Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лингвистикалық сараптаманың негізгі нысаны — сөйлеудегі даулы мəтіндер

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басынан бастап заңнамалық лингвистика (юрислингвистика) деген ғылым саласы пайда болды. Бұл сала тіл мен құқықтың тоғысқан тұсынан пайда болғандықтан, ол пəнаралық сипаттарға ие. Тіл мен құқықтың байланысы мəселелерімен лингвистер де, заңгерлер де шұғылданып келеді. Заңнамалық лингвистика тілдік мəтіндердің (ауызша, жазбаша) коммуникативтік жəне функционалдық-əрекеттік сипаттарына құқық кеңістігінде лингвистикалық баға беру үшін: 1) заң құжаттарына лингвистикалық сараптама; 2) заңдық жəне нормативті-құқықтық актілерге ұсыныстар; 3) заңдық мəтіндерді аударма; 4) құқықтық баға берілуге тиіс мəтіндерге сараптама жасайды. Тілдік мəтіннің коммуникативтік сипаты дегеніміз — қарым- қатынас құралдары арқылы қоғамдық өмірде оқу-ағарту, білім-ғылым, адамдар арасында жағымды, жағымсыз немесе бейтарап мазмұнды ақпарат беру, тарату; ал функционалдық-əрекеттік сипаты дегеніміз — мəтін мазмұны арқылы іс-əрекетке шақыру, іске асыру. Құқықтық кеңістіктегі тіл мен сөйлеу мəтіндерін саралау, жүйелеу үшін тіл мамандары, кеңесшілері, аудармашылары, сарапшылары қажет. Тілдік мəтіндердің мазмұны қарама-қайшылықты, даулы болған жағдайды құқықтық кеңістікте реттеу үшін, лингвистикалық баға беру үшін соттық-лингвистикалық сараптама жасау қажеттілігі туындайды. Даулы мəтіндер дегеніміз — қоғам мен адам өміріндегі ауызша жəне жазбаша сөйлеу қарым-қатынасында туындайтын азаматтардың адамгершілік-моральдік құқықтарының сақталмауынан, соның салдарынан азаматтардың моральдік, материалдық зардап, зиян шегуіне əкеліп соғатын тілдік қатынас.

Қазақстан Республикасының заңнамасында сөйлеу əрекетімен жасалатын жиырмадан астам құқық бұзушылық бар. Мəселен, 2011 жылдың 11 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде [1] жала жабу (129-б.), қорлау (130-б.), əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік немесе діни араздықты қоздыру (164-б.), Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру (170-б.), Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы мен қадір- қасиетіне қол сұғу жəне оның қызметіне кедергі жасау (318-б.), депутаттың ар-намысы мен қадір- қасиетіне қол сұғу жəне оның қызметіне кедергі жасау (319-б.), Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қызметіне кедергі жасау (319–1-б.), өкімет өкілін қорлау (320-б.), жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр ету (354-б.) сияқты қылмыстарға жазалар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде [2] ар-намысты, қадір-қасиетті жəне іскерлік беделді қорғау (143-б.), бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану (145-б.), ұсақ бұзақылық (330-б.), бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық араздықты тұтандыруға бағытталған материалдарды жариялауға рұқсат беру (343-б.), бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, əкелу, тасымалдау, тарату (344-б.), бұқаралық ақпарат құралдарына көрінеу жалған мəліметтер жəне материалдар беру (347-б.), куəнің, жəбірленушінің көрінеу, жалған айғақтары, сарапшының көрінеу, жалған қорытындысы немесе қате аударма жасау (516-б.) сияқты əкімшілік тəртіп, құқық бұзушылықтарға жазалар қарастырылған. Тілдік мəтіннің ақпараттық құрал ретіндегі құқықтық нормалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы»,«Бұқаралық ақпарат құралдары», «Ономастика туралы» Заңдарында реттелген.

