Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кредиттік жүйемен оқытудағы студенттермен өздік жұмысын жүргізу мəселелері

Жалпы кредиттік жүйеде берілетін сабақтардың ерекшеліктерінің бірі — екі деңгейлік өздік жұмыстардың берілуі. Сабақта студенттердің үйренгендерін нақтылау үшін, білім деңгейлерін, сөздік қорын кеңейтуге, сөйлемдерін дұрыс құрып, айтып үйрену үшін маңызы зор. Өздік жұмысы студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысы (СОӨЖ), студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) түрінде болады. СОӨЖ — негізгі сабақтың танымдық мақсаттағы құрамдас бөлігі. Ғалымдардың пайымдауынша, танымдық белсенділікті дамытудың маңызы өте зор.

Танымдық белсенділік — үйренушінің танымдағы жігерлілігі жəне өзіне таныс емес нəрсені іздеу қабілеті. Олай болса, үйренушінің танымдық белсенділігі — оқудағы жылдамдық деген сөз, яғни білімге деген жан-жақты терең қызығушылықпен дербес қабілеті белсенділігін таныту [1].

СОӨЖ əр сабақта өтілген тапсырмалар негізінде беріледі. Онда балдық-рейтингтік шара түрінде коллоквиумдар, дискуссия, бақылау жұмысы т.б. өткізіледі.

Пəн бойынша СОӨЖ-ді оқытушы мына жүйеде өткізуіне болады:

  • үшдеңгейлік жұмыс мақсатын қою (репродуктивті, продуктивті, шығармашылық) жəне нақты жұмыс формасын анықтау;
  • студенттердің жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру;
  • студенттерді оқу-əдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
  • атқарылған жұмыстардың орындалу уақыты жəне есебін алу;
  • шығармашылық топтардың жұмыс істеуін ұйымдастыру. Жалпы СОӨЖ-ді ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұрады.
  • -кезең — дайындық. СОӨЖ-дің бағдарламасы, тақырыптары жəне тапсырмаларын құру.
  • -кезең — ұйымдастыру. Мұнда студенттермен топтық немесе жеке-дара жұмыс мақсатын анықтау, жұмыс түрлері, оны орындау шарттары түсіндіріледі, бақылау түрлері айқындалып, оның мерзімі белгіленеді.
  • -кезең — тапсырма орындау. Аралық бақылау қорытындысын тексеру, өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру, өзара байланыс, сұрақ-жауап т.б.
  • -кезең — бақылау-бағалау. Бұған жеке немесе топтық есеп жəне оны бағалау кіреді. Қорытындылар реферат түрінде немесе жоба, баяндама, шығарма, сызба-нұсқа, ауызша айту, есеп, əрине, пəн ерекшелігіне байланысты жүргізіледі [2].

Бірінші, екінші курс студенттерінің СОӨЖ-ден алған білімін, дағдысын кеңейту жəне бекіту мақсатында жұмыстарды еске алып отыру керек. Бұл жағдайда мына жұмыс түрлері тиімді болмақ:

  1. Эссе жазу — ол студенттердің белгілі бір түсінігін қалыптастыру.
  2. Бір-екі беттік белгілі бір қысқа əдеби шолу жазу — бұл жағдайда қосымша материалдар пайдаланып, баспа материалдарын, Интернетті қолдану.
  3. Өткен материалдар бойынша терминдерді пайдаланып, сөзжұмбақтар жасау.

 Глоссариймен жұмыс — терминдерді түсіндіру, өткен материалдар бойынша қайталау. Мысалы:  ІV модульдегі грамматикалық тақырыптарға глоссарий

 СОӨЖ-де студенттердің өз бетімен орындауы мен шығармашылығы жоғары деңгейде ескеріледі.

