Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындарында сауат ашу жəне тіл дамыту əдістемесін оқыту

 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау» деп көрсетілген [1]. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін сапалы дамыту туралы «халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру үрдісін оқу-əдістемелік жəне ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді жетілдіру» көзделген [2].

Əр елдің ұлттық білім беру жүйесінің ауқымы мен құрылымының жəне экономика, ғылым жəне мəдениетімен өзара əсері əр түрлі болғандықтан, білім беру жүйесінің шығу түрі де əр түрлі. ХХІ ғасыр — ақпараттық қоғам ғасыры, мəдениет технологиясының ғасыры, адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау ғасыры. Адамзаттың дамуының жаңа жүйесі кезеңіне білім беру мен оқытудың жаңа модельдері сəйкес келуі қажет. Бəрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кəсіби тəжірибе мен біліктілігін арттыру арасындағы байланысты қамтамасыз ететін мамандар дайындау жүйесіне қатысты. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың оқуға оң көзқарасын қалыптастыру мəселесінің маңыздылығы арта түседі.

Бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашу мен тілін дамыту өте кең тұрғыда жүйелі, үздіксіз жүргізілуі керек. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру теориялық негізге сүйенеді. Тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздеріне мектеп оқушыларына ана тілінен берілетін білім деңгейінің дəрежесі мен мақсаты, тілдік ортаны ескеру, тіл дамытудың қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында қалыптастырылған лингвистикалық негізі, ауызша сөйлеу дағдысының қалыптасуына қажетті алғы шарттар, оқушы тіліне қойылатын талаптар, сөйлеудің ауызша, жазбаша түрлерін тиімді пайдалану, оларды қолдануға қажеттілік туғызу, т.б. жатады.

Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашу, тілін дамыту, кітап оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған бірқатар еңбектерді ерекше атап өтуге болады [3–5].

Жоғары оқу орындарында сауат ашу жəне тіл дамыту əдістемесін оқыту бойынша сабақтарды өткізудегі негізгі мақсат — дəріс, практикалық, лабораториялық сабақтарда өтілген тарау мазмұнын жинақтау, қорытындылау жəне осы тараудың соңғы жоспарындағы өтілетін жаңа тақырыптар —қазіргі əдістемелік əдебиеттерге шолу жəне сауат ашу кезеңінде жүргізілген оқу-тəрбие жұмысы түрлерін түсіндіру.

Сабақтың негізгі өтілетін технологиясы сабақ түрлерін кіріктіру (интеграциялау) арқылы жүргізілді. Бұлай жүргізу студенттер білімінің жетілуіне, тақырып материалдарының дер кезінде ұғынуына жеңілдік туғызып жүргені практикада дəлелді болып жүрген мəселе.

Сабақтың түрлері көп, оның бəрін жинақтағанда ғалымдар 35 түрі бар деп жүр. Мысалға, аралас сабақ немесе біріккен сабақ, жаттығу сабағы, пысықтау сабағы, қорытындылау сабағы, жоғарғы оқу орындарында дəріс (баяндау) сабағы, практикалық жəне лабораториялық сабақ т.б. Сонымен бірге ішінара интеграциялық жəне диффиренциялық сабақ түрлері де қозғалып іске асырылуда. Яғни бұл кіріктіре оқыту «саралап оқыту» деген ұғымды береді. Бұл екеуінің де өзіндік мазмұн, мақсаты, мəні бар. Бұл жерде жұмыс көлемі мөлшерленіп қойылғандықтан, екеуінің мазмұнын кейінірек ашып түсіндіруге болады.

«Сабақтар неге кіріктіріледі (интеграцияланады)?» деген мəселені бір шама түсіндіре кететін болсақ, қазақ тілін оқыту əдістемесінің теориялық тақырыптарының негізі абстрактілі болып келуіне орай, айтылған мəселені бірден дəлелдеуді, шығармашылық түрде қарап, өз ойыңды дəл көрсетуді тілейді. Оны дəлелдеу көп білім мен тəжірибені қажет етеді. Тілдік материалды қай қырынан қарасақ та, бала ойына, зейініне дəл жеткізудің əдіс-тəсілдерін ойлап табу оңайға түспейді. Сондықтан бүгінгі студент, ертеңгі ұстаз əдістеменің қыры мен мен сырын жете меңгеруге дер кезінде зейін қойып, ойланып, шығармашылық түрде жүргізулері керек дейміз. Жалпы қазақ тілін оқыту əдістеменің мазмұнын жете меңгеру үшін жоо оқып жүрген студенттер əрі мұғалім, əрі мектептің оқушысы болып жұмыс жүргізсе, əдістемені жақсы түсініп меңгереді жəне жақсы білімді мұғалім болып шығады.