Азаматтардың адамгершілік-моральдік, іскерлік беделін қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік құқықтарын құқықтық кеңістіктің сот үдерісінде қорғауда негізінен соттық сараптама қолданылады. Соттық сараптаманың отыз шақты түрі бар. Соның бірі — соттық-лингвистикалық сараптама. Соттық сараптама дегеніміз — сот үдерісінде жаңа дəлел алудың жəне бар дəлелдерді нақтылаудың, тексерудің іс жүргізудегі жеке формасы. Соттық-лингвистикалық сараптама дегеніміз — табиғи немесе жасанды тілдің қолданылу жəне пайдаланылу заңдылықтарын зерттеу негізінде нақты анықталған мəліметтер мен мағлұматтарды сөз бен сөйлеу мазмұнының шын/жалған, мүмкін/мүмкін емес екендігін сипатталушы объектіге қатысты анықтау.

Сараптама, оның ішінде лингвистикалық сараптама да прокурордың немесе тергеушінің бастамасымен алдын ала тергеу немесе сот барысында да тағайындалып жүргізілуі мүмкін. Сарапшыға, сараптамаға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мəжбүр ету (354-б.), Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде [3] сарапшы (83-б.), маман (84-б.), сараптаманы тағайындау (240-б.), сараптаманы міндетті түрде тағайындау (241-б.), сараптаманы тағайындау тəртібі (242-б.), сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін адамдар (243-б.), сезіктінің, айыпталушының, жəбірленушінің, қорғаушының жəне жəбірленушінің өкілінің сараптама тағайындау жəне жүргізу кезіндегі құқықтары (244-б.), өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі (244–1-б.), сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі, сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері (245-б.), сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы (246–1-б.), сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру (247-б.), сараптама объектілері (248-б.), жеке жəне комиссиялық сараптама (249-б.), кешенді сараптама (250-б.), сарапшы қорытындысының мазмұны (251-б.), қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама (252-б.), сарапшыдан жауап алу (253-б.), сезіктіге, айыпталушыға, жəбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету (254-б.), қосымша жəне қайталама сараптама (255-б.), Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде сараптама тағайындау (91-б.), үлгілерді алу (91–1-б.), дəрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгілерді алуы (91–2-б.), үлгілерді алу кезінде тұлғаның құқықтарын қорғау (91–3-б.), сарапшының құқықтары мен міндеттері (92-б.), маманның консультациясы (түсіндірмесі) (207-б.), дəлелдеменің жалғандығын мəлімдеу (208-б.), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде куəнің, жəбірленушінің көрінеу, жалған айғақтары, сарапшының көрінеу, жалған қорытындысы немесе қате аударма жасауы (516-б.), əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дəлелдемелерді бұрмалау (516–1-б.), маман (596-б.), сарапшы (597-б.), аудармашы (598-б.) секілді мазмұндағы баптарда, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» [4] деген арнайы Заң да бар.

Тіл білімі мен ғылымы бойынша кəсіби қызметкер əкімшілік, азаматтық жəне қылмыстық істер бойынша кеңесші маман, аудармашы жəне сарапшы ретінде қажет. Жоғарыдағы Қазақстан Республикасының заңдары мен кодекстерінде лингвистің сарапшы ретіндегі, яғни даулы мəтіндерге қорытынды жасайтын маман ретіндегі, қызметіне талдау жасаған жөн.

Сарапшының, атап айтқанда, лингвист-сарапшының анықтамасы, мақсат-міндеттері, құқықтары, жауапкершілігі, құзыреті, лингвистикалық сараптамасының түрлері, нысаны, құрылымы, талаптары, басқа сараптама түрлерінен ерекшелігі заңдарда нақты айқындалғандықтан, ол анықтамаларды қайталамастан, лингвистикалық сараптамаға нысан болатын даулы мəтіндердің Қазақстан Республикасының заңдарымен қайшылықтарын айқындаймыз.

Лингвистикалық сараптама — заңдық маңызы бар мəліметтерді нақтылау мақсатында өкілетті тұлға немесе орган тағайындайтын лингвистикалық зерттеудің, процессуалдық-заңдық аспектіде құқықтың тиесілі процессуалдық салаларымен реттелетін қызметтің түрі. Лингвистикалық сараптама

  • дəлелдік ақпарат алудың тəсілі немесе құралы, сараптама дəлелдік ақпаратты басқа жолдармен (тəсілдермен) алу мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Лингвистикалық сараптаманың нысаны даулы мəтін болғандықтан, ол міндетті емес сараптамалық зерттеудің түріне жатады.

