Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Айтыс өнерінің ақпараттық-насихатшылдық ролі

Халықтың рухани шығармашылығының ішіндегі ақындар айтысы сияқты көпшіліктің көңілінен шығып, асыға күтетін өнер додасы ХХ ғасырдың соңғы жиырма жылы мен ел тəуелсіздігін жариялаған тұстан бері мүлдем жаңаша сипат алып, өзінің қуаттылығы мен көкейкестілігін бұқара халыққа жақсы танытты. Ең алдымен ұлттық идеологияның жалынды жаршысына айнала білген ақындар айтысы ақпараттық-насихатшылдық тұрғыдан басқа өнер түрлеріне қарағанда өзінің алымдылығы мен оңтайлылығын қоғамға барынша дəлелдеді. Əрине, бұл құбылыстың пайда болуы кейінгі отыз жылдың бедерінде ғана емес, оның тамыры тым əріде екендігін ғалымдарымыз қазіргі кезде байыптап безбендей бастады.

Ақындар айтысы дүниеге келіп, сөз өнерінің алғашқы қайымдасу тəсілдері дүниеге келгеннен бері, бұл қасиет бірге жасасып, бірге қалытасып келе жатыр.

Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі — сөз өнер. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Адамзаттың асыл қасиеті сөз өнерін осылай деп бағалайтын болсақ, сөздің асылы мен жауһарының алтын қазынасы саналатын айтыс ақындарының шығармашылық жəдігерлері халық үшін таптырмас құнды дүние болмақ.

Халық публицистикасының қалыптасу, даму жолдарын тереңнен қаузап зерттеген ғалым Б.Жақып бұл туралы өз еңбегінде орынды көрсеткен: «Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кəсіби саясаткерлер орын алды. Дəл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырлып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды [1].

Қазақ ауыз əдебиеті тарихын зерделер болсақ, сөз өнерінің тізгінін ұстаған би шешендер, ақын- жыраулар өзі өмір сүрген қоғамның саяси-əлеуметтік жағдайынан немесе халық мүддесінен тысқара болмаған. Қайта олар сол қоғамның барлық қайшылықтары мен мақсат-мұраттарын өздерінің рухани шығармашылығына арқау еткен.

Атадан балаға мирас болып, ғасырдан ғасырға ауысып, фольклор үлгісінде қазіргі заманға жеткен халық шығармашылығының асыл жəдігерлері əр кезеңнің, əр қоғамның болмыс-бітімінен сыр шертіп, бүгінгі ұрпақты белгілі дəрежеде ақпаратпен қамтамасыз етті.

Мəселен, осыдан шамамен XXX ғасырдай бұрын Еділдің шығысындағы ұлы Тұран жерінде, мал баққан спитама жұртында, киіз тұрлықты көшпелі Поурушаспаның отбасында дүниеге келген, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, ақын Заратуштра:

Біз тұлпарлары қанатты,

Мəңгілік жарыққа,

Күнге сиынамыз.

Күн жарық шашқанда,

Күн жылу шашқанда,

Жүз мыңдағандар

Құдіретті сезінеді,

Содан соң Мазданың

Сыйлаған жерінде

Жарық — нұр салтанат үшін,

Ақиқат салтанаты үшін

Бақытын табады əркім,

Бақыт сыйлайды əркім.

Көне түркі тегін, өзінің салтын зерттеуші-ғалымдар осыдан отыз ғасырдай бұрын өмір сүрген Заратуштра ақынның осы мұралары арқылы қажетті ақпарат, мəлімет алары сөзсіз. Сондай-ақ Заратуштра заманындағы бағзылық бабаларымыздың діни-наным сенімдері тұрғысынан да біраз сырды аңғаруға болады.

Екі мыңжылдық дала жырын зерделей отырып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, қоғамдық болмыс-бітімі мен ой-өрісінің өресін тануға жетерлік мол ақпарат қоры бар екендігіне көз жеткіземіз.

«Сөз (тіл) қарым-қатынас құралы» ғана емес, ол сондай-ақ насихат жыршысы да. Жоғарыда келтірілген Заратуштра ақынның жырынан біз тек ақпарат қана емес, сол заманның идеологиялық, яғни насихатшылдық, бояуын да байқаймыз.

Енді ХІІ ғасыр өкілі əйгілі Қожа Ахмет Иасауи заманына құлақ түріп көрелік:

… Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбаған, Ғазиз жаның — аманаты Алланың.

Харамдықпен, ұқ, жиған мал-жалғанын, Қарыш атты жылан қылар малыңды…

Қожа Ахмет Иасауи заманы ежелгі қазақ даласында өзін исламның кең қанат жаюымен қарастырылатыныда сол уақыттардан жеткен рухани жəдігерлердің ақпараттық-насихатшылдық сипатынан деп түсінгеніміз ойымызды қуаттай түсері анық.