Негізінде пəнді оқыту əдістемесіне жеткілікті сағат бөлінбейді. Тілдің ғылыми саласын тереңінен оқытып білдіру үшін əр ғылыми салаға арналған тиісті сағат мөлшерлері болуы қажет. Мысалы, фонетика, лексика, морфология, синтаксис жəне педагогика дидактикасының теориялық саласы. Міне, осы бес ғылыми салалардың материалдарын біртұтастықта қарап, оқытудың жолдарын студенттерге тереңдетіп оқыту, үйрету əр педагогикалық университеттерінің міндеті екені түсінікті болса да, жеткілікті назар аударылмай келеді.

Ғалымдар тілдің болсын, əдебиеттің болсын теориялық жақтарын бора-бора етіп, зерттеп жазып жатады, ал оны қалай оқытудың жолдарын, бала ұғымына сол материалды қалай жеткізу, сіңіру деген мəселені қарастыру жағы жетіспей келеді деп күні бүгінгі дейін айтылуда, бүгінгі күнге дейін шын ниетпен қарастырылмай келеді. Себебі əдістеменің мазмұнын бір жерден-бір жерге көшіргеннен еш пайда жоқ. Солай болғанның өзінде əр көшірілген, берілген мəселе ойланып-толғанып дəлелдеуді қажет ететін мəселе, сондықтан да əдістемені қиын дейтініміз де — сол. «Əдістеме» деген ұғым бір қарағанда оңай шаруа сияқтанған көрініс береді, ал шындап келгенде, шығармашылық түрде көп ойлануды қажет етеді, жаңалық шығартуға талаптандыртады. Мысалға, мектепке жаңа келген сəбиді (1-сыныпты) оқытудың жолын неге екінің бірі оқыта бермейді, немесе неге кез келген зерттеуші ғалымдар, немесе кез келген ұстаздар кішкене баламен жұмыс істеуге ұмтыла қоймайды. Бұл мəселе орта мектептің оқушыларына да, оқытушыларына да қатысты. Мектепте оқыту əдістемесінің түрлендірілуімен оқушылар білім алады, ал мұғалімдер оқыту əдістерін шығармашылық түрде ойланбаса, əдістерін түрлендіріп оқытпаса, оқушылар нағыз білім ала алмайды. Ал баланың жасы кіші болған сайын оларды оқыту жолдары да қиындай берері анық та, дəлелді. Жалпы алғанда, мұғалім болу, пəнді оқыту, бала зейініне білімді саналы, жүйелі қондыру үлкен шығармашылық жұмыс. Міне соған орай əдістемені оқытудағы стандарттағы берілген сағаттың аздығына қарамай, қойылған талап-міндеттерді орындау қажеттілігі күннен күнге туа беруі де заңды. Осы мөлшердің шамасында мамандықты дайындауда бір сарынмен (трафаретпен) жүре бермей, оқытуды шығармашылықпен қарап, жұмыстың жүргізу технологиясын түрлендіруге тура келеді. Қазақ тілін оқыту əдістемесі бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып, өтілу формалары түрлендіріліп, оның тиімді жағы қарастырылады да, үш сабақ түрінің мазмұнын кіріктіру жолымен де сабақ өткізуге болады. Бұндай формада тек осы кезеңде ғана емес, 1990–2008 жылдар аралығында бұрыннан да сабақ беруде қолданып жүрген мəселе болатын. Бұны студенттер дер кезінде түсініп, тез ұғынып, жақсы нəтиже беріп жүрді. Соған орай «сауат ашу жəне тіл дамыту жоғарыда айтылған мəселелердің мазмұнына қарай икемденіп жүргізілді. Себебі бастауыш сыныптың əдістемесінің мазмұны кішігірім тармақтардан келеді де, тұтас ұзақ, созылмалы баяндаудан құрылмайды, оны құруға да болады, бірақ көбінде ол абстрактылы болып кетеді де студенттердің түсінуіне қиындық туғызады.

Бастауыш мектепте ана тілін оқыту əдістемесі негізінен үш салаға бөлініп оқытылады. Олар:

I.Сауат ашу жəне тіл дамыту.

  1. Оқу жəне тіл дамыту.
  • Грамматика жəне тіл дамыту.

