетілу деңгейіне сай азаматтық журналистика көріністері туындады десек, артық айтпаған болар едік. Шын мəнінде, адам баласының өзара ақпарат алмасу мүмкіндігінің өзі жазу- сызудың арқасында одан əрі кеңейді. Оның дəстүрлі формасы — хат. Адамдар қарым-қатынасының, ақпарат алмасудың ерте заманнан бергі ерекше құралы осы хат болып келгені баршаға аян. Қазақ даласын Ресей патшалығы əкімшілік аймақтарға бөлгенге дейін ірі-ірі ру тайпалар басшыларының бір-біріне жолдаған үшбу хаттары немесе көршілес мемлекеттердің патшаларына жазылған хаттарды термелемей-ақ (ол өз алдына талдауды қажет ететін маңызды тақырып), күні кеше «Нұржан бидің оқудағы баласына жазған хатына» назар аударайықшы:

Үміт еткен, көзімнің нұры, балам,

Жаныңа жəрдем берсін құдай тағалам.

Атаң мұнда анаңмен есен-аман

Сағынып сəлем жазады бүгін саған.

Ата-анаңды сағындым деп асығарсың,

Сабаққа көңіл берсең басыларсың,

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан болып білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,

Қолыңа құрық алып кетер едің,

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің [5], —

дейді. Бұл хат өлең түрінде «Дала уалаятының газетінде» 1892 жылы 52 санында жарық көрген.

Ал ХХ ғасырдағы тарихи тұлғалардың бірі Тұрар Рысқұловтың Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінің директорына жазған алғашқы хаты [6], ел басына күн туған, қысыр уақытта Сталинге жазған хаттары [7] тек өз қарабасының ғана емес, бүтіндей бір ұлттың қамын ойлап жазылған соқталы дүние.

Көшпенділердің тұрмыстық ерекшеліктерінің өзінде өмірлік мəні зор жаңалықтарды, тың ақпараттарды тауып-білу тəсілдері пайда болып қалыптасқан. Түркілер мəдениетінің ғажайып куəгері саналатын Орхон мен Енисей бойындағы тас қорғандарға қашалып жазылған Тоныкөк пен Күлтегін өсиеттері тек қана əдебиет пен публицистиканың мысалы ғана емес, азаматтық журналистиканың көрінісі.

Одан бергі уақыттарда, мысалы, бақсылар мен дəруіштердің, сал-серілердің, айтыс ақындарының, əнші-күйші, жыршылардың қазақтың кең байтақ даласын аралауының өзінде ел- жердің амандық-саулығын, жаңалық, хабар-ошарларын бір-біріне жеткізуінде маңызды қызмет жатса керек. Кейінгі кездері қарыштап келе жатқан ұлттық жəдігер — айтыстағы құйқалы пікірлер азаматтық журналистиканың нақ өзі.

Сонау ХV ғасырда халықтың мұңын зарлаған жыраулар мұрасы азаматтық журналистиканың айқын мысалы болатындығына дау жоқ. Бұл туралы көптеген зерттеу еңбектерде дəйектер бар. Ертеректегі оқымыстыларды былай қойғанда, М.Мағауин, Б.Омаров, Б.Жақып сынды ғалымдар халықтық мұраны зерттеп қана қоймай, ұлылар салған сара жол ұлттық көсемсөзіміздің бастауын сұрқия идеологияның шөп-шаламынан тазартып, арнасын кеңейтті.

Гомер жазған «Илиада» мен «Одиссея» əлемдік поэзияның үлгісі саналады. Сонымен қатар Гомер бір халықтың өткен тарихын айна қатесіз жеткізуші тұлға. Гомер тарихи публицистиканың негізін салушы жəне тағы басқа мадақтаулар Гомердің бір басына жетіп артылады. Дəл Гомер сияқты, көпшілігі одан да зор дəрежеге лайық қазақтың жыраулары жосылып жатқан ұлы даланың ахуалын болашаққа табыстаушы, нағыз дəнекер. Олардың əрқайсысы баяу болса да тұлға ретінде зерттеліп, зерделену үстінде. Қазір «азаматтық журналистика тек АҚШ-та пайда болды деп сосын барып, əлемнің анау-мынау елінде дамып, оның көшірмесі бізде де бар» деп «жерден жеті қоян тапқыш», əсіре батысшыл, АҚШ-шылдардың заманы жүріп тұрғандай. Негізінен, АҚШ-та ұлттық генофондтың жойылып кетуінен ондағылар азаматтық журналистиканы ХХ ғасырдан бастайды. Олақ əйел тіккен құрақ көрпедей əр түрлі ұлттардың қосындысы бола тұра, бар нəрсенің бастауын өздеріне бұрмақты ежелден мақсат еткен АҚШ азаматтық журналистиканы қазіргі технологияның дамуымен тығыз байланыстырып, кешегіге қарайламауды ұсынатынын жоғарыда мысалға алдық. Шындығында, өткенге көз тастар болсақ, өздері бір кезде жерін тартып, білектісін құл, бұрымдысын күң еткен үндістер мəдениеті мен мұндалайды ғой.