Осылай дей отырып, ХV ғасырдағы Асан Кайғы заманына ойыссақ, қазақ халқының бірлік- ынтымағының, ұйытқысы болған Абыз жыраудың:

Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа, —

деген сөздері жырау өмір сүрген замандағы ұлттық идеология мұраттарын айшықтап тұрған жоқ па?!

Біріңді қазақ бірің дос,

Көрмесең істің бəрі бос, —

деген Абай ғибратының түп-төркінінің өзі тым əріден бастау алатындығына көз жеткіземіз [2].

Ғасырлар керуенінің көктей өтіп бүгінгі тəуелсіз Қазақстан тұсындағы айтыс ақындарының мұрат-мақсаттарына зер салсақ, сонау бағзы замандағы бабалар сөзінің желісі үзілмей келе жатқан дəстүрлі сабақтастығын анық байқаймыз.

Өлең — жырдың көкжиегі кеңейіп, көркемдігі мейлінше артқан тұста, көкірегі ояу, көзі ашық, оқыған-тоқығаны көп, білімді ұрпақ бабалар аманатын бұрынғыданда биіктетіп, өнердің өміршеңдік сипатын ажарландыра түсті. Елдігімізге сын, арымызға мін болар өмірдің өзекті мəселелері айтыс ақындарының адуынды жырларында ашына айтылды.

Оразалы:

…Бүгінгі жан шығарғыш аппараттар,

Коррупция бауыр-құда, аталастар.

Бəрінің жүрегінде құдай білед,

Ақша мен таққа ғана махаббат бар.

Елім деп еңіресе шеттерінен,

Ер тоқымын лақтырған асау аттар.

Астындағы атқа сенбес бұл қазақтың,

Үміттерін үкімет қашан ақтар?

 Айбек:

…Ақындар жаршылыққа жаршымыз ба,

Айтыңыз ақиқатты аршыңыз да.

Кім кінəлі жазықсыз аққан қан мен

Жанарға ұялаған тамшы мұңға?

Ежелден ең алпауыт империялар,

Қытай мен Ресей тұр қасымызда.

Ол аз болса қырғыз бен өзбек кеп,

АҚШ-тың да жайғасты қоңсымызға.

Шетелдерге қаржылай тəуелдіміз,

Бастан асар берешек боршымыз да.

Сақ болайық АҚШ-тан, батыстан да,

Менен тілек осынау халқымызға.

Ағайын, арыстанды ерттеп мінсек,

Қылыштан болу керек қамшымыз да…

 Ақындар жақсылыққа жаршымыз ба,

Айтыңыз ақиқатты аршыңыз да, — [3]

деген Айбек Қалиевтың жыр жолдары бүгінгі айтыс ақындарының шығармашылық мұраты мен азаматтық ұстанымын танытса керек. Айтыс өнерінің ұлттық идеология жаршысы екендігін немесе бұқаралық насихатшылдық сипатында:

Сақ болайық АҚШ-тан, батыстан да,

Менен тілек осынау халқымызға.

Ағайын, арыстанды ерттеп мінсек,

Қылыштан болу керек қамшымыз да…

деген толғамды жыр жолдарынан анық байқаймыз. Ақын Жүрсін Ерман жетекшілігімен һəм қамқорлығымен қайта жанданып, жаңғырған айтыс өнерінің ширек ғасырлық шығармашылық ғұмырында мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Тұлғаны тұқыртып, асылды ардақтамау сияқты күндестік, бақталастық сияқты мерез қылықтарда айтыста ащы əжуаланып, халықты сондай жаман қылықтардан аулақ болуға шақырған ар-ождан мəселелері де айтыста үнемі көрініс беріп отырады.

Аманжол:

Күндестік деген бізді дерт торлады,

Кей-кейде қинатта шет болмады.

Жанымызға батады Əбдісалан,

Қарақшының қолынан мерт болғаны.

Досыма сілтемедім шоқпарымды,

Батырлар таңдандырған көк тəңірді.

Біз бүгін бағаламай жүргендейміз,

Хас батыр ортаңдағы Тоқтарымды.

 Дəулеткерей:

Басыңда бақ тұрғанда бірігесің,

Алтын мен мыстай болып кірігесің.

Қапыда ынтымағыңды ыдыратсаң,

Қанжілік болған аттай жігінесің… [4].

Кезінде айтыс өнерін зерттеп, оған өзіндік көзқарас бағасын берген академик, жазушы С.Мұқанов: «Халықтың ақынды жақсы көруіне себеп ақынның тіл шешендігі ғана емес, ақынның халыққа сүйкімді, сүйікті болуына бас себеп — олардың айтыста я болмаса басқа шығармаларда халық тұрмысының шындығын суреттеуі, халықтың қуанышына да, қайғысына да шын көңілмен ортақтасуы», — деп жазған еді.