Бұл тараулардың əрқайсысының оқулығы, əдіснамалық теориясы жəне əдіс-тəсілдері бойынша жұмыс жүргізу тез арада түсіндіріліп болмайды. Əрқайсысының өзіндік мазмұн-мақсаты, мəні жəне оқыту əдістемесі бар. Соның ішінде сауат ашу əдістемесін күрделі дейтін себебіміз, біріншіден, оқуға келген сəбилер ешқандай дайындықсыз түк білмей келеді. Енді біреулері əріптерді танып, бірақ оқи алмайды, келесісі түрлі отбасынан, түрлі ортадан шығып, мінез-құлықтары да əр түрлі болып келеді.

Міне, осындай сəбилерді оқытып, хат танытатын, əріп, дыбыс дегенді, сөз, сөйлем, мəтіндерді т.б. оқытып, ұқтырып, сөйлетіп жіберуге оңайға түспейді.

Əр əріптердің өзіндік белгілерін оқушыларға оқытқанға дейін дайындық кезеңінен өтілуге тиіс, мұның өзі үлкен мəселе. Соған орай, сауат ашу саласының өзі үш кезеңге бөлініп оқытылады. Олар:

  • дайындық кезеңі;
  • əліппе кезеңі;
  • əліппеден кейінгі кезең болып келеді.

Бұл аталмыш кезеңдердің де өзіндік мақсаты, мазмұны, өздеріне тəн оқыту əдістері де бар. Аталғандардың əрқайсысының мазмұны бағдарламада көрсетулі. Ал оларды студенттерге оқыту, үйрету деген сəбилерге оқытудан да қиын ба деген ой туады.

Бұл мəселелердің мазмұнын толықтырып, нақтылықты көрсету үшін «Сауат ашу жəне тіл дамыту əдістемесі» бойынша жоо студенттермен өткізілген бір сабақтың талдауын бере кеткенімізді орынды көрдік. Өйткені болашақ мұғалімдер үшін əрбір өткізілген сабаққа талдау жасай білудің əдісін меңгеруде де үлкен маңызы бар. Студенттерге сабақ талдауды меңгерткенде ғана олар сабақтың қыр-сырын түсініп, практикалық жағынан іске асыра алады. Ал мұндай нақтылы талдаулар əдістемелік құралдарда беріле бермейді. Осы мақсатта бір сабақтың талдауы өз қалпында беріліп отыр.

Бұл тараудағы өтіліп отырған сабақтың тақырыптары:

  1. Бастауыш сыныптағы сауат ашу кезіндегі бүгінгі əдістемелік əдебиеттерге шолу.
  2. Сауат ашу кезінде жүргізілетін оқу-тəрбие түрлері.

Екі тақырыпты дəріс түрінде жүргізу əрі практикалық жəне лабораториялық жұмыстарды да бір уақытта өткізілуде, яғни сабақтың үш түрі де кіріктіріле жүргізілуде. Бұл жерде байқалатын мəселелер: студенттердің бұрынғы жəне бүгінгі сабақтардағы дəрістерден тыңдаған білімдерін, сөйлеу бағыттарын, іздену бағдарын, əдебиеттермен жұмыс істеу жолдарын, əрі конспектілерінің ұқыпты жазылу бағытын көрсету жəне тақтамен жұмыс кезіндегі, орнында дайындалған сұрақтарына жауаптары жəне бүкіл аудиторияға берілген жалпылама (фронтальный) сұрақтарға жауап берулерін, т.б. байқау болды, сол сияқты өтіліп отырылған сабақ барысындағы лабораториялық жұмыстардың тапсырмаларын дайындағандағы орындалу жауабын дер кезінде көрсете білуге, ең негізгі дəріс жəне тағы басқа сабақ түрлерінің мазмұны тыңдалғаннан кейінгі студенттер қандай дəрежеге жетті деген мəселенің мазмұнын ашу, əрі жүргізілген жұмыстардың түрлерін көрсету мақсат етілді. Бір сөзбен айтқанда, студенттердің бүкіл білімін əрі оқытушының ұйымдастыру технологиясы мен əдіс- тəсілдерін көрсету болды.

