Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Морфология жəне сөзжасам саласындағы кейбір терминдер жайындағы мəселелер

Қайбір іргелі ғылым салалары болмасын уақыт өте келе іштей қажетіне қарай түрлі бағыттарға, салаларға бөлініп, олардың өздері екінші бір ғылым салаларының іргетасына айналуы мүмкін. Осы мəселе морфология мен сөзжасамға да қатысы барын көріп отырмыз. Тіл білімінде морфология саласы кеңестік дəуірден зерттелу үстінде. Кейінгі уақыттарда қазақ тіл білімінде сөзжасам мəселесі қозғалып, қазіргі таңда бірнеше авторы бар, өз алдына грамматиканың бір саласы ретінде оқытылып, зерделеніп келеді. Жекелеген авторлардан соң 1989 жылы «Ғылым» баспасынан мүмкіндігі болғанынша кең көлемде бірнеше авторлар еңбегі нəтижесінде «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деген атпен алғашқы монография [1] дүниеге келді. Сонан бері қазіргі таңға дейін сөзжасам жүйесі бойынша бірнеше еңбектер жарық көріп, жан-жақты зерделену үстінде. Бұл, əрине, қазақ тіл білімі тағы да жаңа саламен толығып, қазіргі талапқа сай зерттелуде деп түсінген жөн.

Ескеретін бір мəселе, қай ғылым болмасын өзіндік зерттеу нысаны, əдістемесі, дерек көздері, бағыты т.б. болуы бірінші шарттылық дегендей, ең басты мəселесінің бірі өзіндік терминдік қолданыстары болуы қажет екендігі бəрімізге белгілі. Бұл мəселелер екінші ілім салаларынан ерекшелеп тұратыны жəне белгілі. Соңғы кездерде морфология жəне сөзжасам турасында жазылған еңбектерде көптеген терминдердің ортақтығы (əсіресе дыбысталу, айтылым жағынан) бұл екі саланы бөліп қарастыруда едəуір қиындықтар туғызып отыр. Олар: түбір, туынды түбір, туынды сөз, түбір морфема, қосымша морфема, жұрнақ, жалғау жəне бұған қоса күрделі сөздер түрлерінің атаулары т.б. Қайсыбір еңбектерде бұл секілді терминдер бірінің орнына бірі талғаусыз қолданылатыны кездеседі. Бұл жағдай морфологиялық пен сөзжасамдық талдаулардың өзіндік табиғи қасиеттерін ерекшелеп көрсетуде қайшылықтар, қиындықтар туғызып жүр. Мысалы, түбір, туынды түбір деп көрсету сөз құрамын морфологиялық жақтан талдау мəселесі болса, сөзжасамдық еңбектерде морфологиялық талдау еместігін көрсету мақсатында түбірді «негізгі сөз», туынды түбірді «туынды сөз» деп тұрақтандырған дұрыс секілді. Морфология саласындағы «негізгі түбір» терминің сөзжасамда басқа сөздердің жасалуына түпкі қазық болғандықтан, «негіз» деп қолданған ыңғайлы сияқты.  Сонда«түбір — негізгі сөз — туынды түбір — туынды сөз», «негізгі түбір — негіз» деп қолдану əңгіме қай сала  тұрғысынан  болып     жатқанын   саралап      берері  сөзсіз  (сөзжасам    тұрғысынан ба   əлдеморфологиялық талдау ма деген сияқты). Зерттеулерге қарағанда «негізгі түбір» мен «негіз» деген терминнің табиғаты, атқаратын лексика-грамматикалық мағыналары ұқсас болғанымен, өзара айырым белгілері бар. «Негізгі түбір» деп отырғанымыз «негізгі морфема», яғни «түбір морфема», бұл сөз бөлшегі деген ұғымды білдіреді [2; 23–25]. Сонда «түбір морфема» сөздің лексикалық мағынасын білдіретін сөз бөлшегі болмақ. Бұл тұрғыдан морфемаларға жіктеу морфологиялық талдау болып табылады (сөз құрамына байланысты). Ал «негіз» термині — сөзжасам мəселесі. Себебі сол «негізден» сан түрлі сөздер жасалады, яғни сөзжасамның түрлі бірліктерінің жасалуына негіз болады. Екіншіден, «негіз» деген сөздің лексикалық мағынасынан-ақ бір нəрсе жасауға тірек, фундамент деген ұғымды бере алады. «Туынды сөз» деген жасалынған, жаңадан пайда болған дегенді білдіретіндіктен, сөзжасам саласына, яғни сөздердің жасалуы деген ұғымда, түсінікті нақтылай түскендіктен əрі сөзжасам тұрғысынан талдану үстінде екендігін білдіре алады.  А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» (1991) еңбегінде туынды түбір — туынды сөз, түбір — негіз деп қолдануы ол кездерде сөзжасам жеке сала ретінде əлі де болса өзіндік табиғатымен танылып зерттеле қоймағандығы белгілі. Бұл жерде ғалым сөз құрамын мүмкіндігінше түсіндіруге, ұғымды етіп көрсетуді көздеп отыр [2; 31]. Жоғарыда аталған терминдердің қайсысын алсақ та, осы секілді пікірлер айтуға болады. Мəселені түйіндей келгенде, термин ортақтық қай салаға қатысты болмасын нақты түрде ғылыми талдауларға келгенде қиыншылықтар туғызатыны анық. Мұны түзейтін, əрине, сын. Сондықтан қазақ тіл білімі сының қалыптастырып, жарық көріп жатқан еңбектердің жетістіктері, ерекшеліктері баспа беттерінен орын алғандары жөн болар деген ойдамыз.

