Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

MS Power Point қосымшасын мультимедиалық сабақтар дайындауға қолдану

Кейінгі жылдары «ақпараттық технология» термині «компьютерлік технология» терминімен мағыналас болып есептеледі, себебі қазіргі уақытта ақпараттық технология компьютермен тығыз байланысты. Ақпараттық технология қазіргі заманғы компьютермен желілік құралдарға негізделе отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технология терминін құрады.

Қазіргі заманғы ақпаратты қоғам жағдайында білім беру процесіндегі компьютерлік технологияның рөлі өте зор. Ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдану оқыту процесін жаңғыртуға жəне тиімді өткізуге; оқыту процесін басқарып жəне саралауға; ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануға; оқушылардың өзіндік оқып-үйренулерін ұйымдастыруға; оқыту процесінде көпдеңгейлік, варианттілік, тұлғалық бағыттарды қамтамасыз етуге; зерттеу жұмыстарында ақпараттарды талдау дағдысын қалыптастыруға; ой-өрісін кеңейтуге, коммуникативті біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мультимедиалық компьютерлік технологиялар барлық дəстүрлі оқу құралдарын алмастыруға мүмкіндік береді. Көп жағдайда мұндай алмастыру өте тиімді, өтйкені мұғалім əр түрлі құралдарды қиюластырып қолдана отырып, оқытылатын материалдың терең де, саналы түрде меңгерілуге жағдай жасайды, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сабақты ақпараттандырады.

Компьютер — шыдамды жолдас, ғұлама ақылшы, ғажайып ертегі əлемін жасаушы, адам парасатының жетістігі ретінде қазіргі заманғы жастардың бос уақытының барлығын алады да, психофизикалық қасиеттерінің қалыптастыруға жəне тұлғалық дамуына жағдай жасайды. Студенттің көзқарасынша, оқу жəне сабақтан тыс уақыттарда компьютерді қолдану табиғи құбылыс болып есептеледі, оның оқуына қызығушылықты арттыру жəне оқуын жекешелендірудің бір тиімді құралы болып есептеледі [1].

Ақпараттың жоғары жылдамдықпен енгізілуіне байланысты оқыту қарқынды түрде жүргізілуі мүмкін, ал əр түрлі дыбыстық жəне графикалық əсерлер тек эмоцияны көтеріп қана қоймай, көңіл- күйдің көтерілуіне де жағдай жасайды.

Компьютер оқыту процесіне табиғи түрде еніп, оқыту процесін түрлендірудің тағы да бір тиімді техникалық құралы болып табылады. Əрбір сабақта студенттердің эмоциясының жоғарылауын бақылауға болады, тіпті үлгерімі төмен студенттер де компьютермен қызыға жұмыс істейді. Сабақтарда компьютерді жүйелі түрде қолданғанда студенттердің сабақтағы белсенділігі артып, материалды меңгеруге қызығушылық артады; рухани сайыс пайда болады; сабақ барысында жағымды эмоция көбейеді; компьютерді «жеңу» үшін табандылық пайда болады, өзіндік дайындыққа қызығушылық артады. Екінші жағынан, бұл оқыту əдісі оқытушыларға да ұнайды, өйткені студенттің қабілеті мен білімін дұрыс бағалауға көмектеседі, студентті түсінуге, оқытудың дəстүрлі емес, жаңа əдістерін іздеуге итермелейді.

Математиканы оқытуда қазіргі заманғы компьютерлердің мынадай мүмкіндіктерін қолдануға болады:

  • ақпараттың кез келген түрін өңдеудің жылдамдығы жəне сенімділігі. Сандық ақпаратты өңдеу үшін микро-ЭЕМ ғана емес, сонымен бірге калькуляторды да пайдалануға болады;
  • ақпаратты графикалық түрде көрсету. Компьютерлер өздерінің графикалық (демонстрациялық) мүмкіншіліктері жағынан түрлі-түсті теледидардан да артық, бұл олардың əдістемелік құндылығын арттыра түседі;
  • көп мөлшердегі ақпаратты сақтау жəне жылдам берілуі. Мысалы, математика курсындағы барлық кестелер компьютердің жадында сақталады. Қажет ақпарат экранға бір-екі пернені басу арқылы шыға алады.

