Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəсіби оқыту педагогтарын бейіндік мектепте кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлау

Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет пен азаматтық қоғам құруға ұмтылыс жасалып отырған қазіргі кезде еліміз үшін оның теориялық негіздерін айқындап, нақты іс-қимыл стратегиясын жасау маңызды мəселе болып отыр. Кез келген əрекет ғылыми тұрғыда негізделіп, мақсатты, жоспарлы түрде іске асырылса ғана тиімді нəтиже беретіні анық.

2008 жылғы 1 шілдеде ел Президентінің № 626 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Онда бағдарламаның «адам ресурстарын дамыту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бəсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен жəне іргелі білімдермен кадрларды даярлайтын техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін құру жөнінде мемлекет өткізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылатындығы» көрсетілген [1].

Əлемдік білім беру кеңістігінде бəсекеге қабілетті жəне экономиканы индустриялық- инновациялық дамытудың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін, тиімділігі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру мақсаты ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында үнемі қойылып келеді [2, 3].

Сол себепті бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары алдына əлеуметтік- этикалық, экономикалық жəне ұйымдастыру-басқарушылық, кəсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Педагог-мамандардың кəсіби іс-əрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен əдістемесін игерген кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мəселесін тудырады.

Технология сабағында оқушыларды кəсіпкерлік қызметке тарту барысында, оларды өнім өндірудің əдістері мен тəсілдері жəне алғашқы бағасымен таныстырып өту керек, нарықты оқыту, маркетингтік жəне менеджменттік қызметтің пайда болуы, қажетті ақпараттарды іздеу жəне т.б. үйрету керек. Яғни оқушылардың өздерінде бар ресурстарды нарықтық механизмге айналдыру, (білім жəне іскерлік, материалдарды, құрал-жабдықтарды) соңғы тұтыну өнім. Оқушыларға деген маңызды түсінік, яғни, олардың білімі мен іскерлігі де түгелдей бағалы экономикалық ресурс болып табылады.

Жаңа экономикалық жағдайларға жастарды бейімдеу, нарықтық қатынастардың субъектісін дайындау — бүгінгі күнгі негізгі əлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Əлеуметтік-экономикалық тұрақты даму жəне оның бəсекелес сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кəсіпкерлік іс-əрекетті дамыту болып табылады. Бұл жастарды еркін нарықтық экономикаға өту шарттарында өмірге жəне еңбекке дайындайтын мақсатты əлеуметтік-педагогикалық іс-əрекет қажеттілігін үйлестіреді.

Педагогикалық практиканы талдау жастардың экономикалық мəдениеті мен экономикалық білімінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Бүгінгі күні осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныбында бейіндік оқыту енгізіліп отыр. Осыған байланысты кəсіптік білім беру саласында педагог-мамандарды бейіндік мектепте жұмыс істеуге арнайы даярлау мəселесі күн тəртібінде тұр.

Осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулерді теориялық-əдістемелік тұрғыдан талдау болашақ кəсіби оқыту педагогын даярлау мəселесінің кəсіби білім беру теориясы мен əдістемесі саласында бейіндік мектеп жағдайында жұмыс істеу дайындығы жағынан əлі де болса шешімін таппай отырғандығын дəлелдейді.

Білім беру жүйесін түбегейлі реформалау жағдайында оның барлық деңгейлері арасындағы үздіксіздік принципі сақталуы қажет. Бұл дегеніміз — жүйенің бір бөлігі өзгеріске ұшыраған жағдайда онымен байланысты басқа компоненттер де соған байланысты икемделуі тиіс. Бұл, əсіресе, жалпы орта білім беру мен кəсіби білім беру деңгейлері арасындағы байланысқа қатысты. Себебі кəсіби білім беру жүйесі (нақтырақ айтсақ, оның ішінде педагогикалық мамандар даярлау жүйесі) жалпы орта білім жүйесіне тікелей қызмет етеді, екіншісінің сапасынан бірінші жүйенің сапасы тəуелді болады.

Бұл жағдай жалпы білім берудің жоғары сатысында бейіндік оқытуға көшіп отырған бүгінгі таңда өте көкейтесті, қазіргі кезде педагог-мамандарды даярлауда болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып жүргізілуі керек. Яғни жалпы білім беретін орта мектептің жоғары сатысында жұмыс жасайтын мұғалім бейіндік оқыту жағдайында жұмыс істей алатын, оның ерекшеліктерін білетін жəне сол бойынша қосымша білім бағдарламаларын жасай алатын жəне оларды жүргізе алатын болуы, баламалық жағдайда жұмыс істей алуы қажет. Міне, осы аталғандар пəн мұғалімінің пəндік, əдістемелік дайындығымен бірдей деңгейде көңіл бөлінетін, маман даярлау жүйесінде қалыптастырылатын негізгі құзыреттіліктер болуы тиіс.