Ал Алатау мен Алтайды алып жатқан алып атырап, қазақ даласында азаматтық журналистиканың дамуына қаншама «алапат дауылдар» мен «бет қаратпас борандар», зар замандар еш кедергі бола алған жоқ. Кейінірек халық мұрасына айналған ауыз əдебиетіміздің үлгілері əуелде белгілі бір тұлғаның өзегін өртеген өрелі сөзі екендігіне ешкім дау айта алмас. Нағыз сөз бостандығы біздің ұланғайыр жерімізде салтанат құрды. Асан Қайғы, Қазтуған, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шалкиіз мұралары, берісі Махамбет шығармалары — азаматтық журналистиканың жарқын мысалы.

Асан Қайғының қилы кезең болмысын жыға танып, болашақты болжай алғаны, тіпті Жəнібек ханға

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің,

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп.

Оны неге білмейсің?!

Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан,

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата мұрадан!

Мұны неге білмейсің?!

Құладын құстың құлы еді,

Тышқан жеп жүнін түледі, —

Аққу құстың төресі

Ен жайлап көлді жүр еді.

Аңдып жүрген көп дұспан

Елге жау боп келеді:

Құладын қуды өлтірсе —

Өз басыңа келеді!

Құлың көп сені өлтірер,

Осыны Асан біледі,

Мұны неге білмейсің?!

Тіл алсаң іздеп қоныс көр,

Желмая мініп жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір

Мұны неге білмейсің?!

Ай, Жəнібек, ойласаң

Қилы-қилы заман болмай ма,

Суда жүрген ақ шортан

Қарағай басын шалмай ма [8; 22], —

деп ашық та, ашына да айтады.

Ал, арқалы жырау, байрақты батыр атанған Ақтамберді мұрасын зерттегенде, сонау алма-ғайып замандарда ел басындағы ауыр халді жеріне жеткізе айтқанына куə боласыз. Бұған қоса, ол тіпті:

Күлдір де күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз,

Күдеріден бау тағып,

Ақ кіреуке киер ме екеміз!

Жағасы алтын, жеңі жез,

Сауыт киер ме екеміз!

Ор қояндай жүгінтіп,

Аш күзендей бүгілтіп,

Жолбарыстай шұбарды

Таңдап мінер ме екеміз! [8; 27] —

деп, тек өзінің ғана емес, қаншама зұлмат қырғындарды көрген қаймана халқының ішкі арман- мақсатын жеткізіп отыр. Олай болса, көптің көкейіндегісін дөп басқан Ақтамбердіні азаматтық журналистиканың қарыштауына қомақты үлес қосты деп айту қажет.

Қаһарман      жырау,   Қазтуғанның        заманында       тура     сөзді     төтесінен       айтып,      қоғамды      дүр сілкіндіргендер санаулы болғаны шындық. Солардың арасында оқ бойы озық тұрған Қазтуғанның:

Белгілі биік көк сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Алыстан қара шалар деп;

Балдағы алтын құрыш болат

Ашылып шапсам дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп;

Арғымақтың баласы

Арыған сайын тың жортар,

Арқа мен қосым қалар деп;

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортама ойран салар деп;

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қалар деп! [8; 30], —

кейінгіге қалдырған өсиеті азаматтық журналистиканың тың формаларының бірі екендігінде уəж бар ма?! Осынау айналасы он алты жол туындыда қаншама терең ғақлия, ең бастысы өр рух бар десеңізші.

Май қаңбақта ағалардың аты жусап жату үшін, аруларды бөтен біреу құшпау үшін қу толағай күн кешіп, тірлікке жетелер іс атқарып, топ бастап, толғау тарқатқан Доспамбет атқарған парыз аз ба? Жау жағадан алған тұста аға болар азаматтар табылғанмен нағыз ерлер қайда еді, сондықтан күңіреніп күн түбіне жорттым деп зарлайды. Жаудың осал еместігін біліп соған қарай қамданғанмен жанымды түсінетін жақынның жоқтығы жыраудың жүрегін мұңға батырып, шерге толтырады. Сонда да Доспамбет ешнəрсеге өкініс білдірмейді. Тіпті, қарсы келген дұшпанына аямай оқ атып, шаһид болғанына да. Себебі Доспамбеттің бар арманы — елінің тыныштығы, азаттығы.

Доспамбет жыраудың ұрпақтарына қалдырған мұрасының қастерлісі мынау болса керек:

Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес,

Арыстандай екі бұтын алшайтып

Арғымақ мінген өкінбес.