Сабақта компьютерлерді қолдану мүмкіндігі машиналардың программалық жабдықталуына байланысты. Сабақ барысында қолданылатын барлық программаларды шартты түрде үйрететін жəне оқытатын деп бөлуге болады. Үйретуші программалар оқытушының кейбір қызмет түрін алмастыру үшін құрылады (жаңа материалды түсіндіруде, өткенді бекітуде, білімді тексеруде жəне т.б.).

Оқытушы программалардың мақсаты — студенттің танымдың əрекетінде, сабақтағы жұмысында көмектесу. Оқыту программалары оқытушының жетекшілігімен пайдаланылады. Оқыту программалары арқылы əр түрлі есептеу операцияларын орындауға, функцияларды талдауға, əр түрлі процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін құрып, зерттеуге, оқытылатын материалдың көрнекілігін арттыру үшін машинаның графикасын қолдануға болады.

Математика сабағындағы зерделік жұмыс көбейетіндіктен, студенттердің пəнге қызығушылығын, сабақ соңына дейін белсенділігін қалай сақтау керектігі ойландырады. Оқыту барысында компьютерді пайдалану ақпараттық жағдай жасап, студенттің қызығушылығының артуына ықпал етеді.

Сабақта компьютер мұғалім мен оқушының электронды делдалы ретінде қызмет етеді. Ол оқыту процесін жеке программа бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Компьютерде отырған студент материалдың берілу жылдамдығы мен меңгеру жылдамдығын өзі таңдай алады. Математиканы оқыту процесінде компьютердің басымдылығы осында: ол əрбір студентпен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Компьютердің мынадай жағдайларда қолданған орынды:

  • материалды меңгеру сапасын саралауда;
  • тақырыпты өткеннен соң қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру үшін жаттығу мақсатында;
  • оқу бағытында;
  • нашар оқитын студенттермен жұмыс уақында компьютерді қолдану арқылы студенттердің оқу қабілетін жақсартады;
  • өзіндік оқыту бағытында;
  • оқытылатын материалды графикалық көркемдеу бағытында [2].

Программалық жабдықталуды былай бөлуге болады: оқыту программалары; бақылау программалары; аспаптық программалар.

Қазір жоғары оқу орындарының барлығы компьютер сыныптарымен жабдықталған. Бірақ бұл техника математиканы оқыту барысында сирек қолданылатынын байқаймыз. Математиканы оқытуда қазіргі заманғы технологияны пайдаланбаудың бір себебі — математика сабақтары үшін программалық қамтамасыздандыру, компьютерлік бағдарлама мен оқытушыға арналған құралдан тұратын бағдарламалық-əдістемелік кешендердің болмауы.

Математиканы оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, студенттерге есептің шешуін ұқыпты да, таза қылып жазудың үлгісін беруге, оқыту барысында көрнекіліктің деңгейін көтеруге, оқу процесін жандандыруға мүмкіндік береді.

Оқытуда компьютерді пайдаланудың үш құраушысын бөліп көрсетуге болады.

Бірінші қажетті компонент — заманауи компьютерлік құрал-жабдықтың жəне бағдарламалық қамтамасыздандырудың болуы.

Екінші қажетті элемент — арнайы бағдарламалық құралдар, олар оқыту процесін компьютерді пайдалану арқылы тиімді етіп ұйымдастыруға жəне техникалық оқу құралдарын кең пайдалануға мүмкіндік береді.

Үшінші құрамы — оқытушылардың əдістемелік құралдары. Тəжірибелі оқытушылар компьютердің көмегімен нені оқытуға болатынын анықтауы қажет. Оқытушылар бағдарламалық- аппараттық кешеннің мүмкіндіктерін саралай отырып, қалай оқыту керектігінің ең жақсы тəсілін ұсынулары керек.

Оқытушылардың көп бөлігі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдаланып, əдістемелік тұрғыдан сауатты құрылған сабақтарды даярлайды.

Бұл жағдайда оқытушының бірден-бір көмекшісі — Power Point. Бұл қосымшаны пайдалану ешқандай қиындық туғызбайды, сипаттамасы ең кіші компьютер болса болғаны. Оқытушыдан терең компьютерлік даярлық та қажет емес, бірнеше сағат осы қосымшада компьютерде жұмыс істесе жеткілікті, тез үйреніп алады. Бұл қосымша кез келген пəннен аз уақытта сабаққа мультимедиалық құрал даярлауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты — математика сабақтарына арналған осындай мультимедиалық құралдарды құрудың кейбір тəсілдерін көрсету.