Сонда сөзжасам турасында (қай  мəселесі  болмасын) жарық көрген  еңбектердегі  «түбір»,«туынды түбір», «негіз», «негіз сөз», «туынды сөз», «сөзжасам қосымшалары», «жұрнақ»,  «жалғау»деген терминдерді бірінің орнына бірін қолданбай əрқайсысын өз саласына лайықты қолдансақ,«туынды сөз» турасында мына секілді мəселені айтуға болады еді.Туынды сөздер өмір шындығымен байланысты. Өмірде пайда болған заттарды атау талабы да, осындай экстралингвистикалық не лингвистикалық факторлар нəтижесінен туынды сөздер жасалады: балмұздақ, аялдама, жанкүйер, оқырман, көрермен т.б. Бұлардың туынды сөз ретінде танылуы — əрқайсысының сөзжасамдық жасалу тəсілі əрі негіз сөзбен сөзжасам қосымшаларының мағына жиынтығынан тұру үлгісі барында.

Туынды сөздердің жəне бір белгісі зат атауы не белгісі болғандықтан, олар лексикалық нұсқаға (единицаға) жатады да, сол дайын күйінде өзгертілместен кез келген сөйлем құрамында қолданылады. Мысалы, əнші, биші, талапкер т.б. сөздері осы қалпында (негіз сөз бен сөзжасам қосымшаларын сақтай отырып) сөйлем құрамына енеді, тек сөйлемдегі айтылар ойға байланысты түрлі жалғаулар жалғануы ықтимал. Мысалы, оқушыларға беру керек, оқушылармен сөйлесу қажет т.б. туынды сөз қай сөз табының туынды сөзі болса, сол сөз табынша түрленеді (оқушы — зат есім, сондықтан зат есімдерше түрленіп отыр).

Сөзжасамда туынды сөз, негіз сөзсіз жасалмайды. Осы тұрғыда келгенде негіз сөздер сөзжасамдық мақсатта екі топқа бөлінеді: а) негіз; ə) туынды сөз. Мысалы: кел, əн, түбір, бер, кел т.б. сөздерімен тəлімгер, басытқы (закусик), жылытқы (грелка), сəулетші (архитектор), базарлық (сувенир) т.б. тұлғаларды салыстырғанда, алғашқы топтағы сөздер негіздер, соңғылары — туынды сөздер. Бұлардың ұқсастығы — екеуі де сөзжасамдық бөлшектер. Айырымдары негіз бір ғана бөлшектенбейтін морфемадан тұруы жəне жеке тұрып дербес мағына бере алады. Туынды сөздер болса, екі морфемалы болғандықтан, оларды бөлшектеуге болады (негіз сөз, сөзжасамдық қосымша). Осы екі морфемалардың мағыналық қосындысынан туынды сөз жасалады; куə-лік, сəулет- ші, қылти-ма т.б. Сонымен қатар негіздің мағынасы қалай пайда болғаны белгісіз де олардың мағынасы табиғи нəрсе секілді көрінеді. Мысалы, нан — тағам аты, күй — музыка, шөп — өсімдік ретіндегі мағыналары қалай пайда болғаны белгісіз болса, туынды сөз ретінде табылатын саудагер, дəрігер, қаламгер, тəлімгер т.б. негізгі — сауда, дəрі, қалам, тəлім секілді морфемалар мен оларда адам, яғни мамандық, ұғымын қосатын сөзжасамдық қосымшаларға жіктеуге əрі бұл мағыналардың қалай, қайдан пайда болғандығын түсіндіруге де болады. Бұл мəселе туынды сөздердің сөзжасамдық жүйедегі негізгі заңдылығы болып табылады.