Екі арыстап жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес [8; 35].

Айдынды аламан, арқалы жырау даңқы шыққан Шалкиіз мұрасын оқып отырып əлі талай ұрпақтың жанына азық болар жырларының қуатына қайран қаласыз. Оның əр айтқаны көсемсөздің кесек-кесек элементтері дерсің. Əр нəрсенің сəті, уақыты, болар, əр нəрсенің себебі бар дегенді ұқтырғандай Шалкиіз жырау [8; 57].

Жапырағы жасыл жаутеректің жайқалмағы желден, төренің кежігуі елден, байлардың мақтанбағы малдан (Бай мақтанар малымен. — Абай), кешу кешмек сайдан, батыр болмақ сойдан, жалаңаш барып жауға ти Тəңірі өзі біледі, ажалымыз қайдан екенін дейді көреген жырау.

Кезінде Ел баста уқиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ деп өсиет қалдырған Бұқар бабамыздың кез келген шығармасы нағыз қазақи азаматтық журналистиканың інжу-маржаны. Мəселен, «Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа», «Дін пұсырман болмаса, Тіл пұсырман не пайда», «Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Бұл жалғанда бір жаман Ағайынның аласы», «Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер», «Алла деген ар болмас, Ақтың жолы тар болмас» деген жыр жолдары осының дəлелі. Əйтпесе

Əлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де —

Қызыққа тоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де,

Қызығын қолмен бөлсе де,

Қызықты күні қырындап,

Қисынсыз күйге түссе де —

Өмірге тоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,

Жанына қылыш ұрса да,

Қалжырап көңлі қарайып,

Қарауытып көзі тұрса да —

Үмітін қоймас адамзат! [8; 81] —

деп Бұқардай жеріне жеткізіп айтқан кім бар?!

Егер журналистика дегеніміз өткір сөз, өзекті мəселе десек, көсемсөз — дəуір үні. Бұл екеуі бір- бірін толықтырып тұрған домбыраның қос ішегі іспеттес. Хан Жəңгірдің ылаңына бір өзі қарсы тұрып, басын дауға салған марғасқа ақын Махамбеттің жырлары ұлттық журналистика мен публицистиканың салмағына салмақ қосып тұрған баға жетпес қазына.

Ұлттық болмысымыз, тектілігіміз, мəдениеттілігіміз бен салт-дəстүріміздің мəрттігінен жаңару үстіне жаңарғаны тарихи шындық. Сондықтан да қазақ басқаның назарына ілікті. Кешегі Шоқанның асқан дарындылығы, оның тіл меңгерудегі қабілеті ел ішіне ғылым білім дəнін себуі ұлттық мақтанышымыз. Ол ата-бабалары салып кеткен соқпақпен өз заманының өлшемі деңгейінде ғана жүрді десек қателескен болар едік. Шоқан да ағысқа қарсы жүзген алпауыттарымыздың бірітін. Ə.Дербісəлінің сонау шығысқа бет түзеген қазақ ғалымдары туралы қомақты еңбегінде Шоқан сияқты қаншама дарынды азаматтардың мехнатты өмірбаянын оқып, толқисыз. Олардың барлығы да қазақ даласында азаматтық журналистиканың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар еді.

Социализм кезінде де азаматтық журналистиканың көріністері болғаннын жоққа шығара алмаймыз. Кеңестік газеттер редакция мен азаматтар арасындағы байланысты нығайтуға айтарлықтай көңіл бөлді. Əр редакцияда хат бөлімдері жұмыс істеп, авторларды газет жұмысына кеңінен тартып отырды. Қазір бұл қызмет түрі əлсіреп тұр. Тіпті кейбір редакцияларда кері байланыс жоқ.

Ендігі жерде «азаматтық журналистика өзгеде бар бізде жоқ» деп езеуремей, өткенге бір көз тастап, асыл мұраны қайта зерттеп, зердемізге түю əрқайсымыздың парызымыз болмақ.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Азаматтық журналистика. http://en.wikipedia.org
  2. Мы и медиа. http://www.lightnet.obninsk.ru
  3. Новые медиа. http://www.civitas.ru
  4. Круглый стол блоггеров. http://www.kvartal.websib.ru
  5. Дала уалаятының газеті / Құраст. Ү.Сұбханбердина. — Алматы, 1989. — 453-б.
  6. Т.Рысқұлов публицистикасының бастаулары // ҚазМҰУ хабаршысы. — Журналистика сер. — — № (2)13. — 90-б.
  7. Рысқұлов Т. Шығармалар жинағы. — 3-т. — Алматы, 1998. — 213-б.
  8. Бес ғасыр жырлайды / Құраст. М.Мағауин. — Алматы,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.