Дегенмен, қазіргі кəсіби білім беру жүйесінің аталған өзгерістерді терең жəне жүйелі есепке алмай отырғаны белгілі. Оның үстіне, біліктілікті арттыру жəне қайта даярлау жүйесі де бұл мəселеге тек эпизодтық сипатта мəн беріп отыр. Педагогикалық мамандарды кəсіби даярлау жүйесі мен біліктілікті арттыру институттарының жұмыс жоспарларына талдау жасау арқылы бұған көзіміз əбден жетеді. Сондықтан педагог-мамандар даярлау жəне қайта даярлау жүйесінде білім беру мазмұнын қайта қарастыру, жоғарыда аталған өзгерістерді есепке алу қажеттігі туындайды. Бұл жерде білім беру жүйесінің барлық деңгейлері, оның ішінде жүйені басқару органдары өзара бірігіп күш жұмсау керек.

Бүгінгі күні біздің еліміздің ғалымдары алдында білім беру саласының даму жолын қайтадан, жаңа көзқарас тұрғысынан қарастыру міндеті тұр. Бұл қоғам сұранысынан жəне қажеттілігінен туындайды. С.Т.Каргин, С.Қ.Омаров, А.А.Мұқатаев оқытуды бейіндік саралауды ұйымдастырудың, бейіндік оқытуды іске асырудың кейбір мəселелеріне тоқталады [4–6]. Осы жəне басқа да еңбектерде білім туралы сөз болғанда оқушылардың сұраныстарын, қызығушылықтарын ескеру, оқыту процесін əр бейінде, оқу материалын игерудің түрлі топтарына негіздеп құру мəселелері көтеріледі. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне жəне қоғамның əлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сəйкестендіруден шығып отыр.

Бейіндік саралауды жүзеге асырудағы отандық жəне шетелдік мектептердің жұмысы мен мəселеге қатысты педагогикалық əдебиетті талдай келіп, А.А.Мұқатаев мынадай қорытындылар жасайды: оқытуды бейіндік саралаудың а) тарихи-педагогикалық алғы шарты — педагогика тарихы мен шетелдік жəне отандық педагогика практикасындағы оның тəжірибесі; ə) ғылыми-педагогикалық алғы шарты — оны білім алушылардың сұраныстарына, қызығушылықтары мен бейімдеріне байланысты оқыту процесінің принциптеріне негіздеп жүргізу; б) құқықтық-нормативтік алғы шарттары осы кезеңде қабылданған «Білім туралы» Заңдар (1992, 1999), оқу жоспарлары (1990, базистік — 1994), Білім берудің жалпыға міндетті стандарттары (1998, 2002), ҚР Гимназиялары мен лицейлерінің жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер (1996, 2000) болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, бейіндік оқыту — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру [7] болып табылады деген тұжырыммен келісуге болады. Ал бейіндік мектеп дегеніміз өз базасында бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп болып табылады деген анықтама беруге болады.

Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі — білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Бұл дегеніміз — оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыт алу деген сөз. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кəсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді. Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімді даярлау нені есепке ала отырып жүргізілуі керек жəне ол мұғалім қандай құзыреттіліктерге ие болуы қажет?

Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға жəне жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық əлеуетке жəне ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог əдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастырудың түрлі əдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пəнге қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім оқу, ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесші болып табылады.

2006 жылы бекітілген «Технология» пəнінің орта жалпы білім беретін мектептің 10–11 сыныптарына арналған бағдарламаларының бір нұсқасы «Кəсіпкерлік іс-əрекет негіздері» деп аталады [8]. Бұл пəннің мақсаты оқушылардың шағын жəне орта бизнес салаларына қатысты білімге деген сұраныстарын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларды кəсіпкерлікке оқыту, кəсіптік оқыту педагогтарын, оқушыларды кəсіпкерлікке оқытуға кəсіби даярлау мəселелерін шешуде жүйелілік жоқ деуге негіз бар.

Кез келген іс-əрекет саласындағы маманды даярлау мазмұнымен жəне технологиясымен байланысты сұрақтар əдетте бірден шешімін таппайды. Əсіресе бұл сала жаңа əрі қоғам дамуында келешегі бар болса. Қазақстандағы сондай маңызды, келешегі зор саланың бірі кəсіпкерлік болып табылады.