Лингвистикалық сараптама қорытындысының заңдық күшіне, əлеуетіне тергеуші, сот органдары процессуалдық істің басқа дəлелдерімен салыстыра отырып, баға береді. Лингвистикалық сараптама

  • лингвистикалық аспектіде айтылған сөздің объектіге (объектілерге) қатысты алғанда шын/жалған немесе мүмкін/мүмкін емес екендігін сипаттайтын объектілерді зерттеудің түрі, сондықтан лингвистикалық сараптама өндірісі тіл теориясында осы уақытқа дейін қалыптасқан лингвистикалық нысандарды зерттеудің тіл біліміндегі əдістемелерін негізге алады.

Адам өзі туралы қандай да бір жағымсыз ақпарат таратылса, əдетте оны өзінің ар-намысы, абыройы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі тапталды, қорланды, төмендетілді деп қабылдайды. Ол жағымсыз ақпараттар жала жабу, балағаттау, əлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділікті қоздыру мазмұнында болуы мүмкін. Жала жабудың өзі Қылмыстық кодексте (129-б.) үш түрлі жіктелім бойынша жазаланады: 1) басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу, жалған мəліметтер тарату арқылы жала жабу; 2) көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу; 3) адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу; ал қорлау басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін əдепсіз түрде кемсіту (130–1-б.), көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау (130–2-б.) деген екі жіктеліммен жазаланады. 164-баптағы əлеуметтік, ұлттық, рулық, нəсілдік немесе діни араздықты қоздыру да үш жіктеліммен сотқа тартылады. Сарапшы-лингвистің басты құзыреті — бұл қылмыс түрлеріне заңдық тұрғыда баға беру емес, жала жабудың, қорлаудың бар-жоғын анықтап қорытынды жасау. Зерттелетін іс объектісі бейне жəне жазба ақпарат тасымалдағышта жазылған немесе бейнеленген болуы керек.

Егер адам сотқа өзінің құқықтарын қорғау туралы арыз түсірсе, сот талап арызшы келіспейтін ақпараттың мəтініне соттық лингвистикалық сараптама тағайындайды. Лингвистикалық сараптамаға ұсынылған мəтіндегі ақпарат бірнеше тəсілмен берілуі мүмкін:

  • ашық сөз формасында, демек, мəліметтер жеке сөйлем немесе өзара байланысты сөйлемдер тізбегі ретінде, тіпті жаңа ақпарат предикат, логикалық баяндауыш ретінде беріледі. Мысалы, Ұры ұрыдан сойыл ұрлады;
  • жасырын сөз формасында, демек мəліметтер сөзде ашық емес, жабық түрде, мысалы, бастауыш құрамында. Мəселен, жоғарыда келтірілген мысалда сойылдың ұрлануы туралы ғана емес, оны істеген ұры екені туралы да ақпарат бар;
  • мəтіннен тыс   формада,  яғни   ақпарат   мəтін   ішінде      емес,   автор   мен   оқырманның (тыңдарманның) жалпы фондық біліміне, негізделеді;
  • мəтін ішілік формада, яғни ақпарат мəтін ішінде емес, айтылған контекстен оқырман немесе тындарман оңай түсіне қалатындай болады.

Лингвистикалық сараптама барысында талап арызшы дауласып отырған кез келген формада берілген мəтіндегі жағымсыз ақпарат талдануы керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабының 3-тармағының 2- тармақшасының мазмұнында шыңдыққа жатпайтын нұқсан келтіретін мəліметтерді таратудың азаматтық-құқықтық жауаптылығы болуы үшін төмендегідей даулы мəтін үзіндісінің болжалды лингвистикалық белгілерінің жиынтығы болуы керек:

  • талап арызшы туралы жағымсыз ақпараттың болуы;
  • мəтінде мəліметтер түрінде айтылған сөздердің, яғни фактілер мен оқиғаларды баяндайтын пікірлердің болуы;
  • баяндалған фактілерде талап арызшының құқыққа қарсы (кең мағынасында) жəне əдепсіз қылықтары мен əрекеттері туралы айтылуы керек, сонда ғана олардың шындыққа сəйкес пе, сəйкес емес пе екендігі тексеріледі.