Мысалы, қазақ тілі пəні бойынша СОӨЖ-ді өткізу тəжірибесін қарастырайық. Химия факультетінде оқу-əдістемелік кешен бойынша бағдарлама мамандыққа бейімделіп жасалған. Мəтіндер мен тапсырмалар деңгейге бөлініп берілген. Əр үш кредитке арналып, СОӨЖ өткізу үшін тапсырмалар мен өткізу түрі көрсетілген. Қараңыз:

 ІІІ апта. СОӨЖ 7–9

Тақырып: Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі. Тапсырма:

  1. Ситуацияны дамыту:

а) Д.И.Менделеев туралы газет материалдарынан оқыңыз; ə) еңбектері туралы қысқаша жазыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі:

  1. Тақырып бойынша өткен лексиканы пайдалану. Глоссариймен жұмыс. Өздік жұмыстарды орындауға көмекші əдістемелік нұсқаулар.
  • Практикалық сабақтарда ұсынылған мəтіндерді оқыңыз жəне талқылаңыз.
  • Д.И.Менделеев туралы бейнефильмді көріңіз.
  • Д.И.Менделеевтің өмірі туралы қысқаша əңгімелеңіз. Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі беріледі.

Сол сияқты ІV апта, СОӨЖ 10–12 Тақырып: Периодтық заңның маңызы. Тапсырма:

  1. Ситуацияны дамыту: а) конспект жасау;

ə) химия пəнінің мұғалімімен сұхбат.

  1. Пікірталас. СОӨЖ өткізу түрі:
  2. Диалог формасында ситуацияны ауызша дамыту. Сұрақ-жауап (ауызша):

а) химия сабағында шағын əңгіме жазу. (Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі беріледі).

 VІІІ апта. СОӨЖ 22–24

Тақырып: Химиялық элементтер. Тапсырма:

  1. Ситуацияны дамыту.

а) Химиялық элементтердің қазақша сызба нұсқасын жасаңыз.

  1. Зертханалық сабақта. Сұхбаттасу. Күрделі сұхбат. СОӨЖ өткізу түрі:
  2. Тақырып бойынша өткен лексиканы пайдалану. а) өз мамандығыңыз туралы пікір жазыңыз.

Өздік жұмыстарды орындауға көмекші əдістемелік нұсқаулар:

ə) практикалық сабақтарда ұсынылған мəтіндерді оқыңыз жəне талқылаңыз. (Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі беріледі).

 ІХ апта. СОӨЖ 25–27

Тақырып: Фармацевтикалық орталық. Тапсырма: Ситуацияны дамыту.

а) бейнетаспадан фильм көру;

ə) «Фармацевтика орталығында» тақырыбына шығарма жазу. СОӨЖ өткізу түрі:

Тақырып бойынша өткен лексиканы пайдалану.

Фармацевт мамандарымен əңгіме немесе шөп дəрілер пайдалану туралы сөйлесу. Өздік жұмыстарды орындауға көмекші əдістемелік нұсқаулар.

- Практикалық сабақтарда ұсынылған мəтіндерді оқыңыз жəне талқылаңыз [4].

Жоғарыда берілген тапсырмалардан басқа СОӨЖ-де жұмыс түрлері жеке жəне топтық болуы мүмкін. Көбіне ұжымға байланысты жұмыстар:

  1. 8–10 минуттық презентация. Белгілі тақырыптардың ашылуы, ол бойынша түсінігі, сөйлеу дəрежесі, сөздік қоры ескерілуі қажет.
  2. Іскерлік ойын — кəсіптік бағыт, кəсіби сөйлеу деңгейін дамыту.
  3. Нақты жағдаят, проблема бойынша сұрақ-жауап іздеу.
  4. Топтық жоба — төрт-бес адамнан құрылған топ, əрқайсысы өз жобасын дайындайды, мысалы, «Қоршаған ортаны қорғау».

СОӨЖ-ге дайындық барысында оқытушы: барлық студенттерге нақты, бағдарламаға сай тапсырма беруі керек. Бұл жағдайда тапсырманың күрделілігі жəне əр деңгейдегі шығармашылық ескеріледі.

СОӨЖ-ді дəрісханада өткізгенде мынандай жұмыстарды орындауға болады:

  • оқулықтармен, ғылыми басылымдармен жұмыс жасау;
  • сөздікпен жұмыс;
  • топтық жұмыстарды орындау;
  • жеке жұмыстарды орындау;
  • рөлдік ойындар орындау;
  • рефераттар тыңдап, талқылау;
  • практикалық тапсырмаларды орындау;
  • жағдаяттық тапсырмаларды жасау;
  • алдағы сабақтарға дайындық;
  • коллоквиум тапсыруға дайындық;
  • лабораториялық жұмыстарға дайындық;
  • дебаттар мен іскерлік ойындарға дайындық.