Сөзжасамдық заңдылықта туынды сөз мағынасы негіз сөздің мағынасына байлаулы болады. Мысалы, мүсінші, жазушы, балықшы сөздері туынды сөз болуы — бұл сөздермен жарыса қолданылып жүрген мүсін, жаз, балық секілді негізгі түбірлердің өмір сүруі. Басқаша айтқанда, туынды сөз мағынасы қалай болған күнде негіз сөзбен мағыналық əйтеуір бір байланыста болады (тікелей не жанамалай).

Негіз сөзжасамның ешқандай қатынасынсыз жасалған сөздер де, туынды сөздер — сөзжасамның заңдылықтары, тəсілдері арқылы жасалуы шартты нəрсе. Ал, тарихи тұрғыдан кейбір негіз деп жүрген сөздеріміздің түбір, қосымшаға бөлінуі жаппай ортақ заңдылық болмауы — қазіргі кезде өлі негіз, өлі қосымшалардың мағыналары сақталмай біртұтас тұлға ретінде кіріге бірігіп бір-ақ ұғымда, мағынада жұмсалуынан. Мысалы: момақан, момын сөздеріне мом деген ортақ негіз бар деу тарихи тұрғыдан болмаса, қазіргі танда мом деген негіз түрінде дербес мағынада колданылмайды.

Негіз сөздер байырғы сөздер болғандықтан, олар түркі тілдес халықтарға ортақ тұлға ретінде қолданыла береді. Ал туынды сөздерде мұндай ортақтық міндетті емес. Мысалы, қазақ тіліндегі жанжалшыл деген туынды сөз өзбек тілінде жанжалқыш, қазақша тарақты татар тілінде тарахсыман түрінде айтылады. Сонда туыстас тілдерде туынды сөздердің жасалуында əр түрлі ерекшеліктері болады. Бірақ бұдан өзара ұқсастық жоқ деген асығыс пікір шығаруға болмайды. Ұқсастықтар бар əрі сөзжасамдық ортақ заңдылықтар да жеткілікті.

Негіздің туынды сөзге қарағанда, қай жағынан алсақ та, мүмкіндігі мол. Себебі олар ежелден қолданылып келе жатқандықтан, бүкіл халыққа танымал, тілімізде жиі қолданылады əрі стиль талғамайды да жəне сөздік қорға жатады. Бұдан туынды сөздердің тіліміздегі қызметі кем деген қате пікірге келуге болмайды, бірақ қайсыбір туынды сөздер жасалғанмен, сөздік қорға енбей қалуы мүмкін т.б. деген секілді.

Негіздің сөзжасамдық қабілетіндей ешқандай сөзде жоқ. Сөзжасамда негіздердің бəрі қатысады да олар арқылы көптеген туынды сөздер жасалады. Ғалымдар зерттеуінше, қазақ тілінде бір негізден 20–30 сөз жасалуы — үйреншікті құбылыс. Ал бір бас сөзінің — 140, жел сөзінен 90-нан астам туынды сөздер жасалатыны дəлелденіп отыр. Керісінше, туынды сөздердің сөзжасамдық қабілеті нашар, өнімсіз.

Негіздердің омонимдік қасиеті күшті болады: ас, ат, өт, көш, қой т.б. сөздер бірде заттық, бірде етістік ұғымында жұмсала беруі де үйреншікті нəрсе.