Сондықтан соттық-лингвистикалық сараптаманың міндеті талап арызшыға қатысты айтылған фактілердің немесе оқиғалардың шындыққа қатысын айқындау болады. Ал фактісіз баяндалған сөздердің (субъективті бағалау сипатындағы ақпараттардың) шындыққа қатыстылығы тексерілмейді, ол жазушының (айтушының) жеке пікірі болып қалады. Лингвист-сарапшы өз зерттеу барысында дəлелге негіз болатын белгілі бір тілдік материалдарды ғана талдауға тиіс. Талдауда жағымсыз мəні бар сөздер мен сөйлемдердің құқық субъектісінің ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына, іскерлік беделіне, моральдік жəне адамгершілік күйзеліске қатысына баса назар аударуы қажет.

Прокурордың немесе тергеушінің бастамасымен лингвистикалық сараптама тағайындау туралы қаулының (анықтаудың) негізінде лингвист-сарапшыға жауап беруі тиіс сұрақтар қойылады. Лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін талап арыздың мазмұнына қарай төмендегідей типтік сұрақтар қойылады [5].

Ар-намысты, абыройды жəне іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істерде (ҚР АК-інің 143-б.) лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады:

  1. Мəтінде... (Т.А.Ə., заңды тұлға атауы) туралы, оның қызметі жəне оның жеке іскерлік, моральдік сапалары туралы жағымсыз мəліметтер бар ма? Бұл мəліметтер нақты қай сөзде, қай сөйлемде айтылған, оның мағыналық бағыты қандай?
  2. Егер жоғарыда айтылған сөздер мен сөйлемдерде... (Т.А.Ə., заңды тұлға атауы) туралы мəліметтер болса, онда олар қандай формада айтылған (жазылған, көрсетілген): не дəлел, не болжам, не сұрақ ретінде ме?
  3. Мəтінді лингвостилистикалық талдауда... -ның (Т.А.Ə.) қолданыстағы заңнамаларды, моральдік нормалар мен қағидаларды бұзғаны туралы мəліметтерде дəлелді сөздер ме, сөйлемдер бар ма?
  4. Жарияланған мəтіндегі сөздер (сөз тіркестері, сөйлемдер, абзацтар) қандай мағынада қолданылған?
  5. Мақала (мақалалар) мəтінінің композициялық құрылымы қандай? Автор қандай стилистикалық тəсілдер қолданған? Ол жарияланым кейіпкерлеріне қандай мінездеме (сипаттама) береді?
  6. Мəтінде баяндалған мəліметтер фактілік дəлел ретінде айтылған ба? Егер олай болса, онда ол қандай, мақала авторының бағалау пайымдары не пікірлері ме?

Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын заңгер мен сарапшы-лингвистің құзыреттерін шектеп алған дұрыс. Сарапшы-лингвист құзыретіне сұрақтарға жауап беру барысында əрекеттерді заң тұрғысында жіктеу (квалификация) жатпайтыны жалпыға белгілі. Егер сарапшы қорытындысында құқықтық баға беретін болса, онда ол сарапшы қорытындысын сот ісі бойынша дəлел ететін құжат ретінде мойындамайды, себебі кінəлі адам жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін.

Өзі туралы жағымсыз ақпарат таратылған адам өзін жала жабылды деп санайды. Жала жабуға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129-бабында қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Онда жалаға «басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне түсіретін көрінеу, жалған мəліметтер тарату» деген анықтама берілген. Жаланың анықтамасында «ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, беделіне түсіру» деген ұғымдар бар. «Көрінеу жалған мəліметтер» — шындыққа сай емес, ойдан шығарылған мəліметтер. Бұл ойдан шығарылған мəліметтер адамның жағымсыз қасиеттері, əдепсіз қылықтары, қылмыстық, бейəдептік жəне т.б. əрекеттері туралы болады. Жала — алдын ала ойластырылған қылмыс, сондықтан кінəлі адам таратылған мəліметтердің ойдан шығарылған жəне төмендету екенін саналы түрде береді. Бұл мəліметтерді кінəлі адам өзі ойдан шығарады немесе біреуден естуі мүмкін, бірақ ол мəліметтердің шындыққа сай емес, жалған екенін біледі, яғни жала — жала жабу мақсатындағы қасақана əрекет. Пиғылдың қасақаналығын сот анықтайды. Жала бойынша қылмыстық іс қағаздың лингвистикалық белгісі — нақты тілдік форманың болуы, атап айтқанда, факті немесе оқиға туралы сенімді формада айтылған сөз (сөйлем).