Елімізде қазіргі жағдайда кəсіпкерліктің мəні үлкен. Бұл, біріншіден, Қазақстандағы нарықтық экономиканың өркендеуімен байланысты. Екіншіден, меншік формасының көптүрлілігімен, еңбек мотивациясының өзгеруімен, экономикалық іс-əрекеттің субъектілері арасында бəсекелестік қатынастардың дамуымен жəне басшылықтың командалық-əкімшіліктік жүйеден басқарудың экономикалық əдісіне көшуімен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында кəсіпкерлік өндірістің барлық негізгі факторларын қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын тауар жəне қызмет көрсетуді құрудың бірыңғай процесіне біріктіретін күшке айналуда.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, «кəсіби оқыту педагогының бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға дайындығына» жəне «кəсіби оқыту педагогын бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлау» ұғымдарына анықтама беруге болады.

Сонымен, кəсіби оқыту педагогының бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлығы дегеніміз бейіндік мектеп жағдайында білім беру іс-əрекетінің əр түрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жобалау, баламалы білім беру мазмұнын жобалау жəне құрастыру, оқушылардың əр түрлі деңгейдегі білім алу іс-əрекетін ұйымдастыру құзыреттіліктерінің қалыптасуы, ал «кəсіби оқыту педагогын бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлау» осы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған мамандарды кəсіби даярлау процесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының жаңа əлеуметтік даму жағдайында тұлғаның бойында құндылықтарды қалыптастыру мəселесі Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк бiлiм бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауларында негізгі орын алып отыр. Еліміздің егемендік алуымен білім беру мəселесіне деген көзқарастар өзгерді.

Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңартулар тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар мен өмірдің қарапайым ақиқаты тұтастығында тəрбиелеуді нысана тұтады. Адамдардың бойында білімді жоғары құндылық ретінде қарастыра алатын қасиеттердің болуы олардың еліміздің болашағына деген жауапкершілік деген сезімін ұлғайтып, əлеуметтік белсенділігін дамытады.

Қазіргі уақытта қоғам тарапынан жалпы білім беретін мектепке жаңа талаптар қойылып отырғаны белгілі. Өйткені адамның табысты өзін-өзі жүзеге асыруы оның білімділік деңгейімен айқындалады. Бұл туралы өз Жолдауында ел Президенті əрқашан да ерекше айтып отырады. Соған байланысты қазақстандық білім беру жүйесін жаңартудың бірінші кезектегі міндеті болып білім берудің заман талаптарына жауап беретін сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мəселеге «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасында Техникалық жəне кəсіби білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», тағы да басқа нормативтік құжаттарда баса көңіл бөлінеді. Мəселен, «Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты міндеттері ретінде халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, білім беруді басқаруды одан əрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік- құқықтық базасын жетілдіру, қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мəдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тəрбиелеу, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу, білім беруді халықаралық стандартты жіктеу ұстанымдарына сəйкес кəсіптік білім беру жəне кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау, экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті жəне бəсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, білім беру процесін оқу-əдістемелік жəне ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру, көп деңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның жəне жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету т.б. көрсетілген.

Бұл құжаттарда мектепке қойылатын негізгі талаптардың бірі — білім алушылардың белгілі бір білімдер жүйесін меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге қоғамда өз мəнінде əлеуметтенуге жəне еңбек нарығында белсенді бейімделуіне мүмкіндік беретін оқушы тұлғасын тұтас дамытуға, оның танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталу болып табылады.

Сапалы білім қоғам дамуының негізгі ресурстары болып табылатынын мойындау білім беруге деген көзқарасты түбірімен өзгертуге алып келуі тиіс. Ал білімнің жаңа сапалы қасиетін қалыптастырушы негізгі тұлға мұғалім болып табылатындықтан, оның кəсіби іс-əрекетінің сапасын бағалаудың маңыздылығы артады. Сол себепті бүгінгі таңда сыни жəне шығармашылық тұрғыдан санадан өткізу жəне алдыңғы қатарлы педагогикалық жəне ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзінің іс-əрекетінің мазмұнын жетілдіруге қабілетті мұғалімге деген қажеттілік арту үстінде.

Оқытуды ізгілендіру процесіне, оқушының тұлғасын тұтас қалыптастыруға, оның құндылығы мен қазіргі қоғам үшін қажеттілігін мойындауға бағыттала отырып, оны ең алдымен мұғалім қалыптастыратынын естен шығармауға тиіспіз.

Жаңа білім беру парадигмасының талаптарына сəйкес педагог іс-əрекеті баланың əлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға жəне оны одан əрі жетілдіруге жағдай жасауы тиіс. Осыған байланысты оның жалпы жəне кəсіби мəдениетіне қойылатын талаптар күшейе түседі.

Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты осы заманғы білім беруге негізделген сапалы кəсіби білім беру арқылы біліктілігі жоғары жəне бəсекелестікке қабілетті маман даярлау болып отырған жағдайда болашақ педагогтарды бейіндік мектеп жағдайында жұмыс істеуге даярлау мəселесінің көкейкестілігі артып отыр.