Негіздердің буын (дыбыстық жағынан да туынды сөздерден ерекшелігі бар. Айталық, олардың басым көпшілігі бір буынды болып келулерімен қатар əрі түркі тілдерін ортақ ретінде де қасиеттері бар. Мысалы, күн, ай, жан, үй, ақ, көз, бет, кел, кет, нан, қол т.б. Кейде мұндай сөздер тек екі немесе үш дыбыстан емес: қарт, төрт, қант, қайт секілді төрт дыбысты болып келе береді. Ал туынды сөздерден тек екі буыннан басталып, буын сандары ұлғайя береді: білім, келісім, аспазшы, көлшік т.б.

Туынды сөз белгілі бір тəсілмен жасалады (синтетикалық, аналитикалық, лексика- семантикалық). Осыған орай құрам жағынан туынды сөздер: а) жалаң негізді сөз; ə) күрделі негіз сөздер болып екі топқа бөлінеді.

  1. Туынды сөз турасында жоғарыда айтылған мəселелерді жинақтай келе, мына секілді сөзжасамдық белгілерін жинақтап көрсетуге болады:

а) туынды сөз екі морфемалы (негіз сөз, сөзжасамдық жұрнақ) тұлға; ə) туынды сөз негіз сөз бен сөзжасамдық қосымша морфемалардың мағыналық қосындысынан тұрады; б) туынды сөз мағынасы негіз сөздің мағынасына байланысты болады: суретші туынды сөз сурет деген негіз сөздің мағынасынан шығып отыр дегендей; в) туынды сөз тілдің даму сатысына орай танылады: ұш-қыш, үш-ақ, оқыр-ман, аялда-ма т.б.; г) туынды сөз құрамындағы морфемалар заманына байланысты жіктері сақталады: дəрі-гер, дау-гер, жазу-шы т.б.; д) туынды сөздердің мағыналарында өзгеріс болады (себебі сөз жасалады) əрі қай сөз табына жатуына орай сол сөз табынша грамматикалық түрленеді. Мысалы, «түйін» сөзі зат есім ретінде түрленуі (септелуі, көптелуі, тəуелдене алады); д) туынды түбірлер қай сөз табының жұрнағы арқылы жасалса, сол сөз табының грамматикалық қасиеттеріне ие болады: бала-лық, жақсылық, тау-лы; өзен-ше, тау-шы т.б.; е) туынды сөздер сөйлем барысында емес, олар сөйлем құрамында дайын қалпында жұмсалады. Егер біз үлкендік, кішілік туралы əңгімелесек, тілдегі осы дайын қалпында қолданамыз: үлкендік көрсетті, кішілік танытты т.б.

Туынды сөзді тарихи негіздер. Грамматикада қолданылып жүрген негіз деген тілдік құрылымның бірлігінің бірі ретінде өрлеу дəуірлері болады, негізінен, ғалымдар пікірінше, түркітану (түркі тілдерінде) сөз құрамын екі морфемадан: а) түбір морфема; ə) қосымша морфемадан тұрады. Негіз морфемасы түбірлес немесе оның таралымдары (парадигмалық) қатарларын салыстыру арқылы анықталғанымен, синхрондық (қазіргі кезеңдік) тұрғыда бөлшектенбейтін сөз бөлшегі. Екінші морфемаға (қосымша) жалғанатын сөз бөлшегі жатады да, олар деривациялық (айырым) қатар құрып, негіз морфеманың мағынасын нақтылай түседі немесе ауыстырады (транспозициялайды): бесінші — нақтыласа, тəлімгер — ауыстырып отыр. Тілдегі деривациялық құбылыс — тіл тарихында лексикалық ұғым мен грамматикалық мағынаны байытуда үлкен қызмет атқаратын тіл заңдылығы.