Презентацияларды пайдалану орны мен формасы сабақтың мазмұнына, мақсатына байланысты.

Мұндай құралдарды қолданудың тиімді тəсілдері:

  • Дəрісті оқыған кезде. Материалды əр түрлі көрнекі құралдармен беруге болады.
  • Ауызша жаттығулар жасаған уақытта. Тапсырмаларды тез арада беру мүмкіндігі жəне оны орындау нəтижелерін көрсету.
  • Жаппай өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында. Ауызша бақылаумен бірге нəтижелерді визуалды түрде бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Үй жұмысын тексеру кезінде. Өзіндік жұмыс əдістемесіндей болады.
  • Оқыту мақсатында есеп шығару кезінде. График салып, есептің шығарылу жоспарын құруға жəне осы жоспар бойынша аралық жəне соңғы нəтижелерін бақылау үшін пайдалануға болады.

Сонымен, арнайы оқыту құралдары болмаса да, оқытушы компьютер сыныбында өз сабағын мультимедиалық құралдар арқылы əрлей алады. Əрине, ешқандай машина оқытушының еңбегін алмастыра алмайды, бірақ компьютер оны тиімдірек, қызықтырақ ететіні сөзсіз.

Мультимедиалық қосымшалар жасау үшін мультимедиалық компьютерлер қолданылады. Жалпы алғанда барлық қазіргі заманғы компьютерлер дыбыстық платасы (Sound Blaster), CD- ойнатқышы, микрофоны, құлаққа таққышы (наушник) немесе дыбыс колонкалары болса, мультимедиалық болып саналады. Қазір компьютерге арнайы платалар TV-тюнер, бейнеплаталар (Video Blaster) арқылы теледидарды, бейнекамераны, бейнемагнитофонды (бейнеплеерді) т.б. құрылғыларды қосуға болады. «Мультимедиалық» түсінігі (multiкөп, mediaорта) əр түрлі ақпарат түрлерін бір құжатта қолдану дегенді білдіреді [3]. Мультимедиа өнімдері ақпараттың көптүрлілігін пайдаланады: компьютерлік мəліметтер, теле- жəне бейнеақпарат, сөз жəне музыка. Ал мұндай біріктірілген ақпарат əр түрлі техникалық құралдарды: теледидар мен бейнемагнитофонды, HiFi-аудиожүйені, компакт-дискілерді (СD) ойнатқышты, магнитофонды жəне электронды музыкалық аспаптарды компьютермен басқару мүмкіндігін талап етеді. Мультимедиа-құралдар негізінен интерактивті, өйткені көрермен де тыңдарман да енжар қалмайды. Мультимедиа оқыту сапасын көтереді, оқушының зейін қоюына ықпал жасайды.

Сонымен, Power Point-та құрылған презентацияларды пайдаланатын сабақты мультимедиалық сабақ деп атай аламыз.

Мультимедиалық қосымшаны құру бірнеше кезеңнен тұрады [4]:

  1. Жоспарлау.
  2. Элементтерді құру.
  3. Программалық іске асыру.
  4. Тестілеу.

Осы кезеңдерде орындалатын жұмыстарды қарастырайық. Жоспарлау кезеңінде мына сұрақтар шешілуі тиіс:

  • Мультимедиалық қосымшаның міндеті?
  • Мультимедиалық қосымша қандай аудиторияға арналған?
  • Мультимедиалық қосымшада қандай ақпарат орналасады?
  • Аудиториямен кері байланыс қалай жүзеге асады?

Мультимедиалық қосымшаны программалық өнім ретінде іске асыру үшін мынадай жұмыстар жасалады:

  • презентация үшін слайдтар дизайнын құру;
  • беттерді толтыру үшін мəтіндік жəне көркемдік материалдарды дайындау (кестелер,графиктер, суреттер жəне т.б.)

Төменгі кестеде слайдтар дизайнының негізгі элементтері берілген.

 Слайдтардың негізгі элементтері     

Программалық іске асыру кезеңінде интерактивті презентациялар слайдтары құрылады, дыбыстар, анимация қосылады. Интерактивті процесті басқару элементтерін программалау Microsoft Office-тің кірістірілген Visual Basic for Applications тілінде жүргізіледі.