СОӨЖ барысында студенттер ағымдық, рейтингтік балдарын жоғарлату үшін қосымша тапсырма алуға болады. Мысалы: «Адамгершілік — асыл қасиет» тақырыбы бойынша қосымша Абайдың «Қара сөздері», Абайдың лирикалық өлеңдері, сол сияқты «Қазақ өнері мен мəдениеті» тақырыпшасына байланысты театр өнері, кино өнері, сурет өнері, ақын-жазушылардың шығармалары мен кейбір өлең үзінділері бойынша дайындалып келу тапсырылады.

Жалпы СОӨЖ-де сабақта алған білімін нақтылай отырып, мына жайттарды қалыптастыруды көздеген дұрыс. Студенттердің мəнерлеп оқуы. Өзі туралы жəне басқалар туралы хабарлама жасай білуге үйрету. Сонымен қатар түйіндеме, пікір, құттықтау хаттарын жазу. Тілек, бата айта білуге үйрету. Күнделікті тұрмыстық, кəсіби сөйлеу деңгейлерін кеңейтуге байланысты жұмыстар жүргізу. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасай отырып, меңгерген сөздерін еркін пайдалана білуге жаттықтыра білу. Кез келген жағдаятта сұрай білуге жəне жауап беруге, əңгімеге араласуға қалыптастыру негізгі жұмыстардың бірі болмақ. Студенттердің өз мамандығы бойынша мəтіндерді оқып, пікір айтуға мақала, баяндама, еркін шығарма жазуға машықтандыру пайдалы болмақ. Теледидар, радио, Интернет, компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды түсініп, өз сөзімен айта білуге жаттықтыру — өздік жұмысы арқылы да жүзеге асады.

СӨЖ — оқу үдерісінің ерекше түрі, студенттер білімін өз бетімен толықтырудың жолы. СӨЖ логикалық ойлау, шығармашылық белсенділік, оқу материалын меңгеру үшін іздену əрекеті болып табылады. Ол пəннің белгілі бір бөлігін меңгеру үшін бағдарламаға сəйкес беріледі. СӨЖ материалдары бекітілген бағдарлама бойынша пəн мұғалімі жоспарлайды. Оған қазақ тілі пəні бойынша кіретін тапсырма түрлері төмендегідей болуы мүмкін:

  1. ОƏК бойынша тапсырма.
  2. Рефераттар.
  3. Шығарма жұмысы.
  4. Баяндама.
  5. Мультимедиалық көрсетілімдер.
  6. Қосымша əдебиеттер бойынша жұмыс.
  7. Мəтінмен жұмыс.
  8. Газет материалдарын оқып, талдау.
  9. Теледидардан тыңдағандары бойынша жұмыс.
  10. Жаттау.
  11. Сызба нұсқалар дайындау.
  12. Сөздікпен жұмыс.
  13. Фильм бойынша түрлі жұмыстар.
  14. Құжат үлгілерін дайындау.
  15. Бақылау жұмысына дайындық т.б.

СӨЖ дəрісханадан тыс болғандықтан, көбінесе кітапхананың деңгейінде өтеді. СӨЖ нəтижелі түрде ауызша жəне жазбаша болуы мүмкін. Бұл жұмыстар студенттердің сөйлеу деңгейін жақсарту үшін, сөздік қорын молайту үшін маңызды екені белгілі. Мысалы,

І-модуль. Сəлем — сөздің анасы.

І–ІІ апта. СӨЖ 1–6 сағ.

Кредит-сағат тақырыпшалары:

Əдептің басы — амандық. Сəлемдесу. Танысу. Қоштасу. Қарым-қатынас мəдениеті.

Сабақ кестесі.

Ертеңгі сабақ. Пəндер.

Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. «Қарым-қатынас мəдениеті» конспект.
  1. Əдептілік туралы нақыл сөздер, мақал-мəтелдер.

 ІІ-модуль. Отбасы — бақыт негізі.

ІІІ–ІV апта. СӨЖ 7–12 сағ. Кредит-сағат тақырыпшалары: Біздің отбасымыз. Туыстық атаулар.

Отбасы жəне менің туыстарым. Үш жұрт.

Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? Қазыбек бидің шешендік сөздерінен. Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. Досыңыздың отбасы туралы жазыңыз.
  2. Қазыбек бидің шешендік сөздері (реферат).

 ІІІ-модуль. Алтын қазына (Үй жəне тұрмыс).

V–VІ апта. СӨЖ 13–18 сағ.

Кредит-сағат тақырыпшалары:

Ауылым — алтын бесігім. Қала өмірінен. Біздің үй. Мекенжай. Есімхат. Менің пəтерім. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттар. Киіз үй.

Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. Қазақстандағы өзіңіз жақсы білетін бір қала туралы жазыңыз.
  2. Менің ауылым. Менің қалам (реферат).

 ІV-модуль. Уақыт алтыннан қымбат.

VІІ–VІІІ апта. СӨЖ 19–24 сағ.

Кредит-сағат тақырыпшалары:

Уақыт. Мезгіл. Қалаға келу. Жұмыс күні. Тəулік. Апта. Қашан, қай уақытта кездесеміз? Менің бір күнім.

Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. Жылдар сөйлейді (тарихи деректер) (реферат).
  2. Бір айға күнделік жазыңыз.

 VІІ–VІІІ-модуль. Мен жəне қоршаған орта.

ХІІІ–ХV апта.СӨЖ 37–42 сағ.

Кредит-сағат тақырыпшалары:

Менің досым. Менің оқытушым. Менің тобым. Университетте. Кітапханада.

Дүкенде. Вокзалда. Мұражайда. Асханада. Спорт кешенінде.

Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. Мəдени орындар (реферат).
  2. Менің сүйікті оқытушым (шығарма).

 Х-модуль. Салтын білмеген сауапты түсінбейді.

ІІІ–VІ апта. СӨЖ 7–12 сағ. Кредит-сағат тақырыпшалары: Қазақтың салт-дəстүрлері.

Үйлену тойы. Шілдехана. Қазақ дастарханы.

Ас — адамның арқауы.

Орындалатын жұмыс түрлері жəне тапсырмалар:

  1. «Қыз Жібек» бейнетаспасы бойынша қазақ халқының салт-дəстүрлерін суреттеп жазыңыз.
  2. Салт-дəстүрлері (реферат).

ХІ-модуль. Отан оттан да ыстық (жалғасы).

ІХ–Х апта. СӨЖ 25–30 сағ. Кредит-сағат тақырыпшалары: Менің елім — Қазақстан.

Менің қалам (сырттай саяхат). Отан туралы нақыл сөздер.

Ұлы тұлғалар:

  1. Ұлы тұлғалар (реферат).
  2. Менің елім — Қазақстан (мультимедиалық көрсетілім) [5].

 Қосымша рефераттар тақырыптары:

  1. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жолдауынан.
  2. Салауатты өмір-салты.
  3. Артық болмас білгенің.
  4. Əлемде талай қызық бар.
  5. Қазақстанның пайдалы қазбалары.
  6. Салт-дəстүрлер əлемінде.
  7. Қазақстанның экологиялық жағдайы т.б.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қадашева Қ. Қазақ тілі: Оқытудың тиімді əдістемелері. — Алматы: ҚазМЗА,
  2. Көбеев Е.Қ. Студенттердің оқытушымен өздік жұмысын ұйымдастыру: Əдіст. нұсқау. — Қарағанды, ҚарМУ баспасы,
  3. Əбдірахманова Г.Х. Қазақ тілі: Оқу-əдіст. кешен. Химия факультетіне арналған. — Қарағанды: ҚарМУбаспасы,
  4. Айтбаева Б.М., Сатеева Б.С. Қазақ тілі: Оқу-əдіст. кешен. Барлық мамандықтар үшін. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.