Сонымен сабақтағы қарастырылған мəселелердің бірі əдістемелік əдебиеттерге шолу барысында баяндалатын мəселелердің мазмұнында əуелі əліппелер тарихы бойынша кімдер бірінші əліппе жазды, олар қандай əріптерді қолданды, қай кезеңнен бастап орыс əрпі кірді, оның негізін салғандар кімдер, əліппенің қандай түрлері болды, олардың əр кезендегі ішкі мазмұндары, жетістіктері мен кемшіліктері жайында түсіндіріліп, əрі студенттер əңгімеге тартылып отырылды.

Кеңес өкіметі кезіндегі əр республиканың өздерінің əліппелері жайында, сонымен бірге өз мемлекетіміздің əліппелері, олардың авторлары, неше рет шыққаны, ол кездегі жалпы білім саласына қойылған талаптар, əр мемлекет əліппелерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері мазмұндары мен көркемдігі т.б. салыстырыла жүргізілді. Кешегі, бүгінгі кезеңдегі əліппелердің Байтұрсынов əліппесімен сабақтастықтары, жалғастығы ажыратылып əңгімеленіп отырылды.

Бұл əліппелерге жазылған əдістемелік оқу-құралдары мен нұсқаулардың да мазмұндары талқыланылды. Баяндалып отырған материалдардың мазмұндары бойынша проблемалық ситуациялар туғызып, студенттерді белсендіре қатыстыртып, жандандырта сөйлетіп, тақырып мазмұндары дер кезінде ашылып отырылды.

Сол сияқты келесі тақырып бойынша сауат ашу кезінде жүргізілетін тəрбие түрлерінен күнделікті өмірде керек қажетті мəселелері, күн тəртібі, үлкенді сыйлау, ұқыпты болу, сабақ оқу,қосымша кітаптар оқу өмірге керектілердің тəртіп-талаптарын үйретуді дағдыға айналдыру үшін жүргізілетін жұмыстар т.б. мəселелерді түгел қамти отырып, əрі педагогиканың ғылыми-теориялық тəрбие негіздері, яғни патриоттық, адамгершілік, еңбек, экологиялық, эстетикалық, имандылық т.б. түрлері жалғастырылып, түрлі тапсырмалар арқылы студенттердің белсенділігімен əрқайсысының мазмұндары мысалдармен дəлелденіп, сабақ қызықты да, жауапты өтілді. Бүкіл тəрбие түрлерінің мазмұнына шолу жасалынды. Сабаққа қойылған мақсаттар түгел орындалды.

Негізі, сабақтың бүкіл жүру бағытында студенттерге көбінесе зерттеу, іздену əдістері арқылы сұрақтар туғыза отырып, берілген тапсырмаларына ізденіп жазған жұмыстарын көрсетіп əрі түсіндіру жолы жүргізіліп отырылды. Жалпы сабақты баяндау барысында студенттердің өздерін белгілі бір тақырып мазмұнына сай мəселелерді байланыстырып, ситуацияға қатыстырып отыру негізгі дағдыға айналған мəселе болатын. Сонымен, сабақ мақсатына жетті. Студенттер өте белсенді қатысып, білімдерін жан-жақты көрсетті. Түсіндіру міндеттеріне салмақ түсірмей, жақсы сөйлеп, жақсы қатысты. Бүгінгі талаптың өзі де сол. Бұл бұрын да бар талап болатын, əрине. Бір сөзбен айтқанда, тыңдаушыларды сөйлету керек болды, сол бағытта жұмыс та жүрді. Яғни, студенттер білгенін қосты, білу керектігін тыңдады, нəтижесін көрсетті.

Сонымен бірге сабаққа қатысқан оқытушылардың да сөздері төмендегі бағытта беріліп отыр. Қатысушылардың ой-пікірлерінен сабақтың барысында нендей мəселелер əңгімеде болғандығы, оның дұрыс-бұрысы анықталады. Сабақты талдау мəселелерінің де берілуі бұл жұмыс барысының жалғастығының бір көрінісі болып келеді. Бұның маңызында, біріншіден, мұғалімдердің сөйлеу ойларынан сабақтың бүкіл жүру барысы анықталады да, жетістігі мен кемшіліктері байқалады. Екіншіден, студенттер сабақ талдаудың үлгісін көріп, бұл бағытта да жұмысты жалғастыруға дайын болады. Сабаққа қатысқан ұстаздардың талдау барысындағы сөйлеу мəнерлері, қарапайым тілімен жеткізілген ойлары өз стилінде беріліп отыр.