Мультимедиалық қосымшаны құрудың негізгі кезеңдерінің бірі оны тестілеу. Тестілеу кезінде мультимедиалық қосымшаның жұмысының дұрыстығы тексеріледі:

  • гиперсілтемелердің дұрыс жұмыс істеуі;
  • көрнекі материалдардың жəне мəтіндердің арасындағы қателіктер болуы;
  • мультимедиалық қосымшаның беттері арасында навигация (көшу) ыңғайлылығы.

Мультимедиалық қосымшаларда гиперсілтемелер көмегімен беттер немесе слайдтар арасында навигациялық (көшу) мүмкіндіктері [5] іске асуы керек. Навигация схемасын таңдау қосымшаның қызметіне, бет санына жəне басқа да факторларға байланысты. Мультимедиалық проектте навигацияның төрт схемасы болуы мүмкін: сызықтық, иерархиялық, сызықтық емес жəне аралас.

Сызықтық схеманы қолданған кезде (1-сур.) беттер арасында бастапқы (ерекшеленген) беттен бастап көшу тізбекті түрде, ал қайтқанда кері ретпен көшеміз.

 1-сур. Сызықтық навигациялық схема

Иерерхиялық навигациялық схема (2-сур.) қолданушының бұтақ тəрізді құрылымды беттер арасында өз қалауынша жылжуын қамтамасыз етеді.

  2-сур. Иерархиялық навигациялық схема    3-сур. Сызықтық емес навигациялық схема

Аралас навигациялық схеманы жоғарыда көрсетілген схемалардың комбинациясы ретінде қарастыруға болады. 4, 5-суреттерде аралас навигациялық схемалар көрсетілген.

   сур. Аралас навигациялық схема

Презентация құру мысалы ретінде «Жұлдызды сағат» ойын-сабағын қарастырайық. Студент интерактивті презентацияны монитордан тек қана көруге ғана емес, оның көрсетілу процесіне де қатысады. Қиындық тудыратын сұрақтарға көмек алу да ұйымдастырылған. Ойынның соңында студент нəтижесін біле алады. Бұл презентацияда сызықтық навигация қолданылған жəне слайдтар арасында көшу программалық түрде жүргізілген, яғни слайдта батырма орналастырылып, Click-қа жауап ретінде процедура шақырылады. 5,6-суреттерде слайдтардың кескіндері берілген.

 сур. Слайдтардың кескіндері 

сур. Слайдтардың кескіндері 

  Жасалған презентация мынадай мүмкіндіктер береді:

  • сабақта студент əр түрлі оқу əдістерін (тест сұрақтарына жауап беру, кроссворд шешу жұмыстарымен, өз дəптеріне керекті мəлімет жазу жұмысымен айналысады), мұның негізінде студенттің танымдық əрекетінің белсенділігі артады;
  • оқу құралы əдемі, түрлі-түсті түрде құрылған, бұл дидактиканың негізгі принциптерінің бірі —көрнекілік принципінің орындалуы;
  • студент слайдтардың ауысу жылдамдығын өзі таңдағандықтан, əрбір студентпен жекеше жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • соңына дейін жету, «компьютерді жеңу» үшін студент қызығып, оның пəнге деген қызығушылығы артады.

Сонымен, математиканы оқыту процесінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақта уақытты үнемдеу, есеп шығарудың таза да, түзу көрнекіленуін көрсету, оқыту барысында көрнекілікті пайдалану деңгейін көтеру, оқу процесін жандандыру мүмкіндіктерін береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Егоров В.В. Инновационный процесс в системе высшего образования // Актуальные вопросы повышения качества и перспективы развития высшего образования в Республике Казахстан. — Караганда: Изд-во КарГУ, — С. 32–35.
  2. Контаев С.С. Инновационный образовательный проект «Ресурсный центр» // Актуальные вопросы повышения качества и перспективы развития высшего образования в Республике Казахстан. — Караганда: Изд-во КарГУ, 2004. — С. 25–29.
  3. Новейшая энциклопедия персонального компьютера. — М.: Просвещение,
  4. Мануйлов В.Г. Power Point 97 в уроках // Информатика и образование. — 1999. — № 4. — С. 52–58.
  5. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии. — М.: АБФ, 1998. — С. 112–115.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.