Сонда ол — түбірлердің (синхронды түрде), əсіресе туынды сөздердің мағыналарын ажырататын тілдік заңдылық. Сондықтан қазіргі тіліміздегі негіздердің құрылымын анықтау — түркітанудағы үлкен проблемалардың бірі. Мұның басты себебі — түркі тілдері жалғамалы (агглютинативті) типке, сөз тұлғасы жағынан бір буынды (моносиллабинолы) тілге жатуынан түбір мəселесі тіл ғылымында өзекті мəселе болып отыр. Сондықтан синхрондық тұрғыда қазір негіз сөз деп танылып жүрген көптеген сөз бөлшектері диахрондық зерттеу барысында бір буынды өлі негіздер мен өнімсіз қосымшалардың бір-біріне əбден кірігіп, бір бүтін тұлға ретінде көріне беретіндерін анықтауға болады. Мұның қиындығы да, екі морфеманың жігі білінбестей жымдасып кетулері əрі ұзақ сақталуында болып отыр. Мысалы: мақ-та, ай-т, са-н, қыз-ыл т.б. Бұл негіздер. Синхрондық тұрғыда негіз ретінде қолданылмағанымен, қазіргі тілімізде жеке мағынаға ие болып, көптеген сөздерді өрбітіп, негіздер сөз қызметін атқарып отырған осы тарихи туынды сөздер.

Синтетикалық (морфологиялық) тəсілдің пайда болуы, яғни негізге қосымшалар жалғану нəтижесінен, ол қосымшалар жаңа грамматикалық мағыналар үстеудің арқасында енді қосымша, үстеме лексикалық мағыналардың пайда болуына жəне мұндай жалғамалы негіздердің жаңа лексикалық мағыналары деривациялық құбылыстардың дамуына, оның үстіне синкретті негіздерге күрделі қосымшалардың уақыт өткен сайын дыбыстық, лексикалық, грамматикалық мағыналары дами келе, ендігі жерде негіз деп танылатын тұлғалар анағұрлым күрделі мағыналар бере бастады. Дей тұрғанмен, ол баста пайда болған бір буынды тұлғалар негіз құрамында (синкретті тұрғыда) өлі түбір ретінде қала берді. Мысалы: шалқасынан, шалқалақтау, шалқа əрбірден соң деривациялық құбылыстан шалқу, шалқыма т.б. сөздеріне ортақ шалқ деген сөз болғанымен, оны негіз деп қаралмау себебі — қазіргі кезде бұл негіз жеке қолданылмауында. Оны тек тарихи туынды сөз деп тану — көңілге қонымды əрі сенімді нəрсе.