Сонымен, сабаққа қатысушы-ғалымдардың талдаудағы ойлары:

Филология ғылымдарының кандидаты Тілегенова Қаракөздің сөзі: «Сабақтың ұйымдастыру технологиясы мен мақсаты айтылды. Студенттердің жауаптары сабақта көрініп, белсенді қатысып отырды. Жұмыс істемеген, жауап бермеген студент болған жоқ. Студенттер өздерін еркін ұстады, еркін сөйледі. Апайдың тəжірибелі ұстаз екені көрініп тұрды. Студенттерді сөйлетпей қоймады. Оқу жылының аяқталуына тақалғандықтан ба, бұл бір күндік жұмыс емес, бүкіл семестрдегі жұмыстың нəтижесі екендігін көрсетті. Сабақ өте тартымды болды».

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мамаділ Қайрат Асылбекұлы: «Апайдың тəжірибелі маман екенін бұрыннан білеміз. Алматыда да ашық сабақты үнемі өткізіп жүрді. Бұл кісінің ұйымдастырушылық қабілеті күшті. Студенттерді өзіне баурап алады да, сөйлетпей қоймайды. Тəжірибелігі бірден байқалады. Аудитория студенттердің жауап беруімен үнемі қозғалыста болды. Апайдың бір ерекшелігі, басты нəрселерді ғана айтқызып, студенттерді қысқа, жүйелі сөйлеуге баулып отырады. Ұқсас материалдарды қайталатып, сөйлете бермей, кезінде тоқтатып, студент зейінін негізгі мəселеге бағыттап отырады. Көрнекіліктері талапқа сай, пəнаралық байланыстар да болды. Мысалы, тілдің теориялық саласының фонетикалық мəліметтеріне тоқталып отырылды. Студенттердің зейініне танымдық қасиетін жақсы ашып береді. Сабақ өз мақсатына жетті. Материалдарды баяндау барысында проблемалық сұрақтар қоя отырып түсіндірді. Түрлі əдіс- тəсілдермен жүргізілді. Апай үнемі студенттердің жауабын баяндау, түсіндіру əдістерімен сабақтың мазмұнын толықтырып отырды. Бастауыш мектептің əдістемесі қиын мəселе, ал бұл кісі қиындықты жеңе алады».

Филология ғылымдарының докторы, доцент Əлісжанов Сарқыт Қалымұлы: «Бастауыш сыныптың əдістемесіне үлкен мəн беріп жүрмін. Бастауыш мектепте сабақ беру өте күрделі жəне қиын мəселе. Ал бастауыш сыныптардың мұғалімін дайындау одан да қиын мəселе ме деп ойлаймын. Дыбыстарға сипаттама беру, əңгіме құрастыру, тілін дамыту бəрі қамтылды. Əр елдің əліппелерін көрсетіп түсіндіруі тіпті жақсы болды (қырғыз, əзербайжан, орыс əліппелері). Дыбысты анықтау, одан əріпті таныту, əр дыбыстың артикуляциясына тоқталу, сол дыбыстардан сөздер ойлату, сөздерден сөйлем құрғызу, одан əрі мəтін шығару жұмыстарының əдіс-тəсілдерін студенттерге жете түсіндірді. Суреттермен жұмыс жүргізу жолдары толық қамтылды. Суреттерге сұрақтар қою жолдары оған жауаптар алу, олардан жинақтап мəтін құрғызу т.б. жұмыс түрлері сабақ барысында анық көрінді. Студенттер əрі мұғалім, əрі оқушы болды, олармен жан-жақты жұмыс жүргізіліп, қажетті мəселеге бағыттап отырды. Осының бəрін апай толықтырып, өзі басқарып, баяндап отырды.

Балам бастауышта оқушы еді, сол кезде көп қиыншылықтар кездесіп отыратын. Бастауыш мектепте сабақ беру өте қиын екенін енді білдім. Бүгін біраз жұмыстың түрін ұқтым, біраз мəселені ойға түйдім. Сабақ жан-жақты ізденіспен жүрді. Апайға рахмет!»