Психологиялық-педагогикалық білімдердің дамуының қазіргі деңгейі басқа оқу орындарындағы тəрізді жоғары оқу орнында болашақ кəсіби оқыту педагогы даярлықтарының мазмұнын жетілдіруді көздейді. Ақпараттар легі өте көп болғандықтан, бүгінгі таңда мамандарға өмір бойына жететін терең білім беру мүмкін емес. Сондықтан білімді барлық өмір бойына алу емес, керісінше, өмір бойы білім алу қажеттілігі туындайды. Бұл жоғары мəдениетті, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, жаңашылдыққа құштар мамандарды даярлау барысында іске асырылуы тиіс. Мұның өзі кəсіби білім беру барысында кəсіби іс-əрекеттің негізгі ерекшеліктерін есепке алуды жəне оларды тиімді пайдалануды қажет етеді.

Бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру іргелі ғылымдардың жаңалықтары негізінде жүзеге асырылады, сондықтан нақты мамандықтың қағидалары осы ғылымдардың заңдарына сүйенуі керек. Сонымен кəсіби даярлық мазмұны, ең алдымен оның негізділігін білдіреді, яғни мамандардың жалпы ғылыми даярлығын жетілдіруді талап етеді.

Сонымен, болашақ кəсіби оқыту педагогының даярлығын үнемі жетілдіріп отырудың қажетті шарты жоғары оқу орындарынан шығатын маманның қоғамның талаптарына сəйкес келуі болып табылады. Қазіргі кезде қоғамдық-саяси ойлаудың қарқынды дамуы кəсіби білім беру жүйесінде үнемі жаңа идеяларды іздестіріп отыруды жəне оның үздіктерін таңдап алуды міндеттейді. Сондықтан қоғамдық қатынастар саласындағы жаңалықтар мамандарды оқыту мазмұнында көрініс табуы тиіс, ал кəсіби білім беру мазмұны қоғамның жаңару перспективасына сай жүзеге асырылуы тиіс.

Бүгінгі жағдайда қоғамға қандай адамдар қажет? Жалпы қоғам сұраныстарын талдау қоғамның өзгермелі өмір жағдайларына, экономикалық даму қарқынына тез əрі жылдам бейімделе алатын білімді, ұтқыр, шығармашыл, бастамашыл, өзін-өзі жетілдіруге мүдделі жəне қабілетті адамдарды қажетсінетінін көрсетеді. Осындай тұлғаларды қалыптастыру сөзсіз үлкен, сапалы өзгерістерді керек ететін білім беру жүйесінің алдына қойылатын ең басты міндет болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығы бізге жоғары оқу орындарында болашақ кəсіби оқыту педагогын бейіндік мектеп жағдайында кəсіпкерлік іс-əрекет негіздерін оқытуға даярлау қажеттілігін дəлелдейді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. О Государственной программе развития технического и профессионального образования в Республике Казахстан на 2008–2012 годы / Астана, 1 июля 2008 года // Казахстанская правда. — № 157. — 2008. — 17 июля. — С. 3, 4.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Астана, 2006 жылғы 1 наурыз // Егемен Қазақстан. — № 52. — 2006. — 2 наур. — 3, 4-б.
  3. Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2008. — 28 ақп. — 1–5-б.
  4. Каргин С.Т., Қыпшақов С.А. Бейіндік мектепке педагог-мамандар даярлау — педагогикалық-психологиялық проблема // Особенности профессиональной подготовки педагогических кадров в условиях перехода на 12-летнее обучение: Материалы респ. науч.-практ. конф. (22 мая 2009 г.) — Қарағанды: ҚРУ баспасы, 2009. — 354–358-б.
  5. Каргин С.Т., Омаров С.Қ., Мұқатаев А.А. Қосымша білім беру бағдарламалары — оқытуды бейіндік саралаудың құралы // Теоретические и практические проблемы реализации содержания государственной программы развития об- разования в РК на 2005–2010 годы: Материалы респ. науч.-практ. конф., посвящ. 10-летию казахской гимназии № 92 (30 марта 2007). — Қарағанды: Санат, 2007. — 129–134-б.
  6. Мукатаев А.А. Профильная дифференциация обучения: опыт инновационных школ Казахстана // Naukowy potencjal swiata: Materialy IV miedzynarodowej nauk.-prak. konf. / Tym 4. Pedagogiczne nauki: Przemysl, 2008. — P. 39–42.
  7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы / Астана, 2007 жылғы 27 шілде // Егемен Қазақстан. — № 254–256.— 2007. — 17 тамыз.
  8. Технология. Орта жалпы білім беретін мектептің 10–11-сыныптарына арналған бағдарламалар. — Алматы: Мектеп, 2006. — 29-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.