Қазіргі таңдағы негіздердің бірнеше дыбыста, буында болып келулері ол бастағы бір буынды синкретті негіздердің бірте-бірте дыбыстық өзгерістерге ұшырап дамуынан болып отырғаны белгілі. Дыбыстардың тарихи тұрғыда өзгеруі, басқаша айтқанда, дыбыстардың сай келуі, орнын айырбастауы, жаңа дыбыстардың пайда болу т.б. алуан түрлі себептерден өлі негіз дыбыстық құрамының ғасырдан ғасырға өзгерулеріне, нəтижесінде түрлі грамматикалық көрсеткіштердің қалыптасуынан сөз варианттарының əр түрлі мағыналардың, түсінік пен ұғымдардың пайда болуына əсер етті. Əсіресе аферезис (бунақтарда қатар келген екі дауыстының соңғысының түсірілуі): де, же, бү, мұндай құбылыстар қазір де кездеседі: мыс па екен (мыспекен), жазып та алды (жазыпталды) т.б.; метатезалық (дыбыс сəйкестілігі, орын ауыстырылуы): жаз-жай, көр-көз, мегде, меңзе, мезге, қақпа, қақпан т.б. Қалай болған күнде дыбыстық өзгерістер өлі негіздерді деформацияға ұшыратып, негіз құрамында дыбыстық варианттардың пайда болуына, нəтижесінде қазақ тілінің өзімен тектес тілдерден дербестене бастауына əкелді. Н.Оралбаеваның «Қазақ грамматикасында» [3] атап көрсеткен: «...қазіргі тілімізде көптеген сөздерді шартты түрде түбір сөз деп қараймыз. Шын мəнінде, олар — өлі түбір мен қосымшадан тұратын тарихи туынды түбірлер. Ол диахрондық зерттеудің нəтижесінен анықталады. Түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болғанмен, жалғамалықтың нəтижесінде анық, көбінесе екі буындыға айналуы тұрақты құбылысқа айналған», — деген пікіріне толық келісуге болады. Əрине, бұл бірден болатын тілдік құбылыс емес, оған талай уақыт қажет, ұзақ тарихи процесс. «Қазақ диалектологиясында» (232-б.) өлі түбірлерді «ілкі түбірлер», синхрондық тұрғыда «негіз түбір» деп бөлуді ұсынады. Мысалы: ұза (қашықта мағынасында) қазіргі таңда мағына дербестігін сақтаған «негізгі түбір» болса, ұза ұз деген түбірден пайда болғандықтан, ұз ілкі (өлі) түбірге жатқызылған. Бұл ұсыныстың ұтымды жері «өлі түбір» термині морфология саласында қолданылғандықтан, сөзжасам жүйесінде мұндай түбірлерді кайталамас үшін «ілкі» терминін қолдану əрі əр саланың айырым-белгісі ретінде де қажеттіктен туып отырғанын ескеру қажет. Қалай болған күнде де ілкі түбірлер — сөзжасамның негізгі мəселесі (категориясы). Қазіргі уақытта тіліміздегі сөздер тұлғасы осы «ілкі түбірлерден» шығып отырғаны белгілі. Ілкі түбірлерді ғылыми тұрғады талдау, сөз жоқ жалпы қазақ тіліндегі сөзжасаудың типтерін, үлгілерін анықтауға үлкен қызмет атқарады. Бұл жөнінде түркітанушы-ғалымдар: Ж.Дени, В.В.Радлов, Н.А.Балқанов, Г.О.Винокур, Қ.Жұбанов, А.Хайдаров, Б.М.Юнусалиев, тағы басқалардың еңбектерінде көптеген дəлелдер табуға болады. Мəселен, «Қазақ грамматикасында»: айт, арт, борт, жорт, қайт, керт тұлғаларында т қосымша морфема ретінде талданып, моделі бойынша көнерген сөздер жасалғандығы дəлелденіп отыр. Ал бұл сөздердегі алғашқы буындар «ілкі түбірге» жатқызылған. Міне, осы секілді қазіргі тілімізде қолданылып жүрген көптеген сөздерді морфемаларға жіктеу арқылы ілкі түбірлерді табуға болады, мысалы: қас, қаш, қаз, қап т.б. Ескеретін бір мəселе, осы іспетті сөзжасамдық модельдер (үлгілер) арқылы ілкі түбірлердің түптеп келгенде түбірлес сөздердің, одан оның деривациялык құбылыс нəтижесінен не көп мағыналылыққа, не омонимдесуін құбылыстардың парадигмалық таралымдарына əсері секілді теориялық алуан түрлі пікірлер айтуға болады. Көзге түсетін жəне бір заңдылық — тарихи туынды сөздер етістіктер мен есімдердің сөз тудырушы үлгілері кездесетіндігі. Мəселен, А.Н.Кононов -са жəне оның варианттарын ілкі түбірлердегі тарихи туынды етістік жасаушы модель ретінде қарастырған: аңса, көксе, жуса, көсе, күйсе, ұқса т.б. Осы секілді есім сөздердің де тарихи туынды тұлғалар екені анықталып отыр: -аң, -ең: тоз-аң, кер-ең, тер-ең, күр-ең, ел-ең т.б.

Осы жоғарыда айтылған мəселелерді жинақтай келгенде, қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бірте-бірте ғасырлар өткен сайын жетіліп, дамып, орнығып отырғанын байқауға болады.  Сондықтан «түбір» ұғымын диахрондық, синхрондық тұрғыдан қарағанда этимологиялық жəне тарихи туынды түбірлер деп қарастырған ұтымды болады деген көзқарастар бар («Қазақ грамматикасы», 2002, 240-б.). Этимологиялық түбір деп отырғаны — бұл түбірдің («өлі» түбір, байлаулы түбір, этимон түбір т.б.) бойында əр түрлі өзгерістерге ұшырап, түрленген, құрылымдық, семантикалык, деривациялық валенттілікті көрсететін «тек» сақталу тұрғысынан түсіндіреді (сонда, 240-б.). Сонда бұл түбір синхронды тұрғыдағы ары қарай бөлшектеуге келмейтін негіздер де, ал диахрондық тұрғыда талданған ілкі түбірлер тарихи туынды негіз болып шығады. Этимологиялық түбірлерді негіздес сөздерді өзара салыстыра зерттеу арқылы да анықтауға болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. — Алматы: Ғылым,
  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Ана тілі,
  3. Қазақ грамматикасы. — Астана: Елорда, 2002. — 231-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.