Əдістеме секциясының жетекшісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сүлейменова Бақыт Наурызбайқызы: Сабақ бірнеше бағытта — баяндау, түсіндіру, дəлелдеу əдістері арқылы жүрді. Тазагүл Мұқашқызы сабақты көбінесе проблемалық ситуациялар туғыза отырып түсіндірді. Студенттердің білімдері түрлі жолдармен сұралды: орнында дайындалып жауап беру, жалпылама сұрақтарға жауап алу, тапсырма алып, оны жазбаша орындап, дер кезінде айтып беру, əдебиеттермен жұмыс істеу бағыттарын көрсету (онда өздерінің ізденіп жазған жұмыстарын көрсетті), ғалымдардың еңбектеріне шолу бергендерін атап өтті. Бұл студенттердің əдебиеттермен жұмыс жүргізу жолдарын үйренуге жетелейді. Студенттердің жауаптары толықтырылып, нұсқау беріліп жатты. Білімділік, тəрбиелік жақтарына ерекше көңіл бөлініп отырылды. Тазагүл Мұқашқызының жұмысында қажетті мəселелерді уағыздап, студенттерді тəрбиелеп отырады екен. Сабақ өте қызықты жан-жақты өтті. Бастауыш мектептің қазақ тілін оқыту əдістемесінің бір саласын (сауат ашу жəне тіл дамыту) оқытудан біраз мағлұмат алдық. Біраз мəселені түсініп те қалдық. Сізге көп рахмет айтамыз».

Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы,профессор М.С.Серғалиев:

«Сабақтың алдымен жақсылық жағын айталық. Бастауыштың осы саласына арналған оқулықтарды студенттерге көрсетіп, көрме ұйымдастырғаныңыз дұрыс болды. Ал оларды көрсетіп қана қоймай, салыстырмалы талдау жасағаныңыз тіптен орынды болды. Қырғыз, əзербайжан əліппелерін салыстырып, оның ішінде өз еліміздің əліппесінің көп ілгері тұрғанын айтқаныңыз дұрыс болды. Əліппелеріміздің айырмашылығы мен ерекшеліктігін анықтап түсіндіргеніңіз дұрыс болды. Əр жұмысыңыздың бағытында тəрбиелік мəн беріп отырады екенсіз. Студенттердің бəрін сабақтың жүру барысына қатыстырдыңыз. Сөйлеу мəнерінде жүйелілік жағы жақсы болып тұрды. Студенттердің толық теориялық жағын жақсы білулерін талап етіп отырдыңыз. Ғылыми аппараттарды ескерткеніңіз өте жақсы болды. Алынған мəтінге сілтеме жайын айтып отырғаныңыз да жақсылық.

Кемшілігі: бұрынғы тілмен «əдістеме» дегеннің орнына үнемі «методика» деп сөйледіңіз. Жалпылама сұрақтарға хормен жауаптан гөрі, жекелеп сөйлетуге əдеттендіру қажет. Студенттерге «сіз» деп сөйлегеннен гөрі, «сен» деген дұрысырақ. Студенттермен тым аяушылықпен, сəбимен сөйлескендей сөйлейді екенсіз. Студенттер дəптерге қарап сөйлеуге ұмтылып тұрады екен.

Жалпы, сабақ жақсы өтті, мақсатқа жетті. Аудиторияны еркін ұстайды екенсіз. Барлық студенттер жұмыс істеп, жауап беріп жатты. Жауаптарын мұқият тыңдайды екенсіз. Рахмет».

Міне, жоғарыдағы айтылған оқытушылар пікірлері арқылы сабақ барысында не болғандығы, не əңгімеленгендігі анықталып, өтілу мазмұны түгел қамтылғаны көрінді. Бұл өтілген жұмыстың барысы өз сөзіммен айтыла берілсе, онда сабақ барысы қызықтырылмаған болар еді. Ең негізгісі, ғалым-ұстаздардың сөздері арқылы сабақта қандай мəселелер қозғалып, əңгіме жүргендігі байқалды. Ең бастысы — студенттер өздеріне керектісін ала білді, ғылыми негізде білім алды. Сабақтың нəтижелі болғанына қатысушылардың да, бұл сабақты өткізушінің де көздері жетіп, ризашылықта болды. Əрине, сабақ тек бұл əдіспен шектеліп қалмайды, əдістеме деген — оқытушының ойлануына, шеберлігіне қарай түрлендіріліп отырылатын іс. Оқыту əдістері əлі де толығады, түрленеді, ізделінеді, техникалық құралдармен де жабдықталады. Бүгінде оқыту əдістері интерактивті тақтамен, мультимедиалық əдістермен толығуда. Алдағы уақытта да ақпараттық технология жетістіктерімен толыға түсері де анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 15 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. — Алматы: ЮРИСТ, 2007. — 41-б.
  3. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. — Алматы: Рауан, 1992. — 242 б.
  4. Баймұратова Б. Алты жастағы балаларды оқыту мəселелері. — Алматы: Мектеп, 1986. — 192 б.
  5. Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. — Алматы: Мектеп, 1989. — 64 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.