Мемлекетіміздің саяси-экономикалық ахуалы, əлеуметтік тұрмыстық жағдайы айтыс ақындарының назарынан еш уақытта қағыс қалып көрген жоқ. Проблеманы көтере білген ақындардың кейбірі одан шығудың тиімді жолдарын да тілдеріне тиек ете білді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігі жете бермейтін, жетсе де кештеу жариялайтын ел үшін өткір мəселелер айтыс сахналарында көрерменге, іле шала телерадио арқылы бұқара халықтың құлағына жетіп жататын.

Əсіресе аламан айтыста сөз қағыстырған белгілі жыр дүлділдері М.Қосымбаев пен Б.Имашевтың айтысы тəуелсіз ел атанған Қазақстан мемлекетінің шынайы бет-бейнесін өткір тілмен өлеңге айналдырып, алдымызға жайып салғандай əсер қалдырады.

«Жекпе-жек» айтыс деп аталатын бұл жыр додасына берілген уақыт көлемі көп болғандықтан, ақындарда ақтарылып жырлай білген.

Мэлс:

...Қазағым қастерлеген табандыны, Адалдықпен өрілген адамдығы.

Жаңағы өзің айтқан, өзім айтқан,

Жүйкеге түріп тұр ғой заман мұңы.

Бір-бірімен жауласып жатқандардың,

Интернетке жүгіну мамандығы.

Досқа күлкі, дұшпанға таба болар,

Надандығын жеңе алмай адамдығы,

Бұл іштен ірітудің айласы ғой,

Немесе ол шет елдің қараулығы.

Ағасын інісіне айдап салған,

Жымысқы саясаттың баяулығы.

Балғынбек, саған қарап мен отырсам,

Ағаңның шаршатпасын жаяулығы.

Қазақтың жауы қазақ болмаса екен,

Өтініш қылып айтам саған мұны.

Байлығың мырыш та емес, күріш те емес,

Байлығың басыңыздың амандығы...

 Қазаққа тек қазақтың жаңы ашитындығын, жүзге бөлу саясатының отаршыл елдерге қандай тиімді болғандығын, сол сұрқия саясаттың тəуелсіздік тұсында да өз жымысқы əрекетін əлі де байқатуда екендігін Мэлс ақын осылайша тұспалдап, ашына ашық жырлайды. Шындықты жырлауда айтыс ақындары əр түрлі көркемдік дəстүрлерді еркін қолдана білген.

Бұл, бір жағынан, жағымды əсер тудырса, екіншіден, ақындардың шығармашылық шеберлігі мен ұшқырлығын танытатын тəсіл. Айтыс ақындары, мəселен, «Қыз бен жігіт», «Нағашы жиен»,

«Жезде мен балдыз» сипатындағы жыр сайыстарында отырып та, əлеуметтік мəселені назардан тыс қалдырмайды. Бұл əсіресе Ш.Айдаров, А.Бұлғақов, А.Тұрсынбаева, Б.Имашев сияқты ақындарға тəн қасиет. Мəселен, жоғарыда сөз еткен М.Қосымбаевпен сөз қағыстырған Б.Имашев бір кезегінде былайша жырлайды:

...Шындықты айтсақ жақпаймыз шекпендіге,

Кел, екеуміз айтайық өтірікті,

Айтпаймын өлтірсеңде өтірікті,

Таппайсың біздің елден кемшілікті.

Шекарада бір қазақ түшкіріп қап,

Отыз екі өзбекті өлтіріпті,

Айтайын шындық сөзді ең көрікті

Құлақпен естігенді көз көріпті,

Қазақтар жер бетіне симайды деп,

Қытайлар шығыс жақтан жер беріпті.

Елімнің байлығын сен байқамайсың,

«Доллар» мен «евродан» теңге мықты.

Қаланы ауыл бүгін асырап тұр,

Себебі керегесін кең керіпті.

Қалалықтар ауылға көшіп жатыр,

Əкімдері болған соң елге құтты.

Келімсекті қуып тастап кеңсесінен,

Оралманға билік пен төр беріпті,

Тіл білмесек қызметсіз қаламыз деп,

Барлық ұлт қазақ тілін меңгеріпті.

Тіл білмейтін мəңгүрттер сенделіпті...

 Табиғатта сарказм, юморға, астарлап сөйлеуге, «мақтап отырып, мақтамен бауыздайтын» шеберлікке, шешендікке бейім қазақ халқы айызы қанып тыңдай отырып, ақиқат ауылына ат басын бұратындары да осындай өшпес өрелі өнерді жан-дүниесімен түсінгендіктерінен болар.