Жала бойынша айыпталатын қылмыстық істерге (ҚР ҚК-інің 129-б.) байланысты лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады:

  1. Мəтінде... -ның (Т.А.Ə.) қолданыстағы заңнамаларды немесе моральдік қағидаларды (қылмыстық немесе əкімшілік тұрғыда жазаланатын əрекет, құқық бұзушылық, қылмыс, еңбек ұжымында, тұрмыста теріс қылық жасағаны туралы) бұзғаны туралы қандай да бір нақты фактіні сенімді формада айтқан сөйлемдер бар ма?
  2. Мəтінде талап арызшыға таңылған заңсыз немесе əдепсіз əрекеттерді сенімді формада айтқан сөйлемдер бар ма?
  3. 3.Азамат...-ның (Т.А.Ə.) құқыққа қарсы, əдепсіз əрекетттерді жасағаны туралы зерттеліп отырған мəтінде сенімді формада айтылған сөйлемдер бар ма?

Адамның ар-намысы мен абыройын төмендетуге байланысты құқық бұзушылыққа балағаттау (заңда қорлау) жатады. Балағаттау «басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін əдепсіз түрде кемсіту» (ҚР ҚК-інің 130-б.), əдетте, əдепсіз тілдік формада айтылуымен көрінеді. Əбес форма — лингвистикалық тұрғыда қоғамда қабылданған мінез-қылық ережелеріне қарама-қайшы əдепсіз, ұятсыз, былапыт сөздер мен сөйлемдердің қолданылуы. Былапыт сөздердің тақырыптық топтарына жануарлардың атаулары, жиіркенішті заттардың аттары, қарғау, некесіз туды деп қаралау, жыныстық қатынас атаулары жəне гениталия (жыныс мүшелері) аттары жатады. Нақты тұлғаға қатысты əбес формалы сөздер мен сөйлемдердің айтылуы сол тұлғаның ар-намысы мен абыройына қол сұғушылық болып бағаланады. Бұдан басқа белгілі бір жағдайларда əдеби тіл нормаларына толық сай келетін сөздер мен сөйлемдердің айтылуы да балағаттау сипатты болады. Ресейдің құжаттама мен ақпараттық даулар бойынша сарапшы-лингвистердің гильдиясы (ұйымы) белгілі бір тұлғаға бағытталып айтылған, белгілі бір контексте қолданылған балағаттау сипатындағы орыс тіліндегі негізгі лексикалық бірліктердің категорияларын анықтаған. Біз қазақ тіліндегі мысалдармен баяндаймыз. Оған төмендегідей лексикалық топтар кіреді:

  1. Көбіне қылмыскердің, қылмысты іс-əрекеттің атаулары: бандит, қарақшы, алаяқ, жезөкше, бүлдіргі, бүлікшіл, жеңгетай, тыңшы. Бұл сөздердің балағаттау болып есептелуінің себебі — бұл сөздердің мағынасында құқыққа қарсы, əдепсіз, қоғамда жағымсыз бағаланатын əрекеттерді, қимылдарды, қылықтарды жасаушы адамдарды нұсқау бар. Заң терминологиясында бұл сөздерге құқық бұзушы немесе қылмыскер деген нақты заңдық жіктеме жасалады. Сондықтан да негізсіз қолданылған бұл сөздерді қоғам немесе адресат балағаттау жəне жала ретінде қабылдайды. Бұл тақырыптық топтағы кейбір сөздер ауыспалы мағынасында да қолданылады. Метафоралық қолданыстағы сөздің жағымсыз сипаты қайта күшейе түседі. Мысалы, большевизмнің негізін салушы Троцкийді «саяси жезөкше» деген классикалық балағаттауды басқа бір адамға «Троцкий» деу.
  2. Негізгі мағынасының жағымсыз мəнді сөздің өзі əлеуметтік ымырасыз бағаға ие болып, сипаттаушының позициясын білдіреді: екі жүзді, жағымпаз, сатқын, нəсілшіл, арандатушы. 1- топтағы сөздерден бұл сөздердің басты айырмашылығы — бұл сөздердің ауыспалы мағынасы жоқ. Сондықтан та белгілі бір адамға қатысты негізсіз, дəлелсіз қолданылса, олар жала болып табылады.
  3. Ауыспалы мағынада қолданылатын кейбір кəсіп атаулары: жендет, қасап, қойшы.
  4. Сөйлеуде адресатқа жағымсыз баға беретін қолдамау, жек көру, елемеу мəніндегі дөрекі сөздер: есек, шибөрі, маймыл, шошқа, сиыр.
  5. Тікелей жағымсыз баға беретін немесе кінəлау мағынасындағы етістіктер: ұрлау, асау, иемдену, қорлау.
  6. Кең мағынасы былапыт сөздер мəнін беретін сын есімдер: төмен (оңбаған, антұрған, сілімтік, хайуан, тастанды), ақымақ (топас, мисыз, нақұрыс, жынды, қояншық, екесті). Бұл сөздерде адамның нақты іс-əрекеті немесе ұстанымы тікелей көрсетілмесе де жалпы жағымсыз бағалау бар.
  7. Эвфемизмдер болғанмен, жағымсыз бағалау сипаты бар сөздер: жеңіл жүрісті əйел, түнгі көбелек, «көгілдір».
  8. Сөз ойнатудан (каламбурдан) туындайтын жағымсыз бағалау сипатты құрылымдар.
  9. Адамға сипаттама беретін былапыт сөздер.

Санамаланған сөздердің тақырыптық топтары белгілі бір адамға негізсіз жəне дəлелсіз айтылса, балағаттау немесе/жəне жала ретінде қабылданады жəне бағаланады.

Демек, сөздің «əбес формасы» лингвистикалық сараптамаға қатысты алғанда адресат (талап арызшы) үшін балағат сөздер мен сөйлемдер балағаттау формасы болып табылады. Лингвистикалық сараптама барысында зерттеліп отырған сөйлемдердің балағаттау сипаты дəлелденеді немесе жоққа шығарылады, яғни жағымсыз ақпаратта жағымсыз тілдік форманың бар-жоқтығы дəлелденеді немесе жоққа шығарылады.

Балағаттау бойынша айыпталатын қылмыстық істерге (ҚР ҚК-нің 130-б.) байланысты лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады:

  1. Қазіргі қазақ тілінде қандай типтегі лексика балағаттау лексикасына жатады?
  2. «Түнгі клубтағы төбелес — Сəбитовтің құйтырқылық əрекетінің кесірі» деген сөйлемдегі сөз, сөз тіркесі немесе фразаларда балағаттау лексикасының бір немесе бірнеше типіне жататындары бар ма?
  3. «Түнгі клубтағы төбелес — Сəбитовтің құйтырқылық əрекетінің кесірі» деген сөйлемде Т.А.Сəбитов деген азаматқа тікелей дөрекі, ішмерездік формада айтылған жағымсыз бағалау бар ма?
  4. Жағымсыз баға қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелеріне қайшы келетін ішмерез, əбес формада айтылған ба?
  5. Тұлғаға əбес формада берілген жағымсыз баға мазмұны дəл Т.А.Сəбитов туралы айтылған ба?

Əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни араздықтарды қоздыру мен тұтандыруға байланысты құқыққа қарсы əрекеттерді дұрыс бағалау үшін тек қана тергеушілер мен анықтаушылардың пікіріне сүйенуге болмайды, оған тіл жəне сөйлеу ғылымына байланысты кəсіби арнайы білімдерді де пайдалану қажет. Мұндай жанжал шақырған көпшілік коммуникацияның материалдары сот сараптамасының тексеруінен өтуі керек. Сөз жанжалының алдын алу, болдырмау үшін, негізінде дəлелдеу базалары бар фактілерді айқындау үшін лингвистикалық сараптама көмек береді. Мұндай жағдайда сараптамалық зерттеудің объектісі сөйлеу мəтіні болады. Ал мəтінді талдау хабар авторы мен оның аудиториясының қызметінен тыс қарастырылмайды.

Əлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік қоздыру бойынша айыпталатын қылмыстық істерге (ҚР ҚК-нің 164-б.) байланысты лингвистикалық сараптамада жауап беру үшін төмендегідей типтік сұрақтар қойылады:

  1. Ұсынылып отырған мəтінде қандай да бір ұлттық, этникалық, конфессиялық немесе əлеуметтік топқа қатысты өшпенділік, агрессивті не қорлау сипатындағы сөйлем бар ма?
  2. Ұсынылып отырған мəтінде қандай да бір ұлттық, этникалық, конфессиялық немесе əлеуметтік топқа қатысты өшпенділік, агрессивті не қорлау сипаттағы сөйлем бар ма?
  3. Ұсынылып отырған мəтінде этникалық топтың жеке өкілі жасаған əрекеттің жауапкершілігін түгел бір этникалық топқа жапқан мазмұндағы сөйлем бар ма?
  4. Ұсынылып отырған мəтінде белгілі бір ұлттық, нəсілдік немесе əлеуметтік топтың өкіліне қарсы күштеу əрекетін қоздыру сипатындағы сөйлем бар ма?
  5. Ұсынылып отырған мəтінде қандай да бір ұлтқа, нəсілге немесе əлеуметтік топқа əуелден өшпенділігін білдіретін сөйлем бар ма?
  6. Ұсынылып отырған мəтінде белгілі бір ұлттық, діни, этникалық немесе басқа əлеуметтік топқа басқалардың антагонизмі, мүдделерінің сыйыспайтын қағидалары туралы сөйлемдер бар ма?
  7. Ұсынылып отырған мəтінде белгілі бір əлеуметтік, этникалық, конфессиялық топтардың өткендегі, бүгінгі, келешектегі зұлматтары мен нəубеттерінің себебін басқа ұлттың, халықтың, этностың жəне əлеуметтік топтың мақсатты іс-əрекеттерінің нəтижесі деп түсіндіру туралы сөйлем бар ма?
  8. Ұсынылып отырған мəтінде басқа бір ұлтқа, конфессияға, этникалық немесе əлеуметтік топқа қатысты геноцидті, депортацияны, репрессияны мадақтау, жағымды бағалау туралы сөйлем бар ма?
  9. Ұсынылып отырған мəтінде тұлғаны белгілі бір ұлттың, этностың, нəсілдің немесе əлеуметтік топтың өкілі ретінде жағымсыз бағалау туралы сөйлемдер бар ма?

Демек, адамдардың табиғи жəне жасанды қарым-қатынас құралдарының ауызша жəне жазбаша формаларын көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында қолдануда қоғамның адамгершілік-моральдік қағидалары мен мемлекеттің қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік заңдарының талаптарына сай болуы керек. Осы қағидалар мен заңдардың талаптарының орындалмауы азаматтарға моральдік зардап, материалдық зиян шектіруі мүмкін. Қоғамдық өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынастық ережелер мен қағидалардың, əдептер мен əдеттердің барлығын мемлекеттік құрылым заңдарында бүге-шігесіне, қалтарыс-бұлтарыстарына дейін жазып шығу мүмкін емес. Сондықтан да тілдік қатынас барысында пайда болған даулы мəтіндерді лингвист- сарапшының арнайы кəсіби білімі негізінде шешу қажет болады. Қоғам өміріндегі заңдылықтар мен адамгершілік-моральдік қағидалар əділетті, объективті түрде қызмет ету үшін, соттың əділ шешімі болуы үшін соттық-лингвистикалық сараптаманың маңызы зор.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. — 2011. — 1 ақпан. — Алматы: Норма - К, 2011. — 176 б.
  2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. — 2012. — 20 ақпан. — Алматы: Норма - К, 2012. — 356 б.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. — — 28 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2011. — 136 б.
  4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы соттық-сараптамалық қызмет туралы» Заңы. —— 20 қаңтар. // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. — 2010. — № 1, 2. — 24–50-б.
  5. Лингвистическая экспертиза спорного текста. — Алматы: Əділ сөз, 2009. — 140 с.
  6. Азаматтық іс жүргізу кодексі. — 2011. — 28 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2012. — 240 б.
  7. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. — 2001. — 31 қаңтар. — Алматы: Юрист, 2011. — 336 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.