Əзіл мен қалжыңға құрылған Айнұр мен Айтақын ақындардың айтысы да айналып келгенде елдік мəселеге оралып, жыр нүктесін өрелі оймен аяқтап жатады.

Айтақын:

Айнұржан, пейіліңе тоя алмаймын,

Зулаған өлең жырға қояндаймын.

Жиырмада да жұлқынған осы қалпым,

Тоқсанға келсем-дағы қоя алмаймын.

Ауылға мойын бұрғызды-ау,

Президенттің жарлығы.

Бай менен кедей теңеліп,

Дəулетті болсын барлығы.

Тоғышарлар тоқталып,

Аңсатпасын арыны.

Ауылдың кіріп ажары,

Жарылқайын жарлыны.

Қойдай қоңыр елімнің,

Тоқтаса болды зар-мұңы.

Арайлап атсын əр таңы,

Тойға ұлассын əр күні [5].

 Академик, жазушы, қазақ өнерінің үлкен қамқоршысы С.Мұқанов өзінің «Айтыстар туралы» мақаласында: «...Ең алдымен қазақтың ауыз əдебиетін шығарушы ақындар туралы ескерте кететін бір жағдай, əзірге біз білетін ақындардың көпшілігі еңбекші халықтан шыққан. (Ескі феодалдық ауылда атақты ақсүйек байлардың тұқымынан шықты деген ақын өте аз естіледі. Əрине, феодал мен байлар табанынан да ақындық дарынмен, туған адам болуы керек. Бірақ ол кезде қазақ байлары мен феодалдары тұқымынан ақын шығуды өзіне намыс көрген, ақынды олар өлеңін сатушы кəсіп иесі деп ұққан, ақындықты олар қайыршылықтың бір түрі деп санаған. Мұндай ақындар болған). Халық арасынан шыққан ақындардың көпшілігі өзінің өнерін, талантын сол халыққа арнаған, халық өмірін жырлаған. Сонымен қатар олар байлар табының, оның өкіметінің қанағыштық пердесін ашып, халық алдында масқаралай білген...», — деп жазады.

Ауыз əдебиетін ыждаһатпен зерттеп, халық өнеріне үлкен баға беруші С.Мұқанов сияқты зерделі жазушының бұл пікірі, бүгінгі айтыс ақындарына деген көзқарас, пікірімізді барынша байыта, тереңдете түседі. Бүгінгі айтыс ақындары да, ақын Жүрсін Ерманның сөзімен айтсақ, əлеуметтік деңгейі орташа, қарапайым халық ортасынан шыққан өнерпаздар. Қалада дүниеге келіп, қолына домбыра ұстап айтысқа шыққан ақын некен-саяқ немесе жоқтың қасы. Айтыс ақындарының дені ауылда туып-өскен, ұлт тілінде білім алған, қазақы тəлім-тəрбие көріп өскен жастар.

Жоғарыда келтіргеніміздей, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көрмей немесе кештеу көріп жататын түрлі проблемалардың айтыс ақындарының назарына тез ілігуін де олардың үнемі халық арасында жүріп, олардың мұң-мұқтажымен, мұрат-тілегімен мүдделес болуынан деп түсінген жөн.

Уақыт жылжып қоғам өзгеруімен бірге адами сана-түсініктің де соған бейімделіп отыратындығы белгілі. Бірақ бір ақиқаты, жақсылық пен жамандықтың ақырға дейін жалғасып, үнемі күрес үстінде өтетіндігі.

Жазушы С.Мұқанов бағалаған заман ақындарымен қазіргі тəуелсіз Қазақстан кезеңіндегі айтыс ақындарының тақырыбы ортақ екендігін уақыт дəлелдеп отыр.

Əдеби тілмен көркемдеп айтар болсақ, мұны айтыс өнеріндегі дəстүр сабақтастығы деп қабылдаймыз. Келмеске кеткен кер заман, толғанып өткен зар заман, тəуелсізідік тұсындағы жаңа заман болсын ақындардың айтары əлі таусылған жоқ. Алты алашты ақиқаттың ақпаратымен қамтамасыз етіп, оларға шындықтың шырайлы насихатын жеткізуде дəл қазір айтыс өнерінің өресі биік болып тұр.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. — Алматы: Білім,
  2. Екі мыңжылдық дала жыры. — Алматы: Қазақ энцикл.,
  3. Қазіргі айтыс. Екінші кітап. — Астана: Күлтегін,
  4. Қазіргі айтыс. Үшінші кітап. — Астана: Күлтегін,
  5. Айтыс. 1-т. — Алматы: Жазушы,

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.